Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «біздің республиканың білім жүйесі әлемдік деңгеймен үндеспей отырғандығына көңіл бөліп, білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді. Оқушыға білім, білік дағдыларын беріп қана қоймай, ол өзгеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатын, түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана алатындай етіп тәрбиелеу қәзіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің алғашқы президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді.

Қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру үшін оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру ордасы болу қажет. Біздің алдымызда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан тұр, яғни біз білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы, озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық оқу стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр. «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі, -делінген Қазақстан Республикасын Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»атты Жолдауында. Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мінді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу. білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп атап көрсеткен Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай:«Болашақта өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму жолында білім беру жүйесінің алдында оқыту технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгенгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыретті. Жаңа формация мұғалімі - табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар:бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық -әдістемелік, әлеуметтік тұлғаны, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгеймен сипатталатын рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Сондықтан бүгінгі күнгі еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет»дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін анықтайды. Химия пәнін оқыту үдерісін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігімен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу- танымдық қызмет барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мек шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері олардың танымдық қызығушылықтары:

  • таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
  • өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
  • оқу -танымдық қызметтегі негізгі түйінді мәселені анықтау білігі;
  • игерілген білімді талдай білуі;
  • өз іс -әрекетін бақылау, бағалау көрсеткіштерінде беріледі;

Оқушыларлың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуде ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны, білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс-әрекетін бақылап, бағалай білуімен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс- әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындайды.

Оқушының ойлау қабілетінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі- оқушыны пәнге деген қызығушылығын ояту үшін, олардың танымдық белсенділігін танытуда оқушылардың, олардың жас және жеке бас ерекшеліктерін есепке ала отырып, жалпы белсенділігін, дербестігін, жеке ынтасы мен жаңашылығын дамытуға жағдай жасайтын және қосымша құралдарды іздестіру қажет. Танымдық қызығушылық- тұлғаның қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарына іріктелген бағыттылығы. Бұл бағыттылық тануға, жаңалыққа, тереңірек және толық білуге деген ұмтылыспен сипатталады. Таннымдық үдеріс жүйелі түрде нығая және дами отырып, балаға деген жағымды қарым-қатынасқа негіз болады. Оқушыларда танымдық қызығушылығының болуы олардың сабақта белсенді білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда, белсендң өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың химияны оқу барысында танымдық іс әрекеттерін арттыру үшін ойын элементтерін пайдалану кеңінен пайдалануға болады. Сабақта ойын элементтерін пайдалану сабақтың мақсатын түсіндіруге икемділік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың танымдық іс-әрекеттері арқылы химия пәніне, шығармашылыққа қызығушылықтарын ояту.

Жұмыстың міндеті:

  • Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
  • Жеке тұлғаны жаңа технологияларды пайдалану арқылы шығармашылыққа баулу.
  • Ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында сабақта түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалану.

Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы үкіметінің Білім және ғылым министрлігінің оқу- тәрбие процесіне байланысты ұсынған құжаттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық, алыс, жақын, шетелдік ғалымдардың еңбектері, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері, педагогикалық және зерттеу тәжірибесі.

Зерттеудің базасы: БҚО, Казталов ауданы, Қараоба ауылы, Ғ. Қараш атындағы Қараоба мектеп гимназиясы.

I тарау. XXI ғасырдың жеке тұлға моделін жасаудың маңыздылығы

1. 1. XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай зерделі ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, сол арқылы әлем кеңістігіне келу, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуы республикамыз мақсат етіп отыр.

Соңғы уақытта ғылымнығ назарын аударған мәселелердің бірі - шығармашылық қабілетті, білімді өзгермелі ортаға тез бейімделіп, рухани бай жеке тұлға бейнесін қалыптастыру.

XXI ғасырдың жеке тұлға моделін жасау маңызды және өзекті мәселе.

Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев « . . . біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарға құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр . . . » демекші басты себепші, жүргізушісі адам.

Қоғамдық құрылысты жеңілдетіп, елді өркендеткенге қажет экономиникалық тұрғыдан еркін ойлау қабілеті мен өз бетінше әрекет жасай алатын, жан - жақты білімді жеке тұлғаның орны ерекше.

Даму оқытумен қатар жүргендіктен оқытушының басшылығымен біліммен, дағдымен, іскерлікпен қаруландырып, танымдық іс - әрекеттер мен шығармашылық қабілеттерін дамыту - адамның жеке тұлға болып қалыптасуының жеке дамуының қозғаушы күші болып табылады.

Жеке тұлғаның білімі мен көзқарасы кең, мідениетті, тәрбиелі болып қалыптасуына қызмет атқарады. Мінез - құлық мәдениетінің сапалы білім алуға ықпалы зор.

Жаңа ғасыр жаңа мың жылдық қарсаңында дүние жүзі бойынша болашақты зерттеуге, болжауға көп көңіл бөлініп, назар аударылды. Ғасырлар - адамзат тарихындағы алып асулар, биік белестер сияқты әр ғасырдың тууы, келуі заман толғағы тәріздес. Ең ғажайып жаңалықтар екі ғасырдың тоғысында туады. Өткен ғасырдың ортасында ғалымдар жаңа ғасырға болжам жасаған болатын. Олар климатты басқарып - бағыттауға, жердің бет - бедерін өзгертіп, жаңартуға және жақсартуға, әлемдегі мұхит суларын толық зерттеуге, күннің аспан әлеміне, жер бетіне жарамды синтетикалық сұйық отын алуға болады. XXI ғасыр мектебінде бүкіл оқыту компьютер арқылы іргелі елдердегі - жоғары оқу орнын бітіруге болатындығын айтты. Бүкіл мәселелердің орындалар, шешілер мерзімінде көрсеткен болатын.

Бабаларымыз: тәжірибе негізі - ғылым, даналық негізі - «білім» - деп бекер айтпаған. Сол ғылымды, ғылыми болжамдарды игеріп, даналық ойды жүзеге асыратын - жаңа ғасырдың өскелең ұрпағы. Ғылымның ғасыр аяғына дейінгі басты бағыт - бағдарын, өмірдің қажет мұқтаждарын өтейтінде-жаңа ғасыр ұрпағы.

Тұңғыш ел басының ұрпақ болашағы үшін айтұан ой - түйіні ғасыр мектебіне жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын мгеру міндетін жүктеді. Білім заңының 8- бабы мектепке «Оқытудың жаға технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу қажеттілігін жүктейді».

Осыған орай жаңа ғасырда мектептегі химия сабағына көптеген жаңа талаптар мен жаңа мақсаттар жүктейді. Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімінің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - басты міндет болып қала береді. Өйткені егемендің елдің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау.

2. Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жеке адамның қалыптасуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайтынын ескерсек, берілетін білімді ізгілендіру, әсіресе химия мазмұнын осы бағытта жүзеге асыруда мүмкіндіктері молдығын байқаймыз. Себебі, адам, табиғат, қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның дамып жетілуіне мүмкіндік туғызатын орта болса, сол қоршаған орнаның табиғат байлықтарын, табиғи жағдайларын мектепте оқытып үйрететін пән - химия.

Елбасының 2014 жылы жарияланған Жолдауында да селт еткізер жаңалықтарға толы болды. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ-мерзімді басымдықтары белгіленген. Басым бағыттар бойынша білім беру саласына да көңіл бөлген. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Оқушыларға сапалы да, терең білім мен саналы тәрбие беруіміз керек. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игере білуі тиіс. Қазіргі таңда «Көшбасшылық», «СТО», «Оқыту және оқу үшін бағалау» т. б. модулдер сабақтарда қолданылып келе жатыр. Бұл модулдер арқылы оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттырады.

  1. Жаңа ғасыр мектебінде химия сабағына қойылатын талаптар.

Орта мектепте химия оқытудың мақсаттары. Жеке оку пәндерінің мақсаты қогамның мектеп алдына қойған элеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат - эржақты жетілген, оз ісіне сенімі күшті, коғамдағы түбірлі озгерістерді жүзеге асыруга қабілетті кісіні тэрбиелеу. Бүл, мақсатқа жету үшін мектеп жасѳспірімдерді табиғат, қоғам, адам жэне оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми жэне ізгілік кѳзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп жасѳспірімнің бойына азаматтық борыш, елі мен жерінің тағдыры үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылықпен еңбек етуге, ѳзін-өзі басқаруға әзірлейді.

Осы жалпы мақсатқа сәйкес әр пәннің алдына ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әржақты дамыту мақсаттары да қойылады. Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалык, адамгершілік, еңбек және т. б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну жэне ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.

Бұл мақсаттар химияны оқыту барысында одан әрі салаланып жүзеге асады, олар:

1. Химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуга әзірлеу, политехникалық дайындық беру;

2. Химия зертханасында, ѳндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету;

3. Химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;

4. Заттармен, құралдармен, көрнекі құралдармен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын игерту;

5. Білім, білік жэне дағдыны оқу барысында, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;

6. Оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке және табандылыққа тәрбиелеу;

7. Оқушылардың химияға құштарлығын және қабілетін дамыту, кәсіптік бағдар беру.

Химия пәнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша ѳткізілетін сабақтарда нақтыланады.

Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері. Оқытудың мақсаты дегеніміз - жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады және химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жѳніндегі білім; химиялық ѳндіріс туралы білім.

Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті - химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету.

(1-сызбанұсқа)

C:\Users\Admin\Desktop\дипломдық жұмыс керекті мәліметтер\IMG_20190613_092137.jpg

Жаңа буын «Химия» оқулықтары

Қазақстан Республикасы өзінің жалпы білім беретін жүйесіне арналған Мемлекеттік білім стандартының алғашқы нұсқасын 1998 жылдан бастап іске асыруға кірісті. Осы стандартқа сәйкес жасалған бағдарламаның негізгі айырмашылығы мазмұнын үшке жіктелуі болады. Осы кезде дейінгі зат туралы біртұтас білім химия ғылымының негізі ретінде беріліп келген еді. Енді ол алғашқы стандартта «Зат», «Химиялық реакциялар», «Заттар мен химиялық реакцияларды адамның танып білуі және пайдалануы » деген бөліктерге жіктелді. Сондай-ақ, сол кездегі базистік оқу жоспарында химия пәнін оқытуға бөлінген сағат санының азаюына байланысты берілетін білім мазмұнының көлемі де ықшамдалды. Осылайша, химия оқулықтары мазмұнының даму бағытты және қазақ тіліндегі химия оқулықтарын жасау тұжырымдамасының талаптары тұрғысынан 8-9 сыныптарға арналған химия байқау оқулықтарының мазмұны анықталды.

XXI ғасырдың алғашқы жылдарының өзінде-ақ Қазақстан білім берудің әлемдік аймағына тереңдеп еңген сайын орта білім стандартын жетілдіру қажеттілігі арта түсті. Осыған байланысты 2002 жылы жаңа жалпы тілім беру стандарттары жасалып, бекітілуіне орай 8- сыныпта берілген білім мазмұны жетілдірілді, соған сәйкес өөделген 8- сынып «Химия» оқулығы балама оқулық ретінде республика мектептеріне ұсынылды.

8- сынып «Химия» оқулығының мазмұнында пәннің жалпы жүйесіне енгізілген маңызды ғылыми деректер, ұғымдар, теориялар мен заңдар берілді. Ал оқулық мазмұны ұстанымдардың таңдап алуда химиялық білім беруді ізгілендіру тұжырымдамасына сүйенді.

9- сыныптың оқулығындағы басты жаңалық - оған органикалық заттар жөнінде бөлім еңгізілуі. Бұл бөлім стандарт талабына сәйкес таңдалды. Бұған дейін органикалық заттар жөнінде 9- сыныпта берілетін білім мазмұны, көлемі, реті жөнінде ешқандай зерттеулер мен әдістемелік нұсқаулар болмаған. Сондықтан органикалық заттар жөніндегі білім мазмұны кейін жоғарғы сыныптарда немесе арнайы оқу орындарында білімді жалғастыруға мүмкіндік беретіндей мына мәселелерді қамтуы тиіс деген шешім қабылданды:

  • Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан негізгі айырмашылығы көптүрлілігі және маңызы;
  • Заттың құрамы ->құрылысы->қасиеттері арасындағы тәуелділіктің органикалық заттарда айқын білінуі;
  • Органикалық заттардың минералды заттардан түзілуі, ағзалар тіршілігін тоқтатқан соң минералдануы;
  • Органикалық заттардың құрамының біртіндеп күрделенуі және көмірсутектерге, оттекті органикалық қосылыстарға, азотты органикалық қосылыстарға жіктелуі; Химия - біздің өміріміз, біздің болашағымыз.

Бүгінгі күнде, химияға ауыл шаруашылығы мен қоғамдық тұрмысқа тығыз байланысты болған материал, энергия қайнары, кеңістік пен тіршілік арасындағы байланыс күннен күнге қоюланды, әрі химия осылардың арасындағы алтын көпірге айналды.

Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағының бастамасымен және ЮНЕСКО - ның қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2011 жылды - « Халықаралық химия жылы» деп жариялаған. Халықаралық химия жылы ресми түрде 2011 жылдың 27-28 қаңтарында Париж қаласында ашылды. БҰҰ Бас ассамблеясының Халықаралық химия жылын өткізу туралы қарарында : « Іргерлі химияның жетістіктері қазіргі материалдық әлемнің кілтін табудың заманауи деңгейін анықтайды, ал химиялық деңгейін анықтайды, ал химиялық технологиялар мен үдерістер климаттың өзгеруі, халықты таза сумен, тамақпен және энергиямен қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны сақтау сияқты ғаламдық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады» делінген. Халықаралық химия жылының ұраны «Химия - біздің өміріміз, біздің болашағымыз » деп аталады. Осы ұранның өзі аталған ғылымның адамзаттың тұрақты дамуындағы маңызды рөлін айқын көрсетеді. Химия ғылымының ел экономикасындағы алар орынын 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды - инновациялық мемлекеттік бағдарламасынан да байқауға болады. Бағдарламада анықталған экономиканың басым секторларының барлығы да - мұнай - газ секторы, мұнай химиясы, тау-кен металлургиясы, химия өнеркәсібі, атом өнеркәсіьі, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы тікелей химия ғылымының жетістіктерімен және химиялық технологиямен тығыз байланысты. Шын мәнісінде де, химия ғылымының ауқымы өте кең және заттардың бір түрін екіншісіне айналдыруға және практикада қолдануға бағытталған. Ал Қазақстанда, 2011 жылы химиктердің тұңғыш халықаралық бірлестігінің құрылғанына 100 жыл толды.

Кезінде Б. А. Бірімжанов « Біз - химия ғасырының тұрғындарымыз» атты сөзі қазіргі уақытта өмір шындығына айналып отыр.

Ал, біздің Қазақстан - өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаформизм, яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.

Соңғы жылдары елімізде техникалық мамандықтарға сұраныс артып тұр. Осыған орай, оларға мемлекет тарапынан бөлінетін грант артты. Дегенмен оған барып жатқан өрендер саны қанша? Мәселен, қазіргі күні химиялық технология мен металургия бойынша инженер саусақпен санарлық. Ал, ғарыш саласын айтпай-ақ қоялық. Атап айтқанда, астрофизик, биохимик сынды кәсіпті игерген жастар- жоқтың қасы. Сондай-ақ еліміз картограф, геодезист мамандарына зәру.

Кезінде ғалымдар химия дегеніңіз - болашақтың ілімі деген екен. Сондықтан, қазақстын химия өнеркәсібін қалайда жандандыруға күш салып, осы салада бренд жинауға барынша дайындық танытқанымыз абзал. Сонда біздің келер ұрпақ алдында жүзіміз жарық, еңсеміз тік болады, өйткені, химя - мұнай-газ, алтын т. б ол- экономика, химия- дәрі-дәрмек, ол- денсаулық, химия- атом, атап айтқанда - химия XXI ғасыр. Сол үшінде химиясын дамытқан елдің болашағы да қарыштай түседі.

Химияны үйренгенде, химиялық өзгерістердің қағидаларын түсініп, тұрмыс пен өндірістегі кейбір құбылыстарға түсінуге, әрі осы өзгерістерді тежеп, адамзатқа пайдалы жаққа қарай дамытуға болады. Мысалы, жану қағидаларын толық түсінгенде, толық жандырып, жанар затты үнемдеуге әрі өрттен қалай сақтануды, өртті қалай сөндіруге болады, ал металдардың жемірілуі қағидаларын білгенде ұқсамаған шарт-жағдайда ұқсамаған металдарды жемірілуден сақтауға болатындығын білуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістері
Химияны оқыту жолдары
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Заттарды алу есептері
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Химияны оқытудың екілік әдістері
Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz