Құқық нысаны



Мазмұны

Кіріспе

1. Құқықтың қайнар көздері
1.1 Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, түрлері
1.2 Әдет және әдет құқығы
1.3 Заң прецеденті. Нормативтік келісім шарттар және заңды доктрина
2 Нормативтік құқықтық актілердің жалпы сипаттамысы
2.1 Норамтивтік құқықтық актілер түсінігі
2.2. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан егеменді, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Республиканың өзіндік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған демократиялық, интернационалдық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне тән қалыптасу жолдары мен тәсілдері бар. Оның бастаулары қандай екені Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында айтылған. Конституцияның Конституцияның 4-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңеснің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады».
Қазақстан Республикасы Конституциясында «қолданыстағы құқық» аталымы келтірілген. Мұның себебі Конституция нормаларының жай ғана декларация еместігін, қайта тікелей түрде қолданылатындығын арнайы атап көрсетуі керек екендігін, сондай-ақ осы нормаға сай «қолданыстағы құқық» деп тек Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келетін нормативтік құқықық актілер ғана танылатындығын ерекше көңіл аударып көрсету мақсаты еске алынады.
Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы тек Республиканың мемлекеттік органдары қабылдаған нормативтік актілерден ғана емес, сондай-ақ Республика үкіметінің жасасқан халықаралық шарттары мен басқалай да міндеттемелеріндегі нормалардан тұрады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі құқықтық іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) абстрактілі – жалпыға бірдей ережелері жиынтығы деп ұғынуға негізделеді.
Сондай – ақ Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің ерекшелік белгісіне адамның табиғи құқықтары мен бостандықтары басымдылығының Конституцияда танылуы және сонда баяндалуы жатады.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздері дегеніміз құқық мазмұнының белгілі мемлекеттік органандарың актілерінде, сот шешімдерінде, шарттарда, дәстүрлерде және басқа қайнар көздерде объективті түрде бекітілуі және айқындалуы. Құқықтың әлеуметтік институт ретіндегі пайда болғанан бергі ұзақ тарихы бойы құқық нысанына көзқарастар дамыды және өзгерді. Бұл қоғамдық дамудың, және ең біріншіден Еурападағы сол не басқа бір кезеңінің әрқандай қажеттіліктері мен жағдайларына байланысты болды.
Бұған байланысты кейбір ғалымдар екі құқықтың қайнар көздері туралы айтуға болады деп есептейді – сыртқы және ішкі. Олардың пікірінше сыртқы нысан – бұл актілерде және басқа қайнар көздерде бекітілген объективті тәртіп ережелері, ал ішкі - бостандық шегін, тәртіп масштабын белгілі нормада бекітетін, құқық жүйесіндегі оның иерархиясын белгілейтін, және құқық
1. Казақстан Республикасының Констиутциясы. Алматы, 1998ж.
2. Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Білім, 1998. – 360 б.
3 Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999. – 370 б.
4 Лазарев Н.Н. Общая теория государства и права. – М. : Юристь, 1999. – 560 с.
5 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 320 б.
6 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 96 б.
7 Храпанюк В.Н. Теория государства и права. – М. : Бек, 1996. – 450 с.
8 Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 296 б.
9 Д.Жамбылов. Саясаттану негіздері. – Алматы. Жеті жарғы, 2005. – 220 б
10. Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. – Астана. Фолиант, 2007. – 331б.
11. Сапарғалиев Г.С. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - Алматы, 1998.
12. Матузова Н.И. Теория государства и права. - М.: Наука, 2001.
13. Алексеев С.С. Проблемы теории права. Курс лекций в 2-х томах. – Свердловск: Знание, 1998. Т. 2.
14. В.В. Лазарева. Общая теория права и государства. - М.: Юридическая литература, 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Құқықтың қайнар көздері
1.1 Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, түрлері
2. Әдет және әдет құқығы
3. Заң прецеденті. Нормативтік келісім шарттар және заңды доктрина
1. Нормативтік құқықтық актілердің жалпы сипаттамысы
2.1 Норамтивтік құқықтық актілер түсінігі
2.2. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан егеменді, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан
бері Республиканың өзіндік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған
демократиялық, интернационалдық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне
тән қалыптасу жолдары мен тәсілдері бар. Оның бастаулары қандай екені
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында айтылған.
Конституцияның Конституцияның 4-бабында былай деп жазылған: Қазақстан
Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың,
өзге де нормативтік актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге
де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңеснің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында қолданыстағы құқық аталымы
келтірілген. Мұның себебі Конституция нормаларының жай ғана декларация
еместігін, қайта тікелей түрде қолданылатындығын арнайы атап көрсетуі керек
екендігін, сондай-ақ осы нормаға сай қолданыстағы құқық деп тек Қазақстан
Республикасы Конституциясына сәйкес келетін нормативтік құқықық актілер
ғана танылатындығын ерекше көңіл аударып көрсету мақсаты еске алынады.
Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы тек Республиканың мемлекеттік
органдары қабылдаған нормативтік актілерден ғана емес, сондай-ақ Республика
үкіметінің жасасқан халықаралық шарттары мен басқалай да
міндеттемелеріндегі нормалардан тұрады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі құқықтық іс-әрекеттің
(мінез-құлықтың) абстрактілі – жалпыға бірдей ережелері жиынтығы деп
ұғынуға негізделеді.
Сондай – ақ Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің ерекшелік
белгісіне адамның табиғи құқықтары мен бостандықтары басымдылығының
Конституцияда танылуы және сонда баяндалуы жатады.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс
табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары,
оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздері дегеніміз құқық мазмұнының белгілі мемлекеттік
органандарың актілерінде, сот шешімдерінде, шарттарда, дәстүрлерде және
басқа қайнар көздерде объективті түрде бекітілуі және айқындалуы. Құқықтың
әлеуметтік институт ретіндегі пайда болғанан бергі ұзақ тарихы бойы құқық
нысанына көзқарастар дамыды және өзгерді. Бұл қоғамдық дамудың, және ең
біріншіден Еурападағы сол не басқа бір кезеңінің әрқандай қажеттіліктері
мен жағдайларына байланысты болды.
Бұған байланысты кейбір ғалымдар екі құқықтың қайнар көздері туралы
айтуға болады деп есептейді – сыртқы және ішкі. Олардың пікірінше сыртқы
нысан – бұл актілерде және басқа қайнар көздерде бекітілген объективті
тәртіп ережелері, ал ішкі - бостандық шегін, тәртіп масштабын белгілі
нормада бекітетін, құқық жүйесіндегі оның иерархиясын белгілейтін, және
құқық құралының жүйе ретіндегі басқа да аспектілерін көрсететін формальды
анықтылық.
Айта кету қажет отандық құқық теориясында құқық нысанын анықтауға
байланысты тағыда бір көзқарас дамуда – ақпараттық.
Осылай құқықтың қайнар көздерін анықтауда әрқандай көзқарастар бар,
Бірақ қазіргі құқық териясында бұл ұғымға байланысты ерекше мәселелер
туындамайды. Ең кең таралған қорытынды құқық нысаны ұғымы – құқық қайнар
көзі ұғымының синонимі болып табылады.
Сонымен қандай құқықтың қайнар көздері болған және бар? Бір кездері
болған барлық құқықтың қайнар көздерін атап өту өте қиын, бірақ ең
маңыздылары және кең танымалдары келесілер болып табылады. Бұлар құқықтық
дәстүрлер; нормативтік құқықтық актілер; құқықтық шарттар; прецеденттер;
құқықтық доктриналар.
Тақырыптың өзектілігі құқықтың қайнар көздерінің, оның ішінде бірінші
кезекте нормативтік құқықтық актілердің қазіргі Қазақстанда жеткілікті
түрде қабылданып, қоғамдық қатынастарды реттелуіне байланысты. Құқықтық
зерттеудің негізгі қағидаларын және сипатын елеулі өзгертетін жүздеген және
мыңдаған жаңа нормативтік актілер қабылданады. Құқыққорғаушылар, заңгерлер,
адвокаттар, және де заң шығарушылардың өздері де әрқашан нормативтік
әдебиеттің сансыз томдарында керектісін тез таба алмайды. Бір ғана мәселені
зерттеу үшін көптеген қайнар көздерге жүгінуге тура келеді, бір мәселе
бойынша баптар әрқандай нормативтік актілерде шашылған.
Қойылған мақсатқа сатылы және аргументті түрде жету үшін, міндеттердің
келесі шеңберін шешу қажет:
- Құқықтың қайнар көздерінің ұғымдық аппаратын зерделеу, сондай-
ақ қазіргі Қазақстандық құқықтың қайнар көздерін жетілдіру үшін
осы процесстің маңызын анықтау;
- осы процедураны жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары мен басқа ұйымдардың тәжірбиелік қызметін
мысал етіп нормативтік құқықтық актілердің жүйелеу түрлерін
қарастыру;
- құқық қайнар көздерінің түрлерін қарастыру және біздің
мемлекетіміздің құқық қолдану тәжірбиесі үшін олардың маңызын
көрсету.
Зерттеліп жатқан тақырыптың тәжірбиелік маңызы өте зор, өйткені,
құқықтың қайнар көздерін, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерді
қабылдау, нормативтік материалдарды өңдеу және квалификациялық белгілер
бойынша орналастыру жолымен оларды реттеуге және жетілдіруге бағытталған.

1. Құқықтың қайнар көздері
1.1 Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, түрлері

Заң ғылымында түрлі философиялық – нысан (форма), мән, қызмет, мазмұн
деген сияқты санаттар жиі қолданылады. Мысалы, нысан деп заттың, пәннің,
құбылыстың ішкі мәнін білдіретін сыртқы көрінісі айтылады.
Мән – пәннің, заттың, құбылыстың негізгі тағайыны, оның не үшін қажет
екендігін, қандай пайдаға асыруға болатындығының көрсеткіші.
Қызмет – сан алуан пәннің, заттың, немесе құбылыстың негізгі тағайыны,
оның іс-әрекетінің негізгі бағыттары.
Мазмұн пәннің, заттың немесе құбылыстың осы нысан шегіндегі аясының
ішіндегісі, ішкі жағындағы бары-нәрі.
Құқықтың сыртқы насын деп формальды түрде құқықтық құбылыстарды баянды
ететін заңдық негіздердің кешені ұғынылады. Осы заңдық негіздердің кешені
құқықтық нормалардың адресаттарына олардың нақты мазмұнымен танысуына және
оларды пайдалануына мүмкіндік туғызады.
Құқықтың қайнар көздері және Құқық негіздері деген ұғымдар бір-
бірімен тығыз байланысты, бірақ біріне – бірі дәл келмейді. Құқықтың
қайнар көздері құқықтың мазмұны сыртының қалай құрылғанына және
білдірілгенін көрсеткен болса, онда құқық негіздері ұығымы құқықтың
қалыптасу бастауларын, оның мазмұнын алдын ала анықтайтын қозғаушы күштер
жүйесі мен жазылу нысанын көрсетеді [2, 245].
Қазақстан егеменді, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан
бері Республиканың өзіндік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған
демократиялық, интернационалдық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне
тән қалыптасу жолдары мен тәсілдері бар. Оның бастаулары қандай екені
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында айтылған.
Конституцияның Конституцияның 4-бабында былай деп жазылған: Қазақстан
Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың,
өзге де нормативтік актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге
де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңеснің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Әдетте, құқықтың қалыптасуының үш жолы бар: 1) нормативтік
актілер; 2) үлгі істер (прецедент); 3) құқықтық әдеттер. өз кезінде қазақ
мемлекеттілігінің құқығы осы үш жолмен қалыптасқан. Оған дәлел Қасымханның
қасқа жолы (ХVғ.), Есімханның ескі жолы (ХVғ.),Тәуке ханның Жеті
жарғысы (ХVІІІ ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері
де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан
билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде
пайдаланылған [3, 120]. ХІХ ғасырда билер съезіндеее қабылданған ережелерде
құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретінде пайдаланылған.
Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де
қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Құқық қайнар көзі
атауына берілетін мағыналардың әртүрлілігіне, соңғы қортындыны Шершневич
жасаған, оны қолданылмай құқық нысаны басқа атауымен ауыстыруға
қажеттілігі туындайды.
Құқық нысаны терминиінің аталғандардан басқа басқа да мәндік
мағынасы барына назар аудару қажет.
Мысалы, құқық қайнар көзі ретінде қандай да бір нормативтік құқықтық
актілерді, сондай-ақ құқықтық жүйені тұтасымен қабылдау, өзгерту және
толықтырудың объективті түрде қажеттілігін туындататын материалдық,
әлеуметтік және қоғамның басқа да өмір сүру жағдайларын айтуға болады.
Сол не басқа бір құқықтық жүйенің негізінде қандай сипаттағы
философиялық идеялар (либералдық, консервативтік және т.б.) жатқанын
көрсететін “құқық қайнар” көзі терминінің философиялық мағынасы да бар.
Алайда бұл істің мәнін жоғалтпайды [4, 421].
Құқық нысаны дегеніміз құқық мазмұнының белгілі мемлекеттік
органандарың актілерінде, сот шешімдерінде, шарттарда, дәстүрлерде және
басқа қайнар көздерде объективті түрде бекітілуі және айқындалуы. Құқықтың
әлеуметтік институт ретіндегі пайда болғанан бергі ұзақ тарихы бойы құқық
нысанына көзқарастар дамыды және өзгерді. Бұл қоғамдық дамудың, және ең
біріншіден Еурападағы сол не басқа бір кезеңінің әрқандай қажеттіліктері
мен жағдайларына байланысты болды.
Ежелгі Рим заңгерлері барлық халықтың құқықтарындағы барлық жүйелерге
тән ортақ бірнәрсені бөлген және әсіресе бөлек мемлекет пен құқық
жүйелеріне тән болған құқық белгілерді.
XVIII-XIX ғасырларда табиғи және позитивтік (заң шығарушылық) құқықтың
арақатынасы туралы пікірталастар кенеттен күшейді. Дегенмен XX ғасырда
құқық нысаны белгісі бойынша адамның бар болуынан туындайтын (оның негізгі
құқықтары мен бостандықтары) табиғи-құқықтық ережелер мен басқа құқықтық
ережелер арасандағы айырмашылық жойылды [5, 184]. Насан барлық құқық
салалары үшін бірдей болады - актілерде және басқа қайнар көздерде
объективті түрде бекітуге барлық тәртіп ережелері жатады.
Бұған байланысты кейбір ғалымдар екі құқық нысаны туралы айтуға болады
деп есептейді – сыртқы және ішкі. Олардың пікірінше сыртқы нысан – бұл
актілерде және басқа қайнар көздерде бекітілген объективті тәртіп
ережелері, ал ішкі - бостандық шегін, тәртіп масштабын белгілі нормада
бекітетін, құқық жүйесіндегі оның иерархиясын белгілейтін, және құқық
құралының жүйе ретіндегі басқа да аспектілерін көрсететін формальды
анықтылық.
Айта кету қажет отандық құқық теориясында құқық нысанын анықтауға
байланысты тағыда бір көзқарас дамуда – ақпараттық.
Осылай құқық нысанын анықтауда әрқандай көзқарастар бар, Бірақ қазіргі
құқық териясында бұл ұғымға байланысты ерекше мәселелер туындамайды. Ең
кең таралған қорытынды құқық нысаны ұғымы – құқық қайнар көзі ұғымының
синонимі болып табылады.
Сонымен қандай құқықтың қайнар көздері болған және бар? Бір кездері
болған барлық құқықтың қайнар көздері атап өту өте қиын, бірақ ең
маңыздылары және кең танымалдары келесілер болып табылады. Бұлар құқықтық
дәстүрлер; нормативтік құқықтық актілер; құқықтық шарттар; прецеденттер;
құқықтық доктриналар.
Рим құқығының маңызды қайнар көздері болған – консулдардың,
преоторлардың және басқа да лауазымды тұлғалардың күделікті ресми
тәжірбиесінен қалыптасатын ережелер. Романо-германдық құқыққа ұзақ уақыт
бойы (XIII-XIX ғасырлар) тән болып саналған қайнар көз құқықтық доктрина.
Мұсылмандық құқықтың ең маңызды нысаны (қайнар көзі) ретінде Алланың
жолдауымен байланысты исламның қасиетті кітабы - Құран, иджма немесе
“мұсылмандық қауымның біртұтас ортақ келісімі”, және қияс, немесе ұқсастық
бойынша ойлау [13, 388].
Ерекше белгілеп кететіні құқық қайнар көздері туралы, сондай-ақ
олардың түрлері туралы пікірлер ешқашан айнымастай болған жоқ. Олардың
кейбіреулері (құқықтық дәстүр, заң, прецедент), ежелгі уақыттан бергі
маңызды эволюциясын жасап, қазіргі кезде де құқықтық жүйелерде сақталды.
Басқалары ізсіз жоғалып кетті. Үшіншілері қандай да бір тәжірбиелік маңызын
жоғалтып, тек қана тарихи құндылығын сақтап қалды. Соңғыларының арасында
соттар үшін міндетті күші болған және іс жүзінде заң ретінде қолданылған
рим заңгерлерінің шығармаларын; Ежелгі Римде халықтық жиналыспен және
сенатпен қабылдынған құқықтық актілер – сенатусконсульттарды мысалға алуға
болады.
Есепсіз құқықтың қайнар көздері арасында мемлекеттік органдардың
нормативтік құқықтық актілері маңызды орын алады.
Құқықтың бір белгісі оның формалді анықтылығы. Құқықтық нормалар
міндетті түрде объектіленіп, сыртай көрінуі керек, қандай да бір нысанда
болуы керек. Бұлсыз құқық нормасы қоғамдық қатынастарды реттеуге байланысты
өз міндеттін атқара алмайды.
Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да
қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып
танылуы мүмкін.
Құқықтың қайнар көздері – бұл мемлекет еркін, заңи мінез-құлық
ережелерінің сырттай көріну әдісі.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне талдау жасаудан бұрын құқық
нысаны, құқықтық нысаны, құқықтық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасын
қарастыру керек.
Егер құқықтық нысан деп, барлық қоғамдық қатынастарды реттеуде
қолданылатын барлық заңи құралдар болса, онда құқық нысаны – құқықтық
нормалардан тұратын ерекше жүйе [6, 89].
Заң әдебиеттерінде құқық нысаны мен құқық қайнар көзі ұғымдарының ара
қатынасы даулы. Бірінші көзқарас бойынша, бұл екі ұғым ұқсас. Екінші
көзқарас бойынша, құқық қайнар көзі ұғымы құқық нысаны ұғымына қарағанда
кеңірек.
Соңғы көзқарас бүгінгі күні де үстем. Шынында да, қайнар көз сөзін
бастау не негіз, түбірі, себебі сияқты қарастыратын болсақ, онда заңи
құбылыстарға қатысты құқықтың қайнар көзі деп, келесі үш факторды түсіну
керек:
- материалдық мағынадағы қайнар көзі (қоғам өмірінің материалдық
жағдайы, меншік нысаны, адамдардың мүддесі);
- идеологиялық мағынадағы қайнар көзі (әр түрлі құқықтық ілімдер және
доктриналар, құқықтық сана);
- формальді заңи мағынадағы қайнар көзі (бұл құқық нысаны).
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс
табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары,
оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды,
бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың
қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
1) құқықшығармашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды
құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.
2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі
бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар)
қолдап, оларға заңды күш береді [7, 360].
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік
актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын басауы – Қазақстан
Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғарғы заңды күші бар
және Республиканың барлық аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен –
конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан
кейінгі – жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды
республикалық референдум өткізу арқылы неесе Парламент енгізеді.
Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды.

1.2 Әдет және әдет құқығы

Құқықтық әдеттер – құық нысандарының ежелгілерінің бірі, ол ұзақ
мерзімдік қайталанулар барысында дағдыға айналған , ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отыратын мінез-құлық ережелері. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында
мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны.
Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынастарында ғасырлар бойы
қолданылған, өмірде жаң-н-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан. Мысал, Ману
заңы, орыс правдасы, Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы,
Тәуке ханның Жеті жарғысы т.б. айтуға болады. Қазақ қоғамында билердің
үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып
тапқан тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық
норма ретінде пайдаланылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден
қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынасардың реттеушісі болып
отырған [8, 217]. Әдет – ғұрып нормалары арқылы бірақ қарым-қатынастар
реттеліп, басқарылып жатады.
Санкцияланған әдет нормалары адамдардың санасынан орын алған және көп
рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-
тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды
өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Әдет-ғұрып нормаларына заңды мағына
беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
ә) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік  органдар
актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
Әдет-ғұрып - қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға
айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи
қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдеттер ру тұрмысының дамуына
байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін,
олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде
қолданылады. Олар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне
ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінез-құлықтарын,
іс-әрекетін алға бағыттап отырады. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін
білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау
әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру әдет-ғұрыптарын сақтау, орындау
– міндет пе әлде құқық па деген сауал ру мүшелерінің ойына кіріп те
шықпайды [9, 198]. Олардың түсінігінше ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай
орындау табиғи, өзінен-өзі түсінікті жағдай болып саналады. Рулық әдеттер,
дәстүрлер қандай болғанын қазақ халқының тарихынан да көруге болады.
Бұл ережелер мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қорғалып отырады. Рулық
қауымның әдет-ғұрыптары өзгерулердің барысында бірте-бірте мақұлданған әдет-
ғұрыпқа ұласқаны тарихқа мәлім жағдайлар. Рулық қауымда ең көп таралғаны
әдет-ғұрып ішінде жиі кездесетіндер: Кекті қанмен жуу (қанды кек, қан
төгіп өш алу) және Жанға - жан, қанға-қан, көзге-көз, басқа бас,
тұяққа-тұяқ деген талион қағидаты деп аталатында. Бірте-бірте әдет-
ғұрыптар айып төлеумен алмастырыла бастады. Қоғамның бірте-бірте топтарға
жіктеле бастауына байланысты айып (төлеу, төлету) дифференцияланған
сипатқа ауыса бастайды [10, 208].
Қазақ мемлекетінің хандық дәуір кезіндегі көшпелі қазақ қоғамында әдет
құқық негіздерінің тұғыры қызметін атқарды. Осыған орай көшпелі өмір сүрген
қазақ қоғамында құқықтың негізгі нсаны мақұлданған (санкцияланған) құқықтық
әдет-ғұрып болды.

1.3 Заң прецеденті. Нормативтік келісім шарттар және заңды доктрина

Жалпы құқық дәстүрі Англияда өмірге келді және әлемнің басқа
бөліктеріне отаршылдық басып алу әрекеттері барысында тараған еді. Демек,
жалпы құқықтар жүйесі ағылшынның прецеденттік құқығына негізделген.
Прецеденттік құқық дегенде соттық шешімдерінің жазылған конституцияға
емес, одан гөрі талай ғасырлар барысында соттарда, атап айтқанда соттық
істерді қарау үлгілерінде қалыптасқан концепциялар, ережелер және
қағидаттар жиынтығына негізделуін айтамыз. Жалпы құқық бірқатар соттық
шешімдерге негізделсе, прецеденттік құқық сол шешімдердің қалай
қабылдағанын айқындайды.
Жалпы құқық тұтастай алғанда заңдық прецеденттерге бой түзеу
керектігін жариялайтын жалпы доктрина шеңберінде заңдық прецеденттерді
пайдалану және түсіндіру арқылы айқындалады. Осыған байланысты жеке бір
соттық істің басқа бір іспен қаншалықты ұқсас екендігі туралы сұрақ пайда
болады.
Жалпы құқық жүйелері процессуалдық сот процедуралар жүйесін
пайдаланады. Екі жақтың да адвокаттары дәлелдеу құқығының қатаң нормаларына
сай өз қисындарын жайып салады, ал үкімді судья немесе присяжныйлар
шығарады.
Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және
жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі
соттық немесе әкімшілік шешім.
Заңды прецедент Англияда, АҚШ-та, Үнді елінде және басқа да
мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Мұның өз ұқсас болып келетін басқа
істерді шешуде эталон (үлгі ретіндегі өлшеуіш) болып табылатын соттың
сәтті, әділ қабылданған шешімі [11, 326].
Үлгі іс соттық та, сондай-ақ әкімшілік те болуы мүмкін. Ол судьяға
немес лауазымды тұлғаға дербес шешім қабылдауға жай ғана мүмкіндік беріп
қоймайды, қайта болмыстағы ахуалдың ұқсастығы толық болмаған жердегі жағдай
мен ахуалдың қаншалықты деңгейде ұқсастығын бағалау құқығы тек судьяларға
ғана тән болғандықтан беріледі. Және де үлгі істегі бұрынғы шешімдердің
барлығы бірдей міндетті есе. Тек алғашқы шешімді немесе үкімді қабылдаған
соттың құқықтық позициясының мағынасы ғана міндетті болып табылады.
Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп жақтардың жасасқан
шешімі. Мұның өзі жалпыға бірдей міндетті болады және мемлекет күшімен
кепілдендіріледі. Нормативтік шарттар бірте-бірте конституциялық құқық,
еңбек құқығы, азаматтық құқық, халықаралық құқық және құқықтың басқа да
салаларында кеңінен таралып, қолданыла бастады. Олар мемлекет ішінде
қолданылатын және халықаралық, құрылтайлық және әдеттегі, типтік және
ағымдық деген түрлерде болады [12, 162].
Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының өкілі болып табылатын
кәсіподақтың арасында жасалған ұжымдық шарттың таралған түрін мысалға
келтіруге болады. Бұл шарт еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл
атқарады.
Шарт азаматтық құқықтық айналымға қатысушылардың белсенділігінің нақты
нысаны ретінде болады. Айта кететін жайт, шарттың әлеуметтік – экономикалық
мазмұнының өзгеруіне байланысты, қоғамның тарихи дамуы барысында шаттың
конструкциясы өздігінен тұрақты болып қала береді.
Шартқа негізделген қоғамдық қатынастар жүйесінің дамуымен қатар уақыт
өте оған қатысушылардың саны да кеңейді, жеке тұлғалармен қатар бұл орынға
азаматтық құқықтың дербес субъектісі болып табылатын әртүрлі ұжымдық
құрылымдар, яғни, заңды тұлғалар шыға бастады. Заңнамада көзделген шарттың
типтері әралуан болуда, шарттық құқықтық қатынастарды қалыптастыруда
қолданылатын элементтерде күрделене түсті, ал шарттар шарт болып қала
береді.
Шарттың конструкциясы құқықтың әр саласында, атап айтқанда
халықаралық, жария, әкімшілік және тағы басқа қолданылады. Дегенмен де,
басқа құқық салаларымен салыстырғанда азаматтық құқықта ол кеңінен
қолданылады.
Сонымен азаматтық құқықтық шарт дегеніміз не? Шарт көне құқықтық
құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі
екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге
болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың
әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (соntractus) рим құқында үш түрлі мағынада: құқық
қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең
соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырылды.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде көрініс тапқан [13, 189].
Франция Азаматтық кодексінің 1101- бабына сәйкес шарт деп мәмілені
таниды, ол арқылы бір немесе бірнеше тұлға бір-бірінің алдың өз немесе
бірнеше басқа тұлғалар алдында бір нәрсені істеуге немесе істемеуге
міндеттенеді. АҚШ-тың Бірынғай сауда кодексі шартты тұтастай алғанда сол
заңға немесе басқа қолданылатын құқық нормаларына сәйкес жақтардың
келісімінен туындайтын құқықтық міндеттеме деп есептейді. 1-201- бапта
келісімге анықтама берілген: ...жақтардың іс жүзінде жасалған мәмілесі
өтініштер мен басқа да міндеттемелерден туындайды. Нидерланды Азаматтық
кодексі кітабында 213-бап: шарт бір немесе бірнеше жақ өзіне бір немесе
бірнеше жаққа қатысты міндеттемелерді өзіне қабылдайтын мәміле болып
табылады деп анықтама берілген [14, 462].
Кеңес Одағы кезінде және бұл кезеңнен кейін заңи әдебиеттерде шарт
туралы әртүрлі анықтамалар, ұғымдар авторлардың көзқарастары көзделген.
Әсіресе, орыс ғалымы О.С. Иоффенің зерттеулерінде қарастырылған. Оның
айтуынша шарт азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және
тоқтауы туралы екі не оданда көп адамдардың арасындағы келісім. Кей кезде
шарт дегеніміз мұндай келісімнен туындайтын міндеттеменің өзі, ал кей
жағдайларда бұл термин оның қатысушыларының барлығының еріктері негізінде
пайда болатын міндеттемені бекітетін құжатты білдіреді [3, 132 б.].
М.К.Сүлейменовтың пікірінше: Шарт заңи факт ретінде құқықтық қатынас
немесе шарттық құқықтық қатынас ретінде шарттың пайда болуының негізі
қызмет етеді. Заңи факт және құқықтық қатынас ретіндегі шарт – бұл шарттың
дербес салалары, оның дамуының әртүрлі жақтары.
Сонымен қатар заңи әдебиеттерде шарт туралы басқада көзқарастар
айтылған.
Мысалы, 1993 жылғы оқулықта шарт екі немесе көпжақты мәміле ретінде
қарастырылды [4, 421 б.]. Бірақ шарттың мәміле ретіндегі мәліметі дұрыс па?
Мәміле бұл құқықтар мен міндеттерді бекітуге, өзгертуге және тоқтатуға
бағытталаған іс-әрекеттер. Ал шарт тек құқықтар мен міндеттерді белгілеп
қана қоймай, сонымен қатар келісімде бекітілген іс-әрекеттерді жасауды
көздейді. Шарт қандай нақты іс-әрекеттер жасалуы керек екенін және іс-
әрекет жасау үшін тараптарға қойылатын заңи талаптар қандай екенін
анықтайды. Сондықтан да шарттың рөлі мен функциясы мәмілеге қарағанда
кеңірек [5, 185 б.].
Айта кететін жайт, Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде
қолданылады және оны келесідей көрсетуге болады: біріншіден, өзінен
міндеттеме туындайтын заңдық факты; екіншіден, сол шарттық міндеттеменің
өзі; үшіншіден, шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.
Шарт — құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына
негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен
міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.
Азаматтық кодекстің 148-бабының 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты
және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле
болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы, атап
айтқанда, мәміленің нысаны және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану
туралы және тағы басқа ережелер қолданылады. Бір жақты және көп жақты
мәмілелер ұғымын бір жақты және өзара шарттар ұғымынан ажырату керек.
Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың
келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа
мәмілелерден және басқа заңдық фактілерден айырмашылығы сол, шарт дегөніміз
тараптардың келісімі. Сондықтан, Азаматтық кодекстің 148-бабының 3-
тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі таратың (екі жақты мәміле) не үш
немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі
қажет [6, 90].
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі
шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме
үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету
құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міндет
(борышкер) болады.
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға
болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне
байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт
туралы, үшінші жақтың пайдасына шарт туралы ережелерді көп жақты шартқа
қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да
қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін деген ережені Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Айта кететін
жайт, бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол Тәуелсіз Мемелекеттер
Достастығына мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.
Азаматтық-құқықтық шарт, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен
байланыстырады [7, 362]. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық
қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы,
бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену
және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал
олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып
табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында
болатын заттық абсолюттікке қарағанда).

2. . Нормативтік құқықтық актілердің жалпы сипаттамасы
2.1 Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі

Реалды болып, өзінің функцияларын табысты атқаруы үшін құқықта та,
мемлекетте сияқты өзінің сыртқы білдірілуі болуға мінндетті. Отандық және
шетелдік заң әдебиеттерінде бұл құқықтың сыртқы білдірілуі бір
жағдайларда нысан немесе құқық нысаны деп аталады, ал басқаларында – қайнар
көз, үшіншілерінде бір мезгілде нысан да, құқық қайнар көзі де деп аталады.

Бұл сұрақ бойынша бүгінгі күнге бар теориялық және тәжірбиелік
материалдар тұрғысынан, нормативтік құқықтық актіні басқа құқықтық
актілерден айыруға мүмкіндік беретін ең маңызды бес белгіні бөліп алуға
болады.
1. Нормативтік құқықтық акт - тиісті құқық шығарушы және құқық
қолданушы органдармен, немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасымен не
бүкілхалықтық республикалық референдумда қабылданады. Басқа сөздермен – бұл
мемлекеттік және басқа уәкілетті органдардың нормативтік актілерді әзірлеу
және қабылдау, оларды жетілдіру мен күшін жою бойынша қызметінің нәтижесі.
Қабылданып жатқа заңдар мен басқа актілердің сапасы мен тиімділігі
заңшығарушылық техниканың жетілу дәрежесіне, нормативтік акт тілінің
анықтығы мен түсініктілігіне, қазақстандық заңнамада қолданылатын терминдер
мен түсіндірмелерге дәл анықтама беруге тұтасымен байланысты, сондай-ақ
орындаушылардың кәсіби машығына, біліміне, шеберлігіне де байланысты [9,
200]. Осылай құқық шығармашылық уәкілетті органдардың және лауазымды
тұлғалардың нормативтік құқықтық нормаларды (актілерді) даярлау мен
қабылдау, оларды жаңарту, өзгерту мен күшін жою бойынша қызметтінің ерекше
түрі.
Құқық шығармашылықтың келесі түрлері ажыратылады:
а) халықтық құқықшығармашылық;
б) мемлекеттік оргнадардың құқық шығармашылығы;
в) лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы;
г) қоғамдық ұйымдардың құқықшығармашылығы
2 Нормативтік құқықтық актілердің құрамында тек қана құқық нормалары
бар, яғни мемлекеттік міндеттілікке ие жалпы сипаттағы ережелер. Құқықтық
норманың жалпы сипаты келесіден туындайды, норма - бұл қоғамдық қатынастар
реттеушісі, ол қоғамдық қатынастар дамуы үшін қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі
Мемлекет құрылымының нысаны
Құқық негіздерінің түсінігі
ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАН РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қоғам және мемлекет. Мемлекеттің нысандары. Мемлекеттің механизмі
Құқық нысанының негізгі түрлері
Пәндер