Сұйық дәрілік заттарды фасовкалау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Сұйық дәрілік заттарды фасовкалау

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a. Сұйық дәрілік заттар
b. Сұйық дәрілік заттарды фасовкалау принциптері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сұйық дәрілік пішіндер - дәрілік заттары сұйық дисперстік ортада таралған еркін дисперстік жүйелер.
Сұйық дәрілік пішіндер дәріханалар рецептурасында негізгі орын алады. Бұл, қатты дәрілік пішіндерге қарағанда, келесі артықшылықтарға ие болуына байланысты:
* Жоғары био қол жетімдігі, яғни тез сіңірілуі және тез терапевтикалық әсердің басталуы. Бұл дисперстік фаза бөлшектерінің кішігірім мөлшерде болуымен түсіндіріледі.
* Қолданудың қарапайымдылығы және қолайлығы.
* Асқазан - ішек трактының шырышты қабығына дәрілік заттардың ушықтыратын әрекеттің төмендеуі.
* Дәрілердің жағымсыз дәмін және иісін жасыру мүмкіндігі.
* Дайындаудың қарапайымдылығы.
Сұйық дәрілік пішіндердің басты кемшілігі тұрақсыздығы болып табылады, яғни бұл кезде ерітінділерде микробты контаминация болуы мүмкін. Сондықтан сұйық дәрілік пішіндердің сақтау мерзімі аз болады (3 тәуліктен көп емес). Сұйық дәрілік пішіндердің тағы бір кемшілігі: құрғақ күйдегі заттарға қарағанда, ерітілген күйдегі заттар гидролиз және тотығу процестеріне көбірек түседі.

Негізгі бөлім

Сұйық дәрілік пішіндердің классификациясы
I. Дисперстік жүйелердің түрі бойынша:
Жүйелердің сипаттамасы
Дисперстік
фаза
Дисперстік фаза бөлшектерінің мөлшері
Дәрілік пішіндердің мысалдары
Төменмолекулалық қосылыстардың шынайы ерітінділері
Иондар, молекулалар
1 нм
Глюкоза, натрий хлорид, магний сульфат ерітінділері
ЖМҚ шынайы ерітінділері
Молекулалар
1-100 нм
Желатин, пепсин ерітінділері
Коллоидты ерітінділер
Мицеллалар
1-100 нм
Протаргол, колларгол ерітінділері
Суспензиялар
Қатты заттардың бөлшектері
0,1-50 мкм
Күкірт, магний оксид суспензиясы
Эмульсиялар
Сұйықтардың бөлшектері
1-150 мкм
Кастор, шабдалы майларының эмульсиясы
Қосарланған (комбинирленген) жүйелер

Тұнбалар, қайнатпалар, шырыштар
II. Қабылдау әдісі бойынша:
* Ішке қабылдауға арналған - микстуралар, тамшылар;
* Сыртқа қабылдауға арналған - клизмалар, тамшылар, жағу;
* Инъекциялық қабылдауға арналған - ерітінділер.
III. Дисперстік орта бойынша:
* Сулы;
* Сулы емес: глицеринді, спиртті, майлы, полимерлі, аралас.
IV. Қолданылатын аппаратурасы бойынша:
* Зауыттық жасап шығарылуы;
* Дәріханалық жасап шығарылуы;
V. Дайындау әдісі бойынша:
* Масса - көлемдік әдісі бойынша дайындалатын ( қатты дәрілік заттардың сулы және сулы - спиртті ерітінділері, ішке қабылдауға арналған тамшылар, ішке қабылдауға арналған тамшылар, құрамында 3% -ға дейін қатты фазасы бар суспензиялар);
* Көлем бойынша дайындалатын (рецептте шартты атаумен жазып алынған әр түрлі концентрациядағы спирттің ерітінділері, хлорсутекті қышқыл және стандарттық ерітінділер);
* Масса бойынша дайындалатын (тұтқыр және ұшқыш еріткіштердегі қатты және сұйық дәрілік заттардың ерітінділері, эмульсиялар, құрамында 3% -ға дейін қатты фазасы бар суспензиялар, гомеопатикалық сұйық дәрілік заттар).
2.Еріткіштерге қойылатын талаптар:
1. Жоғары ерігіштік қабілеттілігі.
2. Химиялық индифферентігі.
3. Биологиялық зиянсыздығы.
4. Жағымсыз дәмнің және иістің жоқтығы.
5. Микробтық контаминацияға тұрақтылығы.
6. Үнемділігі.
Бұл талаптардың көбіне тазартылған су жауап береді.
Тазартылған су. Тазартылған суға МС № 42-2619-97 бар. МС сәйкес тазартылған суды дистилляция, иондық алмасу, қайтымды осмос немесе бұл әдістердің комбинациясы арқылы алуға болады. Бұл бөлімде тазартылған суға қойылатын талаптар туралы жазылған. Су түссіз, мөлдір, иіссіз және дәмсіз болуы керек, рН 5-6,8; қатты қалдық 0,001%-дан жоғары болмауы керек, судың құрамында нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар, кальций, ауыр металдар, көміртектің диоксиді, тотықсызданатын заттар болмауы керек, аммиактың 0,0002% мөлшерде болуы рұқсат етіледі.
Тазартылған судың алынуы. Дистилляция - тамшылармен жиналған су. Дәріхана немесе өнеркәсіптік өндіріс жағдайында дистилляция немесе айдау әдістері кеңінен таралған.
Қалаларда тазартылған суды алу үшін құбыр немесе тұзсыздандырылған суды қолданады. Ал ауыл аймақтарында қолданылатын суды, суға кермектілік қасиет беретін қосылыстардан: органикалық заттардан, аммиактан, тұздардан алдын - ала тазарту қажет.
Суды дистилляция әдісі арқылы алу үшін аквадистилляторлар аппараттары қолданылады. Дайындалған ауыз суын немесе суды, үш негізгі түйіннен: буландырғыштан, конденсатордан және жинақтағыштан тұратын аквадистилляторға орналастырады.
Су орналасатын буландырғышты қайнауға дейін қыздырады. Су булары конденсаторға түседі, мұнда олар сұйылады және конденсат түрінде жинақтағышқа түседі. Бастапқы судағы барлық ұшқыс емес қосылыстар аквадистилляторда қалады.
Буландырғышта судың қайнауы кезінде көпіршікті және беттік бу түзілуі жүреді.
Бірінші жағдайда қайнау кезінде будың көпіршіктері түзіледі, олар сұйықтықтан бөлек түсіп қалады, нәтижесінде өзінің бетіне бастапқы судың жұқа қабатын еліктіреді. Бұл кезде дистилляттың ластануы орын алады.
Беттік бу түзілу айдалмаған су тамшыларының шығарылуына жол бермейді.
Көпіршікті бу түзілуін болдырмау үшін келесі жағдайларды орындау керек:
* Қайнайтын қабаттың қалыңдығын кішірейту
* Біркелкі қайнатуды қамтамасыз ету үшін жылыту температурасын реттеу
* Бу түзілудің оптималды жылдамдығын ұстап тұру
3.Деминералданған су. Соңғы кездері тазартылған судың орнына деминералданған суды қолдануға көңіл бөлінуде. Бұл дистилляторлардың, әсіресе электрлік дистилляторлардың, жиі істен шығатына байланысты болып табылады. Бастапқы судың құрамындағы тұздар буландырғыштың шыныларында қақ түзеді, ал бұл дистилляция жағдайын нашарлатады және де судың сапасын төмендетеді.
Суды тұзсыздандыру (деминералдау) үшін әр түрлі қондырғыларды қолданады. Олардың әрекет ету принципі, суды ионалмастырғыш шайырлар - құрылымы гелді немесе микрокеуекті, ионогенді топтармен ковалентті байланысқан торлы полимерлер, арқылы өткізеді, нәтижесінде су тұздардан босатылады. Суда бұл топтардың диссоциациясы иондық жұпты береді:
oo полимерлі тасымалдағышқа бекітілген ион;
oo қозғалмалы - қарсыион, ионның бір атаулы зарядына айырбастайды.
Суды деминералдау қондырғысының негізгі бөлігі катиониттермен және аниониттермен толтырылған бағаналар болып табылады.
Катиониттердің активтілігі, сутек иондарын сілті және сілтіжер металдарының иондарына айырбастау қабілеттігі бар, карбоксилді немесе сульфо топтың бар болуымен анықталады.
Аниониттер - өзінің гидроксилді топтарын аниондарға айырбастай алатын торлы полимерлер.
Сонымен қатар қондырғыда шайырларды регенерациялау үшін қажетті, қышқылдар, сілтілер және дистильденген су ерітінділері үшін сыйымдылықтар болады. Катиониттердің регенерациясын хлорсутекті немесе күкірт қышқылымен жүргізеді. Аниониттер сілті ерітіндісімен (2-5%) тотықсызданады.
Әдетте ионалмастырғыш қондырғы 3-5 катионитті және анионитті бағаналардан тұрады. Жұмыстың үздіксіз жүруі, бағаналардың бір бөлігі жұмыс жағдайында, ал басқа бөлігі регенерацияда болуымен түсіндіріледі.
Құбыр суы, ионалмастырғыш бағаналар арқылы өтеді, кейін ионалмастырғыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фотометриялық анықтаулар
Ашытылған сүт өнімдерін дайындау технологиясының әдістері
Сүт қышқылды стрептококктар
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Тоңдырылған майларды алу технологиясы
«СП Первомайский» жеке кәсіпкерлігінде іс-тәжірибе есебі
Балмұздақ сақтайтын тоңазытқыш қондырғысын жобалау
Сүт сапасының баллдық бағалауы
Сұйық дәрілік формалардың классификациясы
Дәрілік заттар
Пәндер