Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - еңбек құралдарының құндық көрінісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының теоретикалық негіздері 4
1.1 Кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны және құрылымы 4
1.2 Амортизациялық саясаттың мәні және элементтері 10

Кіріспе

Амортизация - бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.
Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылғандықтан, оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс.
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент -- оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді. Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсіндіріледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

1. Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының теоретикалық негіздері

1.1 Кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны және құрылымы

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның өз бетінше шаруашылықты жүргізу немесе белгілі бір мүлікті жедел басқару. Дәл осы кәсіпорынның материалдық - техникалық мүмкіндігін бақылауды, экономикалық дербестігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Анықталмаған мүлкінсіз үлкен немесе шағын кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар - ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық - заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар осы кезең бойында өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, сонымен бірге өз құнының бір бөлігін жаңадан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Өз кезегінде өндірістік қорлар қайта өндіруді кеңейту процесіне тигізетін үлесі бойынша өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорлар өндірістің материалдық сферасын қалыптастырып, соның ішінде өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, соның нәтижесінде баяу істен шығатын, бірақ олардың құны жаңадан пайда болған өнім құрамына қолданылуы шегіне қарай көшіріп отырады және де олар күрделі салымдардың арқасында толығып отырады.
Негізгі өндірістік емес қорларға - кәсіпорынның балансында есептелінетін тұрғын үйлер, балаларға арналған және спорттық мекемелер және де басқа мәдени-техникалық қызмет көрсететін объектілер жатады. Негізгі өндірістік қорларға қарағанда негізгі өндірістік емес қорлар, өндіріс процесіне қатыспайды, сонымен бірге өзінің құнын басқа өнімге көшірмейді ,немесе ол қалыптаспайды. Ал олардың құны қолдануда жоғалады, қайтарым қоры қалыптаспайды, соған орай ұлттық табыстың ңәтижесінде қайта өндіріледі.
Осыларға қарамастан негізгі өндірістік емес қорлар өндіріс көлеміне және еңбектің өнімділігінің көтерілуіне әсер етпейді, олардың күнделікті жоғарылауы кәсіпорындағы жұмысшылардың өмір сүруіндегі материалдық немесе мәдени деңгейінің жоғарылауы мен жалпы жағдайының жақсаруымен байланысты. Соңында бұлар кәсіпорынның қызметінің нәтижесіне әсер етеді.
Негізгі өндірістік қорлар - қоғамдық өндірістің материалды-техникалық базасы. Олардың көлемі кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы, еңбектің техникалық қамтылу деңгейімен байланысты. Негізгі қорлардың жинақталуымен және еңбектің техникамен қамсыздануының жоғарылауы еңбек процесін жетілдіреді, оған творчестволық қасиет береді және қоғамның мәдени-техникалық деңгейін жоғарылатады.
Нарықтық экономика жағдайында негізгі қорлар - болашақтағы ең басты экономиканың өндіріс қарқындылығы жоғарылауының алғышарты. Негізгі қорлар құрамына маңызды бір бөлім енеді, ол - қоғамның материалдық ресурстары.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың қолданылуының түрлері көрсетілген.Олар топтар бойынша былай бөлінеді:
oo кәсіпорынның меншігіндегі жер учаскелері және табиғи қолданыстағы
объектілер (су, жер қыртысы,т.б табиғи ресурстар);
oo ғимараттар (өндірістік-техникалық, қыметтік және т,б);
oo құрылыс ғимараттары (өндіріске қызмет көрсететін инженерлік-құрылыс объектілері);
oo тасымалдау құралдары (электржелілері, жылу жүйелері);
oo машиналар және құрал-жабдықтар;
oo лабораториялық құралдар , өлшеуіш және бақылау құралдары;
oo есептеу техникалары;
oo еңбекақының орташа құны, яғни 50 ден жоғары құнды құрайтын құралдар мен құрал-жабдықтары;
oo көлік құралдары (ішкі және өндірістік емес);
oo өндірістік және шаруашылық құралдар;
oo ішкі шаруашылық жолдар.;
oo жерді және арендаға берілген ғимараттарды, құрылыстарды, құралдарды және тағы басқа негізгі құралдар жағдайын жақсартуға бағытталған күрделі салымдар.
Жекелеген негізгі қорлар топтарының байланысы ортақ көлемде түрлік (өндірістік) негізгі қор құрылымын құрайды. Қоғамға қай негізгі қорлардың кейбір топтары өз үлесін қаражаттарға қосатыныны бәрібір емес. Ол машина мен құрал-жабдықтардың меншікті салмағының оптималды жоғарылауына қызығушылық танытады. Бұлар қордың - активті бөлігін құрайды, сонымен қоса кәсіпорынның әрбір бұйымдарын жасауда өндірістік учаскелерді қамтамасыз етуде маңызды орынға ие.
Ғимараттар, құрылыс ғимараттары, құралдар негізгі қорлардың активті элементтері негізгі қордың - пассивті бөлігіне қарағанда қамсыздандырады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрал-жабдықтарының құны жоғары болған сайын, тепе-теңдік жағдайда өнім шығару көбейеді де, қор қайтарымының көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің өсуі жағдайымен, өзіндік құнның төмендеуімен, кәсіпорынның ақша салымдарының көбеюімен қарастырылады.
Негізгі өндірістік қорлардың түрлік құрылымы әртүрлі өндіріс саласындағы кәсіпорындарда бірдей емес. Мысалы, негізгі қордағы ғимараттардың ортақ құны жеңіл және азық-түлік өндірісі саласында (44%), құрылыс ғимараты мен жанармай өндірісінде (17%), электр энергетикасында (32%), машина мен құрал - жабдықтар машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарда (45% жоғары) салымдарының көбеюімен қарастырылады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер етуші маңызды факторлар болып:
oo шығарылған өнім сапасы;
oo шығарылған өнім көлемі;
oo автоматтандыру және механикаландыру деңгейі;
oo мамандандыру және кооперацациялану деңгейі;
oo кәсіпорынның климаттық және географиялық орналасу жағдайлары .
Алғашқы фактор ғимараттың құны мен оның көлеміне, транспорттық құралдарға әсер етеді. Өнім шығару көлемі (екінші фактор) жоғары болса, онда арнаулы прогрессивті жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарының меншікті салмағы да жоғары болады. Мұндай көрініс мінездемесі үшінші және төртінші факторлардың қор құрылымына да тән. Ғимараттар мен құрылыс ғимараттарының үлесі климаттық жағдайларға да байланысты.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсарту мыналарға байланысты:
oo құрал - жабдықтарды модернизациялау мен жаңарту;
oo ғимараттар мен құрылыс ғимараттарын тиімді қолдану үшін қосымша құрал-жабдықтарды бос аумақтарда орналастыру;
oo құрылыс жобасын дұрыс жасау мен кәсіпорынның құрылыс жоспарының жоғарғы дәрежеде орындау;
oo артық және аз қолданылатын құралдар мен оларды орнатуды жою.
Негізгі қорларды есепке алу мен жоспарлау натуралды және ақшалай формада жүреді. Негізгі қорларды натуралды формада бағалау кезінде машиналардың саны, олардың өндіргіштігі, қуаттылығы, өндірістік аумақтың көлемі және де басқа да сандық көлемдер анықталады. Бұл аталғандар кәсіпорын мен оның әртүрлі саласындағы өндіргіштік қуатын есепке алуда және өндіргіш программасын жобалауда, құрал-жабдықтар резервтерін жоғарлатуды орындауда және де балансын құрастыруда қолданылады. Бұл мақсатпен құрал-жабдықтарды құжаттау (паспорттау) мен жабдықтау, оның келуі мен кетуін есепке алу жүргізіледі. Құжат негізінде кәсіпорын және оның цехтарын өнідірістік профилі бойынша: материалды-техникалық мінездемелерді, жұмыстың техника-экономикалық көрсеткіштерді, құралдардың құрамын анықтауға болады. Құжатта сонымен бірге құралдардың эксплуатациялау мерзімі, тозу деңгейі, техникалық аумақтармен, машиналар және құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесі толықтай көрсетіледі. Негізгі өндірістік қорларды ақшалай немесе өзіндік құн бойынша бағалау негізгі қорды қайта өндіру кезінде кеңейтуді жоспарлау үшін, істен шығып қалу дәрежесі мен амортизациялық аударым көлемін анықтау үшін, жекешелендіру көлемін анықтау үшін қолданылады.
Негізгі қорларды бағалауда өндіріс процесіне ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі бар. Олар - бастапқы (номиналды) құн КБ, қайта қалпына келтіру құны КҚ және де қалдық құндар Кқал.
Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны - бұл қорды жасаумен немесе сатып алумен, оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығындар сомасы. Ол амортизация нормасын және амортизациялық аударым көлемін анықтауда, кәсіпорынның табысы мен рентабельділігінің активтерін, олардың қолданылу көрсеткіштерін есептеуде қолданылады.
Кәсіпорын тұтынатын барлық негізгі қорлар, бастапқы құн бойынша оның балансына енеді. Бұл бағалаудың экономикалық мағынасы негізгі өндірістік қорларды пайдалану кезінде нақты шығындар арқылы көрінеді. Осы әдістің бір кемшілігі - бірдей (біртектес) негізгі қорлар әртүрлі уақытта өндірілген, қолданылған және сатып алынған. Бұл ғылыми - техникалық прогреспен байланысты.
Қайта қалпына келтіру құны - негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық құн - негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - еңбек құралдарының құндық көрінісі. Негізгі қорлардың басты анықтаушы белгісі ретінде құнды өнімге аудару әдісі көрінеді - біртіндеп: өндірістік циклдердің ағымындағы тозу шамасы бойынша бөліктері арқылы. Негізгі қорлардың тозуы амортизацияның белгіленген нормалары бойынша есептеледі, олардың сомасы өнімнің өзіндік құнына қосылады. Өнімді іске қосқаннан (пайдаланғаннан) кейін аударылған тозу сомасы жаңа капитал салымдарына арналған арнайы амортизациялық қорға жиналады.
Осылайша, жарғылық қорға бір уақытта авансталған құн негізгі қор бөлігінде ақшалай түрден натуралды, тауарлық және қайтададан ақшалай түрге ауысып тұрақты айналым жасап отырады. Негізгі қорлардың экономикалық мәні осыдан тұрады.
Негізгі қорлардың барлық түрлеріне қатысты экономикалық белгілері:
1) Негізгі қорлардың барлық түрлері, өндіріс процесіне қатыса отырып, еңбек өніміне натуралды түрімен кірмейді, ең алдымен еңбек құралдарынан ажыратылады - шикізаттардан, материалдардан және т.б.;
2) Негізгі қорлардың барлық түрі ұзақ мерзім бойына көптеген өндірістік циклдерге қатысады;
3) Негізгі қорлардың барлық түрі өндіріс процесінде тұрақты тозады, және олардың құны тозу шамасына қарай біртіндеп дайын өнім құнына кіреді;
Мысалы, резервуарлар, құбырлар өндірісте бірнеше жылдар бойына жұмыс жасайды, пішіндері де өзгермейді және өзінің құнын біртіндеп тасымалданған мұнайға көшіреді.
Өнекәсіптің әртүрлі салаларында өндірістік қорлардың жалпы сомасында негізгі және айналым қорларының арақатынасы өндірістік процесстің ерекшелігіне байланысты.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - бұл өндіріске қызмет көрсете отырып, табиғи-заттай нысанын сақтай отырып, құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнімге көшіретін еңбек құралдары. Негізгі қорларды қайта өндіру заңы өндіріске салынған құны, еңбек құралдарының әрдайым технологиялық жаңару мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, толығымен қалпына келтірілетіндігінде көрінеді. Жәй қайта өндірісте амортизациялық қорлардың қаржысының есебінен кәсіпорын тозғандардың құнына тең еңбек қаруының жаңа жүйесін қалыптастырады. Өндірісті кеңейту үшін қосымша пайдадан, құрылтайшы жарналарынан, бағалы қағаз эмиссияларынан, несиелерден және т.б. тартылатын қаржылардың жаңа салымдары қажет.
Қолданыстағы негізгі капиталдың үлкен масштабында ірі және үлкен кәсіпорындар амортизациялық қор қаржысының есебінен тек жай ғана емес, сонымен қатар күрделі көлемде еңбек құралдарының кең ұдайы өндірісін қаржыландыруға мүмкіндігі бар. Негізгі қорларды жоспарлау және есепке алу үшін мемлекетпен барлық халық шаруашылығына арналған бірегей классификация жасалады. Еңбек құралдары түрлері, топтары және топшалары бойынша бірігеді, сол арқылы оларды типтендіруге, кодтауға, есеп берудің және есептеменің бірегей түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде негізгі қорларды басқару үшін еңбек құралдарының функционалдық-түрлік топталымы аса маңызды болып табылады. Ол кәсіпорынның экономикалық әлуетінде (потенциалында) болып жатқан маңызды сапалы өзгерістер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Түрлік құрылымның динамикасы өндірістің техникалық қамсыздануын, инновацияны енгізу қарқынын, мамандандырудың дамуын, шоғырландыруды және құрамдастыруды бейнелейді.
Негізгі құралдар мақсатты бағытына және қызметтеріне қарай төмендегідей бөлінеді:
І. Жер учаскелері мен табиғатты пайдалану объектілері - субъектімен меншік құқығына алынған жердің саны мен құны. Жерге меншік құқығы Жер үлесіне меншік құқығы Актісімен расталуы тиіс. Инвентарлық болып меншік құқығына берілген әрбір жер үлесі табылады.
ІІ. Ғимараттар - негізгі және көмекші өндіріс процестері жүргізілетін құрылыстар мен ғимараттар. Бұл объектінің құнының құрамына құрылыс бөлігінің құнынан басқа жылу жүйесі, су құбыры құны да кіреді.
ІІІ. Құрылыстар - еңбек құралдарының өзгеруімен байланыссыз сол немесе одан басқа функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Инвентарлық болып бір тұтасты құрайтын барлық қолайлы жағдаймен әрбір бөлек құрылыс табылады.
ІV. Жіберу құралдары - электр, жылу және механикалық энергияны (құбыр жолдары, жылу жүйесі, электрожіберу линиялары) жіберу құралдары болып табылады.
V. Машиналар мен жабдықтар - мұнда әрбір машина инвентарлық болып табылады, егер ол өзінің құрамына кіретін керек-жарақтарды, аспаптар мен қоршауларды қосатын, басқа объектінің бір бөлігі болмаса. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 бөлімнен тұрады:
- Күш машиналары мен жабдықтар, оған энергетикалық агрегаттар мен двигательдердің барлық түрі жатады;
- Жұмыс машиналары мен жабдықтар, технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, терминалық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері);
- Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық жабдықтар, өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестің параметрлерін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті.
- Есептеу техникасы: электронды есептеуіш машиналары, сонымен қатар технологиялық процестер мен өндірісті басқару үшін қолданылатын машиналар мен құралдар;
- Басқа машиналар мен жабдықтар, берілген топта көрсетілмегендер.
VI. Тасымалдау құралдары - кәсіпорынға тиесілі темір жол, су және автомобиль көлігі, сонымен қатар заводішілік тасымалдау құралдары.
VII. Құрал-сайман - бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбегінің қаруы немесе металл, ағаш өңдеу үшін машиналарға жалғанған заттар. Инвентарлық объект болып тек басқа инвентарлық объект құрамына кірмейтін заттар табылады.
VIII. Өндірістік инвентарь мен түгендеме, өндірістік операцияларды орындауды жеңілдету мен жеке еңбек заттарын сақтауға арналған.
IX. Шаруашылық инвентарь - шаруашылық және кеңсе бағытындағы заттар.
X. Жұмыс және өнім малдары.
Жұмыс малдары - жылқы, түйе және т.б. жұмыс малдары.
Өнім малдары - ірі жұмыс малдары, айғырлар, бие, киік, қозы, маралдар. Инвентарлық объект әрбір үлкен мал болып табылады.
ХІ. Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер - жасанды, көпжылдық көшеттер, жасына қарамастан.
ХІІ. Жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығындар - ауыл шаруашылығында қолданатын жерді жақсарту шаралары үшін инвентарлық шығындар.
ХІІІ. Басқа да негізгі қорлар - кітапханалық қорлар, спорттық инвентарь, мұражайлық бағалы заттар.
Негізгі өндірістік қорларды кешенді экономикалық категория ретінде топтастыру әдісі көмегімен жан-жақты зерттелуі мүмкін.
Амортизация - бұл негізгі қорларды пайдалану кезінде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты, өздерінің көлемін жаңадан жасалған өнімдермен біртіндеп ауыстырылуы. Бұл негізгі қорлардың табиғи және моральдық тозуының ақшалай көрінісі. Амортизация негізгі қорлардың толықтай ауыстырылуы барысында шығып қалу мақсатында жүзеге асады. Амортизациялық аударым сомасы негізгі қорлардың құнына, олардың эксплуатациялау уақытына байланысты болып келеді.
Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстырылуын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.
Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.
Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға түседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.
Амортизацияның негізгі функциялары - қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.
Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың қызмет ету мезгілі қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.
Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.
Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың табиғи және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.
Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсімінен басқа.
Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз, ол әдетте пайызбен көрсетіледі. Осы пайызбен берілген амортизация нормасы баланстық құн бойынша өз үлесінің қандай бөлігін жыл сайын еңбек құралдары көмегімен өндірілетін өнімге көшірілетінін көрсетеді. Бекітілген амортизациялық аударым нормасы, өзіне дайын өнім құнын қосады.

1.2 Амортизациялық саясаттың мәні және элементтері

Амортизациялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі.Ол елдегі экономикалық процестерге мемлекеттік әсер етудің маңызды тетігі ретінде қызмет етеді. Ен алдымен амортизациялық саясат негізгі өндірістік қорлардың жаңару процесіне, ғылыми техникалық прогресстің қарқындауына, инвестициялық қызметке әсер етеді, кейін осы арқылы қоғамдық өндірістің тиімділігіне әсер етеді.
Экономикалық әдебиеттердің көздерін талдау көрсеткендей, ғалым экономистердің арасында амортизациялық саясат мәнін макроэкономикалық және микроэкономикалық денгейде тұтас жүйе ретінде түсінуде бірдей көзқарас, тұрғы жоқ. Экономиканың ғылыми техникалық прогресін анықтайтын салалар үшін, мемлекет жедел амортизацияны белгілейді, ол қолданатын енбек құралдарын тез істен шығаруға, оларды неғұрлым жетілген түрлерімен алмастыруға мүмкіндік береді.Оларды енгізу өз алдына физикалық жағынан әлі тозбаған құрал жабдықтарды істен шығарғаннан гөрі тиімді болады .Бұл жаңа техника өндірушілерді жаңа модельдерді өндіріп, шығаруға ынталандырады.
Сатып алушы сатып алынған техниканың жоғары өнімділігі және аз енбек сыйымдылығы сияқты жоғары параметрлері есебінен ұтады.Бірақ оның жағымсыз жағы да бар: істен шыққан техника, оның негізінде сұранысы бар өнім өндіретін кәсіпорындарға сатылуы мүмкін.
Бұл схеманы іске асыру үшін белгілі бір шарттар қажет. Біріншіден машина жасау кешені өндіріс құралдарына сұранысты қанағаттандыру керек. Екіншіден жаңа техниканың тұтынушылық сапасының өсу қарқыны амортизация қарқынын озу керек. Бағалау бойынша жаңа құрал жабдық алмастырылатын жабдықтан 40-50% жоғары, әрі күшті болуы керек.Бұл шектен төмен болса ,реновацияның ешқандай мағынасы болмайды: жұмыс атқарып тұрған станокты дәл сондай станокпен алмастыру үшін оны үш жыл бұрын істен шығарудың қажеттілігі болмайды. Амортизациялық саясат бұл - шаруашылық субъектілердің дамуына қолайлы шарттар туғызу, ғылыми техникалық прогрессті жеделдету және мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыру мақсатымен, амортизацияланатын мүліктің жай және кенейтілген ұдайы өндіріс саласында мемлекеттің іске асыратын ғылыми негізделген және мақсатты шаралар жүйесі. Уақытқа байланысты өндіріс процесіне қатысатын негізгі құралдар,уақыт өте келе жойыла бастады,яғни физикалық,техникалық күшке байланысты,өздерінің қызметін экономикалық факторға байланысты жойып жібереді.
Тозу - бұл физикалық,моральдық процестің жойылуы.Негізгі құралдардың екі жойылу түрі болады:физикалық және моральдық.Негізгі қордың қолданыстағы процесінде жүзеге асатын физикалық тозу мен негізгі қордың бастапқы тұтынушылық құнының бірте бірте жоғалуы.Негізгі қордың физикалық тозуы олардың сапасына байланысты болады,оның техникалық дамуын (материалдық түрі, сапасы, құрылыстың сапасы) технологиялық процестің ерекшелігі,уақытқа байланысты қозғалысы (жылдық жұмыс күшінің сапасы,тәулік ауысым,тәулік жұмыс сағаты) негізгі қордың сыртқы шарттарын қорғау, негізгі қордың сапасына қарау және оған қызметтер көрсету,негізгі қордың қарым - қатынасы эәне квалификациялық жұмысқа байланысты болады. Негізгі қордың физикалық тозуы элементі бірдей болады. Негізгі қордың тозуын толық және біріңғай айырмашылығы бар.Негізгі қорға толық тозу кезінде жойылады және жаңаларымен ауыстыруға әсер етеді.Негізгі қордың ескірген маңызды бөлігі өндірісте яғги,ұлттық шаруашылық өнеркәсібінің жойылуына акеледі.Біріншіден,салымдардың көбейуін талап етіп,ескірген құрылғыларды,капитал ремонт жасап,жұмыстың жағдайын жақсарту. Екіншіден,жаңа техниканы қолданылуына мүмкіншілігі болмаса да,ескірген өндірісті толық пайдалануын қадағалау. Осыған байланысты өнімнің көлемі мен қызметтері азаяды. Моральдық тозу - қондырғылардың қысқаруына,машина бағасының төмендеуіне өндіріске шығындар болып табылады.(бірінші түрдегі моральдық тозу) қорытындысында,прогрессивті және экономикасы эффективті машиналар мен қондырғылар осы екінші жаңа енгізудің моральдық тозудың түріне жатады.Моральдық тозу әсерінен негізгі қорлар техникалық және экономикасы тиімді түрі жағдайында артта қалып қояды.
- Моральдық тозудың бірінші түрі-машына бағасының жойылуы физикалық тозумен сәйкеспеуі,осы машиналарды дайындап,қорытындысында,жаңа қызметтерді пайдаланып арзандату болып табылады.Моральдық тозудың бұл түрі ,осындай машина жасаудың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты шақырады.Осы қызмет көрсету уақытының өнімді дайындау бағасының төмендеуіне құрылғылардың жалғауына байланысты физикалық тозу емес,техникалық прогресі,еңбек өндірісінің өсуі,жаңа негізгі құралдардың өндірілуіне байланысты болады.Моральдық тозудың бірінші түрі негізгі құралдың бағасының талабы өзгерілмейді,жаңа маннаның құрылымы өзгерілмейді және өндірістік құралдар да солай болып қалады,тек қана негізгі құралдардың бағасы өзгереді.
Моральдық тозудың екінші түрі - ол машиналардың қолма - қол қозғалысының,құрал жабдықтардың,өндіріс қуатының қысқаруына байланысты болады. Қазіргі заман талабына сәйкес мерзім өтілген құрылғыларды есептен шығару өте күрделі.Өтілім шығарылған қондырғылардың ''жаңа оперативті түрлері кәсіпорындарда пайда болуы ең қызмет көрсету түрлері,жедел турде экономикалық айырбасталуы негізгі қор бойынша физикалық тозу дейік.Ескірген қондырғылардың өз уақытында,жаңа техникалық қондырғылармен ауыстырылмауынан олардан шығатын өнімдердің әрі қымбат,әрі төмен сортты өнім шығарылады
Амортизациялық саясат ғылыми техникалық, инвестициялық, қаржы несиелік саясаттармен тығыз байланысты, бірақ олардың барлығы да мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының құрамдас бөліктері болып табылады.
Амортизациялық саясат мақсаты - ғылыми техникалық прогрессті жеделдету, инвестициялық қызметті белсендендіру, айналымнан тыс активтердің ұдайы өндіріс және жаңару процестері үшін шаруашылық субъектілерге қолайлы шарттар, жағдайлар жасау. Амортизациялық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, ол өндіріс тиімділігін арттыруға және отандық экономиканы көтеруге бағытталады.
Амортизациялық саясат келесі бағыттар бойынша міндеттерді шешуге бағытталуы керек:
oo Ғылыми техникалық прогрессті дамыту;
oo Негізгі капиталдың жаңару процесін жеделдету және елдің ұлттық байлығын аттыру;
oo Мүліктің пайдалы қолдану мерзімін оңтайландыру;
oo Жай және кенейтілген ұдайы өндіріс процесі үшін құралдар жинақтау;
oo Негізгі өндірістік қорларды объективті бағалау және қайта бағалау үшін шарттар жасау.
Амортизациялық саясатты жасаған кезде мемлекет келесі принциптерді ұстануы керек:
oo Негізгі қорларды қайта бағалауды іске асырудың өз уақыттылығы және дұрыстығы, әсіресе инфляция шарттарында;
oo Негізгі қорлардың жай және кенейтілген ұдайы өндіріс поцесін амортизациялық аударымдар есебінен қамтамасыз ету;
oo Барлық меншіктегі және ұйымдық құқықтық фопмадағы кәсіпорындарда амортизациялық аударымдардың қолданылуының мақсатты сипатын қамтамасыз ету;
oo Барлық кәсіпорындардың жедел амортизация саясатын өткізу мүмкіндігі;
oo Негізгі қорлардың өз уақытында жаңаруын ынталандыру және ғылыми техникалық прогерессті жеделдету;
oo Амортизациялық саясатты өткізу облысында кәсіпорындарға үлкен құқықта беру.
Амортизациялық саясаттың мәні, мақсаттары және міндеттерінен шыға отырып, амортизациялық саясат әрбір мемлекеттің экономикасында маңызды роль атқарады деген нәтиже жасауға болады.
Тиімді амортизациялық саясатты өткізе отырып, мемлекет келесі міндеттердің шешілуіне ықпалын тигізеді:
oo Ғылыми техникалық прогресс қарқынының жеделдеуі;
oo Елдің ұлттық байлығын арттыру;
oo Негізгі қорлардың сапалық жағдайын жақсарту;
oo Инвестициялық қызметті жандандыру;
oo Отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету;
oo Ұлттық экономиканы дамыту.
Қазіргі кезде мемлекет амортизацияланатын мүліктің пайдалы қолданылу мерзімін қысқату, сонымен қатар амортизациялық аударымдарды есептеудің жаңа тиімді механизмдерін қолдану бағытында, халықаралық стандарттарға негізделген жаңа амортизациялық саясат өткізуде.
Амортизациялық саясаттың негізгі элементтері:
1. Амортизациялық саясаттың инвестициялық және инновациялық саясаттармен тығыз байланысы. Амортизациялық аударымдар -инвестицияларды қаржыландыру көздерінің бірі және амортизацияланатын активтердің ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Амортизациялық аударымдардың мөлшері елдегі инвестициялық қызметті анықтайды. Амортизациялық аударымдар мен жалпы инвестициялар арасындағы қатынас экономиканың даму қарқынын сипаттайды. Егер жалпы инвестициялар амортизациялық аударымдардан көп болса, экономика жағдайы көтеріледі. Бұл жағдайда тек негізгі капиталдың ұдайы өндірісі қамтамасыз етіліп ғана қоймай, қаржыландырудың басқа көздері есебінен, әсіресе пайда есебінен оның өсімі қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы үшін өндірістің төмендеуі тән болды, амортизациялық аударымдар айналым құралдарын қаржыландыруға жұмсалды, нәтижесінде өндірістік қорлардың ескіруіне әкелді. Қазіргі кезде амортизациялық аударымдар негізгі қорлардың жай ұдайы өндірісін қамтамасыз ете алмайды. Инвестициялау бағыттары инвестициялық ресурстардың қалыптасуына әсер етеді. Осыған байланысты амортизациялық аударымдарды ен алдымен инновацияларды енгізуге бағыттау керек, себебі нарықтық қатынастар шарттарында бәсекелестік күшейеді, технологиялық инновацияларды игеру нәтижесінде негізгі қорларға көп шығын жұмсамай ақ енбек өнімділігін, өнім сапасын көтеруге болады.
2. Амортизацияланатын мүліктің пайдалы қолдану мерзімін экономикалық жағынан өндеу. Пайдалы қызмет мерзімі - компания активтерін қолданудың күтілетін (есептік) мерзімі немесе активтерді қолдана отырып, компания өндіретін бұйым саны. Сонымен бірге активтерді эксплуатациялаудан алынатын тиімділікті максимизациялауға кері әсер тигізетін бірнеше факторлар бар. Сондықтан активтің пайдалы қызмет мерзімін анықтаған кезде жоғарда аталған стандартқа сәйкес келесі факторлар есепке алынады:
активті қолданудың күтілетін көлемі, ол қуаттылық немесе активтің физикалық өнімділігі бойынша бағаланады;
өндірістік факторлардан тәуелді ,күтілетін физикалық тозу.Ол мынадай факторлардан тәуелді: берілген активті қолданатын смена саны, компаниядағы жөндеу және қызмет көрсету бағдарламасы,жұмыс жасамаған кезде активті сақтау шарттары.
өндірістік процесті жетілдіру немесе өзгерту, нарықта берілген өнімге сұраныс көлемінің өзгеруі нәтижесіндегі рухани тозу.
активті қолдануға заңды немесе басқа да шектеулер (мысалы аренда мерзімі).
1. Амортизациялық аударымдарды есептеудің тиімді механизмін іске асыру. Қазіргі нормативті актілерге сәйкес мемлекет амортизациялық аударымдарды есептеудің бірнеше механизмін қарастырады.Оларға келесі жатады:
сызықтық әдіс;
жеделдетілген (сызықтық емес) әдіс. (төмендетілген коэффициенттерді қолдану, жоғарылатылған коэффициенттерді қолдану, амортизациялық аударымдарды есептеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану (шағын кәсіпорындар үшін), жеделдетілген амортизацияны қолдануға шектеулі сипаттағы шаралар қолдану). Қолдануға рұқсаты бар механизмдер негізінде әрбір шаруашылық субъект кәсіпорын дамуының нақты мақсаттары мен міндеттерінен шыға отырып, оңтайлы вариант таңдайды.
1. Функционалды қолданылуына сәйкес амортизациялық аударымдардың қолданылуын қамтамасыз ететін шарттар жасау.Соңғы бірнеше жыл барысында қазақстандық нарықтағы инвестициялардың ұсынысы, оларға деген қажеттіліктерді қанағаттандырмайды, сондықтан бәсекеге қабілетті отандық техникалық базаны құру үшін қосымша ресурстар тарту қажет.Осыған байланысты қазіргі кезде негізгі капиталдың массалық жаңару мүмкіндігі болмайды, әсіресе меншікті инвестициялық ресурстар есебінен.Сыртқы көздерден ресурстар тарту қажет.Қалыптасқан жағдайларда айналымнан тыс активтердің ұдайы өндірісін қаржыландырудың жалғыз, әрі тұрақты көзі - амортизациялық аударымдар. Ол үшін мемлекет амортизациялық аударымдардың олардың функционалды мақсатына сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттар жасау керек.
2. Амортизацияланатын мүліктің жаңаруын жеделдетуді салықтық жағынан ынталандыру.Жеделдетілген амортизация механизмін инвестицияларды және жаңа техниканы енгізуді ынталандыру мақсатын көздейтін , салық женілдіктерінің өзіндік формасы ретінде қарастыруға болады.
3. Амортизациялық саясатты өндеу және іске асыру поцестерін әдістемелік басқару. Амортизациялық саясатты әдістемелік басқару нормативті актілер пакетін дайындау,персоналды оқыту бойынша шаралар өткізу, сәйкес бағытта тәжірибе алмасу, амортизациялық аударымдар есептеудің жаңа әдістерін, ережелерін енгізу процестерін басқару, есепке алу, есептеме дайындау,құжаттарды өз уақытында жеткізу және басқа да шаралар. Амортизациялық саясатты әдістемелік басқару басқарудың барлық денгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс: республикалық және жергілікті, себебі амортизациялық саясаттың тиімділігі бұл процеске қатысатын қатысушылардың қабылдайтын басқару шешімдерінің сапасынан тәуелді болады.
4. Амортизациялық саясатты іске асыруды бақылау және мониторинг. Мониторинг - амортизациялық саясат саласында ,оның іске асуын бақылау және болжау мақсатымен жүргізілетін бақылау қызметі.Мониторинг келесілерді қамтиды : белгілі бір форма бойынша мәліметтер алу, соңғы мәліметтерді жинақтау және дайындау, амортизациялық аударымдарды есептеу механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру,оладың қолданылуының мақсаттылығын қамтамасыз ету, олардың рационалды қолданылуын бақылау. Мониторинг көмегімен алынатын ақпарат инвестиция көлемін бағалауға, кәсіпорынның ағымдық шаруашылық қызметін және кәсіпорын стратегиясын бағалауға, амортизациялық саясат механизмінің сапасын және оның даму перспективасын бағалауға мүмкіндік береді.
5. Мемлекеттің амортизациялық саясатының нәтижелерін бағалау. Мониторинг процесінің нәтижесінде алынған ақпарат негізінде тиімділік тұрғысынан амортизациялық саясаттың нәтижелілігі бағаланады. Амортизациялық саясаттың тиімділік көрсеткіштері ретінде мыналарды алуға болады:
негізгі қорларды енгізу және олардың істен шығу қарқынының қатынасы;
негізгі қорлардың тозу дәрежесі;
амортизациялық аударымдарды функционалды қолданылуына сай қолдану;
негізгі қорларды орташа жасы;
айналымнан тыс активтер құрылымында материалды емес активтердің үлесі;
жеке өнім түрлерін өндіру бойынша өндірістік қуаттылықтың қолданылу дәрежесі;
негізгі өндірістік қорлардың құрылымында олардың белсенді бөлігінің үлесі;
амортизацияланатын мүлікті қолдануды жақсарту есебінен табыстың өсімі.
Амортизациялық саясаттың , оның механизмдерінің тиімділігін, оның даму перспективаларын бағалау, негізгі капиталға инвестицияларды іске асыратын кәсіпорындар үшін де, республикалық, аймақтық, жергілікті денгейде экономикалық процестерді реттеп отыратын басқару органдары үшін де маңызды болып табылады.
Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, эксплуатация сағатымен, жүріс бірлігімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Қаржы ұғымы және оның экономикалық маңыздылығы
Қаржы қатынастары және қаржы жүйесінің қалыптасуы
Ақша теориясы, түрлері, даму кезеңдері қызметі
Қаржы ресурстарының қалыптасуымен оларды пайдалануды талдау
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын
Қаржы жүйесі туралы ақпарат
Қаржы ресурстары
Қаржының функциялары және рөлі
Пәндер