Қарбыз дақылын суару



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 4
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
3.Студенттің жеке тапсырмасы. Қарбыз дақылының биологиялық ерекшеліктері мен оның өсіп-даму технологиясы. ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
3.1.Қарбыз дақылының халық шаруашылығындағы маңыздылығы ... ... ... ... ... 8
3.2. Қарбыздың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.3.Қарбыздың гүлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.4.Қарбыз дақылы өну үшін сыртқы фокторларға қойылатын талаптар ... ... . 12
3.5.Қарбыз дақылы өсетің егісті күтіп баптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
3.6.Қарбыз дақылына тыңайтқыштар енгізу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... . 15
3.7.Қарбыз дақылын суару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4.Тіршілік қауіпсізділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21

Кіріспе

Елімізде және дүние жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.
Осы орайда облысымызда бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.
Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар аткарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.
Дегенмен, еліміздің Ресей және Белоруссия мемлекеттерімен бірге кедендік одақ құруы облысымыздағы бақша өнімдерін өндіретін шаруа диқандар үшін қолайлы жағдай туғызды. 2010 жылы Онтүстік Қазақстан облысынан Ресейге 70-80 мың тоннаға жуық қарбыз ешқандай кедендік кедергісіз өтіп, диқандар үшін жоғары бағаға сатылды.
Бірақ, өнімдерді нарық талабына сай, жоғарғы сапада өндіріп шығаруда шаруа диқандар бірқатар кедергілерге кез келді. Жергілікті жерге бейімделген, аудандастырылған, сұранысқа ие қарбыз сорттары және оның сапалы тұқымдары болмады. Тұқымдарды шаруа диқандар Өзбекстаннан қымбатқа сатып алды, оның кебісі ойдағыдай өнім бермеді. Қаншама тұқымға жұмсалған қаржы Өзбекстанда қалды.
Республикада жергілікті жердің топырағы мен ауа райына бейімделген қарбыз сорттарын шығаратын және олардың элиталық тұқымдарын дайындап, көбейтумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институты болмағандықтан аталған мәселелер кенже қалып келген. Осының салдарынан шаруалар табылған тұқымды егіп, өнімдерін өткізе алмай, тіпті жұмсалған шығынын қайтара алмай жүргендері де бар.
Осы орайда аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында облысымыздың ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысы бойынша Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 2008 жылдан бастап жоғары өнім беретін қарбыз сорттарын шығару бағытында Өзбекстан мемлекетімен ғылыми байланыс негізінде өз қаражаты есебінен ғылыми жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жоғары өнім беретін қарбыздың Сапалы сортын шығарды. Ол сорт 2011 жылдан бастап Мемлекеттік сорттық сынақтан тексерілуден өтуде.
Сонымен қатар шаруалар егетін қарбыз сорттарының тұқымдарын елімізде дайындап қарбыз түқымшылығының сапасын арттыру барысында институтта бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізіліп келеді.

1.Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2,8 га,оның ішінде 0,5 га интенсивтік бағы, 0,2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т.б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.

2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары
Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3,9°, ал шілде айында 27,5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1,3 тен 1,8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0,08 ден 0,15% , кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1,5-3,0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.
Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4,1%; азот - 0,216, фосфор -0,191%, калий 1,9-2,1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мгкг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мгкг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (1 кесте).
Тығыз қалдық мөлшері 0,074-0,090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.
Жалпы сілтілік (НСО3) - 0,041-0,047%.
Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0,08-0,11 мгэкв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1,09; Ві (25-42 см) -1,25; В2 (42-60 см) - 1,19 гсм3
Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мгкг), ауыспалы калиймен (514-1036 мгкг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34,8-41,3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1,27-1,33гсм[3]) жэне кеуектілігімен (48,3-52,1%) ерекшеленеді.
Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т.б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.
2 кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабаттың орташа тығыздылығы - 1,37 гсм[3] құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің жэне агрегаттар құрылымының орналасуына байла-нысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1,27-1,33 гсм[3] аралығында ауытқиды.
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41,8 - 50,0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25-10,0 мм мөлшердегі агрегаттар 60,5-79,7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.

Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды -- сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты, см
Жалпы, %
Қозғалғыш формалар, мгкг топырақта

қара шірік
Азот
фосфор
N
ИОз
Р2О5
К2О

0-15
1,86
0,258
0,211
137
25
22
950
20-30
0,91
0,248
0,205
109
36
13
840
35-45
082
0,214
0,158
78
'58
13
640
65-75
056
0 117
0 135
63
26
15
350
90-121
025
0,106
0,144
64
23
12
160
121-150
-
0,056
0,144
53
12
7
160
160-170
-
0,042
0,114
44
6
10
190

3. Жеке тапсрыма: Қарбыз дақылының биологиялық ерекшеліктері мен оның өсіп-даму технологиясы.

3.1.Қарбыз дақылының халық шаруашылығындағы маңыздылығы.

Қарбыздың шөл қандыратын және көңілді сергітіп жадырататын қасиеті бар. Оны эсіресе ыстық ауа райында егістік басында қара судың орнына шөл басу үшін пайдаланған жақсы. Қарбыз салқын сусындарды алмастырады, оның қүрамында көп мөлшерде (12% дейін) жеңіл сіңімді қант болады. Қарбыз қанты, көбінесе қант диабетімен ауыратындарға қажетті жақсы сіңіретін фруктозадан тұрады. Қант мөлшері бойынша карбыздар көптеген жемістер мен жи-дектерден асып түседі, тіпті ананас, жүзім, алмүрттан кем емес.
Қарбыздарда адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістерді реттестіруге ықпал ететін - глюкоза, сахароза, фруктоза, дәрумендер (А, В, С,), пектиндер, сіңімді ДК тұздары,сондай ақ фолий қышқылы мен темір сияқты заттар болады. Сондықтан қарбыз өнімін цингаға қарсы, бүйрек, өт жолдары ауруларын алдын алу мен емдеу, ағзаның тіршілік қабілетін көтеру үшін пайдаланады.
Қарбыз жүмсағын үзақ пайдалану мақсатында, олардың же-містерін консервілейді-тұздайды.
Қарбыздар - тағам өнеркэсібі үшін құнды шикізат. Олардан қүрамында 65% қант пен 0,3% дейін сіңімді темір болатын бал (нардек) дайындайды. Қарбызды өңдегенде бал шығымы 5-7% (өз массасынан). Бал тағамға пайдаланылады, одан кисель жэне повидло дайындайды.
Стандарт талаптарына сай емес өте пісіп кеткен, ұсақ және жарылған қарбыздарды өте кұнды қантты концентратқа айналдыруға болады. Қарбыз жемісінің қабығынан тосап, цукат, ал қара қабықтылардан тағамдық бояу дайындайды.
Қарбызды өңдегенде, оның бөлініп алынған тұқымдарынан май өндіруге болады. Қарбыз майы - сұйық, ашық,иісі мен дэмі жаксы. Ол қүрамында Д дэрумені болғандықтан, рахитке қарсы емдік қасиетімен айшықталады. Ыстық сығымдауда түқымнан алынатын май шығымы 17-20%. Сығымдаудан кейін қалатын қалдық-күнжара кондитер өнеркэсібіне қүнды шикізат. Одан халуа мен басқа тағамдар жасайды. Тіпті қарбыз тұқымының қабығын өңдеу арқылы лак-бояу өндірісіне кажет өнім - фурфурол алуға болады. Фурфурол электротехникада да пайдала-нылады.
Қарбыздың кейбір сорттарында консерві зауыттары үшін өте қажет пектиндік заттар көп. Пектиндік заттардың қантпен қосып қайнатқанда желе тэрізді масса түзетін қасиеті болғандықтан, жидек пюресі мен повидло дайындағанда оларды қоюлату үшін қарбыз шырынын пайдаланады.
Еліміздің жартылай шөлді аймақтарында ықтырмалы егіс ая-сында қарбызды суармай-ақ өсіруге болады.
Қарбыз күздік жэне жаздық астықтар үшін жақсы алғы да-қылдардың бірі. Олардан кейін танаптар таза күйінде қалады. Қарбыз дақылы ірі жапырақтарымен жерді көлеңкелеп топырақ-та ылғал сақтайды.
Қарбыз - мол кіріс экелетін дақыл, эсіресе суарылмайтын ай-мақтарда оны өсіріп өзіндік қүны төмен жоғары өнім алынады.
Шырынды малазықтық жемнің маңызды көзі-малазықтық карбыз. Оның құрамында 1,2 % шикі протеин, 0,1- май, 7,2 -АЭЗ, 2,3 - жасұнық, 0,2 - күл және 88,5 % су болады.
Малазықтық қарбызды сабан, топан (75% қарбыздар, 25% топандар) жэне басқа да масақты дақылдармен аралыстырып сүрлем дайындауға болады. Оның сүрлемін мал сүйсініп жейді де тез қоңданады, өнімділігі артады. Малазықтық қарбыздың тұқым шығымы 2-2,5 % тұқымының майлылығы 50% дейін жетеді.

3.2. Қарбыздың құрылымы

Қарбыз басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары секілді өсіп-даму барысында тамыр, сабақ, жапырақ және гүлден құралады. Гүлден жемісі пайда болады. Қарбыздың әрбір ағзасының өздеріне тиісті атқаратын қызметі бар.
Қарбыздың сорттары мен будандары вегетациялық өсу кезеңінің үзақтығына байланысты (көгін шыққаннан бастап биологиялық піскенге дейін) беске бөлінеді: өте ертелік - (70 күнге дейін), ертелік - (70-80 күн), орташа - (81-90 күн), орташа кештік-(91-100 күн) және кештік-(100 күннен астам). Кейбір өсу кезеңі барысында қысқа мерзімді ылгал жетіспеушіліктің өзі қарбыздың өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді. Мүндай кезендер өте қауіпті деп аталады. Осындай кезеңдерінің бірі тұқымның өну кезеңі. Мүндай кезеңде ылғалдың жетіспеушілігі көгіннің шыгуын кешіктіреді, кей жағдайларда көгін шықпай да қалады. Қарбыздың көгіні шыққаннан соң топырақ ылғалдылығы жеткілікті жағдайда олар жақсы өсіп дамиды және вегетативтік және өнім беретін ағзалары суды көп талап етеді. Гүлдеу кезеңінде ылғал жетіспеушіліктің арқасында гүлі мен түйнектерін тастап жібереді, сондықтан да қарбыздың гүлдеу кезеңі қауіпті деп саналады. Шағылысу процесі бал арасы, құмырсқа, трипс және де басқа жәндіктер арқылы жүзеге асырылады. Екі жынысты гүлдерінің тозаңдары ұрықты болып келеді, сондықтан шағылысу процесі олардың аналығына сол гүлден, сондай-ақ басқа гүлдерден де тозаң келіп түсуі нәтижесінде жүзеге асады.
Тамыры.Қарбыздың тамыр жүйесі өте мықты, күшті дамыған, ол негізгі және өте майда тарамдары көп жанама тамырлардың бірінші және екінші ретінен тұрады. Кейбір жағдайларда жанама тамырлардың үшінші және төртінші реттері де болады. Негізгі тамыр өз кезегінде төмен қарай 1 метр тереңдікке дейін барады. Жанама тамырлар негізінен 20-30 см тереңдікке барады. Қарбыздың жалпы тамыр жүйесінің жан-жаққа қарай таралғаны топырақтың кең көлемін алады, ал олардың барлық қосындысы 60 м-ге дейін жетеді.
Сабағы.Қарбыздың сабағы жақсы дамыған, жайылатын, жан-жаққа таралған домалақ бес қырлы пішінде, ұзындығы 2-4 м болады. Негізгі сабағынан бірінші реттегі жанама, ал олардан өз кезегінде екінші реттегі сабақтар пайда болады. Кей жағдайларда үшінші және төртінші реттегі сабақтар да болады. Сабақтардың тармақталуы моноподиялдық.
Жапырағы. Қарбыздың жапырағы жасыл түсті, бөбе жапырақсыз, сағақтары үзын, үш бөлікке бөлінген, әр қайсысы майда бөліктерге бөлінген. Жас жапырақтары түкті, жұмсақ және нәзік. Жапырақтардың орналасуы кезектелген. Жапырақтың бетінің көлемі (кей жагдайларда бір өсімдікте 300 жапырақтан асады).Жапырақтың қуысында мұртшалары пайда болады.
Гүлі.Қарбыздың гүлі әдетте бөлек жынысты болады. Бір өсімдікте аталық және аналық гүлдер кұралады. Бірақ көптеген сорттарында бір жынысты (гермофродитные) және аталық гүлдер, кейбір сорттарында - аналық, бір жынысты және аталық гүлдер болады. Әдетте аналық гүлдер аталық гүлдерден үлкен болып келеді. Аталығы үлкен, бестемді. Қосжынысты гүлдер аналық гүлдерге ұқсас, бірақ олардың айырмашылығы аналығы да, аталығы да болады. Көбінше қосжынысты гүлдерде аталығының саны едәуір көп болып келеді.
Гүлдер таңертең ашылады және 16 сағат уақыт көлемінде ашылып бітеді. Аталық гүлдерге қарағанда аналық және қосжынысты гүлдер ертерек ашылады. Үрықтанбаған аналық және қосжынысты гүлдер келесі күні де ашық болып тұрады. Қарбыздың гүлдеуі олардың ерте пісетін сорттарына байланысты көгін шыққаннан соң 30-50 күннен кейін гүлдеп вегетация соңына дейін жалғасады. Аналық жэне қосжынысты гүлдер сабақтың бірінші және екінші тәртібінде орналасады. Қарбыздың Сапалы сортының аталық және аналық гүлдер көрсетілген.

3.3.Қарбыздың гүлі

Жемісі.Көптұқымды жидек тәріздес асқабақ, сырт бітімі түрі, түсі әртүрлі және қабыгының қалыңдығы мен құрылымы және түқымы да түрліше.
Көптеген қарбыздың жемісі домалақ, орташа диаметрі 20-25 см, ал орташа салмағы 3-6 кг. Қабығының сырты тегіс, қалыңдығы әртүрлі, олар сорттың ерекшеліктеріне, топыраққа және өсіру әдістеріне байланысты. Қабығы өте жұқа және өте қалың сорттары да кездеседі. Әдетте көптеген сорттардың қабығының қалындыгы 1-1,5 см болады. Жұқа қабықты қарбыздардың қабығы 0,5 см, ал қалың қабықты сорттары 2,5-4,0 см болады. Қалың қабықты қарбыздар тасымалдауға төзімді болып келеді. Қарбыздың сыртқы реңі мен жолақтары әртүрлі болады. Жемісінде жеңіл қорытылатын қант, жүйелі шағын элементтер, ұлпа, дәрумендер және фолий қышқылдары бар
Тұқымы жалпақ, жиекті әртүрлі түсті қара, қоңыр, қызыл, сары және ақ болып келеді. Жасылдау түсті шопақтары сирек кездеседі. Көлемі жағынан олар ірі, орташа және майда болады. Тұқымның абсолюттік салмағы 30-дан 50-граммға дейін болып олардың өңгіштігі 4-5 жылға сақталады.
Қарбыздың өсіп дамуы.Қарбыз еккеннен бастап піскенге дейін төмендегі негізгі кезеңдерден өтеді, олар:
1. Өніп шығу;
2. Шатрик кезеңі;
3. Пәлек жаю;
4. Аналық гүлдердің шанақтауы;
5. Аталық гүлдердің ашылуы;
6. Аналық гүлдердің ашылуы;
7. Түйнектердің пайда болуы;
8. Жемістердің өсуі;
9. Жемістердің пісуі;
Қарбыз асқабақ тұқымдас басқа да өсімдіктер секілді түқы-мының тез өнуі мен өсу процесстердің қарқындылығымен мәлім. Еккеннен соң тиімді температурада (25-35°С) және топырақ ылғалдылығы жеткілікті болған жағдайда тұқымы 3-4 күнде өніп, көгіндері 9-10 күнде жер бетіне шыға бастайды. Көгін шыққаннан соң 5-6 күннен кейін бірінші нағыз жапырақтары, сонан соң қысқартылған түйін ара қашықтығында әрбір 3-4 күн сайын екінші, үшінші, төртінші және бесінші жапырақтары пайда болады. Соннан соң өсімдіктің өсуі бәсеңдеп сырт қарағанда тіп-тіке тұратын, әлі пәлек жаймаған бұта секілді көрініс береді (шатрик кезеңі).
Көгін шыққаннан соң 20-40 күннен кейін сорттардың өсу жағдайына байланысты басты сабақ құралады, соннан соң жанама пәлектер шыға бастайды. Өсу барысында гүлдің құралуы пайда бола бастайды, кейін гүлдейді, сонан соң тозаңданады.
Негізінен Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерде өсірілетін қарбыз сорттарының гүлдеуі көгін шыққаннан соң 40-50 күннен кейін гүлдей бастайды. Бірінші аталық сонан соң аналық гүлдері ашылады. Қарбыздың гүлдері таңертең ерте ашылып түске таман жабылады да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақша шаруашылығында қолданылатын машиналар
Қарбыздың ботаникалық сипаттамасы
Кәдімгі сұр топырақтарда қарбыз өсірудің қарқынды технологиясы
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштер
Аналық гүлдердің шанақтауы
Жылыжайдағы қиярдың аурулары
Қиярдың өсіру технологиясы. Пайдасы және ауру түрлері
Бақша дақылдарының аурулары
Шет елдерде және Қазақстанда қарбыз өсірудің қазіргі жағдайы
Ауыл шаруашылық дақылдардың аурулары
Пәндер