Тәтті бұрыштың агротехникасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 4
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
3.Студенттің жеке тапсырмасы.Тәтті бұрыштың ботаникалық сипаттамасы оның биологиялық ерекшеліктері мен өсіру тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 8
3.1. Тәтті бұрыштың ботаникалық сипаттамасы оның биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3.2.Тәтті бұрыштың тұқым шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.3.Тәтті бұрышты өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.4. Тәтті бұрыштың агротехникасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
3.5.Бұрышты қорғаулы жерде өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
4.Тіршілік қауіпсізділігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17

Кіріспе
Тәтті бұрыш -- алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңт. облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Б-тың 1 түрі -- қызыл Б. (С. annuum) бар. Б. -- жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 -- 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым -- шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың "астрахандық", "болгарлық", "ласточка", "подарок", "ротонда", т.б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Б-тың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б.
Бұрыш (Латын атауы:Capsicum annum) Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Оны, тіпті, бес мың жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтады. Бұрыштың шыққан елі- Перу. Жүгерімен, үрме бұршақпен және асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі болды. Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. XVI ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропаға тарады және өзінің орнын жерорта теңізі және балқан асханасында тапты. Сонымен қатар, бұрыш - бұл венгрлердің ұлттық көкөнісі және дәмдеуіші. 1912 жылдан бастап, Сковилл межесі - бұрыштың ащылығын бағалауға арналған арнайы меже бар.

1.Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2,8 га,оның ішінде 0,5 га интенсивтік бағы, 0,2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т.б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары
Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3,9°, ал шілде айында 27,5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1,3 тен 1,8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0,08 ден 0,15% , кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1,5-3,0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс қүрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы және күздік
жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6,8 цга. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыкка пайдаланады, орташа өнімділігі 15 цга.
Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4,1%; азот - 0,216, фосфор -0,191%, калий 1,9-2,1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мгкг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мгкг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (1 кесте).
Тығыз қалдық мөлшері 0,074-0,090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.
Жалпы сілтілік (НСО3) - 0,041-0,047%.
Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0,08-0,11 мгэкв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1,09; Ві (25-42 см) -1,25; В2 (42-60 см) - 1,19 гсм3
Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мгкг), ауыспалы калиймен (514-1036 мгкг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34,8-41,3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1,27-1,33гсм[3]) жэне кеуектілігімен (48,3-52,1%) ерекшеленеді.

Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды -- сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты, см
Жалпы, %
Қозғалғыш формалар, мгкг топырақта

қара шірік
Азот
фосфор
N
ИОз
Р2О5
К2О

0-15
1,86
0,258
0,211
137
25
22
950
20-30
0,91
0,248
0,205
109
36
13
840
35-45
082
0,214
0,158
78
'58
13
640
65-75
056
0 117
0 135
63
26
15
350
90-121
025
0,106
0,144
64
23
12
160
121-150
-
0,056
0,144
53
12
7
160
160-170
-
0,042
0,114
44
6
10
190

Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т.б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.
2 кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабаттың орташа тығыздылығы - 1,37 гсм[3] құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің жэне агрегаттар құрылымының орналасуына байла-нысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1,27-1,33 гсм[3] аралығында ауытқиды.
Кесте 2
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері
Горизонт-тар (қабат см)
Көлемдік салмақ,
гсм[3]
Жалпы кеуектілік, %
Топырақтың агрегаттық құрамы

10-0,25 мм агрегат-тар (%)
Құрылы коэффи-циенті
Суға төзімді агрегттар жиынтығы, %
0-10
1,27
51,2
76,7
3,3
34,1
10-20
1,33
48,8
73,4
2,8
30,8
20-30
1,40
46,1
68,3
2,2
29,5
30-40
1,48
44,6
62,8
1,6
29,3
0-40
1,37
47,3
70,3
2,6
30,9
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41,8 - 50,0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25-10,0 мм мөлшердегі агрегаттар 60,5-79,7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.

3. Студенттің жеке тапсырмасы:Тәтті бұрыштың ботаникалық сипаттамасы оның биологиялық ерекшеліктері мен өсіру тәсілдері.
3.1. Тәтті бұрыштың ботаникалық сипаттамасы оның биологиялық ерекшеліктері.

Тәтті бұрыш-алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңт.облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Б-тың 1 түрі -- қызыл Б. (С. annuum) бар. Б. -- жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 -- 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым -- шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың "астрахандық", "болгарлық", "ласточка", "подарок", "ротонда", т.б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Б-тың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б.
Бұрыш (Латын атауы:Capsicum annum) Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Оны, тіпті, бес мың жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтады. Бұрыштың шыққан елі- Перу. Жүгерімен, үрме бұршақпен және асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі болды.
Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. XVI ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропаға тарады және өзінің орнын жерорта теңізі және балқан асханасында тапты. Сонымен қатар, бұрыш - бұл венгрлердің ұлттық көкөнісі және дәмдеуіші. 1912 жылдан бастап, Сковилл межесі - бұрыштың ащылығын бағалауға арналған арнайы меже бар.
Бұрыш - алқа туысына жататын біржылдық бақша өсімдігі. Оның түрі өте көп. Жапырақтары ұзынша келген немесе қысқа табақ тәріздес, жекелей немесе бір түпке жиналып орналасқан, түсі ақшыл жасылдан, қою қара жасыл түске дейін өзгереді. Гүлдері ірі, ақшыл немесе жасыл түсті, түбі сарғыш немесе күлгін болады. Жемісі тұқымды, ортасы бос, қызыл, сары, қызыл-сары, жасыл түсті, түріне қарай пішіні әр түрлі, салмағы 0,25-190 грамм тартады. Бұрыштың Отаны - Америка. Табиғи түрін Американың тропикалық аймақтарында кездестіруге болады. Жер шарының тропикалық және субтропикалық белдеулерінде өсіріледі.
Бұрыш - жылусүйгіш өсімдік, оның қалыпты температурасы - 18-25 °C. Тыңайтылған топырақта ғана жақсы өседі. Бірқалыпты суғарып тұрған жөн. Зиянкестері: карадрина, нематодтар т.б.
Аурулары: солу, вирустар және т.б.
Бұрыш құрамында алкалоид, капсаицин (0,03 % шамасында), қант (8,4 % дейін), ақуыз (1,5 % дейін), С дәрумені (500 мг% дейін), каротин (14 мг%), P, B1, B2 дәрумендері, эфир майы (1,5 %) және майлар (тұқымында 10 %), стероид сапониндері бар.
Бұрыш - Capsicum annum L. Бұршаққынды бұрыш көкөністік және дәмдік болып бөлінеді. Көкөністік немесе тәтті бұрыш тамаққа жас, бұқтырылған, фаршталынған, тұздалған және консервіленген күйінде пайдаланылады. Дәмдік немесе ащы бұрыш әртүрлі тағамға тұздық, сонымен бірге қиярды, самсарды және басқа да көкөністерді тұздағанда дәмдеуіш ретінде қолданыладыБұрыш Жемісі -- етжеңді, іші қуыс, көп тұқымды жидек, салмағы 50 -- 200 г, түсі қызыл, сары, жасыл, қоңыржасыл, 2 -- 4 ұялы болады. Тұқымы дөңгелек, ақсары түсті. Бұрыш дәмдік сапасына қарай ащы, тұщы және жұпарлы сорттарға бөлінеді. Жемісінің құрамындағы капсаицин алкалоиды оған ащы дәм береді. Бұрыш витаминдерге (А, С, т.б.), оның ішінде аскорбин қышқылына өте бай. Жемісінің құрамында белок (тәтті сорттарында 2 -- 5, ащы сорттарында 1 -- 1,5) болады. Б. жемісінің құрамындағы эфир майлары оған өзіне тән жұпар иіс, дәм береді.Бұрыштың(Capsicum annum)100 г - 26 ккал С және А дәрумендерінің, сондай-ақ бета-каротиннің бай көзі. Жасыл бұрыштың құрамында С дәрумені көп, ал сары мен жасылында - бета-каротин көбірек.Бұрышта 5-тен 12 %-ға дейін құрғақ заттар және 2-ден 8%-ке дейін қанттар болады. С дәрумені бойынша ол басқа көкөністерден асып түседі. Тәтті (болгар) бұрыштың 100 г шикі жемісінде 270 мг С дәрумені болады, ащыда - 380 мг, тиісінше А дәрумені 9 және 12 мг. Дәмдік бұрыштың ауыз қуырғыш дәмі, ондағы алкалоид капсаицинаға байланысты; көкөністік бұрышта ол, біршама азырақ болады.Ащы бұрыш тұнбалары емге қолданылады. Бұрышта Р дәруменді белсенділікке ие зат табылды (100 г 33-450 мг). Оның адам ағзасына физиологиялық әсері - қан тамырларының беріктілігін арттырудағы маңыздылығы. Термиялық өңдеуде бұрыш жемісі С дәруменінің 60-70 %-н сақтап қалады. Сондықтан, ол консерві өңдеу өнеркәсібінің бағалы шикізаты болып табылады. Бұрыштың сабағы берік, түп жағы ағаштанады, сондықтан сүйемелдеуді қажет етпейді. Тәтті бұрыштың бұтасы аумақты, ал ащынікі тік өседі. Тамыр жүйесі шашақты, 70 см-ге дейін бойлайды. Тәтті бұрыштың жапырақтары ірі, жұмыртқа тәрізді, тегіс, ащынікі - ұсақ, қандауыр тәрізді. Гүлдері жеке - жеке болады, негізінен өздігінен тозаңданады, бірақ аралардың және басқа да жәндіктердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі үшкір бұршақын тәрізді, 2-4 ұялы, әртүрлі пішінді жидек: тәттісінікі - қалың қабықты (3-6 мм), призма, шар тәрізді; ащынікі - жұқа қабықты (12 мм), ұзын, тұмсық тәрізді.Жемістің түсі қызыл және сары. Тұқымдары жайпақ, ашық - сары, 1000 дәннің массасы 5-6 г. Бұрыш - қысқа күннің өсімдігі, күннің ұзақтығы 10-12 сағат болғанда жақсы дамиды. Көлеңкені көтермейді. Тұқымы 13оС-да өне бастайды. Өсу және дамуы үшін оңтайлы температура - 20-28оС, температура 13оС-дан төмендесе өсуін тоқтатады. Топырақтың ылғалдылығы шекті сыйымдылығының 70-80 % тең болуы керек, ылғал жетіспесе өсімдік бүршігін және жемісін түсіре бастайды.Тәтті бұрыштың сапасына қойылатын талаптар, 13908-68 МҮҚ бойынша жемістері жас, таза, дертсіз, пішіні мен түсі аталған сұрыпқа сәйкес, жеміс сағағы болуы керек. Жемісінің ұзындығы 6 см кем емес, дәмі сүйкімді, сәл ащылау болғаны дұрыс.

3.2.Тәтті бұрыштың тұқым шаруашылығы.
Тәтті бұрыш үшін кеңістік оқшаулау ашық жерде 300 м болуы керек, қорғаулы жерде - 100 м, ащы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында тәтті бұрыш дақылын өсіру
Долананың емдік қасиеті
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Жамбыл облысының бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы
Айва жемісінің ерекшелігі
Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы
Шие тәтті және қышқыл дәмі бар жеміс
Көшетті әдіспен тәтті бұрыш өсіру
Болгар тәтті бұрышы
Бұршақты көкөністер
Пәндер