Титриметрлік талдау әдістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

СӨЖ

Кафедра: «Агротехнология» Тақырыбы: «Титриметрлік талдау әдістерінің жіктелуі»

Орындаған:

Тобы: АП-16-2К

Қабылдаған: Саденова Ақнұр

Шымкент 2017


Жоспар:

  • Титриметрлік талдау әдістерінің жіктелуі
  • Титриметрлік талдау әдістері


Титриметрлік талдау әдістерінің жіктелуі

Титриметрлік талдауды қолданылатын химиялық реакциялардың түріне қарай бөледі. Бұл реакциялар: протондармен алмасатын, электрондармен алмасатын (тотығу-тотықсыздану), аз диссоцияланатын (комплексті) қосылыстар және нашар еритін қосылыстар (тұнба) түзетін реакциялар. Осы реакциялардың түріне қарай титрлеу әдістерін келесідей топтастырады:

1) Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі немесе бейтараптау әдісі

2) Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі

3) Комплексонометрлік титрлеу әдісі

4) Тұндыру титрлеу әдісі

1) Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі немесе бейтараптау әдісі

Бұл әдіс қышқыл мен негіз арасында жүретін реакцияларға негізделген. Титрлеуде пайдаланылатын титранттың табиғатына байланысты қышқылдық-

негіздік титрлеу әдісі екіге бөлінеді. Титрант ретінде сілті ерітінділері қолданылса, онда әдіс алкалиметрлеу , ал қышқыл ерітінділерді пайдаланылса -

ацидиметрлеу деп аталады.

2) Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері

Бұл әдістер анықталатын зат пен титрант арасында жүретін тотығу- тотықсыздану реакцияларына негізделген. Титрлеуге пайдаланылатын титранттың табиғатына қарай төмендегідей жіктеледі: перманганатметрлеу әдісі - титрант ретінде КMnO4 ерітіндісі пайдаланылады; иодметрлеу әдісі - титрант ретінде І2 және Na2S2O3·5H2O ерітінділері пайдаланылады; Хроматметрлеу, дихроматметрлеу әдісі - титрант ретінде сәйкесінше К2CrO4, К2Cr2O7 ерітіндісі пайдаланылады; броматметрлеу әдісі - титрант ретінде КВrO3 ерітіндісі пайдаланылады; бромметрлеу әдісі - титрант ретінде КВr+КВrO3 қоспасының ерітіндісі пайдаланылады; ванадатметрлеу әдісі - титрант ретінде NH4VO3 ерітіндісі пайдаланылады; цериметрлеу әдісі - титрант ретінде Се(IV) тұздарының ерітінділері пайдаланылады.

3) Тұндыру титрлеу әдісі

Тұндыру титрлеу әдісі нашар еритін тұнбалар түзілетін алмасу реакцияларына негізделген. Титрлеуге пайдаланылатын жұмысшы ерітіндісінің табиғатына қарай жіктеледі, мысалы титрант ретінде AgNO3 ерітіндісі

пайдаланылса - аргентметрлеу, NH4SCN пайдаланылса - тиоцианатметрлеу деп аталады. Тұндыру титрлеу әдісінде эквиваленттік нүкте әртүрлі тәсілдермен анықталады.

4) Комплексонометрлік титрлеу әдісі

Бұл әдіс анықталатын иондарды аз диссоциацияланатын комплексті қосылыстарға айналдыруға негізделген. Титрант ретінде комплексондарды -

аминополикарбон қышқылдарының тұздарын пайдаланады. Жиі пайдаланылатын титрант - комплексон ІІІ (ЭДТА) .

Титриметрлеуді титрлеу жолына қарай тура, кері және орынбасу титрлеу тәсілдері деп үшке бөледі.

1) Тура титрлеу тәсілі анықталатын ионды тікелей жұмысшы

ерітіндісімен (титрантпен) титрлейді. Тура титрлеуге реверсивті титрлеу де жатады. Мұнда анықталатын заттың ерітіндісі өлшеуірде, титрант ерітіндісі колбада болады.

2) Кері титрлеу тәсілі мұнда зерттелетін ерітіндіге концентрациясы белгілі ерітіндінің дәл өлшеп алынған ерітіндісінің артық мөлшерін құяды (І титрант) . Реакцияға түспей қалған І титрантты концентрациясы белгілі ІІ титрантпен титрлейді. Мысалы, ерітіндідегі HCl мөлшерін анықтау үшін

қосылған AgNO3 ерітіндісінің (І титрант) артық мөлшерін екінші титрант

NH4SCN ерітіндісімен титрлейді.

3) Орынбасу титрлеу тәсілі мұнда анықталатын заттың ерітіндісіне қосымша бір затты қосады, жаңа зат түзіледі, түзілген затты титрантпен титрлейді. Мысалы, K2Cr2O7 ерітіндісі Na2S2O3 ерітіндісімен титрленбейді, сондықтан K2Cr2O7 ерітіндісіне көмекші КІ ерітіндісін қосады:

K2Cr2O7 + 6KI + 7H2SO4 = Cr2(SO4) 3 + 4K2SO4 + 3I2 + 7H2O,

Калий бихроматы K2Cr2O7 эквивалентті мөлшерде иод ерітіндісін бөліп шығарады, бөлінген иодты титрант Na2S2O3 ерітіндісімен титрлейді:

I2 + 2Na2S2O3 = 2NaI + Na2S4O6

Ерітінді концентрациясын анықтағанда титрлеудің екі жолын пайдаланады: 1) бөлек сынамалар тәсілі; 2) аликвоттық тәсіл. Бөлек сынамалар тәсілінде аналитикалық таразыда анықталатын заттың бірнеше нақты өлшенділерін өлшеп алады, әрқайсысын суда ерітіп, алынған ерітінділерді титрлейді. Аликвоттық тәсілде анықталатын заттың нақты массасын өлшеп алады, өлшеуіш колбасында ерітіндісін дайындайды, дайындалған ерітіндіден тамшуыр көмегімен оның аликвотты мөлшерін алып титрлейді.

Стандартты ерітінділер. Біріншілік стандартты ерітінділер немесе дайындалған ерітінділер немесе титрленген ерітінділер дегеніміз аналитикалық таразыда заттың нақты массасын өлшеп, өлшеуіш колбасында ерітіндісі дайындалған ерітінділер. Бұл ерітінділердің титрі мен концентрациясы келесі формулалармен есептеледі:

Т = m (г/мл)

V

СЭ = T ⋅ 1000, моль/л.

M Э

Титрленген ерітінділер дайындау үшін заттар келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

1) Құрамы химиялық формуласына сәйкес келуі тиіс;

2) Сақтағанда сұйық күйінде де қатты күйінде де тұрақты болуы тиіс;

3) Өлшеу қатесі аз болу үшін молекулалық массасы үлкен болуы тиіс;

4) Зат химиялық таза болуы керек;

5) Суда оңай еруі тиіс, ылғал тартпауы керек.

Титриметрлік талдау әдістері

Титриметрлік талдау әрекеттесетін заттар ерітінділерінің көлемдерін дәл өлшеуге негізделген. Титриметрияда қосылыстар бір-бірімен эквивалентті мөлшерде әрекеттеседі.

Титриметрлік талдауда қолданылатын реакциялар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1) анықталатын зат пен титрант арасындағы реакция жоғары жылдамдықпен жүруі тиіс;

2) реакция аяғына дейін жүруі тиіс, яғни реакцияның тепе-теңдік константасының мәні жоғары болуы керек К≥108;

3) реакцияның аяқталуы (эквиваленттік нүктесі) айқын және жақсы анықталуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тотығу - тотықсыздану титрлеу әдістері
Титрлеу қисықтары
Аналитикалық химия жайлы
Натрий гидроксиді мен натрий карбонатының ерітіндіде бірге болған кездегі мөлшерін анықтау әдістемесі
Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері
Аналитикалық химия жайлы түсінік
Ванадий
Комплексонометрлік титрлеу индикаторлары
Аналитикалық химияның түрлері
Табиғи тұрақты изотоптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz