Жоңышқаны өсіру агротехникасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
рЫСХАН
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. ... .. 4
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
3.Студенттің жеке тапсырмасы.Жоңышқаның ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері мен оны суармалы жерлерде өсіру ерекшеліктері ... ... ... ... . 8
3.1.Жоңышқа туралы жалпы сипаттама ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3.2.Жоңышқаның ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... 9
3.3. Жоңышқаны суармалы жерлерде өсірудің ерекшелігі. ... ... ... ... ... ... 11
3.4. Жоңышқаны өсіру агротехникасы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4.Тіршілік қауіпсізділігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Кіріспе

Жемісі - орақ тәрізді немесе 2-4 айналым жасап ширатылған көп тұқымды - бұршаққап. Тұқымның пішіні бүйрек тәрізді, түсі сары немесе қоңыр сары. 1000 тұқымның салмағы 1,5-2,7 г.
Жоңышқа жоғары өнім түзеді, сондықтан ол суды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 650-850 тең. Тамырының қуаттылығына және теренге өсуіне байланысты құрғақшылыққа біршама жақсы шыдайды.
Жоңышқа ұзақ күннің өсімдігі, жарық сүйгіш. Ол жазда ыстыққа, қыста суыққа жақсы шыдайды. Тұқымы +1-2° С өне бастайды. Өскіні -6-8°С үсікке шыдайды. Көктемде көктеуі +5-8°С жылулықта басталады. Жоңышқа алғашқы өсу кезеңінде фосфор тапшылығына сезімтал, қара, қара-қоңыр сүр топырақтарда жақсы өседі. Ол батпақтанған және қышқылдығы жоғары топырақтарда өсіп оңбайды. Жоңышқа үшін топырақ реакциясының бейтарап немесе сәл сілтілі болғаны қолайлы.
Қазақстанда өсетін сорттары: Карабалыкская 18, Шортандинская 2, Карагандинская 1, Көкше, Семиреченская местная, Капчагайская 80, Капчагайская 82 т.б.

1.Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2,8 га,оның ішінде 0,5 га интенсивтік бағы, 0,2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т.б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары
Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3,9°, ал шілде айында 27,5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1,3 тен 1,8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0,08 ден 0,15% , кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1,5-3,0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс қүрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы және күздік
жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6,8 цга. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыкка пайдаланады, орташа өнімділігі 15 цга.
Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4,1%; азот - 0,216, фосфор -0,191%, калий 1,9-2,1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мгкг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мгкг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (1 кесте).
Тығыз қалдық мөлшері 0,074-0,090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.
Жалпы сілтілік (НСО3) - 0,041-0,047%.
Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0,08-0,11 мгэкв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1,09; Ві (25-42 см) -1,25; В2 (42-60 см) - 1,19 гсм3
Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мгкг), ауыспалы калиймен (514-1036 мгкг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34,8-41,3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1,27-1,33гсм[3]) жэне кеуектілігімен (48,3-52,1%) ерекшеленеді.

Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды -- сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты, см
Жалпы, %
Қозғалғыш формалар, мгкг топырақта

қара шірік
Азот
фосфор
N
ИОз
Р2О5
К2О

0-15
1,86
0,258
0,211
137
25
22
950
20-30
0,91
0,248
0,205
109
36
13
840
35-45
082
0,214
0,158
78
'58
13
640
65-75
056
0 117
0 135
63
26
15
350
90-121
025
0,106
0,144
64
23
12
160
121-150
-
0,056
0,144
53
12
7
160
160-170
-
0,042
0,114
44
6
10
190

Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т.б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.
2 кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабаттың орташа тығыздылығы - 1,37 гсм[3] құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің жэне агрегаттар құрылымының орналасуына байла-нысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1,27-1,33 гсм[3] аралығында ауытқиды.
Кесте 2
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері

Горизонт-тар (қабат см)
Көлемдік салмақ,
гсм[3]
Жалпы кеуектілік, %
Топырақтың агрегаттық құрамы

10-0,25 мм агрегат-тар (%)
Құрылы коэффи-циенті
Суға төзімді агрегттар жиынтығы, %
0-10
1,27
51,2
76,7
3,3
34,1
10-20
1,33
48,8
73,4
2,8
30,8
20-30
1,40
46,1
68,3
2,2
29,5
30-40
1,48
44,6
62,8
1,6
29,3
0-40
1,37
47,3
70,3
2,6
30,9
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41,8 - 50,0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25-10,0 мм мөлшердегі агрегаттар 60,5-79,7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.

3. Студенттің жеке тапсырмасы:Жоңышқаның ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері мен оны суармалы жерлерде өсіру ерекшеліктері.

3.1.Жоңышқа туралы жалпы сипаттама

Жонышқа (Меdicago туысы) бұршақ тұқымдастарына жататын көп жылдық шеп. Мал азығына егістік немесе көк жонышқа (М.falcata L.), сарбас немесе орақтәрізді жонышқа (М.coerulea L.) және көгілдір жонышқа (М coerulea L.) пайдаланылады. Шаруашылықта көп тарағаны көк жонышқа мен сарбас жонышқаның буданды түрлері.
Жоңышқадан пішен, пішендеме, сүрлем, шөпті - витаминді ұнтақтар, азық түйіршіктерін дайындайды және көк азық ретінде пайдаланады.Оның мал азығына жан-жақты пайдаланылуы, құрамында ақзаттың және ауыстырылмайтын аминқышқылдары мен витаминдердің көптеп кездесуімен анықталады.
Жалпы қоректілігі жағынан жонышқа астық тұқымдас шөптерден 2-3 есеге дейін жоғары. Жоңышқа пішенінің 100 кг 50-60 а.ө және 12-15 қорытылатан потеин, ал 100 кг сүрлемінде 15 а.ө. және 2,6 кг дейін қорытылатын протеин болады (77-сурет)
Жоңышқаның шанақтанып гүлдене бастаған кезеңінде шабылған көк балаусасының абсолютті құрғақ затында протеин мөлшері 18%, май - 3, клетчатка - 24,9, азотсыз эктсративті зат - 43,3, кальций - 2,12, фосфор - 0,27, калий -1,1% кездеседі.
Оның көк балаусасы барлық мал түріне және құстарға аса құнды поливитаминді азық болып есепте-леді. 1 кг көк балаусасында С витамині - 210, каротин-48-50, В витамині - 5-6, Е витамині - 150, К витамині 150-200 мг кездеседі.
Жоңышқаның шөп ұнтағының 1кг-да 200-300 мг дейін каротин, Е витамині-26 мг, В2 витамині - 14 мг, В4 витамині (холин)-29 мг және РР витамині (никотин қышқылы) - 31 мг бар. Жоңышқаның 100 кг пішенде-месінде 30-40 а.ө. 7,5-9 кг қорытылатын протеин және 4 г жоғары каротин болады.
Жоңышқа мал азықтық құндылығымен қатар агротехникалық ерекшелігі жағынан да бағалы өсімдік. Жоңышқаның топырақ құнарлығын қалпына келтіру қасиеті жағынан барлық дақылдар үшін өте жақсы алғы дақыл. Жоңышқа қыртысы топырақты органикалық заттармен байытады да, нәтижесінде 0-30 см қабатында жылжымалы азот, фосфор қышқылы, калий, кальций көбейеді. Топырақта қоректік заттардың қорлануы топырақ түрлеріне, агротехника деңгейіне байланысты. Орта есеппен жақсы дамыған жоңышқа егістігі әр гектарға 120-200 кг дейін азот жинайды.
Топырақтағы органикалық заттардың көбеюі оның құрылымын және ылғалды-физикалық қасиетін жақсартады және де жоңышқаның топырақты ауру қоздыратын бактериялардан, зиянкестерден тазартатын қасиетін де атауға болады
Сортаңды жерлерді және сортаңдауға бейім тұратын топырақтарды жақсартуға жоңышқаның маңызы зор. Жоңышқаның жақсы дамыған тамырлары топырақты су және жел эрозияларынан қорғайды. Осындай тиімді қасиеттеріне байланысты жоңышқа ерте заманнан өсіріле бастаған. Алғаш рет жоңышқа Орта Азияда, Сыртқы Кавказда өсірілді. Қазақстанда жоңышқа барлық жерде өсіріледі. Оңтүстүк аймақтарда жоңышқаны суармалы жерлерде өсіру өте тиімді.
Мәдени шабындықтар мен жайылымдар жасау үшін, жоңышқа негізгі бұршақ шөп қоспасы болып есептеледі. Жоңышқаның әр гектардан өнімі 8-12 мың а.ө. және 20-25 ц пртеинге дейін жетеді.

3.2. Жоңышқаның ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
Жоңышқа бұршақ тұқымдас көпжылдық шөп. Тамыр жүйесі күшті дамыған. Орталық кіндік тамыры тереңге бойлап өседі, жеңіл топырақты жерлерде 10-12 м дейін жетеді. Тамырының негізгі массасы (55-60%) топырақ бетінің жырту қабатында (0-35 см) орналасады.
Ауадан азот қабылдап топырақты байытатын бактерия түйнектері негізінен жоңышқаның жіңішке бүйір тамырларында байланады.
Жоңышқа сабағының тамырға өтетін жерінде сабақтың жуандау тамыр тәжі деген орналасады. Түптену аймағы қалыптасатын осы жерде бүршіктер байланады. Жоңышқаның түріне қарай түптену аймағы топырақтың1,5-10см терңдігіне орналасады. Жоңышқаның түптену аймағының бүршіктерінен көптеген сабақтар өсіп шығады, олардың биіктігі 70-150см дейін жетеді.
Сабақтары шөптесінді, 10-20 буынаралықтан тұрады, іші қуыс немесе негізгі ұлпамен толған. Гүлдегенге дейін сабағы жұмсақ және шырынды келеді, одан кейін қатайып кетеді. Тіршілігінің екінші және одан кейінгі жылдары 2-3 шабыс, немесе 2-3 генеративтік өркендер ұрпағын береді. Жапырақтары күрделі, үштік, орта жапырақшасы ұзынырақ сағақта орналасады. Жапырақшаларының пішіні әр түрлі - эллипс, керісінше жүмыртқа тәрізді, жіңішке ланцентті немесе дөнгелектенген, жоғары жағы ара тісті келеді. Суармалы жерде әр гектарға жапырақ алақанының ауданы 80-110 мың шаршы м. жетеді, тәлімі жерде 40-60 мың ш.мга шамасында. Жоңышқаның жапырақ үлесі сортына, өру кезегіне және өсіру агротехникасына қарай 35-тен 70% дейін.
Гүлшоғыры - шашақ гүл, 12-16 гүлден түрады, сабақтар ұшында немесе бүтақтарында орналасқан. Гүлдерінің күлшесі әр түсті: көк, сары, көгілдір, қара-көк, шүбар, ақшыл.
Жемісі - орақ тәрізді немесе 2-4 айналым жасап ширатылған көп тұқымды - бұршаққап. Тұқымның пішіні бүйрек тәрізді, түсі сары немесе қоңыр сары. 1000 тұқымның салмағы 1,5-2,7 г.
Жоңышқа жоғары өнім түзеді, сондықтан ол суды көп қажет етеді. Оның транспирациялық коэффициенті 650-850 тең. Тамырының қуаттылығына және теренге өсуіне байланысты құрғақшылыққа біршама жақсы шыдайды.
Жоңышқа ұзақ күннің өсімдігі, жарық сүйгіш. Ол жазда ыстыққа, қыста суыққа жақсы шыдайды. Тұқымы +1-2° С өне бастайды. Өскіні -6-8°С үсікке шыдайды. Көктемде көктеуі +5-8°С жылулықта басталады. Жоңышқа алғашқы өсу кезеңінде фосфор тапшылығына сезімтал, қара, қара-қоңыр сүр топырақтарда жақсы өседі. Ол батпақтанған және қышқылдығы жоғары топырақтарда өсіп оңбайды. Жоңышқа үшін топырақ реакциясының бейтарап немесе сәл сілтілі болғаны қолайлы.
Қазақстанда өсетін сорттары: Карабалыкская 18, Шортандинская 2, Карагандинская 1, Көкше, Семиреченская местная, Капчагайская 80, Капчагайская 82 т.б.
Қазақстанда көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы- аса маңызды мәселелердің бірі. Тиісті агротехниканы қолдана отырып жоңышқаның арнаулы тұқым алқаптары салынбайды, өнімділігі төмен, оның үстіне жиналатын тұқымның 30-80% арамшөптердің тұқымымен ластанған болады.
Жоңышқаны сепкеннен кейін 1,5-2 ай бойы баяу өседі, жер беті массасы нашар дамиды, әсіресе осы кезеңде егістікті таза ұстаудың және арамшөптерге қарсы күрестің маңызы зор.
Базагран, эрадикан, алирокс, далапан, 2М-4Х т.б. гербицидтерді қолдану жақсы нәтиже береді.Жоңышқаның тұқым алқаптарындағы маңызды жұмыстардың бірі- өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес.
Қазақстанда тұқымды жоңышқаның екінші шабысында алуға болады, алайда ол үшін алғашқы шабысты бүрлену кезеңінде 10-12 см биіктікте жүргізеді, басқа жағдайда жекелеген жылдары тұқым пісіп үлгермейді. Жоңышқа егістігін тұқымдық, танаптық, малазықтық ауыспалы егістерде орналастырады, сонымен қатар тұқымдық алқаптарды жалпы көпжылдық шөптер егістігінен қамтамасыз етеді.
Жоңышқа (лат. Medicago) - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 - 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры - көп гүлді шашақ. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа - республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары
Жоңышқаның тұқымға өсіру технологиясы
Малазықтық бақша дақылдар
Күріш ауыспалы егістері
Жоңышқаның тұқым өндірісі
Сарыағаш ауданында мақтаны суару мерзімі мен мөлшері
Судан шөбі
Кәдімгі боз топырақтың химиялық құрамы
Сортаңды жерлердің генезисі
Жаздық жұмсақ бидай
Пәндер