Экологиялық мәдениет ұғымы


Мазмұны
- КІРІСПЕ3
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ4
2. 1 Экологиялық мәдениет ұғымы4
2. 2 Қазақстанда қоғамдық сананы экологияландыру4
2. 3 Экологиялық мәдениетті таратуда Жапонияның тәжірибесі5
2. 4 Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу жолдары5
- ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ6
- ТАЛДАУ10
- ҚОРЫТЫНДЫ12
Зерттеу өзектілігі. Біздің елімізде Ақсу ферроқорытпа, Павлодар мұнай- химия және алюминий, Актөбе химия, Атырау мұнай өңдеу деген ірі зауыттар орналасқан. Бір жағынан зауыттардың салынуы жаңа жұмыс орындарының көбеюіне, инвестициялардың өсуіне, инфрақұрылымның дамуына жағымды әсер тигізеді, дегенмен, өнеркәсіп орындары экологиялық мәселелерге әкеліп соғатын барша адамзатқа мәлім. Сонымен, әр түрлі экологиялық проблемалардың артуымен, оның ішінде, атмосфераға улы заттардың шығарылуы, ағынды судың ластануы, жаһандық климаттық өзгерістері барлық адамдар арасында экологиялық сана сезімін (сауаттылығын) ояту қажеттілігін тудырды.
Бұл дегеніміз азаматтың қоршаған ортаға әсерін тигізетін іс-әрекеттер алдында жауапты болуы және адамзат пен табиғат арасында ажырамас байланысты түсіну деген мағынаны білдіреді. Экологиялық мәдениет адамның күнделікті өмірде кездесетін нәрселерде байқалады, мысалы, тек қана арнайы белгіленген жерлерде қоқысты тастау және оны бөлек сұрыптау, суды орынды пайдалану және жеке көлік пайдалану орнына қоғамдық көлікті пайдалану. Осындай жеңіл әрі табиғатқа жағымды әсер ететін факторлар қазіргі заман талабына сай, бірақ оларды көпшілікке тарату күрделі әрі бірнеше сатыдан тұратын үрдіс болып табылады.
Қоғамдық сананы экологизациялау үшін Н. Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында қоғамдық сананы жаңғыртудың «прагматизм» деген бағытта, халықты табиғатты көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстану туралы мәлімдеді [1] . Осыған байланысты Тұнғыш Президент Қоры жәрдемімен ұйымдастырылған «Әлеуметтік идеялар мен жобалар -2017» жәрмеңкеде эко-инновацияларды, «жасыл» ғылыми- техникалық, салауатты өмір салты мен азаматтық жауапкершілікті насихаттауға бағытталған жобалар мен бастамалар көрініс тапты [2] . Жеңімпаздарға одан әрі дәріптеу мақсатында инвестициялар бөлінгенін атап өткен жөн. Осындай жобалар, бағдарламалар, ресми құжаттар біздің мемлекеттік саясатымыз дұрыс бағытта екендігін дәлелдейді.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан халқының жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Қазақстанның экология саласында қабылданған заңдар мен мемлекеттік бағдарламаларды зерттеу;
- Экологиялық саясаты дамыған Жапония мемлекетінің тәжірибесі негізінде Қазақстанға қолайлы әрі тиімді тәсілдерді анықтау;
- Зерттеу сұрақтарына сай сандық және сапалық талдау жүргізу;
Зерттеу гипотезасы: егер білім беру мекемелер балаларды ерте жастан табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелесе, нәтижесінде, жастар арасында экологиялық мәдениет пен сана-сезімі деңгейі көтеріледі.
Зерттеу міндеттерге сай төмендегідей зерттеу сұрақтар құрастырылды.
- Экологиялық мәдениет дегеніміз не?
- Қазақстанда халықты экологияландыру жолында қандай нақты шаралар жүргізеді?
- Жапония мемлекеті халық арасында экологиялық сауаттылығын қалай қалыптастырды?
- Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу мәселесін қалай шешуге болады?
Бірінші сұрақ негізінде әлеуметтану мамандар мен басқа ғалымдардың «экологиялық мәдениет» тұжырымдамасы туралы әртүрлі түсіндірмелер және ол қамтитын құндылықтар туралы мәлімделеді, сонымен бірге, респоденттердің пікірін білу үшін ақпаратты бастапқы қадамнан алуға болады, яғни сауалнама жүргізу аясында. Ал екінші сұрақ Қазақстан мемлекеті қабылдаған нормативті құжаттардың, заңдардың, Декларациялар мен ұлттық бағдарламалардың мазмұны бойынша мәліметтерді қамтиды. Келесі сұраққа тоқталсақ, экологиялық саясаты жоғары дәрежеге жеткен- Жапония мемлекетінің осы салада даму жолын талдап, біздің елімізде қолдана алатын тиімді тәсілдерді анықтаймыз. Төртінші сұраққа жауап беру үшін шет елдердің жемісті тәжірибесін қолдана отырып және Қазақстанның ерекшеліктерін есепке алып, экологиялық сананы тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін анықтау.
Негізгі бөлім Экологиялық мәдениет ұғымыАлғаш рет «экологиялық мәдениет» ұғымды Д. С. Лихачев енгізген, оның ойынша, экологиялық мәдениет мәселені зерттеген кезде біз этикалық - рухани құндылықтарға назар аударуымыз қажет және экологиялық жағдайға сыртқы факторлармен бірге, адамның ішкі әлемінің, мәдениетінің деңгейі әсер етеді. Сонымен қатар, әр түрлі әлеуметтану ғылымының мамандары экологиялық мәдениетті әр түрлі жақтардан қарастырады. Мысалы, В. Межжерин пікірінше, экологиялық мәдениетті ғылыми, технологиялық, діни, философиялық, әдеби салалар бойынша қарастыру болады. Ал, С. Н. Глазачев құрамына экологиялық іс - әрекеттің мотивациясы, экологиялық білім және табиғатты сақтау, оны қорғай алу үшін кіретін экологиялық мәдениеттің негізін сендіру, экологиялық сана құрайды деп есептейді [3] .
Бірақ «экологиялық мәдениет» терминді кеңірек талдау үшін «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «экологиялық білім», «экологиялық тәрбие» деген ұғымдармен тығыз байланыста қарастыру керек. «Экологиялық сана» дегеніміз - адам мен табиғаттың үйлесімді дамуында (табиғи ресурстарды пайдалану, қайта өңдеу) негізделген ойлау қабілеті. Табиғаттың пайдасын ойлайтын адам қоршаған орта алдында өз жауапкершілігін сезініп, өз іс- әрекетімен, мінез- құлқымен қызығушылық танытады. Бірақ экологиялық сананы толық түсіну үшін оның екі түрін қарастыру қажет, яғни антропоценттік және экоцентрлік.
Антропоценттік экологиялық сана адамды ең жоғарғы құндылық ретінде есептейді. Ал табиғатты прагматикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурс ретінде қарастырылады. Мұндай ойлау қабілетін меңгерген адам табиғатты қорғауды тек қана келешекте оның табиғи ресурстарын пайдалану мақсатымен істейді. Экоцентрлік түрі табиғат пен адамның үйлесімді әрекеттесуіне негізделген. Бұл жағдайда табиғат пен адамның дамуы өзара тиімді бірлік процесі ретінде қарастырылады, яғни адамдар қоршаған ортаны өз пайдасы үшін емес, табиғаттың игілігі үшін сақтап қалуға тырысады [4] .
Сонымен бірге, сауалнама аясында экологиялық саналы адамға тән қасиеттер анықталады. Адамдардың көпшілігі, біріншіден, су, энергия және басқа ресурстарын үнемдеп пайдалану қабілеттілігі экологиялық санаға кіреді деп санайды. Екіншіден, «жасыл» өмір салтын жүргізу, оның ішіне тұтынуды азайту, қайта өңдеу деген принциптер жатады. Сондай-ақ, респоденттер экологиялық таза әдістерді табуға, жануарларға күтім көрсетуге және экологиялық жобалар мен іс- шараларға қатысуға ерекше көңіл аударды.
Қазақстанда қоғамдық сананы экологияландыруҚазіргі таңда Қазақстан үкіметі мемелекетті «жасыл экономика» көшу үшін үлкен жұмыс атқаруда. ҚР Коституция қабылдағаннан кейін заңдарға енгізілген өзгертулердің бірі - экологиялық тәрбие мәселесі жөнінде болды. Оның бірі 2007 жылы қабылданған экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасында экологияны қорғауды қамтамасыз ететін негізгі қағида «Экологиялық кодекс» деген құжат. Оған сүйене отырып II тарауда “Жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен міндеттері” бөлімінде жеке тұлға қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға міндетті екендігін мәлімдейді. Сонымен бірге, кәсіпорындар қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нормативтік жобаларды және тағы басқа шараларды қабылдауға тиісті [5] .
Мемлекет тарапынан экологиялық білімді кеңінен тарату үшін тағы басқа да нормативті құжаттар қабылдалған. Мысалы, ҚР экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің ұлттық стратегиясы, Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің ұлттық стратегиясы (1998ж. ), Экологиялық білім беру бағдарламасы (1999ж. ), 2004 - 2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің концепциясы. Олардың мақсаты: Республиканың тиімді және қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасау, экологиялық балансты сақтау, ұтымды және орнықты экологиялық пайдалануды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының тұрғындары табиғат ресурстарын унемдеп пайдалануға, табиғат байлықтарын сақтауға, экологиялық талаптарды сақтауға міндетті.
Сондай-ақ, Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында аса пәрменді шаралардың бірі - қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, экологиялық ахуал екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан әр түрлі саладағы заңдар аясында экологиялық бағыт ең жиі қайталанады.
Экологиялық мәдениетті таратуда Жапония тәжірибесін пайдалануБүгінгі күні Жапония табиғи ресурстардың қорғалуына үлкен көңіл бөледі және халықаралық аренада бірінші орын алады. Сондықтан экологиялық таза технологияларды қолдану ғана емес, сондай-ақ басқа елдерді білікті мамандармен қамтамасыз етеді. Бұл - өткен ғасырдың 80-90 жылдарында пайда болған ұзақ мерзімді және стратегиялық саясаттың нәтижесі. 1991 жылы Жапония Республикасының Білім министрлігі мектептер үшін экологиялық білім беру бойынша нұсқаулық әзірледі, ал 1997 жылдан бастап жапон министрлігі экологиялық мектептер құру бойынша жобаны бастады [6] . Осындай білім беру мекемелеріне қойылатын талаптардың бірі қоршаған ортаға қатысты білімді практикалық қолдану арқылы жеткізу, экологиялық таза ахуалды құру болып табылады. Экологиялық мектеп ғимараттары тек экологиялық білім беру ғана емес, сонымен бірге экологиялық таза болуы керек. Бұл үшін таза жаңартылатын энергия көздері - күн және жел энергиясы, жаңбыр мен қайта өңделген су пайдаланылады. Ғимараттардың төбесінде ағаштар мен бақша отырғызылады. Экологиялық стандарттарға сай болу үшін Білім министрлігі мектептерге арнайы гранттарды ұсынады.
2003 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтің негізгі идеясын, оны жетілдіру мен экологиялық білім беру негізгі идеясын қамтитын, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық білім беруді ынталандыратын заң күшіне енді [7] . Сонымен бірге Жапонияның жергілікті билік органдары қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білім беруді жетілдіруге бағытталған басқа концепциялар мен мақалалар ұсынды.
Қазіргі таңда Жапонияда тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асыруға үлкен назар аударылып отыр және осыған байланысты экологиялық білім ерекше рөл атқарады. Елдің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірқатар бөлімшелерін, ал көптеген университеттерге экологиялық мәселелер бойынша курстардың кең көлемін ұсынылды. 1980-шы жылдардың соңында қабылданған өмір бойы білім беру тұжырымдамасына сәйкес, еріктілік және экологиялық тәрбиемен байланысты басқа да қоғамдық іс-шараларда әртүрлі жастағы адамдардың оқушылардың жасына байланысты таңдалуы маңызды рөл атқарады.
Осы елдің тәжірибесін талдағаннан кейін, біздің еліміз үшін тиімді болатын жолдарды қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекет ретінде жақсы жобаланған және қолданыстағы нормативтік базаны енгізу қажет.
Екіншіден, оқу орындарында экологиялық білім берілуі тиіс.
Үшіншіден, азаматтардың жеке санасын түрлі іс-шаралар, жарыс, олимпиадалар арқылы дамыту керек.
Төртіншіден, мектепке дейінгі дайындық кезеңіне, бастауыш сыныптағы және орта білім беруде, кәсіби және еңбек жұмысы барысында экологогиялық мәдениетті насихаттауды жалғастыру.
Бесіншіден, халық арасында экологиялық мәдениеті негізінен қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырылып, біз ғаламтор, теледидар, газет пен журнал жәрдемімен экологиялық сананы таратуымыз кажет, яғни адамдардың назарын Жапония сияқты мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау тәжербиесі мен жетістіктеріне көңіл аударту.
Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу жолдары
Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу үдерісі қиын әрі ұзақ деп есептеуге болады, себебі бұл халықтың сана сезімінің өзгеруімен байланысты. Сондықтан ол бірқатар қадамдардан тұрады: біріншіден, адамның табиғатқа көзқарасты өзгеру керек және қоршаған орта алдында жауапкершілік сезімін тудыру қажет. Екіншіден, жастар арасында ғаламдық экологиялық мәселелерге қызығушылық таныту. Үшіншіден, күнделікті өмірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, яғни барлық салаларда экологиялық таза (шынайы) тәсілдерді қолдануға тырысу.
Мектепте бала кезден бастап мұғалімдердің көмегімен оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру мүмкіндігі бар. Біріншіден, балаларды қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға тарту: мектептік сенбіліктер, экологиялық экспедициялар, зерттеу жобалар, шығармашылық сайыстар және т. б. Мысалы, қоршаған ортаны қорғауға арналған ғылыми конференциялар адамдар арасында қазіргі экологиялық мәселелердің таралуына және шешу жолдарын ұсынуға септігін тигізеді.
Екіншіден, география, валеология, биология, қоғамтану пәндеріне «Экология» курсын қосу. Сабақ аясында оқушылар табиғи ресурстардың және балама энергия көздерінің маңыздылығын туралы ақпарат алады. Егер осындай шаралар мемлекет тарапынан қабылданса және барлық қазақстандық оқу орындарларға таратылса, бұл табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және құрметтеуге көмектеседі.
Бұл үшін Қазақстан бойынша барлық мектептерге қажетті кадрлармен және керекті жабдықпен қамтамасыз етуге мемлекет қосымша инвестицияларды бөлу керек. Осыған орай біздің үкіметіміз экологиялық мәдениетті дамытуға бағыттайтын мемлекеттік бағдарламаны қабылдау керек.
Зерттеу әдісіЗерттеу сұрақтарына жауап беру үшін сандық және сапалы әдістер қолданылды. Сауалнамаға әр түрлі жастағы адамдар және түрлі мамандықтармен айналысатын 70 адам қатысты. Осылайша, қатысушылар туралы жиналған ақпарат бойынша нысанды талдау жасау үшін респоденттер белгілі топтарға бөлінді. Бірақ зерттеудің фокус тобы - Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары болып табылады. Фокус-топтың зерттеу тақырыбына сәйкес таңдалды, атап айтқанда, зерттеу мақсаты жастар арасында экологиялық білімді таратудың тиімді жолдары. Сондықтан зерттеу үшін жастардың пікірлері мен көзқарастары аса маңызды. Төменде сауалнама көрсеткіші мен олардың талдау нәтижелері көрсетіледі.
Кесте №1. «Респонденттерің жынысы»
Барлық респонденттердің 55, 78% әйелдер, ал ер адамдар 44, 78% құрады.
Кесте №2. «Респоденттердің жасы»
Графиктен көріп отырғанымыздай, негізгі контингент 12-18 жас аралығындағы адамдардан құралған (43, 28%), яғни мектептер, колледждер мен университеттердің окушылары мен студенттері. Сауанамада белсенділік бойынша екінше орын 19-25 жастағы адамдар (37, 31%) алды. Алдыңғы топтағы 30 пайыздық айырмашылықпен келесі жас санаты 56 жастан асқан респоденттер құрды. Содан кейн 26-35 аралығындағы (5, 97%), 35-45 және 46-55 (2, 99%) аралығындығы респоденттер сауанамадан өтті.
Кесте №3. «Экологиялық мәдениет түсінігі»
№3 кесте бойынша респоденттердің көбі экологиялық мәдениет бұл адам мен табиғат арасында үйлесімдік деп түсінеді (62, 69%) . Сауалнама қатысушылардың 53, 73% қоршаған ортаға жеке жауапкершілік, 46, 27% моральдік- этикалық нормалар, 43, 28% адам тазалықты сақтау керек деп жауап берді. Ал адамдардың ең шағын бөлігі экологиялық мәдениет отбасынан, мектептен меңгерген тәрбие деген жауап берді (14, 93%) .
Бұл сұраққа бірнеше жауап нұсқасын таңдауға болады. Жалпы барлық жауаптар өздігінен дұрыс, ал тандалған жауап респоденттің жеке құндылықтарына мен көзқарастарына тәуелді. Нәтижелері бойынша 12-18 жас аралығындағы респоденттер экологиялық мәдениет дегеніміз - ең алдымен, әрбір адамның экологияға жаупкершігі екендігіне сенімді, ал содан кейін ғана табиғат пен адам арасында үндестік деп есептейді. . 46-56 аралығында адамдар экологиялық мәдениетті тәрбиелеу жүйесі ретінде қарастырады. Мұның себебі аға ұрпақ білім беру мекемелері бізге білім беру, мінез-құлық нормалары, көзқарастар мен құндылықтар беруі міндетті екендігіне толық сенеді.
Кесте №4. «Экологиялық саналы» адам ұстанатын ережелер
Берілген кесте экологиялық мәдениетті меңгерген мінез-құлық ережелері туралы мәлімет береді. Респоденттердің көбі экологиялық саналы адам табиғи ресурстарды үнемдеп жұмсайды (69, 70%) деп ойлайды. Екінші орында шамалы айырмашылықпен «жасыл» өмір салтын жүргізу (46, 97%) және экологиялық таза жолдарын табу(45, 45%) деген нұсқалар көрініс тапты. Сонымен бірге, жануарларға күтім жасау (33, 33%) және экологиялық жобалар мен іс- шараларда қатысу (28, 79%) жауаптарда кездескен. Ал 3, 03% өз нұсқаларын ұсынды, атап айтқанда қоқыстарды бөлек сұрыптау, әртүрлі қоқыстарға арналған жәшіктерді орнату.
Бұл сұрақ жоғарыдағы сауал сияқты бірнеше жауап нұсқасын таңдау мүмкіндігін көздеген. Сауалнама нәтижелері 12-18 жас аралығындағы жастар «жасыл» өмір салтын жүргізуде қызығушылық танытуда. «Жасыл» өмір салтын саналы қолдану, қайта пайдалану, тұтыну мөлшерін азайту және қайта өндеу деген қағидалардан негізделеді. Ал «Қазақстан - 2050» стратегиясының бесінші сын-қатеріне сәйкес баламалы және «жасыл» энергитикалық технологияларды дамытумен бірге қайта өндеу бизнесті дамыту мәселелері көтерілді [8] . Осылайша, жастардың азаматтық ұстанымы бар және мемлекеттік бағдарламаны ұстанатындығы туралы қорытынды жасауға болады. Сондай- ақ, 46-56 және 56 жастан асқан адамдар экологиялық саналы адам жануарларға күтім жасайды деп санайды.
Кесте №5. «Экологиялық жаңалықтар алатын ақпарат көзі»
Бесінші кесте бойынша біз экологиялық білімді таратудың жолдар туралы ақпарат ала аламыз. Бұл сұрақ ақпаратты берудің ең тиімді әдісін анықтауға көмектеседі. Ғаламтордың өсіп келе жатқан тұтынуымен бірге ол ақпарат берудің ең тиімді жолы болды (59, 70%) . Басқа жауаптар теледидар арқылы 11, 94%, газет пен журнал арқылы 10, 45%, жолдастар мен туысқандар арқылы 10, 45% жүзеге асатындығы анықталды. . Радио болса, бұл респоденттер арасында ең аз таңдалған жауап болды (5, 97%) . Жеке жауап ретінде респонденттер экологиялық мәселелер туралы оқу орындарында сабақ кезінде біле алады деп жазды.
Нәтижелерге сәйкес ҚР Ақпарат және байланыс министрінің айтуынша 2017 жылы Қазақстан бойынша ғаламтор тұтынушылар халықтың 77% құрайтыны бағаланды, бұл ғаламатордың жаңалық берудің ең тиімді жол екендігін дәлелдейді [9] . Дегенмен, теледидар, газет және журналдар аға ұрпақ арасында танымалдылығын жоғалтпайды. Мысалы, 2014 жылы «Білім және Мәдениет» ашылған арна көпшілікке ғылыми-танымдық ақпаратты, қоғамдағы адам құндылықтарды танытуға бағыт алды. Осындай керекті мәлімет беретін арналар мен бағдарламалар экологиялық мәселелерді қозғайды. Жеке жауап ретінде респоденттер мектептегі сабақтар аясында қажетті ақпаратты алатындығын атап көрсетті.
Кесте №6. «Қазақстанда экологиялық мәдениет даму деңгейі»
Респонденттердің 49, 25% экологиялық білім берудің орташа деңгейде деп есептейді. Мұны қабылданған заң жобалар, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік бағдарламалар дәлелдеп отыр. Сонымен бірге, көптеген адамдар, әсіресе аға ұрпақ, экологиялық мәдениеттің төмен деңгейде екендігін алға тартып отыр (35, 82%) . Бұл адамдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарды жеткілікті білмейтіндігіне байланысты болуы мүмкін. Сауалнамаға қатысқандардың ішінде экологиялық білім беруді жоғары деңгейде бағалаған адамдар бар (14, 93%) . Жоғары баға қойған респоденттердің жасы 12-18 жас санатына жатады.
ТалдауЗерттеу жұмыста сапалық әдістер қолданылады, атап айтқанда PEST- талдау. Экологиялық білім мен экологиялық мәдениеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік, техникалық өмір салаларына әсер ететін оң және теріс жақтары қарастырылуы мүмкін.
P - саяси
Артықшылықтар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz