Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты . . . 4
2. Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы . . . 4
3. Студенттің жеке тапсырмасы. Мақсарының морфологиялық сипаттамасы мен өсіру технологиясы . . . 8
3. 1. Халық шаруашылығындағы маңызы . . . 8
3. 2. Мақсарының морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары . . . 9
3. 3. Өсіру технологиясы . . . 11
3. 4. Мақсарыға арналған тыңайтқыш . . . 12
3. 5. Топырақ өңдеу жүйесі . . . 12
3. 6. Мақсарыны өсіру технологиясы . . . 13
4. Тіршілік қауіпсізділігі . . . 15
Қорытынды . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 18
Кіріспе
Мақсары - жылу сүйгіш, қуаңшылыққа төзімді, қысқа күннің өсімдігі және құрғақ континентальді климатқа жақсы бейімделген. Жылуға талабы ерекше, әсіресе гүлдену және тұқымының пісуі кезеңдерінде оны өте қажетсінеді. Құрғақшылыққа қарағанда осы кезеңдердегі жауынды күндерді қаламайды, өйткені жауынды күндері өсімдік нашар тозаңданады және шіру қаупі туындайды. Мақсары тұқымы +1-2°C өне бастайды, +4-5°C жеткенде толығымен өнеді. Егер топырақтың тұқым сіңіру қабатындағы температура +5 °C болса, онда өскін - 16 тәулікте, 9°C - 9 тәулікте, ал 15°C - 4 тәулікте пайда болады. Мақсарының өсіп жетілуі үшін қажетті 5°C жоғары температура жиынтығы - 2000-2900°C, ал 15°C жоғары - 1500-2400°C. Мақсары өніп- өсу барысында тұқым жарнағын жер бетіне шығарады. Өскіні пайда болғаннан кейін 60-70 тәуліктен кейін гүлдейді, гүлдену кезеңі 25-30 күнге созылады. Алдымен негізгі сабақтағы орталық тостағаншалар гүлдей бастайды, содан кейін бұтақтағы тостағаншалар гүлдейді. Гүлдену тұқымның пісуі кезең аралық ұзақтығы 30-40 күндер құрайды.
Мақсарының вегетациялық кезеңінің ұзақтығы себу мерзіміне және өсіру жағдайына байланысты кең ауқымда өзгереді. Дақылдың көктемгі егісінде вегетация кезеңі 110-115 күнге созылса, ал күзде себілген мақсары 200 күнде піседі. Қазақстанның оңтүстігінде дақылдың вегетация кезеңінің ұзақтығы 109-116 тәулікке тең.
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2, 8 га, оның ішінде 0, 5 га интенсивтік бағы, 0, 2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т. б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.
2. Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары
Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3, 9°, ал шілде айында 27, 5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1, 3 тен 1, 8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0, 08 ден 0, 15%, кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1, 5-3, 0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық, жима тарғақ, еркекшөп, тарлау, шалғынды қоңырбас, шалғындық атқонақ, қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық, жима тарғақ, еркекшөп, тарлау, шалғынды қоңырбас, шалғындық атқонақ, қамыс қүрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы және күздік
жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6, 8 ц/га. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыкка пайдаланады, орташа өнімділігі 15 ц/га.
Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4, 1%; азот - 0, 216, фосфор -0, 191%, калий 1, 9-2, 1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мг/кг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мг/кг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (1 кесте) .
Тығыз қалдық мөлшері 0, 074-0, 090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.
Жалпы сілтілік (НСО 3 ) - 0, 041-0, 047%.
Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0, 08-0, 11 мг/экв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са 2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1, 09; Ві (25-42 см) -1, 25; В 2 (42-60 см) - 1, 19 г/см 3
Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мг/кг), ауыспалы калиймен (514-1036 мг/кг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34, 8-41, 3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1, 27-1, 33г/см 3 ) жэне кеуектілігімен (48, 3-52, 1%) ерекшеленеді.
Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды - сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері
Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т. б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.
2 кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабаттың орташа тығыздылығы - 1, 37 г/см 3 құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің жэне агрегаттар құрылымының орналасуына байла-нысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1, 27-1, 33 г/см 3 аралығында ауытқиды.
Кесте 2
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері
Көлемдік салмақ,
г/см 3
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41, 8 - 50, 0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0, 25-10, 0 мм мөлшердегі агрегаттар 60, 5-79, 7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.
3. Студенттің жеке тапсырмасы:Мақсарының морфологиялық сипаттамасы мен өсіру технологиясы.
3. 1. Халық шаруашылығындағы маңызы.
Археологиялық қазбалардың және әдебиет көздерінің куәлендірулерінше мақсары өте көне дақылдар қатарына жатады. Себебі, мақсары дақылының гүлінен жасалған бояулармен мысыр елінде оралатын маталар боялған. 2100 жылдан астам тарихы бар мәдениленген дақыл. П. П. Вавиловтың (1979) деректері бойынша, мақсары дақылы ертеректе Үндістанда, Египетте, Ауғанстанда, Орталық Азияда және Кавказ мемлекеттерінде белгілі болған. Аталған елдерде мақсарыны бояғыш және әсемдік зат ретінде пайдаланған. Оның латынша Cartamus атауы арабтың carton -бояу деген сөзінен шыққан, өйткені мақсары гүлдерінде картамин пигменті бар. Бұл пигменттің ерекшелігі - суда сары түске, ал спиртте - қызыл түске боялады.
Орта Азия елдерінде мақсары ертеде белгілі болған. Бұл өңірде мақта шаруашылығына дейін жергілікті тұрғындар мақсары тұқымын тағамдық майға және пілте шамға пайдаланған.
Алғашқыда мақсарыны бояғыш зат ретінде қолданған, кейіннен химиялық жолмен арзан және жоғары сапалы бояулардың алынуына орай, дақылдың бояу ретіндегі өндірістік маңызы жойылып, оны өсімдік майын алуға, дәрі - дәрмек жасауға және мал азығына өсірген.
Мақсары тұқымшасындағы жалпы май мөлшері 25-37%, ал ядросына 50-56% дейін ақшыл сары түсті бағалы сұйық майы болады. Өсімдік майының дәмділігі және жұғымдылығы күнбағыс майына пара-пар, ал тек қана ядросынан сығылған майдың сапасы зәйтүн майынан кем түспейді.
Халықтық медицинада мақсары жапырақтары, гүлдері және майынан әр түрлі дәрі дәрмектер жасалады, сонымен қатар, өсімдік майын сыр-бояу, линолеум, сұйық сабын өндірісінде т. б. техникалық мақсаттарда пайдаланады. Мақсары тұқымы құстардың азығы, әсіресе оны тауыққа берсе, қыс айларында жұмыртқалағыштық мүмкіндігі артады. Дәнін құрама жемге қосып сауын сиырларды азықтандырса, онда сүттің майлылығы жоғарылайды. Қабығы аршылған мақсары тұқымынан алынған күнжарасы - бағалы мал азығы. Қабықта және ядросының жұқа пергамент қабықшасында ащы заттардың болуы қабығын аршымай сығылған май күнжарасының сапасын төмендететін ащы дәм береді, бірақта оны басқа азық түрлеріне қосып, малдарды азықтандыруға болады. Мақсары күнжарасы құрамында орта есеппен 20, 4% протеин бар, 1 кг күнжарасының қоректілігі 0, 75 азықтық өлшемге тең. Соңғы кезде, көптеген елдерде мақсары мал азықтық дақыл ретінде танылуда. Себебі, оның көк балаусасының пішенінің және сүрлемінің қоректік қасиеттері жоғары. Мақсарының 100кг жасыл балаусасында 22, 7 азықтық өлшем және 2, 91 кг қорытылатын протеин болса, осындай мөлшерлі сүрлемінде олар тиісінше 15 а. ө. және 1, 3 кг. С. Н. Прянишников (1963) деректері бойынша, мақсары пішенінің құрамында 16, 5% шикі протеин және 48-50 азықтық өлшем болады.
Мақсарының дүниежүзіндегі егіс көлемі 2, 0 млн гектарға жуық. Ең көп егісі Үнді, Мексика, АҚШ, Қытайда. Қазақстан Республикасы мақсары егісі ауданы жағынан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші орын алады. Егер, 1930 жылы Республикада мақсарының егіс ауданы 6, 6 мың га болса, 2004 жылы 106 мың га, ал 2009 жылы ол көрсеткіш 170 мың гектарға жетті. Тұқым өнімділігі 6-7 ц/га құрайды. Мақсары дақылы негізінен еліміздің оңтүстік өңірінде тәлімі жерлерде (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстары) өсіріледі. Соңғы жылдары ол Қазақстанның солтүстігінде және батысында да өсіріле бастады.
3. 2. Мақсарының морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары.
П. М. Жуковскийдің (1964) жүйелеуі бойынша мақсарының 19 түрі белгілі, олардың ішіндегі егіске пайдаланып жүрген мәдени түрі (Cartamus tinctorius L. ) - астра тұқымдасына (Asteraceae) жататын біржылдық қосжарнақты өсімдік. Ол 6 типті біріктіреді және республикада өсірілетін мақсары сорттары Түркістан типіне жатады. Дақылдың тамыр жүйесі жақсы дамыған (Сурет 36) . Негізгі кіндік тамыр
жүйесінің ұзындығы 2-3 м дейін жетеді және жанама тамырлары негізгі тамырдан 60-90 см дейінгі қашықтықта орналасады. Мақсары тамырының тереңге бойлауы өсу жылдамдығы және топырақ қабатында бөліну сипаты ондағы ылғал мен қоректік заттардың орналасуына тікелей байланысты. Дақыл топырақтың төменгі қабатынан ылғал мен қоректік заттарды сіңіре алады, сондықтан құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді (Арыстанкулов С. С., 2008) .
Мақсары сабағы тік өседі, цилиндр пішінді, сырты жылтыр, әрі түксіз, түсі солғын ақшылт-жасыл. сабағының биіктігі сортына және климат жағдайына байланысты 50-100 см аралығында ауытқиды. Сабағы төменнен жоғары қарай жіңішкере береді және төменгі бөлігінің диаметрі 3-12 см аралығында. Биіктігі сортына байланысты өзгереді.
Мақсары жапырақтары - отырмалы, сағақсыз, жалаңаш, етті, ланцетті пішінді және сабақта бір біріне қарама қарсы орналасады. Жапырағының шеттері тісті, түрлеріне қарай өткір тікенді немесе тікенсіз болады. Сабақтың ортасындағы жапырақтары ірі, ал жоғары жағындағылардың аумағы кішірейіп, гүл шоғыры орамына айналады. Толық жетілген жапырақтарының ұзындығы 9-25 см, ені 3-8 см. Бір өсімдікте 80-200 дана әртүрлі көлемді жапырақтар қалыптасады.
Мақсарының гүл шоғыры - диаметрі 1, 5-3, 5 см тостағанша. Гүлдері түтікті, бес бөлікті күлтешелерден тұрады, сары немесе қызғылт түсті, оның құрамында бояғыш зат картамин болады, жатыны бір ұялы және бағаналы. Дақыл көбінесе жәндіктер арқылы айқас тозаңданады. Жемісі ақ түсті тұқымша, жалаңаш, жылтыр, төрт қырлы. Бір өсімдікте 5-50 тостағанша, оның әрқайсысында 25-60 дана тұқымша болады. 1000 тұқымшаның массасы 25-52 г. Аралығында ауытқиды. Қауыздылығы тұқым массасының 40-60% құрайды, қабығы қатты, панцирлі. Піскен кезде тұқымы шашылмайды, өйткені орамының ішкі жапырақшалары тығыз қабысып тұрады.
Мақсары - жылу сүйгіш, қуаңшылыққа төзімді, қысқа күннің өсімдігі және құрғақ континентальді климатқа жақсы бейімделген. Жылуға талабы ерекше, әсіресе гүлдену және тұқымының пісуі кезеңдерінде оны өте қажетсінеді. Құрғақшылыққа қарағанда осы кезеңдердегі жауынды күндерді қаламайды, өйткені жауынды күндері өсімдік нашар тозаңданады және шіру қаупі туындайды. Мақсары тұқымы +1-2°C өне бастайды, +4-5°C жеткенде толығымен өнеді. Егер топырақтың тұқым сіңіру қабатындағы температура +5 °C болса, онда өскін - 16 тәулікте, 9°C - 9 тәулікте, ал 15°C - 4 тәулікте пайда болады. Мақсарының өсіп жетілуі үшін қажетті 5°C жоғары температура жиынтығы - 2000-2900°C, ал 15°C жоғары - 1500-2400°C. Мақсары өніп- өсу барысында тұқым жарнағын жер бетіне шығарады. Өскіні пайда болғаннан кейін 60-70 тәуліктен кейін гүлдейді, гүлдену кезеңі 25-30 күнге созылады. Алдымен негізгі сабақтағы орталық тостағаншалар гүлдей бастайды, содан кейін бұтақтағы тостағаншалар гүлдейді. Гүлдену тұқымның пісуі кезең аралық ұзақтығы 30-40 күндер құрайды.
Мақсарының вегетациялық кезеңінің ұзақтығы себу мерзіміне және өсіру жағдайына байланысты кең ауқымда өзгереді. Дақылдың көктемгі егісінде вегетация кезеңі 110-115 күнге созылса, ал күзде себілген мақсары 200 күнде піседі. Қазақстанның оңтүстігінде дақылдың вегетация кезеңінің ұзақтығы 109-116 тәулікке тең ( Арыстанғұлов С. С., 2003) .
Мақсары - жарық сүйгіш өсімдік. Жарықтың жақсы түсуі дақыл тамырының тереңге бойлауына, жапырағының мол болуына, ерте гүлденуіне септігін тигізеді және тозаңдануы жақсарады.
Мақсары қуаңшылыққа төзімділігі жоғары бола тұра, ылғалды да қажетсінеді. Дақыл тұқымы топырақтан өз массасынан 30-40%-дан ылғал сіңіргеннен кейін өне бастайды. Ылғалға барынша қажетсіну кезеңі шашақтану гүлдену, осы кезеңде ылғалдың молдығы өсімдік қуаттылығы мен өнімділігін арттырады, ал аз болуы бұтақтануды азайтады, жапырақ көлемін кішірейтеді және өнімділікті төмендетеді.
Топырақ типі мен қоректік заттарға талаптары. Көптеген ғалымдардың тұжырымы бойынша мақсары топырақ талғамайды, құнарлылығы төмен жерлерде де тәп тәуір өнім қалыптастырады.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғалымдарының (С. С. Арыстанқұлов, 2008) зертханалық тәжірибелерінде мақсары тұқымы ас тұзының әртүрлі концентрацияларында сыналған (NаCL - 0, 25-1, 0%) тұз мөлшерінің жоғарлауына қарамастан зертханалық өнгіштік 60-70% - дан төмендемеген. Тұзға төзімділік жергілікті жағдайға бейімделіп өскен тұқымдарда сырттан әкелінгенге қарағанда 10-15% жоғары болған.
Мақсарының жақсы өсіп дамуы үшін топырақ реакциясы рН 5-8 аралығында болғаны дұрыс.
Мақсарының топырақтан сіңіретін қоректік заттарының мөлшері дақылдың сортына, вегетация кезеңінің ұзақтығына, жапырағының ассимиляциялық белсенділігіне, топырақ және ауа - райы жағдайына, ылғал қабылдау мүмкіндігіне, топырақ құнарлығына және өсіру технологиясына байланысты өзгереді. Мақсары дақылы азот, фосфор және калий элементтерін өсіп дамуының барлық кезеңдерінде қажетсінеді, алайда өсімдіктің қоректік заттарды ең көп қажет етуі шашақтану- гүлдену кезең аралығына сәйкес келеді. Бұл мезгілде топырақтан азоттың барлық қажетті мөлшерінің 60%, фосфор қышқылының - 80% және калийдің - 90% шығындайды.
3. 3. Өсіру технологиясы.
Ауыспалы егістегі орны. Егістік дақылдардан жоғары және тұрақты өнім жинауды тек қана ғылыми негіздегі ауыспалы егісті дұрыс пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Д. С. Васильев, Н. Г. Потеха (1986) пікірлерінше, жаздық және күздік астық дақылдары, дәндік және сүрлемдік жүгері мақсарыға жақсы алғы дақыл болып табылады. Я. Н. Момот (1956) тәжірибе деректеріне сүйене отыра, мақсары оңтүстіктің ыстығына және қуаңшылығына төзімді дақыл болғандықтан алғы егіс таңдамайды деп есептейді, сондықтан оны әртүрлі алғы дақылдардан кейін орналасыра беруге болады. Алайда, ауыспалы егісте астық дақылдарынан кейін өсіру тиімді, кейбір жағдайда монодақыл есебінде бір орында бірнеше жыл өсірілуі мүмкін. Ван Жау Му (1993) ұйғарымынша, мақсарыға жақсы алғы дақылдар - бұршақ, картоп, жүгері және бидай. Мақсарының өзі де астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады.
3. 4. Мақсарыға арналған тыңайтқыш.
Мақсары танаптарына қолданылатын тыңайтқыштар жүйесі сүдігерге сіңірілетін негізгі тыңайтқыштардан, тұқыммен бірге берілетін және үстеп қоректендіруден тұрады.
Мақсары танаптарына органо- минералды тыңайтқыштар беру өнімділікті және тұқымша сапасын жақсартады. Ван Жау Му (1993) ҚХР жағдайында мақсары танаптарына 30 т/га көң шашуды ұсынған, көптеген зерттеушілер мақсары егісіне 40-60 кг мөлшерінде азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын беруді ұсынады. Кейбір ізденушілер пікірінше, минералды тыңайтқыштарды негізгі тыңайтқыш ретінде беруден гөрі, үстеп қоректендіру пайдалы деген тұжырымға келеді.
Республиканың ылғалмен қамтамасыз етілген аудандарында мақсары танаптарына азот 40-60 кг, фосфор - 60кг және 30кг мөлшерінде калий тыңайтқышын беру өнімділікті және дән майлылығын көтеруге әсерін тигізеді. Фосфордың жарты мөлшері мен калий толықтай сүдігер жыртар алдында азот пен фосфор тұқыммен бірге, қалған мөлшерді бірінші культивациямен бірге енгізеді.
3. 5. Топырақ өңдеу жүйесі.
Мақсары танаптарында жүргізілетін негізгі топырақ өңдеу жүйесіне аңызды сыдыра жырту және күздік сүдігер тарту жатады. Республиканың оңтүстінде масақты астық дақылдарын жинап алғаннан кейін күзде танап 6-8 см тереңдікке сыдыра жыртылып, содан кейін 1-2 аптадан соң 20-22 см тереңдікке соқамен аударылып жыртылады.
Қытай Халық Республикасының Қазақстанмен шектес аймақтарында мақсары танаптары күзде 25-27 см тереңдікке жыртылады, себебі өсімдіктің тамыр жүйесі тереңге бойлайды. (Ван Жау Му, 1993) .
Ерте көктемде сүдігер тырмаланып, қажетінше 1-2 рет культивацияланады. Себер алдындағы культивацияға дейін арамшөптерге тқарсы топырақ гербициді бүріккіш құралмен бүркіліп (ПОУ) іле тырмамен жабылады. Көпжылдық және біржылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы торфи (2, 0-2, 5 л/га), трефлан (4-10 л/га), астық тұқымдас арамшөптермен күресу үшін фюзилад супер (1-2 кг/га біржылдық және 2-4 кг/га көпжылдық арамшөптерге қарсы) қолданылады.
3. 6. Мақсарыны өсіру технологиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz