Аналық гүлдердің шанақтауы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты . . . 4

2. Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы . . . 4

3. Студенттің жеке тапсырмасы. Қарбыздың агротехникасы және биологиялық-морфологиялық ерекшеліктері . . . 8

3. 1. Қарбыздың құрылымы . . . 10

3. 2. Қарбыздың биологиялық ерекшелігі . . .

3. 3. Қарбыз дақылының морфологиялық ерекшелігі . . .

3. 4. Қарбыз дақылының сыртқы факторға қойылатын талаптары . . . 12

3. 5. Қарбыздың халық шаруашылығындағы маңызы . . . 17

3. 6. Қарбыздың белгілі тәртіппен суарылуы . . . … . . . 20

3. 7. Қарбыздың тұқымын даярлау технологиясы . . . 19

4. Тіршілік қауіпсізділігі . . . 19

Қорытынды . . . 20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 21

Кіріспе

Елімізде және дүние жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.

Осы орайда облысымызда бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.

Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар аткарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.

Дегенмен, еліміздің Ресей және Белоруссия мемлекеттерімен бірге кедендік одақ құруы облысымыздағы бақша өнімдерін өндіретін шаруа диқандар үшін қолайлы жағдай туғызды. 2010 жылы Онтүстік Қазақстан облысынан Ресейге 70-80 мың тоннаға жуық қарбыз ешқандай кедендік кедергісіз өтіп, диқандар үшін жоғары бағаға сатылды.

Бірақ, өнімдерді нарық талабына сай, жоғарғы сапада өндіріп шығаруда шаруа диқандар бірқатар кедергілерге кез келді. Жергілікті жерге бейімделген, аудандастырылған, сұранысқа ие қарбыз сорттары және оның сапалы тұқымдары болмады. Тұқымдарды шаруа диқандар Өзбекстаннан қымбатқа сатып алды, оның кебісі ойдағыдай өнім бермеді. Қаншама тұқымға жұмсалған қаржы Өзбекстанда қалды.

Республикада жергілікті жердің топырағы мен ауа райына бейімделген қарбыз сорттарын шығаратын және олардың элиталық тұқымдарын дайындап, көбейтумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институты болмағандықтан аталған мәселелер кенже қалып келген. Осының салдарынан шаруалар табылған тұқымды егіп, өнімдерін өткізе алмай, тіпті жұмсалған шығынын қайтара алмай жүргендері де бар.

Осы орайда аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында облысымыздың ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысы бойынша Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 2008 жылдан бастап жоғары өнім беретін қарбыз сорттарын шығару бағытында Өзбекстан мемлекетімен ғылыми байланыс негізінде өз қаражаты есебінен ғылыми жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жоғары өнім беретін қарбыздың «Сапалы» сортын шығарды. Ол сорт 2011 жылдан бастап Мемлекеттік сорттық сынақтан тексерілуден өтуде.

Сонымен қатар шаруалар егетін қарбыз сорттарының тұқымдарын елімізде дайындап қарбыз түқымшылығының сапасын арттыру барысында институтта бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізіліп келеді.

1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2, 8 га, оның ішінде 0, 5 га интенсивтік бағы, 0, 2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т. б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.

2. Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары

Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3, 9°, ал шілде айында 27, 5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.

Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1, 3 тен 1, 8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0, 08 ден 0, 15%, кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1, 5-3, 0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.

Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық, жима тарғақ, еркекшөп, тарлау, шалғынды қоңырбас, шалғындық атқонақ, қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.

Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4, 1%; азот - 0, 216, фосфор -0, 191%, калий 1, 9-2, 1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мг/кг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мг/кг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген.

Тығыз қалдық мөлшері 0, 074-0, 090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.

Жалпы сілтілік (НСО 3 ) - 0, 041-0, 047%.

Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0, 08-0, 11 мг/экв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са 2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1, 09; Ві (25-42 см) -1, 25; В 2 (42-60 см) - 1, 19 г/см 3

Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.

Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.

Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мг/кг), ауыспалы калиймен (514-1036 мг/кг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.

Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.

Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34, 8-41, 3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1, 27-1, 33г/см 3 ) жэне кеуектілігімен (48, 3-52, 1%) ерекшеленеді.

Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды - сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты, см
Жалпы, %
Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта
қара шірік
Азот
фосфор
N
ИОз
Р 2 О 5
К 2 О
Топырақ қабаты, см:
Топырақ қабаты, см: 0-15
Жалпы, %: 1, 86
Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта: 0, 258
0, 211
137
25
22
950
Топырақ қабаты, см: 20-30
Жалпы, %: 0, 91
Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта: 0, 248
0, 205
109
36
13
840
Топырақ қабаты, см: 35-45
Жалпы, %: 082
Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта: 0, 214
0, 158
78
'58
13
640
Топырақ қабаты, см: 65-75
Жалпы, %: 056
Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта: 0 117
0 135
63
26
15
350
Топырақ қабаты, см: 90-121
Жалпы, %: 025
Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта: 0, 106
0, 144
64
23
12
160
Топырақ қабаты, см: 121-150
Жалпы, %: -
Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта: 0, 056
0, 144
53
12
7
160
Топырақ қабаты, см: 160-170
Жалпы, %: -
Қозғалғыш формалар, мг/кг топырақта: 0, 042
0, 114
44
6
10
190

Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т. б.

Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.

2 кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабаттың орташа тығыздылығы - 1, 37 г/см 3 құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің жэне агрегаттар құрылымының орналасуына байла-нысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1, 27-1, 33 г/см 3 аралығында ауытқиды.

Кесте 2

Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері

Горизонт-тар (қабат см)

Көлемдік салмақ,

г/см 3

Жалпы кеуектілік, %
Топырақтың агрегаттық құрамы
Горизонт-тар (қабат см):
Көлемдік салмақ,г/см3:
Жалпы кеуектілік, %:
Топырақтың агрегаттық құрамы: 10-0, 25 мм агрегат-тар (%)
Құрылы коэффи-циенті
Суға төзімді агрегттар жиынтығы, %
Горизонт-тар (қабат см): 0-10
Көлемдік салмақ,г/см3: 1, 27
Жалпы кеуектілік, %: 51, 2
Топырақтың агрегаттық құрамы: 76, 7
3, 3
34, 1
Горизонт-тар (қабат см): 10-20
Көлемдік салмақ,г/см3: 1, 33
Жалпы кеуектілік, %: 48, 8
Топырақтың агрегаттық құрамы: 73, 4
2, 8
30, 8
Горизонт-тар (қабат см): 20-30
Көлемдік салмақ,г/см3: 1, 40
Жалпы кеуектілік, %: 46, 1
Топырақтың агрегаттық құрамы: 68, 3
2, 2
29, 5
Горизонт-тар (қабат см): 30-40
Көлемдік салмақ,г/см3: 1, 48
Жалпы кеуектілік, %: 44, 6
Топырақтың агрегаттық құрамы: 62, 8
1, 6
29, 3
Горизонт-тар (қабат см): 0-40
Көлемдік салмақ,г/см3: 1, 37
Жалпы кеуектілік, %: 47, 3
Топырақтың агрегаттық құрамы: 70, 3
2, 6
30, 9

Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41, 8 - 50, 0% құрайды.

Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды.

Жалпы топырақтағы 0, 25-10, 0 мм мөлшердегі агрегаттар 60, 5-79, 7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.

3. Студенттің жеке тапсырмасы. Қарбыздың агротехникасы және биологиялық-морфологиялық ерекшеліктері

3. 1 Қарбыздың құрылымы

Қарбыз басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары секілді өсіп-даму барысында тамыр, сабақ, жапырақ және гүлден құралады. Гүлден жемісі пайда болады. Қарбыздың әрбір ағзасының өздеріне тиісті атқаратын қызметі бар.

Қарбыздың сорттары мен будандары вегетациялық өсу кезеңінің үзақтығына байланысты (көгін шыққаннан бастап биологиялық піскенге дейін) беске бөлінеді: өте ертелік - (70 күнге дейін), ертелік - (70-80 күн), орташа - (81-90 күн), орташа кештік-(91-100 күн) және кештік-(100 күннен астам) . Кейбір өсу кезеңі барысында қысқа мерзімді ылгал жетіспеушіліктің өзі қарбыздың өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді. Мүндай кезендер өте қауіпті деп аталады. Осындай кезеңдерінің бірі тұқымның өну кезеңі. Мүндай кезеңде ылғалдың жетіспеушілігі көгіннің шыгуын кешіктіреді, кей жағдайларда көгін шықпай да қалады. Қарбыздың көгіні шыққаннан соң топырақ ылғалдылығы жеткілікті жағдайда олар жақсы өсіп дамиды және вегетативтік және өнім беретін ағзалары суды көп талап етеді. Гүлдеу кезеңінде ылғал жетіспеушіліктің арқасында гүлі мен түйнектерін тастап жібереді, сондықтан да қарбыздың гүлдеу кезеңі қауіпті деп саналады. Шағылысу процесі бал арасы, құмырсқа, трипс және де басқа жәндіктер арқылы жүзеге асырылады. Екі жынысты гүлдерінің тозаңдары ұрықты болып келеді, сондықтан шағылысу процесі олардың аналығына сол гүлден, сондай-ақ басқа гүлдерден де тозаң келіп түсуі нәтижесінде жүзеге асады.

Тамыры. Қарбыздың тамыр жүйесі өте мықты, күшті дамыған, ол негізгі және өте майда тарамдары көп жанама тамырлардың бірінші және екінші ретінен тұрады. Кейбір жағдайларда жанама тамырлардың үшінші және төртінші реттері де болады. Негізгі тамыр өз кезегінде төмен қарай 1 метр тереңдікке дейін барады. Жанама тамырлар негізінен 20-30 см тереңдікке барады. Қарбыздың жалпы тамыр жүйесінің жан-жаққа қарай таралғаны топырақтың кең көлемін алады, ал олардың барлық қосындысы 60 м-ге дейін жетеді.

Сабағы. Қарбыздың сабағы жақсы дамыған, жайылатын, жан-жаққа таралған домалақ бес қырлы пішінде, ұзындығы 2-4 м болады. Негізгі сабағынан бірінші реттегі жанама, ал олардан өз кезегінде екінші реттегі сабақтар пайда болады. Кей жағдайларда үшінші және төртінші реттегі сабақтар да болады. Сабақтардың тармақталуы моноподиялдық.

Жапырағы. Қарбыздың жапырағы жасыл түсті, бөбе жапырақсыз, сағақтары үзын, үш бөлікке бөлінген, әр қайсысы майда бөліктерге бөлінген. Жас жапырақтары түкті, жұмсақ және нәзік. Жапырақтардың орналасуы кезектелген. Жапырақтың бетінің көлемі (кей жагдайларда бір өсімдікте 300 жапырақтан асады) . Жапырақтың қуысында мұртшалары пайда болады.

Гүлі. Қарбыздың гүлі әдетте бөлек жынысты болады. Бір өсімдікте аталық және аналық гүлдер кұралады. Бірақ көптеген сорттарында бір жынысты (гермофродитные) және аталық гүлдер, кейбір сорттарында - аналық, бір жынысты және аталық гүлдер болады. Әдетте аналық гүлдер аталық гүлдерден үлкен болып келеді. Аталығы үлкен, бестемді. Қосжынысты гүлдер аналық гүлдерге ұқсас, бірақ олардың айырмашылығы аналығы да, аталығы да болады. Көбінше қосжынысты гүлдерде аталығының саны едәуір көп болып келеді.

Гүлдер таңертең ашылады және 16 сағат уақыт көлемінде ашылып бітеді. Аталық гүлдерге қарағанда аналық және қосжынысты гүлдер ертерек ашылады. Үрықтанбаған аналық және қосжынысты гүлдер келесі күні де ашық болып тұрады. Қарбыздың гүлдеуі олардың ерте пісетін сорттарына байланысты көгін шыққаннан соң 30-50 күннен кейін гүлдеп вегетация соңына дейін жалғасады. Аналық жэне қосжынысты гүлдер сабақтың бірінші және екінші тәртібінде орналасады. Қарбыздың «Сапалы» сортының аталық және аналық гүлдер көрсетілген.

Жемісі. Көптұқымды жидек тәріздес асқабақ, сырт бітімі түрі, түсі әртүрлі және қабыгының қалыңдығы мен құрылымы және түқымы да түрліше.

Көптеген қарбыздың жемісі домалақ, орташа диаметрі 20-25 см, ал орташа салмағы 3-6 кг. Қабығының сырты тегіс, қалыңдығы әртүрлі, олар сорттың ерекшеліктеріне, топыраққа және өсіру әдістеріне байланысты. Қабығы өте жұқа және өте қалың сорттары да кездеседі. Әдетте көптеген сорттардың қабығының қалындыгы 1-1, 5 см болады. Жұқа қабықты қарбыздардың қабығы 0, 5 см, ал қалың қабықты сорттары 2, 5-4, 0 см болады. Қалың қабықты қарбыздар тасымалдауға төзімді болып келеді. Қарбыздың сыртқы реңі мен жолақтары әртүрлі болады. Жемісінде жеңіл қорытылатын қант, жүйелі шағын элементтер, ұлпа, дәрумендер және фолий қышқылдары бар (3 сурет) .

Тұқымы жалпақ, жиекті әртүрлі түсті қара, қоңыр, қызыл, сары және ақ болып келеді. Жасылдау түсті шопақтары сирек кездеседі. Көлемі жағынан олар ірі, орташа және майда болады. Тұқымның абсолюттік салмағы 30-дан 50-граммға дейін болып олардың өңгіштігі 4-5 жылға сақталады.

Қарбыздың өсіп дамуы. Қарбыз еккеннен бастап піскенге дейін төмендегі негізгі кезеңдерден өтеді, олар:

Өніп шығу;

Шатрик кезеңі;

Пәлек жаю;

Аналық гүлдердің шанақтауы;

Аталық гүлдердің ашылуы;

Аналық гүлдердің ашылуы;

Түйнектердің пайда болуы;

Жемістердің өсуі;

Жемістердің пісуі;

Қарбыз асқабақ тұқымдас басқа да өсімдіктер секілді түқы-мының тез өнуі мен өсу процесстердің қарқындылығымен мәлім. Еккеннен соң тиімді температурада (25-35°С) және топырақ ылғалдылығы жеткілікті болған жағдайда тұқымы 3-4 күнде өніп, көгіндері 9-10 күнде жер бетіне шыға бастайды. Көгін шыққаннан соң 5-6 күннен кейін бірінші нағыз жапырақтары, сонан соң қысқартылған түйін ара қашықтығында әрбір 3-4 күн сайын екінші, үшінші, төртінші және бесінші жапырақтары пайда болады. Соннан соң өсімдіктің өсуі бәсеңдеп сырт қарағанда тіп-тіке тұратын, әлі пәлек жаймаған бұта секілді көрініс береді (шатрик кезеңі) .

Көгін шыққаннан соң 20-40 күннен кейін сорттардың өсу жағдайына байланысты басты сабақ құралады, соннан соң жанама пәлектер шыға бастайды. Өсу барысында гүлдің құралуы пайда бола бастайды, кейін гүлдейді, сонан соң тозаңданады.

Негізінен Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерде өсірілетін қарбыз сорттарының гүлдеуі көгін шыққаннан соң 40-50 күннен кейін гүлдей бастайды. Бірінші аталық сонан соң аналық гүлдері ашылады. Қарбыздың гүлдері таңертең ерте ашылып түске таман жабылады да, кешке қарай сола бастайды. Жәндіктер арқылы тозанданады да, жемістің құралуы мен өсіп дамуы басталады. Тозанданғаннан бастап жемістің піскеніне дейін 35-50 күн өтеді, ал көгін шыққаннан қарбыздың піскеніне дейін 60-120 күн.

3. 2. Қарбыздың биологиялық ерекшеліктері.

Негізгі отаны - Африка және Үндістан мен Мысыр. Біздің елге X ғасырда келген. Қарбыздың жемісі диеталы тағам. Дәрігерлікте өте бағалы болып саналады. Бүйрек, өт, асқазан ауруларына шипасы зор. Оның құрамында 8% қант, 14% құрғақ зат, 1, 5% жасұнық, 2% пек-

тин, А, В, С витаминдері бар. Алма, янтарь, лимондық органикалық қышқылдарға бай. Жемісінде кальций, магний, натрий, мыс, темір бар. Жемісінен бал, варенье, повидло, цукат, мармелад, пастила жасайды. Тұқымынан 50% жоғары сапалы май алады. Қарбыз асқабақ тұқымдастарына жатады. Жерге жайылып, еркін өсіп дамитын өсімдік. Сабақтары жіңішке 1-3-4 аралығында қосалқы жанама сабақтарын түзіп, ұзьндығы 5 м-ге дейін жетеді. Әрине, жемістерін ең басты сабағында түзеді. Гүлдері бес күлтешелі, бір үйлі өсімдік, бір өсімдігінде аналық, аталық гүлдері бірге орналасады. Аталық гүлі бір күн өмір сүреді, аналық гүлі өсіп дамып, жеміс түзеді. Қарбыздың жемістері қызыл түсті болып келеді. Қарбыз жылусүйгіш өсімдік, өсіп дамуы үшін 25-35° С температура қажет.

3. 3. Морфологиялық ерекшеліктері.

Оның елімізде өсірілетін барлық сорттары екі ботаникалық түрге жатады: кәдімгі немесе асханалық - C. Aedulis Pang және малазықтық немесе цукатты - C. Coiocyntoicles Pang. Өсімдік сабағы - түкті, жатаған; бірнеше реттік желілерге тармақ-талған, ұзындығы 1-4 м жетеді. Желілері мұртша-лармен және көбіне буынаралықтарында пайда болатын қосымша тамыр-лары арқылы жерге бекиді. Тамыры - кіндікті, тармақталған, топыраққа тереңге бойлайды.

Жапырақтары - кезекті, ұзынша - домалақ, жіңішке немесе жалпақ бөлікті, терең жырықты. Қарбыз - бірүйлі, аталық және аналық гүлдері бір өсімдікте болады. Гүлдері - жеке, даражынысты және қосжы-нысты (гермофродитті) . Гүл күлтесі ашық-сары және сары-қызыл түсті, бесжелекті, түйіні төменде орналасады. Жемісі - тұқымды жалған жидек. Сортына байланысты жемістері көлемі мен қабығының, жұмсағы және дәнінің түсіне қарай әртүрлі болып келеді. Асханалық қарбыз жемісінің жұмсағы шырынды және тәтті. Оның түсі ашық қызылдан алқызылға дейін. Тұқымының шетінде кіндікшесі бар. 1000 тұқымының массасы 80-150 г. Жемістері - әртүрлі пішінді, бірақ көбінесе шартәрізді және қабығы түрлі-түсті. Асханалық қарбыздың өнімі гектарына 200-300 ц және одан да жоғары.

Малазықтық қарбыз жемісінің жұмсағы - ақ немесе жасылдау түсті, тығыз, қатты және тәтті емес. Жемістерінің пішіні ұзынша, жұмыртқа тәрізді және тағы басқа да пішінді болып келуі мүмкін. Тұқымында кіндікше болмайды, 1000 тұқымының массасы 100-200 г. Орташа өнімі гектарына 300-500ц.

Құрғақ тұқым сепкеннен, қолайлы жағдайларда 5-10 күннен кейін тұқым жарнақты жапырақ түріндегі көктері пайда болады. Бірінші нағыз жапыраққа дейінгі оның ұзақтығы 10-15 күн. Сонан кейін 5-8 күн өткесін екінші нағыз жапырақтары пайда бола бастайды.

Қарбыздың көктері шыққаннан 5-6 нағыз жапырақтары қалыптасқанға дейінгі кезеңі баяу өтеді, себебі бұл кезде өсімдіктің тамыр жүйесі қарқынды түзіледі. Сонан кейін барып жерүсті массасы қарқынды өсіп жетіле бастайды, 12-15 нағыз жапырақ пайда болған кезде, оның генеративтік мүшелері - аталық гүлдері, ал көктеуден 1-1, 5 ай өткен соң аналық гүлдері түзіліп, гүлдей бастайды. Гүлдері таңертең ерте ашылады.

Қарбыз өсімдігінің жақсы тозаңдануы таңертең, тынық желсіз жылы күнде өтеді. Бірінші түзілген түйіндер, әдетте толық жетілмей, көбіне түсіп қалады. Келесілері өнімдірек болып келеді. Өнім мөлшері мен сапасын арттыруда қолдан ұрықтандырудың маңызы зор. Ол үшін егіске жақын жерге омарта орналастырады. Бір өсімдікте жемістің мөлшері мен пісу мерзіміне қарай орта есеппен 1-ден 5 жеміске дейін пісіп жетіледі. Ерте пісетін сорттар мөлшері шамалы болып келетін көп жеміс берсе, кеш пісетіндер - аз жеміс береді, бірақ олардың көлемі өте ірі қалыптасады. Қарбыз жемістерінің өсуі күндіз түні жалғаса береді. Өте қарқынды өсуі- пісу кезеңі басталар алдында байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарбыз дақылын суару
Кәдімгі сұр топырақтарда қарбыз өсірудің қарқынды технологиясы
Асқабақ өсіру
Қайыңдар тұқымдасы
Гүлдің құрылысы
Қайыңдар тұқымдасы (Betulaceae)
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Гүлді өсімдіктер
Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae)
Өсімдіктердің айналадағы ортамен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz