Ішкі шаруашылықты ұйымдастыру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру негіздері
1. 1 Кәсіпорын қызметінің мақсаты, құрылымының түрлері
1. 2 Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
1. 3 Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
2 «Ел-Нұр» ЖШС-нің ішкі шараушылығын ұйымдастыру және талдау
2. 1 «Ел-Нұр» ЖШС-нің құрылымы және қызметіне сипаттама
2. 2 «Ел-Нұр» ЖШС-нің өндірістік ресурстарының құрамын талдау
2. 3 «Ел-Нұр» ЖШС-нің жалпы рентабельділігін талдау
3 Шаруашылық субъектілерде ішкі шаруашылықты ұйымдастыру мәселелері және оларды шешу жолдары
3. 1 Корпорацияның қызмет ету мәселелері
3. 2 Өндірістік құрылымды жетілдіру және өндіріс тиімділігін жоғарылату жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
6
8
8
14
23
35
35
43
50
58
58
62
68
70
72
КІРІСПЕ
Кез келген кәсіпкердің қазіргі жағдайдағы маңызды қасиеті - жағдайдың өзгерісіне икемділік таныту қабілеті. Ол үшін өзі таңдаған іс-әрекет саласында білікті болу, мақсатқа талпынушылық, табандылық, сәтсіздіктерге дайын болу, оқып-үйрену қабілеті және қателіктерінен қорытынды шығара алу секілді мінез-құлық ерекшеліктеріне ие болуы қажет. Бәсекелестік күреске дайын болу керек. Маркетингті дұрыс ұйымдастыра отырып, бейресми байланыстарды ұстай білуі, ал өнімді шығара бастағанда уақытында шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдерді жеткізушілермен де, өнімді тұтынушы және тапсырма берушілермен де ресми қатынас орната алуға тиісті.
Экономиканың барлық даму кезеңінде кәсіпорын негізгі буын болып табылады. Дәл осы кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыскердің өндіріс құралдарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өнеркәсіптік кәсіпорын деп өндірістік-техникалық тұтастығы, ұйымдық-әкімшілік және шаруашылық дербестігі бар өндірістік бірлікті атайды. Кәсіпорын өз қызметін дербес атқарады, шығарылатын өнімді, салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза пайданы (кірісті) өзі пайдаланады.
Қазіргі жағдайда республикада кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы және өзге де шаралары жүзеге асырылуда, сол себепте әр түрлі нысандағы кәсіпорындар құрылуда. Кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, республикадағы заңмен белгіленген ұйымдық-құқықтық нысандарын, өндірістік ұйымдастырудың түрлерін білу қажет.
Кәсіпорындағы меншік нысанын таңдау да жауапты іс болып табылады және кәсіпорында қызмет жасауға тиісті шаруашылық, құқықтық ортаны, қоғамдық тәртіпті де ескеру қажет. Келесі қадам - өндірістік базаны қалыптастыру. Кәсіпкерге өндірістік және қойма жайларын, жабдық, станоктар мен құрал-сайманды сатып алуға немесе жалға алуға тура келеді, сонымен қоса шикізат, материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдер сатып алу, жұмыс күшін тартуы қажет. Сол себепте менің дипломдық жұмысымның тақырыбы әлі де маңызды роль алады.
Сонымен қатар, қазіргі жағдайда өндірісті, еңбекті, басқару жүйесін ұйымдастыруда ғылыми негіздену мақсаты қойылуда.
Жоғары бәсекелестік жағдайында бір саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар жеке корпорацияларға бірігіп, жұмыс істейді.
Корпорациялар бірыңғай өнімді шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктіріп, заңды тұлға ретінде жұмысын атқарады. Олар инвестициялық капиталды шоғырландыруға ықпал етеді, ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз етеді және өнеркәсіп деңгейіне, өнімнің техникалық деңгейінің, жоғарлауына әсерін тигізеді. Корпорациялар әсіресе жаңа өнім шыратын салалардағы кәсіпорындардың дамуын жеделдетеді.
Менің дипломдық жұмысым «Ел-Нұры» жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізінде орындалды. Бұл кәсіпорын корпорация болмағандықпен, ол корпорацияның бөлек буыны ретінде қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты дипломдық жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорынның ішкі шаруашылық құрылымымен танысу, өндіріс рентабельділігін анықтау және өндірістік құрылымның тиімділігін жоғарылату шараларын ұсыну.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
- Кәсіпорын қызметінің мақсаты, құрылымының түрлері
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Ер-кін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады. Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның функциялары мыналар:
- өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
- кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік;
- салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
- мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны - өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік мекемені ұйымдастырудың негізгі үш бағыты бар. Олар:
- өндірісті ғылыми ұйымдастыру;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
- басқару жүйесін ғылыми ұйымдастыру.
Өндірісті ғылыми ұйымдастыру мақсаты (ӨҒҰ) -кәсіпорында оңтайлы техника-технологиялық жүйені құру. Бұл дегеніміз - сенімді әрі тиімді қызмет ететін өндірістік құрал-жабдықтар мен технология, техника-ұйымдастыру ар-қылы жұмыскерлердің өзара қатынасын реттеу.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) міндеті - қызметкерлер ұжымында шынайы ресмилендірілген қатынастар орнату. Оған жоғары өнімділікті, тиімді алдыңғы қатарлы еңбек ету үшін жағдай туғызатын іс-шаралар жүйесі кіреді. Бірақ, ЕҒҰ мүмкіндіктері кәсіпорынның техника-технологиялық жағдайымен, оның қаржылық және экономикалық қорларымен шектеледі.
Басқаруды ғылыми ұйымдастыру (БҒҰ) - бұл кәсіпорынның материалды және адами ішкі жүйелерінің мақсаттылығын қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық және қоғамдық құралдар жүйесі. Ол осы жүйелердің ең жоғары сапалық-технологиялық және экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында өзара әрекеттесуіне жағдай туғызады. Кез келген кәсіпкерлік іс-шаралар - бұл адамдар арасындағы өзара байланыстарын ұйымдастыру болып табылады. Ол неғұрлым жете ойластырылып құрылса, шебер реттеліп отырған сайын экономикалық пайда, шығындардың орнын таза пайдамен толтыруға деген сенім солғұрлым арта түседі.
Кәсіпорындағы меншік нысанын таңдау - жауапты іс. Сол себепті мұнда өз түсінігімен, ойымен ғана шектелуге болмайды. Кәсіпорында қызмет жасауға тиісті шаруашылық, құқықтық ортаны, қоғамдық тәртіпті де ескеру қажет. Келесі қадам - өндірістік базаны қалыптастыру. Кәсіпкерге өндірістік және қойма жайларын, жабдық, станоктар мен құрал-сайманды сатып алуға немесе жалға алуға тура келеді, сонымен қоса шикізат, материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдер сатып алу, жұмыс күшін тартуы қажет. Осы жерде кәсіпорын құрал-жабдық дайындаушылармен, шикізат, материал жеткізушілермен, делдалдық кәсіпорындармен қатынасқа түседі. Қызметкерлер еңбек биржасында, хабарландыру арқылы және басқа да жолмен жұмысқа қабылданады.
Маңызды кезең - қаржы-қаражат табу. Кәсіпкердің өзінің және оның әріптестерінің жеке қаржылары істі бастау және дамыту үшін, әдетте, жеткіліксіз болады. Қаржы кемшілігін акциялар шығару арқылы, яғни кәсіпорынның капиталы мен таза пайдасына қатысу құқығының бір бөлігін беру арқылы, жеке қарыздық міндеттемелермен, сондай-ақ коммерциялық банктен несие алу арқылы толтыруға болады.
Барлық кәсіпорындар елдін заңнамасында көрсетілген белгілі ұйымдық-құкықтық нысандарына сәйкес, алайда түріне, көлеміне немесе шаруашылық саласына тәуелсіз қызмет ете алады. Көрсетілген нысандар кәсіпорын құруды, қатысушылардың жауапкершілігі және құқықтық қабілеттілігін, есеп беру тәртібі мен алынған пайдаға салық төлеуді, басқару органдарының құрылымы мен қайта құру немесе таратуды анықтайды.
Коммерциялық ұйым болатын заңды тұлғаның негізгі мақсаты пайда табу болып саналады, ал коммерциялық емес ұйымдар алдына мұндай мақсат қоймайды. Кәсіпкерлік құрылымның ұйымдық-құқықтық негізгі нысандарын қарастырып көрейік. Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана ала-тын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды.
Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде кәсіпкерлік қызметті жүргізуде, капиталды тарту және пайдалануды қамтитын әр түрлі нысандары мен тәсілдері бар. Кәсіпорын келесі нышандары: шаруашылық қызметтің түрі, меншік нысаны, сандық көрсеткіштер, маңызы және аумақтық орналасуы, ұйымдық-құқықтық түрлері және басқа да нышандары бойынша жіктеледі. Кәсіпорынның жіктелуі келесі кестеде келтірілген (кесте 1) .
Кесте 1 - Кәсіпорыннын жіктемесі
Жіктеу
нысандары
Жеке және өндірістік мақсатта тұтыну тауарларды өндіру Өндіріс мақсатында көрсетілетін қызметтер
Ғылыми-зерттеулер жұмысы
Тұрмыс мақсатында пайлаланатын қызметтер
Жүкті және халықты тасымалдау жұмыстары
Сауда (көтерме, бөлшек)
Байланыс қызметтері
Қаржы-несие қызметтері
Делдалдық және басқа да қызметтер
Мемлекеттік
Қоғамдық бірлестіктер
Жеке меншік
Ірі
Орташа
Шағын
Республикалық маңызы бар нысандар
Аймақтык маңызы бар нысандар
Жергілікті маңызы бар нысандар
Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар
Өндірістік кооперативтер
Мемлекеітік кәсіпорыңдар
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар тек келесідей түрлері құрылуы мүмкін:
- шаруашылық серіктестіктер;
- акционерлік қоғамдар;
- өндірістік кооперативтер;
- мемлекеттік кәсіпорындар.
Коммерциялык емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, қоғамдық бірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенімгерлік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам нысандары бойынша кұрылуы мүмкін. Акционерлік қоғамнан басқа шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Толық серіктестік - мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеслі барлық мүлікпен ортақ жауапкершілікте болады. Азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Толық серіктестіктің ең төменгі жарғылық қорының мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде белгіленген. 2009 жылы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 1273 теңге көлемінде бекітілген.
Сенімгерлік серіктестік - серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік. Сенімгерлік серіктестіктің ең төменгі жарғылық қорының мөлшері 50 АЕК мөлшерінде белгіленген.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) - бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның міндетемелері бойынша әрбір қатысушының салым төлемеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. ЖШС-тің ең төменгі жарғылық қорының мөлшері 100 АЕК мөлшерінде белгіленген.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қордағы салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде болатын салымдар арқылы жауап беретін серіктестік.
Акционерлік қоғам - жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік. Акционерлік қоғамның қатысушылары (акционерлері) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар шегінде коғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi - 50 000 АЕК.
Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Өндірістік кооперативтің меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің жарналарына бөлінеді. Жарна кооператив мүлкіндегі өндірістік кооператив мүшесінің үлесі болып табылады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс. Құрылтайшы бекiткен кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген - өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.
2) қазыналық кәсiпорынар (оралымды басқару құқығына негiзделген) - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын. Қазыналық кәсiпорын ҚР Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.
1. 2 Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы, дайындау көлемі мен қайталануына байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы. Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара (жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.
Сурет 1 - Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру түрлері
Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.
Топтамалық өндіріс - бірыңғай өнімнің кең атауларын (номенклатурасын) ұзақ уақыт бойы қайталанып отыратын жағдайда топтамамен дайындауды білдіреді. Топтама (серия) деп өндірісте партиялап, бір мезгілде немесе бір ізділіктімен үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратын құрылысы бірдей өнімдер қатарын шығарумен түсіндіріледі. Топтамалық өндіріске ұшақ және мотор құрастыру зауыттары мысал бола алады. Бір кезде дайындалатын өнімнің санына байланысты топтамалық өндірісті ұсақ, орташа және ірі топтамалы деп атайды.
Жаппай өндіріс - бірдей өнім түрінің шектеулі атауларын көп көлемде дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын, ауыл шаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс - кәсіпорындарында бір атаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамандануының жоғары түрі. Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірістің басты шарты - бөлшектер, тораптар мен агрегаттар құрастыру кезінде олардың сапасын стандарттау мен үйлестірудің жоғары деңгейінде болуы керек.
Өндірістің түрі кәсіпорын құрылымына, өндірісті тиімді ұйымдастыру деңгейлері, шарттары мен талаптарына үлкен ықпал етеді. Мысалы, жеке-дара өндірісте кәсіпорын құрылымында ұсталық және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар мен технологиялық жабдықтандыруды даярлайтын дербес цехтары, дайындаушы телімдері болмайды.
Топтамалы өндірісте, керісінше, кәсіпорын құрылымында әрқашан дерлік ұста және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар, технологиялық жабдықтандыру, металл өңдеу цехтары; өлшеу, химиялық, қыздыру, металтану зертханалары; орталықтан жоспарлау, диспетчерлік қызмет және басқа да бөлімшелер болады.
Жаппай өндірісте кең мөлшерде мамандандырылған негізгі және көмекші өндірістер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер болуы тән. Бөлшектер, әдетте орталықтанған түрде дайындалатын ұтымды дайындамалар-дан жасалады. Стандартсыз жабдықтар және технологиялық жабдықтар өндірісі де осы тәсілмен жүзеге асады. Оларды дербес құрылымдық бірлік болып табылатын цехтар өз тұтынушыларына жеткізеді. Кәсіпорын бөлімдеріне бас конструктор, бас технолог, бас дәнекерлеуші, бас металлург, бас энергетик, бас механиктің, сондай-ақ өнімді стандарттау және үлестіру бөлімдерінің дербес қызметтері кіреді.
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады. Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерғе қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері - цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер (өндірістік үдеріске тікелей немесе жанама түрде қатысатын), олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника-экономикалық және экономика-географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.
Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын), жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін), материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау-тексерулерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады. Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-бақша, санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары кіреді.
Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады (цехсыз басқару құрылымды кәсіпорындарынан бөлек) . Цех - жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын, әкімшілік қатынастағы жеке буын. Цехтар толық құқылы бөлімше болып табылады, олар өз қызметін шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады. Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді. Дайындау цехына құйма, ұсталық-штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады. Өңдеу цехына - механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу, гальваникалық, бояу және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына - өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы-салмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Көмекші цехтар негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді, оларға сайман жасайтын, стандартсыз жабдықтар, үлгілік, жөндеу, энергетикалық, көліктік цехтар жатады. Қосымша цехтар (нан қалдықтарынан кептірілген нан - өндіру жөніндегі цехтар) негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді. Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Барлық зауыттардың құрылымдарында қойма шаруашылығы, санитарлы-техникалық құрылғылар мен қатынасу жүйелері (электр желілері, газ және ауа өткізіштер, жылу беру, желдету, рельсті және рельссіз көлік жолдарын көріктендіру) белгілі бір орынды иемденеді.
Бірлестіктің (кәсіпорынның) өндірістік құрылымында конструкторлық, технологиялық бөлімшелер, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар маңызды рөлге ие. Онда сызулар, технологиялық үдерістер құрастырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі, өнім конструкцияларын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар талаптарына толығымен сәйкестендіреді, зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар орындалады. Бұл бөлімшелерде ғылымның өндіріспен бірігуі айқын көрініс табады. Цехтар құрамына негізгі және қосымша өндірістік телімдер (учаскілер) кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz