Орамжапырақтың сұрыптары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 4
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
3.Студенттің жеке тапсырмасы.Орамжапырақ дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
3.1.Орамжапырақ дақылының биологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... . 8
3.2.Орамжапырақтың ботаникалық және биологилық ерекшеліктері ... ... ... 9
3.3.Орамжапырақтың сұрыптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3.4.Ақ қауданды орамжапырақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.5.Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..14
4.Тіршілік қауіпсізділігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18

Кіріспе

Орамжапырақ - суыққа төзімді өсімдік. Түқымдары 2-1 жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын үдерісі де жеделдей түседі. 11°С жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура оңтайлы (18-20°С) болғанда 3-4 тәулікте пайда болады.
Орамжапырақ 5°С жылылықта өсе бастайды, бірақ оңтайлы жылылық 15-18° С. Оның жақсы шынықтырылған; көндіккен көшеттері еткінші 5-6°С бозқырауға шыдайды, ал шынықтырылмаған және көндікпеген көшеттері 2-3 °С бозқырауда зақымданады. Орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптарының қаудандары күзде температураның - 6°С дейін төмендегеніне шыдайды. Жазда температура 25°С-дан жоғарлағанда әлсірейді, есінді кезеңі үзарады, енімі төмендейді. Ал кейбіреулері тіпті, қауданын қалыптастырмауы да мүмкін.
"Орамжапырақ - жарық сүйгіш өсімдік, әсіресе, көшеттік кезінде келеңкелеуді кетермейді. Қалыпты өсуі және дамуы, күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы етеді. Күннің ұзақтығы 14 сағат болғанда, өсімдіктің көлемі кішірейеді, ал күннің ұзатығы 9 сағат болғанда, өсімдіктің қатты күйзелуі байқалады. Кешет 4-5 жапырағын ұзақ кұнде 30-35 тәуліктен соң, ал қысқа күнде (оңтүстікте болады) 55-60 тәуліктен кейін қалыптастырады. Орамжапырақ жарық қарқындылығына аса жоғары талап қоймайды. Оны жасанды жарықта өсіруғе болады: 16 сағат бойы 3 мың люкс жарық жеткілікті.

1.Оқу іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қайнар бүлақ ауылдық әкімшілігі. Теңіз денгейінен 500 метр жоғары орналасқан. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің пайдалануға алынған жер көлемі 2,8 га,оның ішінде 0,5 га интенсивтік бағы, 0,2 га ақ түйнек, 1 га қызылша, қияр, тәтті бүрыш егілінеді. Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге - арықтар, жолдар, студенттерге арналған базасы орналасқан орталық, дән сақтау қоймалары т.б жатады. Практиканың негізгі мақсаты эксперименталдық учаскесінда ауыл шаруашылық дақылдарын оны жаңа технология бойынша өсіру болып табылады.
2.Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары
Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы мәліметтері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей орташа айлық температура қаңтарда +3,9°, ал шілде айында 27,5° ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48 % ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша -наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жауса да өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын -шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.
Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды бөліктердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болуы. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метрде жатады. Кәдімгі сүр топырақ қүрамында қарашірік мөлшері 1,3 тен 1,8% ке дейін, жалпы азот мөлшері 0,08 ден 0,15% , кәдімгі сүр топырақ қүрамында жалпы фосфор мөлшері 1,5-3,0 % аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын қоректік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сүр топырақта жоғары қабытында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы аудандада сортаң келеді.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс құрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған.
Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңырбасты -эртүрлі шөпті жэне жусанды - эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық , жима тарғақ , еркекшөп, тарлау,шалғынды қоңырбас , шалғындық атқонақ , қамыс қүрақ . Көктем мезгілінде эфемерлер кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы және күздік
жайылымға пайдаланылып, өнімділігі 6,8 цга. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыкка пайдаланады, орташа өнімділігі 15 цга.
Тәжірибе алаңының шалғынды-қоңыр топырағы төмендегідей 0-40 см қабатты қара шірік мазмұны 4,1%; азот - 0,216, фосфор -0,191%, калий 1,9-2,1%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мгкг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700 мгкг) жэне азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген (1 кесте).
Тығыз қалдық мөлшері 0,074-0,090% профиль бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды.
Жалпы сілтілік (НСО3) - 0,041-0,047%.
Хлор - ионның мазмұны төмен жэне 100 г топырақта 0,08-0,11 мгэкв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Бұл топырақтың көлемдік салмағы: А горизонты мах (0-25 см) - 1,09; Ві (25-42 см) -1,25; В2 (42-60 см) - 1,19 гсм3
Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.
Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60 см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жоғарғы қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа қүрылым 45 см, ал 130 см -темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топыра-ғының профилі созылып жатыр жэне түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ бай-қалады.
Осы топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мгкг), ауыспалы калиймен (514-1036 мгкг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бүл жерлерге азот жэне калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, эсіресе мақсары дақылы үшін.
Сонымен, тау бөктерлі шалғынды - қоңыр топырақтың морфо-генетикалық сипатынан байқағанымыз, мақсары өсіруге жарамды.
Себебі, орташа гумусты сазды емес, түзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34,8-41,3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығызды-лығымен (1,27-1,33гсм[3]) жэне кеуектілігімен (48,3-52,1%) ерекшеленеді.

Кесте 1 Тәжірибе алаңының шалғынды -- сұрғылт, топырағының агрохимиялық көрсеткіштері

Топырақ қабаты, см
Жалпы, %
Қозғалғыш формалар, мгкг топырақта

қара шірік
Азот
фосфор
N
ИОз
Р2О5
К2О

0-15
1,86
0,258
0,211
137
25
22
950
20-30
0,91
0,248
0,205
109
36
13
840
35-45
082
0,214
0,158
78
'58
13
640
65-75
056
0 117
0 135
63
26
15
350
90-121
025
0,106
0,144
64
23
12
160
121-150
-
0,056
0,144
53
12
7
160
160-170
-
0,042
0,114
44
6
10
190

Әрбір дақылдарға қатысты қалыпты өсуі жэне дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар жэне т.б.
Өте тығыз топырақ өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері эсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуте қосымша шығын кетеді.
2 кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40 см қабаттың орташа тығыздылығы - 1,37 гсм[3] құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің жэне агрегаттар құрылымының орналасуына байла-нысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1,27-1,33 гсм[3] аралығында ауытқиды.
Кесте 2
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері

Горизонт-тар (қабат см)
Көлемдік салмақ,
гсм[3]
Жалпы кеуектілік, %
Топырақтың агрегаттық құрамы

10-0,25 мм агрегат-тар (%)
Құрылы коэффи-циенті
Суға төзімді агрегттар жиынтығы, %
0-10
1,27
51,2
76,7
3,3
34,1
10-20
1,33
48,8
73,4
2,8
30,8
20-30
1,40
46,1
68,3
2,2
29,5
30-40
1,48
44,6
62,8
1,6
29,3
0-40
1,37
47,3
70,3
2,6
30,9
Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20 см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұын 41,8 - 50,0% құрайды.
Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық қүрамы жэне суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25-10,0 мм мөлшердегі агрегаттар 60,5-79,7% құрады.
Топырақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.

3. Студенттің жеке тапсырмасы:Орамжапырақ дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы.

3.1.Орамжапырақ дақылының биологиялық сипаттамасы.

Орамжапырақ - екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарьн және қауданын (кольрабидікі жеміс сабақ), екінші жылы гүл өркендсрін, бұршаққындарьн және тұқымдарын қалыптастырады. Түсті, пекин жене брокколи түрлері-біржылдықтар. Сабақтың қаудан ішіндегі бөлігін ішкі (өзек), оның сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа (10-15 см)сұрьштар жеңіл, құрғақ құмды жерлерге, ал үзын зігіріктілері
(25 см асатьшдар) ылғалды шым тезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге болатьш топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға болады.
Қаудан - өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әртүрлі - шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады; тығыздығы бойынша -өте тығыз, борпылдақ және өте борпылдақ. Сұрпына және өсу жағдайына байланысты қауданның салмағы 0,5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ, сарғыш, ақ сары, жасыл сары болуы мүмкін. Түсті орамжапырақта үстіңгі ашық бүршік өзінің дамуын ірі гүл шоғырымен - шоқпарбаспен аяқтайды. Ол тамаққа пайдаланатын, бірнеше қысқа гүл сабақтарынан тұрады.
Орамжапырақ - суыққа төзімді өсімдік. Түқымдары 2-1 жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын үдерісі де жеделдей түседі. 11°С жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура оңтайлы (18-20°С) болғанда 3-4 тәулікте пайда болады.
Орамжапырақ 5°С жылылықта өсе бастайды, бірақ оңтайлы жылылық 15-18° С. Оның жақсы шынықтырылған; көндіккен көшеттері еткінші 5-6°С бозқырауға шыдайды, ал шынықтырылмаған және көндікпеген көшеттері 2-3 °С бозқырауда зақымданады. Орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптарының қаудандары күзде температураның - 6°С дейін төмендегеніне шыдайды. Жазда температура 25°С-дан жоғарлағанда әлсірейді, есінді кезеңі үзарады, енімі төмендейді. Ал кейбіреулері тіпті, қауданын қалыптастырмауы да мүмкін.
"Орамжапырақ - жарық сүйгіш өсімдік, әсіресе, көшеттік кезінде келеңкелеуді кетермейді. Қалыпты өсуі және дамуы, күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы етеді. Күннің ұзақтығы 14 сағат болғанда, өсімдіктің көлемі кішірейеді, ал күннің ұзатығы 9 сағат болғанда, өсімдіктің қатты күйзелуі байқалады. Кешет 4-5 жапырағын ұзақ кұнде 30-35 тәуліктен соң, ал қысқа күнде (оңтүстікте болады) 55-60 тәуліктен кейін қалыптастырады. Орамжапырақ жарық қарқындылығына аса жоғары талап қоймайды. Оны жасанды жарықта өсіруғе болады: 16 сағат бойы 3 мың люкс жарық жеткілікті.

3.2.Орамжапырақтың ботаникалық және биологилық ерекшеліктері.

Сабағы келте, жартысында қауда- ны орналасңан, сабағының теменгі жағында жапырақ- тары орналасңан. Ерте пісетінінде 10-15 жапырақ, ор- ташасында 20-25, кеш пісетінінде 22-35 жапырақ ор- наласқан. 28 Қаудан сабақтың үстіңгі жағында орналасады, жа- пырактары бірінің үстіне бірі орналасқан. Орамжапырац -- суыққа төзімді өсімдік. Түқымдары 2-3° С-та көктейді. Көшеттері жақсы өсуі үшін 12-15° С жылу қажет етеді. Ал 25° С ыстық өсуіне кедергі жасай- ды. Ылғалсүйгіш өсімдік. Қауданын байлау кезінде кү- ніне 10 л су талап етеді, топырақтың ылғалдылығы 80% болу керек. Күн сүйгіш үзақ күндік өсімдік. Жеңіл қүмды, ауыр балшықты тасты жерлерде өспейді. Топы- рақтың қүнарлығының жоғары болуына тәуелді болады. Орамжапырақ негізінен айқышгүлділер түқымдаста- рына жатады, айқасы будандасады. Орамжапырақ - екі жылдық өсімдік, бірінші жылы жемістерін түзеді, яғни сабақтары мен қаудандарын түзеді, екінші жылы жақ- сы дамып, бойы 1 м 0,75 см-ге дейін өсіп гүлдеп, түқым- дарын түзеді. Орташа өнімділігі 20-30 тга, жоғарғы өнімділігі 60-70 т 1 га-дан өнім алуға болады. Орамжа- пырақ ақ қауданды, қызыл қауданды, түрлі түсті қау- данды, савойлік, брюссельдік, пекиндік болып бірнеше түрлерге бөлінеді.

3.3.Орамжапырақтың сұрыптары.

Тұқым шаруашылығының бірінші жылдағы негізгі міндеті - сау аналықтарды алу. Олардың сапасына жоғары талаптар қойылады. Аналық егістіктің бір гектарынан 50% аспайтын өсімдіктерді таңдап алады. Сондықтан, келесі жылы бір гектарға отырғызу үшін 2 гектар аналық егісі қажет.
Қызыл қауданды орамжапырақ. Вгаssіса оlеагсеа үаг. Саpitalа rubra L. Табиғаты және шығу орталығы бойынша ақ қауданды орамжапыраққа ұқсас. Одан қызыл көң реңмен және жапырақтың, қауданның кішірек көлемімен ерекшеленеді.
Қызыл қауданды орамжапырақтың күлгін түсі вакуоль шырынының құрамындағы антоцианға байланысты. Ал, оған Р дәрумендік белсенділік тән-адам және жануар ағзасына игілікті әсер етеді, қан тұтікшелерінің серпімділігін кетерін, олардың өткізгіштігін бірқалыпқа келтіреді. Қызыл қауданды орамжапырақты салат дайындауға пайдаланады. Ашытуға жарамайды.
Түсті орамжапырақ Вгаssіса оlеагсеа үаг. Саpitalа rubra Бір жылдық өсімдік, отырғызылған жылы гүлдегіш сабақтарын тұқымдарын қалыптастырады. Орамжапырақ өсімдіктердің ішінде тағамдық және дәмдік қасиеттері бойынша бірінші орында тұр. Құрамында жеңіл сіңетін ақуыздар, қанттар, минералды тұздар, дәрумендер бар. Тамаққа ақ, қысқа, жуан, тығыз шоғырланған гүл сабақтары пайдаланылады, олар ұзын сағақта орналасқан қуатты жапырақ дегелегі қалыптасқаннан кейін пайда болады.
СҰРЫПТАРЫ.
Гарантия. К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының көкөніс тәжірибе стансасында шетелдік үлгіден шығарылған. Ерте піседі (88-100 тәулік). Жұмыр гүлді, домалақша өте тығыз, ақ немесе сәл ақ сары түсті. Жапырақтары толық жаппайды.
Мовир 74. БОӨШҒЗИ-ның Мәскеу бөлімшесінің сұрпы. Ерте піседі
(90-100 тәулік). Жұмыргүлі өте тығыз, домалақша, ақ, домалақша жақсы.
Ранняя грибовская 1355. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған Ерте піседі (90-100 тәулік) жұмыргүлі өте тығыз, домалақша, ақ ұзақ
уақыт бойы жарылмайды. Өнімділігі жоғары.
Түсті жапырақты өсіріп жеткізу. Өнімді қоңыр күзде жинағанда кейбір өсімдіктер тауарлы жұмыргүлін қалыптастырып үлгермейді, сондықтан оларды булыжайларда немесе жертөлерде өсіріп жетілдіреді. Кейбір шаруашылықтарда өсіріп жетілдіру үшін күзде себеді.
Брокколи. Brassica cauliflora (Mill). Брокколи немесе қояншөп
орамжапырағы, түсті орамжапырақтың түршесі болып табылады
және олар біріне-бірі көп жағынан ұқсас. Брокколидің борпапаң
жұмыргүліне шоғырланған жекелеген жасыл өркендерін тағамға
пайдаланады. Брокколи - пайдалы дақыл. Алғашқы негізгі жұмыргүлдерін кесіп алған соң бүйір жапырақтарының қолтық бүршіктерінен қосымша жұмыргүл қалыптастыратын, жаңадан гүлді өркендері пайда болады. Жаңа жұмыргүлдің түзілуі күзгі суыққа дейін жалғасады.
Өсіруге Грин Спраутинг сұрыпы ұсынылады. Көшетті ашық
жерге отырғызғаннан 40-50 тәулік өткен соң пісіп жетіледі
Өнімділігі жоғары, өнімділігі бойынша Грибовская 1355 сұрпынан 1,5-2 есе асып түседі. Алғашқы жұмыргүлдерінің салма 600 г жетеді. Өнім беретін сабақтарының түсі жасыл және күлгін жасыл.
Савой орамжапырағы. Brassica saeouda Lizg. Бұл қауданды
орамжапырақтың ерекше түрі; жапырақтары көпіршікті (кеңірдекті), қауданы борпылдақ, сырты ақшыл жасыл, іші ақшыл сары
түсті. Сақталғыштығы ұзақ емес. Ақ қауданды орамжапыраққа
қарағанда аязға төзімді. Қоректіліғі және дәмдік қасиеттері бойынша ақ қауданды орамжапырақтан асып түседі, одан жұмсақтау, ақуыздарға, минералды заттарға және дәрумендерге бай.
Бәліштің, голубцының ішіне салады, бұқтырып пісіреді, тұздық
ретінде пайдаланады. Тұздауға және ұзақ сақтауға жарамсыз.
Кольраби. Brassica olearacea var. gonguloides L. Ол қаудан
емес, өте күшті жан-жақты өскен, кейіннен тамаққа пайдаланылатын сабақ жеміс қалыптастырады. Дәмі зіғіріктің дәміне ұқсас,
бірақ нәзіктеу, тәттірек және шырынды келеді. Шикі, бұқтырылған, пісірілген күйінде, фарш ретінде қолданады, сорпа пісіреді.
С дәруменінің көптігінен оны солтүстік апельсині деп атайды.
Пекин орамжапырағы. Brassica pekinensis (Lour). Бір жылдық өсімдік. Түр ішінде жапырақты, жартылай қауданды (жоғары үшы ашық қаудандар) және кәдімгі қауданды түрлері болады. Негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ылғалсүйгіш өсімдік
Көкөніс шаруашлығындағы тұқым ерекшеліктері
Көкөніс дақылдарының тұқым жарнақтарымен танысу
Ерте пісетін орамжапырақтың агротехникасы
Қызанақ дақылы
Ормажапырақ
ЖШС «Эко-Фарм» дәрілік препараттар компаниясында іс-тәжірибеден өту
Аққауданды қырыққабат
Екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер
Көкөніс дақылдарының көшетін өсіру
Пәндер