Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары



Жоспар.

Кіріспе.

I. Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру жолдары.
Тарих пәнінің тәрбиелік маңызы.
Адамгершілік тәрбиесі.

II. Тәрбиенің түрлері.
Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыцқа, барлық халықтармен достыққа тәрбиелеу.
Бейбітшілікке тәрбиелеу.
2.3 Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2.4 Экологиялық тәрбие беру жолдары.
2.5. Діннің адамзат тарихындагы рөлін әділдік тұрғысынан ашып көрсету жолдары.
2.6. Қазақстан тарихын оқыту барысында окушыларга эстетикалық тәрбие беру.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:

Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті, оның келешегі алда, ол да жақсы дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады.
Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматгар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады.

Тақырыпты мақсаты:

Сондықтан да біз қазір (Қазақстан мектептеріндегі) тәрбиенің мақсатын анықтағанда мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз.
Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге,- сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбек-ке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие алады.
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру дегеніміз — табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып жататын өзгерістердің де) белгілі бір зандылықпен дамитындығын дәлелдеу. Оларда болып жататьн өзгерістер, жаңалықтар т.б. құдайдың бүйрығымен, немесе басқа бір күштің әсерінен емес, даму зандылығы нәтижесінде болады деген қорытындыға әкелу.

Тақырыптың міндеттері:

-Тәрбиенің маңызын жалпы ғылыми түрде түсінік беру
-Тәрбиенің турлерін толық баяндап өту.
Тәрбиенің түрлерінің арқайсысының қоғамға қажет екендігін кең түрде атап өту.
-Адамгершілік тәрбиесіне оның Қазақстанда алатын орны туралы айтып өту.
- Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
-Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, барлық халықтармен достыққа тәрбиелеу.
-Діни тәрбиенің қазіргі қоғамға қажеттілігін айқындау. Діннің адамзат тарихындагы рөлін әділдік тұрғысынан ашып көрсету жолдарын табу.
Пайдаланылған әдебиеттер
1..Тұрлығұл Тотай Тәжіұлы.
Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың құралдары. Оқу әдістемелік құрал. Алматы Ғылым 2003.
2.Жансбекова Г.А.
Тарихты оқыту әдістемесі. Семинарға дайындық құралы. М. Әуезов ОҚМУ Шымкент. 2004.
3.Абдуғулова Бағлан.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық негіздері. Автореферат. Алматы 2004.
4.Тұрлығұл Тотай Тәжіұлы.
Мектепте қазақстан тарихын оқытудың құралдары. Оқу әдістемелік құрал. Алматы Ғылым 2003.
5.Жансбекова Г.А.
Тарихты оқыту әдістемесі. Семинарға дайындық құралы. М. Әуезов ОҚМУ Шымкент. 2004.
6.Абдуғулова Бағлан.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық негіздері. Автореферат. Алматы 2004.
7. Қазақ тарихы.журналы Алматы. 2006. №14
8. Қазақ тарихы.журналы Алматы. 2006. №14
9. Қазақ тарихы.журналы Алматы. 2006. №14
10. Қазақ тарихы.журналы Алматы. 2006. №14
11.Тұрсын Хәзретәлі.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі.(Жоғары оқу орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы.)Алматы. Дарын 2004.
12.Тұрлығұл Тотай Тәжіұлы.
Мектепте қазақстан тарихын оқытудың құралдары. Оқу әдістемелік құрал. Алматы Ғылым 2003.
13.Жансбекова Г.А.
Тарихты оқыту әдістемесі. Семинарға дайындық құралы. М. Әуезов ОҚМУ Шымкент. 2004.
14.Абдуғулова Бағлан.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық негіздері. Автореферат. Алматы 2004.
15. Қазақ тарихы.журналы Алматы. . 2006. №14
16Тұрлығұл Тотай Тәжіұлы.
Мектепте қазақстан тарихын оқытудың құралдары. Оқу әдістемелік құрал. Алматы Ғылым 2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе.
I. Қазақстан тарихының тәрбиелеушілік мүмкіндігін жүзеге асыру
жолдары.
Тарих пәнінің тәрбиелік маңызы.
Адамгершілік тәрбиесі.
II. Тәрбиенің түрлері.
Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыцқа, барлық халықтармен достыққа
тәрбиелеу.
Бейбітшілікке тәрбиелеу.
3. Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
4. Экологиялық тәрбие беру жолдары.
5. Діннің адамзат тарихындагы рөлін әділдік тұрғысынан ашып көрсету
жолдары.
6. Қазақстан тарихын оқыту барысында окушыларга эстетикалық тәрбие
беру.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі:

Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті, оның
келешегі алда, ол да жақсы дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына
қосылады.
Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп
оқушылары Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық
халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның
халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай
жұмсайтын нағыз отаншыл азаматгар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі
тарих пәні өте зор үлес қосады.

Тақырыпты мақсаты:

Сондықтан да біз қазір (Қазақстан мектептеріндегі) тәрбиенің мақсатын
анықтағанда мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз.
Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы
қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді,
отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге,- сыйлауға, яғни халықтар достығына
тәрбиеленеді, еңбек-ке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне
тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға,
бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей
білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие
алады.
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру дегеніміз —
табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып жататын өзгерістердің де) белгілі
бір зандылықпен дамитындығын дәлелдеу. Оларда болып жататьн өзгерістер,
жаңалықтар т.б. құдайдың бүйрығымен, немесе басқа бір күштің әсерінен емес,
даму зандылығы нәтижесінде болады деген қорытындыға әкелу.

Тақырыптың міндеттері:

-Тәрбиенің маңызын жалпы ғылыми түрде түсінік беру
-Тәрбиенің турлерін толық баяндап өту.
Тәрбиенің түрлерінің арқайсысының қоғамға қажет екендігін кең түрде
атап өту.
-Адамгершілік тәрбиесіне оның Қазақстанда алатын орны туралы айтып өту.
- Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
-Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, барлық халықтармен достыққа
тәрбиелеу.
-Діни тәрбиенің қазіргі қоғамға қажеттілігін айқындау. Діннің
адамзат тарихындагы рөлін әділдік тұрғысынан ашып көрсету жолдарын
табу.

I.ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕУШІЛІК МҮМКІНДІГІН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ.
1.1.Тарих пәнінің тәрбиелік маңызы.
Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам
баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих
курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері
алынады. Әрине мектептік тарих курстарында құнсыз тарихи оқиғалар да
оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге
шапқыншылық жасап, бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б.
Бірақ мұндай құнсыз оқиғалар білім, тәрбие ретінде құнды, өйткені
оларды оқыта отырып оқушыларды келешекте осындай келеңсіз оқиғаларды болдыр-
мау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді,
оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған
қызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер
етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті, оның
келешегі алда, ол да жақсы дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына
қосылады.
Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп
оқушылары Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық
халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның
халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай
жұмсайтын нағыз отаншыл азаматгар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі
тарих пәні өте зор үлес қосады.
Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің
ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүние жүзінде
капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның салтанат құратынына сендіру,
социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек
көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс
екендігін өмір тәжірибесі көрсетті.
Сондықтан да біз қазір (Қазақстан мектептеріндегі) тәрбиенің
міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз. Тарих
сабақтарында оқушылар-дың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады,
адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа,
халықтарды құрметтеуге,- сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді,
еңбек-ке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді;
діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға
үлес қосуға, адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді;
эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие алады. (1)
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру дегеніміз —
табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып жататын өзгерістердің де) белгілі
бір зандылықпен дамитындығын дәлелдеу. Оларда болып жататьн өзгерістер,
жаңалықтар т.б. құдайдың бүйрығымен, немесе басқа бір күштің әсерінен емес,
даму зандылығы нәтижесінде болады деген қорытындыға әкелу.
Бұған Қазақстан тарихынан нақты мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Әңгіме, қоғамда болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды оқушыларға
түсіндіргенде мәселені нақты мысалдар келтіре отырып, сенімді түрде
дәлелдеуде.
Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығында алғашқы адамдардың пайда болуы,
олардың тіршілігі мен тұрмысы қарапайым тілмен, бірақ жүйелі баяндалады.
Олар топ болып жүрді, одан руға бірікті, рудан тайпаға, одан әрі тайпа
одақтарына бірікті.
Сол өзгерістердің бәрі қажеттіліктен, демек даму зандылығынан туды.
Топ болып жүрмесе жыртқыш андардың шабуылына ұшырайтын болды, күнделікті
тамақ табу үшін де топ болып жүру қажет еді.
Туыстық жақындығы бар адамдар ғана бірігіп үй салатын болды, мал
жайылымдарын біріктіріп, оларға иелік етті, оларды бірігіп қорғау қажеттігі
туды т.б.
Қазіргі заманғы сурет өнерінің тамаша туындыларының түп-тамыры ежелгі
тас дәуіріндегі адамдардың тасқа қашап салған түрлі белгілері мен
бейнелерінен басталады.
Сол сияқты осы заманғы биіктігі 150 қабатқа дейін жететін зәулім үйлер
де өзінің бастауын ежелгі адамдар жасаған күркелер мен жеркепелерден алған.
Адам баласының қол жеткізген жетістіктерінің бәрі тәжірибенің, сол арқылы
ақыл-ойдың дамуының нәтижесі.
Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру күрделі жұмыс. Осы
мәселеге тікелей қатысты тақырыптарды алдын ала іріктеп, ондағы ғылыми
көзқарасты қалыптастыруға қатысты білім мен үжымдарды анықтап,
пайдаланылатын құралдар мен әдіс тәсілдерді белгілеп алса жұмыс нәтижелі
болады.(2)

1.2. Адамгершілік
тәрбиесі.
Адамгершілік (мораль) қоғамдық сананың бір формасы. Адамның қоғамдық
өмірдегі өз орнын анықтауы, еңбекке, оқуға, ғылымға қатынасы, отбасындағы,
қызметтегі т.б. тәртібі, іс-әрекеті осының бәрі оның адамгершілік
қасиеттерінің-сапаларының қаншалықты дұрыс қалыптасуына байланысты.
Адамгершілік адамшылық дегеннен шыққан. Яғни адам барлық іс-әрекетінде
нағыз адамшылық қасиеттерді көрсетуі тиіс. Сондықтан да қай заманда да, қай
ел болмасын, қай ұлт, отбасы болмасын болашақ ұрпағына, жастарға,
балаларына адамгершілік тәрбиесін беруге, оның бойына адамшылық қасиеттерді
сіңіруге ерекше мән берген. Адамгершілік тәрбиесінің негізіне бүкіл адамзат
жинақтаған, тарих тәжірибесінде сыналған адамшылық қасиеттер алынады. Олар:
адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сыпайгершілдік,
еңбексүйгіштік, жолдастық, достық, үлкенді, қарт адамдарды, әйелдер мен жас
балаларды сыйлаушылық сияқты қасиеттер.
Демек адамгершілік тәрбиесі, тәрбиенің басқа салаларымен, ба-ғыттарымен
тығыз байланысты. Алдымен дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырумен тығыз
байланысты, егер дүниеге көзқарас дұрыс қалыптаспаса адамгершілік қасиетгер
де дұрыс, немесе толық қалыптаспайды. Сондықтан да мектепте оқушыларға
адамгершілік тәрбиесін беруге баса назар аударылады. Тәрбиенің бұл түрі
оқушыда мектептегі бүкіл оқу-тәрбие жұмысы арқылы қалыптасады. Бұл күрделі
жұмысқа барлық пәндер үлес қосады. өйткені жеке адамның қоғамның нағыз
белсенді мүшесі болуы, ондағы оның атқаратын қызметі, әсіресе өзіне
тапсырылған міндетті орындауға асқан жауапкершілікпен қарауы т.б. бәрі
адамда адамгершілік сапалардың қалыптасуына тікелей байланысты.
Мектеп үлкен де маңызды қоғамдық орын, мемлекеттік мекеме. Оған өте
жауапты жұмыс тапсырылған. Бұл мекемеде оқушыны 1 сыныптан бастап-ақ
адамгершілікке тәрбиелеуге қойылатын талаптар да, оларды орындайтын
жағдайлар да, мүмкіндіктер де бар.(3)
Мектепте адамгершілікке тәрбиелеу жұмысы балада туғаннан бастап
отбасында қалыптасқан адамгершілік қасиеттерін одан әрі жетілдіруден
басталады. Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелей отырып, мектеп, әрбір
тәрбиеші ұстаз оқушыны теріс, жағымсыз әдетке үйір болмауға тәрбиелейді.
Тарих бүкіл адамзат жинаған бай тәжірибемен, әсіресе өркениетгілік,
мәдениеттанушылық дәстүрімен таныстырады. Тарихи оқиғалардың, фактілердің,
тарихи қайраткерлердің өнеге-үлгілерін адамгершілік тәрбиесі үшін
қаншалықты маңызы бар екенін көптеген атақты қайраткерлер мен ғалымдар атап
өткен.
Тарихты оқу барысында оқушылар отаншылдыққа, өз халқына, басқа да
халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны
үшін кез-келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен
ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын
болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа,
кішіпейілділікке, өз мүддесінен халық, Отан мүддесін жоғары қою сияқты
басқа да тамаша қасиеттерге тәрбиеленеді. Бұл қасиеттердің бәрі қосылып
оқушыға жоғары адамгершілік сапаны қалыптастырады.
Бұлар тарихты оқыту барысында халық бұқарасының қоғам дамуындағы рөлін,
халықтың қалыптасқан әдеті мен ғұрпын, жауынгерлік, еңбек дәстүрін, жеке
қайраткерлердің тамаша қасиеттерін т.б. ашып көрсету арқылы жүзеге асады.
Оқыту барысында адамгершілік тәрбиесін беруді дұрыс ұйымдастыру үшін
мынандай әдістемелік жағдайлар жасалуы қажет. Әрбір тақырыптың, сабақтың
тәрбиелік міндеттерінің дұрыс анықталуы; сабақтың қандай көзқа-расты
қалыптастыру бағытында жүргізілетінін алдын ала белгілеу; сабақта
пайдаланылатын тарихи материалдардың анық, сенімді, тартымды болуы; әсіресе
көркем әдебиеттен, тарихи құжаттан, мемуарлық әдебиеттен алынатын
үзінділердің адамгершілік принциптерді, алдынғы қатарлы дәстүрді, ерлікті,
батылдықты, халық бүқарасының еңбегін, тарихи қайраткерлердің тамаша
қасиеттерін дәл, шындық тұрғысынан көрсете алуы. Әсіресе жеке тарихи
тұлғаларлың адамгершілік қасиеттерін ашып керсетуге ерекше назар аударған
дұрыс. Қайраткерлер қызметімен таныстырғанда олардың мынандай қасиеттерін
ашып көрсету керек: сол қайраткердің мінез-қүлқының, өмірлік мұратының
қалыптасуына не әсер етті. (мәселен, Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың,
Т.Рысқұловтың т.б.); оның жеке басы қасиеттерінің алдына қойған мақсатына
сай келуі( мысалға, Қабанбай және басқа да батырлардың, немесе хандардың);
олардың күнделікті іс-әрекетінен өмірлік мұраттарының көрініс табуы
(Ғ.Мұратбаев т.б); тарихи қайраткерлердің алға қойған мақсатқа жету үшін
жасаған іс-әрекеттері, жүзеге асырған іс-шаралары, әсіресе сын-сағатта,
қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауы (белгілі үш бидің қызметі).
Құндылықты, игілікті, ізгілікті істерді құрметтей білу де
адамгершілікке қатысты. Орта Азия мен Қазақстанда ертеде салынған тамаша
қалалар, зәулім ғимараттар, Ұлы Жібек жолы, ол атқарған ізгілікті қызмет,
белгілі ойшылдар мен ғалымдар ашқан жаңалықтарға т.б. оқушылар құрметпен
қарауға, оларды ашушылар мен жасаушылардың еңбегін бағалауға, оларды
сақтауға, дәріптей білуге тәрбиеленуі тиіс.(4)
Адамгершілік мәселесіне тікелей қатысты ұғымдарды талдап, оларды алда
болатын сабақтардағы жаңа білімді меңгеру барысында пайдалану арқылы
оқушылар білімін толықтырып, кеңейте түскен дұрыс.
Тарих сабақтарында жергілікті материалды тиімді пайдаланудың оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеуге көп көмегі тиеді, өйткені оқу материалы
оқушыларға жақын, әрі таныс болғандықтан оларды қызықтырады. Жеке
қайраткерлерге қатысты мәселелер қарастырылғанда оқушыларға берілетін
тапсырмалар мен сұрақтардың көбіне оларды ойландыратындай, өз пікірлерін
білдіріп, қажет болған жағдайда баға беретіндей болғаны дұрыс.
Ұстаз өзінің осы салада жүргізген жұмысының нәтижесін көріп-біліп
отырса өте дұрыс. Мұның өзі күрделі мәселе, оның үстіне жұмыс нәтижесі бір
пән арқылы ғана жүзеге асты деу қиын. Соған қарамастан мұндай тәрбие
жұмысының нәтижесін мынандай жағдайдан байқауға болады.
1. Егер де оқушылар өз жауаптарына нақты оқиғаның негізінде халық
бұқарасының, тарихи қайраткерлердің, оқиғаның қатардағы қатысушыларының
адамгершілік қасиеттерін (мотивтері, іс-әрекет тәсілдері, нәтижелері) ашып
көрсетіп берсе.
2. Қарастырылып отырган қоғамдық құбылысқа, оқиғаға, фактіге, тарихи
қайраткерлерге, олардың іс-әрекетіне, айтқандарьна, қызметінің нәтижелеріне
жеке өзінің қатынасын білдірсе.
3. Қоғамдық құбылыстарды, тарихи қайраткерлердің қызметін, өмірдегі
келеңсіз құбылыстарды талқылап, баға бергенде оқушы дұрыс бағыт ұстаса.
4. Оқушылардың ұжымға, от басының мүшелеріне, жолдастарына,
айналасындағы басқа да адамдарға, табиғатқа, тарихи мәдени ескерткіштерге,
оларды қорғау мәселесіне қатынасы адамгершілік өлшемдерге сәйкес келсе.
5. Оқушы мектепте, сыныпта және басқа да ұйымдастырылатын қоғамдық-
саяси жұмыстарға белсене қатысса, тек қатысуы ғана емес ұстанған
адамгершілік мотиві де тиісті дәрежеде болса.
Жалпы оқушының тәрбиелілігі оның кез-келген іс әрекетінен де, сөйлеген
сөзінен де байқалып тұруы тиіс.

II. Тәрбиенің
түрлері..
2.1.Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыцқа, барлық халықтармен достыққа
тәрбиелеу.
Патриотизм (грекше рагіоек — отандас, — Отан, туған жер) — отанға
деген сүйіспеншілік, бар күш-жігері мен білімін Отан игілігі мен мүддесі
үшін жұмсау. Туып-өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет-
ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап-
ақ қалыптаса бастаған.
Интернационализм — латынның іпіег — аралық, паііо — ұлт, халық
сөздерінен құралған. Патриотизм мен интернационализм терминдері, ұғымдары
бір-бірімен тығыз байланыстьі, екеуі де еліне, халқына, ұлтына, сондай-ақ
басқа елдер мен халықтарға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарау деген мағынаны
білдіреді.(5)
Кеңес елінде, әсіресе жастарды, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде
патриоттық, интернационалдық тәрбиеге баса назар аударылып, тәрбиенің бұл
саласы кеңінен өріс алды. Бұл бағыттағы жұмыстар сабақтан тыс уақытта да,
сабақ үстінде де белсенді жүргізілді. Жеке оқу пәндері арасында қоғамдық
пәндер, әсіресе тарих пәні тәрбиенің бұл салаларын жүзеге асыруда ерекше
орын алды.
Бірақ та коммунистік идеологияның үстемдік етуі салдарынан Кеңес елі
мектептерінде бұл бағыттағы тәрбие жұмыстары біржақты жүргізілді. Оларды
жүзеге асыруда коммунистік идеология, таптық ұстаным негізге алынды.
Патриотизм сөзі — Кеңестік патриотизм, социалистік патриотизм, ал
интернационализм сөзі — пролетарлық интернационализм, социалистік
интернационализм сөздерімен ауыстырылды. Бұл оқушыларды бір жақты тек
кеңестік социалистік патриотизмге, социалистік интернационализмге
тәрбиелеу, яғни социалистік қоғам орнатып жатқан елдер мен халықтардың
арасындағы достыққа тәрбиелеу ғана болып шықты. Оқушьшар басқа қоғамдық
жүйені, әсіресе капиталистік елдерді, олардың үстем тап деп аталатын
ауқатты топтарын жек көру рухында тәрбиеленеді. Ал пролетарлық
интернационализм болса, дүние жүзі пролетариатын біріктіріп, коммунистік
қоғам орнатуды көздеді. Мұның өзі дүниежүзілік халық ағарту жүйесі ұстанған
негізгі ұстанымдар: оқушыларды адамзат жинаған құндылыққа, ізгілікке
тәрбиелеуге мүлде қайшы келетін еді. Сондықтан да Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан кейін халыққа білім беру саласында болған
өзгерістердің бірі — мектептерде орын алып келген тәрбиелеу ісіндегі
сыңаржақтықты жою. Енді тарих пәнінің жаңа бағдарламалары мен оқулықтарында
халықтар тапқа, ал елдер дос, не дүшпан елдерге бөлінбейді. Оқушылар өз
елінің де, басқа елдердің де халықтарына құрметпен қарауға тәрбиеленеді.
Бұл бағыт Қазақстан Республикасының Конституциясында (Алматы, 1995, І-
бөлім, 2-бап), мемлекеттік органдар тарапынан қабылданған қаулы-қарарларда,
тұжырымдамаларда, Президент Н. Назарбаевтың еңбектеріңде, сөйлеген
сөздерінде көрініс тапқан.
Оқушыларды отаншылдыққа, халықтар достығына тәрбиелеудің мынандай
жолдарын ұсынуға болады. Олар:
- Халықтардың алдыңғы қатарлы дәстүрлерін нақты мысалдар мен ашып
көрсету;
- Халықтар тағдырының ортақтығына, әдет-ғұрыптарының, салт-
дәстүрлерінің ортақтығына назар аудару;
- Халықтар арасында пайда болған, қалыптасқан достықты, оған себеп
болған, әсер еткен тарихи жағдайларды ашып көрсету;
- Көрнекті қайраткерлердің де, қарапайым халық өкілдерінің де
тарихтағы, халық алдындағы қызметін, еңбегін көрсету;
- Туған өлке материалын тиімді пайдалану;
- Отаншылдықты, халықтар достығын дамыту сияқты тамаша қасиеттерді
өркендетуге байланысты мемлекет пен өкімет тарапынан қабылданған құжаттарды
пайдалану.(6)
Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарға
достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Республика тәуелсіздік
алғанға дейін "Қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу" деген сөз тіркестері
қолданылған жоқ. Кеңес Одағы елдегі барлық халықтардың Отаны, яғни КСРО —
біздің Отанымыз деп үйретілді. Қазір Қазақстан Республикасы Тәуелсіз
Мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың өкілдері мекендейді. Осы
тәуелсіз жас мемлекеттің ойдағыдай дамып, гүлденуі үшін барлық халықтардың
бір-бірімен тату-тәтті, сыйластық, ынтымақтастық қатынас жасауы тиіс.
Қазақстан олардың бәрінің Отаны болғандықтан біздің елді мекендеген барлық
халықтар Қазақстандық Отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. Сондықтан
мемлекет басшылары барлық ұлттар мен халықтардың ұлттық мүдделеріне сай
келетін көптеген шараларды жүзеге асырды (көшіп-қону, келу-кету; өздерінің
ұлттық Отандарымен жан-жақты байланыс жасау; ұлттық-мәдени орталықтар ашу;
ана тілінде оқуға мүмкіндік жасау, халықтар, ұлттар мүддесін қорғайтын
қоғамдық бірлестіктер құру т.б.)- Сондықтан да Ел Президентінің сөздерінде,
еңбектерінде бұған айрықша орын берілген. Мемлекет атынан қабылданған
барлық құжаттарда да бұл мәселеге ерекше көңіл аударылады. Мектеп оқушылары
арасында жүргізілген жұмыстарымызда, сабақтарда оларды Қазақстандық
отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек. Қазақстандық
Отаншылдықтың тарихи негізі бар: бір қатар түркі тілдес халықтар қазақ,
өзбек, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ т.б. ежелден Орта Азия мен Қазақстан жерін
мекендейді. Славян тілді халықтардың да көбі түрлі тарихи себептерге
байланысты келген. Ал, қазақ жастарын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлкен
міндетгер жүктеледі. Өйткені — Қазақстанның байырғы тұрақты халқы қазақтар,
жердің де, елдің де негізгі, түпкі иесі солар. Қазір олар Республикадағы
барлық халықтың тең жартысынан көбі — 60 пайызы, басқа халықтардың көбі
орыстар — 30 пайыз, ал, қалғандарының ең көбі 8, 6 пайыз т.б. Басқалар
басқа жаққа кетуі мүмкін, ал қазақтар бірен-сараны болмаса ешқайда
кетпейді.(7)
Сондықтан да алдымен қазақ жастарын отаншылдыққа, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу ерекше маңызды. Қазақ халқы ұлттар арасындағы ынтымақтастықтың
ұйтқысы бола білсе, тыныштық та, береке де, қалыпты дамуы да болады.
Қазірге тыныштық, бірақ түрлі оппозициялық топтар бас көтеріп қояды.
Қазақстан Республикасы болғандықтан келешекте қазақ халқының өркениетті
идеологиясы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы үстемдік етуі тиіс. Ол үшін әрбір
қазақта нағыз ұлттық намыс қалыптасуы керек. Міне бізге жетпей тұрғаны осы
ұлттық намыс. Жеке бастың намысы жеткілікті.
Ұлттық намыс толық қалыптасу үшін ұлттық сана, ұлттық болмыс болуы
тиіс. Осылар қосылып тарихи сананы құрайды. Сондықтан да мемлекет атынан
"Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы" деген
құжат қабылданды. Оның мазмұны: Ел дамудың жаңа тәуелсіз жолына түсіп,
өтпелі кезең арқылы жаңа қоғам орнатуға аяқ баса бастағанда оның барлық
азаматтары осы елдің қайта жасалып жатқан тарихын оқып меңгеруі тиіс.
Оқушыларды ерлікке, жауынгерлікке, батылдыққа тәрбиелеу де отаншылдыққа
тәрбиелеумен тікелей байланысты.
Адам қалыпты өмір сүруі үшін, қоғамдағы, өзін қоршаған ортадағы орнын
дәл анықтау үшін көптеген интеллектуалдық қасиеттер қалыптасуы тиіс.
Солардың бірі батылдық, немесе қорықпаушылық. Осы қасиет дұрыс, толық
қалыптасқан жас азамат өзі алға қойған мақсатына жетеді, орындаймын деген
істерін жүзеге асырады. Ал, қорқақ немесе жасқаншақ, жалтақ адам көп
нәрседен құр қалады. Тіпті көпшілік алдында шығып сөйлеуге, баяндамамашыға
сұрақ қоюға да батылы жетпейді. Бұл айтылғандар адамньң жеке өз басы, қала
берді отбасы үшін қажет.(8)
Ал, окушьіларды тарих сабақтарыңда тарихи материалдарды оқьгга отырып,
ерлікке, жауынгерлікке тәрбиелеу әпдеқайда, күрделі міндет. Мұндағы негізгі
мақсат — оқушыларды елін, халқын қорғай алатындай батыл, ер, жауынгер етіп
тәрбиелеу. Егер оқушылар бойына мұндай қасиеттерді дарыта алмасақ келешекте
Қазақстанды, оның халқын, қасиетті қазақ жерін сыртқы жаудан кім қорғайды?
Қазіргі Қазақстан Республикасының болып, Конституцияда көрсетілген әскери
борышын өтеуден қашып жүргендерге Отанын сыртқы жаудан ерлікпен қорғайды
деп сенуге бола ма? Осындай келеңсіз фактілерден оқушылардың өздері дұрыс
қорытынды жасауы тиіс.
Оқушыларды ерлікке, батырлыққа тәрбиелеуге қолайлы, тиімді оқу
материалы болады. Оларды алдын ала анықтап, оқыту әдіс, тәсілдерін де
белгілеп алған дұрыс. Мұндай сипатты материалдарға мыналар жатады:
1) Қатысушыларының көпшілігі халық бұқарасы болған шетел басшыларына
қарсы азатгық жолындағы күрес; отаршыларға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.
Тұрақты әскері болмағандықтан мұндай шайқастар мен қозғалыстарға қарапайым
халық жүздеп, мыңдап қатысты. Бұған жоңғарлармен болған шайқастардың,Ұлт-
азаттық қозғалыстардың оқиғалары жатады; 2) халық өзінің аса қаһармандьнын,
өз Отанына берілгендігін, жаппай ерліктің үлгісін көрсеткен шайқастар;
Бұған Отырар қаласын қорғаған (1219-1220 ж.ж) әскерлер мен қала халқының
ерлігі мысал болады.
3) Сырттан келген басқыншыларға қарсы күреске бүкіл халық, елдің әскери
күші бірігіп, ынтымақтасып, ұйымшылдықпен қарсы тұрғанын көрсететін
материал; халықтардың өзара достығы, олардың түп-тамыры бір екендігін
айқындайтын оқиғалар. Бұған 1941- 1945 жж. КСРО-ның Ұлы Отан соғысы, оған
қазақстандықтардың қатысуы мысал болады.
4) Халық арасынан шыққан ер-жүрек батырлар мен қолбасшылардың
шайқастардағы қаһармандығын сипаттайтын материалдар. Бұған мысал көп.
Әсіресе қазақ батырларының жау жағының батырлары мен жекпе-жегі, қазақ
қолбасшыларының тапқырлығы нақты мысал болады. Мәселен, қолбасшы Кенесары
Қасымұлының 1844 жылы Қараөткел (қазіргі Астана қаласы) әскери бекінісін
тас-талқан етуі.(9)

2.2.. Бейбітшілікке тәрбиелеу.
Әрбір саналы адам қоғамда тыныштық өмір, бейбіт тұрмыс орнатуға үлес
қосуы тиіс. Бұл жерде әңгіме жәй тату-тәтті өмір сүруге тәрбиелеу туралы
болып тұрған жоқ, соғысқа қарсы, соғысты болдырмау туралы болып отыр.
Мәселенің-бейбіткерлікке тәрбиелеу деп аталуы тектен-тек емес. Дүние жүзіне
белгілі ойшылдар, ғұлама ғалымдар, әрбір зиялы адамдардың көпшілігі сонау
ерте заманнан-ақ соғысқа қарсы болған. Мәселен, Әл-Фараби: өз заманында-ақ
жұртты бейбітшілікке, шапқыншылықтарды тоқтатуға шақырды, өйткені ол
заманда орта ғасырлардың басталу қарсаңында соғыстар көп болған еді.
Соғыстың адам баласына орасан апат екені белгілі. Адамзат тарихында
мыңдаған үлкенді-кішілі соғыстар болған. Оларда миллиондаған адам қырылып-
жойылды, соншалықты адам мүгедек болып қалды, адамзат жүздеген жылдар бойы
жасаған игіліктер тас-талқан етіліп қиратылды, тек қана XX ғасырдағы екінші
дүниежүзілік соғыстың қаншалықты зиян, апат келтіргені белгілі.
Осыған қарамастан Кеңес кезіндегі оқу-тәрбиеге байланысты жарияланған
әдебиеттерде оқушыларды бейбіткерлікке тәрбиелеу проблемасы күн тәртібіне
арнайы қойылған емес. Мұның себебі — коммунистік идеологияның барлық
мәселеге тап күресі түрғысынан қарауы және дүниежүзінде тек бір ғана
коммунистік қоғам салтанат құрады деген идеясы болатын.
Кеңес елі ыдырағаннан кейін біздің еліміздің жастарын соғысты
болдырмауға, бейбіткерлікке тәрбиелеу қажет болып отыр. Қазақстан ежелден
бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетімен ешкімге ұрынбаған, соғыс та ашпаған. Енді
тәуелсіз ел болғандықтан сол бейбітшілік дәстүрді одан әрі жалғастыруымыз
керек.
Қазіргі мектеп оқушылары келешекте түрлі дәрежелі лауазымды қызметтерде
болулары әбден ықтимал. Сол кезде ел ішінде де, сыртқы елдермен арадағы
қатынастарда да барынша бейбіт бағыт ұстау, әсіресе сыртқы қатынас
саласында қызмет істейтіндер үшін аса қажет. Қазақстанға, қазақ халқына
басқаның жерінің, байлығының да керегі жоқ. Бәрі өз жерінде бар. Он бес-
жиырма жыл бейбіт өмір сүрсе ірі зауыттарда, фабрикаларда, осы заманғы
технология мен машиналарда, гүлденген ауыл шаруашылығы да болады, тек
тыныштық керек. Соғыс — апат. Соғыс болса — барлық жақсылық бітті деген
сөз. Дәл қазір дүние жүзінде ірі мемлекеттер арасында соғыс жоқ, бірақ
кейінгі жылдарға дейін болып келді.
Иран — Ирак, АҚШ — Ирак, Ресей — Шешенстан т.б. Ал шағын соғыстар
жетеді: Югославия, Албания, Ауғанстан, Тәжікстан, Армения — Азербайжан,
Израйль — Палестина, т.б. Олар адамзат жасаған ізгілікке қанша опат
келтіруде. Ең бастысы — әрбір адамға бірақ рет берілетін миллиондаған өмір
қиылады. Оқушыларды бейбіткерлік рухта тәрбиелеу қандай тарихи
материалдарды еткенде жүзеге асырылады десек? Олар: дүниежүзілік
халықаралық қатынастар тарихын өткенде; жеке елдердің сыртқы саясатына баға
бергенде; соғыстардың себептері мен сылтауларына тоқталғанда; қырғын
шайқастар тарихы баяндалғанда; соғыстардың салдары мен қорытындысына
тоқталғанда; сырттан болған шапқыншьшықтардың себептеріне, барысына,
салдарына тоқталғанда; тәуелсіздік, азаттық үшін қозғалыстар туралы
материалды өткенде. Бұлар ұлт-азаттық қозғалыстар, үстем тап озбырлығына
қарсы көтерілістер т.б.

2.3.Тарихты оқыту барысында оқушыларды еңбекке, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Адам баласы алғаш пайда болғаннан бастап осы күнге дейін 3 млн. жылдан
астам уақыт өтті. Содан бері жер бетінде, әлемде қанша жаңалықтар болды
(тамаша қалалар, зәулім гамараттар, өндіріс орындары, неше түрлі машиналар,
ғарыштағы кораблдер, мхиттағы кемелер), соның бәрі адамның ақыл-ойымен,
қолымен, еңбегімен жасалды.
Осыған орай ертеден-ақ ойшыл-ғұлама ғалымдар да, ақын- жазушылар да,
басқа да көрнекті қайраткерлердің бәрі де, әсіресе педагог ғалымдар
еңбектің маңызы, оның адам өмірі мен қоғамдағы орны туралы баса айтқан
болатын. Алайда адамдардың бәрі бірдей еңбекшіл, бейнетшіл болып тәрбиелене
бермейді, көп адамдар мүлде жалқау, жатып ішер болып шығады. Мұның негізгі
себептері олардың от басында, мектепте дұрыс тәрбие алмағандығынан, әсіресе
қазіргі уақытта жалқау жастар өте кеп.(10)
Қазақстан Республикасының қазіргі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық дамуына байланысты жастарды, мектеп оқушыларын еңбекке
тәрбиелеуге, бірте-бірте кәсіптік мамандықты таңдауға, оның негізін
мектепте жүргенде-ақ қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мектептің
жаңа оқу жоспарында технология-(еңбек) пәнін оқытуға аптасына 2 сағаттан,
оқу жылы бойы 22 сағат уақыт бөлініп, 1 сыныптан 11 сыныпты қоса осынша жыл
оқытылатыны тектен — тек емес.
Осыған байланысты қазіргі мекгепте еңбекті оқытып үйретуге, оқушыларды
еңбекке тәрбиелеуге жауапты міндеттер жүктеледі. Егер де шолу ретінде
айтсақ мектепте еңбекті оқытудың мақсаты: қоғамның дамуындағы жеке адамның
қалыпты қалыптасып дамуындағы еңбектің шешуші ролін ашып көрсету;
оқушылардың еңбек етуге қызығушылығы мен қабілетін дамыту; қандай қоғамда
болмасын еңбек адамдарының, еңбекшілердің қоғамды, өндірісті ілгері
дамытудағы шешуші қызметін көрсете отырып оқушыларды еңбек сүйгіштікке,
адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу; жеке адамның дамып жетілуіндегі
еңбектің маңызын ашып көрсете отырып, оқушының дұрыс бағыт-бағдар алуына
дер кезінде кәсіби мамандықты тандауына, ата-бабасының ұлттық еңбек,
кәсіптік өнерін одан әрі дамытуға баулу т.б. болып табылады.
Бұл мақсатты жүзеге асыруға мекгепте жүргізілетін бүкіл оқу-тәрбие
жұмысы, барлық пәндер белсене қатысады. Сөйтіп Қазақстан жастарын мектептің
1-сыныбынан бастап-ақ еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеу оқу-ағарту саласының
басты міндеттерінің бірі болып отыр. Бүған мектеп бағдарламасына ендірілген
тарихи материалдар үлкен үлес қосады, өйткені тарих курстарының мазмұнында
қоғамдағы еңбектің рөлін көрсететін материалдар жеткілікті. Оларды
оқытқанда төмендегі идеяларды ашып көрсету керек: адамның, адамзат
қоғамының қалыптасып дамуында еңбек маңызды рөл атқарды, атқарып та келеді;
қоғамдағы өндірістің, ендіргіш күштің дамуындағы шешуші күш халық
бұқарасының еңбегі; адамдардың еңбек қызметі қоғамның экономикалық, саяси
жағынан ілгері дамуына ықпал етеді; халықтың еңбегі қоғамның экономикалық
дамуын нығайтып, оның сыртқы жаулардан ойдағыдай қорғана алуына алғышарттар
жасайды; елдің материалдық, рухани дамуының негізіңде халықтың, ғылым мен
өнердің көрнекті қайраткерлерінің еңбегі жатыр т.б.
Бүған Қазақстан тарихының ежелгі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі
аралығынан көптеген тиімді оқу материалдарын мысалға келтіруге болар еді.
Мәселен, алғашқы адамдардың тек еңбек арқылы ғана жетіліп қалыптасқаны,
орта ғасырлар шеберлері салған ғимараттар көрген адамды қазір де таң
қалдыратыны, XX ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда салынған ірі
өнеркәсіп құрылыстары мен қалалар, оларды іске қосуға қатысқан мыңдаған
еңбекшілердің ерлік еңбегі, соғыс жылдарындағы әйелдердің, мектеп
оқушыларының, қарттардың қажырлы еңбегі, осы жылдары Қазақстан ғылымның
дамуы, оған Қ. И. Сәтбаев сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Жанұя құрамы, түрлері
Тәрбие әдістерінің классификацисы
Тәрбиенің жалпы әдістері
Дидактика. Дәріс курсы
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Жанұя құрамы және түрлері
Математиканың сызумен байланысы
Пәндер