Міндеттер - жоспарланған шаралар тізімі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Керимбекова Жанат Умирбековна

Дизартрия мен ринолалияны түзетудегі логопедиялық жұмыс пәнінен
орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Шымкент 2018

Ф.7.03-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекетік университеті

Керимбекова Ж.У.

Дизартрия мен ринолалияны түзетудегі логопедиялық жұмыс
пәнінен 5В010500-Дефектология мамандықтардағы студенттер үшін орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Оқу формасы: күндізгі, қашықтықтан, кешкі

Шымкент - 2019

Құрастырушы: аға оқытушы Керимбекова Ж.У.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқу - әдістемелік бірлестігінде құрастырылған және енгізілген оқу бағдарлама негізінде Дизартрия мен ринолалияны түзетудегі логопедиялық жұмыс
пәнінен 5В010500-Дефектология мамандықтардағы студенттерге орындауға арналған әдістемелік нұсқауың құрылымы, мазмұны, тапсырудың реті мен кестесі, сонымен қатар рәсімдеу талаптары қарастырылған. Курстық жұмыстардың үлгілі тақырыптары мен ұсынылатын әдебиет көздері берілген.
Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2019

Пікір білдірушілер: п.ғ.к., доцент Примбетова С.К. __________________

Әдістемелік нұсқау Психология және дефектология кафедрасы мәжілісінде талқыланып, бекітілген.
Хаттама № ____ ___ ______ 2019ж.

Кафедра меңгерушісі: _______п.ғ.д., профессор Лекерова Г.Ж.

Факультет әдістеме кеңесі әдістемелік нұсқауды ___ ______ 2019ж
№ ___ хаттамамен бекітті.

ӘК (комитет) төрағасы ______________

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1 Жалпы талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 Курстық жұмыс құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3 Курстық жұмыс мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
4 Курстық жұмысты рәсімдеу ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
5 Курстық жұмысты қорғау тәртібі мен бағалау ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
6 Курстық жұмыстың үлгі тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Ұсынылған әдебиетер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14


КІРІСПЕ

Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы. Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айту мен сөйлеу тілінің просодикалық жағының орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады.
Дизартрия гректің artron - мүшелеу, бөлшек, dis - бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрияның негізгі белгілеріне (симптомдарына) дыбыс айтуы мен дауысының, артикуляциялық моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бұзылуы жатады. Дизартрияда дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дыбыс айтудың антрофониялық (бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру, шатастыру) түрінде айтылуы кездеседі. Фонологиялық түрлерінде айтылуы ұқсас дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық сипаттамалары бойынша ажырату қиындық туғызады. Сондықтан, көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы, бұлшық еттердің (артикуляциялық аппараттың, беттің, мойынның) қатаюы-гтпертонус, әлсіреуі, төмендеуі, босансыуы - гипотония байқалады.
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерді дизартрия және ринолалия туралы ғылымның шығуы мен тарихымен, дамуымен; балалардың сөйлеу тілінің ауытқулары мен механизмдері; сөйлеу тілінің бұзылуын психолингвистикалық, клиникалық,-физиологиялық тұрғыдан қарастыру, балалардың тіл кемістіктерін анықтау, ажырату, арнайы мекемелерде балаларға логопедиялық ықпал жасау, түзету-тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау туралы теориялық білім беру және кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеттері: -дизартрия және ринолалияға шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін ашу;
- дизартрия және ринолалияға шалдыққан балаларды логопедиялық зерттеуді, олармен коррекциялық жұмысты жоспарлауды үйрету.
Берілген әдістемелік нұсқау студенттерге курстық жұмысты орындау барысында туындайтын сұрақтарға жауап беруге мақсатталған оқу құрал болып табылады.

1 Жалпы талаптар
1.1 Курстық жұмыс - бұл ғылыми-зерттеу жұмысында білік пен дағды алатын, өз бетімен жеке орындайтын оқу ғылыми - әдістемелік жұмыс.
1.2 Курстық жұмыс бастамас бұрын, студент оқытушының жетекшілігімен жұмыстың бар периодына күнтізбелік жоспар құрылады.
1.3 Жұмыстағы орындалған барлық мәліметтердің дәйектілігіне, орындалуына, ондағы алынған мәліметтерге, шешімдер мен қорытындыға студент те, оның жетекшісі де жауапты. Ғылыми жетекші курстық жұмыстың тапсырмасын құрып, сол арқылы ағымдағы жетекшілігін жүргізеді. Оқытушы студенттің жұмысын бағыттап, жүйелі түрде ғылыми - әдістемелік көмек көрсету мақсатында кеңестермен қамтамасыз етіп, жұмыс орындалуының жүзеге асыруын бақылау арқылы аяқталған жұмыстың рәсімделуін және мазмұнын тексереді.
1.4 Курстық жұмыс оқу жоспарының талаптарына сай орындалады. Курстық жұмыс тақырыптары, негізінен студент оқытушымен ұсынылған және бекітілген тізімнен таңдалады. Жеке жағдайларда курстық жұмыс тақырыптары студенттің өзімен ұсынылады және жұмыс жетекшсімен келісіледі. Курстық жұмыс тақырыбы баяндамалық сипаттамада емес, тақырыптың атауында зерттеу мәселесі болуы қажет. Курстық жұмыс тақырыптары нұсқаулықтың 6 бөлімінде берілген.
1.5 курстық жұмысты орындау тапсырмасы студентпен және ғылыми жетекшісімен қол қойылады, кафедра отырысында бекітіледі. Бір данасы студентке беріліп, екіншісі кафедрада қалдырылады.

Тапсырмада келесі көрсетіледі:
курстық жұмыс тақырыбы;
тапсырманың қысқаша аннотациясы;
кафедраға тапсыру мерзімі.
Тапсырманың үлгісі А қосымшасында берілген..

2 Курстық жұмыс құрылымы
2. Дизартрия мен ринолалияны түзетудегі логопедиялық жұмыс пәнінен курстық жұмыс студенттің алғашқы жұмысы болғандықтан, одан ғылыми- зерттеу жұмысының элементтерін игеру талап етіледі. Тақырыбына тәуелсіз, жұмыс мазмұны келесідей болуы тиіс:
- бас беті;
- мазмұны;
- шартты белгілер тізбесі, символдар, қысқартылған сөздер
түсініктемесі (қажет болған жағдайда);
- кіріспе;
- әдеби шолуы бар негізгі бөлім;
- тәжірибелік бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланған әдебиеттер тізімі;
- қосымша (қажет болған жағдайда), көмекші материалдар: спектр
суреттері, хроматограммалар, графиктер, кестелер, қондырғылардың сызбанұсқасы.
Ескерту - бөлімдер, мазмұны, шартты белгілер, символдар, қысқартылған сөздер түсініктемесі; кіріспе; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіннің құрылымдық элементі болғандықтан нөмірленбейді.
Ал негізгі және тәжірибелік бөлімдер негізгі жұмыстың тараулары болғандықтан араб цифрларымен нөмірленеді.
2.2 Курстық жұмыс тапсырмасы (Қосымша А) бас беттен кейін қойылады, жұмысқа тігіледі, мазмұнында көрсетілмейді және нөмірленбейді.
3 Курстық жұмыс мазмұны
3.1.Кіріспе. Бұл бөлімде шешілетін мәселенің қазіргі күйіне баға, игерілетін тақырып үшін негіз бен бастапқы мәліметтер, жұмысты орындау қажеттілігінің негізделуі, тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы, жұмыс мақсаты мен міндеттері, қажетінше туындаған мәселенің тарихы қарастырылады.
Негізгі назарды зерттеудің өзектілігі аударады. Жұмыстың өзектілігі тақырыптың маңыздылығы мен нақты құбылысына тең деп есептеледі. Мысалы: Берілген жұмыстың (өз жұмыс тақырыбы жазылады) өзектілігі тәжірибе жүзінде берілген тақырыптың аз зерттелуінде. Немесе: (өз жұмыс тақырыбы жазылады) өзектілігі қазіргі заманғы Қазақстан жағдайындағы практикалық жаңа бағыттың жасауында негізделген Егер шешім әлі де табылмаған болса, яғни игерілетін сұраққа сәйкес жауап болмаса, онда ң мәселелігі сонда болып табылады.
Оның мәселелігі тез арада берілген жағдайдан шығу жолын іздестіру болып табылады.
Зерттеу мақсаты - тақырыппен байланысты зерттелген сұраққа жауап іздеу, яғни жұмыстың шығысында алынатын нәтижеге әкелуі тиіс.
Міндеттер - жоспарланған шаралар тізімі. Олар қойылған мақсат пен саналатын әрекеттердің тізімін береді. Және ол оған жетудің жолдарын қарастырады: талдау, табу, синтез, игеру, тәжірибе жүзінде пайдалану және тиімділікті бағалау. Бұндай міндеттер зерттелетін тақырып пен пәніне тәуелді бірнешеуден (тарау саны бойынша), кемінде үш және одан көп болады.
Кіріспедегі нысан жаңа және пәнді зерттеу міндетті болып табылады.
Нысан - бұл зерттелетін мәселенің пайда болуы және шешу жолдарының ізденісін айқындайтын процесс немесе құбылыс болып табылады.
Пән - нысанның шекарасында болады. Зерттеу пәні мен нысаны ғылыми процестің бөлек категориясы ретінде өзара жалпы және бөлек қаралады. Нысан зерттеуді қарастырса, ал пән зерттеу тақырыбына қояды. Зерттеуші назарын осыған аударады.
3.2 Негізгі бөлім. Бұл бөлімнің мақсаты процестің маңызы мен бағыты көрсетіледі. Ол әдеби шолудан (әдеби көздерін бағалау), зерттеу мақсатынан және нәтижелердің талқылануынан тұрады. Тақырып бойынша әдеби шолуда зерттеушінің арнайы әдебиеттермен негізді танысқаны жайында көрсетуі тиіс, әдебиет көздерін жүйелеп, сыни тұрғыдан қарастырып, маңыздысын бөліп, өзге зерттеушілермен жасалған еңбектерді бағалау және игерілетін тақырып аясында қазіргі күйінің маңыздысын анықтау. Әдеби шолудың материалдарын логикалық байланыспен және кезектестілікпен жүйелеу қажет.
Курстық жұмыс тақырыбы салыстырмалы түрде жіңішке болғандықтан, онда шолуды зерттеушілердің сол тақырып аясынан ауытқымай, тек негізгі сұрақтары бойынша саралануы тиіс. Бұндай шолуда жұмысқа тек жанама байланысты мазмұндау қажет емес. Дегенмен жұмысқа тікелей немесе жанама байланысы бар құнды басылымдар аталып, сыни тұрғыдан бағалануы тиіс. Жұмыстың басы тақырыпқа сай жоспар құрудан басталады. Бөлімдер кіріспеде аталған тақырыпқа, мақсаты мен міндеттеріне сай жазылады.
Әдістемелік ұсыныстарға сүйенсек, бірінші бөлім теориялық мазмұнды сипаттағанымен, тақырып атауын сөзбе сөз қайталамағаны дұрыс. Алайда тақырып пен негізгі бөлім атауларының мағыналас болғаны жөн.
Жалпы зерттеу жұмыстарындағыдай бөлімдер бөліктерге және бөліктер тақырыпшаларға бөлінеді. Бөліктердің болуы материалды мағына жағынан жүктемені азайтып, материалды құрылымдап, теорияны мағыналық шығынсыз нақты етуге көмектеседі.
Бөлім атауларын оқытушымен ұсынған тақырыпқа сәйкес әдебиет көздерінен алуға болады. Осы жерде этикалық сипаттағы оқулықтың тарауларымен аттас бөлім атауларын алған плагиат болып есептеле ме? - деген сұрақ туындайды. Жоқ, егер пайдаланылған әдебиет көзіне сілтеме жасалған жағадайда саналмайды. Кез келген курстық жұмыс оқу әдебиетіне және сол көздерден алынған оқытушының дәрісі мен конспектіге сүйене отырып жасалады.
Теорияны кітаптан жазуға болмайды, жазылған жағдайда ол плагиат болып саналады. Теорияны кітаптан талдап жазу қажет, яғни оқып өзіңнің түйініңді мазмұндау қажет. Алайда қайта мазмұндалған мәтінге де алынған көзге сілтеме жасағаны дұрыс.
3.3Тәжірибелік бөлім. Бұл бөлімде зерттеуге алынған бастапқы шикізат (зерттеу нысаны), пайдаланылған реактивтер, материалдар, катализаторлар және т.б. және олардың сипаттамалары, аталған элементтердің талдау және тәжірибе жүргізу әдістемелері, материалдық баланс құру, зерттеу нәтижелері және олардың тарау бойынша талқылануы. Тәжірибелік бөлімде кіріспеде көрсетілген мақсат пен міндеттердің шешімін нақты аша алатын әдістер мен тәсілдерге сүйенген жөн.
Әдістемені таңдағанда авторға қол жетімді және түсінікті болуы керек. Әдістемелік тапсырмаларды шешуде нақты білік пен дағды қалыптасады. Жұмысты толықтай ашу үшін кемінде үш әдістемені қарастырған дұрыс. Бір, екі әдістеме мәселені толығымен ашпайды, бұндай жағдайда ауытқу мен қателіктері болуы мүмкін. Ал үшеуден көп болса,, төрт әдістеме зерттеу көлемін ұлғайтып, қосымша зерттеу мен еңбек шығынына әкеледі. Бұндай жағдайда жұмыстың нақтылығы мен көлемі зардап шегеді. Сондықтан таңдағанда, үш әдістемені қарастыру қажет.
Курстық жұмыста, дипломдық жұмыстағыдай, әдістемені таңдауда келесілерді ескерген жөн:
- ғылыми әдебиеттердегі қол жетімді сипаттама;
- жұмыстың тақырыбына сай, ғылымның бір бөлігінің аясында
эксперттік талқылау; Мысалы: интернеттегі форумдар, ғылыми
дискуссиялар, практикалық конференциялар;
- студенттің өзіндік тәжірибесі ауқымды практикалық мағынаны
береді,
- тәсілдерді рационалдылық дәрежесіне байланысты, оң және теріс
аспектілерімен жүйелеу;
- пайдаланудың, есептеуформуласы мен шешу жолдарының және
жазып алудың жеңілдігі, сонымен қатар оптималды және рационалды
жауап алу.
3.4Қорытынды.Орындалған жұмыс нәтижелері жайында қысқа түйіндерден құралады. Онда бұл нәтижелерді пайдалану бойынша ұсыныстар, соның ішінде енгізулер, ғылыми, халық-шаруашылығына,әлеуметтік құндылығына баға беріледі. Егер кіріспеде мақсат пен міндеттері, нысан, пән, әдістемесі, мәселелігі жазылған болса, онда қорытындыда жұмыстың мақсатқа жеткені, міндеттерінің шешілгені жайында нәтижелер беріледі.
Содан кейін әр жұмыс бөлігі бойынша қорытынды түйін беріліп, автордың мәселеге байланыстылығы көрсетіледі. Қойылған міндеттерге жетудегі қиындықтар көрсетіледі. Соңында орындалған жұмыстың қажеттілігі жайында айтып, сол арқылы практикалық маңызын көтереді.

4 курстық жұмысты рәсімдеу ережесі
4.1Жалпы талаптары
Жұмыс мәтіні А4 форматы ақ бетінің бір жағында компьютерде теріледі. Мәтін Times New Roman шрифтімен, 14 өлшеммен, аралық интервал 1, Word редакторында жазылады. Жалпы беті 25 - 30 беттен аспауы тиіс. Мәтін мына ережемен жазылуы тиіс: сол жағы - 30 мм, оң жағы - 10 мм, жоғарысы - 20 мм, төменнен - 20 мм. Абзац аралықтары 10 мм болуы тиіс.
4.2 Нөмірленуі Жұмыс мәтінінің беттері араб цифрларымен реттілікпен нөмірленуі қажет. Беттердің нөмірі беттің төменгі жағының ортасында нүктесіз орналасуы тиіс. Бас бет жалпы нөмер санына кіреді. Бас бет шартты түрде бірінші болып бекітіледі, бірақ бет нөмірі салынбайды.
4.3 Мәтіннің құрылымы
Мәтінді бөлімдерге бөліп алуымыз керек. Бөлімдер бөлімшелерге бөлінеді. Бөлімшелер бөліктерге бөлінеді. Мәтінді бөлімшелер мен бөліктерге бөлгенде, әрқайсысында аяқталған ақпарат болуы керек. Бөлімдер, бөлімшелер және бөліктер араб цифрымен нүктесіз, абзацтан бастап жазылады.
Жалпы жұмыс бойынша бөлімдер реттік санмен номерленеді.
Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларын абзацтан бастап, бас әріппен нүктесіз, астын сызбай жазады. Егер атау екі сөйлемнен тұрса, онда оны нүктемен бөлуге болады.
Әдебиеттер көзіне сілтемелер әдебиеттер тізіміне сай ретпен келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттер көзіне сілтемелерді квадрат жақшаларда нүктеге дейін жазады (мысалы [5]).
4.4 Кестелер мен суреттердің қойылу реті
4.4.1 Сандық мәліметтер кестеде жазылады.
Кесте тақырыптық атауы болуы тиіс, ол жай әріптермен жазылады (бірінші бас әріптен басқасы).
Кесте атауы қысқа да, нұсқа, толықтай мазмұнын ашуы тиіс. Кесте сөзі кестенің жоғарысында сол жағынан абзацсыз жазылады және нөмірі кестеден кейін қойылады, мысалы Кесте 1. Кесте атауын Кесте 1 сөзінен кейін сызықшамен жазады.
Кестеде жазу өлшемін мәтіндегіден кішірейтіп жазуға рұқсат етіледі.
Кестенің бағандары мен жолдарының атаулары бас әріппен басталса, ал олардың бағандарының тақырыпшалары кіші әріппен жазылады, егер ол бір сөйлемнен тұрса және бас әріппен жазылады, егер оның мағынасы өзіндік мәнге ие болса. Кестенің тақырыптарының соңында нүкте қойылмайды.
Қосымша кестелерінен басқа кестелерді араб цифрларымен белгілейді яғни нөмірленеді.
4.4.2 Иллюстрациялар (графиктер, диаграммалар, суреттер, фотобейнелер) курстық жұмыста алдымен сол мәлімет туралы мағлұмат беретін мәтіннен кейін салынады. Барлық иллюстрацияларға курстық жұмыста сілтеме қойылады. Егер сурет келесі бетте көрсетілген болса, онда сілтемеде бет нөмерін көрсету қажет. Иллюстрацияларды қосымшалардан басқаларын араб цифрымен нөмірлейді.
Сурет 1 деген сөз және атауы жолдың ортасына және суреттің астына бір жол тастап жазылады. Иллюстрациялар қажетінше, түсінітеме жазбасы болады (сурет асты түсіндірме мәтіні). Бұндай жағдайда Сурет 1 және оның атауы түсініктеме мәліметтерден кейін жазылады. Сілтемені суретке сәйкес жазу қажет. Суреттер аспап құрылғысы туралы тек жалпы сипат беріп, оны жасаудың сызбасы болмауы, жай және көрнекті болуы қажет. Суретті үлкейтетін барлық жазуларды мәтіндік бөлікке жіберген жөн. Суреттегі қисықтар (сызықтар) немесе басқа элементтер санмен белгіленеді. Сурет астындағы жазулар қысқа және қажетті түсініктемелер мәтінде болуы шарт. Кестелер мен суреттерді жазу үлгісі Б қосымшасында берілген.

5 Курстық жұмысты қорғау және бағалау
Курстық жұмыс қойылған мақсат пен міндеттерге сай аяқталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары. Жорықтың мақсаты мен міндеттері тактикалық өңдеудің мазмұны мен әдістемесі
Маркетингiлiк жоспарлау
PR – стратегияны жоспарлаудың функциялары мен міндеттері
Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы
Ішкі істер органдарының жүйесіндегі штабтың рөлі
Ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін агротехникалық шараларды жоспарлау
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Ұйымды басқару функциялары
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау проблемалары
Пәндер