Өзіндік сана


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

«Сана және өзіндік сана. Санасыздық мәселесі»

Орындаған:

Қабылдаған:

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімСана жайлы жалпы түсінікӨзіндік санаСанасыздық мәселесі
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамның даму тарихы сапалықжаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық - еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.

Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.

Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады. Ф. Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек. Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісінде адамның дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары, қабілеттері қалыптасты.

Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы - бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А. Н. Леонтьев өзінің «Іс-әрекет, Сана, Жеке тұлға» атты еңбегінде берген болатын-ды

Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.

Үшінші ерекшелігі - жануарлардың мінез-құлқынан адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы білім мен ептілігі, бұл қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез-құлық тәсілдері оның өз тәжірибесінің нәтижесі емес, ұрпақтардың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез-құлқынан түбірінен ерекшелейді.

Негізгі бөлім

Сана жайлы жалпы түсінік

Сана - психика дамуының сапалы ерекше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болды. Адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі - адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе оларды басып тастайды.

Сана - психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай. Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.

Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады.

Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән. Жануарларда сана болмайды. Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды. Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді, атап айтқанда, түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар, ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т. б.

Адам психикасы мен жоғары сатыдағы жануарлардың психикасының арасында ерекше айырмашылық бар. Құралдардың көмегімен адам өзінің органдарын күшейтті. Қолмен жұмыс істей отырып, адам ой-өрісін дамытты. Қол бірте-бірте ыңғайға көніп, ептілікпен түрлі іс-әрекеттерді орындай бастады. Адам көзі мен қолы дами отырып, өнердің ғажайып тамаша құндылықтарын жасауға үйренді. Мәселен, ондай құндылықтарға әлемдік өнер өкілдерінің Леонарда да Винчи, Рафаэль, Репин, Суриков, Қастеев және т. б. тамаша туындыларын жатқызуға болады.

Мыңдаған жылдарғы еңбек біздің есту органымыз -құлақты жетілдірудің нәтижесінде нәзік айыра білумен қатар, адам баласына музыканың ұлы қайраткерлері Бетховен, Чайковский, Құрманғазы және көптеген ұлы музыканттар мұраларын жасауға көмектесті.

Адамның еңбек іс-әрекетінің негізгі ерекшеліктеріне: 1) еңбек құралдарын пайдалану және жасау, 2) еңбектің қоғамдық немесе бірлескен, ұжымдық сипаты. Адам еңбек құралдарын пайдалана отырып, сол арқылы қандай заттарды табуға және пайдалануға болатындығын саналы түсінеді. Еңбек құралдарын жасау мен пайдалануды саналы түсіну белгілі еңбек заттарын өндіру және шығаруға қатысты.

Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды. Еңбек құралдарын жасау алғашқы қауымдағы адамның іс-әрекетін түбірімен өзгертті.

Адам мен жануарлар психикасының арасында ерекше айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамдардың тілін ешқандай салыстыруға келмейді. Жануарларда тіл, сөз болмайды, олар бір-біріне сигнал, бере алады, оның барлығы интеллектілік түрде іске асады. Адам баласы тілдің көмегімен басқа адамдармен ақпарат алмасып отырады, өйткені, бүгіні және болашағы туралы бір-бірімен пікір алысады, қарым-қатынас жасайды. Әрбір жеке адам тілдің арқасында қоғамның ғасырлар бойы жинақталған әлеуметтік тәжірибесін пайдалан алады және кейінгі өскелең ұрпаққа жеткізеді.

Адамдар мен жануарлардың негізгі айырмашылығы адамдарда ойлау үрдісінің болатындығы, абстрактілі ойлаудың дамығандығы болып табылады. Жануарларда бірінші сиганл жүйесі болады да екінші сигнал жүйесі болмайды, адамдарда 1-11 сигнал жүйелері болатындығы адамды жануарлардан ерекшелейді.

Еңбек үрдісі жекелеген еңбек әрекеттерінен тұрады, ол адамдардан ұжымдық ынтымақтастықты қажет етеді. Бұл ұжымдық еңбек, егер ұжымның әрбір мүшесі еңбектің жалпы мақсатын түсінген жағдайда еңбектің нәтижесін көреді. Демек, адам іс-ірекеті ұжымдық еңбек іс-ірекеті жағдайында саналы сипатқа ие болады.

Сана - тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан-жақты білуге көмектеседі. Осы заңдарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортаға қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімделеді. Демек, сана- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.

Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбектің қарым-қатынасында тіл пайда болады. Тіл - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігінен пайда болды.

Тіл мен сөйлеу еңбек үрдісінде, адамның одан әрі миын дамыту және санасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Адам миы мен адам санасының одан әрі қалыптасуы тарихи өзгерістерге ұшыраған өмір жағдайларының әсерінен болды. Адамның кез-келген еңбегінің қоғамдық-тарихи мәні бар, сана оның жемісі ретінде қоғамдық-тарихи сана болып табылады.

Адамзат қоғамының тарихы көрсеткендей, сана, ой, сезім әртүрлі кезеңде әртүрлі сипатқа ие болды.

Сана - ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

1. Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

2. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау т. б.

3. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек. Дүниеде еңғажап, кереметқұбылыс адамның рухан дүниесі, сана, ой. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми оның мекені. Сана адам миы қызметінің желісі. Бірақ ми түрлі жан жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Сана бір жағынан жинақталған білім, екінші жаынан таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді.

Өзіндік сана

Этнопсихологияның көптеген мәселелерін тұлғаның өзіндік санасы сондай-ақ әлеуметтік және этникалық топтар сана сезімі жайлы ғылыми көзқарастарды ескере отырып түсіндіруге болады.

Тұлғаның ішкі әлемі, оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің назарында болып келді. Сондықтанда сана сезімге байланысты әр зерттеуші әр түрлі анықтама берген. Сана-сезім мәселесіне зерттеген зерттеушілердің бірі В. В. Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп, жалпы барлық сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды.

Б. Г. Ананевтің Л. С. Рубенштейннің, А. Н. Леоньтевтің т. б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған. Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады. Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И. С. Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда, ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен” бейнесінде қалыптасады.

Өзіндік сананың табиғаты жайлы, оның қалыптасуы, қызметі мен механизімдері жайында А. Н. Леонтев қарастырған. Оның айтуынша, өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қасиеттерінің) мөлшері олардың жағдайды эмоционалды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады. Г. А. Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл - адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.

С. Л. Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе, өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі. Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі - басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты. Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды, алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды. Сондай-ақ, С. Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады. Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады. Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады. Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады. Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады. Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылым болып табылады. Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады. В. С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының санасы

-өзінің «Менінің» санасы

-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.

И. И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу

Бұл аталған компоненттер И. С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен компоненттеріне ұқсас келеді. Оның пікірінше, «Мен» бейнесі -бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан, 3 компоненттен тұрады:

1 танымдық (когнетивті)

2 эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)

Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен, біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде қарастырылған. (В. Джеймс, В. М. Бехтеров, В. А. Ядов және т. б)

Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі көмектеседі.

Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес, ол дамудың өнімі.

Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып, адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді. Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші, ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.

Санасыздық мәселесі

Зигмунд Фрейд (1856-1939 ж. ) - австриялық дәрігер, психотерапевт, нервопатолог, психолог, психоанализмнің негізін салушы. Фрейд: Санасыздық мәселесі бұрын зерттелмеген деп санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана ұғымы
Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі
Сана және тілдің өзара байланысы
Сана - объективті дүниенің бейнесі
Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық мәселелері
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық негіздері
Сана туралы жалпы түсінік
Философияда сана мәселесі
Сана адам миының функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz