Психикалық әрекетті зерттеу әдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ми жəне психика»Орындаған:Жолдасова Аида
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған: Калходжаева Ардақ
Шымкент 2017
Ми жəне психика.
Психика - ми қасиеті. Организмнің психикалық әрекеті көптеген дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді. Олардың бірі әсерлерді қабылдайды, екіншілері оларды сигналға айналдырып, іс - әрекетті жоспарлап, қадағалап отырады, ал үшіншілері - бұлшық етттерді әрекетке келтіреді. Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, қоршаған ортада адамның жол тауып жүруінің белсенді құралы болмақ.
Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді. Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғарту үшін алдымен оларды белгілі бір топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуатының топтастырылуы дейді. Бұл топтастыру бойынша психика бір - бірімен байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншісі психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталады.
Психикалық кейіп - адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыжу, белсенділік т. б. ) тұрақты компоненттері. Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатың ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшіліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті қабілеті мен бүксе танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық процестер - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида түрліше бейнеленуі.
Психикалық әрекетті зерттеу әдістері: Физиологиялық Кибернетикалық Социологиялық Электрофизиологиялық Психологиялық Бақылау Тәжірибе Психологиялық сынамалар Ауызша жауап
Сана- адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғарғы, жаңа сатысына дерек береді. Сана психиканы біріктіруші ең жоғарғы өмір әрекет формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.
Сана - қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады (А. В. Петровский) : Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял. Санада субьекті мен обьектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады.
Жалғыз адам - ақ тіршілікиелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұрауға қабілетті. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштасып, іс - әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын - ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп - салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс - әрекетінің орындалу жолын айқындау т. б Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады.
Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі обьектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
Өзіндік сана (И. С. Кон бойынша) : «Әрбір дара адамның өзін - өзі іс - әрекет субьект ретінде тануға жәрдем ететін психикалық процестердің жиынтығы - өзіндік сана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өз ұғымдары белгілі бір “Мен” бейнесін құрайды. »
Шала сана (подсознанаие) - санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шала сананың 3 деңгейі бар: Адам өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер.
Адам рухының жоғарғы сергектігінде жетілітін көркемдік, ғылыми, және басқа сезімталдық психикалық процестерден көрініс табады.
Асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция, сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану, болжам, жорамал, аңғару қасиеттерін қалыптастыратын механизмнен тұрады. Асқан сана негізі - жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға себепкер болуы. Көп жылдар бойы сана үлкен ми сыңарлары қыртысы, ал шаласана орталық жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арқылы атқарылады деген пікір болды. Алайда олар мидың барлық құрылымдарының бірлестірген іс - әрекеті. Сана мен шаласана тудыратын нейрофизиологиялық құбылыстардың арасында жылжымалы (динамикалы) тепе - теңдік болады.
Тіл - адамдардың қатынас құралы ретінде қалыптасады.
Тіл сананың материалдық көрінісі. Тілсіз сана жоқ, санасыз адам жоқ. Тілдесу процесіндегі үш бағыт: Коммуникативті (ақпарат алмасу ) Интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу) Перцепивті (адамның бірін - бірі қабылдап, түсінуі) Сөз - бейнелеудің екінші сигналдық формасы. Нәрселерді сөзбен белгілеудің акустикалық, кинестезиялық және оптикалық түрлері кездеседі.
Тілдің акустикалық формасы дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап түйсінуге көмектеседі. Яғни байланыстырушы әрекет етеді.
Тілдің кинестезиялық түрі дыбыс шығарушы артикуляциялық мүшелердің қимыл - әрекеті арқылы жүзеге асады. Тіпті дыбыс шығармай - ақ ойлаудың өзі олардың бұлшықеттерінің сергуін күшейтеді. Тілдің оптикалық түрі - жеке сөз тітіркендіргіштерін талдау және бірлестіру механизмдерін, сөздің символдық мәнін қамтамасыз етеді.
Сөзді айту талдағышы дыбыс аппараттары мен бұлшықеттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады.
Ол мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан ( Брока орталығы) . Ауырсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған қыртысасты құрылымдар да қатысады деп болжауға болады. Тілді түсіну мидың сөзді есту талдағышы арқылы атқарылады.
Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағының жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы) . Ойлау - адамның жаңа жағдайларға бейімделуі кезінде мақсаттарды жаңаша шешуге арналған ми қыртысының өте күрделі іс- әрекеті. Ойлау арқылы заттардың және құбылыстардың түсінбейтін мазмұны, мағынасы және маңызы танылады. Ойлау процестері негізінен түсінік пен ұғымнан және пікір мен ой тұжырымнан тұрады. Ұғым - зат немесе құбылыстың жалпы, сондай - ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой.
Пікір - ойлау формасы, мұнда не бір нәрсе мақұлданады, не теріске шығады. Ойлаудың түрлері (психология ғылымы негізінен) : Нақтылы немесе көрнекті ойлау. Бірінші сигналдық жүйеге тіреледі, әрі екінші сигналдық жүйені арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқысатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасу мүмкін. Бейнелі ойлау - ойша пайымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады.
Бұл тілмен Тығыз байланысты. Деректі - қисынды ойлау ұғымы, пікір символдық белгілер және басқа да дерексіз категориялар пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді. Ойдың физиологиялық негізін сигналдық жүйелердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын үлкен ми сыңарларының қызметі құрайды. И. П. Павловтың айтуынша, екінші сигналдық жүйенің іс - әрекеті мидың маңдай аймағы мен сөйлеу, есту, және көру талдағыштарының әрекеттерінен тұрады. Оларға ауызша, жазбаша сөздерді түйсініп, жаңа сөйлемдер құруға, айтуға жағдай жасайды.
Осылай танымның бірінші кезеңі екінші кезеңге, қарапайым сезуден күрделі ой процесіне алмасады. Эмоция -адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі - эмоция. Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Эмоция түрлері: Биологиялық эмоция (шөлдеу, ашығу т. б) Жоғарғы эмоция ( рухани, танымдық, әсемдік әрекеттер) Кідірген эмоция (адамның эмоцияны тежеуі) Жағымсыз эмоция Жағымды эмоция Эмоция құбылыстары аффект, нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі.
Аффект - айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және анық білінеді. Сезім кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен махаббат), отанды сүю, өшпенділік т. б ойлау немесе елестету арқылы пайда болады. Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субьективтік сезінісін айтады. Эмоциялық көрініс деп организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді айтады.
Психика - тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың алғашқы ең қарапайым түрі жəндіктерге тəн. Ал психиканың ең жоғары формасы - адамның санасы. Сана - адамның қоамдық тарихи дамуының жемісі. Ол əлеуметтік даму заңына сəйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, əр алуан нəрселерді түйсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Олардың
адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап көруге болмайтын қасиеттері мен белгілері, өзара шартты байланыстары адамның абстрактылы ойлау формалары болып саналатын ұғым, пікір, ой қортындылары арқылы танылып, жанама жолмен бейнеленеді. Соның нəтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болып туындауы жəне өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Жəндіктер мен хайуанаттар тіршілік ететін ортасына қаншалықты бейімделгенімен, оны өзгертіп, қайта жасай алмайды. Ал адам оны өзінің мақсат - мүддесіне сəйкес жоспарлы түрде өзгнртуге шамасы келетінін нақты ісəрекетімен дəлелдейді. Ол - табиғат қожасы. Осы орайда В. И. Ленин “Философиялық дəптерлерінде”: “Адамның санасы объективтік дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды”, дейді. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, қызметін ғылыми тіректерге сүйене отырып баяндап, оның мəнін терең түсінуге болады. Біз тіршілік етіп отырған Жер шары бұдан төрт жарым миллиард жыл бұрын шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым-үш миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дəуірлерге созылған эволюциялық даму нəтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның əсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жəндіктерге тəн күрделі құбылыс - психиканы тудырады.
Психика жəне жануарлар мен адамның бейнелеу ерекшеліктері. Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға əсерленіп, тітіркенуінен пайда болмады. Мұндай жайт психиканың сыртқы орта мен объективтік шындықтың өзара шартты байланыста екенін көрсетеді. Сыртқы нəрселердің адам миына əсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мен сезімдер, тағы басқа да психикалық процесстер пайда болады.
Сонымен, психика дегеніміз - үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың əсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау əрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат - мүдделеріне орай оларға тітіркеніп икемделеді. Осы жайттар психика адамның өзін қоршаған сыртқы ортамен қарымқатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процессі екенін көрсетеді.
Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі жəне сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мəнді физиологиялық құбылыс жəне адам тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық сипаты бар зат емес.
Ол - адамның миында бейнеленетін таңба, əсер. Адам күнделікті іс-əрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат-мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді əрекеттері, еңбектенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.
Адамдар психикасын жануарлар психикасымен салыстырғанда, адам өзі өмір сүрген ортамен тығыз байланыста болып, белгілі заңдылықтар бойынша дамиды, сыртқы жағдайлардың əсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп өз ықпалына бағындырады, сырттан алынатын сан алуан хабарларды бұрыннан қалыптасқан іс-тəжірбиесімен салыстырады.
Ненің пайдалы, ненің зиянды екені ой жүгіртіп, сарапқа салады. Адам психикасының дамуы болмыс пен дүниенің шындығын айна тəрізді бейнелеумен ғана шектелмей, оны ақыл - оймен саналы түрде қорытады. Мұндай əрекет адам психикасының терең сырларын, өзіндік ерекшеліктерін айқындай түседі. Адам психикасының терең сырларын, өзіндік ерекшеліктерін айқындай түседі. Адам психикасының дербестік сипаты сыртқы ортамен қатынаста болып, объективтік дүние мəнмазмұнының субъективтік түрде бейнеленуі үнемі бірлікте болып отыратындығын көрсетеді.
Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі - сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнеленуіне байланысты. Əркімнің өмір тəжірбиесіне, білім дəрежесіне сəйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады. Болмыс пен шындықтың қаншалықты дұрыс бейнелендігі адамның қоғамдық-тарихи тəжірбиесімен салыстырылады.
Мұндай жайт адамның өмір тəжірбиесіне сүйене отырып бейнеленген ұғымдарын, ғылыми мағлұматтарын, мүдделерін шындыққа жанастыруда, олардың ақиқаттығын дəйектеуде елеулі қадам жасайтындығын көрсетеді. Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады.
Бұл - табиғат заңдылығы. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сəйкес материяның ұзақ дəуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады. Материя табиғатын зерттеу əр қилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс - материяның өмір сүру тəсілі, оның негізгі қасиеті.
Материя ішінде де қозғалыс, даму процесстері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл əлем заттары, əлемнің өзі де мəңгілік қозғалыста болып, үнемі өзгеріп, дамып отырады. Барлық материяға - жансыз заттардан бастап ең жоғары дəрежеде дамыған күрделі материя - адам миына да тəн қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі - материяның сыртқы əсерге жауап беруі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz