Зейіннің аударылуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Кафедра: Агротехнология
Тақырыбы: Зейін туралы жалпы ұғым.
Орындаған:Қалдарбек Перизат
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған:Калходжаева Ардақ
Шымкент 2017
Зейін туралы жалпы ұғым.
Зейін деп -- адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дəлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық əрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нəрселермен айналысады. Осы көріністердің бəрінде де бала əрекеттің əрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа обьектілерден ойын бөліп отырады. Осылай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір обьектіге бағыт алып жəне сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады. Адамға тəн əрекеттің кез-келген түріңде зейін орын алмаса, оның нəтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды". Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің əрбір кезендерінде бір нəрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нəрсені қиялдайды, бір нəрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық əрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше əсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мəселен, бір обьект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген əн-күй сабағында отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше əсер етіп отырады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И.П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі қайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мəселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нəрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесс болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс иңдукция заңы). Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркеңдіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек əсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы əлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мəселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жəрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасыңдағы бөгде тітіркеңдіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нəрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған əрекетімізге мейлінше беріле түсуге жəрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу əлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мəнін И. П. Павловтың "Қозудың оптимальдық алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И. П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда əр уақытта қозу пайда болатыңдай жағымды "оптимальдық жағдай" жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөніңде И.П.Павлов былай дейді: "Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларыңда формасы жəне шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сəуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды- көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді". Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара иңдукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған обьектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайын келгеңде, психикалық, əрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді. Бір нəрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне қарап, бір дегеннен баланың сабакқа қаншалықты зейіңді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, əсіресе, тəжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тəсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тəрбиелей отыру -- мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мəнісінде зейін қойып кіріскенде ғана əрекетті нəтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық кағида болуы қажет.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз жəне үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез- келген обьектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мəселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі əсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дəуірде адамның күрделі іс-əрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нəтижесінде оның психикасы өте нəзік, түрлі сыртқы əсерге берілгіш келеді. Əрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу -- ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мəселен, қызықты кітап окуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу -- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дəнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нəтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, əйтпесе іс өнбейді, күткен нəтижеге қол жеткізе алмайды. Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез-келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады: а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мəселен, адамның үстіңдегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.); ə) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дəрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы əсер етеді. Адамның ырықты зейіні əрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейіңде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік- жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады: 1)Қандай болмасын бір əрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-əрекетке тікелей кірісу қажет. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нəрселерден бойды аулақтатқан жөн. Орыңдалатын істің мəнісін, маңызына түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс. Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мəселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл- күрсілдерде де) əсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты жəне шыдамды етіп тəрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-əрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады. Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызықкан нəрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны. Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін -- адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мəселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты əдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нəрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-əрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-əрекеттен нəтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді əдетке айналдыруы қажет.
Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін жөнінде əңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін еске алады. Зейіннің тұрақтылығы жəне жинақтылығы. Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дəрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады. Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның əртүрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы əрекетке өзінді жеңе алудың басты бір белгісі болып табылады. Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нəрсеге аудармай, басты бір нəрсеге не белгілі бір əрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып əдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті обьектіге жинақтай алатын болады. Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нəрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz