Интернет арқылы оқу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Contents:

I. History 3

1. 1 General information about the distance education 6

1. 2 Distance education - the newest technology 7

1. 3 Е-learning technology 9

II. Distance learning methods 11

2. 1 Types of remote technology 11

2. 2 Advantages of studying 11

2. 3 Methods of using distance learning 13

Conclusion 16

List of the literature 17

Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

E. A. Buketova Karaganda State University

Faculty Foreign Languages

REPORT

Theme: «Distance education»

Written by: Mukhatayeva S. A.

Group: KAFus-11

Checked by : Seitimbetova A. B.

Karaganda 2017

Қашықтықтан оқыту тарихы ХІХ ғ. ортасынан басталады. Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздіксіз дамуы қашықтықтан оқытудың мақсаты, мазмұны, әдісі, құралдары мен ұйымдастырудың ақпараттандыру үдерісінің деңгейіне сәйкес болуын талап етеді. Қашықтықтан оқытуды талдау көптеген жағдайларда білім беру мекемелердің көбінде қашықтықтан оқыту бойынша педагогикалық және ақпараттық-коммуникация құралдарын қолданудағы тәжірибелерінің жеткіліксіздігін көрсетті.

Қашықтықтан оқыту - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер) . «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған студенттер келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады:

- бірінші (колледжден кейін) немесе екінші (үшінші) жоғары білім алу, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;

- жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту;

-негізгі қызметтен қол үзбей оқу;

-уақытты және қаржыны үнемдеу.

Қала студенттері, үйлеріне Интернет қосылмаса, көптеген университеттерде компьютерлік сыныптарында ақысыз оқи алады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:

- Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану

- Интерактивті әрекеттесу формалары

- Сапалы білім алу

- Уақытты үнемдеу

- Ыңғайлы уақытта оқу

- Территориялық шектеулер жоқ

- Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.

Барлық тілек білдірушілерді қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып, сырттай нысан бойынша жоғары білім алуға шақырады. Қашықтықтан оқыту бойынша университетке қабылдау және оқуға түсу ережелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиясынан алуға болады.

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің құрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына шектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау.

Қашықтықтан оқыту мектептерде Республика, облыс, қала және мектеп кеңістігінде кең қолданыс табуда. Мектеп көлемінде айтатын болсақ, «Интернет күнделікті» алуға болады. Бұл жаңашылдық екі - үш жыл көлемінде өз жұмысын атқарып келуде. Бұл инновациялық әдіс арқылы ата - аналар балаларының білім үлгірімін, ал оқушылар үй жұмысын уақытында біліп отырады. Мұндай әдіс арқылы мектеп пен ата - аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына үлкен септігін береді. Оқытылатын пәндерден қашықтық олимпиадалар Қазақстандық интернет олимпиадалар («КИО») өтеді. Мұндай интернет олимпиадалар оқушылардың үлкен қызығушылығын танытады. Тапсырмалары қызықты, сан алуан және олимпиаданың ең тиімді жері - оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін бірден білулері болып табылады.

Е-Learning - бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Е-learning технологиялары оқу үрдісіне келесі мүмкіндіктер береді:

Берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін өте қолайлы және ыңғайлы;

Оқу материалын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік;

Интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарыңмен синхронды (чат, скайп) және асинхронды (пошта, форум) әрекеттесу арқылы оқуға болады.

Е-learning-тің басқа технологиясы - бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тест жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер құрайды.

Осылайша, e-learning технологиясы - бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін жекелеуге болады, оқытудың жылдамдығын таңдауға болады (ақпаратты қабылдаған кезде) . Оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Қашықтықтан оқу - жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.

Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:

1 - желілік технология - Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.

2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Бастауыш мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Шет тілін оқытудағы интернет мүмкіндіктері
Интернет желісі және оның маңызы
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz