Тауарларды кодтау негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейдегі СМЖ құжаты ПОӘК
ПОӘК
042–14.1.04.01.20.9502
-2009
ПОӘК
Тауарларды кодтау негіздері26.09.2008 ж.
пәнінен оқу-әдістемелік № 2 басылым
материалдар
050732 Стандарттау, метрология және сертификаттау
мамандығының студенттеріне арналған
Тауарларды кодтау негіздері пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2009
Мазмұны
1 Дәрістер 3
2 Тәжірибелік сабақтар 29
3 Студенттердің өздік жұмысы 33
1 ДӘРІСТЕР
№ 1 дәріс
Тақырыбы: Кіріспе. Кодтаудың даму тарихы
Дәріс жоспары:
1 Кіріспе
2 Әртүрлі елдерде кодтаудың дамуы
1 Ақпарат техниканың дамуына байланысты есептеу құрал-жабдықтардың
кеңінен енгізілген көптеген кәсіпорындарға мынадай өткір сұрақ қояды.
Өнімнің жедел және сенімді ақпарат енгізуі ЭЕМ алдына қойылған көптеген
мақсаттарға сай бекітілген деректер келіп түскен, алынған, сату айналысының
нұсқаулары соңғы өнімдерге және тауарларға тасымалданады. Өндірілген
өнімнің қол жазба коды, құжат немесе алдын-ала дайындалған мәлімет
технологиялық тасымалдаушыларға қажет етіледі және сол себепті қол жазба
үлкен шығынға ұшырайды. Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтер кейбір жағдайда
теріс қателерге соқтырады және сол себепті осындай технологиялық ақпарат
ЭЕМ-да автоматтандыру жүйесінде сирек кездесу барысында болып тұрады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдерде автоматтандыру жүйесі және төл
құжаттарды анықтайтын ақпарат бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр,
әртүрлі құжаттарда штрих код жазылады. Тауарларды бақылау құжаты,
біріктірілген тауарлар, чектік кітапшалар және пластикалық карточкалар,
магниттік тасымалдаушылар ақпаратты анықтайтынға жатады. Соған байланысты
мынандай терминдер пайда болды: Электронды хабарландыру, Электронды
ақша және т.б.
Штрих код ашық және қою сызықшалар және әртүрлі жалпақтығы бойынша
бір-бірінен ерекшелінеді. Қою сызықшыларды штрих деп атайды, ал
ашықтарды пробел дейді, яғни аралық.
Соңғы кездері штрих код тек қана өнім және тауаралмасуында кең түрде
пайдалануда ғана емес, басқа да өндірістік өнімдерде, технологияда, әртүрлі
заттарда, орамдарда және іс-қағаздарында да қолданылады.
2 1932 жылы штрихты сәйкестендірудің негізі болған сызықтық код ойлап
шығарылды. Осы кезде Гарвардтық бизнес мектебінде бұл тақырыпқа
диссертациялық жұмыс қорғалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс
аяқталысымен штрихты кодтарға ең алғаш патент берілді. Бірақ оны тәжірибе
жүзінде тек қана есептеу машиналар пайда болғанда ғана қолданды. Тағам
өндірісінде штрихты кодты бірінші рет Ұлыбританияда сызықтық кодтарды
Point of Sale енгізген кезде пайдаланды. Бұл жаңалық саудада,
кітапбаспаханаларында, буматүю салаларында кең таралды.
1960 жылы штрихты код АҚШ-та сәйкестендіруді жүргізген кезде теміржол
көліктерінде енгізілді, бұл теміржол вагондарын оңай бір-бірінен ажырату
үшін қажет болды.
1970 жылдың басында АҚШ-та әмбебап тауарлық код UPC (Universal Product
Code) шығарылды, бұл кодты өнеркәсіпте және саудада қолдануға болды. Ең
алғашқы түрі оның 12 разрядты код болды, яғни кодтық сөзі 12 сандық
белгілерден тұрды, бұл белгілердің 11 ақпараттық және 1 белгісі – бақылаушы
болды. Қазіргі кезде UPC коды АҚШ-та шыққан стандартты код деп саналады.
1977 жылы Еуропада Еуропалық кодтау жүйесі EAN бекітілді, ол кодтаудың
Еуропалық стандарты деп саналды.
UPC коды алғашқы кезінде азық-түлік дүкендерінде сатылатын тауарларды
таңбалауға арналған. Біраз соңыра барлық дүкендерде сатылатын барлық
өнімдерге таралды. Уақыт өткен сайын кодтың жаңа түрлері пайда болды, олар
12 разрядты кодтың негізгі түріне қосалқы түрі ретінде жүрді.
Мысалы, А нұсқасы – кітаптар мен мерзімімен шығарылатын басылымдарды
таңбалауға арналды, D нұсқасы – азық-түлік емес тауарларды таңбалауға
арналңан болатын, Е нұсқасы қысқа болып келеді және мұнда тек қана 6
разряды бар.
UPC және EAN кодтарының ұқсастығы мынада: олардың екеуінде де кодтау
үшін бірдей белгілер қолданылады және штрихтар мен пробелдардың белгілі
жиынтығы сақталады. Бұл белгілер 0 ден 9 дейін сандар түрінде және 5
қосымша символдары болады. Белгінің бейнелеуі 2 штрих пен 2 пробелдан
тұрады. Санды көрсететін белгінің ұзындығы 7 модулдерге тең болады. Қосымша
белгілерінің 3 типтіөлшемдері бар: 3, 5 және 6 модуль.
Осы екі кодтың басты ерекшелігі - мұнда ұзындығы белгілі кодтық сөздер
қолданалады.
Германияда өзінің кодтық жүйесі бар. Ол BAN деп аталады.
Бұл жүйе 1968 жылы енгізілді және бұрынғы ақпараттық жүйенің
жетілдірілген нұсқасы болып есептеледі. Германдық осы жүйеде кодтың символы
8 саннан тұрады. Алғашқы төрт сан тауарларды түрлері, тауарлық және
ассортименттік топтары бойынша жіктейді, ал кодтың 8 саны сынаманың нөмірі
болып табылады.
Осы жүйе азық-түлік өнімдерін сәйкестендіру үшін құрылды, бірақ кейін
оны Германияның өндірістерінің басқа да салаларында қолдануына рұқсат
етілді. Ол үшін 10 белгілерден тұратын кодтық символдар қолданды.
Соңғы уақытта екіөлшемді штрихты код пайда болды, оның белгіленуі
Code 49 және Code 16K.
Штрихты код қазіргі кезде әртүрлі шетелдік фирмаларымен шығарылатын
өнімнің 99 пайызына салынады. Отандық өнеркәсіп толық болмаса да, штрихты
кодты кейбір тауарларға салатын болды.
1997 жылы Халықаралық тауарларды кодтаудың ассоциациясы құрылды, ол
Брюссель қаласында орналасты. Бұл ассоциацияның мүшесі болып 40 жуық
мемлекет саналады, оның ішіне Ресей де кіреді. Ассоциацияның мемлекет-
мүшелерінің тауарларды штрихты кодтау бойынша ұлттық стандарттары бар.
Еуропада EAN коды көбінесе дамыған елдерде – Францияда, Германияда,
Испанияда, Ұлыбританияда, Швецияда, Италияда кеңінен қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Штрих кодтарды қолданудың қажеттілігі неде?
2 АҚШ-та, Еуропада, Германияда кодтау қашан пайда болды және олардың
өзіндік ерекшеліктері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг:
Учебное пособие.- РостовнД: изд-во Феникс, 1998. – 640с.:
2 Берновский Ю.Н. и др. Классификация и кодирование промышленной и
сельскохозяйственной продукции. – М.: изд-во стандартов, 1988. – 294с.
№ 2 дәріс
Тақырыбы: Жіктеудің түрлері – иерархиялық, фасеттік
және олардың ерекшеліктері
Дәріс жоспары:
1 Нысандарды жіктеу
2 Нысандарды жіктеу әдістері
1 Жіктеу дегеніміз нысандарды жіктеу топтарына олардың бір-бірімен
ұқсастығына және айырмашылығына қарай орнатылған ережелерге сай белгілі
қасиеттердің негізінде бөлінуін айтады.
Әртүрлі нысандарды, құбылыстарды және қасиеттерді жіктеу, отандық және
әлемдік тәжірибеде мәліметтерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін кең
қолданылады. Сонымен, жіктеу – бұл нысандарды жүйелеудің негізі болып
табылады, яғни ол бірыңғайландыру және стандарттау жұмыстарының бірінші, ең
негізгі сатысы болып саналады. Нысандарды жіктеу – ең алдымен мәліметтерді
өңдеу кезінде қажет, яғни көптеген нысандардың ішінен нақты өзіне керек
нысанды алу үшін. Мысалы, барлық өнім атаулары ондаған миллионнан асады:
ұшақ және бидай, сораптар мен маталар, аяқ киімі, шамдар және т.с.с.
Өнімдер туралы мәліметтерді көптеген автоматтандырылған жүйеде
өңдейді. Өнімдер туралы мәліметтерді мүмкіндігінше жіктеп, әрбір тұтынушы
тек өзіне қажеттісін алуға жеңіл және оңай болу керек. Ең көп тараған
нысандарға: тұрғындар туралы, өндіріс туралы, тұрғындарға көрсетілетін
қызмет туралы және қызмет түрлері туралы ақпараттар, мәліметтер жатады.
2 Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарда нысандарды
жіктеудің негізгі әдістері болып, иерархиялық және фасеттік әдіс табылады.
Жіктеудің иерархиялық әдісінде нысандардың көпшілігі көпшілік астына
(жіктеушілік топтарға), олар өз кезегінде – көпшілік астыға және т.б.
бөлінеді.
Сонымен, нысандардың көпшілігі жалпыдан жекеге қарай принципі
бойынша бұл нысандарды сипаттайтын негізгі белгілері бойынша класқа, топқа,
түрге және т.б. бөлінеді. Яғни, әрбір топ таңдалып алынған белгілеріне
сәйкес, тағы да бірнеше топтарға бөлінеді, олардың әрбіреуі басқа да
белгілері бойынша тәуелді топтарға бөлінеді және т.б. Сонымен, жіктеушілік
топтар арасында тәуелділік қатынасы (иерархия) пайда болады.
Нысандардың иерархиялық жіктеудің құрылуы, келесі тәртіпте жүреді:
1) нақты тапсырманы шешу үшін (адамдар, кәсіпорындар, процестер)
жіктеу қажетті нысандардың көпшілігін анықтайды;
2) көпшілікті көпшілік астыға бөлу үшін негізгі белгілері бөлінеді
(қасиеттері, көрсеткіштері, параметрлері);
3) белгілердің тәртібі таңдалады – бөлінудің деңгейі және оның саны.
Иерархиялық жіктеуді құру кезінде ең маңызды ережелерді қадағалау
қажет:
1) көпшілікті көпшілік астына бөлу, әрбір деңгейде тек бір белгісі
бойынша бөлумен анықталады;
2) әрбір деңгейдегі топтардың бөліну нәтижесінен алынғандар тек бір
жағында тұрған топтарға жатады және қиылыспайды, яғни қайталанбайды;
3) жіктеу пайда болған көпшілік асты қосындысы бөлінетін көпшілік
болу керек.
Иерархиялық жіктеудің негізгі артықшылықтарына оның логикалықтылығы,
тізбектілігі және ақпаратты қолмен өңдеуге бейімделуі жатады.
Фасеттік жіктеу деп көптеген нысандарды бір-бірінен тәуелсіз жіктеу
топшаларына қатар бөлінуін айтады.
Фасеттік жіктеуді құру тізбектілігі иерархиялық әдісті құру
тізбектілігіне ұқсас, яғни нысандардың көптеген түрлері анықталады, негізгі
қасиеттері мен осы қасиеттерінің топтары бөлініп алынады және қасиеттер
сипаттамаларының құрылуы тәртібі таңдалады.
Көптеген нысандардан белгілі қасиеттері бар негізгі қасиеттер –
сипаттамаларды бөліп алуы керек, яғни бұл қасиеттер нысанды жан-жағынан
сипаттап, оның сәйкестендіруін қамтамасыз ету керек, біртектілік принципі
бойынша топшаларға бөліп, оларға код беру, көптеген түрлерін шығаруға
қажетті фасеттік формулалар анықтап алу керек.
Сонымен фасеттік әдістің ерекшелігі мынада: көптеген түрлері жекеден
жалпыға принципі бойынша қалыптасады, яғни нысанның әртүрлі нақты
сипаттамалардың негізінде нақты түрлері қалыптасады.
Мұнда жіктеудің объектілеріне статистикалық ақпарат жатады, оларға
макроэкономикалық, қаржылық және құқықтықорғау қызметтерін, банктік істі,
бухгалтерлік есепті, стандарттауды, сертификаттауды, өнімді өндіру,
қызметтерді беру, кедендік іс, сауда және сыртқы экономикалық қызметтерді
жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1 Нысандардың жіктелуін қалай түсінесіз?
2 Жіктелудің нысандарын атаңыз?
3 Жіктелу не үшін қажет?
4 Жіктелу әдістерінің қанша түрін білесіз?
5 Жіктелудің иерархиялық әдісі немен сипатталады?
6 Иерархиялық жіктелу әдісін құру тәртібі қандай?
7 Фасеттік жіктелу әдісі немен сипатталады?
8 Фасеттік жіктелу әдісін құрастыру кезінде қандай ережелерді білу қажет?

№ 3 дәріс
Тақырыбы: Жіктеуіштер. Жіктеуіштердің түрлері
және олардың белгіленуі
Дәріс жоспары:
1 Жіктеуіштердің түрлері
2 Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау тәртібі
1 Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың жіктеуіштері
бекіту деңгейі мен қолдану аймақтарына қарай келесі категорияларға
бөлінеді:
а) мемлекеттік жіктеуіштер – МЖ;
б) салалық (ведомстволық) жіктеуіштер – СЖ;
в) бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың жіктеуіштері (ары қарай –
кәсіпорын жіктеуіштері).
Технико-экономикалық және әлеуметік ақпараттардың мемлекеттік
жіктеуіштері техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен
бекітіледі және тіркеледі.
Мемлекеттік жіктеуіштер құжаттамалардың бірыңғайланған жүйеге кіретін
мемлекеттік маңызы бар салааралық (ведомстволық) құжаттардың формаларында
тұратын ақпараттар кіреді.
Салалық (ведомстволық) жіктеуіштер ҚР министрліктері мен
ведомстволарымен бекітіледі және тіркеледі.
Салалық жіктеуіштерде мемлекеттік жіктеуштерге кіргізілмеген
ақпараттар немесе мемлекеттік жіктеуіштерден жіктеу нысандарымен немесе
белгілі салаларға тән қасиеттермен толтырылған іріктемелер болады.
Осы категориядағы жіктеуіштер министрліктің, ведомствоның
кәсіпорындары мен ұйымдары арасында ақпараттармен алмасу үшін қолданады.
Кәсіпорын жіктеуіштері кәсіпорын басқарушыларымен бекітіледі және
оларды кәсіпорын ішінде ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру кезінде
қолданылады.
Кәсіпорын жіктеуіштерінде мемлекеттік және салалық жіктеуіштеріне
енгізілмеген ақпарат немесе жіктеу нысандарымен және осы кәсіпорынға тән
қасиеттермен толтырылған басқа категориялы жіктеуіштерден іріктемелер
кіреді.
Қазақстанда қолданылатын мемлекеттік жіктеуіштердің тізімі:
1 ҚР МЖ 01-99 Сабақтар (пәндер) жіктеуіштері
2 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіштері (ҚҰЖЖ)
3 ҚР МЖ 03-99 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштері (ЭҚЖЖ)
4 ҚР МЖ 04-99 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіштері
(ЭҚТӨЖ)
5 ҚР МЖ 05-2000 Бастапқы және орта кәсіптік білім мамандықтарының
жіктеуіштері
6 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.0-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің
атауларын белгіленуге арналған кодтар. 1 бөлім. Мемлекеттердің коды
7 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.2-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің
атауларын белгіленуге арналған кодтар. 2 бөлім. Мемлекеттің әкімшілік-
аймақтық бөлімшелерінің кодтары
8 ҚР МЖ 06 (ИСО 3166.3-2001) Мемлекеттер мен олардың аймақтық бірліктерінің
атауларын белгіленуге арналған кодтар. 3 бөлім. Бұрын қолданған
мемлекеттердің атауларын белгілені кодтары
9 ҚР МЖ 07 (ИСО 4217-2001) Валюталар мен қорларды белгіленуге арналған
кодтар
10 ҚР МЖ 08-2001 ҚР жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және оларды
дайындау бағыттарының жіктеуіштері
11 ҚР МЖ 09-2002 Төлемдерді тағайындаудың бірыңғай жіктеуіштері
12 ҚР МЖ 10-2002 ҚР білім деңгейлерінің мемлекеттік жіктеуіштері
2 Жіктеуіштерді жасау тәртібі:
Мемлекеттік жіктеуіштерді жасау кезінде жұмыстарды координациялау және
бақылау мақсатымен және оларды енгізуге дайындау үшін жұмыстарды орындаудың
келесі кезеңдері болады.
-жіктеуіштерді жасауды ұйымдастыру;
-жіктеуіштерді жасау әдістемелерін құру және бекіту;
-жіктеуіштердің жобасының бірінші редакциясын жасау;
-жіктеуіштердің жобасының соңғы редакциясын жасау;
-жіктеуіштерді бекіту және мемлекеттік тіркеу;
-жіктеуіштерді басып шығару;
-жіктеуіштерді енгізуді ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары:
1 Қазақстанда қандай жіктеуіштер қолданылады?
2 Әртүрлі категориялы жіктеуіштерді сипаттаңыз?
3 Жіктеуіштерді жасау тәртібін атаңыз?
4 Жіктеуіштерді жасау мен бекітуді қандай органдар жүргізеді?

№ 4 дәріс
Тақырыбы: Кодтау жөнінде түсінік, белгіленуі мен қолданылуы
Дәріс сабағының мазмұны:
1 Нысандарды кодтау
1 Кодтау дегеніміз белгілі ережелер бойынша нысанға немесе
нысандардың тобына кодтарды құру және оларды орнатуды айтады, бұл кодтар
осы нысандардың атауларын бірнеше белгілермен алмастыруға мүмкіндік береді.
Кодтардың көмегімен өте қысқа тәсілмен нысандардың сәйкестендіруі
жүргізіледі, яғни белгілердің өте аз санымен.
Кодтық белгіленуі:
1 кодтың алфавитімен;
2 кодтың құрылымымен;
3 белгілердің санымен – кодтың ұзындығымен;
4 кодтау әдісімен сипатталады.
Кодтың алфавиті белгілі тәртіпте құрастырылған белгілердің жүйесін
құрайды, оған сандар, әріптер және тағы басқа белгіленулер кіру мүмкін.
Осыған байланысты кодтар сандық, әріптік және әріптік сандық болады.
Отандық, шетелдік және халықаралық тәжірибеде ақпаратты кодтаудың
кеңінен таралған әдісіне сандық кодтар жатады.
Кодтың құрылымы бұл кодтың белгілерінің біртекті орналасуының график
түріндегі бейнелеуі. Кодтағы білгілердің саны оның құрылымымен анықталады
және ол бөлінудің әрбір деңгейінде түзілетін түрлердің құрамына кіретін
нысандардың санына байланысты болады.
Кодтау әдістері түрлердің түр астындағы түрлерге бөліну әдістерімен
байланыста болады.
Жоғарыда аталғандай, нысандарға реттік сандық нөмірлерді орнату әдісі
нысандардың толық сәйкестендіруін қамтамасыз етеді, бірақ ақпаратты беру
жағынан тиімсіз болып келеді, себебі олар түрлерге сай келетін қасиеттерді
көрсетеді. Бұл әдіске қарағанда кодтаудың сәйкестендіру әдістері кодтар
арқылы нысандардың сәйкестендіруін қамтамасыз етеді, бұл кодтар белгілі
ережелер бойынша құрастырылған және олар осы нысандарды сипаттайтын бөлек
қасиеттердің белгілі кодтар жиынынан тұрады.
Кодтар келесі негізгі талаптарды қанағаттандыру керек:
- нысандарды немесе нысандардың топтарын бірмәнді сәйкестендіру керек,
яғни сәйкестендіруші болуы қажет;
- белгілердің минималды саны (минималды ұзындығы) болуы және бұл сан
берілген түрлердің барлық нысандарын кодтау үшін жеткілікті болуы
керек;
- кодталатын түрлердің пайда болатын нысандарын кодтау үшін жеткілікті
резервісі болуы қажет;
- адамға қолдануға және кодталған ақпаратты компьютермен өңдеу үшін
ыңғайлы болуы шарт;
- компьютерлік жүйелерге енгізу кезінде қателіктерді автомат түрінде
бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Кодтаудың жіктеу әдістері екі типке бөлінеді: тізбектес және қатарлас.
Тізбектес әдіс жіктеудің иерархиялық әдісі кезінде қолданылады. Бұл
әдіс бойынша көптеген түрлер түр астындағы түрлерге керекті тізбекте
бөлінеді, мұндағы кодтық белгіленуі берілген құрылым бойынша құрылады. Осы
әдістің басты кемшілігі орнатылған құру ережелерінен кодтың байланысы,
қасиеттердің құрамы мен санын өзгерпеу мүмкіндігі.
Қатарынан (тәуелсіз) әдісі көбінесе нысандарды фасеттік жіктеу
кезінде қолданылады, мұнда кодтар фасеттрге және қасиеттерге орнатылады.
Осындай жағдайда кодтық белгіленудің құрылымы фасеттік формуласымен
анықталады. Мұнда атап кететін жағдай бар, екі әдіс бойынша кодтауды
жүргізу кезінде реттік нөмірлерді орнату арқылы жүргізіледі. Қатарынан әдіс
жіктеудің иерархиялық әдісі кезінде қолданыла алады, яғни бірдей кодтармен
бөліну деңгейі бір, бірақ әртүрлі түр астындағы түрлерде оаналасқан бірдей
нысандар (қасиеттер) кодталады.
Бақылау сұрақтары:
1 Кодтау дегеніміз не?
2 Нысандарды кодтау не үшін жүргізіледі?

Дәріс № 6 (2 сағат )
Тақырыбы: Штрихты кодтау
Штрих код (ШК) - тауар туралы ақпаратты есепке алу және
автоматтандырылған сәйкестендіру үшін арналған сандар мен штрихтар түрінде
кодталған белгі.
Штрих кодты енгізу қажеттілігі өндіріс және сауда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz