Шіріген органикалық заттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.03-03
Елибаева Г.И.
Батыр Э.Е.

Минералды тыңайтқышты инновациялық технологиямен енгізу

пәні бойынша дәрістер жинағы

Шымкент, 2017ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Агротехнология кафедрасы

Елибаева Г.И., Батыр Э.Е.

Минералды тыңайтқышты инновациялық технологиямен енгізу

пәні бойынша дәрістер жинағы
5В080100-Агрономия мамандығы студенттері үшін

Шымкент,2017ж
ЖОҚ 602.44 (076.5)
ББК 41
Құрастырған: Елибаева Г.И., Батыр Э.Е.
Минералды тыңайтқышты инновациялық технологиямен енгізу пәні бойынша дәрістер жинағы. - Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2015. - 40 бет.

5В080100-Агрономия мамандығы студенттері үшін

Пікір жазғандар: Сейткәрімов Ә. аш.ғ.к., доцент, ОБМжӨШҒЗИ
Жумабаева Р.О. аш.ғ.к., ОҚМУ

Агротехнология кафедрасы мәжілістерінде (№ хаттамасы 09.2017ж.) қаралып, баспаға ұсынылған.

АШҒ ЖМ ӘК мәжілісінде(№ хаттамасы .2017ж.) қаралып, баспаға ұсынылған.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ОӘК мәжілісінде(№ ___хаттамасы ____ __________ 20__ж.) қаралып, баспаға ұсынылған.

(C) М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Дәріс 1 Тыңайтқыштар және оларды пайдалану пәніне кіріспе.

1. Тыңайтқыштар және оларды пайдаланудың даму тарихы.
2. Тыңайтқыштар және оларды пайдаланудың міндеттері мен тәсілдері.
Азық түлік программасының талаптарына сәкес халық шаруашылығының тыңайтқыштарды,машиналарды және олардың агрегаттары мен бөлшектерін жетілдіру,дақылдардың шығымды сорттарын қолдану,шаруа қожалықтарының одан әрі жетілдіру қажет.Бұл бағыттағы қадамымыз жаман емес.
Жер шарындағы қазіргі кезде барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының 50%-ке жуығы минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсіріледі.Сокет ғалымы Ш.И.Ширактың зертеуіне сүйенсек біздің елімізде алынған қосымша өнім мөлшері бүкіл Қазақстан егістігінде алынатын өнімге тең екен.Сонымен тыңайтқыштың қаншалықты пайда беретінін білдік. Ал егіс таңаптарында тыңайтқыш қолданбаса болмай ма деген сұраққа келсек мұның да жауабы дайын.Себебі жерді үздіксіз пайдалану оның құнарлылығын бірте бірте төмендете береді.Мәселен бір тонна дәндік жүгері өніміналғанда оның жерден 100килограмға жуық қоректік заттарды бойына сіңіретіндігі,сөйтіп топырақ құнарлылығын кемітетіндігі анықталады.Демек,өнім төмендемес үшін құректік заттардың осы шығындарының орнын үнемі тыңайтқыштарды қолдану арқылы толықтырып отыру керек.
Ауыл шаруашылығы дақылдару үшін минералды тыңайтқыштардың қолданылуын және өнімділікті арттыруға әсерін ғалым Д.Н.Прянишников егіншілікте жаңа континентің ашылуыдеп бағалады.Алайда минералды тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми ұсыныстарды басшылыққа алып,нормадан асырмау керек.
Агрономиялық химия(немесе агрохимия)басқа ғылымдар секілді адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай әуелгі кезде теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан бірден практикада қолданыла бастады.Оған көптеген зерттеулер,ғылыми тұжырымдар дәлел бола алады. Мәселен,сонау ерте кездің өзінде-ақ, жердің тоза бастағаның байқаған диқандар,егіс алқаптарына көң, күл төгіп,құнарлылығын арттырған еді.Сонымен,жылдар өткен саын өсімдіктердің құрамы,топырақ құрамы,сыртқы әсер күші жөніндегі көзқарастар да өзгеріп,кейін өнім молшылығын жасау жолындағы алғашқы талпыныстар бірте бірте ғылыми сипатқа ие бола бастады.Әр елде өсімдік биологиясын, құрылымын зерттеумен шұғылданатын шоқ жұлдыздай ғалымдар бой көтерді.
Агрохимияның қалыптасуы мен тарихы
Жер бетіндегі халық санының өсуі мен оларды азық түлікпен қамтамасыз етудегі ресурстардың жыл өткен саын кеміп бара жатқандығына орай осы мәселені қалай және ненің есебінен шешуге болады деген сұрақ дәл қазір барлық ғалымдарды қатты толғатып отыр.Себебі тамақтық өнімдер әлі күнге дейін негізінен тікелей жерден алынатындықтан, заводтық өндірістің жан жақты дамымағандығынан барлық назар ауыл шаруашылғының негізгі саласы егіншілікке аіударылуда. Бұдан шығатын қорытынды осы саланы өркендету, оны ғылыми негізге көшіру керек. Ас адамынң арқауы демекші, азық түлік молшылығын жасамай, адамзат денсаулығын сақтау проблемасын шешу мүмкін емес.
Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі кезде азық түлік проблемасын шешу үшін тың жаңалықтардың жеткіліксіз екенін және мойындамасқа болмайды. Олай дейтініміз көптеген процестер бір бірімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде жер жүзіндегі өндірілетін азық түлік өнімінің біршама көбейгеніне қарамстан ол биологиялық құрамының (әсіресе белоктігі мен калориялығы төмен болуынан)жетіспеуінен әлем халқын сапалық жағынан қамтамасыз ете алмай келедк.Жер жүзіндегі бүкіл халықтың 60%-ті жеткіліксіз мөлшерде тамақтанады,әрі олар тұтынатын азық түліктің құрамында белокті заттар жетіспейді.Бірақ,соған қарамстан адамзат тіршілік ету үшін табиға ресурстардың кемуіне қармастан өзіне қажетті азық түлік және басқа байлық түрін үнемі жерден алуға тырысады. Бұл бұлжымас шындық.Адамның табиғатпен әрекеттестігі адамзат қоғамы өмір сүруінің ең мағызды шарты болып табылады.Күнделікті өмірде бұл әрекеттестік адамның еңбек қызметінің түрлі формаларында жүзеге асырылады.
Атап айтқанда адамдар сонау ерте кездің өзінде неғұрлым көбірек қамтамасыз ету үшін қарапайым әдістерді қолданып, егіс танаптарын арамшөптен арылтты.Сөйтіп дақылдардың қоректік заттарды топырақтан мол алуын қамтамасыз етті.Кейінірек адам органикалық,содан кейін минералдық тыңайтқыштарды қолдана бастады.Бірақ минералдық тыңайтқыштарды қолдану арқылы біз дақылдың түсімділігн белгілі бір мөлшерге дейін ғана көтере аламыз.
Табиғаттың болашақтағы дамуын болжаудың халық шаруашылығындағы маңызы зор.Дәлірек айтсақ,осының бәрі, біріншіден, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғаудың, екіншіден, табиғатты өмір қажетіне бейімдеудің, үшіншіден, адамзаттың қазіргі кездегі қажеті және болашақ ұрпақтар үшін экологиялық ортаны сақтау және оны ұдайы қамтамасыз ету қажеттілігінен туып отыр.Адамзаттың табиғи ортаға жұмсайтын жоспарлы ықпалы бір жағынан,қоғамның табиғи ресурстар жөніндегі өскелең қажеттерін қанағаттандыруды, ал екіншіден, табиғи ресурстардың өздігінен қалпына келіп,молаюын сақтауды және бәрін мақсаткерлікпен одан әрі молайтуды көздейді.

Бақылау сұрақтары
1 Тыңайтқыштарды пайдаланудың даму тарихы
2 Үлес қосқан ғалымдар
3 Пән аралық байланысы

Негізгі әдебиет:

1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС
Қосымша әдебиет:
1. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
2. Бессчетнов П.П., Мальцев С.Н. Редкие и ценные растения Казахстана. А., 1981.
3. Закиров М. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі., Рауан баспасы, 1991.
4. Жизень растений. т. IV-VI. М., Просвещение, 1978-1988

Дәріс 2 Өсімдіктердің қоректенуінің ғылыми негіздері,химиялық құрамы,элементтердің маңызы
1 Макро,микро элементтер
2 Элементтердің өсімдік қоректену үшін маңызы
Мырыш.Әдетте ферменттер құрамына еніп,катализатор қызметін атқарады.
Мырыш өсімдіктердің өсуіне дем беретін заттарды - ауксиндерді кушті күйінде жинақтауға , оның үстіне өсімдік организміне болатын аса маңызды реакцияларга қатысып , плазмалардың жабысқақтығына әсер етеді ,өсімдіктердегі тотығу процестеріне байланысты жүретін реакцияны жеделдетеді , өсімдіктердегі углеводтың өзара алмасуына орай ферменттік жүйенің құрамына қосылады.Мырыш әсерінің арқасында өсімдіктерде С витамині , каротин , углевод пен белоктар көбейеді.Өсімдіктердін тамыр жүйесінің өсуін күшейтіп , оның аязға , құрғақшылыққа және тұз - сотаңға төзімділігін күшейтіп , жеміс салу процесі үшін маңызды түрде ықпал етеді.Сонымен қатар мырыш өсімдіктердің түріне , топырақ пен климатқа сай құбылып тұрады.Орта Азия мен Қазақстанның суармалы жерлерінде өсірілетін техникалық дақылдардың өнімділігінің жоғары болуына байланысты тыңайтқыштар аса көп қолданылмайды. Міне , осыған орай оның қоры жылдан - жылға кеміп келеді.
Мыс.Клеткадағы тотығу - тотықсыздану процестеріне ,ондағы ферменттер құрамына кіреді.
Мыстың қатысуымен амин қышқылдары ұзыннан ұзақ шұбатылып , күрделі органикалық қосылыстар түзеді , және оның химиялық құрамына әсер етеді.Мырыш секілді оны да дақылдардың дәні мен түйнегі бойына жақсы сіңіреді.
Өсімдіктер мен жануарлардың бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін аздаған мөлшерде болса да мыс өте қажет. Ол хлорофилл сияқты аса күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін тұрақтандырып, оны ыдыраудан қорғап тұрады. Клеткаларында болатын тотықтандыру процестеріе қатысып,ферменттердің құрамына кіреді, ол ферменттердің кейбіреулері. В12 тобындағы витаминдердің әрекетін күшейтіп, өсімдіктердегі углевод пен белоктардың алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс жеткілікті болса , өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруына шалдығуы азаяды. Мысалы, картоптығ тамырымен бірге оның жер бетіндегі сабағы мыс тұзымен үстеп қоректендірілсе , оның көк және қызыл шірік ауруына шалдығуы азайып, түйнектерінің ауруларға төзімділігі арта түседі.
Өсімдіктерде белоктарды синтездеуге мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының арқасында өсімдік тканьдерінің су ұстау қабілетінің артатындығы анықталады. Ал мыс жеткіліксіз болса, ткань коллоидтерінің суды өзінде ұстау қабілеті нашарлайды. Астық тұқымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақтары, барлық жеміс ағаштарының ұштары қурайды немесе солып қалады.
Кобальт өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Олар әсіресе теңізде, суларда өсетін өсімдіктерде көп, ал тұщы суларда батпақты және теңіз жағалауындағы өсімдіктер құрамында аз болады. Мұның өзі осы маңайда мал шаруашылығы орналастын шаруашылықтарда малдың әр түрлі ауруға ұшырауына әсерін тигізеді. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдіктердің кобальтты пайдаланудағы ерекшелігі, топырақтың сіңіріп алған кобальттың төрттен үшіне дейіні өсімдіктің ұсақ тамырларына жиналады. Көкөніс дақылдарына кобальт қолданған кезде алқаптардың түсімі артатындығы айқындалды. Мұнымен қатар, өсімдіктердің химиялық құрамы өзгеріп, хлорофилл және аскорбин қышқылы, құрғақ заттардың мөлшері едәуір көбейеді.
Минералдық қоректену дегеніміз өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру қабілеті. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни олардың өсу, дамуы тіпті де жүзеге аспайды.
Өсімдіктің дамуының әр қилы кезеңінде оның минералдық заттармен қоректену жүйесін өзгертіп, өсу қарқынын реттеп қана қоймай , сонымен бірге оның дамуын да тездетуге болады. Олардың өсуінің бастапқы кезеңінде қоректік заттар жетіспесе, бұл көптеген өсімдіктер тіршілігіне елеулі зиян келтіреді.
Топырақта өсімдік организмін қанағаттандыратын минералдық заттар кемісе немесе мүлде жоқ болса, ол кезде қолдан тыңайту жүргізіледі. Көбінесе топырақты азотты, фосфорлы,калийлі және микроэлементтердің тұздарымен тыңайтады. Бұл ретте егістік көлемі, топырақтың, егілетін өсімдіктің түрі мен сортының ерекшеліктері, сол өсімдік тамырларынан бөлініп шығатын заттардың қасиеттері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар минералдық заттар топыраққа өсімджіктің өсуі мен дамуы кезеңдеріне орай да беріледі. Мысалы , көптеген өсімдіктер өз дамуының алғашқы кезеңінде фосфорлы заттарды көбірек тілейді де, азотты қосындыларды онша қажет етпейді. Егер азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштарды енгізу көзделсе, оларды тұқым себілместен бұрын жер жыртқан кезден ақ топыраққа араластырып жібереді. Өсімдікке қажет болған тыңайтқыштарды топыраққа араластырып (тамыр арқылы) берумен қатар, соңғы кезде олардың ерітінділерін өсімдіктің үстінен бүркіп (жапырақ арқылы) сіңіру яғни қосымша қоректендіру жолдары да көп қолданылып келеді. Тәжірибесі бар егінші өсімдік тіршілігінің кез келген фокторына тікелей әсер етуімен бірге онымен тығыз байланысты
7. 1 тонна биологиялық өнім өндіруге жұмсалатын қоректік заттардың мөлшері, кг
Дақылдар N P2O5 K2O
Қара бидай
Күздік бидай
Жаздық бидай
Арпа
Көп жылдық шөптер (беде ат қонақпен араластырып егілген)
Кеш пісетін картоп
Ас бұршақ
Ақ қауданды капуста

Дақылдар
1 тонна өнім алу үшін топыраққа сіңірілген қоректік заттардың мөлшері,кг

N
P2O5
K2O
Қара бидай
Жаздық бидай
Сұлы
Тары
Дәндік жүгері
Сүрлемдік жүгері
Қарамық
Ас бұршақ
Мақта
Қант қызылшасы
Картоп
Жоңышқа
Күріш
Жеміс және жидек
31
33
33
25
33
34
31
30
55
40
4
60
23
40
34.5

10
12
14
11
10
10
1.5
15
15
12
1.2
1.5
12
6
7.9
32
28
29
20
34
37
3.5
40
20
48
7.5
15
25
18
25.6

болатын басқа факторлар арқылы жанама түрде де ықпал етуге мүмкіндіктің бар екенін, соның арқасында тіпті ауа райы тым күрделі, қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алатынын білді. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуаңшылық жағдайында шығындылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А.Тимирязев тыңайтқыштар өсімдіктердің қоректік көзі болып қана қоймайды, олар сондай ақ куаңшылықпен күрес құралы болып табылады деп көрсеткен болатын. Себебі егер өсімдік бойында қоректік заттар көп болған сайын ол құрамында элементтер аз дақылдарға қарағанда суды аз буландырады.
Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, оларды өсірудің климат-топырақ және агротехникалық жағдайлары, топырақтағы қоректік элементтерді дақылдардың өнімділігі арқылы бағалау биологиялық, шаруашылықтық болып екіге бөлінеді.
Атап айтқанда дақылдардан негізгі және қосымша өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алған жағдайда бұл биологиялық болып табылады (7-таблица). Ал қоректі заттарды тек қана негізгі және қосымша өнімдер үшін пайдаланса, бұл дақылдар шаруашылықтық болып саналады. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы шаруашылықтарды алатын өнімдерге қарағанда биологиялық өнімдерге анағұрлым жоғары болады. Қоректік заттарды дақылдардан белгілі өнімдері үшін пайдалануы өнім түрлері мен сыртқы құрылымына байланыста өзгеріп отырады. Мысалы, дәнді дақылдар егістігінен жоғары дәрежелі биологиялық өнім алған кезде сабанының үлес салмағы көп болған жағдайда 1тонна дәніне сәйкес минералды элементтер көп жұмсалады. Ал картоп, күнбағыс, капуста, қантқызылшасына келетін болсақ дәнді дақылмен салыстырғанда оның 1тоннасына негізгі өнімнің жинақталуы үшін калий элементі, ал беде, зығыр дақылдарына кальций анағұрлым көбірек беріледі. Дәнді дақылдардан сабағына қарағанда дәнінде азотпен фосфор 4 есе, ал сабағындағы калий мен кальций дәнге қарағанда 2-3 есе артық болады.
Бақылау сұрақтары:
1 Элементтер,олардың маңызы
2 Өсімдікте кездесетін негізгі элементтер

Негізгі әдебиеттер:

1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС

Дәріс 3 Қазақстанда егілген дақылдарға қоректік заттарды пайдаланудың сипаттамасы
8. Қазақстанда егілген дақылдарға қоректік заттарды пайдаланудың сипаттамасы.
Мысалы, профессор А.Т.Пономареваның деректеріне сүйенсек Қазақстан жағдайында кейбір ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректі элементтерді 1-тонна шаруашылық өнімге есептегенде пайдаланылуы мына жоғарғыдағыдай болады (8-таблица) екен. Бұл таблицадағы көрсеткіштер еліміздің әр түрлі климат-топырақ аймақтарында егілген дақылдардың қоректі заттарды пайдалануынан өзгеше болып келеді. Мына төмендегі 8- таблицаның жалғасында Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аймақтарының әр түрлі аудандарында егілген дақылдарды өсіруге сіңірілген тыңайтқыштың мөлшері де Қазақстан бойынша алынған көрсеткіштерге дәл келе бермейді.
Мысалы, Республикамызда орта есеппен 1 тонна күздік бидай осынша мөлшердегі сабанымен қоса 31кг азотты, 10кг фосфорды және 32кг калий пайдалантын болса, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан ашық қара қоңыр топырақтың парлы алқабында егілген күздік бидай 25,7кг азотты, 6,9кг фосфор, 23кг калий тыңайтқышын пайдаланады. Ал енді сүдігер алқабына егілген күздік бидай жоғарыда аталған қоректі элементтерді тиісінше 34,6 ; 8,6 және 44кг болды (7-таблица). Мұндай құбылыстарды әр түрлі климат-топырақтарында егілген басқада ауыл шаруашылығы дақылдарынан байқауға болады.
Өсімдіктерден алынатын жоғары өнімдерді осындай схема түрінде біліп болжау, бізге егіншіліктегі барлық жұмыстардың түрлерін индустриялық негізде көшіруге жағдай жасайды.
ІІ. 3. Өсімдіктер пайдаланатын элементтер қосылыстарының формалары.
Өсімдіктердің өсіп дамуы кезінде топырақтарда өтетін биологиялық, химиялық,физика-химиялық процестер нәтижесінде күрделі минералды, органикалық және жай заттар үнемі түзіліп тұрады. Мұнда ыдыраған, немесе бөлінген заттардың кейбіреулерін өсімдіктер қоректену үшін пайдаланса, оның кейбір бөліктері судың әсерінен топырақтың астыңғы қабатына кетип қалады немесе газ күйінде ауаға сіңіп жоғалады. Ал кейбір бөліктері суда ерімейтін тұздар құрамына кіріп өсімдіктер тіршілігінде ешқандай маңызы болмайды. Өсімдіктер қоректік элементтерді, олардың суда еритін тұздары мен иондарын тамырлары арқылы пайдаланады.Өсімдіктердің айналадағы орта мен зат алмасуы қоректену болып саналады, бұл құбылыстар топырақ, ауадағы заттардың өсімдіктер құрамындағы кіретін органикалық заттардың түзілуіне алғашқы тұрған жерінен кетип қалып, қоныс аударады.
Өсімдіктер көмір қышқылын пайдалануы көбіне ауа арқылы өтетіндіктен олар тамыр жүйелеріне қарағанда бір қалыпты өтеді. Фотосинтез процессінің белгілі нормаларда жүруіне жарық, жылу, ылғал, қоректі элементтермен қамтамасыз етілуі, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері, тығыздығы үлкен рөл атқарса, тамыр жүйелерінің жақсы дамуына жоғарғы факторлардан басқа топырақтың құрылымы, аэрациясы, ортаның реакциясы, қолданатын қоректік заттардың мөлшері, формалары, олардың ара қатынасы, микрофлорасы және тамырда бөлінетін заттар әсер етеді. Өсімдіктер ауа және тамырмен қоректену арқылы өзінің құрылымын құрайды. Қолайлы тепе-теңдікте қоректі элементтерді пайдалануы, олардың массасының көлеміне әсер етеді. Өсімдіктер жапырақтар арқылы 95 процент көмір қышқыл газын, ал тамырлары арқылы тұз ерітінділеріне күлді элементтерді, азот және күкіртті пайдаланады.Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерімен лоардың өсіп қну жағдайлары тамыр жүйелерінің әр түрлі дәрежелерде дамуына ықпал етеді.
Кейбір өсімдіктер өзінің құрамында кремийді, алтынды, литийді т.б элементтерді көптеп жинақтайды. Мысалы, теңіз балдырлары өзі өсіп тұрған теңіз суының құрамына қарағанда титан элементін 1000 есе көп жинақтаса, теңіз капустасы (ламинариясы) 12 0 есе артық жинайды. Теңіз суларында 0,0001 процент иод болса, капуста құрамындағы бұл көрсеткіш 0,3 процентке жетеді екен. Өсімдіктердің клеткаларының қоректі элементтерді пайдалану диффузия құбылыстарымен түсіндіріліп келді. Топырақ ерітінділері иондарының қозғалысы жоғары концентрациялы ерітіндіден сұйытылған ерітіндіге қарай қозғалады деп есептеді. Ал шын мәнінде өсімдік тамырлары селінің концентрациясы қоршаған ортадағы топырақ ерітінділерінен көп жоғары болады.
Сондықтанда клеткалардың қоректі элементерді пайдалануы, әрі қозғалсысы күрделі физиологиялық құбылыс ретінде олардың дем алу, фотосинтез, басқа да биохимиялық процестердің әсерінен кейін белгілі энергия жұмсалуына байланысты болады.
Кез келген өсімдіктер қоректі элменттерді пайдаланғанда өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай талғампаздық танытады. Қазіргі кезде қоректі заттарды өсімдіктердің топырақ ерітінділеріндегі катион, аниондардан, өсімдік клеткасының құрамындағы иондармен пайдаланатыны анықталады.
Сондай-ақ отандық агрохимия мектебі өсімдіктерге қоректік заттың енуі мен өсімдікте қоректік заттың алмасу байланыстылығын үнемі зерттеп, өсімдіктерге тыңайтқыш беру арқылы тұқымның құрамы мен өнімді арттыруы болатындығы ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Осы жұмыстардың негізінде өсімдіктердің қоректену ілімі қалыптасты
Бақылау сұрақтары:
1 Элементтер,олардың маңызы
2 Өсімдікте кездесетін негізгі элементтер

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі әдебиеттер:

1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС

Дәріс 4 Өсімдіктің ауа және тамыр арқылы қоректенуі.
1 Өсімдіктің қоректенуі.
2 Өсімдік тамырларының суды пайдалануы.
Дәріс 9,10 Өсімдіктердің ауа арқылы қоректенуі
Көптеген зерттеушілер өсімдік тамыры жүйелерінің суды пайдалануы олардың белсенділігіне байланысты болады деп дәлелдеді.
Біріншіден, тамыр метабиологиялық энергия жұмсаса, екіншіден тамыр жұту ерекшелігіне сәйкес сұйықты бойына сіңіреді. Қазіргі кезде өсімдік тамырларының суды пайдалануы транспирация құбылысымен тамыр қысымының өзара ара қатынастарының тығыз байланысты болуы арқылы түсіндіріледі. А. Ивановтың пікіріне сәйкес олар суды пайдалануы үшін біріншіден, топырақ бойындағы суды тарату күшін жояды, екіншіден, тамыр бойындағы судың фильтрациялық кедергілерін төмендетеді, үшіншіден, сабақтарда қозғалатын судың кедергілерін азайтып, топырақта жеткілікті түрде ылғал болғанда ғана бұл істі жүзеге асырады. Бұл мәліметтерден түрлі дақылдардың тұқымы көктеуі , өсіп-дамуы үшін әр түрлі мөлшерде су керек екендігін көруге болады. Ал мұны білудің маңызы зор. Әр дақылдың суды пайдалануды тұқым көктеуден бастап кейінгі даму кезеңдерріне ғана суды пайдалану едәуір азаяды. Мұның негізгі себебі - күз айларындағы күннің салқындауы және өсімдіктердің вегетациялық өсуінің біршама бәсеңдеуі болып табылады. Өсімдіктердің суды пайдалану мөлшерін транспирациялық коэфициент арқылы білуге болады. Өсімдіктердің суды буландыруы - оның транспирациясы .
Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын өз бойына сіңіріп қатты қызады. Егер олар осылай ұзақ уақыт бойына қызатын болса, онда клеткалардың белоктар каогуля жасайды да, өсімдіктер тіршілік қабілетін жояды.
Бақылау сұрақтары:
1 Өсімдіктің қоректенуі.
2 Өсімдік тамырларының суды пайдалануы.
3 Өсімдіктердің ауа арқылы қоректенуі.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС

Дәріс 5 Өсімдіктердің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтар қасиеттерінің өзгеруі.
1 Топырақ құнарлыгы туралы түсінік
2 Топырактың минералды бөлігі
3 Топырақтың сіңіру қасиеттері
Жер - табиғаттың адам үшін негізгі байлығы, тіршіліктің тірегі, өмір арқауы болып табылады. Сондықтан да жер көлемінің шектелуі тұрақты екенің ескерсек, күн тәртібінде ғылым мен техника жетістіктерін қолданғанда ғана сол жердің құнарлығы мен ауыл шаруашылыгы дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға болады. К.Маркс топырақ құнарлығының абсолюттік, салыстырмалы, табиғи және экономикалық түрлерде болатынын тұжырымдады. Мұнда абсолюттік құнарлыққа белгілі көлемдегі алқаптан орта есеппен алынған өнімнің массасы, ал салыстырмалы құнарлыққа әр түрлі құнарлылықта егілетін дақылдардың өнімділігі жатады. Табиғи құнарлылықты адамның әрекеті араласпаған тың жердің топырағынан ғана кездестіруге болады. Бір топырақтың құнарлығы төмен, екінші топырақтың құнарлығы жоғары болады. Жасанды құнарлылық деп, топырактың нақты өнім беру қабілеттілігі және адам баласының құнарлылықты тиімді пайдалану дәрежесін айтады.
Топырақтың минералды бөлігі әр түрлі минералдардан - диаметрі миллиметрдің миллионның бір бөлігі мен 1 миллиметр аралығында болатын бөлшектерден турады.Олардың шығу тегі жағынан екі бөліктен турады: бастапқы және екінші реттік. Бастапқы минералдарға - кварц, дала шпаттары, слюдалары, мүйізді алдамыштар, пироксиндер жатады. Олардың топырақтағы құм бөлшектеріндегі көлемі (0,05-1мм) және шаңда (0,001-0,05 мм), аздаған бөлігі лай, өлі балшықта (0,001 мм-ден төмен) және топырақ коллоидында (25 мм төмен) кездеседі. Алғашқы минералдардың химиялық процестері мен бұзылуы (гидратация, гидролиз, тотықтану) тірі организмдер тіршілік әрекетінің әсерінен топырақтағы тотықтар, (кремнезем, гидраты, тұздар, сондай-ақ екінші реттік минералдар) кейде сазды минералдар деп те аталады. Олар каолинит, монтмориллонит, гидрослюдалар түзеді. Ол топырақта көбіне өлі балшық және коллоидты бөлшектер түрінде, ал аз күйінде шаң тәрізді бөлшектер түрінде кездеседі. Химиялық құрамы жағынан минералды кремний, оттекті қосылыстар немесе силикаттар және алюминий болып бөлінеді. Кремнийдің оттекті қосылыстарына кварц SiO2 жатады,көбіне құм және шаң тозаң болады.Барлық топырақтарда кварц мөлшері 60 проценттен асса, құмдақ топырақтарда 90 процентке жетеді, ал кейде одан да көп болады. Бір ерекшелігі оның тұрақты химиялық реакцияға онша көп икемі жоқ, ешқандай химиялық реакцияға қатыспай, бейтарап жағдайда болады. Топырақтың маңызды бір саласы органикалық заттар негізінен екі түрлі күрделі комплекстер түзеді:
1. Өсімдіктер мен мал қалдықтарынан калған қарашірікке айналмаған заттар.
2. Шіріген органикалық заттар.
Топрақтағы өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, олар микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералдық қосылыстарға ажырайды. Екіншіден, олардың қалдығы микроптардың әсерінен күрделі биохимиялық өзгеріске ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат гумус немесе қарашірік пайда болады. Қарашірік негізінен көміртек, сутек, лигнин, белокты заттар, май және смоладан тұрады. Бұл заттардан қарашіріктің негізі қосылыстары - гумин, фульвозаттар мен ульминзаттар түзіледі.
Топырақтың еріген зат иондары мен молекулаларын, не ерімеген қатты заттарды, сондай-ақ су буы мен газдарды ұстап тұруын топырақтың сіңіру қасиеті деп атайды. Олар негізінени минералды және органикалық заттардың қорына, шығу тегіне байланысты өзгеріп тұрады.Өсімдіктер қоректену кезінде олар топырақ ерітіндісіндегі бірсыпыра заттарды сіңіріп, өздерінің протоплазмасының құрамының түзілуіне пайдаланады. Микроорганизмдер ыдырағаннан соң заттар қайтадан топырақ ерітіндісіне шығады. Бірақ топырақ барлық заттарды бірдей жақсы сіңіре бермейді. Мысалы, өсімдіктер үшін аса бағалы азот қышқылы тұздарының топырақтан оңай жуылып-шайылып кететіндіктен, ол өте нашар сіңіреді. Қарашірікке бай саздақ топырақтарды өсімдіктерге қажетті қоректік заттармен тыңайтуға болады. Өйткені олар шамадан тыс көп болғаның өзінде де топыраққа сіңеді де, өсімдіктерге зиянын тигізбейді және жуылып-шайылып кетпейді. Сазды топыраққа селитралар нашар сіңетін болғандықтан тыңайтқыштарды көп себуге болмайды.Сондықтан агрономиялық практикада оларды екіге бөліп қолданады.Біріншісі - тұқым себер кезде екіншісі - өсімдіктердің қаулап өсіп, толықсыған кезінде. К.К.Гедроиц топырақ сіңіру қасиеттерін 5 түрге бөлді. Олардық ерекшеліктері:
1.Биологиялық сіңіру - топырақтағы бактериялар, микроорганизмдер және өсімдік - тірі тамырларының топырақ ерітіндісінен, азот, күл элементтерін сіңіріп, түрлі организмдерге органикалық заттардың түзілеуі. Бұл процестер өсімдік үшін қажетті, N,P,S т.б элементтерді сіңіріп, топырақты сілтіленуден қорғайды.
2.Механикалық сіңіру өте топырақтың өте тар саңылаулары арқылы су өткенде, ондағы үлкен, кіші бөлшектерінің топырақта сүзіліп немесе желмен келген әр түрлі заттардың тұтылып қалу қасиеті.Ол көбіне механикалық құрамына байланысты болады.Олар саздық болса, соғұрлым сіңіру қабілеті жоғары болады.
3.Физикалық сіңіру - топырақ бөлшектеріне еріген зат иондары мен су,газ молекуларының тартым күшімен ұсталу оң немесе теріс адсорбциялануы.
4.Химиялық сіңіру - топырақтың суда ерігіш тұздарының аниондары мен катиондары топырақ ерітіндісіндегі аниондар және катиондарымен әрекеттесу нәнижесінде түзілген нашар еритін, болмаса ерәімейтін қосылыстарды сіңіріп, топырақтың қатты күйіне ауысуы.
5.Химиялық немесе алмасып сіңіру теріс таңбалы топырақтың коллоидты бөлігінің топырақ ерітінділерінен өзіне эквиваленті басқа катиондарды қабылдауы, немесе сонша басқа катиондарды шығаруы.
Көптеген екпе дақылдар мен микроорганизмдер әлсіз қышқылды бейтарап орталарда жақсы өседі, ал қышқылды сілті орталарда онша жақсы дамымайды. Дақылдардың биологиялық ерекшелігіне қарай олардың бірқалыпты өсетін қышқылды, қолайлы қышқылды ортасы да әр түрлі болады. Қоршаған ортаның реакциясына әрі әктеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға сай өсімдіктер мына төмендегідей топтарға бөлінеді.
1. Мақта, жоңышқа, мал азғындық қызылша, кенеп шөп, капуста қышқылдықты өте сезінгіш келеді.
2. Топырақтың жоғарғы қышқылдығын арпа, күздік және жаздық бидай, жүгері, соя, мал азғындық бұршақты дақылдар,күнбағыс,пияз,қияр өте қатты сезінеді.
3. Жоғары қышқылдықты әлсіз сезінетін дақылдарға қара бидай, сұлы, қарамық, сәбіз, тары т.б жатады.
4. Күшті қышқылды топырақтарда егілген зығыр мен картопты міндетті түрде әктеу қажет.Олардың өсетін қолайлы қышқылды ортасы болғанда тиімділігі жоғарылайды.
5. Көк және сары бөрібұршақ,м сераделла, шайдақ түбірі қышқылды ортада жақсы, ал сілтілік және бейтарап ерітінділерде нашар өседі.Бұл дақылдар алғашқы өсуі кезінде нормадан тыс әктесе жақсы жетілмейді, ал орташа норма қолданған кезде өнімі арта түседі.
Бақылау сұрақтары:
1 Топырақ құнарлыгы туралы түсінік
2 Топырактың минералды бөлігі
3 Топырақтың сіңіру қасиеттері
4 Ауыл шаруашылык дақылдары егілетін топрақтың ортасы мен әктеуге қатынасы
5 Егіншілік және топрақтану ғылымдарының негізгі заңдары.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиет:

1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС

Дәріс 6 Ауыл шаруашылык дақылдары егілетін топырақтың ортасы мен әктеуге қатынасы
1 Егіншілік және топырақтану ғылымдарының негізгі заңдары.
Ғалымдар табиғаттың топырақпен және оның құнарлығымен байланысын, сырын ашуға, топырақтың түзілу процесінің мәнің айқындауға, егін себудің неғұрлым тиімді және үнемді әдістерін табуға ғасырлар бойы ден қойып, бұл бағытта табандылықпен күресіп келеді. Мұнын өзі түсінікті де. Өйткені, топырақтың түзілу сырын ашу және оның құнарлығын арттырудың ғылыми әдістерін белгілеу ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғарғы және тұрақты өнім алудыңиаса маңызды теориялық негіздерін қалайды. Демек, ауыл шаруашылығын ойдағыдай жүрізудің міндетті шартын құрайтын болады. Жерді тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығының барлық жарамды алқаптарының құнарлығын арттыру жөніндегі мәселе - аса маңызды мәселе болып табылады. Жер - қоғамның күнкөріс көзі, оның байлығ, ол - ауыл шаруашылығыөндірісінің негізгі құралы. Адам табиғат заңдарын танып-білуге, оларды дұрыс әрі пәрменді пайдалануға қабілетті десек, жоғарғы өнім алу үшін өсімдікке қажетті қоректік заттар мен суды дұрыс үйлестіре білудің маңызы өте зор. Ол үшін егіншілік ғылымы мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып, топырақты мәдинеттендіру мен жақсарту үшін қажетті мынадай заңдарды ескеруі керек:
1. Табиғаттағы топырақтың түзілуі процесінің жағымды тиімділік заңы. Топырақ құнарлығының қалыптасуы және оның біртіндеп арта беретіні ондағы тірі организмдердің барған сайын ұлғая беретіні және күн саулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы. Ал сонан соң бұларды өзі мекен ететін аймаққа шоғырландыруы,тірі организмдердің жетекші роль атқаруы - осы заңға байланысты.
2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңының талабы бойынша - ысырап болу, егінмен бірге кету, немесе басқада себептер салдарынан топырақтың сінімді қоректік заттарының тепе-теңдігі бұзылған жағдайда,тиісті тыңайтқыштар еңгізу жолымен, яғни басқа агротехникалық әдістермен ол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет.
3.Минимум, оптимум және максимум заңы.Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егін көлемікөп жерлерде өсімдіктер өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатынын белгілі. Егіннің түсімі топырақтағы минералдық заттардың мөлшеріне байланысты болады. Яғни, түсімнің минимум мөлшерін белгілейтін элементтер. Сол сияқты топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанымен, су тапшы болса, онда түсімнің мөлшерін ылғал шектейді. Мұндай жағдайда диқан өзінің барлық шеберлігін осы минимумның теріс ықпалын жоюға жұмсауы қажет. Әрине бұл арада ең дұрысы - қолдан суару, ал қолдан суару әлі жасалмаған жерде топырақта ылғалдың біршама көп жиналуы мен сақталуын қамтамасыз ететін агротехникалық шаралардың қолданылуы керек. Сөйтіп тіршіліктің кез келген факторларының - ылғалдың, қоректік заттардың, жарықтың, жылудың шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы да өсімдіктердің өсуі мен өркенделуіне теріс ықпал етеді. Бұл сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерінің биологиялық сапасының нашарлануына да әкеп соқтырады.
4. Өсімдіктердің өз орнына сәйкес келуі және дақылдарды уакыт пен кеңістік бойынша дұрыс кезектестіру. Дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы. Жекеленген организмдер ғана емес, тұтас бір өсімдік қоршаған ортамен өзара байланысты, тығыз қарым-қатынаста болады. Олар қатар өсіп қана қоймайды, қауымдасып, өздері қоректенетін алаң, ылғал, жарық және тіршіліктің басқа да факторларыүшін күреседі, өзара олардың бір-бірімен тығыз қатынаста болуының мәні осы. Екінші жағынан, өсімдіктерді қолдан сұрыптау нәтижесінде фитоценозға кіретін өсімдік түрлері өздері мекендеген орта жағдайының бүкіл комплексіне бейімдеу процесі жүзеге асады. Бір түрге жататын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды бірдей мезгілде қажет ететін өсімдік түрлері арасына бәсекелестік күшті болады. Ал қоректік заттармен ылғалды топырақтың әр түрлі қабаттарынан алатын және күн саулесін әр түрлі қажет ететін, басқа керектерінде әр түрлі мерзімде пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік мүлде дерлік болмайды немесе, едәуір аз болады. Өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әр түрлі қабаттарын кеулейтін өсімдіктер кездесетіні тегін емес. өсімдіктердің бір түрінің тамыры негізінен үстінгі қабатта болса, ал басқаларының тамыры едәуір тереңге бойлайды да, таязда орналасқан тамырларға бөгет жасамайды.
5.Өсімдік өсуі мен дамуы факторларының бірлескен әрекеттерінің нәтижесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның логикалық үйлесімі болып табылады.Мұның егіншілікті ғылыми ұйымдастыру практикасында ерекше маңызы бар.
Өсімдік тіршілігінің жекеленген факторлары өз алдына оқшау емес, бір-бірімен өзара тығыз байланысты әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа ешнарселермен алмастыруға болмайтын тұрғысынан алғанда, бұлформалардың барлығы бағалы.Өсімдік өне бойы факторлардың бүкіл комплексінің ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда және егіс даласында жүргізілген нақтылы эксперименттер, сондай-ақ егіншіліктің көп жылғы практикасы мынаны көрсетті: өсімдіктер тіршілігінің факторлары тек бірлесіа әрекет еткенде ғана барынша әсерлі болады. Егіс даласындағы жағдайда осы фактордың бірінің өсімдікке ықпалын өзгертпесе, басқа факторлардың мүмкіндігі мен жағдайы сөзсіз бұзылады. Осы өзара әрекеттестік заңдылығын танып-білген маман мен диқан өсімдік тіршілігінің кез келген факторларына тікелей ғана емес, онымен тығыз байланысты басқа факторлар арқылы да жанама түрде ықпал етіп, тіпті, ауа райыы қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алады. Мысалы, өсімдіктіктердін пісуін тездететін фосфар және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуашылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А.Тимирязев былай деп атап көрсеткен: Тыңайтқыштар өсімдіктер пайдаланатын қоректік заттардың көзі ғана болып қоймайды, олар сондай-ақ қуаңшылықпен күресу жолы болып табылады. Өйткені, өсімдік азық мол бол ғанда қоректік заттар жетімсіз кездегіге қарағанда, құралатын органикалық заттың әрбір өлшеміне суды аз буландырады.
Бақылау сұрақтары:
1 Топырақ құнарлыгы туралы түсінік
2 Топырактың минералды бөлігі
3 Топырақтың сіңіру қасиеттері
4 Ауыл шаруашылык дақылдары егілетін топрақтың ортасы мен әктеуге қатынасы
5 Егіншілік және топрақтану ғылымдарының негізгі заңдары.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиет:

1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС

Дәріс 7 Минералды тыңайтқыштар, классификациясы. Азот тыңайтқыштары, маңызы, түрлері, қолданылуы.
1 Минералды тыңайтқыштар туралы түсінік
2 Минералды тыңайтқыштардың жіктелуі
Адамар ғасырлар бойы озінің күнделікті өмірінде қоршаған ортаны, табиғатты игеруде көп тажірибелер жинақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығы өндірісінің оның ішінде егіншіліктің даму деңгейіне адам баласы 12 мың жыл бойы жан жақты шұғылдану арқасында жетіп отыр. 1980 жылы жер жүзінде ауыл шаруашылығы өндірісінде 107млн Т минералды тыңайтқыштар пайдаланып, әр гектар егістікке 7.1кг тыңайтқыш енгізіліпті. Бүкіл тыңайтқыштардың шығу тегі, қолданылуы құрамы, алу тәсілі жағынан әр түрлі түрлерге бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан минералды , органикалық, органикалық-минералдық және бактериалдық болып келеді.Минералды тыңайтқыштар шығу тегі жағынан анорганикалық заттарды табиғи минералдардан ауадағы азоттан немесе кейбір химиялық заводтардың қосымша өнімдері ретінде алынады. Ал түрлі жағынан азотты, фосфорлы калийлі, кейбір микротыңайтқыштарға (бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт т.б) бөлінеді. Шығу тегі, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары, көң, фекалий, шымтезек , қаланың қоқсықтары т.б. Құрамында органикалық минералды заттардың озара химиялық және адсорбты байланысты болатын қосылыстар органикалық-минералды тыңайтқыштарңа жатады. Олар органикалық заттарды (шымтезек, көмір, топырақ шірінділері, қоқыс, сланец т.б) минералды қосылыстар мен азоттың, фосфаттың және калийдің тұздарымен , немесе ерітінділерімен өңдегенде алынады. Бактериалды тыңайтқыштарға кейбір препарат құрамындағы бактериялар, бұршақ тұқымдас дақылдардың тамыр түйнектері, топырақтағы азот жинақтайтын (фиксациялайтын ) түзілуі , топырақтың органикалық бөлігінің минералдануына жататын нитригин жатады.Минералды тыңайтқыштар құрамында бір немесе бірнеше қоректік заттар болғандықтан жай және комплексті болып бөлінеді. Жай тыңайтқыштар құрамында бір ғана қоректік заттар болып, бір жақты асер етеді. Ал комплексті тыңайтқыштар құрамында 2-3 немесе одан да көп қоректік элементтер, немесе микроэлеметтер болады. Ал комплексті тыңайтқыштар өндіру тәсіліне қарай араласқан, комбинациялы және күрделі болып келеді. Олардың біріншісін әртүрлі жай, күрделі тыңайтқыштардың майдаланған және түйіршіктелген түрлерін механикалық жолмен араластыру арқылы дайындаса, комбинациялы тыңайтқыштар белгілі технологиялық жүйеде бастапқы заттардың химиялық реакцияларымен алынады. Ал күрделі тыңайтқыштар құрамында бір химиялық қосылыстардың аммофос-диаммофос,калий селитрасы қатарына жатады,бүл әдетте 2 немесе бірнеше элементтер болады.Тыңайтқыштардың сапасы,олардың құрамындағы қоректік заттар,яғни оның ішінде азот жекелеген элемент түрінде қалғандары олардың тотықтары күйінде өрнектеледі. Әр түрлі топырақтарда қолданылған тыңайтқыштар топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың мөлшерін ғана көбейтпейді,сонымен бірге топырақтың қасиеттеріне,құнарлығына әсер етіп,оның қышқылдығын өзгертеді. Азот-жер бетіндегі ең көп тараған элемент.Ол табиғатта бос күйінде және қосылыстар түрінде де кездеседі.Ауа құрамының 78 проценті осы газ болса,жер қыртысында 0,04 процент қосылысқан азот кездеседі,өсімдіктер мен жануарлардың организміндегі азот органикалық қосылыстардан тұрады. Тірі организм азотсыз өмір сүре алмайды,өсімдіктер,жан-жануарлардың денесін құрайтын клеткалар,оның құрамдас бөлігі протоплазма белок заттарынан,немесе құрамында азоты бар заттардан тұрады.Демек,белоксыз тіршілік жоқ.ал азотсыз белок жоқ. Бактериялар арқылы азоттың қосылысқа түсуі өте баяу,қалыпты жағдайда жүзеге асады.Бактериялар азотты ауадан сіңіріп,өсімдіктерге қажетті түздарға айналдырады.Өсімдік топырақтағы азот тұздарын судың көмегі арқылы,басқада тұздармен бірге сіңіреді.Құрамында азоты бар органикалық заттар өсімдіктен жануарларға,одан соң адам ішіру,ыдырау процестерінің нәтижесінде топыраққа қайта оралады. Бірақ өсімдітер мен жануарлардың қалдықтарындағы барлық азот пайдаланбайды.Оның едәуір бөлігі атмосфераға оралады.Азоттың табиғаты осылай бір күйден екінші күйге үздіксіз өтіп отырады.Ол жай ғана күрделі белоктардың,өсімдік клеткасының цитоплазмаларының және нуклеин қышқылдары құрамына кіріп организмдердегі заттардың алмасуында басты рөл атқарады. Сонымен бірге хлорофилл, фосфатидтер, алколлидтар, ферменттер т.б органикалық заттардың құрамында болады. Азотты тыңайтқыштарды жеткілікті нормада қолданғанда организмдердің тіршілігі біраз уақыт ұзарып,қуатты сабақтары мен жапырақтары жақсы дамиды,әр жақсы түптенеді.Мұның өзі өнімнің жоғарлауына,белоктың кобеюіне жақсы әсер етеді. Азоттың топырақтағы кездесетін негізгі түрлері - органикалық қосылыстар 94-95 процент,аммоний қосылыстарының формалары түрінде және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органикалық тыңайтқыш түрлері
Аминқышқылы Ұшпа май қышқылы
Төсеніш көңнің химиялық құрамы
Органикалық тыңайтқыштар енгізетін машиналары конструкцияларына шолу
Мелиорациялық жерлерді тыңайту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар
Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
Минералды тыңайтқыштар
Феликс ауыл шаруашылығы
Саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері
Органикалық тыңайтқыштар мен өңделген топырақ микрофлорасы
Пәндер