Кәсіпорын активтерін басқару және оның тиімділігін арттыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны

1. 1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы

1. 2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі

1. 3 Активтер айналымдылығын анықтау

2 «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау

2. 1 «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама

2. 2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау

2. 3 «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау

3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары

3. 1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері

3. 2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

6

8

8

19

27

33

33

42

50

55

55

60

63

65

67

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.

ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.

Қаржылық менеджмент кәсіпорындардың ұйымдардың қаржылық ресурстарын, ақшалай қаражаттарының айналымын қалыптастырумен, тартумен және пайдаланумен байланысты басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру принциптері мен әдістер жиынтығынан тұрады. Қаржылық менджменттің негізгі мақсаты кәсіпорын иелерінің қаржылық жағдайын ағымдағы және болашақ кезеңде максимизациялауды қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың дамуына қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен олардың баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін нақты бағалау үшін қажет.

Менің таңдаған тақырыбым актуалды болып табылады, өйткені әрбір кәсіпорын өзінің қызметін жүзеге асыру барысында міндетті түрде активтерді пайдаланады және олардың дұрыс қолданылуы үшін және тиімділігін арттыру үшін оны басқару өте маңызды болып табылады.

Жалпы активтер кез келген кәсіпорынның қызметінің негізін құрайды. Олардың ағымдағы активтер деп аталуы олар қысқа уақыт аралығында бір формадан екінші бір формаға тез ауыса алады. Ағымдағы активтердің негізгі қасиеттеріне байланысты оларға келесілер жатады: тауарлық материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлық қарыз.

Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі үшін негізгі құралдармен бірге оптималды мөлшерде айналым қаржылары керек. Айналым қаражаттары айналым өндірістік қорларына және айналыс қорларына авансталған ақша қаражаты жатады.

Активтерді басқару өнері кәсіпорындағы оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Ақша активтерін немесе қаражатының қалдықтарын басқару жалпы айналым активтерін басқарудың бір бөлігі болып табылады.

Дипломдық жұмыс «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС-нің мысалында жазылынды. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - активтерді басқарудың кәсіпорындағы мәселелерін ашып көрсету. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады және келесідей негізгі сұрақтар қарастырылған:

-Ағымдағы активтердің теориялық негізі: ақша қаражатының, тауарлы- материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың мәні және мазмұны;

- «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС-нің ағымдағы активтерді басқару; кәсіпорынның техникалық экономикалық көрсеткіштерін талдау;

-Ағымдағы активтерді басқаруды жетілдіру жолдары.

Дипломдық жұмысты жазу барысында Дүйсенбаев К. Ш., Оразалин К. Ж., Балабанов И. Т. авторларының әдебиеттері, сонымен қатар, мерзімді басылымдар қолданылды.

1 АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады. Активтер кез келген кәсіпорын қызметінің негізін құрайды. Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақга кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық кұны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау деген оқулығында келесідей анықтама берілген: "Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) ; пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс. Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс -бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:

«Активтер - бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді. Капитал - пассивтердің арнайы түрі. Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады».

Актив баптарын шартты түрде келесі белгілері бойынша топтастыруға болады:

1. Өтімділігі бойынша: ұзақ мерзімді және ағымдық активтер.

2. Пайдаланылуы бойынша: ішкі айналыстағы және сыртқы айналыстағы (дебиторлық берешек, қаржылық салымдар, банк шоттарындағы ақша) активтер.

3. Инфляциялық процестерге шалдығуына байланысты: монетарлық және монетарлық емес активтер ажыратылады. Монетарлық активтер қайта бағалауға жатпайды, олар ағымдық ақшалай бағадағы активтер - ақша қаражаттары, депозиттер, есеп айырысулардағы қаражаттар, т. б. Ал монетарлық емес активтер құны уақыт өтуіне қарай өзгеріске ұшырайтын, сол себепті қайта бағалауды қажет ететін активтер - негізгі құралдар, запастар, аяқталмаған өндіріс, т. б.

4. Өндіріс үрдісіндегі айналыс капиталы (запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары) және айналыс үрдісіндегі капитал (дайын өнім, ақша қаражаттары, қаржылық салымдар, тауарлар. т. б. ) .

Ағымдық активтердің негізгі қасиеттеріне байланысты оларға келесілерді жатқызады:

  • Тауарлық материалдық құндылықтар, мұнда өндірілу мерізіміне байланысты емес.
  • Ақша қаражаттары
  • Қысқа мерізімді қаржылық инвестициялар
  • Дебиторлық қарыз.

Ағымдық және ұзақ мерзімді активтердің жаңа бухгалтерлік баланс бойынша құрылымы 1-кестеде келтірілген. Қазіргі кезеңде көп кәсіпорындар осы нысан бойынша қаржылық есептілікті тапсырады.

Кесте 1 - Ағымдық және ұзақ мерзімді активтердің құрамы

I. Қысқа мерзімді активтер: I. Қысқа мерзімді активтер
II. Ұзақ мерзімді активтер: II. Ұзақ мерзімді активтер
I. Қысқа мерзімді активтер: Ақша қаражаты
II. Ұзақ мерзімді активтер: Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялар
I. Қысқа мерзімді активтер: Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар
II. Ұзақ мерзімді активтер: Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
I. Қысқа мерзімді активтер: Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
II. Ұзақ мерзімді активтер: Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар
I. Қысқа мерзімді активтер: Қорлар
II. Ұзақ мерзімді активтер: Инвестициялық жылжымайтын мүлік
I. Қысқа мерзімді активтер: Ағымдағы салықтық активтер
II. Ұзақ мерзімді активтер: Негізгі құралдар
I. Қысқа мерзімді активтер: Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
II. Ұзақ мерзімді активтер: Биологиялық активтер
I. Қысқа мерзімді активтер: Өзге қысқа мерзімді активтер
II. Ұзақ мерзімді активтер: Барлау және бағалау активтері
I. Қысқа мерзімді активтер: Қысқа мерзімді активтердің жиыны
II. Ұзақ мерзімді активтер: Материалдық емес активтер
I. Қысқа мерзімді активтер: Кейінге қалдырылған салықтық активтер
I. Қысқа мерзімді активтер: Өзге ұзақ мерзімді активтер

Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі үшін негізгі құралдармен бірге оптималды мөлшерде айналым қаржылары керек. Ағымдағы активтер айналым өндірістік қорларына және айналыс қорларына авансталған ақша қаражаты жатады.

Айналым өндірістік қорлар дегеніміз өндірістік қаражаттардың бір бөлігі болып табылады. Олар өндіріс процесіне негізгі қорларға қарағанда әрбір өндірістік циклда шығындалады, ал олардың бағасы дайын өнімнің құнына толық және бірден жатқызылады. Айналым қорлар өндіріс процесінде өзінің материалды формасын және физикалық, химиялық қасиеттерін жоғалтады. Кәсіпрынның өндірістік айналым қорлары үш бөліктен құралады:

  1. аяқталмаған өндіріс;
  2. меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары;
  3. алдағы кезең шығындары.

Ағымдағы активтер 2 бөлімнен тұрады:

- Өнеркәсіп саласындағы ағымдағы активтер;

- Айналыс саласындағы ағымдағы активтер (Сурет 1) .

Сурет 1 -Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымы

Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өндеуде 80% аса бөлігін құрайды.

Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:

- Өндіріс қалдықтары (запастар) . Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның қосалқы бөлшектердін қалдығы (запастар), бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.

- Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.

- Болашақ кезендердің шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығыңдар.

Айналыс қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары жатады.

Дайын өнім - техникалық бақылаудан өткізілген шығарылған дайын өнім. Олар өндіріс процесі аяқталған сон, әрі қарай орап, қораптап сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, кажетті кұжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.

Ақша құралдары - кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған қызметгері үшін төлемдер төлеуіне жұмсалатын қаржысы.

Дебиторлық берешек - заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылық өзара арақатынастық қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген борыштың сомасы. Кәсіпорыннын дебиторлық берешегі болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалғандығы, демек кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Ағымдағы активтер - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Кәсіпорынның қаржылары айналым қорларын нормалау - кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажет етудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы.

Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылықтардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және т. б. септігін тигізуге жағдай жасайды.

Бұл арада ағымдағы активтердің нормативі қолданылады.

Айналым қаражатының нормативі - қаржы жоспарында белгіленетін ақшалай қаражаттын ең аз мөлшері. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты, толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар - материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құрау үшін қажет.

Ағымдағы активтер екі түрге бөлінеді: меншікті айналым қаражаты және қарызға берілген айналым қаражаты. Меншікті айналым қаражат - кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым каражатының бір бөлігі.

Қарызға берілген айналым қаражаты - кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартылған каржы есебінен құралған бөлігі.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашылады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістер пайдаланылады:

  1. қолма - қол ақшаны аударуды;
  2. төлем тапсырмасын ұсыну;
  3. чектер беруді;
  4. вексель немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
  5. тапсырма - талап төлемдерін ұсынуды;
  6. инкассалық жарлығын ұсыну.

Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығындалуын дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың дамуына қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен олардың баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін нақты бағалау үшін қажет.

Ақша баламалары (эквиваленті) - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Олардың түрлері төмендегідей:

  1. қазыналық вексельдер;
  2. коммерциялық (саудалық) қағаздар;
  3. депозиттік сертификаттар;
  4. ақшалай құнды қағаздар;
  5. корпаративтік құнды қағаздар.

Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да ақша эквивалентін кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша эквивалентін кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс - сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа да дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды, оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым - қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операцияладың барлығы ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады.

Ақша қаражаттарын басқарудың мақсаты, ақша құралдарын сақталуын бақылауын, мақсатты түрде шектелімге, шығындық есепке сәйкес, ұсталуын қамтамасыз етуге; толық уақытында құжаттану операцияларын өткізуге; қаржы және есеп тәртібін сақтау үшін; аналитикалық есепті жеткілікті уақытында инвентаризация жүргізу үшін; банк арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың қассасындағы, есеп айрысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады.

Ақша баламалары - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.

Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотына есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотына есептейді.

Кәсіпорындар ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс сапар шығындар үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау қызметтерді көрсету барыснда пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерді, отындарды, ыдыс және ыдыс материалдарын, жартылай фабрикаттар және басқадай материалдарды, жартылай фабрикаттарды және басқа да материалдарды сол ұйымның тауарлық материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдардан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық процесте ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отырса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.

Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлгі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сонымен физикалық және химялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

- шикізат;

- негізгі материал;

- көмекші материал;

- жартылай фабрикат және тағы да басқалары болып бөлінеді.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің өқұрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірген заттарды айтады. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіптермен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері- мұнай, кен, мақта, дүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар датады.

Негізгі материалдар құрамына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалары жатады.

Өндірістік процестің бір сатысынан толық өтіп әрі өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай өнімдер деп аталады. Материалдардың бұл түрін ірі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады.

Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол кйінде сатуға болады. Мұндай жағдайда жартылай сатып алған ұйымдар оны ары қарай өңдейді.

Сондықтан да ары қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесен басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай өнімдер қатарына құрлыс ұйымдарында бетон ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен юолатты датқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және өңдеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан айырмашылығы, олар өнімнің материалдық қнегізін құрамайды.

Олар өндіріс процесінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп негізгі материалдардың түсін және тағы да басқа жерлерін өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ ьолып отындар, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, құрлыс материалдары, тағыда басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй жайларды жылытуға пайдаланылатын барлық түрі жатажы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналыс активтері
Кәсіпорынның активтерін бағалау және тиімді басқару
Ағымды активтердің құрамы мен құрылымы
Айналым активтерінің сипаттамасы және оны басқару саясаттары
Компанияның қаржылық активтерінің жіктелуі
Айналым активтері
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
Кәсіпорындағы айналым активтерін және босалқы қорды басқару
Айналымды активтердің жіктелуі
Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі және оның себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz