Топырақ эрозиясы және онынен күресу шаралары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 03-03

Палманова А. А

«Топырақты эрозиядан және дефляциядан қорғау» пәнінен

5В080800-«Топырақтану және агрохимия» мамандықтарының студенттеріне арналған дәрістер жинағы

Описание: гл

Шымкент, 2019ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Палманова А. А

«Агротехнология» кафедрасы

« Топырақты эрозиядан және дефляциядан қорғау » пәніне арналған

дәрістер жинағы

5В080800-«Топырақтану және агрохимия» мамандықтары үшін

ӘОЖ 28. 00

Құрастырған: Палманова А. А. аға оқытушы

«Топырақты эрозиядан және дефляциядан қорғау» / Дәрістер жинағы. - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 201 ж.

Ұсынылып отырған дәрістер жинағында топырақты эрозиядан сақтаудың өзіндік іс-шараларды жасауды үйрету. Студенттерді қазіргі заман деградациясымен таныстыру және олрдың пайда болу жолдары мен шешу іс-шараларын дамыту. Топырақтың әр түрлі табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен пайда болған ластанудан туатын эрозия түрлерін меңгеру. Оңтүстік Қазақстан облысында кездесетін эрозия түрлерін ажыратып онымен күресу жолдарын қарастыру. Топырақты қорғау шараларын меңгеру, жылыжайларда, алқаптарда, танапта химиялық және биологиялық препораттарды өз мөлшерінде қолдануды және агротехникалық шараларды уақытында дұрыс жүргізуді меңгеру. қарастырылған.

Бұл дәрістер жинағы «Топырақты эрозиядан және дефляциядан қорғау » пәнінен алған білімді тереңдетеді және студенттердің келешек агроном және топырақтану агрохимик мамандығы бойынша маман дайындайды.

Пікір берушілер: Профессор: Раисов Б. О ОҚМУ

Агротехнология кафедрасы мәжілісі (№ ___ хаттамасы «» 201 ж. ) мен Ауылшаруашылығы ғылымдары жоғары мектебінің әдістемелік комиссиясы (№ ___ хаттамасы «» 201 ж. ) қаралып, баспаға ұсынылған.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік кеңесі баспаға ұсынған,

хаттама № ___, «» 201 ж.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, 201 ж.

©М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 201

Басылымға жауапты аға оқытушы Палманова А. А

Кіріспе.

Адамның іс - әрекеті табиғаттың дамуына ерекше әсер ететін фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделуімен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқалары да өзгеретіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында кейінгі зардаптарында ескеруі қажет. Қоғамдық өндірісті, экономиканы игеру мен дамыту барысында табиғатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. Табиғи байлықты игеріп, оның дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге қастаңдық жасадық. Семейді полигонға айналдырдық, Аралды апатқа ұшыраттық, тың жерлерді эрозияға душар еттік, өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық. Осыған кім кінәлі? Иә, республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді, Отанымызды тастап кетпейміз. Ендеше, ауыр табиғат жағдайына қарсы күресу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.

Топырақты эрозиядан және дефляциядан қорғау пәнінің мақсаты - Топырақтың әртүрлі табиғи және антропогендік факторлардың әсеріне пайда болған ластанудан туатын эрозия түрлерін меңгеру. Түркістан Облысында кездесетін топырақ эрозиясының түрлерін ажыратып онымен күресу жолдарын қарастыру.

Топырақты эрозиядан және дефляциядан қорғау пәні міндеттері - эрозияға ұшырайтын жерлердің сызбасын сызып күресу шараларын ұйымдастыру.

  • Химиялық ластанудың зардаптары.
  • Тәлімі және суармалы егіншілікте болып жатқан ластану және құнарсыздандыру көздерін жою.
  • Қазақстан Республикасының жер ресурстары мен топырағының жағдайы.

Топырақты эрозиядан және дефляциядан қорғау - кең тараған топырақтың эрозиясы (су эрозиясы) және дефляция (жел эрозиясымен) таныстыру. Топырақты эрозиядан сақтаудың өзіндік іс шараларды жасауды үйрету. Қазіргі заманғы топырақ деградациясымен таныстыру және олардың пайда болу жолдары мен шешу іс шараларын дамыту.

Дәріс 1 . КІРІСПЕ. Топырақ туралы ұғым. Топырақтың құрылысы және құнарлылығы. Топырақ түзуші факторлар.

1. Топырақ туралы түсінік. Топырақ құраушы факторлар.

2. Топырақ түзуші факторлар. Топырақтың морфологиялық белгілері.

Топырақ - жер қабығының ең үстін алып жатқан құнарлы қабаты. Топырақтың ерекше қасиеттерінің әсері осы ортада өсімдік өніп, тамыр жүйесі дамып, өсіп жетіліп, фотосинтез арқылы органикалық заттар түзіп халыққа азық-түлік, өндіріске шикізат беруін қамтамасыз етеді. Топырақтың құрылысын, құрамын, қасиеттерін, пайда болуымен дамуының заңдылықтарын, географиялық таралуын, қоршаған ортамен байланысын, табиғаттағы маңызын, топырақты жақсарту және құнарсызданудан қорғау, халық шаруашылығында тиімді пайдалану жолдарымен әдістерін зерттейтін - топырақтану ғылымы.

Топырақтану ғылымының негізін XIX ғасырдың аяғында орыстың ұлы ғалымы Василий Васильевич Докучаев (1846-1903) қалады. Өткен ғасырдың басында топырақтану жаратылыстану ғылымының жеке жаңа саласы болып қалыптасты.

Топырақ туралы ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінік В. В. Докучаевтың жемісті еңбегінің нәтижесінде пайда болып, дами түсті. Ол 1879 жылы Санкт-Петербургте жаратылыстану қоғамында жасаған баяндамасында-«топырақ дегеніміз жердің үстіңгі, қабатында жатқан, қарашіріндімен азды-көпті мөлшерде боялған, тірі ағзалардың, ауа райының, жер бедерінің өзара қарым-қатынасы әсерінен пайда болған минералды-органикалық жаралынды зат» - деп көрсеткен.

Топырақтану ғылымының алға басып, дамуына ерекше әсер еткен жоғарыда көрсетілген ғалымның топыраққа берген анықтамасында келесідей үш үлкен мән бар. Біріншіден, топырақ ерекше табиғи дене ретінде қаралып, оның басқа табиғи денелерден ерекшеленетін қасиеттері бар екендігі. Екіншіден, топырақтың жаратылу, даму жолы бар тарихи дене екені айқындалды. Үшіншіден-топырақтың қоршаған ортамен, басқа табиғи денелермен тығыз байланысы бар екенділігі көрсетілді. Топырақты агрономиялық бағытта зерттеуде орыс ғалымдары П. А. Костычев (1845-1895) және В. Р. Вильямс (1863-1939) үлкен еңбек атқарады, П. А. Костычевтың топырақты өсімдіктер өсу ортасы ретінде қараған бағытын дамыта отырып В. Р. Вильямс: «топырақ-өсімдіктің өніп-өсуіне жағдай туғыза алатын жердің қопсыған үстіңгі қабаты», - деп анықтама берді. Қазіргі кезде жоғарыда аталған ғалымдардыњ еңбектерін жалғастыра, дамыта отырып ғалымдар топыраққа төмендегідей анықтама береді.

Топырақ-тау жыныстарының бұзылу қабатының үстіне орналасқан, тау жыныстарының, ағзалардың, климаттың, жер бедерінің және уақыт ағымның өз ара қарым-қатынасы әсерінен түзілген құнарлылығы бар, қызметі алуан түрлі, күрделі құрамды, көп бөлімді ашық құрылымдық жүйе.

Егер жер бетіндегі табиғи денелерді тірі ағзаларға (жан-жануарлар, өсімдіктер) және жансыз денелерге (тау жыныстары, минералдар) бөліп қарайтын болсақ, онда топырақтың осы екі топтағы денелердің аралығынан орын алатын ерекше дене екенін байқаймыз. Ойткені ол академик В. И. Вернадскийдің (1863-1945) анықтауы бойынша әрі тірі, әрі өлі денеден құралған.

Топырақты ерекше табиғи дене ретінде қарауымызға бірінші себеп, оның құрамында әрі минералды, әрі органикалық заттардың және айрықша органикалық, органикалық-минералдық заттар тобының- қарашіріндінің болуы. Ал, екінші себеп оның құрамында тірі ағзалар: өсімдіктердің тамыр жүйесі, топырақта қоныстанған жәндіктердің және неше түрлі орасан көп микроорганизмдердің болуы, сөйтіп оның тірі бөлігін құрауы. Сонымен бірге, топырақ көп бөлікті күрделі жүйе екенімен де ерекшеленеді.

Адамзат топырақтың құнарлығын пайдаланып оны ауыл және орман шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде қолданады. Әр түрлі өсімдіктер егіп, мал жайып өнім алады. Топырақты қолданғанда олар топырақтыњ түзілу процесіне әсер етеді, оның құрамының, құрылымының және физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан топырақ адамзат еңбегінің туындысы, жемісі ретінде де саналады. Сөйтіп, топыраққа адамзаттың қатынасы үш жақты болып келеді. Біріншіден - топырақ табиғи ерекше дене, екіншіден-ол негізгі өндіріс құралы, үшіншіден - ол адамзат ењбегінің туындысы, жемісі.

Жер ғаламшарында топырақ сан-алуан экологиялық қызметтер атқарады. Осылардың ішінде топырақтың атқаратын келесідей басты әлемдік қызметтері бар.

Бірінші және ең бастысы-топырақтың жер бетінде тіршіліктің негізгі өзегі болуы. Топырақтан әуел баста өсімдіктер, су және қоректік заттар сіңіріп өнім құрайды, ал олардан жануарлар және адамзат қоректік заттарды алып пайдаланады. Топырақта тіршілікке керек биофильды элементтер шоғырланады, өсімдіктердің тамырлары жайылады, онда көптеген жәндік түрлері және орасан көп микроағзалар қоныстанған. Топырақсыз табиғаттағы ағзалар кешенінің тіршілігі жоқ. Сонымен бірге айта кететін бір жәйт, топырақ өзі тіршілік салдарынан пайда болады және өзі тіршіліктің жалғасуына себепші болып келеді. Сөйтіп биосфералық процестердің диалектикалық бірлігін дәлелдейді.

Топырақтың екінші әлемдік қызметі-табиғаттағы үлкен геологиялық және кіші биологиялық зат айналымының өзара қарым-қатынасының жүріп тұруына әсер етуі.

Жер бетіне шыққан тау жыныстары бұзылу процесіне ұшырайды. Осы бұзылу қабатының үстінде топырақ пайда болып, биофильды элементтерді шоғырландырады. Ал осы элементтерді өсімдіктер пайдаланады және бірнеше сатылы өзгерістен кейін олар қайтадан топыраққа оралады (биологиялық зат айналымы) . Топырақтан элементтердің бір бөлігі жауын-шашын мен шайылып өзен-көлдерге, мұхиттарға барып шөгінді тау жыныстарын құрайды. Олар геологиялық даму кезеңінде қайтадан жер бетіне шығады немесе басқа күйге көшеді (геологиялық зат алмасуы) . Топырақ осы екі зат айналымның қарым-қатынасының реттегіш және байланыстырушы бөлігі.

Топырақтың үшінші әлемдік қызметі - атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын реттеуші болуы. Топырақтың тыныстануы өсімдіктер фотосинтезіне және тірі ағзалардың тыныстануына, атмосфераның жерге жақын қабатының химиялық құрамының біркелкі болуына үлкен әсер етеді. Сонымен бірге гидросфераға құрлық бетінен барып жиналатын заттардың құрамында топырақ жамылғысының әсерімен байланысты болып келеді.

Топырақтың төртінші әлемдік қызметі биосфералық процестерді реттеуші болуы. Соның ішінде халықтың жер бетіндегі тығыздығына әсер етуі. Топырақ құнарлығының өндірілуіне байланысты өсімдіктердің өніп-өсуіне қажетті жағдай пайда болады.

Топырақтың бесінші әлемдік қызметі-органикалық заттарды және олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына шоғырландырып жинауы. Құрамында 4-6 пайыз қарашірінді бар, яғни әр гектарға шаққанда 200-400т қарашірінді бар топырақта, 20-30 тонна антрацит көмір бойында бар энергия жиналған.

Адам өмір сүретін табиғи ортада, яғни экосферада топырақтың алатын маңызы өте зор. Өйткені топырақ көмегімен адамзат қолданатын азық-түліктің, өмірге керек өндірістік шикізаттардың басты бөлігі алынады. Ғалымдардың есептеулері бойынша жер шары халықтарының пайдаланатын тамағының 98 пайызы жердің құнарлы қабаты арқылы алынатынын көрсетеді. Сондықтан топырақ ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде өте маңызды роль атқарады.

Қазіргі топырақтану геология ғылымынан дамып, бөлініп шыққан және әліде геологиямен тығыз байланысты болып келеді. Топырақтың шығу тегін, дамуын, топырақ жамылғысының жер шарында таралу ерекшеліктерін, оның минералдық құрамын зерттеуде геология ғылымының үлкен маңызы бар.

Топырақты және оның құнарлығын зерттеу барысында топырақтану ғылымы үшін микробиология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы, өсімдіктану, жануартану, экология ғылымдарымен байланысының қажеттілігі туады.

Топырақтанудың кең ауқымды түрде басқа ғылымдармен қатынасының тығыз болуы топырақтың ерекше табиғи дене екендігіне және алуан түрлі ғылымдар зерттейтін жер геосфераларының тоғысқан межесінде топырақтың пайда болып, оның дамуының әрі қарай жүріп жатқандығында. Топырақтану ғылымы дами отырып қазіргі кезде әр- алуан ғылыми бағыттағы тарауларға бөлінеді.

Бастапқыда бұл ғылымды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Біріншісі-жалпы топырақтану (іргелі), екіншісі-арнайы топырақтану (қолданбалы) .

Жалпы топырақтану бағытында ғалымдар топырақтың негізгі қасиеттерін, пайда болуын, таралуын, жіктелуін зерттейді. Ал арнайы топырақтану бағытында ғалымдар топырақты пайдалану барысында туатын мәселелерді зерттеп, анықтайды.

Іргелі топырақтану ғылымының дамыған салалары: топырақ морфологиясы, топырақ физикасы, топырақ минералогиясы, топырақ географиясы, топырақ тарихы, топырақ құнарлығы, топырақты қорғау, топырақ картографиясы ж. б.

Арнайы топырақтану бағытында осы ғылымның салалары-ауыл шаруашылық топырақтануы, орман шаруашылығы топырақтануы, инженерлік топырақтану, мелиорациялық топырақтану, экологиялық топырақтану болып келеді. Топырақтану ғылымы жоғары дәрежеде ауыл шаруашылығымен, оның ішінде егіншілік саласымен тығыз байланысты.

Геология - Жердің құрылысын, құрамын, пайда болуын, даму тарихын және оның үсті мен қойнауында өтіп жатқан түрлі құбылыстарды зерттейтін ғылым. Грек тілінен аударғанда «геология» - жер туралы ғылым деген мағынаны білдіреді (гео-жер, логос - ғылым) . Жер қабығы үздіксіз өзгерістерге ұшырап, дамуда болады. Сондықтан жер қабығының даму заңдылықтарын, оның құрамын, қасиеттерін жақсы зерделеп білу халық шаруашылығының көптеген салаларын ғылыми негізде, тиімді, тұрақты даму бағытында жүргізу үшін аса қажет.

Халық шаруашылығына аса қажетті пайдалы қазбалар: мұнай, газ, көмір, құрылыс материалдары, тыңайтқыштар өндіруге жарамды кендерді жер қойнауынан тауып, игілікке жаратып және адамзат қоғамына қажет түрлі ғимараттарды салу геология ғылымының заманауи жетістіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

2. Топырақ құраушы факторлар. Топырақ түзуші факторлар

Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші әсер етеді. Осыларға жеке тоқталайық. Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері. Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жәндік те емес -ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбіреулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Бұл организмдер өздеріне керекті көмір қышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес, тастан да алды. Сөйтіп, олар тіпті тасты бірте-бірте бұзып, бүлдіре бастады. Ал үгілген, ұнтақталған тау жыныстары оларға қолайлы мекен болды.

Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығын, оттегінің барын, я жоғын, ортаның қышқылдығын, я сілтілігін таңдамады. Сондықтан да олар табиғатта кез келген жерде кездеседі. Оларға су мен қорек болса, жеткілікті. Бұл бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді. Бұлардың артынша бүлінген тау жыныстарында қыналар мен мүктер өсе бастады. Клетка сөлінде қымыздық қышқылы болғандықтан, қынаның тау жынысының бұзылуына әсері алғашқы микроорганизмдерге қарағанда әлдеқайда белсендірек болды. Қыналар жер таңдамайды. Тау шыңдарында оның сөлінің тасты ерітіп, орнындамайда шұңқырлар қалдыратынын көруге болады.

Сонымен алғашқы тірі организмдер, су, жел және мұздармен бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап қарашірінді (гумус) құрады. Қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап қарашірінді (гумус) құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан, қопсыған, үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашқы құнары аздау топырақтар пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып, алғашқы микроорганизмдер мен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады. Құнары аз топыраққа енді жоғары сатылы өсімдіктердің өсуіне аз да болса мүмкіндіктер туа бастады. Осы алғашқы топырақта өскен шөптер мен бұталар тастардың жарықтарына да шығып, оларды ыдыратты, бұзды. Тастар мен тауларды бүлдірумен қатар өсімдіктер өзі түзген топырақты қорғай даалады. Қарашірік пен өсімдік тамырлары топырақ бөлшектерін біріктіріп, жымдастырып, желден, судың жуып-шаюынан сақтады. Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғары қабаттарында және оның белгілі бір өсімдіктерге қолайлы жағдай жасады. Сонымен араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған топырақ жетіліп, шын мәнісіндегі құнарлы топыраққа айналды, оларда өсетін өсімдіктер, мекендейтін жәндіктер көбейді, төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар, жоғары сатылы өсімдіктер өсіп, тірі жәндіктер мен жануарлар пайда болды.

Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы топыраққа жайғана әсер етіп қоймай, топырақтағы көптеген қосылыстардың бағытына, олардыңқасиеттеріне зор ықпал етті. Мәселен топырақтың әр зонада орналасуына қарай, олардың әрбір граммында мыңдаған, миллиондаған, тіпті миллиардқа шейін микроорганизмдер кездеседі. Олар да өнеді, өседі, өледі. Топыраққа түскен бүкіл органикалық заттарды ірітіп-шірітіп, ыдыратып, оларды әр түрлі газдарға, минералды заттарға бөлетін, органикалық заттардан күрделі топырақ шіріндісін (гумусты) түзетін осы -микроорганизмдер.

Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес, сонымен қатар онда мекен ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар, төменгі және жоғары сатылы жан-жануарлар, құрт-құмырсқалардың пайдасы көп. Мысалы, жауын құрты әр түрлі өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдамды топырақ түйінділерін (капролитті құрылым) шығарып топырақ қабаттарын әрі-бері тесіп өтіп, ондағы су - ауа режимін жақсартады. Осыған байланысты Ч. Дарвиннің «Топырақты адамқоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты бірнеше мыңдаған жылдар бойы жауын құрты жыртып келген деп айтылған сөзі бар (Ч. Дарвин. ) .

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ эрозиясы және онынен күресу шаралары

2. Топырақ құнарлығының азаюы және оны сақтау мен қайта қалпына келтіру

3. Топырақтың ауыр металдармен ластануы

4. Топырақ құнарлылығын анықтау.

Дәріс №2. Жер шарының және жер қыртысының құрылысы

1. Жер әлемінің жаратылуы, қысқаша тарихы мен дамуы.

2. Жердің пішіні, құрылысы, қасиеттері. Ішкі және сыртқы қабаттары.

Ғарыштық кеңістікте жүздеген миллион галактика бар. Олардың бірі Құс жолы галактикасы. Бұл галактика құрамында Күн жүйесі орналасқан. Күн жүйесінің ортасында Күн және оның айналасында 9 планета - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон бар.

Күн - диаметрі 1млн. 341 мың. км болатын аса үлкен ыстық газды шар. Оның диаметрі Жер диаметрінен 109 есе үлкен. Үстінгі бетінің температурасы 6000 0 С, ішкі құрылысының жылулығы 20 000 000 0 С.

Күн әлем кеңестігіне орасан зор (әр секунтта 0, 38 дж) қуат шығарады және ол секунд сайын өз салмағының 4 млн. тоннасын жоғалтады. Күннен бөліп шыққан қуаттың Жерге тек қана ½ трил. 200 млн. бөлігі келіп жетеді. Бірақ осы жеткен күн энергиясы қуаты Жер ғаламшарындағы тіршіліктің оңтайлы өтуіне қолайлы климатты қалыптастырады.

Физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің барлық планеталарын екі топқа бөлуге болады: Күнге жақын орналасқан, жер типті планеталар (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) және сыртқы, Күннен алыс орналасқандар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) .

Жер ғаламшарының орташа диаметрі 12756 км, оның жанында серігі Ай бар. Олардың арасы 384400 км. Айдың диаметрі жердің диаметрінен 4 есе кіші, көлемі Жердікінен 50 есе төмен, Ай тығыздығы 3, 3 г/см 3 , оның салмағы Жер салмағының 1/82 бөлігін құрайды. Ай тартысы Жер тартысынан 6 есе төмен, сондықтан оның атмосферасы жоқ. Ай Жерге және оның құбылыстарына әсер етеді.

Күн жүйесінің жанында оның көлемінен 1 есе асатын аралықта бірде жұлдыз байқалмайды. Ал осы қашықтақтан кейін күн жүйесіне жақын орналасқан 8 жұлдыз бар. Ең жақын жұлдыз Проксима (Альфа Центавра) - Күннен 4, 2 жарық жыл аралығында орналасады. Олардың ең жарық жұлдыздары - Сириус пен Порцион. Сириус Күнен 26 есе жарық, Порцион - 12 есе.

Күн сәулесі мен күн жүйесінің планеталарының пайда болуы туралы әр түрлі гипотезалар бар. 18 және 19 ғасырларда неміс философы И. Канттың және француз физигі П. Лапластың гипотезалары тарады. И. Канттың теориясы бойынша барлық ғаламшарлар құрылған материялар, планеталар және кометалар басында шашыраған элементарлы бөлшектер түрінде болды. П. Лаплас бойынша таралған материя тұман ретінде болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ туралы түсінік
Егіншілік жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау
Топырақ эрозиясы және оның түрлері
Су эрозиясына әсер ететін факторлар
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Эрозия түрлері
Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық жағдайлары
Қазақстанның топырағы
Өлкенің топырағы
Топырақтың ластануы, су эрозиясы болатын аймақтағы эрозияға қарсы күресті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz