Экологияның абиотикалық факторлары


Ф. 7. 03-17
Алимбекова Н. А., Суримбаева Г. А.
«Ауыл шаруашылығын химияландырудың экологиялық негіздері»
пәні бойынша дәрістер жинағы
Шымкент, 2014ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Агротехнология» кафедрасы
Алимбекова Н. А., Суримбаева Г. А.
5В080800- «Топырақтанужәне агрохимия» мамандығының студенттеріне
«Ауыл шаруашылығын химияландырудың экологиялық негіздері»
пәні бойынша дәрістер жинағы
Шымкент, 2014ж.
ӘОЖ 332. 368
Құрастырған: аға оқытушы, а. ш. ғ. к., Суримбаева Г. А. аға оқытушы Алимбекова Н. А., «Ауыл шаруашылығын химияландырудың экологиялық негіздері» пәні бойынша дәрістер жинағы - Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2014. - 49 бет.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылдары қалыптасты. «Экология» терминін 1869 жылы белгілі табиғат зерттеушісі, биолог, дәрігер, аса дарындынеміс ғалымы Э. Геккель, ғылымға бірінші болып енгізді. Латын тілінде «ойкос» - үй, тұрақ, мекен, ал «логос»- ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді., Яғни сөзбе-сөз аудщарғанда, тіршілік мекені туралы ғылым. Аталған ұғым бойынша, экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басывм көпшілігі: экологя- организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан оның қай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Қолайлы қолданыс үшін, ұзақ мерзімге дейін экология-қоршаған ортаның экологиясы деп аталып келді.
5В080800- «Топырақтану және агрохимия» мамандығы студенттеріне арналған.
Пікір жазғандар: Юсупов Ш. а/ш. ғ. к., доцент, ОҚМУ
Агротехнология кафедрасы мәжілістерінде (№4 хаттамасы «24» 10. 2013ж. ) қаралып, баспаға ұсынылған.
АШҒ ЖМ ӘК мәжілісінде (№4 хаттамасы «25» 12. 2013ж. ) қаралып, баспаға ұсынылған.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ ОӘК мәжілісінде(№4хаттамасы «17» 01. 2014ж. ) қаралып, баспаға ұсынылған.
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Мазмұны
Кіріспе
Елдің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында келтірілген ұзақмерзімді приориттердің бірі Қзақстан халқының денсаулығы, білімі болып табылады. Берліген постулат ең алдымен адамның өмір сүру ортасының экологиясын жақсартуға байланысты. Демек, қоршаған ортаға, денсаулыққа тәуекелдің кері әсер ету факторларын төмендету негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Мұнда берілген мәселені шешу адам ағзасына қоршаған ортаның кері әсер факторларын ескермеу мүмкін еместігі анық. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жасаған «Қазақстан 2050» жолдауында нашар экологиялық әлеует өлімнің 20% болатыны жайлы кездейсоқ айтқан жоқ.
берілген нұсқауға сәйкес біздің елде қоршаған орта нысандарының экологиялық ахуалының мониторингі бойынша қажетті шаралар жасалуда. Қоршаған ортаға өндірістерден шығатын ластаушы заттар тастамалары жайлы реестр құрылады.
Қоршаған ортаны сауықтыруға бағытталған кешенді бағдарламаның негізгі компонеттерінің бірі, келеңсіз факторлардың әсеріне түсетін аймақтарда өмір сүретін, жергілікті халық денсаулығына келтірілетін экологиялық тәуекелді есептеу. Оңтүстік-Қазақстан облысының (ОҚО) халқы үшін мұндай қауіп төндіретін фактор қорғасын мен фосфордың көпжылдық тастамалары және қорғасын мен фосфор зауыттарының көпжылдық өндірістік-шаруашылық қызметтерінің нәтижесінде қоршаған орта нысандарында жиналуы болып табылады. Қорғасын зауыты 1934 жылы, ал фосфор зауыты - 1968 жылы іске қосылды. Екі зауыт та қазіргі таңда өз жұмысын тоқтатқан, бірақ олардың көпжылдық жұмысы олар жайлы осы күнге дейін ұмытылмай келеді және мұнда шешілмеген мәселе әлі де өте көп. Ең алдымен топырақтың қорғасын және фосформен ластануының тарихи аймағындағы адам денсаулығын қалыптастыру мәселесіне көңіл бөлген жөн. Сонымен қатар, көрсетілген өндірістердің қатты қалдықтары осы күнге дейін жойылмаған және жел ағыстарымен атмосфера арқылы үлкен қашықтықтарға таралуда. Бұл өз кезегінде кері әсерін тигізуде, нәтижесінде - осы аймақта тұратын адам денсаулығына кері әсер етеді.
Қазақстанның экономикалық дамуының негізі мұнайөңдеу және мұнайөндіру салаларының дамуы мен шарықтау кезеңі болып табылды. Бұл даму қоршаған ортаға ерекше әсермен қатар қалыптасады, бұл адам денсаулығына әсер етпей қоймайды.
Сонымен қатар, Семей ядролы полигонының қызметінің нәтижесі, Байқоңыр ғарыш айлағының жұмысы, әскери полигондарды пайдалану адам денсаулығына келтіретін кері әсер ету мәселесі көңіл бөлуді талап етуде.
Болжанған және қазірдің өзінде адамға әсер етуші климаттың глобальды өзгерісі ластаушы заттардың адам денсаулығына әсерінің ерекшеліктеріне өз үлесін қосуда.
Осы бағыттағы біздің елдің мемлекеттік саясаты ең алдымен, барлық ведомствалардың, ұйымдардың және ұжымдардың қандай-да бір мөлшерде қоршаған орта жағдайын қорғауға және адам денсаулығын сақтауды жақсартуға бірлесе күш салуын талап етуде.
Дәріс №1
Экологияның қысқаша даму тарихы
Жоспар:
1. Экология пәні, қысқаша даму тарихы.
2. Экологияның негізгі мақсаты мен міндеттері.
3. Экологияның негезгі бөлімдері.
1. Экология пәні, қысқаша даму тарихы.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылдары қалыптасты. «Экология» терминін 1869 жылы белгілі табиғат зерттеушісі, биолог, дәрігер, аса дарындынеміс ғалымы Э. Геккель, ғылымға бірінші болып енгізді. Латын тілінде «ойкос» - үй, тұрақ, мекен, ал «логос»- ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді., Яғни сөзбе-сөз аудщарғанда, тіршілік мекені туралы ғылым. Аталған ұғым бойынша, экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басывм көпшілігі: экологя- организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан оның қай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Қолайлы қолданыс үшін, ұзақ мерзімге дейін экология-қоршаған ортаның экологиясы деп аталып келді.
Көптеген ғалымдар экологияның анықтамаларын беріп, оның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсетуге тырысты. 1920 жылы американ ғалымы Ф. Клементс-экологияны бірге өмір сүретін өсімдікғтер мен жануарлар туралы ғылым деп есептесе, 1930 жылы Ұлыбритания ғалымы Ч. Элтон-экологияның негізгі міндеті- түрлердің популяциясы мен олардың санының динамикасын зерттеу деп ұғындырды.
Экология ғылымының зерттеу объектілері мен міндеттері туралы келтірілген анықтамалардың кезінде морфология мен физиология ғылымдарына ерекше бағышталуы түсінікті де. Екеуі де бір пәнді зерттейтін физиолог пен экологтың өз пәндерін түсінудегі айырмашылығын, 1930ж. Плантефоль жақсы анықтап берді: физиолог жасанды ортаға әкеліп орналастырылған организмдерді зерттейді де, алынған жеке-жеке деректерді синтездейді. Эколог болса, организмді үнемі өзгеріп, тұратын күштер әсер ететін табиғи ортада зерттейді. Қазіргі кезде, әсіресе, биологиялық пәндер бойынша эволюциялық принцип жетекші орын алған сәттерде, экологияның міндеттері нақтылануы тиіс.
2. Экологияның негізгі мақсаты мен міндеттері. Экологияның міндеті, организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттеу ғана емес, ол- популяцияның өзара байланысы мен бейімделу реакцияларын, олардың өмірсүру жағдайларына байланысты зерттеу де болмақ.
Экологияның негізгі салалары мен бөлімдері тоғысатын бірнеше маңызды мәселелер бар. Оларды шешу жолындағы жетістіктер, бүкіл экологияның алға басуын қамтамасыз етеді, сондықтан, күш ең алдымен сол мәселелерді зерттеуге бағытталуы тиіс.
Экология ғылымының негізгі мақсаты-биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дережесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету. Биосферадағы тепе-теңдік бұзылса, оның өсімдіктерге және жануарларға әсері-биологиялық экология, адамдарға әсерін - медициналық экология, ал қоғамға әсерін - әлеуметтік экология, ал өндіріс қалдықтарын болдырмау немесе азайту, және де бұл қалдықтарды залалсыздандыру проблемаларын инженерлік экология салалары зерттейді.
Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адами- нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық және географиялық микро және макрожүйелер мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы гормниялық байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру.
Экологиялық мәселелерді зерттеуде Қазақстан ғалымдары да өз үлестерін қосып келеді. Дегенмен бұл сала, үңілсе, таусылмайтын, күнбе-күн жаңадан талап қоятын тақырып.
3. Экологиялық негізгі бөлімдері. Экология - биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады. Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
I кезең . Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды.
II кезең. Экологияғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі.
III кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл ғаламдық ғалымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде.
Биоэкологиялық зерттеулер бағыты. Биоэкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: Аутэкология, демэкология, ейтэкология, синэкология т. б.
Аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасы мен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық, өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады.
Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы табиғаттағы сан мөлшері реттелуі мен ауылшаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) реінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестігінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер қаралады.
Бақылау сұрақтары:
- Қоршаған орта туралы ғылымның дамуына әсер еткен қандай еңбектерді атап өтуге болады?
- Экология ғылымы нені зерттейді?
- Экология ғылымының мақсаты, міндеті қандай?
- Қоршаған орта және қоршаған табиғи орта дегеніміз не ?
- Экология ғылымының қандай құрылымдары бар?
- Биологиялық жүйелердің қандай денгейлері бар?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Молдахметов З. М. Экология негіздері. - Карағанды, - 2002.
2. Оспанова Г. С., Бозшатаева Г. Т. Экологиядан оқу-әдістемелік құрал. - А, 2000ж.
3. Қожанбаев С. Махмутов С. Табиғат қорғау - Алматы 1992-1996
4. Сихымбаев Ә. Е. Тастанов Е. А. Сихымбаев С. М. Кемелбекова Г. Ә. Экология негіздері және табиғатты - қорғаудың қысқаша курсы Шымкент -2003
5. Сағымбаева Ғ. К. Экология негіздері Алматы 1995
6. Бекенов А. Қыдыров X. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. - Алматы . 1975
Лекция №2.
Аутэкология
Жоспар
- Экологиялық факторлар туралы түсінік, экологиялық факторлардың классификациясы
2 Жерде тіршіліктің пайда болуы.
3. Химиялық және биологиялық эволюция.
1. Экологиялық факторлар туралы түсінік, экологиялық факторлардың классификациясы
Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар - топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері (ірі немесе ұсақ бөліктері) тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта болуы тиіс. Ал, қуан дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақта, организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте керек, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем керек емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен, орта дегеніміз - организмдердің өсіп - көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен тарлуына тікелей жанама әсер ететін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық факторлар - организм үшін керекті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық түрінде әсер етеді. Организмдер болса, факторлардың әсеріне әртүрлі реакция береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажетті емес.
Экологиялық факторлар үш негізгі топқа жіктеледі:
Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық ( атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т. б. ) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немсе қышқылдығы, космостқ сәулелер, т. б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Биотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмдердің бір - біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Өйткені, тірі организмдер бір-бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым-қатынаста болады. Аталған қарым-қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануарлар арасында болуы мүмкін.
Антропогендік факторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады.
Экологиялық факторлардың жоғарыда аталғандардан басқа орта факторлардың әсерінен организм реакцияларының бейімделгіштік дәрежесін бағалауға негізделген топтастырылуыда бар. Бұл топтастыруды кеңес ғалымы А. С. Мончадский ұсынған. Мончадскийдің пікірі бойынша, экологиялық факторлардың оңтайлы классификациясы ең алдымен осы факторлар әсерінен тап болған тірі организмдер реакциясының ерекшеліктерін, оның ішінде организмдердің адаптациясының кемеліне жету дәрежесін ескеруі тиіс: аталмыш адаптация неғұрлым көне дәуірден басталған болса, оның кемелденуі солғұрлым жоғары болады. Бұл топтастыру экологиялық факторларды 3 топқа бөледі. Сол топтарға толығырақ тоқталайық.
Адаптация ең алдымен жер шарының өз осі төңірегінің айналуының және күннің айнала қозғалуының, ай фазалары алмасуының тікелеі салдары ретінде күдік, айлық, маусымдық немесе жылдық периодтылық тән сыртқы орта факторларына қатысты пайда болады. Бұл факторлардың тұрақты циклдары жерде тіршілік пайда болғаннан әлде қайда бұрын қалыптасқан және осы жағдай организмдердің бастапқы периодты факторларға адаптациясының неліктен соншалық көне екенін және организмдердің тұқым қуалаушылық негіздерінде мықтап бекітілуінің негізін түсіндіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық факторлар дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
2. Антропогендік факторлар организмге қалай әсер етеді?
3. Оптимизм және пессимум аймақтары дегеніміз не?
4. Шелфорд ережесін (Толеранттық заңын) түсіндір.
5. Экологиялық факторлардың әсер етуінің қандай заңдылықтары бар?
6. Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдердің қандай түрлері бар?
7. Факторлардың өзара әсері дегеніміз не?
8. Қоректенуі бойынша организмдер қандай топтарға бөлінеді?
9. Шектеулі факторлар ережесін түсіндір.
10. Организмдердердің тіршілік формалары дегеніміз не?
11. Өсімдіктердің қандай тіршілік формалары бар?
12. Тіршілік ету ортасы бойынша жәндіктердің қандай топтарын білесін?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Молдахметов З. М. Экология негіздері. - Карағанды, - 2002.
2. Оспанова Г. С., Бозшатаева Г. Т. Экологиядан оқу-әдістемелік құрал. - А, 2000ж.
3. Қожанбаев С. Махмутов С. Табиғат қорғау - Алматы 1992-1996
4. Сихымбаев Ә. Е. Тастанов Е. А. Сихымбаев С. М. Кемелбекова Г. Ә. Экология негіздері және табиғатты - қорғаудың қысқаша курсы Шымкент -2003
5. Сағымбаева Ғ. К. Экология негіздері Алматы 1995
6. Бекенов А. Қыдыров X. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. - Алматы . 1975
Лекция № 3.
Экологияның абиотикалық факторлары
Тiршiлiк ортасы- тiрi ағзаны қоршап тҰрған және онымен тiкелей қарым- қатынаста болатын табиғатты» бiр бөлшегi. Ортаны» қҰрамдас бөлшектерi мен қасиеттерi әртұрлi және өзгермелi. Кез-келген тiрi ағза кұрделi әрi өзгермелi әлемге бейiмделе тiршiлiк етедi және тiршiлiк әрекетiн оны» өзгерiстерiне сәйкес реттеп отырады. Бiздi» планетамызда тiрi ағзалар бiр-бiрiнен орта жағдайларыны» ерекшелiктерi бойынша ажыратылатын төрт тiршiлiк ортасын мекендейдi. Су- е» алғашқы тiршiлiк пайда болған әрi таралған орта. Содан кейiн тiрi ағзалар жер-ауа ортасын иелендi. Онда топырақ қабатын тұздi және таралды. Төртiншi ерекше тiршiлiк ортасы- тiрi ағзалар, оларды» әрқайсысында паразиттер мен симбионттар мекендейдi.
Жер- ауа ортасы- экологиялық жағдайларына қарағанда е» кұрделi орта. Жер- ауа тiршiлiк ортасын мекендейтiн ағзаларда орта факторларыны» әсерiне бейiмделу барысында көптеген анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық және мiнез- қҰлықтық белгiлер қалыптасқан. Оларда атмосфералық ауамен тыныс алу барысында кұрделi қҰрылысты тыныс мұшелерi, қа»қаға тән ерекшелiктер, қолайсыз факторларды» әсерiнен қорғану ұшiн кұрделi бейiмделулер қалыптасқан.
Тiрi ағзаларға қажеттi энергияны» негiзiн кұн радиациясы бередi. Кұн радиациясы жер энергиясыны» 99, 9% қҰрайды. Бiздi» планетамызға келiп жеткен кұн энергиясыны» 19% -тi атмосферадан өтер кезде сi»iрiледi, 34%-тi қайта шағылысып космос ке»iстiгiне кетедi, 47%-тi жердi» беткi қабатына тұзу және шашыранды тұрде жетедi.
Спектрдi» ультракұлгiн бөлiгi кұн радиациясыны» 1-5% қҰрайды, ал инфрақызыл бөлiгi 49-84% қҰрайды. Шашыранды радиация дегенiмiз- шағылысқан сәулелер. Кұннi» ультракұлгiн сәулесiнi» тек Ұзын толқындалары ғана (290-380 нм) жерге жетедi, ал ағзаға қатерлi қысқа толқындыларын озон қабаты сi»iрiп Ұстап қалады. µзын толқынды ультракұлгiн сәулелердi» көп мөлшерi зиянды, аз мөлшерде ағзаға қажет. 250-300 нм диапозонда ультракұлгiн сәулелер бактерияларды жойып жiбередi және жануарлар ағзасындағы стеролдан рахитке қарсы тҰратын Д витаминiн тұзедi. 200-380 нм сәулелерi адамды кұйдiрiп терiнi» қорғаныстық қасиетiн кұшейтедi. Тоқын Ұзындығы 750 нм инфрақызыл сәулелер жер бетiне жылу бередi.
Кез- келген ортаны» жарық режимi тiкелей немесе шашырап тұскен жарық мөлшерiне, оны» спектрлiк қҰрамына, жарық тұскен жердi» сәуленi сындыру қабiлетiне байланысты анықталады. Жарық режимiнi» бҰл аталған элементтерi жердi» географиялық жағдайына, рельефiне, атмосфера жағдайына, т. б. байланысты өзгерiп отырады.
Өсiмдiктерде жарық мөлшерiне морфологиялық және физиологиялық бейiмделулер жұредi. Осыған байланысты өсiмдiктердi төмендегiдей экологиялық топтарға бөледi.
- Жарық сұйгiш өсiмдiктер немесегелиофиттер. Олар кұн тұсетiн ашық жерлердi мекендейдi.
- Көле»кеге төзiмдi . БҰл топқа шалғындықты» өсiмдiктерi жатады. Олар жарықта жақсы өседi, көле»кеге де төзiмдi келедi.
- Көле»ке сұйгiш өсiмдiктер немесесциофиттер. Олар тiке тұскен кұн сәулесiне төзе алмайды. БҰл орманны» төменгi ярусындағы, ұ»гiрлердегi, су тере»iндегi өсiмдiктер. Олар тiке тҰскен кұннi» сәулесiне төзе алмайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz