Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
ТҮСІНІКТЕМЕ АҚПАРАТ
Бүгінгі таңда қоғамымыздағы және білім беру жүйесінде болып жатқан
өзгерістер мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласына жаңаша қарауды
талап етіп отыр. Себебі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту болашақ жеке
тұлғаны дамытудың маңызды шарты ретінде қаралады. Сол себептен болашақ
мамандарға дамуында тіл кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдіс
– тәсілдерін үйреніп, сөйлеу кемістіктерін алдын – ала сақтандыра білуді
үйреткен жөн.

Курстың мақсаты:

• дефектология және логопедия негіздері білім берудің қазіргі заманғы
әдістемелеріне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл
кемістігін түзетудегі оқыту, тәрбиелеу процесін ғылыми – теориялық
тұрғыдан меңгерту;
• тіл мүкістігін түзету жолдары туралы білімін, дағдысын,
біліктілігін қалыптастыру;
• студенттерге сөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды, тәрбиелеуді және
қайта тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін үйрету;
• сөйлеу тілінің кемістіктерін алдын – ала сақтандыру шараларын
ғылыми негізде зерттеу жодарымен таныстыру, маңызын қарастыру;
Пәннің бағдарламасы баланы мектепке дайындау барысында олардың тіл
мүкістігін зерттеуге, оны түзетудің теориялық және әдістемелік
мәселелерінен білім беруге арналады. Курс дефектологияның салалары, оның
басқа ғылымдармен байланысы туралы теориялық мағлұматтарды қамтиды. Курс
мазмұнында дефектология ғылымының құрамына енетін логопедия саласы, жүйесі
талданып, баланың тіл мүкістігінің себебін анықтауды, оны болдырмаудың
жолдарын қарастырады. Дефектология, логопедия педагогикалық білім беруді
зерттеудегі жаңа жетістіктерді және әдеттегі білім беру ұйымдарындағы
оқытуға кедергі болатын, дамуындағы мүмкіндіктері шектелген балаларды
түзетіп, оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асыру мәселелері қойылады. Сонымен
қатар болашақ мамандардың бала тілінің кемістігі туралы ғылымның даму
көздері және қазіргі заманғы жай – күйі туралы тұтас және көлемді ұғым
қалыптастырылады, сондай – ақ, логопедия теориясы мен практикасының тарихын
және қазіргі жағдайын талдау негізінде олардың одан әрі даму және жетілу
бағыттарын болжауды үйретудің көзделеді.

Дефектология және логопедия негіздері курсының міндеттері:

• даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу
процесіне студенттердің оптимистік көзқарасын
қалыптастыру және оның нәтижелігіне көзін жеткізу;
қызығушылықты қалыптастыру;
• дидактикалық тәрбиелік міндеттерді шешу үшін жүйелі ойлау және

өзіндік дамудағы қажеттілігін, дербес
зерттеушілік белсенділігін дамыту;
• дефектология ғылымы бойынша білім деңгейін көтеру;
• студенттерді практикалық кәсіби біліктілікке дайындау;
• дефектология және логопедия ғылымы бойынша сөйлеу процесінің
анатомия, физиологиялық механизмі, тіл кемістігінің түрлері, оның
себептері туралы білімін жетілдіру;
• сөйлеу ырғағының бұзылу себептерін анықтап, оны түзетудің жолдарын
үйрету;
• тіл кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балалармен педагогикалық
жұмыс біліктілігін қалыптастыру;
• тіл кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу үрдісін
шығармашылықпен ұйымдастыра білуге тәрбиелеу;
Бұл міндет тәрбиеші – педагогтарға жүктеледі. Сондықтан мамандарды
дайындауда дефектология және логопедия негіздері пәнінің маңызы зор.

Студенттер білуге тиіс:
• нақты түзету – тәрбиелеу міндеттерін шешу процесінде теориялық
білімді қолдану;
• даму мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу
тәжірибесін бақылау, талдау және қорыту;
• оқу – тәрбие жұмыстарының әдістері мен нысандарын таңдаудың және
пайдаланудың жалпы және арнаулы дидактикалық принциптері жүзеге
асырудың тиімділігін айқындай білуі;

Студенттер меңгеретін дағдылар:

• даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жүргізу;
• тіл кемістігін анықтау, зерттеу;
• тіл кемістігін түзетуге арналған сабақ жоспарын жасау;
• тіл мүкістігі бар балалармен жүргізілетін жұмыс кезінде
қолданылатын әдіс – тәсілдерді меңгеру;
• отбасы және мектепке дейінгі мекемелермен байланысты ұйымдастыру;
Бағдарламаға сәйкес курстың барлық тараулары бойынша білімді игеру;
арнайы ( түзету ) білім беру ұйымдарының негізгі түрлерін, білім беру
ұйымдарының негізгі салаларын, білім беру процесінің ерекшелігін, мектеп
жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеудің принциптерін, мазмұнын,
нысандарын және әдістерін білу.

Дефектология және логопедия негіздері пәнінің
тақырыптық жоспары

№ Тақырыбы Дәріс СООЖ СӨЖ
1 Дефектология пәні, міндеттері, принциптері 2 2 2
және әдістері.
2 Логопедия ғылымы, мақсаты, міндеттері. 2 2 2
3 Логопедия ғылымында қолданылатын тәсілдер. 2 2 2
4 Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы. 2 2 2
5 Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың2 2 3
дамуы.
6 Сөйлеу процесінің анатомия – физиологиялық 2 2 2
механизмі.
7 Тіл кемістігі және оның себептері. Тіл 2 2 2
кемістіктерін топтастыру.
8 Дислалия және оның түрлері. 2 2 2
9 Фонемаларды түзету туралы жалпы мәлімет. 2 2 2
10 Дизартрияның түрлері. 4 4 4
11 Сөйлеу ырғағының бұзылуы: тұтығу. 2 2 2
12 Балалардағы тұтығуды жоюда отбасы мен 2 2 2
балабақшаның ролі.
13 Ринололияның түрлері. Дауыстың бұзылуы. 2 2 2
14 Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар (алалия). 2 2 2
15 Афазия. 4 4 4
16 Жалпы тіл кемістігі. 2 2 2
17 Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған 2 2 2
балалар бақшасындағы тәрбиешінің жұмыс
ерекшелігі.
18 Балалардың жазуы мен оқуының бұзылуы. 4 4 4
19 Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді анықтау 3 3 3
оны түзету жұмыстарының басты бағыттары.
Барлығы 45 45 45
Кредит саны – 3 (135 сағат)

Кіріспе
Лекция № 1

Дефектология пәні, міндеттері, принциптері және әдістері.

Лекцияның мақсаты: Дефектология және логопедия негіздері білім
берудегі қазіргі заманғы әдістемелеріне сүйене отырып, мектеп жасына
дейінгі балалардың тіл кемістігін түзетудегі оқыту, тәрбиелеу процесін
ғылыми – теориялық тұрғыдан меңгерту;

Лекцияның жоспары:
1. Дефектология ғылымына кіріспе
2. Дефектология ғылымының міндеттері, принциптері
3. Арнайы дидактика
Дефектология педагогика ғылымының саласы ретінде дефектология
(латынның Defectus – кемшілік және гректің LOGOS – сөз, ілім ) деген
сөздерінен құралған. Дефектология дамуында кемшілігі бар балаларды
зерттейтін ғылым.
Ғылыми танымның саласы ретінде дефектологияның зерттеу пәні болып
физикалық және психикалық кемісітігі балаларды тәрбиелеу мен оқыту болып
табылады.
Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді. Мысалы
сурдопедагогика – есту кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді
зерттейді. Тифлопедагогика – көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен
оқытуды зерттейді. Олигофренопедагогика ақыл – есі кем балаларды оқыту мен
тәрбиелеуді зерттесе, логопедия сөйлеу кемістігі бар балаларды оқыту мен
тәрбиелеу саласын қарастырады. Дефектология сондай – ақ дамуында бар
балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны да
қарастырады.
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі
әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Оның мақсаты осы балаларды өздерінің
мүмкіндіктеріне сәйкес өз бетінше белсенді пайдалы өмірге даярлау болып
табылады, сонымен қатар өмір мен еңбек жағдайларына икемдеуін қарастырады.
Ғылыми зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, ғалым –
дефектологтар дамуында кемістігі бар балалардың дамуының объективті
заңдылықтарын зерттейді, оларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесін негіздеп
жасайды. Осылайша соқыр балаларда кеңістікте бағдар ұстауында көмектесетін
естуі, сезім түйсігі, иіс сезу және жылулық сезімі өткірленеді.
Мылқау бала музыканы вибрациялық сезіну арқылы естіп, оны жасауға
дейін жете алады.
Баланың физикалық және психикалық бұзылу ерекшеліктері бүкіл процеске
және ақырғы нәтижесі оның танымдық қызметіне де әсер етеді. Сонымен қатар,
кемтар балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында олардың биологиялық
күрделі кемістіктері де ескеріледі.
Дефектология педагогикалық ғылым ретінде негізгі педагогикалық
категориялармен қатар жүреді. Кемтар балаларды жалпы оқыту мен тәрбиелеу
үшін құрдастары мен үлкендер тарапынан қарым – қатынас жасау жеке тұлғаның
дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Кемтар балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың
жалпы принциптері мен анықталады. Мысалы: белсенді қоғамдық пайдалы өмірге
даярлау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, бірақ ол кемістіктің құрылымы
мен дәрежесіне сәйкес лайықты көлемдегі әдіс – құралдармен жүзеге асады.
Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысына
тікелей әсер етеді. Кемтар баламен тәрбиелік жұмыс оның жеке тұлғалық және
жас ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі. Онда дербестігі, өзіне – өзі
қызмет ету дағдысын, еңбек және мәдени мінез – құлқын, ұжымда еңбек етіп,
өмір сүруін қалыптастыруға бағытталған.
Кемтар баланы тәрбиелеу мазмұнында көзқарастарымен белгілі қасиеттер
жүйесін қалыптастырумен қатар ақыл – ойы, еңбек, эстетикалық, құқықтық
тәрбиелік міндеттерді шешу кіреді. Балаларда оптимизммен сенімділікті
тәрбиелеу, қиыншылықтарды жеңе білу бейімділігін қалыптастыру, жақсы
қасиеттерді үйретуге, өз қылықтарына сын көзбен қарай білуге дамыту маңызды
болып табылады.
Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу – бұл білімді, шеберлікті,
икемділікті, іс - әрекет дағдыларын беру мен игерудің мақсаты бағыттағы
процесі, өмір мен еңбекке даярлаудың негізгі құралы. Оқыту барысында білім
беру мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Дефектология арнайы
дидактика мәселелерімен айналысады.
Кемтар балаларға арналған оқыту әдістері мен жүйелерін сараптау
кезінде сондай – ақ баланың жасы, ақаулығы пайда болу уақыты есепке
алынады. Кемтар баланың дамуының дәрежесі қалыпты балаға қарағанда оқытуға
көп байланысты. Сондықтан оқыту қалыс қалған немесе уақытында басталмаса
кемтар балалардың дамуында түзетілмес зиян әкеледі, олардың психикалық
қызметінің қалыптасуы тежеледі. Сонымен қатар дені сау құрдастарынан артта
қалуы тереңдей түседі. Сондықтан тәрбиелеу мен оқыту уақытында басталуы
тиіс.

Арнайы дидактика.
Арнайы дидактиканың басты мәселесі еңбекпен оқыту мен тәрбиелеу
мәселесі болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек үлкен мәнге ие болады,
мұнда тек қана оқушыларды өмір мен лайықты мамандыққа даярлап қана қоймай,
ақыл – ойы және физикалық дамудың әлсіз ақауларын қалпына келтіруге
әдістейді. Еңбек икемділігі мен дағдыларына меңгере отырып, балалар жан –
жақты даму мүмкіндіктерін алады.
Коррекция – (латын тіліндегі Correctio – дефектологиядағы түзету)
балалардың психофизикалық дамуындағы кемістіктерді әлсіретуге бағытталған
педагогикалық шаралар жүйесі. Коррекция жеке ақауларды түзету (мәселен,
сөйлеу мәнері немесе көзді түзету), сондай – ақ кемтар баланың жеке
тұлғасында оны оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесінде оң нәтижеге жетуге
арналған тұтас ықпал ету.

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):
1. Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы дамуында кемістігі бар
балалармен жүргізілетін оқыту мен тәрбие жұмыстары жөнінде
талқылау.
2. Дефектология және логопедия пәнінің қандай пән екендігін талдау.
3. Дефектология және логопедия пәні бойынша болашақ мамандардың
нені үйренетіні жайында әңгімелесу.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):
1. Тіл кемістігін түзетуге арналған газет – журналдарда жарық көрген
мақалалармен танысу.
2. Тіл мүкістігі бар балалармен жүргізілетін жұмыс кезінде қолданылатын
әдіс – тәсілдерді меңгеру.

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Белоус А.И. Исследование соотношения приемов логического запоминания у
детей дошкольного возраста Воспитание, обучение и психическое
развитие. – М., 1983
2. Рихтермая Г.Л: Формирование представлений о времени у детей
дошкольного возраста. – М., 1978.

Лекция № 2

Логопедия ғылымы, мақсаты, міндеттері.

Лекцияның мақсаты: Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің
өздігінен белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке
басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтауға
үйрету.

Лекцияның жоспары:
1. Логопедияны оқыту әдіетемесінің мақсаты мен
міндеттері.
2. Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты
қолданылатын түзету әдістері мен амалдары.

Лекцияның барысы:

Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу
себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі
жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Логопедия - логос (сөз және пайдео) тәрбиелеймін, үйретемін деген грек
сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың бір саласы
болып есептелінеді. Логопедияның зерттеу обьектісі - сөйлеу тілінің
бұзылуынан зардап шеккен адам.
Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және
жеткіншектер, мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.

Логопедияның мақсаты мен міндеттері.

Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған баланы оқытуды,
тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен қатар сөйлеу тілінің
кемістіктерінен алдын – ала сактандыру жолдарын ғылыми негізде жете
зерттеу болып табылады.
Логопедия ғылымының анықтамасына сүйене отырып, мынадай міндеттерді
белгілеуге болады:
1. Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің
дамуын зерттеу.
2. Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симтоматикалық
белгілерін анықтау.
3. Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі
бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке
басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын
анықтау.
4. Әртүрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу
ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу.
5. Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын,
механизмдерін анықтау.
6. Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын
педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту.
7. Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу.
8 . Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын түзету
әдістері мен амалдарын жетілдеру.
9. Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және
түзету тәсілдерін анықтау.
10. Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын – ала сақтандыру тәсілдерін толық
жетілдіру.
11. Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жете зерттеу.

Көрсетілген міндеттерден логопедияның теориялық және практикалық
бағыттылығы анықталады. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі міндетті
атқарады.
Біріншісі адам мен адамды - өзара қатыстыру, байланыстыру құралы
ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір – біріне жеткізіп
түсіну үшін қолданылады.
Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның
әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен қатар
психикалық дамуына әсерін тигізу мүмкін. Күрделі тіл мүкістері немесе
тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне
себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына әсер етіп, қиындық туғызады.
Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен
бірге біз оның ойын да дамытамыз. Адамның ойлауы тек тіл аркылы ғана туып
және де сол арқылы қолданылады. Олай болса баланың дұрыс сөйлеуі ойының
дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Сөз қорының аздығы, тілдің толық жетілмеуі
ақыл – ойдың дамуын төмендететін нышаны болады.
Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда
кездеседі. Егер осы кемістіктер дәл уақытында жойылмаса олар барған сайын
ұлғайып нығаяды да, баланың дұрыс жетілуіне кесірін тигізеді.

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):

1. Логопедия ғылымының міндеттерін талдау.
2. Тіл мүкістігі бар, балалармен жүргізілетін жұмыс кезінде қолданылатын
әдіс - тәсілдер жайында пікір алмасу.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

1. Тіл кемістігін түзетуге арналған сабақ жоспарын жасау;
2. Тәрбиешінің шығармашылықпен жұмыс істеуіне қандай жағдай керектігі
туралы пікір сайысқа дайындалу.

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Усова А.П. Обучение в детском саду.- М., 1981
2. Астапов В.М. Введение в дефектологию с основами нейро – и
патопсихологии М., 1991
3. Блюмина М.Г. Распрастраненность, этиология и некоторые особенности
клинических проявлений сложных дефектов. Дефектология, 1989, №3

Лекция №3

Логопедия ғылымында қолданылатын тәсілдер

Лекцияның мақсаты: Болашақ мамандарға балалардың тіл мүкістерін жоюда
қолданылатын тәсілдерді ұғындыру.

Лекцияның жоспары:
1. Балалардың тіл кемістігін түзетуде қолданылатын тәсілдер.
2. Сөйлеу ырғағының бұзылу себептері, оны түзетудің жолдары.

Лекцияның барысы:

Логопедияда тіл кемістіктерін жою үшін әртүрлі тәсілдер колданылады.
Оларды бірнеше топқа шартты түрде бөлуге болады. Олар бақылау тәсілі,
әңгімелесу тәсілі, тәжірибе жасау тәсілі т.б.
Бақылау тәсілі – бұл кең тараған педагогикалық тәсіл. Бұл тәсілді
педагогикада да, психологияда да кеңінен қолданады сонымен қатар,
логопедияда пайдаланады. Бұл тәсілді пайдаланғанда белгілі бір талапты
сақтау кажет. Бақылаудың кандай түрі болмасын мақсатқа сәйкес болуы керек.
Әрдайым сөйлегенде ғана бақылай бермей, ол үшін алдын – ала мақсатын
қою керек. Мысалы: бір кезде баланың сөздік қоры немесе
грамматикалық құрылысын қадағаласақ, бір жағдайда дауысты және
дауыссыз дыбыстардың айтылуын тексереміз. Бұл тәсіл мектепке
дейінгі балалардың сөздік қорын зерттеуде кеңінен қолданылады. Бұл
тәсілге қойылатын ең маңызды талаптың бірі бақылаудын
жүйелілігі мен жоспарлылығында. Баланың тілін анықтау үшін
ұзақ бақылауды талап ететін жағдай жиі кездеседі. Ол үшін жоспарды алдын –
ала дайындау қажет.
Әңгімелесу тәсілі - екінші маңызды тәсіл. Ол тіл кемістіктерін
әңгімелесудің көмегін анықтайтын тәсіл. Әңгімелесу арқылы баланың
дыбыстардың қайсысын дұрыс кайсысын бұрмалап немесе тастап
кетіп, бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып сөйлейтінін
анықтаймыз.
Тәжірибе жасау тәсілі - бұл тіл кемістіктерін зерттейтін тәсілдердің
үшінші түрі. Бұл тәсілдің басқалардан айырмашылығы және артықшылығы сол,
ол оның мұқияттылығымен және қатаң жүйелілігімен өкшеленіп, бізге
керекті нәтижені тезірек алуымызға мүмкіндік береді.
Тәжірибе жасау тәсілі екі топқа бөлінеді:
А) табиғи тәжірибе;
Ә) лабораториялық тәжірибе.
Табиғи тәжірибе баланы әдеттегінше ойнату, оқыту немесе еңбек еткізу
жүргізіледі. Ол үшін арнаулы керекті кұралдар арқылы дыбыстардың айтылуын
тексереді.
Лабораториялық тәжірибе тіл кемістіктерін тереңірек және көбірек
анықтап зерттеу мақсатында қолданылады. Ол үшін әртүрлі аппараттар
пайдалануы мүмкін. Мысалы: тұтықпа баланың сөзін жазу үшін таспа, есту
кабілетіне арнайы аудиометр.
Логопедияның тәжірибесінде дәрігер мамандардың қызметін пайдаланумен
кейбір медициналық тәсілдер де қолданылады. Мысалы:
А) Операция жасау: Кейде баланың тіл кемістігі артикуляция аппаратының
органикалық қатты бұзылуынан пайда болады. Таңдай мен еріннің, тістің
көмегімей айтылатын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс шықпауы, сонымен
дауыстың мұрын арқылы шығып мылқаулануы осындай кемшіліктің айғағы. Мұндай
жағдайда таңдай мен еріннің тілінген жерін операция жасап тіккеннен кейін
дыбыстардың жақсы, әрі анық естілуіне орай арнайы логопедиялық жұмыс
жүргізіледі.
В) ІІротездеу: Кей жағдайда таңдайдың жарығын операцияға дейін уақытша
жасанды таңдаймен жауып қояды.
Есту мүмкіндігі төмендеген жағдайда да сөйлеу тілі жиі бұзылады. Соның
салдарынан жақсы естімейтін бала басқа кісінің сөзін ұқпайды, сонымен
бірге өзінің сөйлеген сөзін де жеткілікті түрде бақылай алмайды. Бұндай
жағдайда есту аппаратының немесе есту протезінің көмегін пайдаланады.

В) Жақ сүйегін түзету және реттеу. Жақ сүйектер мен тістердің
құрылысының түзелуінің дұрыс болмауы салдарынан тіл мен тістің көмегімен
айтылатын дыбыстардың сөйлеу сиқы бұзылады. Бұндай жағдайда дәрігер мен жақ
сүйектерін реттеп түзеткенде ауыртпайды сонымен қатар жақсы нәтижеге
жетеді.
Г) Дәрі - дәрмекпен емдеу: дәрі-дәрмекпен емдеу логопедияда
қолданылатын медициналық тәсілдің ең қажетті бір түрі. Егер бала жиі
сырқаттанудың әсерінен асқа тәбеті шаппайтын болып, тағы да басқа жағдаймен
реңі нашарлап кетсе, онда денсаулығын нығайту үшін дәрігер –терапевт
қажетті режим мен дәрі - дәрмек қабылдауды ұсынады.
Д) Физиотерапиялық, психотерапиялық емдеу.
Физиотерапия ағзаны жалпы нығайту үшін жәрдем береді. Ол сумен,
жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.
Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе ықпалынан
пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін адамның психикасына сөзбен әсер
ету деп түсінеміз. Мысылы: тұтықпасы бар адамның қорқып сөйлемеуі,
күманданғыштығы, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтарды түзету.
Психотерапиялық жұмыстың міндеті түсіндіру, көндіру, әңгімемен ұйыту
арқылы жағымсыз мінездерді өзгерту болып табылады. Кейде психотерапияның
бір түрі гипноз да қолданады. Бұл тәсілді тек қана дәрігер мамандар
пайдаланады. Ол тек жоғарғы сыньштағы балалардың және ересек адамдардың
ғана тұтықпаларын жою үшін басқа тәсілдермен қатар қолданылады.
Логопедия педагогика, медицина, лингвистикамен тығыз байланысты.

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):

1. Ресейдегі тіл мүкістігі бар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған
оқулықтарды талдай отырып, біздің оқулықтармен айырмашылығын анықтау.
2. Педагогикалық газет – журналдардағы мектеп жасына дейінгі балалардың
тіл кемістігін түзетуге арналған мақалаларды талдау.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ)
1. Сөйлеу ырғағының бұзылу себептерін анықтап, оны түзетудің жолдарын
қарастыру.
2. Мектеп жасына дейінгі бапалардың тіл кемістігі жайында зерттеулер
жүргізген авторлар жайында мәліметтер дайындау.

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Каффеманас Р.Б. сравнительное исследование осязания у аномальных детей
разных категорий.. дефектология, 1991, № 5
2. Кулагин Ю.А., Лубовский В.И., Петрова В.Г. Изучение психического
развития аномальных детей. Дефектология, 1988, №6.

Лекция №4

Логопедия ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.

Лекцияның мақсаты:

Болашақ мамандарға логопедия ғылымының басқа
ғылымдармен байланысы туралы теориялық мағлұмат беру.

Лекцияның жоспары:

1. Логопедия педагогика, жалпы және арнайы педагогика,
медицина, лигвистикамен тығыз байланыстылығы.

Лекцияның барысы:

Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен және сауықтандырумен
ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерінің симтоматикасын,
себептерін және механизмін білу қажет. Логопедия педагогика, жалпы және
арнайы педагогика, медицина, лигвистикамен тығыз байланысты.
Медицина ғылымының ішінде логопедиямен тығыз байланыстысы:
патофизиология, патология, олигофрения клиникасы, психопатология,
педиатрия. Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге,
баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуында зерттейді.
Логопедия лингвистика ғылымымен және психолингвистикамен тығыз
байланысты. Бала тілінің жүйелі түрде даму заңдылықтарын білу логопедиялық
қорытындыны дұрыс анықтауға және оған сәйкес дәйекті логопедиялық ықпал
жасау үшін кажет.
Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз
байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және әртүрлі
жастағы баланы психолого – педагогикалық тәсілдермен тексеруді пайдалана
білу қажет. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тұлғадағы тіл
кемістіктерін ой - өрісінің жеткіліксіздігінен немесе көңіл-күйі және
мінез-құлқының бұзылуына байланысты кездесетін тіл кемістіктерінен
ажыратуға болады.
Логопедияда жалпы педагогиканың бірқатар принциптері мен тәсілдері
кеңінен пайдаланылады. Логопед сабақ өткізудің алдында баланың жасын, оның
психологиялық ерекшелігін еске алу қажет. Логопедия жұмысының нәтижелі
болуы тәрбиешінің немесе логопедтің балаға дұрыс ықпал жасауына көп
байланысты. Ол тек оның ынталылығының ықыласының, ойлауының, қимылының,
сөйлеу тілінің ерекшеліктерін ескеріп әрдайым дербес қараған жағдайда ғана
жүзеге асады.
Логопедия сабағының нақты жүйелілігі,
жоспарлылығы сақталуы тиіс. Логопедия оқуы процесінде қолданылатын тәсілдер
баланың жасына қарай пайдаланылады.

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СОӨЖ):
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістігінің
ерекшеліктерін талдау.
2. Логопедия ғылымында қолданылатын психологиялық, педагогикалық
әдістерді анықтау.

Студенттердің өздігінен орындайтын ұүмысы (СӨЖ):
1. Оториноларингология, невропатология, олигофренияғылымдары
жайында мағлұматтар жинау.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларға жас ерекшеліктеріне байланысты
психологиялық талдау жасау.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Ж.И., Намазбаева Сарсенбаева Л.О.Специальная психология. Алматы,
1995
2. Ж.И., Намазбаева Сарсенбаева Особенности психофизического развития детей
с особыми потребностями. Алматы, 1999

Лекция 5

Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және оның дамуы.

Лекцияның мақсаты:
Диалогиялық монологиялық сөйлеу, жазбаша тіл, сөйлеу тілінің ішкі
тұлғалары жайында теориялық білім беру.
Лекцияның жоспары:
1. Диалогты және монологты сөйлеу.
2 Жазбаша тіл.Сөйлеу тілі дамуы.

Лекцияның барысы:
Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері дыбыстар, сөздіктер және
грамматикалық құрылысы болады. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогиялық әне
монологиялық деген екі тұлғасы кіреді.
Диалогиялық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше адамдардың тікелей
қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын
сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.
Монологиялық сөйлеу тілінің ерекшелігі жүйелілікпен дәлелдеп сөйлеу,
сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіре топтастыру болады. Кемістігі
бар тілде диалогиялыққа қарағанда монолоиялық сөйлеу тілі көбірек
бұзылады.
Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың
бейнеленуі негізінде графикалық безендірілуі. Толық дамымаған сөйлеу
тілінде дағдыдағыдай әртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кездеседі.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі қарқынды дамиды. Бала екі
жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинақтайды, дыбыстарды
айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың
бесенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Жасының бірінші жылының соңында шамамен
300 сөзге дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді,5 – 6 жасқа келгенде
шамамен 3000 сөзді меңгереді. Бала ең алдымен дұрыс айтуға жеңіл дыбыстарды
–дауысты және ерінді,дауыссыз п, б, м, я, в, т дыбысты меңгереді. Ауыр
жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбысарды, сонымен бірге р, л
дыбыстарын айту қиынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта алмайды.
Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады. Мектепке барар алдында баланың
тілінде мүкістік болмау керек, себебі ондай мүкістіктер баланың сауатын
ашуға кедергісін тигізеді.
Сөйлеу тілінің бай тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында
тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс
құрастырады және өз ойын білгірлікпен жеткізеді.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол
үшін баланың жалпы сөйлеу тіліндегі кемшіліктер, әртүрлі сырқаттардың
асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, сөйлеу
тілінің бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ салмауын
қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және логопедтің тіл
кемістігінен алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да маңызы бар.
Бұнда мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектептегі педагогтардың ролі
үлкен.

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы(СОӨЖ):
1.Сөйлеу тілі дамуының түрлерін талдау.
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың енжар және белсенді сөздіктерін
талқылау.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы(СӨЖ):
1.Жазбаша тіл, үнсіз тіл, ішкі сөйлеу тіліне анықтама беру.
2.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды сауатты талдай білу.
3.Ерінді – тіс аралық, ысқырық дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуде
қолданылтын тәсілдерді үйреніп келу.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Зайцева Г.Л. Современные научные подходы к образованию детей с
недостатками слуха: основные идеи и перспективы Дефектология, 5с.52-70.
2.Ж.И. Намазбаева Л.О. сәрсенбаева Особенности психофизического развития
детей с особыми потребностями. Алматы, 1999.
3. Блюмина М.Г. Распространенность, этиология и некоторые особенности
клинических проявлений сложных дефектов Дефектология 2000 №3.

Лекция №6

Сөйлеу процесінің анатомия – физиологиялық механизмі.

Лекцияның мақсаты:
Болашақ мамандарға сөйлеу процесіндегі анатомиялық және физиологиялық
механизмін ұғындырып, сөйлеу және есту процесіне қатысты ми қыртыстары
жайында мағлұмат беру.

Лекцияның жоспары:
1. Орталық сөйлеу аппараты.
2. Шеткі сөйлеу аппараты.
3. Вернике, Брок орталығы.
4. Сөйлеу аппаратының артикуляциялық бөлімі.

Лекцияның барысы:
Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық
қабілет және ол шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу
аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы
іске асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде
орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес
қабілетті жүйе болып саналады.
Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан
(сол жақ мидың), ми қыртысы астындағы ядролардан ми өзегі ядроларының,
соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс және ауыз
сөйлеу процесіне қатысы бар еттер мен сіңірлердің нервтерінен тұрады.
Адам сөйлеу үшін мидің әртүрлі бөлігі қатысады дегенмен де ми
қыртысының кейбір боліктері басты рол атқарады. Олар:ми қыртысының шеке,
самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми
қыртысының шеке бөлігінде орналасқан (төменгі қыртысында) Брок орталығы,
адамның дауыс шығару процестері осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми
қыртыстарының самай бөлігінде Вернике орталығына басқа адамның сөйлеген
сөзін естіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан. Осыған
байланысты адам басқа дамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.
Ми қытысының төбе бөлігі де естіге сөзді түсініп, адамның жазу жазып
және жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқн көру орталығы арқылы көзбен
көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар балаларда ересек
адамдардың сөйлеген кездегі оның бет аузының қимылын көзбен көріп бақылау
арқылы сөйлеу қабілеті арта түседі. Ми қыртысы асындағы ядролар адамның
сөйлеген кездегі анық та, байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпалын тигізеді.
Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:
1. Демалу бөлігі;
2. Дыбыс бөлігі;
3. Дыбысты құбылтып - өзгерту бөлігі.
Демалу бөлігінде адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді.
Себебі адамның сөйлеу процесі демалып, дем шығару процесімен тікелей
байланысты. Адам әдетте дем шығару арқылы сөйлейді, әшейін кездегі
демалумен салыстырғанда адамның сөйеген кездегі демалуы өзгеше болады.
Ересек аамдар бір минутта орта есеппен 16 – 18 ре демалып,дем шығарса
,сөйлеген кезде бар жоғы 8 – 10 рет дем алып, дем шығарады екен.
- сөйлеген кезде өкпеге ауаны жай кездегімен салыстырғанда 4 рет көп
жұтады;
- ауыз арқылы дем алу ;
- сөйлеген кездегі малу процесіне диафрагма да қатысады.
Адамның сөйлеу қабілеті бқұзылып:дизартрияға,ринолалияға және тұтықпаа
шалдыққанда ,оның дем алып ,дем шығару процесі де бұзылады.
Дауыс бөлімі дауыс қыртыстары бар көмекейден тұрады.
Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және
жұмсақ еті бар сақиналардан құраған кең де қысқа түтікше,көмекей мойынның
алдыңғы жағында орналасқан. Үстіңгі жағында жұтқыншаққа, ал төменгі жағында
өкпенің тыныс жолдаында жалғасып жатады.
Көмекеймен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып
тұратын қалқанша орналасқан, соның арқасында жұтқан тамақпен сілекей
көмекей қуысына түспейді. Көмекей ішідегі кілегей қабығының қыртыстары шын
дауыс сіңірінен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сіңірінен тұрады.
Адамның даусы (фоноция)қалай шығады?
Дауыс шыққан кезінде дауыс сіңірлері бір – біріне қабысып жақын
тұрады. Дем шығарғанда ауа сол дауыс сіңірлерінің арасынан қысылып өтіп,
олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырылуы арқылы дауыс сіңірлері
дірілдеп, көмекей қуысындағы ауаны да әр түрлі дірілге түсіріп ,қозғап,
соған байланысты әртүрлі дыбыс шығарады. Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс
сіңірлерінің бір болігі ғана қозғалысқа түседі. Адамның дауысы күшіне,
жіңішке – жуандығына және тембріне қарай бөлінеді. Дауыстың жіңіке –
жуандығы сіңірлерінің ұзыдығына, жуандығыа және керілу дәрежесіне тікелей
байланысты. Ал ауыстың тембірі көмекейдің формасының, көлеміне және
құрылысына байланысты.
Сөйлеу аппаратының артикуляцияық бөлімі.
Артикуляция дегеніміз әрбір дыбыс шығарудағы сөйлеу органдарының
орналасу қалпы.
Артикуляция аппаратының ұрамына мұрын және ауыз қуыстары және
көмекей кіреді.
Артикуляция оргадары белсенді органдар және енжар органдар болып екіге
бөлінеді. Белсенді ағзаларға тіл,төменгі жақ сүйектер, ері және жұмсақ
таңдай жатады. Енжар органдарға тіс, таңдай сүйектері, жоғарғы жақ
сүйектері жатады.
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы(СООЖ):
1. Орталық сөйлеу аппаратының орналасу қалпына және Брок, Вернике
орталықтарына талдау жасау.
2. Шеткі сөйлеу апппаратының атқаратын қызметіне тоқталып, көмекей фоноция
яғни адам дауысының шығу түрлеріне тоқталу.

Студенттердің өздігімен орындайтын жұмысы(СӨЖ):
1. Артикуляция дегеніміз не? Шеткі сөйлеу аппаратына қандай бөліктер кіреді
және оның атқаратын қызметі қандай деген сұрақтарға жауап беру.
2. Әрбір дыбыс шығарардағы сөйлеу органдарының орналасу қалпын, белсенді
және енжар ргандарды айыра білу.
3. Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктерін атаңдар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Лебединская К.С, Никольская О.С Дефектологичские проблемы раннего
детского аутизма.Дефектология ,1988,№2.
2. Лубовский В.И Некоторые актуальные проблемы советской дефектологии .
Дефектология ,1987,№5,7

Лекция 7

Тіл кемістігі және оның себептері.
Тіл кемістіктерін топтастыру.

Лекциянын мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балаладың сөйлеу тілінің бұзылуы себептерін
анықтап,оны болдырмау жолдарын үйрету. Жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл
кемістіктерін топтастыра білу.

Лекцияның жоспары:

1.Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы;
2.Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері.
3.Органикалық тіл кемістіктер
4.Функциональды тіл кемістігі.

Лекцияның барысы:
Тіл кемістігі деп - сөйлеу қабілетінің психафизиологиялық механиімің
бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден
ауытқуын айтамыз.
Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады:
1. Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді;
2. Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;
3. Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап
етеді.
4. Баланың одан әрі дамуына кері әсерін жиі тигізеді.
5. Тіл білмейтін – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.
6.Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизімінің ақаулықтарымен байлаысты.
Бұл ерекшеліктер тіл кемістіктерінің айырмашылығын көрсетеді.
Баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептері:
1. Сөйлеу тілінің ең ауыркемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4
айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің
дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі таксикоз, вирусты және
басқада аурулар әсер етуі мүмкін;
2. Босану кезіндгі жарақаттану және босану кезіндегі балаға ауа жетпеуі;
3. Бала өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4. Бала сүйегінің жарақаттануы;
5. Тұқым қуалаушылық факторлар;
6. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайлардың қолайсыздығы.
Осы атап өтілген себептер ерекшеліктеріне қарай табиғи және
функциональды болып екіге бөлінеді.
Тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуына алалия, афазия сонымен
қатар тіл мүкістіктерінің кейбір түрлері жатады.
Дислалия – есту қабілеті мен сөйлеу мүшелері дұрыс сақталғанда
кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі,
тілдыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.
Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық – функционалдық
кемістіктерінің салдарынан дауыс әуенінің бұзылуы. Синонимдері: мұрыннан
сөйлеуі.
Дизартрия – жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық
қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетнің бұзылуы. Дизартрияның
ауыр түрі анартрия деп аталады. Ондай жағдайда адам дыбыс шығару
мүмкіншілігінен айрылады
Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан
сөйлеу ырғағының және сөйлеу жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық
және функционалдық болып екіге бөлінеді.
Брацилалия – сөйлеу тілінің қалыптан тыс баяулауы. Шапшаң сөйлеген
кезде өздігіне кідіріп, мүдіріп,тоқтап қалу полтрн деген терминмен
белгіленеді.

Дисфония – дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеруінен дыбыс
шығару қабілетінің бұзылуы немесе мүлдем айта алмауы. Синонимдері: дауыстың
бұзылуы, дауыстың шаршағыштығы, қырылдап, сырылдап бәсең шығуы.
Алалия – бас ми қабығындағы тіл аймақтарының жастайынан зақымдануының
әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.
Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Мидың
жарақаттануы, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырылады.
Жазбаша тілдің бұзылуы.
Жазбаша тілдің бұзылуы екі топқа бөлінеді:
1. Дислексия – оқу процесінің жартылай бұзылуы.
2. Дисграфия –жазу процесінің жартылай бұзылуы.
Оқу процесі қалыптаспаған жағдайда аграфия деп атайды.
Сөйлеу тілі кемшіліктерінің ең басты белгісін анықтау және оның
біріңғай педагогикалық амалды жүзеге асырудағы маңызын жете зерттеу
негізіне осы топтастыруды Р.Е.Левина ұсынған. Осы топтастырудағы сөйлеу
тілінің бұзылуын екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ – қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және
фонетика – фонематикалық дамымауы мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы жатады.
Сөйлеу тілінің фонетика – фонематикалық дамымауы тіл дыбыстарын айту және
қабылдау ақаулықтарының салдарынан әртүрлі тіл кемістіктері бар балалардың
ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.
Екінші топ – қатынас құралының қолдану кезіндегі бұзылуы. Ондай
бұзылуға тұтықпа жатады. Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауы тұтықпа мен
тіркесіп аралас қосылған кемістікте болуы мүмкін.

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):
1. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, ринолалия, дизартрия,
брацилалия, алалия, афазия ауруларына талдау жасай отырып, олардың бір –
бірінен айырмашылығын анықтау.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):
1. Балалардың дисграфия мен дислексияға шалдығуының себептері туралы
конспекті жасау;
2. Баланың дисграфиясы мен дислексиясын қалай анықтауға болады.
Дисграфиялық және дислексиялық қателердің түрлері туралы
айтуға дайындалу.

Қолданылатын әдебиеттер:
Петрова В.Г. Развитие речи учащихся вспомогательной школы. М., 1996

Лекция № 8
Дислалия

Лекцияның мақсаты:

Болашақ мамандарға дислалия ауруы жайында мағлұмат беру. Дислалия
ауруының пайда болу себебімен, оның түрлерін таныстыру. Өзге аурулармен
айырмашылығын айыра білуге үйрету. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен
фонематикалық түйсіктің арасындағы байланысты түсіндіру.

Лекцияның жоспары:

1. Механикалық (органикалық) дислалия, оның себептері.
2. Функционалдық дислалия, оның себептері.

Лекцияның барысы:

Дислалия гректің Dis – бұзылу, Logos – сөйлеу деген сөздерінен
құралған.
Дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу аппаратының
иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының
бұзылуы.
Этиологиялық себептері бойынша дислалия механикалық (органикалық) және
функционалдық дислалия болып екіге бөлінеді.
Механикалық (органикалық) дислалия, оның себептері.
Механикалық (органикалық) дислалия дегеніміз сөйлеу тілі
аппаратының сыртқы органикалық және оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы
ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы.
Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі
кездесетін себептеріне жатады.
Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте
қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан
басқа, тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла
алмауынан да дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады.
Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістердің
ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістер мен қабысқанда дәлме
– дәл тістер қиылысып, тістескенде тістену дұрыс болмай шығады. Тістенудің
ауытқуларының бірнеше түрлері болады.
Кемиек (прогнатия) – үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады.
Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен тістенбейді.
Опырауыз (прогения) – астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді
де, қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей
қалу тек тістердің арасында болады. Азу тістердің тістенбеуі сол жақтың
және оң жақтың қабыспауынан болады.
Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан
сақаулық пайда болады. Мысалы, тістердің арасының алшақтығынан және
ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы
бұзылады.
Стомотолог – дәрігерлер арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ
сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5 – 6 жастағы балаларға қойылған
шинаның әсері өте күшті болады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай
құрылысы да зиян тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс
таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі
келтіреді.
Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің солпиып тұруы немесе қысқа әрі
қимылдайтын үстіңгі ерін, еріндік дыбыстардың айтылуына кедергі келтіреді.
Функционалдық дислалия, оның себептері.
Функционалдық дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында
ешқандай кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы.
Басқа тілмен айтқанда ешқандай органикалық негіз жоқ.
Функционалды дислалияның кең тарауының бір себебі баланың сөйлеу
тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден болып табылады. Қорытындысы көп уақытқа
дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы
кешеуілдеп қалады.
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша сөйлеу
тілі дұрыс қалыптасқан балаға сөйлеу тілінде ақаулығы бар баламен әрдайым
қарым – қатынас жасаудың да зияны бар. Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу
тіліндегі дыбыстардың бұрмалауына жиі еліктейді. Балаға түсініксіз, тілі
мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың арасында көп болудың өзі зиян.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр
тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу
ерекшелігіне жиі ауысып отырады.
Балалардың дыбыс айту кемшіліктері өнегесіз тәрбиенің себебінен де
жиі пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына жанында
жүретін ересек адамдар мүлдем көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың
қателігін түзетпейді. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс
жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де
болуы мүмкін. Айтылуы бір – біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың
қиналатындығы байқалады. Мысалы, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды және
ысқырық дыбыстарды айтқан кезде.
Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің,
еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауынан пайда болуы мүмкін.
Соның салдарынан бала тілін қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды
немесе қажетті қимылдарды тез арада орнын алмастыра алмайды.
Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін.
Керең балалардың 10 % - на дейінгілердің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың
айтылуы бұзылған. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатаң дауыссыз
дыбыстарды айтқан кезде байқалады.
Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл – ойының
жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін. Іштен туа біткен ақыл – ойы кеміс
балалардың 55 % - нан көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта
алмайтындығы белгілі.

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):
1. Механикалық дислалияға сипаттама беру, талқылау.
2. Функционалдық дислалияның шығу себептеріне талдау жасау.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):
1. Дислалияға шалдыққан балаларды емдеуге арналған әдіс –
тәсілдерді анықтап конспекті жазу.
2. Кемиек, опырауыз ауруларына Ресей педагогикалық журналдарынан
толықтырулар жасау, оны емдеу жолдарын қарастыру.
3. Функционалдық дислалияға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыс
жоспарын жасау.
4. Сигматизм, ротоцизм, ламбдацизм, каппацизм, гамматизм, хитизм
дыбыстарын дұрыс айттыруға арналған жаттығуларды өздіктерінен
үйрену.

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Белоус А.И. Исследование соотношения приемов логического
запоминания у детей дошкольного возраста Воспитание, обучение
и психическое развитие. – М., 1983
2. Рихтермая Г.Л Формирование представлений о времени у детей
дошкольного возраста. – М., 1978
3. Усова ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Сөйлеу дамуының ЖТСД III деңгейі
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Логопедия ғылымы
Логопедия өзіндік ғылым
Сөйлеудің айтылу жақтары бұзылуының негізгі себебі - қабық дизартриясы кезінде артикуляциялық апраксия
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар
МОТОРЛЫ АЛАЛИЯ
Ринололия
Пәндер