Тұтынушылық несиелендіру проблемалары мен жетілдіру жолдары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: Кіріспе
: 6
МАЗМҰНЫ:

1 Тұтынушылық несиелендірудің экономикалық мәні мен мазмұны

1. 1 Тұтынушылық несиелендiрудiң ұғымы және несие жүйесінде алатын орны

1. 2 Тұтынушылық несиелердің жіктелуі

1. 3 Тұтынушылық несиенi ұйымдастырудың шет мемлекеттердегi тәжiрибесi

:

9

9

19

23

МАЗМҰНЫ:

2 «БТА Банк» АҚ тұтынушылық несиелендiруiн ұйымдастыру және экономикалық талдау

2. 1 «БТА Банк» АҚ техникалық -экономикалық сипаттамасы

2. 2 2005-2007 жылдар аралығындағы «БТА Банк» АҚ тұтынушылық несиелендiрудi талдау

2. 3 Қазақстан Республикасының екiншi дәрежелi банктерімен тұтынушылық несиелендiрудi талдау

:

29

29

38

50

МАЗМҰНЫ:

3 Қазақстандағы тұтынушылық несиелендiрудiң даму мәселелері мен перспективалары

3. 1 Қазақстандағы екiншi деңгейдегі банкiлердің тұтынушылық несиелендiрудi жүзеге асыру мәселелері

3. 2 Қазақстан республикасында тұтынушылық несиелендiрудiң даму бағыттары

:

57

57

63

МАЗМҰНЫ: Қорытынды
: 68
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған қайнар көздер тізімі
: 70
МАЗМҰНЫ: Қосымшалар А, Ә, Б, В, Г
: 72

КІРІСПЕ

Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын арттырады. Бұл тұрғыда БТА клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ, несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру және т. б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.

Қазақстандағы тұтынушылық несиелендiру жүиесi әсiресе белсендi осыдан 3-4 жыл бұрын, жеке тұлғаларды несиелендiру көлемi ұлғая бастаған кезде дами бастаы. Алғашында несие алу үшiн кепiлдiкке мүлiк берумен қоса, үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруi қажет болатын, қазiргi кезде ол шарт емес. Кейбiр банкiлер «кепiлдемесi» жылына 16-24 пайыздық несиелер бередi.

Ел экономикасы мен банктың секторлар үшiн жергiлiктi несиелендiрудiң маңызы өсуде, банк жүйесiндегi активтарындағы жергiлiктi несиелендiрудiң үлес 3 есе ұлғая түстi.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан жақты іс әрекет етеді, себебі коммерциялық банктерде несие ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасады. Коммерциялық банктердің базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Банктің несиелік операциялары өте табысты болғанымен, банктік операциялардың ішіндегі ең тәуекелді болып келеді.

Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар рөлін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілер мен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші - банк, ал қарыз алушы болып қаржылық ұйымдар немесе қаржылық емес агенттер болуы мүмкін. Қаржылық ұйымдарға мақсатты қорлар, банктер, арнайы несиелік мекемелер кіретін болса, ал қаржылық емес агенттерге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кіреді. Бұл кезде несиелеу объектілеріне меншікті айналым қаражаттары, материалдық запастар жиынтығы, өндіріс шығындары, сыртқы экономикалық қызметке байланысты экспорттауға немесе импорттауға арналған тауарлар, азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтар және басқа да күрделі жұмсалымдар жатады.

Шығыс елдерiнiң көрсеткiштерiмен салыстырғанда, бiздiң елiмiздегi несиелендiру нарығының өсу қарқынын байқауға болады.

Қазiргi уақытта Қазақстандағы тұтынушылық несиелендiру нарығындағы бiрталай өзгердi, ұлғайды.

Бiрiншi ондыққа кiретiн банкiлердiң барлығы жеке тұлғаларды несиелендiру бойынша өз программаларын ұсынады. Баспана мәселесiн шешуге, автокөлiк сатып алуға берiлетiн несиелерiнен басқа да көптеген тауар, жиһаздан ұялы телефонға дейiн сатып алуға берiлетiн несиелер түрлерi қосылуда.

Қазiргi кезде тұтынушылық несие Қазақстан Республикасының экономикасы мен қаржылық секторының маңызды құрамы.

Тұтынушылық несиелендiру түрiн әрi қарай дамыту үшiн саяси және экономикалық тұрақтылық шаруашылық заңдылықтарының сақталуы дұрыс орындалуы қажет. Несиелiк келiсiм-шарт жүргiзген кездегi екi жақтанда бiрдей сенiмдiлiк болу қажет.

Былайша айтқанда несие немесе несиелiк карточка беру кезiнде, банк несие алушының несиенi жұмсау, қолдану кезiнде табыс қысқармайтынына, азаимайтынына сенiмдi болу керек. Несие алушыда банктың қаржылық жағынан тұрақтылығына сенiмi мықты болу керек.

Егерде екi жақтың бiреуi өз мiндеттерiнен безген жағдайда екiншi жақ заңды түрде қаржылық жағдайын оперативтi және минималды шығын шығарып өз мүддесiн қорғауға жағдайы болу керек.

Тауар немесi тұрғын үйдi қарызға сатып алу елiмiздi банкiлерiмен ұсынылған. Бiрақ, қазiргi кезде Қазақстанда несие көбiнесе табысы жоғары тұлғаларға берiледi.

Дипломдық жұмыстың мақсаты тұтынушылық несие нарығындағы даму жолдарын, Қазақстан Республикасындағы несиелендiру тәжiрибесiнiң дамуын талдау, несиелендiру кезiндегi пайда болған маңызды мәселер мен сұрақтарды шешу жолдарын iздестiру.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесi сұрақтар қарастырылды.

-коммерциялық банктармен берiлетiн тұтынушылық несиелендiрудiң дамуының теориялық жағымен танысу,

-тұтынушылық несиелендiрудiң негiзгi даму жолдарын қарастыру,

-тұтынушылық несиелендiрудiң шет елдiк тәжiрибесiн қарастыру,

тұтынушылық несиелердiң берiлу және даму тәжiрибесiн бағалау және талдау,

-тұтынушылық несие берiлу кезiндегi туындайтын қиыншылықтар және оларды шешу жолдары.

1 ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1Тұтынушылық несиелендiрудiң ұғымы және несие жүйесінде алатын орны

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оның экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қаңағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегіндегі банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор . Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан жақты іс әрекет етеді, себебі коммерциялық банктерде несие ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасады. Коммерциялық банктердің базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Банктің несиелік операциялары өте табысты болғанымен, банктік операциялардың ішіндегі ең тәуекелді болып келеді.

Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар рөлін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілер мен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші - банк, ал қарыз алушы болып қаржылық ұйымдар немесе қаржылық емес агенттер болуы мүмкін.

Қаржылық ұйымдарға мақсатты қорлар, банктер, арнайы несиелік мекемелер кіретін болса, ал қаржылық емес агенттерге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кіреді. Бұл кезде несиелеу объектілеріне меншікті айналым қаражаттары, материалдық запастар жиынтығы, өндіріс шығындары, сыртқы экономикалық қызметке байланысты экспорттауға немесе импорттауға арналған тауарлар, азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құрал-жабдықтар және басқа да күрделі жұмсалымдар жатады. Нарық жағдайында банктің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды болып отыр.

Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығы.

Жалпы банктердегі қарыз капиталы келесі көздер есебінен қалыптасады:

  • депозиттер;
  • банкаралық займдар;
  • депозиттік емес көздер;
  • коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.

Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші мен қарыз алушы болады. Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Ал қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болады.

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір обьектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиенің келесідей формалары бар: коммерциялық, банктік, тұтыну, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т. б.

Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.

Банктік несие - бұл банктердің, арнайы қаржы-несиелік мекемелердің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі.

Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін ақшалай және тауар түрінде берілетін несие.

Ипотекалық несие - бұл жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.

Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредиторретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.

Халықаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қайтымдылық және пайыздар төлеу шартымен беру бойынша халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз алушының қозғалыс формасы.

Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:

  • мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді;
  • несиелеу обьектілері бойынша: негізгі қорларға және айналым қорына берілетін несие;
  • несиелеу әдістері бойынша: қалдық бойынша несиелеу және айналым бойынша несиелеу т. б.

Алдымен сұрақтың терминологиялық жағына тоқталатын болсақ, «функция» түсінігі ғылымда және тәжірибеде кең түрде қолданылады. «Функция» латынша «functio» «атқару», «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді.

Несиелер келесідей функциялар атқарады:

  • қайта тарату;
  • нақты ақшаларды несиелік операциялармен алмастыру;
  • ақша айналыс шығындарын үнемдеу;
  • тауар айналысын жеделдету.

Несиелендіру принциптері: қайтымдылық, мерзімділік, төлемділік, несиенің мақсатты сипаты, несиенің материалдық қамтамасыз етілуі және несиенің дифференциалды сипаты.

Жалпы несиелендіру процесінде пайыздық мөлшерлеменің алалтын орны зор. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субьектілері - қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші болатын кредитор және қарыз алушы.

Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функцияны орындайды: тарату және банктің несиелік потенциалын арттыру. Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста қарыз пайызы пайыздық мөлшерлеме түрінде болады. Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.

Тұтынушылық несие халықтың әр-түрлi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру көзi болып табылады.

Тұтынушылық несие алу кезiнде қарыз алушы жеке тұлға, ал несие берушi-несие мекемесi және әр-түрлi формалы жеке меншiк кәсiпорындар мен мекемелер болып табылады. Тұтынушылық несие ақшалай және тауарлары форма ретiндеде берiледi.

Нарықтық экономикалық мемлекеттерде тұтынушылық несие халыққа қызмет көрсететiн ыңғайлы және пайдалы формасы ретiнде экономикада ерекше роль атқарады. Сондықтанда ол мемлекет тарапынан айрықша реттеуге ұшырайды.

Реттеу несиенi беру сатысында ғана емесе әрi қарай қолдану сатысындада атқарады.

Банктер клиенттерді несиелендірген кезде олардың төлем қабілеттілігін, менеджментін, сонымен бірге олардың өндірісті өркендетуге деген ниеттерін зерттейді.

Ауыл шаруашылық қарыз алушыларды несиелендірудің тәуекелі өте жоғары болып табылады. Бұл олардың көбінде қажетті несиені қамтамасыз етуге өтімділігі жоғары кепілдің болмауымен, сонымен бірге басқа экономика секторларымен салыстырғанда өндірістің тиімділігін көрсететін экономикалық дәлелді бизнес-жоспарларды дайындаудың төменділігімен тсіндіріледі.

Бiздiң мемлекетте 1987 жылға дейiн тұтынушылық несиелендiрудiң әсiресе екi түрi қолданылады ұзақ мерзiм қолданылатын тауар сатып алу несиесi және тұрғын үй салу саласында жеке тұлғалық және кооперативтiк.

Шаруашылық нарықтық формасының пайда болу процесiнiң басталуымен өндiрiс тоқтап, тауар айналымы азайып, жеке меншiктiк коммерциялық структуралар көбеюiне байланысты, тауарлардың төлем уақытын ұзарту арқылы сатып алу формасында тұрғындарды несиелеу өз мағынасын жоғалтты.

Тұрғын үй салу саласын несиелеу және басқа да тұтынушылық несиелердi ұсынады 1987 жылы өз қарамағына СССР-дың Жинақтау банкiсi, 1991 жылдан Қазақстанның жинақтау банкiсi алды.

Банктің атқаратын рөлі бөлшектенген және бірлескен клиентурасының депозиттерді қабылдау мен шоғырландыру және де осы құралдармен қауіпсіз түрде және нәтижелі әрекет жасау.

Ақырғысының басты негізі, шағын және орта бизнесінің дамуы үшін арналған қаржы ресурстары, бұл қаражаттарды қажет етіп отырған клиенттер үшін, міндетті түрде керек мөлшерде қамтамасыз етіп және де қызметтік басқаруды дамыту және қамтамасыз ету үшін басты ссуданың түскен пайдасы мен оның пайыздарының есебінде жабу арқылы алынады. Орта және шағын бизнестің тұрақты түрде дамуы мен жоспарлау кепілдемесі қатаң талаптағы ұзақ мерзімді несие болып табылады.

Халықтың тұтынушылық жағдайын несиелеу Қазақстанның Жинақтау банкiсiмен заңды тұлғаларды несиелендiру принципi бойынша атқарады қайтарымдылық, жеделдiк, тиiмдiлiк, төлемдiлiк принциптерiн қатаң сақтау.

Несие берудiң маңызды принциптерiнiң бiрi несие алушының төлем қабiлеттiлiгi.

Қазiргi уақытта Қазақстанның БТА Банкi келесi қарыз түрлерiн бередi.

-ағымдық мақсаттар үшiн;

-күрделi шығындарға жұмсалатын несие;

-тұрғын үй сатып алуға берiлетiн қарыз, ипотека;

-емделуге, демалуға және оқуға берiлетiн қарыз.

Күрделi шығындарға жұмсалатын несие өздерiнiң жеке меншiк кiрiстер бар азаматтарға және пенсионерлерге Халық банк бөлiмiмен берiледi. Бұл несие әр-түрлi тұтынушылық мақсаттарда үй жиһаздарын, транспорттық, техникалық құралдарын сатып алу, тойлар ұйымдастыруға жұмсалады. Несие азаматтарға 18-ден 70 жылға дейiн, несие алушы 75 жасқа толғанша қайтарылу керек шартымен берiледi. Кепiлдiк ретiнде Халық банкi келесiлердi алады.

-ҚР тұрақты табысы бар азаматтарының кепiлдiктерi;

-ҚР Халық банкiнiң клиентi төлем қабiлеттiлiгi бар кәсiпорындармен мекемелер кепiлдiгi кепiлдiкке берiлген құнды қағаздар.

Әр кезеңде пайдаланатын несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынандай кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілеттілігін талдау;
  • несиелік келісім-шарт жасасу;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

Бірінші кезеңде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бақылаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

Екінші кезең қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудын бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: “Кәсіпорын балансы” ( №1 форма) ; “ Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы” (№2 форма) ; Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма) ; сондай-ақ Қазақстан Республикасы статискалық есеп формасы “Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” (№1-Ф-мерзімді- тоқсандық формалары) ;

Үшінші кезең несиелік келісім-шарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.

Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектісі, несиенің мөлшері, ссуданы бері мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілуі мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

Төртінші кезең несие беру кезеңі. Бұл кезең ссудалық шот формасын ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданың беру тәсілін анықтайтын несиені ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Бесінші кезең несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау - несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасында банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.

Халыққа тұтынушылық несие берумен басқада коммерциялық банкiлер айналысады. Көбiнесе бұл банкiлердiң өздерiнiң несиелiк ресурстарын қалыптастыру үшiн тұтынушылардың салымдарын қажет етедi. Коммерциялық банктерден несиенi құнды қағаздарды кепiлдiк қойып және ТМЗ, жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi кепiлдiкке қоюға болады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстанның халық банкi» -сының тұтынушылық несиенiң екiншi түрi капиталдық шығындарға жұмсалатын несие ұзақ мерзiмдi несиенiң банкпен берiлген соманың қалай жұмсалғаны жайлы отчет, құжат талап етедi.

Азаматтарға құрыс жағынан реконструкция және баспана мәселесi жағынан көмек көрсету мақсатымен банктерге 3 баспаналы несие беруге рұқсат етiлген;

-үй құрылысына арнап жер сатып алуға жер несиесi арналған қысқа немесе ұзақ мерзiмдi несие;

-пәтер сатып алуға арналған ұзақ мерзiмдi несие.

Халық банкi ұзақ мерзiмдi несие бередi бау-бақшалық үйлер құрылысына және бау-бақша учаскесiн салуға арналған несие 5 жыл уақытқа берiледi.

Несие қарызгермен жер учаскесiн пайдалану уақытында жұмсалыну қажет. Бұнымен қатар бұл уақыт банкiден қарыз алған күннен бастап 2 жылдан аспауы керек. Белгiленген уақыт өтiсiмен қарызгер банкiге өзiнiң несиенi қалайша қолданылғаны жайлы отчет беруi керек. Егерде қарызгер несиенi толығымен жұмсамаған болса, банк басқармасы қарызгердiң арызын қарастырып несиенi пайдалану уақытын тағы 1 жылға созады. Егерде отчетты уақытында көрсетпеген болса банк берiлген қарызды уақыттан бұрын көтермелi пайызбен төлетуге құқылы.

Несие бойынша төлемдер банк кассасына ақшалай түрде квартал сайын төленедi.

Қарызгер төлем саласын үлкен мөлшерде құйып тастауға құқылы. Егерде төлемдер уақытында түспесе банк қызметкерi келесi кварталдың бiрiншi айының 15-не дейiн, уақыты өткен несие шотына уақытымен түспеген сананы аударады. Несиенi қолданғаны үшiн пайыздар орнатылған рет бойымен есептеледi.

Несие берiлген күннiң 1 қарсаңында есептелген пайыздар, несиенiң 1-шi төлемiмен қоса төленедi, ал келесi қарсаңда несие қалдығы бойынша кезектi төлеммен қоса төленедi.

Қазiргi уақытта жеке азаматтарға бақшалы үйлер салу құрылысына шаруашылық ұжымдармен мекемелер банкiде заң тұлғасының атына ортақ сомаға несие ала алады.

Бұл жағдайда кепiлдiк және басқа құжаттарсыз бау-бақшалық серiктестiктiң анықтамасы ғана қажет, өйткенi ұжым қарызгер үшiн жауапкершiлiктi өз мойына алады, демек қарыз және ол бойынша талант ететiн пайыздың төлеуiне ұжым кепiлдiк бередi. Осылайша банк алдында қарызгер, заң тұлғасы болады.

Несие алған қарызгердiң жеке отчеты талап етiлмейдi, өйткенi заң тұлғасы ұжым банкiге қаражаттың қалай жұмсалғаны жайлы жиынтық отчет бередi;

-5 жылға дейiн уақытқа ауыл аймағында сатып алынған үй, баланың өлшемi құны бойынша. Несиенi сөндiру мерзiмi несиенi алғаннан кейiнгi келесi кварталдан басталады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ипотекалық несиелендіру жүйесі
Коммерциялық несие саясатының мақсаттары
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Несие операцияларының түрлері және олардың есебі
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру
Несиенің мәні және оның айналым капиталын басқарудағы рөлі
Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz