Шошқа қоңдылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Сойыс малдарының қоңдылық дәрежесімен танысу ... ... ... ... ... ... ...5
2.2. Ұшаға қойылатын таңбалар және МЕМ СТ-тар ... ... ... ... ... ... ... . 10
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..14

І Кіріспе
Адам қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы зор. Ет құрамында экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты организмге қажетті заттар болады. Адам организімінің өсуі мен қалыпты өмір сүруі үшін құнды белоктар өте қажет. Экстрактивті заттар еттен әзірленген тағамдарға ас қорыту сөлдерінің айтарлықтай бөлінуі және астың жақсы қорытылуы үшін дәм мен хош иіс береді.
Республикамыздың фермалары мен шағын мал шаруашылығында және құс фабрикаларында жоғары сапалы ет өндіруді шұғыл арттыруға қажетті жағдайлар жеткілікті. Көптеген шаруашылықта мал мен құстың жоғары өнімді тұқымдары, оларды жайып семіртетін едәуір мол жайылым бар. Бірсыпыра шаруашылықтарда бордақылау алаңы салынған. Онда ересек малдар бордақыланады. Біраз шаруашылықтарда мал шаруашылығы өнеркәсіптік комплексінің құрылысы аяқталуға жақын.
Алайда республикада ет өндіруді арыттыру жөнінде біраз табыстарға қол жеткенмен, халықтың бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық қанағаттандырылмай отыр. Мұның негізгі себебі барлық шаруашылықта ет өндіру бірдей жолға қойылмаған. Фермалар мен шағын мал шаруашылықтардың мал мамандары малды өз төлі есебінен өсіру, арзан жайылым шөбін пайдалана отырып, жайып семіртуді кең көлемде қолдану, мал бордақылау және т. б. маңызды мәселелерге әлі де болса жете мән бермей келеді.
Мал етін өндіруді күрт арттыру үшін мал мен құстың тірідей салмағын және олардың қондылығын көтеру шарт. Ол үшін ең алдымен малды күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды үстеп азықтандыра отырып, жайып семіртуді ұйымдастыру қажет. Төлді, ересек малды және құсты өнеркәсіптік негізде қарқынды түрде бордақылау, өнімі төмен сиырларды етті тұқымдардың жоғары өнімді бұқаларымен өнеркәсіптік будандастыруды істе қолдану керек. Сонымен бірге табындардағы селекциялық жұмыстарға шаруашылықтың барлық резервтерін пайдалана білу қажет.
Ет өндіруді арыттыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат тәжірбие жетістіктерін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың ғылыми зерттеу мекемелері соңғы жылдарда мал мен құстың еттілігін арттыру жөнінде бірсыпыра тиімді әдістерді зерттеді. Осы әдістерді өндіріске енгізу белгіленген жоспарды орындауға және халықтың етке деген қажетін
өтеуге мүмкіндік береді.
3
Ет өндіруде және оны сатып алуда республика бойынша сиыр еті мен қой етінің үлес салмағы-85%, ал қалған 15% шошқа етінің, жылқы еті мен құс етіне тиеді. Бірақ республкамыздың кейбір облыстарында (Алматы, Жамбыл, Шымкент, Атырау) қой етінің үлес салмағы 55%-тен сәл ақ асады. Бұл міндетті орындау үшін қой шаруашылығында ет өндіруді арыттырудағы ең ірі резерв - қозыны туған жылы жоғары қондылықтаетке өткізу болып сүттеніп жүрген кезінде тез өсіп жетіледі. Саулықтардан бөлген уақытта, яғни 4-4.5 айлығында қозылардың салмағы ересек мал салмағының 60 %-не, ал жайып және бордақылап семірткеннен кейін 9-10 айлығында 73 %-ке жетеді. Ұшасының, майы мен басқада мүшелерінің шығымы бойынша қозы ересек малдан қалыспайды. Қозыларды туған жылы етке өткізу жоғары сапалы ет алуға ғана емес, сонымен бірге оның өзіндік құнын арзандатуға да мүмкіндік береді.
Ет өнеркәсіп кәсіпорындарында малды автокөлікпен, темір жолдармен, кебір жағдайларда малды айдап алып келеді.
Сойяр алдында малдарды бірінші өңдеуде ет ұшасын және ұшадан тағамдық, емдік, техникалық өнімдер жасау және алу үшін түседі. Сонымен қатар санитарлы-гииеналық, ішкі мүшелер мен ұшаларға ветеринарлық-санитарлық тексеруді өткізіп, тағамдық мақсатта қолдануға осы талаптарды сақтау керек.
Ұшаларды өңдеу конвейерлі желілерде, арнайыланған мал түріне (ІҚМ, ұсақ мал, шошқа) аспалы желі немесе екі және үш малдың түріне байланысты әмбебап конвейерлер қолданылады.
Малды сою және ұшаны бөлу цехындағы технологиялық үрдістерді келесідей реттейді:
1. жансыздандыру;
2. қансыздандыру және тағамдық қан жинау;
3. ұшаны іреу;
4. теріні сыпыру;
5. ішкі мүшелерін алу;
6. ұшаны жартылай бөлікке бөлу, аралау;
7. ұшаны тазалау және сапасын анықтау;
8. массасы және ұшаның семіздігін анықтау.

4
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сойыс малдарының қоңдылық дәрежесімен танысу
Ірі қара қоңдылығы. Ірі қара малды жынысы мен жасына қарай 4 топқа бөледі: 1) Сақа мал - жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және тірілей салмағы 350 кг кем бір рет бұзаулаған 28 сиыр. 2) Бір тума сиыр - жасы З-ке толмаған салмағы 350 кг артық бір рет бұзаулаған сиыр. 3) Жас мал - жасы З-айдан 3 жылға дейінгі танаторпақ, өгізше, бұқашық. 4) Бұзау - жасы 14 күннен 3 айға дейінгі төл.Қоңдылығына байланысты әр топтағы малдың 2 категориясын (дәрежесін) ажыратады. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төмендегі көрсеткіштер бойынша жатқызады. Етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесінің пішіні аздап сүйірленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті толық, омыртқа қыры, жамбас сүйектің басы, қүйымшақ басы аздап шығыңқы. Тері астындағы май құйрықта және қүйымшақ сүйектің басында байқалады. Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.
Екінші дәрежелі қондылық - етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде қуысы пішіні қабысыңқы, жауырыны шығыңқы, сан еті ысылған, арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақтың басы шығыңқы, тері астындағы май арқада, құйымшақ басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы тартылған, май байқалмайды.Бұканың бірінші дәрежелі қондылығы төмендегі көрсеткіштерден кем болмауы тиіс. Кеуделік жұмыр еті жақсы жетілген, арқасы, белі, сауыры жалпақ, қаңқа сүйектері байқалмайды, сан, жауырын еттері толық.
Екінші дәрежелі қондылық - кеудесі кушықтау, қаңқа сүйектері аздап шығыңқы, етінің дамуы қанағаттанарлық, кеудесі, арқасы, белі және сауыры жалпақ емес, саны, жауырыны тартыңқы.Бір тума сиырдың 1 дәрежелі қоңдылығы - кеудесі жұмыр, еті жақсы жетілген, жауырыны, белі, сауыры, сан еттері толық, омыртқаның жоталық өсінділері, жамбас сүйектің, құйымшақ басы байқалады, құйрық түбін май басқан.
Екінші дәрежелі қоңдылықтағы малдың кеудесі толық жүмырланбаған, етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы шығыңкы, тері астында май байқалмайды. Сүйегінің басы, құйымшақ сүйегі, қабырғалары байқалмайды, денесі жұмыр.Сойысқа арналған жас мал салмағына байланысты 4 класқа бөлінеді: таңдаулы, бірінші, екінші, үшінші. Таңдаулы класқа тірілей салмағы 450 кг-нан артық, біріншіге 400-450 кг-ға дейін, екіншіге 350-400 кг, үшінші класқа 300-350 кг болатын малды жатқызады. Сонымен қатар таңдаулы класқа жасы 2 жылға дейінгі салмағы 420 кг артық мал
5
жатқызылады. Таңдаулы, бірінші және екінші кластағы малды бірінші
дәрежелі қоңдылыққа жатқызады, ал үшінші кластағы малдың қоңдылығының бірінші және екінші дәрежесін ажыратады.
Бірінші дәрежелі қоңдылығы - кеудесі шыр, шалшық еттері жақсы дамыған, омыртқалардың жоталық өсінділері, қүйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, қүйрық түбіңде май байкалады.
Екінші дәрежелі коңдылығы - кеудесі аса жұмыр емес, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы шығыңкы, тері астында май байқалмайды.
Бұзаудын қоңы төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады. Бірінші дәрежелі қоңдылығы - тірілей салмағы 30 кг кем емес сүт еметін бұзау, қанағаттанарлық еті бар, жота мен бел омыртқаларының өсінділері 29 қолмен басқанда аздап білінеді, жүні жүмсақ және жылтыр, қызыл иектің, ерін мен таңдайдың шырышты қабықтары ақ түсті, аздап қызыл реңді немесе сары реңді болады, көздің дәнекер қабығының түсі ақ.
Екінші дәрежелі қоңдылығы - үстемелеп қоректендірілген бұзаудың бұлшық еттері нашарлау жетілген, жота және бел омыртқаларының өсінділері аздап шығып тұрады, қабық, қызыл иек, ерін және тандайдың шырышты қабықтары қызғылт реңді.
Қой, ешкі қоңдылығы Жоғары дәрежелі қоңдылығы - арқа және бұлшық еттері жақсы жетілген арқа, бел омыртқаларының (шоқтықтан басқа) жоталық өсінділері білінбейді, Тері астындағы май арқада, белде және қабырға үстінде жақсы білінеді. Қүйрыкты қойдың қүйрыгы майға толы.
Орта дәрежелі қоңдылықта - арқа, бел еттері қанағаттанарлық жетілген, бел омыртқаларының жоталық өсінділері, жамбас сүйектің басы аздап шығыңқы, ал арқа омыртқаларының жоталық өсіділері шығыңқы; беліндегі, тері астындағы май қанағаттанарлық, ал арқасында және қабырғаларында аздаған май байқалады. Құйрықты қойлардың құйрығы майға толмаған.
Ортадан төмен қоңдылықта - еті төмен, омыртқалардың жоталық өсінділері, қабырғалары шығыңқы, шоқтығы және жамбас сүйектің басы жақсы байқалады, тері астында май байқалмайды. Құйрықты қойлардың құйрығында аздаған май жиналған.
Жалпы койдың жүні қалың әрі тығыз болғандықтан, оның қоңдылығын ажырату едәуір қиындық туғызады. Сиыр, қойдың қондылығы ортадан төмен немесе екінші дәрежелі қоңдылыққа сай келмейтін болса, олар арық малға жатқызылады. Тапсырушы мен ет комбинаттары қызметкерлерінің арасында мал қоңдылығын ажыратуда келіспеушілік болса, мал қоңдылығын ажырату үшін тексеру сойысы жүргізіледі де, еттің сапасы бойынша қоңдылығы
6
ажыратылады.
Жылқы қоңдылығы. Жасына байланысты жылқы үш топқа бөлінеді. Сақа жылқы - жасы үштен асқан, жас мал - жасы бірден үш жылға дейін және құлын - жасы бірге толмаған массасы 120 кг артық төл. Сақа малдың бірінші дәрежелі қондылығы - еті жаксы дамыған, кеудесі жұмыр, арқасы, белі, саны, сауыры, жауырыны жақсы толған, омыртқаларының жоталық өсінділері, қабырғалары байқалмайды, жалы құйрық түбін май басқан.
Екінші дәрежелі қондылық - еті қанағаттанарлық дамыған, кеудесі қушықтау, жауырыны, арқасы, саны, сауыры толық. Арқа және бел омыртқаларының жоталық өсінділері аздап байқалуы мүмкін. Қабырғасы байқалады. Бірақ саусақпен ұстауға келмейді. Жалында аздаған май бар.
Жас малдың бірінші дәрежелі коңдылығы - кеудесі жұмыр, еті жақсы дамыған, омыртқалардың жоталық өсінділері байқалмайды, ал құйымшақ, жамбас сүйектердің басы байқалуы мүмкін, жалы майлы.
Екінші дәрежелі - еті қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ жамбас сүйектердің басы аздап шығыңқы, қабырғасы байқалғанымен саусаққа ілінбейді. Жалында аздаған май байқалады.
Құлынның тек кана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады - еті жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні жұмыр немесе қушықтау, 30 омыртқалардың жоталық өсінділері, жауырын қыры, иық белдеуі, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңкы, ал қабырғасының байқалуы мүмкін. Жалында аздаған май болады. Сонымен қатар мемлекеттік стандарт бойынша жылқының барлық қоңдылық дәрежесінде шоқтығының шығыңқылығы есепке алынбайды, майы аздау болғанымен еті өте жақсы дамыған болса бірінші дәрежелі қоңдылыққа жатқызуға болатыны көрсетілген.
Түйе қоңдылығы. Жасына байланысты түйе де үш топқа бөлінеді. Сақа мал жасы төрттен асқаны, жас мал екіден төрт жасқа дейін және бота салмағы 250 кг артық, жасы екі жылғы дейінгі тайлақ. Қоңдылығына байланысты сақа және жас түйенің бірінші және екінші дәрежелі қоңдылығын, ал ботаның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады.
Сақа және жас малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал қоңдылығы
Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы
Еттің морфологиясы
Малдан алынатын өнімдердің сапасына қойлатын талаптар
Қой қоңдылығын анықтау
Жылқының коңдылығы
Сойыс малдары
Ауру және ауруға күдікті мал
Ірі қара мал етін ветеринариялық санитариялық сараптау
Сойыс малдарын тасымалдау
Пәндер