Ылғалсүйгіш өсімдік


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты . . . 4
2. Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы . . . 5
3. Студенттің жеке тапсырмасы. Орамжапырақтың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері . . . 8
3. 1. Орамжапырақтың ботаникалық және биологилық ерекшеліктері . . . 8
3. 2. Биологиялық сипаттамасы . . . 8
3. 3. Ақ қауданды орамжапырақ . . . 10
3. 4. Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы . . . 11
3. 5. Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы . . . 12
4. Тіршілік қауіпсізділігі . . . 15
Қорытынды . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 18
Кіріспе
Орамжапырақ - суыққа төзімді өсімдік. Түқымдары 2-1 жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын үдерісі де жеделдей түседі. 11°С жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура оңтайлы (18-20°С) болғанда 3-4 тәулікте пайда болады.
Орамжапырақ 5°С жылылықта өсе бастайды, бірақ оңтайлы жылылық 15-18° С. Оның жақсы шынықтырылған; көндіккен көшеттері еткінші 5-6°С бозқырауға шыдайды, ал шынықтырылмаған және көндікпеген көшеттері 2-3 °С бозқырауда зақымданады. Орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптарының қаудандары күзде температураның - 6°С дейін төмендегеніне шыдайды. Жазда температура 25°С-дан жоғарлағанда әлсірейді, есінді кезеңі үзарады, енімі төмендейді. Ал кейбіреулері тіпті, қауданын қалыптастырмауы да мүмкін.
"Орамжапырақ - жарық сүйгіш өсімдік, әсіресе, көшеттік кезінде келеңкелеуді кетермейді. Қалыпты өсуі және дамуы, күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы етеді. Күннің ұзақтығы 14 сағат болғанда, өсімдіктің көлемі кішірейеді, ал күннің ұзатығы 9 сағат болғанда, өсімдіктің қатты күйзелуі байқалады. Кешет 4-5 жапырағын ұзақ кұнде 30-35 тәуліктен соң, ал қысқа күнде (оңтүстікте болады) 55-60 тәуліктен кейін қалыптастырады. Орамжапырақ жарық қарқындылығына аса жоғары талап қоймайды. Оны жасанды жарықта өсіруғе болады: 16 сағат бойы 3 мың люкс жарық жеткілікті.
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2, 8 га, оның ішінде 0, 5 га интенсивтік бағы, 0, 2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т. б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.
2. Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары
Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3, 9°, ал шілде айында 27, 5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1, 3 тен 1, 8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0, 08 ден 0, 15%, кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1, 5-3, 0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық, жима тарғақ, еркекшөп, тарлау, шалғынды қоңырбас, шалғындық атқонақ, қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық, жима тарғақ, еркекшөп, тарлау, шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ, қамыс қүрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы және күздік
жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6, 8 ц/га. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыкка пайдаланады, орташа өнімділігі 15 ц/га.
Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4, 1%; азот - 0, 216, фосфор -0, 191%, калий 1, 9-2, 1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мг/кг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мг/кг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (1 кесте) .
Тығыз қалдық мөлшері 0, 074-0, 090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.
Жалпы сілтілік (НСО 3 ) - 0, 041-0, 047%.
Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0, 08-0, 11 мг/экв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са 2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1, 09; Ві (25-42 см) -1, 25; В 2 (42-60 см) - 1, 19 г/см 3
Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мг/кг), ауыспалы калиймен (514-1036 мг/кг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34, 8-41, 3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1, 27-1, 33г/см 3 ) жэне кеуектілігімен (48, 3-52, 1%) ерекшеленеді.
Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т. б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41, 8 - 50, 0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0, 25-10, 0 мм мөлшердегі агрегаттар 60, 5-79, 7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.
Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды - сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері
3. Жеке тапсырма: Орамжапырақтың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
3. 1. Орамжапырақтың ботаникалық және биологилық ерекшеліктері.
Сабағы келте, жартысында қауда- ны орналасңан, сабағының теменгі жағында жапырақ- тары орналасңан. Ерте пісетінінде 10-15 жапырақ, ор- ташасында 20-25, кеш пісетінінде 22-35 жапырақ ор- наласқан. 28 Қаудан сабақтың үстіңгі жағында орналасады, жа- пырактары бірінің үстіне бірі орналасқан. Орамжапырац - суыққа төзімді өсімдік. Түқымдары 2-3° С-та көктейді. Көшеттері жақсы өсуі үшін 12-15° С жылу қажет етеді. Ал 25° С ыстық өсуіне кедергі жасай- ды. Ылғалсүйгіш өсімдік. Қауданын байлау кезінде кү- ніне 10 л су талап етеді, топырақтың ылғалдылығы 80% болу керек. Күн сүйгіш «үзақ күндік» өсімдік. Жеңіл қүмды, ауыр балшықты тасты жерлерде өспейді. Топы- рақтың қүнарлығының жоғары болуына тәуелді болады. Орамжапырақ негізінен айқышгүлділер түқымдаста- рына жатады, айқасы будандасады. Орамжапырақ - екі жылдық өсімдік, бірінші жылы жемістерін түзеді, яғни сабақтары мен қаудандарын түзеді, екінші жылы жақ- сы дамып, бойы 1 м 0, 75 см-ге дейін өсіп гүлдеп, түқым- дарын түзеді. Орташа өнімділігі 20-30 т/га, жоғарғы өнімділігі 60-70 т 1 га-дан өнім алуға болады. Орамжа- пырақ ақ қауданды, қызыл қауданды, түрлі түсті қау- данды, савойлік, брюссельдік, пекиндік болып бірнеше түрлерге бөлінеді
3. 2. Биологиялық сипаттамасы.
Орамжапырақ - екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарьн және қауданын (кольрабидікі жеміс сабақ), екінші жылы гүл өркендсрін, бұршаққындарьн және тұқымдарын қалыптастырады. Түсті, пекин жене брокколи түрлері-біржылдықтар. Сабақтың қаудан ішіндегі бөлігін ішкі (өзек), оның сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа (10-15 см) сұрьштар жеңіл, құрғақ құмды жерлерге, ал үзын зігіріктілері
(25 см асатьшдар) ылғалды шым тезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге болатьш топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға болады.
Қаудан - өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әртүрлі - шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады; тығыздығы бойынша -өте тығыз, борпылдақ және өте борпылдақ. Сұрпына және өсу жағдайына байланысты қауданның салмағы 0, 5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ, сарғыш, ақ сары, жасыл сары болуы мүмкін. Түсті орамжапырақта үстіңгі ашық бүршік өзінің дамуын ірі гүл шоғырымен - шоқпарбаспен аяқтайды. Ол тамаққа пайдаланатын, бірнеше қысқа гүл сабақтарынан тұрады.
Орамжапырақ - суыққа төзімді өсімдік. Түқымдары 2-1 жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын үдерісі де жеделдей түседі. 11°С жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура оңтайлы (18-20°С) болғанда 3-4 тәулікте пайда болады.
Орамжапырақ 5°С жылылықта өсе бастайды, бірақ оңтайлы жылылық 15-18° С. Оның жақсы шынықтырылған; көндіккен көшеттері еткінші 5-6°С бозқырауға шыдайды, ал шынықтырылмаған және көндікпеген көшеттері 2-3 °С бозқырауда зақымданады. Орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптарының қаудандары күзде температураның - 6°С дейін төмендегеніне шыдайды. Жазда температура 25°С-дан жоғарлағанда әлсірейді, есінді кезеңі үзарады, енімі төмендейді. Ал кейбіреулері тіпті, қауданын қалыптастырмауы да мүмкін.
"Орамжапырақ - жарық сүйгіш өсімдік, әсіресе, көшеттік кезінде келеңкелеуді кетермейді. Қалыпты өсуі және дамуы, күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы етеді. Күннің ұзақтығы 14 сағат болғанда, өсімдіктің көлемі кішірейеді, ал күннің ұзатығы 9 сағат болғанда, өсімдіктің қатты күйзелуі байқалады. Кешет 4-5 жапырағын ұзақ кұнде 30-35 тәуліктен соң, ал қысқа күнде (оңтүстікте болады) 55-60 тәуліктен кейін қалыптастырады. Орамжапырақ жарық қарқындылығына аса жоғары талап қоймайды. Оны жасанды жарықта өсіруғе болады: 16 сағат бойы 3 мың люкс жарық жеткілікті.
3. 3. Ақ қауданды орамжапырақ.
Вгassica оіегасеа саріtala alba L . . Қазіргі кезде орамжапырақ әлемде 800 мың га жерге өсіріледі . ТМД елдері оны өсіруде бірінші орында: жылдағы егіс көлемі 250 мыңдай га. Ерте пісетін сұрыптарының орташа өнімділігі 100-200 ц/ға, кеш пісетіндерінікі - 300-400 ц/га. Бір қауданның массасы 16 кг дейін болады. Қазақстанда орамжапырақты 15 мың га артық жерге өсіреді. Негізгі егістіктері Алматы, Оңтұстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Қазақстанның солтүстігінде орамжапырақ 3, 4 мың ға жерде өсіріледі. Шаруашылық тұрғыдан алғанда етістіктің 65 % үй маңайындағы шаруашылықтада орналасқан. Ең жоғары өнімділік шаруа қожалықтарында және үй маңайындағы жерлерде. Қазақстанда ең жоғ арғы өнімділкті Алматы және Шығыс Қазақстан Обыстарында (260-275 ц/ ға) жинауда.
СҰРЫПТАРЫ. Ерте пісетіндер. Ерте пісетін сұрыптарды жазда балаң күйінде пайдаланады.
Номер первый Грибовский -147 . Көкөніс Селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ - да шығарылған. Кең тараған, өнімді сұрып. Қауданы кішкентай, домалақ, тығыздығы орташа, массасы 1-1, 5 кг, жарылуға бейімді және орамжапырақ шыбынымен қатты зақымданады.
Руиновка. Беларусс картоп шаруашылығы және жеміс көкөніс шаруашылығы селекциясы ҒЗИ-да шығарылған. Қауданы домалақ жайпақ тығыз. Жоғары өнімді, ашытуға пайдаланылатын сұрып.
Ең кеңірек таралғаны - ақ қауданды орамжапырақ. Бұл оның жоғары дәмдік қасиеттеріне және тағамға алуан түрлі пайдалануына байланысты. Шикі, пісірілген, қуырылған, тұздалған және маринадталынған күйінде пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы. Ерте пісетін және сақтауға шыдамды, кеш пісетін сұрыптары жыл бойы балаң (жас) күйінде пайдалануға мүмкіндік береді. Орамжапыраққа емдік қасиет те тән. Оның даңқы ғасырлар бойы қалыптасқан. Ескілікті емдік кітаптарда, сонымен қатар Батыс Еуропа және Азия елдерінде орамжапырақпен емдеуге болатын бауырдың және буындардың жара, құрқұлақ және т. б. аурулардың ұзақ тізімі келтірілген. Орамжапырақтың көптеген емдік қасиеттерін қазір ғылым дәлелдеп отыр. Медицина академиясының қоректендіру институты бір адамға жылына 34 кг орамжапырақ жеуге ұсынады. Орамжапырақтың шырыны өте пайдалы. Қазір дәрі дәрмек өнеркәсібі жас өсімдіктен ақ сары және қоңыр түсті құрғақ шырынды ұнтақ дайындауда. Ол асқазан және ұлтабар жараларын, атеросклероз және басқа да ауруларды емдеуге қолданылады. Түсті, брокколи, брюссель, савой орамжапырақтары өте аз тараған, сонымен бірге олар ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда дәмдік қасиеттері жоғарырақ, сіңімді ақуыз бен дәрумені көбірек, өздеріне назардың әсіресе әуесқой - бақшашылардың молырақ аударғанын қажет етеді.
3. 4. Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы
Ерте пісетін орамжапырақты жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда орналастыру керек. Ең жақсы алғы дақылдар - қияр, тамыржемістілер, қызанақ, ерте пісетін картоп. Ерте пісетін орамжапырақты теқ көшетпен өсіреді. Ауа райы жағдайына қарай: аймақтың оңтүстік аудандарында көшеттерді ашық жерге, мамырдың бірінші онкүндігінде, солтүстігінде - мамырдың орта кезінде отырғызады. Отырғызуды кешеуілдету оның өнімділігін кемітеді және өнім жинау мерзімін кейінге шегереді, бұл ерте пісетін орамжапырақ технологиясының экономикалық тиімділігін төмендетеді.
Орамжапырақты зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін химиялық және биологиялық тәсілдерді қолданады, агротехникалық шаралар (ауыспалы егісті сақтау, жоғары сапалы көшеттер өсіру, төзімді сұрыптарды қолдану) жүргізіледі.
Орташа және кеш пісетін орамжапырақ сұрыптарының агротехникасы.
Орташа және кеш пісетін орамжапыратың сұрыптарын жер асты сулары жақын орналасқан топырақтарда, көшетпен және көшетсіз өсіреді.
Көшетпен өсіру. Орташа мерзімде және кеш пісетін орамжапырақтарды оцпаң телімдерде орналастырады, ең дұрысы - өзен және су жайылмасы. Отырғызуға 35-40 күндік көшеттерді пайдаланады. Олардың отырғызу мерзімін дұрыс таңдау өте маңызды.
Орташа мерзімде пісетін орамжапырақтың көшеттерін ерте пісетін орамжапырақты отырғызғаннан соң, мамырда, тек маусымның бірінші аптасынан кешіктірмей отырғызу керек.
Көшетсіз өсіру. Орамжапырақты көшетсіз өсіру көшет тәсілімен салыстырғанда тиімдірек болып келеді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ деректерінде көшетпен есірген орамжапырақтың гектарлық өнімділігі 386 ц болған, ал көшетсізінікі - 397 ц. Аз шығынға байланысты 1 ц өнімнің өзіндік құны 20 % төмендеген.
Көшетсіз өсірілген орамжапырақ суыққа шыдамды, 4-5 °С уақытша ызғарларға күйзеліссіз шыдайды. Өсу үдерісі кезінде топыраққа терең бойлайтын қуатты тамыр жүйесін дамытады, бұл осімдіктің қорекпен жөне сумен қамтамасыздануын жақсартады. Бұл суару арасындағы ұзақ үзілістерге және жаздың жоғары температурасына шыдауға мүмкіндік береді. Көшетсіз өсіргенде өсу даму кезеңі 13-15 тәулікке қысқарады.
3. 5. Ерте пісетін орамжапырақты көшетін өсіру.
Ерте пісетін орамжапырақтың тұқымын жылы булыжайларға 15-20 наурызда сепкенде грунтқа отырғызарда көшеттің жақсы дамыған 4-5 жапырағы және жасы 45-50 тәуліктік болсын деген есеппен жүргізеді. Тұқымды сеуіп болғаннан кейін булыжайлардың кәсектерін жабады, оның үстіне бойра жауып, температурасын 18-20оС-ға жеткізеді. Алғашқы өскіндер пайда болғанда бойраларды алады, температураны 6-8оС төмендетеді және 4-5 тәулік барлық тұқымдар өскін бергенше осы деңгейде ұстайды. Одан әрі температураны шуақты күні 16-18оС, бұлтты күндері 12-14оС ұстайды, түнде 10оС-ға дейін төмендетеді. Салқын және желді күндері булыжайларды суытып және көшеттерді тоңазытып алмас үшін, көлемі 180x120x100 см жеңіл қаңқалы, жарық өткізгіш пленкамен жабылған күрке қолданылады. Көшеттерді сирек, бірақ көл-көсір етіп суландырады. Дұрысы таңертең шуақты күнде сәл жылытылған сумен суарып, көшеттерді буландырып алмау үшін булыжайды іле желдету.
Көшетті үш рет үстеп қоректендіреді. Бірінші рет үстеп қоректендіруді - кәдімгі екі жапырақ пайда болғанда. Бір шелек суға - 20 г аммиак селитрасы, 35 г суперфосфат және 10 г хлорлы калий. Осы ерітіндіні бір кәсекке жұмсайды. Осыдан кейін көшетті таза сумен суландырады. Екінші коректендіруді біріншіден бір апта өткен соң жүргізеді (30 г аммиак селитрасын, 80 г суперфосфатты, 25 г хлорлы калийді бір шелек суға), үшіншісін - (тыңайтқыштардың осындай мөлшерімен) көшеттерді топыраққа отырғызардан 2-3 тәулік бұрын. Ашық жерге отырғызар алдында көшет шынығуы керек. Жақсы шыныққан көшет -6оС-ға дейінгі аязға шыдайды. Шынықтыруды көшеттерді іріктеуге 10-12 тәулік қалғанда бастайды. Ол үшін булыжайлардың кәсектерін алғашқыда бір күнге, сосын, егер түнде үсік болмайтыны белгілі болса, онда түнде де ашық қалдырады. Көшіріп отырғызардың алдындағы 3-4 тәулікте көшеттерді жаппайды. Көшетті көшіріп отырғызардың алдындағы күні көл-көсір етіп суарады, суаруды өсімдікті іріктер алдында 2-3 сағат бұрын қайталайды. Көшеттердің тамырына зиян келтірмес үшін, оларды топырақ кесегімен алуға тырысады.
3. 6. Орташа мерзімде пісетін орамжапырақ көшетін өсіру.
Орташа мерзімде пісетін орамжапырақтың көшеттерін кеш және күн сәулесімен жылынатын булыжайларда, сондай-ақ салқын жүйектерде өсіреді. Кеш булыжайларға қалыңдығын 15-20 см етіп ыстық қи төгіп, үстіне 10-12 см қалыңдықпен булыжай (қарашіріндімен топырақ қоспасы) топырағын салады. Себуді 20-25 сәуірде жүргізеді. Бір кәсек астына 6-8 г тұқым себеді. Өсімдіктерді 6x4 см қоректік алаңымен орналастырады және көшіріп отырғызбай өсіреді. Бір кәсектен 650-ге жуық көшет алынады. Топыраққа 4-5 жапырағы бар, жасы 35-40 тәуліктік көшетті отырғызады.
3. 7. Орамжапырақтың тұқым шаруашылығы.
Тұқым шаруашылығының бірінші жылдағы негізгі міндеті - сау аналықтарды алу. Олардың сапасына жоғары талаптар қойылады. Аналық егістіктің бір гектарынан 50% аспайтын өсімдіктерді таңдап алады. Сондықтан, келесі жылы бір гектарға отырғызу үшін 2 гектар аналық егісі қажет.
Қызыл қауданды орамжапырақ. Вгаssіса оlеагсеа үаг. Саpitalа rubra L. Табиғаты және шығу орталығы бойынша ақ қауданды орамжапыраққа ұқсас. Одан қызыл көң реңмен және жапырақтың, қауданның кішірек көлемімен ерекшеленеді.
Қызыл қауданды орамжапырақтың күлгін түсі вакуоль шырынының құрамындағы антоцианға байланысты. Ал, оған Р дәрумендік белсенділік тән-адам және жануар ағзасына игілікті әсер етеді, қан тұтікшелерінің серпімділігін кетерін, олардың өткізгіштігін бірқалыпқа келтіреді. Қызыл қауданды орамжапырақты салат дайындауға пайдаланады. Ашытуға жарамайды.
Түсті орамжапырақ Вгаssіса оlеагсеа үаг. Саpitalа rubra Бір жылдық өсімдік, отырғызылған жылы гүлдегіш сабақтарын тұқымдарын қалыптастырады. Орамжапырақ өсімдіктердің ішінде тағамдық және дәмдік қасиеттері бойынша бірінші орында тұр. Құрамында жеңіл сіңетін ақуыздар, қанттар, минералды тұздар, дәрумендер бар. Тамаққа ақ, қысқа, жуан, тығыз шоғырланған гүл сабақтары пайдаланылады, олар ұзын сағақта орналасқан қуатты жапырақ дегелегі қалыптасқаннан кейін пайда болады.
СҰРЫПТАРЫ.
Гарантия. К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының көкөніс тәжірибе стансасында шетелдік үлгіден шығарылған. Ерте піседі (88-100 тәулік) . Жұмыр гүлді, домалақша өте тығыз, ақ немесе сәл ақ сары түсті. Жапырақтары толық жаппайды.
Мовир 74. БОӨШҒЗИ-ның Мәскеу бөлімшесінің сұрпы. Ерте піседі
(90-100 тәулік) . Жұмыргүлі өте тығыз, домалақша, ақ, домалақша жақсы.
Ранняя грибовская 1355. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған Ерте піседі (90-100 тәулік) жұмыргүлі өте тығыз, домалақша, ақ ұзақ
уақыт бойы жарылмайды. Өнімділігі жоғары.
Түсті жапырақты өсіріп жеткізу. Өнімді қоңыр күзде жинағанда кейбір өсімдіктер тауарлы жұмыргүлін қалыптастырып үлгермейді, сондықтан оларды булыжайларда немесе жертөлерде өсіріп жетілдіреді. Кейбір шаруашылықтарда өсіріп жетілдіру үшін күзде себеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz