Ұнтақтар технологиясының дайындау


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Ұнтақтар дәрілік форма түрінде.
- Ұнтақтардың басқа дәрілік формалармен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Ұнтақтар технологиясын дайындау
- Жай және күрделі ұнтақтар.
- Жай ұнтақтарды дайындау технологиясы
- Күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы
- Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.
- Бояғыш заттармен ұнтақтар дайындау
- Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақ дайындау
- Ұнтақтар сапасын бағалау
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда ҚР-да 7000-нан астам дәрілік препараттар тіркелген. Олардың әрқайсысының өзіне тән дәрілік форма (таблетка, драже, ұнтақ, пасталар және т. б. ) түрінде жасалынып, шығарылады.
Ұнтақтар - бір немесе бірнеше ұнтақталған заттардан тұратын және ұнтақталу қасиетіне ие, сыртқа және ішкке пайдалануға арналаған қатты дәрілік форма. Ұнтақтардың артықшылғы мен кемшіліктері бар:
Ұнтақтар қолданудың тәсiлi бойынша: ішке қолдануға арналған, сыртқы қолдануға арналған (ұнтақ, иiс, үрлеу үшiн) деп жіктеледі.
Құрамы бойынша: қарапайым, күрделі.
Мөлшерлеу сипаты бойынша: бөлінбеген және бөлінген.
Жаздыру тәсiлi бойынша: орналастырушы, бөлінген.
Бүгінгі реферат материалында біз сол дәрілік форманың ұнтақ түріне тоқталамыз. Олардың жіктелеуі, Жай және күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясына, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырамыз.
Дәрілік жинақтар дегеніміз кесілген немесе ірі ұнтақталған бірнеше өсімдік шикізатанын дайындалған қоспалар. Олардың құрамына тұздар, эфир майлар және т. б. заттар қосылуы мүмкін
Негізгі бөлім
1. 1. Ұнтақтардың басқа дәрілік формалармен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Ұнтақтардың ерекшелігі:Дәрілік заттардың жоғары дәрежелі ұнтақталғыштығы. Тасымалдауға қолайлылығы. Сақтаған кезде тұрақтылылығы. Ұнтақ құрамының универсалдығы. Ұнтақтар технологиясының қарапайымдылығы. Ұнтақтарды қабылдаудағы қолайлығы.
- Ұнтақтардың кемшілігі:Ұнтақ құрамындағы заттар ерітінділермен салыстырғанда өте жай әсер етеді. Кейбір дәрілік түрлер ұнтақ түрінде кілегей қабықшаларға тітіркендіргіш әсер етеді. Ащы, бояғыш және иісті заттарды қабылдау жағымсыз. Ерітінділермен салыстырғанда дайындалуы қиын.
Жинақтар - ертеден келе жатқан ДТ-лер. Қазіргі уақытта оларды фармацевттік фабрикалар мен заводтарда дайындалады, дәріханаға оларды дайын орамдалған түрде жібереді.
Артықшылықтары:
- Шикізаттың қол жеткіліктігі;
- Дайындау салыстырмалы женілдігі.
Кемшіліктері:
- Жинақтар аяқталмаған дәрілік түр болып саналады,
- Науқас өзі оны қосымша өңдеу керек (қайнату, тұндыру, жандыру) ;
- Қолдану кезінде дозалануының дәл еместігі (сондықтан жинақтардың құрамына күшті әсер ететін заттарды және өсімдіктерді енгізбейді) .
1. 2. Ұнтақтар технологиясының дайындау
- Диспергерлер, ұнтақтау-Pulveratio.
- Араластыру- Miхtio.
- Бақылау паспортын жазу (есте сақтау)
- Мөлшерлеу (Дозирование)
- Орамдау.
- Безендіру.
- Сапасын бағалау.
1. 2. Ұнтақтар технологиясының дайындау
Ұнтақтау дегеніміз қатты заттар бөлшектерінің өлшемдерін механикалық әсер ету арқылы төмендету.
Ұнтақтау:
- Заттарды еріту, сығындау және т. б. процесстердің жылдамдығын қамтамасыз ету үшін көмекші операция болып келеді,
- Таблеткалар, ұнтақтар және т. б. өндірісінде негізгі (басты) операция болып келеді.
Бұл процесстің негізгі сипаттамы - дисперстік дәрежесі. Ол бөлшктердің бастапқы орташа өлшемінің /Дб/ және процесстен кейін орташа өлшемінің /Дк/ қатынасы болып келеді: Дд=Дн:Дк.
Осыған байланысты өндірісте ұнтақтаудың бірнеше ерекшеліктері бар:
- Улы немесе күшті әсер ететің шаңды түзетін заттарды ұнтақтау Бұл жағдайда тығыз жабылатын, әдетте, шарлы диірмендерді қолданады. Ұнтақтауды бөлек бөлмелерде жүргізеді.
- Заттарды алдын-ала салқындату немесе мұздату арқылы ұнтақтау. Оны салқын ауа ағынында дезинтеграторларда немесе балталы диірмендерде жүргізеді.
- Затты алдын ала Сокслет типті аппараттарда майсыздандыру арқылы ұсақ ұнтақтау.
- Заттарды алдын-ала салқын сумен немесе су буымен жұмсарту. Жұмсарған заттарды алдын ала кешіп, содан соң кептіріп шарлы диірмендерде ұнтақтайды.
- Көмекші заттарды қосу арқылы ұнтақтау.
- Құрылысы жасушалық (өсімдіктер, жануарлардың мүшелері және микробиологиялық шикізат) заттарды ұнтақтау.
Пайдасыз жұмысты азайту үшін «артық ұнтақтама» ережесін сақтауы керек, себебі ұзақ ұнтақтағанда ұсақ бөлшектер ұнтақтау шегіне жеткенде керісінше, агрегацияға ұшырайды, яғни бір бірімен бірігеді. Осыған байланысты көптеген ұнтақтағыш машиналар керекті дәрежеде ұнтақталған затты ұнтақтау зонасынан аластату үшін елеуіштермен қамтамасыз етіледі.
Ұнтақтағыш машиналар келесі белгілері бойынша жіктеледі:
- Ұнтактау тәсілі бойынша -кескіш, ысқылағыш, езгіш, соққыш және т. б. машиналар;
- Ұнтақтау дәрежесі бойынша- орташа және майда, ұсақ және өте ұсақ (коллоидті) ұнтақтайтын диірмендер;
- Жұмыс инструменті бойынша- дисклі, шарлы, роторлы және т. б. машиналар.
Дозаланбаған ұнтақтар бір әдіспен жазылады , яғни рецепте босатуға арналған заттардың салмақты мөлшері көрсетіледі.
Бөлінген әдіс- рецепте әр дәрілік заттың ұнтақтын бір дозасына есептелген мөлшерде жазылады. Осындай дозаланған қанша артық босату саны көрсетіледі: “Да tales doses” сөзі жазылады
Бөлінетін әдіс - рецептте дәрілік заттардың барлық ұнтақ санына керекті мөлшері жазылады және қаншаға дозаға бөлу саны көрсетіледі. “Divide in partes aеquales” “теңдей бөлікке бөл” деген сөз.
- Жай және күрделі ұнтақтар.
Жай ұнтақтар технологиясы күрделі емес. Егер дәрілік зат жеткілікті мөлшерде майда дисперсті болса ( крахмал, тальк, глюкоза ), онда олар ауруға ұнтақталмаған күйде босатылады. Қалған барлық жағдайда дәрілік заттар ұнтақталады.
- Жай ұнтақтар технологиясы
- Жұмыс орнын дайындайды:20, 0 қол таразы және 1, 0 қол таразы, келі-келсап, капсулаторка, өлшегіш тастар, қағаз капсула, балауыз капсуласы, спирт-эфир қоспасы, салфетка, мақта, дәке тампоны, қағаз қорап, негізгі этикетка және қосымша этикетка.
- Жұмыс орнын дайындап болғаннан кейін 6, 0 қол таразыны спирт-эфир қоспасымен сүртіп алып, онда 6, 0 глюкозаны өлшеп алып келіге саламыз, келсаптың көмегімен ұнтақтап, дәрілік заттың жақсы ұнтақталуын қамтамасыз ету үшін капсулаторка көмегімен келінің қабырғасынан қайта-қайта түсіре отырып ұнтақтаймыз. Ұнтақтап болған соң ұнтақталу дәрежесін тексереміз. Егер ұнтақ толығымен майдаланса, дозалаймыз. Ол үшін 1, 0 қол таразымен дайын болған ұнтақты 0, 5 №12 капсулаға мөлшерлейміз. Әр капсуланы орамдап, 3-5 жинақтап қағаз қорапқа салып, безендіреміз. Негізгі этикетка:”Ішке арналған” жасыл түсті, қосымша этикетка:”балалардан сақтаңыз”, ”салқын жерде сақтаңыз”
- Күрделі ұнтақтар құрамына әртүрлі заттар әртүрлі қоспа ретінде және әртүрлі мөлшерде енгізілуі мүмкін. Әр уақытта күрделі ұнтақтың технологиясының жалпы ережесін сақтау қажет.
Өте ұсақ және коллоиді ұнтақтауға арналған машиналар
- Ағымды диірмендер - заттың ұнтақталуы 6-7, 5 атм қысымында 600-800 м/сек жылдадықпен жиберілетін ауа немесе артық қызған бу ағынында жүреді. Бір мезетте ұнтақталған затт фракцияларға бөлінеді, себебі ірі бөлшектер ұнтақтау зонаның перифериясына жылжыйды, ал ұсақ бөлшектер ауамен жоғары қарай көтеріліп қабылдағышқа түседі.
Артықшылықтары: дисперстік дәрежесі өте жоғары, бір мезетте өлшемдері бойынша фракцияларға бөліну, аппарат тез тозбайды, термиялық тұрақсыз заттарды да ұнтақтауға болады, себебі материалдың бастапқы температурасы сақталады. Кемшіліктері: электр энергияның шығыны жоғары, жиберілетін ауаның және ұнтақталатын материалдың жылдамдығы бір келкң болуы қажет.
Ұнтақтау дәрежесі 1000 тең.
Ұсақ ұнтақтауға арналған машиналар
Корпусы айналмалы барабанды диірмендер. Жұмыс инструменты бойынша олар шарлы және стерженьді болады. Артықшылықтары :
құрылысы және жұмыс істеу қарапайымдығы, шаңды сыртқа шығармайды. Ұнтақтау дәрежесі 100 тең.
- Кемшіліктері: өнімнің ұнтақталу дәрежесі (гранулометриялық құрамы) біркелкі болмайды.
Барабанның айналу жылдамдығы оптималды болуы керек.
Ұнтақталған заттарды бөлу
Затты фракцияларға бөлу келесі тәсілдерімен орындалуы мүмкін:
- Механикалық бөлу (елеуіштердің көмегімен) .
- Гидравликалық бөлу (бөлшектерді сұйық ортада тұну жылдамдығына тәуелді бөлу) .
- Пневматикалық (ауа немесе газ ағынында бөлшектердің салмағына тәуелді бөлу) .
Ұнтақталған заттарды араластыру
- Араластыру - бір немесе бірнеше заттардың бөлшектерінің массада біркелкі таралуын қамтамасыз етеін процесс, сондықтан өте жауапты операция болып саналады.
- Дәрілік заттың массада біркелкі таралуы оның дәл дозалануына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе күшті әсер ететін заттармен дәрілерді дайындағанда өте маңызды болады.
Материалдардың араласу сапасы келесіге тәуелді:
- Бөлшектердің пішініне (формасына), физико-химиялық қасиеттеріне, тығыздығына, сусымалдылығына, үйкеліс коэффициентіне, ылғалдылығына және т. б.
- Араластырғыш аппараттың түріне, құрылысына, көлеміне, тиеуші және шығарушы қондырғылардың орналасуына және т. б.
- Массаның әр компонеттінің араластыру жағдайларына, аппарат пен қоспан көлемдерінің қатынасына, араластыратын компонентерді аппарат ішіне салу тәсіліне, кезектігіне және жылдамдығына.
Араластырғыштар машиналар - сусымалды немесе ылғалды заттардың бір бірінде біркелкі таралуын қамтамасыз ететін аппараттар
Араластырғыш машиналар үздікті, жартылай үздікті және үздіксіз істетін қондырғылар.
Конструкция бойынша олар келесіге бөлінеді:
- Айналмалы корпусымен;
- Айналмалы қалақшаларымен;
- Жалған қайнау қабатта араластыратын;
- Ортадан тепкіш күшпен істейтін. Күрделі ұнтақтарды дайындау технологиясы
1. Рецепте берілген дәрілік заттың сиымдылығын тексеру.
2. Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттар дозасын тексеру.
3. Рецепте берілген дәрілік заттың жазылу әдісін тексере отырып (бөлінген, бөлінетін) жалпы мөлшерін есептеу және бақылау паспортын жазу.
4. Жеке ингридиенттердін келіге салу кезектігін анықтау.
5. Күрделі ұнтақтардың ұнтақталуының оптимальді уақытын сақтау.
3. Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.
- Улы және күшті әсер ететін заттар депмемлекеттік фармакопеяның 11 басылымында ұнтақтар статьясында көрсетілгендей(0, 05) сантиграммнан кем мөлшерде жазылған улы және күшті әсер ететін заттар тритурациясын айтамыз. “Тритурация” латын сөзінен шыққан ( trituracio-ысқылау) алдын- ала ысқылау, улы және күшті әсер ететін заттардың 1:10 және 1:100 қатынасындағы сүт қантымен дайындалған қоспасы.
- 1:10 қатынасы дегеніміз -1г улы зат, 9г сүт қанты.
- 1:100 қатынасы дегеніміз- 1г улы, 99г сүт қанты.
- Улы және күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтардың технологиясы.
Сүт қантының бағалығы ол гигроскопиялық емес және оның тығыздығы 1, 52 тең. Ол алкалоид тұздарының және басқа улы немесе күшті әсер ететін заттардың тығыздығына жақын. Тритурация дайындау кезінде сүт қантымен улы затты өте майда бөлшекке дейін майдалау ұнтақтап, ұнтақ дайындаудың жалпы ережесі бойынша дайындайды . Тритурацияны қабатқа бөлініп кетпеу үшін кішкене штангласта сақтап және периодты түрде араластырып отырады. Улы заттарды провизор-технолог, ассистент қатысуымен келіге өлшеп салады. Келіні алдын ала сүт қантымен немесе ұнтақ құрамында көп мөлшерде жазылған басқа заттармен ысқылау керек.
Технологиясы: Рецепте күрделі ұнтақ, дозаланған, бөлінген әдіспен жазылған, ішке қолдануға арналған ұнтақ берілген. Келіге алдын-ала спирт- эфир қоспасымен сүртілген қол таразыда 2, 25 қантты өлшеп салып ұнтақтап, содан соң қантты келіде 1/20 бөлігін қалдырып, қалғанын қосымша капсулаға төгеміз. Келіге 0, 2г папаверин гидрохлоридін салып ұнтақтаймыз, одан кейін провизор-технологтан 0, 25г атропин сульфатының 1:100 тритурациясын аламыз. Алдын-ала улы заттарды тіркеу журналында улы заттын қанша мөлшерде босатқан туралы және қанша мөлшерде фармацевт алғаны туралы көрсету керек. Босатқан және алған адамның қолы болу керек. Содан соң басқа дәрілік заттармен жақсылап араластырамыз және капсуладағы қантты бөлшектеп салып, біртекті ұнтақ болғанша араластырамыз. Дайын ұнтақтын біртектілігін тексереміз. 10 капсулаға 0, 27г дозалаймыз. Дозаланған ұнтақ капсуланы орап, 5-тен жинап қағаз қорапшаға саламыз. Содан кейін безендіреміз: негізгі этикетка ішуге арналған жасыл түсті, қосымша этикетка «Абайлап қолданыңыз». Содан соң қағаз қорапшаны ақ жіппен байлап, байламның ұшын сүргілейміз. Рецепті дәріханада қалдырамыз. Ауруға рецептін көшірмесін (сигнатурасын) береміз. Улы заттар дәріханада сандық және сапалық тіркеуде тұрады.
- Бояғыш заттармен ұнтақтар дайындау
Бояғыш заттарға: бриллиант жасылы, метилен көгі, калий перманганаты, фурацилин, этакридин лактат, рибофлавин, индигокармин, акрихин, рутин және т. б. жатады. Бояғыш заттар тығындалған ыдыстарда сақталады. Бояғыш заттармен жұмыс істеу үшін әр бояғыш затқа жеке таразы, келі- келсап, басқада керекті заттар бөлек болу керек. Оларға жұмыс орны бөлек болу керек.
Технологиясы: Келіге алдымен түссіз хинин гидрохлоридін 4, 5г салып, ұнтақтап, оның жартысын капсулаға төгеміз, содан соң келіге 0, 15г метилен көгін өлшеп салып, бірден метилен көгінің үстіне хинин гидрохлоридінің жартысын салып келсаппен біртекті масса болғанша араластырамыз. Араластырып болған соң біртектілігін тексереміз. 0, 31г дозалаймыз, желатин капсулада бояғыш ұнтақты босатамыз. Безендіреміз. Негізгі этикетка жасыл түсті ішуге арналған, қосымша «балалардан сақтаңыз », салқын және құрғақ жерде сақтаңыз».
- Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақ дайындау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz