Шынайы дос
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Кафедра: Агротехнология
Тақырыбы: Достық, Жолдастық, Әріптестік
Орындаған:Қаппарбек Динара
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған:Калходжаева Ардақ
Шымкент 2017
Достық, Жолдастық, Әріптестік
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.
Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
"Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,
Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.
Қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі.
Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі - достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық - бірде бар, бірде жоқ. Достық туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің Өмірлік данышпандықтың афоризмдері деген еңбегінде: Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді.
Бұл дегеніміз - досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа - ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы - лаң - ды тең ететін айналаңдағы доста - рың - ның басы бұзылмағаны қандай жақсы. Парсы жазушысы Кабустың әйгілі Қабуснама кітабында былай делінген екен: Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы.
Бір данышпаннан: Дос пен ағайынның қайсысы жақсы? - деп сұрапты. Данышпан Дос жақсы,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады. Және халықта Алтын берген - дос емес, ақыл берген - дос деген мақал бар. Достық - бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл - достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа - ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы - лаң - ды тең ететін айналаңдағы доста - рың - ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Достық - адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: "Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады", "Досы жақсының, өзі де жақсы", "Дүниеде адамның жалғыз қалғаны -- өлгені, қайғының бәрі соның басында". Достыққа қарама-қарсы ұғым -- қастық пен күншілдік.
Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу -- өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Жолдастық - белгілі бір ортақ мүдде, көзқарас және өзара сыйластық, мінез үйлесімділігі, т.б. негізінде қалыптасатын адамдар арасындағы қарым-қатынас түрі. Алайда тек ортақ мүдде мен көзқарастардан жолдастық тумайды. Мүдделестер көздеген мақсаттарына жету үшін уақытша ғана келісімге келген, бірақ іштей, кейде ашық түрде өзара дүрдараз не дұшпандық ниеттегі, не болмаса араларында ортақ мақсат пен мүддеден өзге қарым-қатынас жоқ адамдар ғана болуы мүмкін.
Сондай-ақ, ортақ көзқарас болмаса, тек өзара сыйластық пен үйлесімділік те барлық уақытта бірдей жолдастыққа жеткізе бермейді. Толық мәнді жолдастық ортақ мүдде мен өзара үйлесім бірлігі жағдайында ғана жүзеге асады. Ұзақ уақытқа созылған және терең сыйластық негізінде қалыптасқан жолдастық достыққа ұласады. Жеке тұлғалардың өздері күнделікті араласатын ортасындағы қарым-қатынастарды кейбір жағдайларда жолдастық деп санау бар.
Алайда жолдастықты әріптестік, жұмыстастық, қызметтестіктен ажырата білу қажет. Кеңес өкіметі тұсында мемлекеттік идеологияға сәйкес қоғамдағы таптық белгілерді жою мақсатында "жолдас" сөзі адамдар арасындағы қарым-қатынаста айтылатын қаратпа сөз немесе құрмет белгісі ретінде қолданысқа ие болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жолдастыққа үлкен маңыз беріліп, кейде достықпен қатар қойылған. Адамның адамшылығын жолдастыққа адалдығы мен жолдасынан тану - қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы негізгі ұстанымдардың бірі.
Қазақ халқының "Жақсыны жолдасынан таниды", "Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер", "Жолдасы жаманды жау алады", т.б. мақал-мәтелдері жолдастықтың қадір-қасиетін білдіреді. Сондай-ақ, қазақ ұғымында жолдастық бір күндік жолдастық, мың күндік жолдастық, жолаушы жолдастық тәрізді бірнеше түрлерге бөлініп сипатталынады. Алайда, мұның барлығында да жолдастыққа адалдық, жолдасқа құрмет көрсету әуелгі шарт. Бір күндік таныс пен бір күндік жолдасқа сәлем беру, мың күндік жолдастан айырылмау, жолаушы жолдасқа тарылмау - қазақ халқының ұлттық ділінің бағалы сипаты.
Әріптестік дегеніміз - белгілі бір ұйымдарда бірігіп жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды.
Өздігінен өзі
Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады, - дейді. Көршісі оған: Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады, - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz