Гистологиялық зерттеулерге арналған аппараттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І Кіріспе____________________________ ______________________3
ІІ Негізгі бөлім
1. Гистологиялық зерттеулерге арналған аппараттар__________5
2.2. Гистологиялық зерттеу әдістері________________________10
ІІІ Қорытынды__________________________ _________________12
IV Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ _____13

І Кіріспе

Гистология — (грек. Hіstos – ұлпа және logos – ілім) – адамның және көп
жасушалы жануарлардың ұлпаларын зерттейтін ғылым; Г-ның міндеті – ұлпа
эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), хим. Қасиеттерін
(гистохимия), жасушаларының құрылысын, атқаратын қызметін гистофизиология
зерттеу. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғ-дың басында микроскоппен
зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы Гистология – ұлпаның
дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология – адам
және көп жасушалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын
зерттейді. Кейде бұны микроскопиялық анатомия деп те атайды. Гистология
терминін ғылымға неміс ғалымы К.Майер енгізген (1819ж.). Қазақстанда
Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-малдәрігерлік
институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. Университеті) мен Қазақ мед.
Институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. Университеті) гистология
және эмбриология кафедраларында басталды. 1930–1960 ж. Омыртқалы
жануарлардың ұлпалары, олардың құрылымындағы ерекшеліктер ұлпа филогенезі
мен ұлпа айналасындағы жағдайларға байланысты зерттелді. 1970 жылдан бері
кейбір жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың жүйке жүйесі, ас қорыту
органдары, сондай-ақ, малдың еті мен өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары,
терісі гистология тұрғыдан айқындалды. Тамақтану, ғарышқа ұшу жағдайларының
адам мен жануарлар ұлпасына тигізетін әсері анықталды. Жүйке талшықтарының
адам органдарында тарамдану тәртібі зерттелді. Адам мен жануар ұлпаларына
ауырған кезде болатын гистол. өзгерістер сипатталды. Қазақстанда Гистология
саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, А.Зорина,
Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин, т.б. Қазіргі кезде Г-лық зерттеулермен
Қазақстан Білім және ғыл. Министрлігінің Зоология институты, Биоген жабық
акцион. Қоғамы, Қазақ ұлттық мед. Ун-ті, т.б. жоғары оқу орындарының арнайы
кафедралары шұғылданады.
Гистохимия(грек. Hіstos – тін және химия) – кездемелердегi әр түрлi
химия заттары және олардың метаболизмының өнiмдерiнiң оқшау бөлiк үйрететiн
гистологиялар бөлiм. Бояудың кейбiр әдiстерi не бiр химия заттары
торшалардағыны айқындауға мүмкiндiк бередi. Торшаның химия компоненттерi
тағы басқалар майлар, гликоген, нуклеинқышқылдарының дифференциалды бояуы,
нуклеопротеин, нақтылы ферменттер болуы мүмкiн. Кездемелердiң химия
құрамының зерттеуiне гистохимияның үлесi үнемi өседi. Бояулар, флуорохромы
және (қарсы денелерге ) ерекше иммуноглобулиндарға қосуға болған және
ферменттер клеткалы құрылымдарды Клеткеге бұл кешенi байланыстыруды байқай
белгiлеу терiп алған. Зерттеулердiң бұл облыстары гистохимияның арқау
болады. Жарық

3

арқылы және электрондық микроскопия жарық арқылы қолдану иммун логикалық
таңбалағыштар торшаның биологиясы туралы бiлiмдердiң кеңейтуiне мүмкiндiк
туғызады, сонымен бiрге дәрiгерлiк диагноздардың дәлдiгiнiң жоғарылатуына.
Гистология, эмбриология және цитологияның дамуы физика, математика,
химия жетiстiктерiне, зоология, анатомия, физиология, биохимия, дерттану
физиологиясы, иммунология, фармакология, клиникалық, әрі технологиялық
пәндермен тығыз байланысты. Қазiр аурудың себебiн, тетiктерiн, жалғасын
түсiну жасуша гистологиясына, ультрақұрылымына, жасуша биологиясына
негiзделуде. Ол ауру патогенезiн (пайда болу, даму процестерiн зерттейдi),
морфогенезiн анықтауға көмектеседi, клиникалық пәндердi меңгерудi
қамтамасыз етедi, ғылымдарды тұтастыру рөлiн орындап, дәрiгерлiк ойлау
қабылетiн қалыптастырады.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап
тапқанға дейін пайда болған. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі
алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің,
Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Микроскопиялық
зерттеулердің негізінде әртүрлі ұлпалармен құрылымдарды бір топқа
топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең ХVIII – ғасырдың аяғына дейін
созылған.
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуынан
басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол
туралы әртүрлі деректер бар. Бірақта микроскопты жасаушылар кезінде
көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз.
Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы
микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарылған
делінді. Атақты Галилей де 1612жылы микроскоп құрастырған деген мәлімет
бар.
Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми – зерттеу құралы ретінде
қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы
өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан
тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук “клетка ” деп атады (гректің
“китос”-қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен Р.Гук “клетка” терминді алғаш
қолданған ғалым.
XVII ғасырдағы микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым болады. Ал
XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар енгізілді-
штативті азды – көпті жетілдірілді. Бұның себебі ХVIII ғасырда ғұмыр кешкен
ғалымдар микроскопқа аз көңіл бөлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана
бермеді.

4

ІІ Негізгі бөлім
2.1.Гистологиялық зерттеулерге арналған аппараттар
Гистологиялық зерттеулерге препараттарды дайындау үшін қолданылатын
аппараттар: микроскоптар, микротомдар, тіндерді гистологиялық өңдеу және
препараттарды бояу үшін қолданылатын автоматты аппараттар,
микроманипуляторлар, термостаттар, қыздыру үстелдері, морфологиялық
құрылыстарды автоматты түрде анализдейтін приборлар мен жабдықтар.
Микротом микроскопиялық зерттеулерге жарайтын жұқа кесінділер дайындау
үшін қажет аппарат. Ол негізден, жетекші және микроберетін механизмдерден,
объектіні және пышағымен оны ұстап тұратын жабдықтардан тұрады. Кесіндіні
алу үшін пышақ немесе объект бір бағытта қозғалуы шарт. Ал қайта қайтқанда
объектіні көтеретін механизм оны келесі кесіндінің қалыңдығы мөлшеріне
көтеріп дайындайды.
Қолданылып жүрген микротомдарды екі типке жатқызуға болады:
Объект оны ұстап тұратын құралда қозғалыссыз, ал пышақ қозғалмалы түрде
орналастырылған. Пышақтың көлденең немесе қисық бағытта қозғалатын
конструкциялары бар микротомдар;
Ротациондық микротомдар. Оларда объект арнайы механизмнің көмегімен тік
немесе көлденең бағытта қозғалыссыз орнықтырылған пышақтың үстінен өтіп,
әрбір кесінді сайын белгілі мөлшерге бір жағына қарай ауытқып отырады.
Парафин, целлоидиндерге құйылып дайындалған объектілерден кесінді
дайындау үшін радиалды, шаналы, ротациондық микротомдар қолданылады. Ал
жануарлардың немесе өсімдіктердің мұздатылған тіндерінен кесінді алу үшін
мұздатқыш микротом пайдаланылады. Онда объектіні арнайы баллоннан жұмсақ
резина түтікше арқылы микротом үстеліне берілетін сұйық көмірқышқылы арқылы
мұздатады. Сондай-ақ микротомға жеке мұздатқыш үстел қосымша беріледі. Онда
объектіні мұздату үстелге орнатылған жартылай өткізгішті элементі бар
электр тоғы арқылы іске асырылады.
Микротом пышағынан алынған кесіндіні мұздатылған күйінде сақтау үшін
микрокриостат пайдаланылады. Ол мұздатқыш микротомға орнықтырылған
кішкентай мұздатқыш камера. Ондағы температура 0-10ºС аралығында сұйық
көмірқышқылы арқылы іске асырылады.
Экспресс-биопсияда, гистохимиялық зерттеулерде (ферменттік, антигендік
және басқа да тіндердің белок жүйелерін зерттеу) жап-жаңа мұздатылған
тіндерден кесінділер алу үшін микротом-криостат қолданылады. Ол
температурадан қорғалған камерасы және суытқыш жүйесі бар микротом.
Микротомның пышақтарын қайрау үшін бірнеше бейімделген құралдар мен
арнайы стақандар бар. Жиі қолданылатын 3МН-2 стақаны 5-7 минуттың ішінде
ұзындығы 180-500 мм микротом пышақтарын жылдам және жоғарғы
сапада қайрайды. Пышақтың қайрау бұрышы 20-30º.
5

1-сурет. Microm HM 200

Микротом НМ 200

2-сурет. Роторный микротом ручной
MR 3000

6
Электрондық микроскопиялық зерттеулерге арналған өте жұқа кесінділер
дайындау үшін ультрамикротомдар қолданылады. Онда препараттарды кесуге
дайындау және оны микроскоптың көрінетін жазығына шығару толық
автоматтандырылған. Ультрамикротом УМТ-2 арқылы қалыңдығы 15-90 нм кесінді
алуға болады. Ал УМТ-5 микротомы 5-100нм қалыңдықтағы кесінділерді
дайындауға арналған. Жарық микроскоптары арқылы көруге қалыңдығы 5-8 мкм-
дан 1-2 мкм-ге дейінгі кесінділер жарап жатыр.
Тіндерді гистологиялық өңдеу және кесінділерді бояу үшін жартылай
автоматтар шығарылған. Оларға жататындар Америкалық Аутотехникон және
Ресейлік Гистохроматор. Мысалы, АТ-4 гистохроматорының бағдарлама беретін
жабдығы бар және импрегнация, бояу, бекіту, жуу, тығыздау, спиртте
сусыздандыру, парафинді сорғызып және оған құю, т.б. процесстерді автоматты
түрде іске асырады. Зат жұғындысына арналған шынылардағы гистологиялық
препараттарды бояуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар Гистологиялык зерттеулерге арналган аппараттар
Арнайы қолданылатын лабораториялық техникалар Гематологялық және цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратуралар
Гистология туралы
Ультрадыбыстың қасиеттері
Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі
Патологиялық материалды орау және жөнелту
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
Аса қауіпті инфекциядан өлгендерді жаруын жүргізу тәртібі
Ветеринариялық лаборатория. Жазым бола қалған жағдайда көрсетілетін бірінші көмек
Эндоскопиялық тәсілдер
Пәндер