Қазақ балаларының ұлттық киімдері
Реферат
Қазақ балаларының ұлттық киімдері
Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жаңа туған нәрестелердің ұлттық киімі
Қыз балалардың ұлттық киімі
Ұл балалардың ұлттық киімі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім ұлгілерін табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің қалыптасуы мен түр-сипаты көшпелі тұрмыс, құбылмалы ауа райымен қатар, халықтың наным-сенімдері, сұлулыққа құмарлығы, түрлі маталардың қолданысқа енуі және көрші ұлттармен мәдени-экономикалық байланысы әсірінен жылдар бойы өзгеріп отырды. Қазақтардың киімнің етек-жеңіне оқа тігетіні, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізетіні, сәбидің, қыз баланың, сал-серілердің бас киіміне үкі қадайтыны - түркі-қыпшақ заманы кезінде туған дәстүр. Бұл қадам жын-перілерден, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп сенген.
Қазақ халқының ұлттық киімдеріп ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлсек; ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік жатады. Ал әйелдер киімдеріне: қос етік, койлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік, көкірекше жатады.
XV соңы - XVI ғасырдың басы аралығында қалыптасқан қазақ ұлттылығы кезінде Қазақстанның кең даласында өмір сүрген халықтардың материальды және рухани мұрагері болып табылады. Мұра ретінде алу жіне ары қарай дамуы барысында халыққа тән белгілі бір көркемөнер стиль қалыптастты.
Қазақы белбеу, қапсырма, бойтұмар, нәзік белдіктерге өрнектелетін әр түрлі құстардың, жыртқыштардың, көбелектің, ағаштың, жер-судың, тау-тастың кескінін беру ежелгі сақ, үйсін тайпаларынан қалған мұра.
Бойжеткендер белі қымталған, етек-жеңіне желбезек салынған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (кейбір жерде нәзік белдік) буынған. Қазақстанның кейбір өңірлерінде етек-жеңге екі-үш қатар бүктесін, яғни қосетек тіккен. Ал оңтүстікте осындай көйлектің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен. Тақиямен қатар, белдік те қыздық дәуреннің белгісі саналған. Қыз бала белдігін арындай қорғаған, оның жоғалтып алу - арынан айырылғанмен бірдей болған. Қос етекті көйлек тек қыз балаға тән киім. Баласы бар әйелдерге шымқай түсті матадан тігілген. Кестеленген немесе қос етек салынған көйлек кию ерсі саналатын. Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел тұрмыс құрған соң ақсаңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киетін. Кимешектің шаршысының, пішімінің үлгісіне қарай шылауым, сұлама, күндік, орама деген атаулары бар. Орта жүз өкілдері орыс, татар халықтарымен аралас-құралас болғандықтан бұл олардың киім үлгілері мен киім киістеріне де әсер етті: шапандары көбінесе бір беткей матадан тігіліп, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болды. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Өрнектермен кестеленген күдері бешпет пен жарғақ шалбар жоғары бағаланған.
Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамның материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екінші жағынан - ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Қазақтың ұлттық киімдерінде, оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері бой көрсетеді. Қазақтың қандай киімі болмасын, онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі хал-ахуалы да суреттеледі. Олар пайдаланылуы мен қолданылу ерекшеліктеріне де байланысты топталып отырды. Қазақ киімдерінің практикалық, эстетикалық, ғұрыптық және магиялық маңызы болумен қатар жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейіне қарай этноәсер етуші белгілерді де ұстанды. Киімдердің мұндай қызметтері дәстүрлі далалық этикалық нормалармен де байланыстырылып, әлеуметтік-тұрмыс мәселесі шеңберінде қарастырылды.
Негізгі бөлім
Жаңа туған нәрестелердің ұлттық киімі
Дүниеге жаңа келген нәрестеге иткөлек кигізген. Иткөйлек дегеніміз қазіргі кездегі жейде сияқты, яғни түймесіз арты ашық, етек- жеңі кең көйлек. Бұл киімді бала қырқынан шыққанға дейін киеді, яғни сәбидің дүниеге келгенінен бастап тура қырық күн бойы. Иткөйлек жұмсақ, табиғи матадан, көбінесе шыт, сиса, бәтес, бөз сияқты маталардан тігіледі, себебі ол жас сәбидің нәзік терісін тітіркендірмей, батпау керек. Иткөйлекті сәбиге ырымдап кигізеді, аңыз бойынша ежелгі уақытта ит адамның қорғаушысы болған, сол себепті де көйлек нәрестені ажалдан, жаман көзден сақтау үшін осындай көйлек кигізетін. Қосымша айта кетсек, қазақтар нәрестенің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенген, дәл сондықтан да иткөйлекті көрінген жерге лақтырып не біреуге беруге болмайды. Оны қазақтар асыл зат секілді сақтаған.
Қазақтың дәстүрлі киімдерінің ішінде жас ерекшеліктеріне байланысты балалар киімі ерекше саналды. Бала дүниеге келгенде, ол жолдасында туса, онда онымен бірге бақ-дәулет, бақыт келді, - деп сол кезде көйлегінде туған деп айтқан. Туғаннан кейін, жолдасын алып кептіріп, бақыт үшін сандықта сақтаған. Бұл әдет Сібірдегі түркі халықтарының арасында да кездеседі. Ал баланы тұзды суға шомылдырып, денесі жара болмас үшін және жылы, әрі жұмсақ болсын деген ниетпен қойдың жабағы жүніне аунатып алатын салт болған. Сондай-ақ нәрестенің ең алғаш киетін киімдерінің бірі - иткөйлек. Ол жұмсақ сисадан не жұқа бәтестен жеңі мен бойын тұтас пішіп, жағасын ойып алатын да, шет-шетін бүкпей, екі жанын қолмен тепшіп жас баланың нәзік етіне тігістің батпауы үшін дайындалатын. Иткөйлектің етегін бүкпеу әдеті - баланың жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеген ырымнан туындады. Әдетте, иткөйлекті баланы қырқынан шығарғанша кигізген. Содан соң оны тәтті дәмге толтырып, ауыл балаларын шақырып, иттің басына іліп жіберетін болған. Бұл баланы қауіп қатерден сақтаудың және баланы ит тиюден сақтаудың бірден-бір жолы деп білген. Ал кейбір өңірлерде, иткөйлектегі тәтті дәмдерді балалар бөліп алғаннан кейін, ол иткөйлектен үш бұрышты бойтұмарлар жасап мойындарына іліп жүретін болған. Ең алғашқы қырқын шашты домалақтап, оны көз тимесін деген ниетпен баланың киіміне тағып қоятын болған. Сондай-ақ бесікке әр түрлі қорғап қолдаушы саналған - үкі аяқ, жылан бас сияқты бойтұмарларды іліп қоятын болған. Баланың өмірін сақтау үшін, оның киімдеріне де әр түрлі амулеттер тағылды. Олардың қатарында үш бұрышты матамен сырты қапталған Құран аяттары жазылған бойтұмар, үкі қауырсындары мен тұяғы, сердолик және ақық сияқты асыл тастары бар әшекейлер мен қолына ақ-қара моншақ араласқан көзді білезік тақты. Мұндай қасиетті бұйымдар сыртқы тіл-көздің энергиясын қабылдайтын магиялық қасиеті болды деп түсінді. Әдетте, 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың киімінде ерекшелік болмады. Олар аязды күндері тізеден жоғары болатын көн мәсіні байпақпен (тері шұлық) киді . Егер жанұяда бала шетіней берсе, немесе көптен күткен ұл дүниеге келсе, оны сырт көзден, тіл көзден сақтау үшін қыздар сияқты киіндіретін болған. Тувалықтарда мұндай жағдайда, ұл балаға 5 жасқа дейін сырға тағу дәстүрі болған. Сондай-ақ ұлды болғысы келген жағдайда, сол жанұядағы қыз балаларды 12-15 жасқа дейін ұл бала сияқты киіндіріп, оған Ұлжан, Ұлтуар сияқты есімдер қойған. Әдетте, қыз балаға әшекей бұйым ретінде 3-5 жасынан, кейде 1 жасқа жетпей-ақ сырға тағып қойған. Сондай-ақ жас нәресте үшін, әдетте айы - күні жетпей дүниеге келген бала үшін тымақтың да алар орны орасан. Баскиім - үйдің құты мен берекесі, басқа қонған бақтың тұрағы деп есептеледі. Сондықтан да баскиімге қатысты ырым тыйымдар құт пен берекені сақтауға, баянды етуге бағытталады. Сол үшін де қазақ ұғымында: бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, бас киімді қабаттамау сияқты сенімдер бар. Бас киімге қауырсын тағу - барлық халықтарда мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланысты екендігін білдіреді. Мәселен, үкілі тымақты көбіне бақсылар киетін болса, үкілі қалпақ, үкілі тақия, үкілі бөрік нәрестенің, жас балалардың атрибуты. Ал тымақтың өзі ел арасында қасиетті саналып, шала туып, тымаққа салып өсірген екен, - деген сөз бар. Себебі, айы күні жетпей шала туған баланы тымаққа салып крегеге іліп қоятын дәстүр бар.
Ит көйлек
Бойтұмар
Қыз балалардың ұлттық киімі
Бас киімдер жайлы айтсақ, қыз балаға туғанынан бастап сылаут тақия кигізетін болған. Сылау тақия дегеніміз жаңа туған балалар киетін бас киім, тіпті телпек деп айтуға болады. Соңымен қатар балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, былғарыдан жасалған бойтұмардың ішіне сол оқылған қағазды салып, сәбидің мойынына іліп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz