Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
АГРОНОМИЯ
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 4
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3.Студенттің жеке тапсырмасы:Қант қызылшасының өсіп даму ерекшелігі. Оның морфологиялық және ботаникалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
3.1.Қант қызылшасының морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.2.Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері. Сорттары ... ... ... ... ... ...9
3.3Тұқымдық қызылша өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.4.Тұқымдық қант қызылшасын қайта отырғызбай өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ...13
3.5.Қант қызылшасы егістігін күтіп-баптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
4.Тіршілік қауіпсізділігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Кіріспе
Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыр жемістерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұның өзі мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы - оны сортаңдау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар жиынтығы (комплексі) жасалды.
Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік. Агротехника дәрежесінің төмендегенін бұл дақылдан өзіндік құны жоғары және өнімі аз алынып жүр.
Қант қызылшасы ала бұталар тұқымдасына жататын Beta туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде тараған.
Қызылша - екі жылдық шөптесін өсімдік. Бірінші жылы себілген тұқымынан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Қолайлы жағдайларда тұқым себілгеннен 7 - 10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8 - 10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі. Егін көгі шықаннан бірінші қос жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңді Қосқұлақ кезеңі деп атайды.
Жақсы дамыған Қосқұлақ кезеңінде және алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде қатардағы қызылшаны сиретеді. Бұл кезеңдегі өсімдік жиілігі жапырақтар мен сағақтардың ұзаруына және қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өнім төмендейді. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос - қостан, ал соңынан бір - бірден пайда болады. Өсіп - даму кезеңінде өсімдіктерді 50 - 70 тіпті 90 - 100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25 - тен 70 күнге дейін созылады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімді дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0 - 1,2 м - ге дейін жан - жағына тарайды.

1.Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2,8 га,оның ішінде 0,5 га интенсивтік бағы, 0,2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т.б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары
Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3,9°, ал шілде айында 27,5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1,3 тен 1,8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0,08 ден 0,15% , кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1,5-3,0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс қүрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы және күздік
жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6,8 цга. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыкка пайдаланады, орташа өнімділігі 15 цга.
Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4,1%; азот - 0,216, фосфор -0,191%, калий 1,9-2,1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мгкг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мгкг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (1 кесте).
Тығыз қалдық мөлшері 0,074-0,090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.
Жалпы сілтілік (НСО3) - 0,041-0,047%.
Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0,08-0,11 мгэкв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1,09; Ві (25-42 см) -1,25; В2 (42-60 см) - 1,19 гсм3
Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мгкг), ауыспалы калиймен (514-1036 мгкг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34,8-41,3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1,27-1,33гсм[3]) және кеуектілігімен (48,3-52,1%) ерекшеленеді.

Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды -- сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты, см
Жалпы, %
Қозғалғыш формалар, мгкг топырақта

қара шірік
Азот
фосфор
N
ИОз
Р2О5
К2О

0-15
1,86
0,258
0,211
137
25
22
950
20-30
0,91
0,248
0,205
109
36
13
840
35-45
082
0,214
0,158
78
'58
13
640
65-75
056
0 117
0 135
63
26
15
350
90-121
025
0,106
0,144
64
23
12
160
121-150
-
0,056
0,144
53
12
7
160
160-170
-
0,042
0,114
44
6
10
190

Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т.б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.
2 кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабаттың орташа тығыздылығы - 1,37 гсм3 құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің жэне агрегаттар құрылымының орналасуына байла-нысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1,27-1,33 гсм3 аралығында ауытқиды.
Кесте 2
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері

Горизонт-тар (қабат см)
Көлемдік салмақ,
гсм[3]
Жалпы кеуектілік, %
Топырақтың агрегаттық құрамы

10-0,25 мм агрегат-тар (%)
Құрылы коэффи-циенті
Суға төзімді агрегттар жиынтығы, %
0-10
1,27
51,2
76,7
3,3
34,1
10-20
1,33
48,8
73,4
2,8
30,8
20-30
1,40
46,1
68,3
2,2
29,5
30-40
1,48
44,6
62,8
1,6
29,3
0-40
1,37
47,3
70,3
2,6
30,9
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41,8 - 50,0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25-10,0 мм мөлшердегі агрегаттар 60,5-79,7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы

3. Студенттің жеке тапсырмасы:Қант қызылшасының өсіп даму ерекшелігі. Оның морфологиялық және ботаникалық сипаттамасы Қант қызылшасының өсіп даму ерекшелігі.Оның морфологиялық және ботаникалық сипаттамасы.

3.1.Қант қызылшасының морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары.

Қант қызылшасы (Beta vulgaris L. V. Saccharifera) - Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) қызылша туысының (Beta L.) малазықтық (v. Crassa), жапырақты (v. Cicla) және асханалық (v. Escultnta) түр тармақтары кіретін түрдің - екіжылдық өсімдігі. Мәдени екіжылдық қызылша б.э.д. 2000-1500 жылдардан әрі Алғы Азияда өсіре бастаған жабайы біржылдықтан (Beta vulgaris) шықты. Өсірілетін өсімдіктердің ішінде қант қызылшасының шығу тегі салаыстырмалы беріректе болуымен ерекшеленеді және ол толығымен адамның араласуымен жасалынған жалғыз ауыл шаруашылығы дақылы. Қант қызылшасының бірінші жылы жертаған жапырақтары мен тамыржемістері, екінші жылы - гүл түзіп, тұқым беретін өркендері өсіп жетіледі .
Қант қызылшасының ұзын жіңішке тамыршалары бар олар жан жағына 40-50 см тарайды, ал негізгі кіндік тамыры 2-2,5 м топырақ тереңдігіне дейін енуге қабілетті. Оның орталық тамыры өсіп, толысып тамыржеміске айналады. Жетілген өсімдігінің тамыржеміс массасы 500-800 г және одан да жоғары болады.
Тамыржемісінің пішіні - конус тәрізді, құрылысы: басы, мойны және нағыз тамырдан тұрады. Басы - тамыржемістің үстіңгі бөлігі, түрі өзгерген сабақ, онда жапырақтар орналасады. Басында тамыржемістің басқа бөлігіне қарағанда қанттың мөлшері аз. Мойын-тамыржемістің басы мен нағыз тамырдың арасында орналасады. Онда жапырақтар мен тамыршалар болмайды. Тамырдың өзі - тамыржемістің төменгі конус тәрізді бөлігі. Тамырдың ұзына бойындағы жырықшаларынан көп жанама тамыршалар тарайды. Қанттың көп мөлшері (19-20%) тамыр жемістің ортаңғы бөлігінде болады.
Пісіп-жетілген тамыржемісте шамамен - 75% су, 25% құрғақ заттар (сорты мен өсіп-жетілу жағдайына қарай 16-24% қант) болады. Қанттылығына жоғары агротехника көп әсер етеді.
Қант қызылшасының жапырақтары ірі, бүтін, жүрек тәрізді, сағақты. Пішіндері жасына қарай өзгереді: жас жапырақтарының сағақтары қысқа және тақтасы дөңгелек, ал үлкейгендерінің сағақтары ұзарады да жүрек тәрізденеді. Жапырақ тақтасының толқынды, ойықты немесе тегіс болуы сорттық белгі мен өсіру жағдайына байланысты. Жеке жапырақтың ұзындығы 50-70 см дейін. Бірінші жылы өсімдік 60-қа таяу жапырақтар түзеді.
Қант қызылшасы тұқымды тіршілігінің екінші жылы - қыста сақталған тамыржемісті көктемде топыраққа отырғызғанда гүлді өркендер пайда болғаннан кейін барып береді.
Гүлдері - қосжынысты, гүлсеріктері жасылдау. Гүлденуі 20-40 күнге созылады. Қант қызылшасы айқас тозаңданады. Тозаңдануы жел мен насекомдар арқылы жүреді.
Жемісі - жаңғақша. Көп тұқымды қант қызылшасының жемістері 2-5 тұқыммен тізбектеліп шоғырланған. 1000 тұқымның массасы 20-дан 50г дейін. Біртұқымды қант қызылшасының жемістері бір жаңғақшадан тұрады, сондықтан механикалық себуге ыңғайлы.
Тұқымның сыртында бурыл жылтыр қабықша болады. Тұқымның ұрығы перисперманың (қоректік заттар орналасқан жер) айнала сақина тәрізді қоршап тұрады, ол екі тұқым жарнағынан, орталарында орналасқан бүйрекшеден және ұрық тамыршаларынан тұрады.

3.2.Қант қызылшасының биологиялық ерекшеліктері. Сорттары.

Қант қызылшасы басқадай мәдени тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік.
Қант қызылшасының бірінші жылындағы вегетациялық кезең ұзақтығы 150-170, ал екінші жылы - 100-130 күн. Алғашқы 50-60 күнде негізінен жапырақ өседі, келесі 50-60 күнде - тамыр, ал соңғы 50-60 күнде тамыржемісіне қанттар жиналады.
Қант қызылшасының тұқымы 3-4°C өніп шыға бастайды. Тұқымның бөртуі үшін құрғақ тұқым массасымен салыстырғанда 130-150% ылғал қажет.
Қант қызылшасы тұқым жарнағын топырақтың бетіне шығаратындықтан, тұқым себер алдында топырақты өңдеулер мұқият жүргізіліп, өсімдік көгінің уақытында пайда болуына кедергі келтіретін топырақ қабыршақтары жойылу керек.
Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жемісі тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойнынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады. Ол сопақша пішінді қысқа болады да топырақ бетінен шығыңқы орналасқан. Қант қызылшасының сорттарында тамыр жемісі негізінен ұзынша пішінді және топыраққа сіңіре орналасқан тамырдан дамып шығады. Тамыр жемістердің пішінінің шаруашылық маңызы бар. Топырақ бетіне шығыңқы орналасқан дөңгелек пішінді тамыр жемісті жинау оңай және азықтандыруға дайындау жеңіл. Егіс көлемі шамалы аудандарда бұл сорттардың практикалық маңызы зор, ал оларды картоп жинайтын машиналарды бейімдеп жинайды.
Қызылшаның гүлдері қос жынысты, жел мен насекомдардың әсеріменайқас тозаңданады. Жеміс - жаңғақша, пісерде бірнешеуі қабысып жеміс шоғырына айналады (2 - 6 жаңғақшадан тұрады). 1000 жеміс шоғырынан массасы 20 - 50 г. Бір жеміс шоғырынан алты өсімдікке дейін өніп шығады.
Қызылша - екі жылдық өсімдік. Тұқымы - 4 - 5° жылылықта өне бастайды. Алайда қаулап көктеуі (3 - 4 күнде) + 20° температурада болады.
Егін көгі Қосқұлақ кезеңінде бозқұрауға сезімтал және 3 - 4° аязға төтеп бере алмай өліп қалады. Алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде 8° - қа дейінгі аязды көтереді. Күзде өсімдіктер 5° аязға, қазылып алынған тамыр жемістер 2° бозқырауға шыдайды. Өсіп - дамуға қолайлы температура +15 - 23°. Ылғал сүйгіш дақыл, транспирация коэффиценті 240 - 400, ал қызылшаның жоғары өнімін өсіп - даму кезеңінде 300 мм жауын - шашын түскенде алуға болады. Ылғалға барынша көп қажетсінуі қарқынды өскен кезде - шілде - тамыз айларында. Солтүстік Қазақстан жағдайында осы айларда мол ылғал түскенде жоғары қызылша өнімі жиналды, көптеген аудандарда жоғары және тұрақты өнім суармалы жағдайларда ғана алынады.
Қызылша - тұзға төзімді өсімдіктердің бірі, реакциясы PH-7 - 8 шамасындағы топырақтарда жақсы өседі. Қант қызылшасының сорттары мал азықтық қызылшаға қарағанда тұзға төзімдірек.
Борпылдақ жеңіл және орташа саздық, құмдық, қуатты жырту қабаты бар құнарлы қара және қоңыр топырақтарда қызылшаның мол өнімін жинауға болады. Құнарлылығы төмен топырақтарда оны органикалық тыңайтқыштардың жоғары нормасын (50 - 100 тга) енгізгенде ғана алады

Тұқым жарнағының топырақ бетіне шығуы мен оның жасылдануы қосқұлақтану кезеңі деп аталады. Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күн өткеннен кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі қарай әр 2-3 күннен кейін үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, сонан соң дара жапырақтар шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп жапырақтар түзіледі.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Қант қызылшасы тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болады.
Қант қызылшасы ұзақ күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен қарқыны қызылшаның өсіп-жетілуіне, сондай-ақ қант, көмірсулар түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулардың синтезделу үрдісі жақсы өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант қызылшасының өнімі мен қанттылығы күрт төмендейді.
Дақылдың жылуға талабы орташа. Вегетациялық кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы - 2400°C. Өсіп-жетілуіне оңтайлы температура - 20-22 °C.
Қосқұлақтану кезеңіндегі өскіндер - 3-4°C үсікті көтермейді, бірақ екі нағыз жапырақты кезеңде - 6-7°C үсікке шыдамды.
Қант қызылшасы ылғалды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 240-400 аралығында болғанмен, құралатын органикалық массасының жалпы мөлшері көп болғандықтан, жоғары өнім алу үшін топырақта ылғал жеткілікті болу керек. Өсімдіктің ылғалды көп қажет етуі жапырақтар мен тамырларының қарқынды өсу кезеңінде болады. Сонымен қатар, қант қызылшасы өзінің мықты тамыр жүйесінің арқасында топырақтың терең қабатынан өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа да төзімді өсімдікке жатады.
Қант қызылшасы жоғары өнімді жақсы жарық пен ылғал мол жағдайларда береді.
Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыр жемістерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұның өзі мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы - оны сортаңдау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар жиынтығы (комплексі) жасалды.
Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік. Агротехника дәрежесінің төмендегенін бұл дақылдан өзіндік құны жоғары және өнімі аз алынып жүр.
Қант қызылшасы ала бұталар тұқымдасына жататын Beta туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде тараған.
Қызылша - екі жылдық шөптесін өсімдік. Бірінші жылы себілген тұқымынан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасы жапырақтарының даму кезеңдері
Қызылшақант өндірісінде қалдықтарды қолдану
Қант қызылшасы
Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
Қызылшаның тамыр жүйесі
Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік
Қант қызылшасының маңыздылығы
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы жайлы
Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік
Алматы облысы қарасай ауданының топырақ климаттық жағдайы
Пәндер