Кейбір адамдар өмірін өзенмен теңиді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Өмір
Орындаған: Аппаз Рысхан
Тобы: АП-16-2К
Қабылдаған:Калходжаева Ардақ
Шымкент 2017
Өмір
Өмір - театр дейді емес пе?! Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз... Басты кейіпкерде өзің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны поезбен теңестіреді. Онда кездескен жолаушылар біздің өмірде кездестірген адамдарымызға ұқсайды. Бірақ олардың да біз сияқты поездан түсетін жерлері бар. Кейбіреулері біздің жол бойғы қуанышымыз бен қайғымызға ортақтасады, олар ата-анамыз, бауырларымыз. Жолдан мінген кей жолаушылар уақыт өте бізге жақын болып кетеді, кейбіреулері келесі станциядан түсіп қалады, ал кейбірі басқа купеге ауысып кетеді.
Ал енді біреулер өмірді өзенмен теңейді.
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін мен не жасадым? Жаксылык па, жамандык па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Адамның алға қойған мақсаты болу керек деп ойлаймын. Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең.
Кей кездері біреулерді өсектеп, ия болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз. Оның шын ия өтірігін саралап бас ауыртпаймыз. Оның мұндай күйге тускен себебін де біле бермейміз. Ал өзге емес өзімізге бір рет болса да сын көзбен қарап көрдік пе?
Jan жазады "Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр." Бұл сөздің де жаны бар. Осы сайттың күрделілігі де сол болар.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?
"Менің өмірлік тұрғым басқа, -- дейді біреулер, -- өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс?
Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе -- ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.
Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.
Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.
Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам -- белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы -- сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
"Бақыт" түсінігі.Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол -- бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Өмір - сырға толы, қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді. Менің түсінігімше, өмір - теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы. Біз, яғни адамзат баласы сол ғаламат сыйлықтың қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет. ӨМІР -КҮРЕС дейді ең бастысы Дүние алма кезек дегендей, жалғандағы БАРША қиындықтың уақытша екендігін ұғынып,ӨМІР атты кемеде қатарыңнан қалмай жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек. Сонда ғана біз өмірдің ғажайыптылығын сезіне аламыз. Мен туғанымнан бері тағдырдың сан түрлі соқпақтарында кездескен қиындық атаулының барлығын дерлік, шынайы сенімділікпен Тек алға! деген өмірлік ұстанымым арқылы ШАМАМНЫҢ КЕЛГЕНІНШЕ, жеңіп келемін. Кейде ойлаймын, Менің осыншалықты сәттілігім мүмкін менің дүние есігін ЖЕҢІС КҮНІ АШҚАНДЫҒЫМНАН болар, - деп.Бәлкім, мұндай себептен емес те шығар... Қалай десек те, менің өзімнің басқа жай күндерде емес, дәл осы күні, яғни халқымыз үшін ерекше маңызды Жеңіс күнінде тууымды жай кездейсоқтық деп қарамаймын. Мені мұндай байланыс қатты толғандырды. Сол себептен болар, жас жүрегімде мынадай жауқазын жыр... тұнды: (Кейбір кездерде осылай жыр жазатыным бар)
Жеңіс күні келіппін жер бетіне,
Күн күлімдеп қарапты келбетіме.
Тыңдаумен бесік жырын, жеңіс жырын,
Бесігімде жатыппын тербетіле...
Өмір деген күрес қой түсінгенге.
Жаралғанмын күресу үшін мен де.
Жеңіс күні туған соң жеңістерге,
Талпынамын көрсетіп ісімді елге.
Нақты ой жүзі өткір семсердейін,
Өмірде ЖЕҢІМПАЗ болып жүрсем деймін.
Ұлы Абай, Шәкәрім іздерімен,
Болашаққа жол бастап ерсем деймін.
Жырларым жүдеп, ауырған емен,
Ықпайды, қара дауылдан келем. ...
Арқалап жырды, арқам жауыр боп,
Ақындық атты ауылдан келем.
Өстім мен арманшыл болып бала жастан,
Анамдай күліп маған қарады аспан.
Жас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz