Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Агротехнология кафедрасы
Әдістемелік нұсқау
«Топырақты бонитеттеу және ҚР тұзданған топырағын жақсарту» дәрістер жинағы
5В080800 «Топырақтану және агрохимия» мамандығының студенттеріне арналған
Оқу түрі: күндізгі
ӘОЖ
КБЖ
Құрастырушылар: аға оқытушы, а. ш. ғ. к. Мурзабаев Б. А.
5В080800 «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін дәрістер жинағы. Шымкент: М. Ауезов атындағы ОҚМУ,
5В080800 «Топырақтану және агрохимия» мамандығының студенттеріне пәні оқу жоспары және бағдарламаның талабына сай, дәрістер жинағына барлық қажетті мәліметтер енгізілген.
Дәрістер жинағы «Агротехнология» кафедрасының мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама № « » 201 ж. )
Ауылшаруашылық ғылым жоғары мектебі комитетімен мақұлдаған,
(Хаттама № « » 201 ж. )
М. Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік кеңесі баспаға ұсынған, № ___ хаттамасы «» 201 ж.
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазахстан Мемлекеттік Университеті, 2017ж
Алғы сөз
Топырақты бонитеттеу және ҚР тұзданған топырағын жақсарту - студенттерге топырақ туралы түсінік беретін. Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. . Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау. Топырақ - ерекше табиғи дене Ол геологиялық және биологиялық денелермен тығыз байланысты, ал оларды оқып-білу мамандарға өте маңызды.
Топырақ түзілу процесін, оның жер бетінде дамуын, топырақ түзілуіне әртүрлі факторлардың әсерлерін, топырақ қорларын тиімді пайдалану жолдарын оқып білу.
Мазмұны
Модуль 1. Топырақты бонитеттеу
Дәріс 1 -2 Тақырыбы: Топырақ бонитетінің пәні оның мақсаты мен міндеттері және қысқаша тарихы
Дәріс 3-4 Тақырыбы: Топырақ бонитетін анықтау әдістетемелері мен тәсілдері
Дәріс 5-6 Тақырыбы: Топырақ бонитеті Мемлекеттік жер кадастрының маңызды бөлігі
Дәріс 7-8 Тақырыбы: Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері
Дәріс 9-10 Тақырыбы: Топырақ бонитетінің баллдарын шығару тәсілдері
Модуль 2. ҚР тұзданған топырағын жақсарту
Дәріс 11 Тақырыбы: Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу
Дәріс 12 Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі
Дәріс 13Тақырыбы: Топырақ бонитетінің (1979 ж) Мемлекеттік әдістемесі
Дәріс 14 Тақырыбы: Тұзданған топырақтар және оларды жақсарту (мелиорациялау) жолдары
Дәріс 11 Тақырыбы. Топырақтың таралу заңдылықтары және топырақтарды жіктеу
Дәріс 12 Тақырыбы 12. Орманды дала және дала аймағының қара топырақтары
Дәріс 13 Тақырыбы. Қуаң дала және шөлді дала аймақтарының қара-қоңыр топырақтары
Дәріс 14 Тақырыбы . Шөл аймағының топырақтары. Тұзданған топырақтар
Дәріс 15 Тақырыбы. Қазақстанның жер қоры және оны қорғау, топырақты бонитеттеу
Дәріс 16 Тақырыбы ҚР-ның сортаңданған топырақтары және оларды жақсарту - мелиорациялау
Модуль 1. Топырақты бонитеттеу
Дәріс №1-2
Тақырыбы: «Топырақ бонитетінің пәні оның мақсаты мен міндеттері және қысқаша тарихы»
Жоспар;
1. Кіріспе
2. Бонитеттеудің максатымен және міндеттері
3. Топырақ бонитетің Ресейде ерте кезде аңықтау.
4. В. В. Докучаевпен Н. Сибирцевтің топырақты ғылыми бонитеттеу әдісін ұсынысы.
5. Қазақстанда топырақтарды бонтиеттеу жүргізген ғалымдар.
Кіріспе
Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді.
Бонитеттеу (латынша bonitos - жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: - Соболев С - «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік - топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».
- Карманов И - «Бонитировка деген - ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау».
- Гаврилюк Ф - «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақтардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; . . . ол деген топырақтарды тектік - өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші».
Мемлекеттік жер кадастры жерлік учаскелер туралы барлық мәліметтерді (информация) қамтиды.
Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) - жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т. б. ) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т. б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.
Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады.
Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы - жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т. б. реттеуге керек.
Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ - климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және -де басқа мелиоративтік - топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т. б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор., себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру.
Топырақ бонитетін анықтайтын жұмыстар Ресейде ерте кезде жүргізілген. Бұл жиындағы мәліметтер XY-XYII ғ. ғ. қолжазба кітаптарда келтірілген: егістік, шабындық, орман, батпақтар, т. б. қоныстар аталған. Егістік топырақтарға сипаттама берілген, сапасына қарай олар жақсы, орташа, нашар және жарамсыз категорияларға бөлінген . Екінші кезеңдегі жер сапасын есептеу жұмыстарын 1833-1867 ж. ж. мемлекеттік мүлік Министрлігінің комиссиясы, кадастрлық жұмыстар мен байланысты жүргізген. Комиссия мүшелері топырақтар сапасы жайында мәліметтер жинап, әр топырақтан алынатын орташа өнімді анықтаған. Осы жұмыстар нәтижесінде, топырақ сапасын өнім арқылы анықтайтын, бонитеттеу шкаласы (кестесі) құрылған. Кадастрлық комиссия жұмыстарын В. Докучаев жоғары бағалаған, себебі оның есептерінде Ресей топырақтарының сапасы жайында көптеген қажетті материал келтірілген.
1861 жылғы реформадан кейін жердің сапалылығын айыратын жұмыстар жергілікті әкімшіліктерге беріліп, Ресей топырағын бонитеттеуде үшінші кезең басталды.
П. Костычев (1872) әртүрлі топырақтар сапасын салыстырғанда ерекше назарды олардың тегіне, өсетін дақылдар сипатына, топырақтардың орнына, қалыңдығына және астындағы жынысқа аударуды ұсынған.
Жергілікті әкімшілікте жерді бағалау жұмыстары әр әдіспен (сату мен жалдау бағалары, жер иесінің таза пайдасы т. б. тұрғыдан) жүргізіледі. Төменқала губерниясы топырағын зерттеу материалдарына сүйене отырып, В. Докучаевпен Н. Сибирцевтің қатысуымен, алғаш рет топырақты ғылыми бонитеттеу әдісін ұсынды, ол орыстың табиғи-тарихи бонитеттеу немесе топырақты Нижегород типті бағалау әдісі деп аталады. Ол бойынша топырақтарды немесе жердің сапасын бағалаудағы басты жағдайы болып олардың құнарлығын анықтайтын табиғи сапалары, яғни «табиғи құқықтық қабілеті» саналған.
В. Докучаев бонитеттеуде- топырақтар құнарлығын анықтауда маңызы зор қасиеттерді негізге алған Ондай қасиеттер 4 топқа біріктірілген:
1. Геологиялық (аналық жыныс, қарашірінділі жиектің салыну жағдайлары мен қалыңдығы, ондағы гумус мөлшері) ;
2. Химиялық (миниралдық құрам және әр топырақ типіндегі қоректік элементтер мөлшері) ;
3. Топырақтың жұту қабілеті;
4. Физикалық қасиеттер
Көрсетілген қасиеттердің әр тобында
Жердің негізгі сапасын бағалайтын ең басты факторға В. Докучаев «Топырақтардың табиғи-құқықтық қабілетін», яғни олар құнарлығының кепілі-табиғи сапаларын жатқызған.
Топырақтарды бонитеттеу В. Докучаев пікірінше топырақ құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерді есепке алыну керек, олар: геологиялық (қарашірінді қабатының қалыңдағы, ондағы гумус мөлшері, аналық жыныс және жайласу жағдайлары, т. с. ) ; химиялық қасиеттер; оларды анықтау үшін әр топыраққа толық химиялық талдау жүргізілген: топырақты фторлы сутек қышқылы мен ыдыратып, минералдық құрамындағы негізгі қоректік элементтерді ( 10 және 1 процентті тұз қышқылы сүзіндісіндегі) анықтау; топырақтың сіңіру қабілеті физикалық қасиеттері. Көрсетілген қасиеттердің әр тобында ең жақсы топырақ 100 бал алған, сонымен салыстыра қалған топырақтар баллдардың анықтаған. Жоғарыдағы 4 көрсеткіштердің орташа балдары топырақтың соңғы бонитеттік бағасын құрған. Топырақтардың осындай бағалау деректерін өнім мен салаыстырғанда жақсы ұйқастығы көрінген.
Төменқала губерниясы топырағының толық бонитеттеу кестесін Н. Сибирцев құрастырған. Сонымен В. Докучаев пен Н. Сибирцев топырақты бонитеттеу теориясы мен практикасын дамытуға көп еңбек сіңірген.
Ғалымдардың пікірінше топырақ-табиғи-тарихи дене, сондықтан оны еңбек объектісі (орны) және ауылшаруашылық өндірісінің құралы сапасында білу үшін пайдалануға болады деген.
1кест- Ресейдің Төменгі губерниясы топырақтарын жалпы бағалаулық (бонитеттік) шкаласы (Докучаев, 1886) .
Төрт топтық көрсеткіштердің орташа санынан барып топырақтардың соңғы бағалауы жасалған. Бағалаулық баллдар мен өнім деректерін салыстырғанда жақсы ұйқастық байқалған. А. Константинов «Ауылшаруашылық жерлерін бағалау»(Саратов, 1901) атты еңбегінде топырақтар сапасын анықтаудағы бас белгіге гумус мөлшерін жатқызған. Сол бойынша топырақтарды 10 сыныпқа бөлген және оларды күздік дақылдар өнігі мен салыстырған (2-кесте) .
2 кест-Топырақтағы қарашірінді мөлшері мен күздік дақылдар өніктілігі (Константинов, 1901)
С. Захаров (1916) «Қарашірінділі жиектің қалыңдығы және күңгірт түсінің қарқыны - қаратопырақты және оңтүстігіндегі аймақтар мен шөптесінің арасында анық ұйқастық бар» деп, ғалым кейін (1931) топырақ неғұрлым қалың (қарашірінділік жиегі- Т. Т. ) болса, соғұрлым өсімдік тамырларына кеңістік өсіп, ондағы қоректік заттар мөлшері артады. Сонымен топырақтарды а. ш-қ. Бағалауда олардың (кескінінің - Т. Т. ) қалыңдығы басты жағдайдың бірі болады деген. С. Захаров топырақтың өніктілігі мен гумус мөлшері арасында қатарластық барын айтқан.
Г. Тумин (1920) Тамбов облысы қаратопырағындағы қарашірінді мөлшері мен өнік арасындағы байланысты тапқан.
КСРО-да, жерге жеке меншік алынғаннан соң, топырақтарды бонитеттеу, жерді экономикалық бағалау мен жерлік кадастр (құжаттар жинағы) ғылыми-практикалық маңызын жоғалтқан болатын. Топырақтарды бағалау тек қана жерді сатып алу мен сатуға; рентаны (табыс) алуға керек деп саналған. «Топырақтарды бонитеттеу өзінің өндірістік маңызын жоғалтты» деп жазды. В. Вильямс. (1949) .
Тек қана 1953 жылғы СОКП Орталық Комитетінің Пленумінен кейін топырақтарды бонитеттеуге көп ғалымдар назарын аудара бастады да, ол жалпы мемлекеттік проблемаға айналды.
КСРО ҒА-қ Топырақ институтінің топырақтанушылар ұжымы (С. Соболевтың басшылығымен), біраз университеттер мен КСРО топырақтарын бонитеттеу мен агрохимиялық сипаттауға арналған Бүкілодақтық мәжіліс өткен.
Н. Благовидов (1960) 10 сыныпты топырақтарды бонитеттеудің шкаласын ұсынған: I ( 1-10 балл) -егіншілікте пайдаланбайтын жерлер; II-IV (11-40 балл) -нашар топырақтар; V-VII (41-70 балл) - сапасы орташа топырақтар; VIII-X (71-100 балл) - сапасы жақсы топырақтар.
1963 жылы КСРО Ауылшаруашылық министрлігі «КСРО топырақтарын бонитетнеудің бағдарламасы мен әдістемесін» бекіткен болатын, соған орай көптеген республикалар, өлкелер мен облыстарда топырақтарды бонитеттеу жұмыстары өрістері. С. Соболов пен М. Малышкин «КСРО-ң көтеріңкі тегістік (плакорлық) топырақтарын бастапқы бонитеттеу (бағалау) шкаласы мен түзетулік коэфициентиерін (топырақтар ерекшеліктерін көрсететін кебірлік пен бұзылулық деңгейіне, механикалық құрамына т. б. белгілеріне қарай) құрастырған (1965) .
Топырақтарды бағалау жұмыстары Латвия, Литва, Эстония, Белорусь, Украйна, Молдова, Өзбекстан, Қырғыстан жерлерінде, Ресей Федерациясының көптеген облыстарында өтелген болатын.
Қазақстанда топырақтарды бонтиеттеу жұмыстары соңғы төрт онжылдық уақытты қамтыған. Бұл жұмыстар Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында жүргізілген. (3-есте) .
ҚР-ң жер қорын басқару Агенттігі ғылыми-өндірістік жерлік орталығының облыстық бөлімшелері жеке әкімшілік облыстық, аудандар мен ауыл шаруашылық қожалықтар (фермерлер, т. б. ) жерлерінің топырақтарын бағалауда көп жұмыстар өтеді.
3 кест- ҚР-ң ауылшаруашылық қоныстар топырақтарының
орташа облыстық бағалаудың баллдары
Әдебиеттер:
1. Оспанов Б., Жамалбеков Е. «Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану». Қаз. Ұлттық унив-ті. Алматы: 2005ж.
2. Тазабеков Т. Т. «Топырақтарды жақсарту, бағалау және қорғау». Алматы: Қазұлтагру, 2004ж.
3. Жамалбеков Е. У., Білдебаева Р Н. «Жалпы топырақтану және топырақ географиясы». Алматы: Қазақ унив-ті 1997ж.
4. Тазабеков Т. Т. «Топырақ географиясы». Қазақ мемлекеттік Аграрлық унив-ті, Алматы: 2000ж.
5. Давлятшин И. Д. «Принципы и критерии бонитировки почв. Алма-Ата: КазНИИНКИ. 1990г.
6. Антропов В. Н., Каржанов К. Д. «Бонитировка и экономическая оценка земель». Алма-Ата: Наука, 1987г.
Дәріс №3-4
Тақырыбы:«Топырақ бонитетін анықтау әдістетемелері мен тәсілдері»
Жоспар;
1. Топырақты бонитеттеудегі қолданылатын әдістер.
2. Топырақ бонитеттерді есептеу технологиясы және шкаласы.
3. Топырақ бонитетің дайындық-камералдық кезены.
4. Топырақ бонитетің далалық кезены.
5. Топырақ бонитетің камералды-аналитикалық кезены .
Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В. Докучаев принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделген. Сондықтанг бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және қарашірінді жиегінің қалыңдығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.
Агроклиматтық көрсеткіштер ішінде өнім мен тығыз байланыстыларға 10 0 С-тан жоғары температура қосындысы, ылғалдану коэффициенті (Высокий мен Ивановша), климат континенталдығы (ызғарлығы) жатады. Бірнеше топырақ қасиеттері мен агроклиматтық деректерін пайдаланудың себебі біріншілер мен көпжылдық өнім арасындағы тығыз коррелятивтік байланыс тек белгілі экология-тектік топырақ қатарында (аймақтық сап, батпақтану қатарлары, сортандану, т. б. ) ғана байқалады, ал аймақтық басқа топырақтар үшін оны табуға болмайды. Мысалы, қара және күңгірт қарақоңыр топырақтарда өнім мен гумус мөлшері немесе оның қоры (т\га) арасында жақсы сәйкестік бар, бірақта бұл көрсеткіш солар арасындағы кебір топыраққа жарамсыз. Кебір сапасын кебірлі қабат тереңдігі мен кескінінің физика-химиялық қасиеттерін ескере бағалайды. Солтүстік Кавказда гумустік жиек қалындығы және қарашірінді қоры мен өнім сәйкес келсе, Еділ бойында олар нашар корреляцияда екен.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі топырақтардың мына физика-химиялық қасиеттері және морфологиялық (сыртқы) белгілерімен корреляциялық байланыста екені байқалады: ылғал мен қамтамасызданған егістік сұр ормандық топырақта жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, механикалық құрамдағы физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер мөлшері, тұз сүзіндісінің рН көрсеткіші, гидролитикалық қышқылдылық, сіңірілген негіздер қосындысы және негіздермен қанығу дәрежесі.
Ылғал мен жеткіліксіз қамтамасыз етілген орманды-дала, дала, құрғақ дала және шөл-дала аймақтарындағы егіншілікте пайдаланатын топырақтарды: жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, гумус жиегінің қалыңдығы және ондағы (0-20, 0-50, 0-100 см) қарашірінді қоры (т\га), физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер тобының мөлшері және сіңіру сыйымдылығы. Сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтарда дақылдар өнімі гидролитикалық қышқылдылық және негіздермен қанығу дәрежесімен, ал кебірленген топырақтарда-сіңірілген натриймен, сортанданған топырақтарда-жеңіл еритін тұздар мөлшерімен корреляциялық байланыста болғаны байқалады. Ал топырақтың құнарлығын анықтайтын біраз маңызды қасиеттерін, айталық шабындылықты, саздылықты, сумен шайылу, желмен ұшырылу дәрежелерін, санды есептеу мүмкін емес. Сондықтан олар санды-сапалы әдіспен сәл, орташа, күшті атау жүйесі мен анықталады. Топырақты бонитеттеуде аталған қасиеттердің өнімге әсерін (баллын) сәйкесті шығарылатын түзету коэффициенттері көмегімен есептейді.
Агроклиматтық көрсеткіштерді агроклиматтық картадан немесе деректі кітаптан (справочник) алуға болады. Табиғи шөптер өнімі (шабындық, жайылым) тиісті топырақ түріне сәйкес анықталады, ал бағалау баллдары - әлі шешілмеген мәселе. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі жайлы негізгі мәліметтерге жеке шаруашылықтар өнімі, тәжірибелік стансалар мен сорт учаскелерінің деректері, немесе егіс танаптарында тікелей есептелген сандар жатады. Осы мәліметтер әр 5, 7, 10 жылдарда анықталып жиналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz