Аурудың дамуы


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
Тақырыбы: Ірі қара малдың трихомонозы,
балау және вет. сан шаралар
Орындаған: Бөлекбаева Г.
ВС -513
Тексерген: Усмангалиева С.
Алматы, 2020ж.
Жоспар
- Кіріспе . . . 3Ірі қара трихомонозы және қоздырғышы . . . 4
- Негізгі бөлім
2. 1. Аурудың дамуы . . . 5
2. 2. Ауру белгілері . . . 7
2. 3. Балау және ауруды анықтау әдісі . . . 8
2. 4. Өлекседегі өзгерістер . . . 8
2. 5. Ауруға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар . . . 9
III. Қорытынды . . . 10
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 12
І Кіріспе
Трихомоноз - ірі қараның жыныс мүшелерін мекендеп, оларды зақымдайтын, бір торшалы қарапайымдылар қоздыратын протозооз. Ауру қынап пен оның кіреберісі және жатырының қабынуымен, буаз сиырдың іш тастайтынымен, бұқаның белсіздігімен сипатталады.
Қоздырғышы - Trichomonas foetus - қарапайымының пішіні алмұрт тәрізді, дөңгелек, сүйір дөңгелекті болуы мүмкін. Денесінің ұзындығы 8-30 мкм, ені 3-15 мкм. Паразит цитоплазмадан және ядродан тұрады. Алдыңғы жағында 3, ал артқы жағында 1 бишігі бар. Бишіктері паразит тұрқынан ұзынырақ, қозғалыс мүшесі болып саналады. Паразиттің бір жағында жұқа жарғағы, ортасында денесіне тірек болатын өзегі бар (аксостиль) . Ядросы алдыңғы жағына орналасқан.
Трихомонодалар қарапайым жолмен, ортасынан жарылып екіге бөліну арқылы өсіп, көбейеді. Көп бөлшекке бөліну кездері болатыны анықталған. Олар эритроциттерді, микробтарды және шырышты жеп, қоректенеді. Трихомонадалар көбейгенде шығатын улы заттары жыныс мүшелеріне патогендік әсерін тигізіп, оларды қабындырады.
Трихомоноз қоздырғыштары сиыр қынабының және жатырының кілегей қабығын, бұқалар шыбығының уретрасын, қосымша бездерін мекендеп, оларды қабындырады. Трихомонадалар іштегі төлде, төл жанындағы сұйықта да кездеседі. Диагноз эпизоотологиялық мәліметтер, аурудың белгілері мен микроскопиялық және жұқтыруға күдікті малдарды культуральды зерттеудің нәтижелеріне(абортталған ұрықтар, ұрық қабаттары, жыныстық мұшелерден бөлінулер, жыныс секреттерінің спермасы мен бездері) негізделеді. Трихомонозды инфекционды фолликулдық вестибулиттан, бруцеллезден, листериоз бен лептоспироздан саралайды.
3
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Аурудың дамуы . Ірі қара трихомонозы дүние жұзі елдерінде кеңінен тараған ауру. Ол біздің елімізде де жиі тіркеліп, көптеген экономикалық зиян келтіретін індеттер қатарына жатады.
Трихомоноз әдетте малдың табиғи шағылысу кезінде жұғады. Ауру бұқалар сырттай қарағанда сап-сау болып көрінуі мүмкін. Ауру ластанған құрал-сайман, аспап арқылы да жұғуы мүмкін. Трихомонозбен әдетте шағылыс жасына жеткен мал ауырады. Трихомоноз шыққан шаруашылықта көптеген сиырлар қысыр қалады, кейбір буаз сиырлар іш тастайды, не құрсақтағы төлі іріп-шіріп кетеді. Ауру бұқалар белсіздікке шалдығады.
Трихомоноз Қазақстанда, әсіресе Оңтүстік аймақтарында энзоотия түрінде кездеседі.
Қоздырғышы - Trichomonas foetus - қарапайымының пішіні алмұрт тәрізді, дөңгелек, сүйір дөңгелекті болуы мүмкін. Денесінің ұзындығы 8-30 мкм, ені 3-15 мкм. Паразит цитоплазмадан және ядродан тұрады. Алдыңғы жағында 3, ал артқы жағында 1 бишігі бар. Бишіктері паразит тұрқынан ұзынырақ, қозғалыс мүшесі болып саналады. Паразиттің бір жағында жұқа жарғағы, ортасында денесіне тірек болатын өзегі бар (аксостиль) . Ядросы алдыңғы жағына орналасқан.
Қолайсыз жағдайда трихомонадалар өзгеріске ұшырап, жіпшелерінен айырылады да қозғалыссыз қалады. Ұрғашы малда - жыныс мүшелерінің кілегей қабығында, ұрықта, шарана сұйығында, бұқаларда - препуциалдық қабында, шыбығында, ұрық пен аталық безінде болады. Көбеюі қарапайым жыныссыз жолмен өтеді.
Кеңінен таралған ауру. Әдетте ересек мал дерттенеді. Маусымдылығы жоқ. Мал табиғи жолмен ұрықтанғанда немесе ауру бұқаның ұрығын қолданғанда тарайды. Сонымен бірге, лас, залалсыздамаған құрал-сайманмен жұғады. Шыбындар механикалық таратушылар, инвазия көзі - қи, төсеніш, ауру малдың жыныс жолдарынан аққан сұйықтықтар.
4
1-сурет. Ауруға шалдыққан ірі қара малы.
2. 2. Ауру белгілері. Ауру бұқамен шағылыстырылған сиырдың бірнеше күннен кейін ыстығы 40, 8° С дейін көтеріледі. Ауру сиыр күйзеліп, аяғын тыпыршытып, арт жағына қарай береді. Тәбеті төмендейді, сауын сиыр - сүтін кемітеді. Сиырдың сыртқы жыныс мүшелері қабынады, қызарады. Қабынған қынаптың ішінде үлкендігі тары түйіріндей бөртпелер шығады. қынап ішіне шырышты жалқаяқ жиналып, олар паразиттерге қорек болады, себебі құрамында көптеген лейкоциттер мен эпителий торшалары бар.
Емделмесе, ауру созылмалы түріне айналады. Төлдің дамуымен қатар жатырда трихомонадалар жедел өсіп-өнеді. Жатырдың кілегей қабығы қабынып, жалқаяқтың мөлшері көбейеді, ол ірің аралас қоймалжыңға айналады. Жалқаяқтың қоюлығы мен түсі - жатырға түскен микроб түріне байланысты. Бұл катарльді-іріңді эндометритке тән белгілер. Мұндайда буаз мал ішінде төл 2-3 айлық кезінде өліп қалады. 1-3 айлық буаз сиырлардың іш тастауы әдетте байқаусыз өтеді. Кейбір жағдайларда іштегі төл іріп-шіріп
5
пиометра дамиды, жатыр ішіне көптеп ірің жиналады. Ауырған сиырдың жыныс айналымы бұзылып, нимфоманияға шалдығады, көп рет күйлейді, бірақ ұзақ уақыт қысыр қалады.
Қорыта келгенде, трихомоноз ауруы дамуының төрт түрі кездеседі:
- Катаральді-іріңді қынап кіреберісінің қабынуы;
- Катарльді-іріңді жатыр кілегей қабығының қабынуы;
- Идиопатикалық толық іш тастау;
- Қабынған жатырдың іріңге толуы немесе пиометра.
Трихомоноздың созылмалы түрінде аурудың сыртқы белгілері
байқалмайды, тек қана сиырдың сүті кемиді, қанында кейбір өзгерістер байқалады
Трихомонодалар алғашқыда бұқалардың күпегін мекендейді, ал кейінірек қосалқы жыныс бездеріне де енеді. Бірнеше күннен кейін бұқаның күпегі іседі. Оның ішінен шырышты-іріңді жалқаяқ тамшылайды. Несеп шығарғанда мал ауырсынады. Бұқаның қамшысына ұсақ қызыл бөртпелер шығады, олар кейінірек кішірейіп бозарыңқы тартады. Екі аптадан кейін аурудың сыртқы белгілері біртіндеп жойылып, сырттай қарағанда мал сауыққандай болады. Егер қабыну құбылысы көпке созылса, бұқа белсіздікке ұшырайды. Кейде бұқаның енбауы, ұрық түтіктері және ендері қабынады. Көбінесе бұқада трихомоноз жіті баланопостит түрінде өтіп, емдемесе созылмалы түріне көшеді. Сондықтан бұқалар ұзақ уақыт трихомонада тасушы болып қалып, шағылысқанда сау ұрғашы малға ауру жұқтырады.
Трихомонада жыныс мүшелерінде дамып, қан мен лимфа арқылы тарайды, жатырдағы ұрыққа қанның кіндік арқылы өтуін тежейді, прогестерон мен эстрогеннің өндірілуін азайтып төлдің тасталуына әкеліп соқтырады. Маусымдылығы жоқ. Мал табиғи жолмен ұрықтанғанда немесе ауру бұқаның ұрығын қолданғанда тарайды. Сонымен бірге, лас, залалсыздамаған құрал-сайманмен жұғады. Шыбындар механикалық таратушылар, инвазия көзі - қи, төсеніш, ауру малдың жыныс жолдарынан
6
аққан сұйықтықтар.
2-сурет. Әр түрлі пішіндегі трихомонодалар.
Балау және ауруды анықтау әдісі. Трихомонозды анықтағанда эпизоотологиялық, клиникалық деректерді ескере отырып, лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. Сиырлардың іш тастауы, күйлей беруі, қынаптан ірің ағуы, жатыр қабынуы, қысыр қалуы - трихомонозға күдік тудырады.
Зертханалық тексеру жүргізу үшін трихомонадаларды жасанды қоректік ортаға себу қолданылады. Ол үшін 1 % мальтозға қосылған бауыр сорпасы керек. Әрбір түтікке 10 мл сорпа және оның үстіне вазелин майы құйылған соң осы түтіктерді 10 минутқа автоклавқа салып, 110-120° С-та зарарсыздандырады. Трихомонадаларды себер алдында жасанды ортаның әр 1 мл-не 500 өлшем пенициллин, 800 өлшем стрептомицин физиологиялық ерітіндіге езіліп қосылады және 10% жылқы қанының сарысуы қосылады. Себіндіні 3 күн термостатта 30°-та ұстағанда, трихомонадалар бар болса,
7
жасанды қорек лайланып түтік түбінде шөгінді пайда болады.
Микроскоп арқылы трихомонадаларды табу үшін, түтік ішіндегі себіндіден бір тамшы алып, орташа үлкейтетін объектив арқылы қарайды.
Микроскопиялық әдіспен зерттеп, қарау үшін, қынап пен жатырдан аққан жалқаяқ, қағанақ суы және одан алынған қырынды, бұқаның қосалқы жыныс бездерінен алынған шырыш ұрығы және күпек шайындысы зерттеледі. Бір тамшы шайындыны төсеніш шыныға тамызып, үстіне жапқыш шыны салады. Оны микроскоппен қарағанда, ішінде қозғалып жүрген трихомонадаларды көреміз. Әр малдан 4-5 тамшы зерттеледі. Шайынды қою болса, оған физиологиялық ерітінді құйып, сұйытылады.
2. 4. Өлекседегі өзгерістер. Ауырған малды сойып көргенде қынап пен жатыр іші ісінген, қызарыңқы, әр жері қанталаған. Жатыр ішіне катаральді-іріңді, ал кейде жалқаяқ жиналған. Жатыр бұтақтарына ірімшікті сарысу жиналады. Ұрық жолдары жуандаған, олардың ішінеірімшік тәрізді зат жиналған. Аналық бездерінде сұйық затқа толы кисталар (қуыстар) болуы мүмкін.
Бұқалардың уретрасы нығыздалған, қатпарланған, әр жерінде ұсақ түйіндері бар, бұқаның жыныстық қосалқы бездерінде де қабыну белгілері байқалады.
2. 5. Ауруға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар. Ең алдымен ауру малдың күтімі мен жемі жақсартылады. Трихомоноздың алғашқы сатысында жүргізілген ем жақсы нәтиже береді. Жатыр етін сергітіп, ішіне жиналған жалқаяқты шығаруға себеп болатын дәрілер (питуитрин, синэстрол) қолданылады. Малдың қорғаныс күштерін үдету үшін аутогемотерапия (өз қанымен емдеу) жүргізіледі.
Алғашқыда ауруға шалдыққан сиырдың жыныс мүшелерін глицеринге не суға ерітілген 8-10 % ихтиолмен, суға ерітілген йодпен (1:500), флавакридинмен (1:1000) резеңке түтікше арқылы жуып шаяды, ал бұлшық етке 80-150 мл мөлшерінде 3 рет метрони дозолдың (трихопол) 1 % ерітндісі
8
егіледі. А. А. Сунайкин жатыр ішін нитрофуран қоспасымен (0, 1 фуразолидон, 0, 2 г фурацилин және 1000 мл физиологиялық ерітінді) шаюды ұсынады. Қолданар алдында қоспаны қайнатып, суыту қажет.
Аурудың созылмалы түрінде аралас ем қолданылады. Жалпы ем ретінде 0, 5 % прозерин немесе 1 % синэстрол 3-4 мл мөлшерінде күн ара 2 рет қолданылады. Мұның артынан қынап пен жатыр 500-600 мл зарарсыздандырғыш ерітінділерімен шайылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz