Дəм түйсіктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Кафедра: Агротехнология

Тақырыбы: Түйсік.

Орындаған:Амалбекова Айдана
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған:Калходжаева Ардақ

Шымкент 2017

Түйсік.
Түйсік туралы түсінік.
Түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге əсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсік дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне əсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік - сыртқы əсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы - осы түйсік.
Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мəліметтердің бəрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді. Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі - диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның нақты пайымдау не тікелей таным процесі деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мүндай таным процестері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей əсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік - тікелей танымдық процесс.
Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процестер - ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды. Түйсік қарапайым психикалық процесс деп аталғанымен, ол - адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процесі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отырады.Сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жануарлар мен адамдарға ортақ.
Алайда, сезімдік бейнелеу түрлері - түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процестер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процестері еңбектену əрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара əрекеті нəтижесінде пайда болып отырады.
Дүниетанудың, жалпы таным процесінің жоғары сатысы - абстрактылы-теориялық ойлау. Ол - тек адамға ғана тəн қасиет. Абстрактылы-теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мəн-мазмұнын еңбектену процесіндегі іс-əрекеттерімен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процесінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тəжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығын көрсетеді.
Түйсіктің түрлері жəне оларды топтастырып жіктеу.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дəм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық, вибрациялық жəне органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс жəне дəм түйсіктерін ажыратқан.

Қазіргі кезде сыртқы жəне ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі.
I. Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор. Зерттеу нəтижелерінің адамға əсері жеті спектрлі түсті жəне соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы Мың рет естігеннен бір рет керген артық деген түсінік осындай тəжірибеден туындаған.
Көз арқылы жарықтың қуатын, түртүсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы іске асады. Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының əсер етуі нəтижесінде пайда болады.
Заттар мен нəрселердің түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, қара жəне барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады.
Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі - көз алмасы.
II. Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын - ауаның толқындары. Ауа толкыны деп ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар əр тарапқа тарайды. Толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі. Біз сол толкындардың жиілігін, амплитудасын (құлашын) жəне формасын ажырата аламыз. Жануарлардың дыбысты сезгіштігі адамнан асып түседі. Мысалы, насекомдар 80 000 герцке жететін ультрадыбыстарды түйсіне алады. Музыкалық аспаптар мен адам даусының өзіндік үнін тембр дейді.
Тембр ауа толқынының шайқалу түріне байланысты. Жеке дыбыстар құлағымызға бір мезгілде қатарынан əсер етсе, ол дыбыстар бір-біріне қосылып кетеді. Мəселен, пианинаның үш клавишасын (до, ми, соль) бірдей бассақ, олар үндесіп, аккордқа айналады. Біз түйсінетін дыбыс үйлесімдері құлаққа жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Дыбыстардың жағымды үйлесімі - консонанс (үйлесімді, жағымды), жағымсызы (үйлесімсіз, жағымсыз) - диссонанс деп аталады.
Есту түйсігі ауа толқынының дабыл жарғағына əсер етуінен басталады.
ІІІ. Иіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялык заттардың əсер етуінен пайда болады. Кілегей қабықта иіскеу клеткаларының орналасқан аймағы 5 см-ден аспайды. Тітіркендіргіштер əсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді.
Сол кезде талдау басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды. Иіс түрлерін жіктеп бөлу ғылымда əлі жете зерттелмеген мəселелер қатарына жатады. Сондықтан иіс түрлерi иіс шығаратын заттардың атымен аталады.
Мысалы, жусан иісі, лимон иісі, алма иісі, бензин иісі т. б. Иіскеу клеткаларына тітіркендіргіш ретінде əсер ететін, қозу тудыратын -- ауада, газ немесе бу түрінде шығып жүрген химиялық заттар. Адам ауаны ішіне тартыныс алғанда, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық элементтер иіскеу клеткаларына келіп ериді. Жануарлар өмірінде иіскеу түйсігінің биологиялық рөлі күшті. Көптеген жануарлар өз қорегін иісі арқылы тауып алып қоректенеді.
Адам өмірінде иіскеу рецепторының рөлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен өмір тəжірибесіне сəйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның, мысалы салтына, қызмет сипатына қарай дамиды. Мəселен, Африкадағы бушмен тайпалары арыстанның, жирафтың, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады. Олар иісті ең жаксы аңшы иттерден артық сезеді. Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен білетін адамдар бар. Сонымен қатар, жылан шаққан малды, етін жеген адамдарды (оқ жыланның) иісінен ажырата білу қазақ халкына да тəн қасиет. Иісті нəзік сезіп, ажырата білу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Олар бөтен адамдарды, түрлі нəрселерді алыстан-ақ иісінен таниды. Адамның дамуында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады.

Мəселен, жаңа туған бала алғашқы жетіде-ақ анасының емшек сүті мен сиыр сүтін иісінен айырады да, емізіктегі сүтті сорғысы келмейді. Жейтін тағамның организмге пайдасы мен зиянын айыру үшін де иіскеу талдағыштарының адам өміріндегі маңызы ерекше.
IV. Дəм түйсіктері. Дəмді айыратын мүше - тіліміздегі дəм бүршіктері. Оны тітіркендіретін - белгілі дəмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дəм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, тандайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері - тіл аймағы. Дəмді тəтті, ащы, тұщы, қышқыл деп ажыратады.
Тілдің түрлі бөліктері дəмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тəтті дəмді тілдің ұшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, тұщыны - тілдің ұшы мен екі шеті түйсінеді. Егер əлдебір нəрсені тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дəмін ажырата алмайды. Өйткені, дəм сезетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік және оның негіздері
Түйсіктер туралы жалпы түсінік
Түйсік
Түйсік түсінігі туралы
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Түйсік пен қабылдау
Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы
Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты
Түйсiктің рефлекторлық табиғаты
Түйсік жайлы
Пәндер