Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-12
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..13-25
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-19
1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-25
ІІ-тарау. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі ... ... ... ... 25-
2.1. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-37
2.2. Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның моделі мен ... ... 37-42
2.3. Жоғары оқу орындарындағы болашақ мамандарды дайындаудың тәжірибелік жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университет білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені адам-адам жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы - белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының қалыптасу проблемасы бойынша білім қоры жинақталған. Оларға философтардың жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М.М. Бахтин, В.С. Библер, Н.А. Бердяев, Л.В. Коновалова, О.Н. Крутова, М.К. Мамардашвили, А.Г. Шварцман, т.б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өзінің өмірлік орнын айқындау мен экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей педагогикасы мен психологиясында адамның мәні адам өз өміршендігінің субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі ретінде қарастырылады: Б.Г.Ананьевтің, А.Г. Асмоловтың, Л.С. Выготскийдің, О.С. Газманның, Э.В. Ильенкованың, Н.Б. Крылованың, Л.Н. Куликованың, А.Н. Леонтьевтің, В.Н. Мясищевтің, С.Л. Рубинштейннің, В.И. Слободчикованың және т.б. еңбектерінен көруге болады. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде білімберу сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин қарастырған [25, 304]. Келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар. Оларда, нақты айтқанда, казақ халқының педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы туралы зиялы тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеумен байланыстырып сөз етіледі [31, 168]. Адам тұлғасының дамуына қазақ халық педагогикасының әсері туралы ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев қарастырған, тұлғаға әсер етудің эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін С.Ұзақбаева [72], Ә.Табылды [70, 3] зерттеген. Оқушы жастардың тұлға ретінде қалыптасып, дамуына қазақ халқының көркем мәдениетінің даму рөлі туралы М.Балтабаев зерттеген [12,168]. Бірақ өкінішке орай, білім берудің қалыптасқан жүйесі, директивті педагогиканың теориялық көзқарасы мен әдістерінің жүйесі ретінде қаралады. Оның психологиялық мазмұнында оқушы-студент туралы пассивті, тәуелді және өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға қабілетсіз деп түсінік беріледі, яғни осындай тұлға болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындай алмайды [(К.А. Абульханова - Славская)3, 199; (А.Г.Асмолов) 11, 3-12; (А.Булынин)21, 22-26; (Л.М. Митина) 48, 28-38; (А.В. Мудрик) 49, 80; (А.В. Петровский) 57, 44-53]. Осы дағдарыс жағдайынан шығу жолы бірінші ретте, білімберуді тұлғалық ұстанымдарға және жеке қөзқарасқа қайта бағдарлауда болады [(Ш.А. Амонашвили) 9, 560; (Б.М.Бим-Бад) 15, 3-9; (Т.В.Габай) 23, 160; (С.М.Джакупов) 28, 195; (Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы) 40, 31; (М.М.Мұқанов) 50, 90-95; (Ж.И.Намазбаева) 52, 3-10; (2030 жылдарға дейін ҚР білімберудің даму стратегиясы) 68, 11]. Білім беру жүйесіндегі тұлғаға бағытталған көзқарас гуманистік парадигманы іске асырумен байланысты (оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясы мен әдістерінің жүйесі), яғни тұлғаның өзіне және оның құндылықтарына бағыттаушылық [(Ш.А.Амонашвили) 9, 560; (Т.В.Габай) 23, 160; (Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы) 40; (Ж.И.Намазбаева) 52, 3-10; (2030 жылдарға дейін ҚР білімберудің даму стратегиясы) 68, 11].
Философияда тұлға әлеуметтік және биологиялық сипаттамалары бар адам ретінде анықталады. Әр адам, тұлға бола тұра, бір жағынан, жеке болады, екінші жағынан - әлеуметтенген болады, яғни әлеуметтік маңызы бар қасиеттерімен сипатталады. Әлеуметтік сипаттамалар маңызды болып анықталады: дәл солар өмірдегі жетістікті анықтайды. Кезкелген адамның әлеуметтік түрі болады. Тұлғаның түрі қоғамның түрімен анықталады.
Психологтар үшін тұлға - психиканың сапасы, ол адамның қоғамда дамуының нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері иерархиясының жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі ретінде, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгертетін адам ретінде, индивидтің бір әлеуметтік қасиеті ретінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды дамытудың және болмысының жеке формасы ретінде қарастырылады.
Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының, өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, тұлға ұғымы басқарудың, өзін-өзі басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін, сезімдерін реттеудің тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.
Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері ретінде келесі тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам мәдениеті мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы, аксиологиялық көзқарас. Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми негіздерін өндіріп, біріктіреді. Оның мәні - болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған, индивидтің тұлғалық қызметтерін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйенің бағдарлануында. Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарасы оқыту процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім беру ортасын жасауға бағытталған.
Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды қабылдауға деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін, балаларды, оқушыларды және т.б.), оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін сыйлайды. Педагогикалық жәня психологиялық білім берудің негізгі міндеті - оқушыларды өздігінен ойлауға, проблемаларын шешуге, яғни тұлғалық өсуін қамтамасыз ету үшін өз қасиеттерін қолдануға үйрететін педагог-психологты тәрбиелеу.
Білім берудегі тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарас маман тұлғасының шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының, әдістерінің және тәсілдерінің іздестіру аспектісінде орындалатын оның субъектілерінің тұлғалық қызметтерін дамыту мен толық көрініс беру үшін жағдайлар жасаудан тұрады. Студенттердің тұлғаға-бағдарлаушылық дамудың міндеті бірқатар еңбектерде негізделеді (В.В. Сериковтің, А.В. Петровскийдің, А.К. Маркованың және т.б.). Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық-бағдарлаушылық мән-мағыналардың және субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді қалыптастыру деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз. Сондықтан да педагогикалық және психологиялық тұрғысынан болашақ маманның өзін-өзі дамыту іс-әрекеті мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.
Осы проблема Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайымен күрделене түседі де, осыған орай біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістері жоғары дәрежелі мамандар дайындығын талап етеді. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде болашақ маманның кәсіби дайындығы мәселелерінің аспектілері қарастырылады:
1. Мұғалімдердің жалпы педагогикалық дайындығы (Н.К. Крупская [42], Н.В. Кухарев[46], В.А. Сластенин[66], Н.Д. Хмель [56], М.И. Кудабаева[43] және т.б.);
2. Мұғалімдерді дайындау барысындағы кәсіби біліктерді қалыптастыру мәселелері (Б.И. Степашин[67], Н.А. Томин, Н.Ф. Белокур[71] және т.б.)
3. Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер дайындығын жақсартудың аспектілері (О.А.Абдулина [2], Г.А. Кит[38], Т. Камзабаев, К. Капбаев, В. Клочко және т.б.);
4. Мұғалімдер дайындығы мен біліктілігін көтеруді жетілдіру аспектілері (Н.В. Александров [8], Г.А. Победоносцев [58] және т.б.);
5. Педагогикалық мәдениет мәселесі (М.Х. Балтабаев[12], Т.В. Иванова [35], Н.З. Чавчавадзе [75], Е.Н. Шиянов [76]);
6. Болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәселелері (С.Б. Елканов[30], Б.П. Зязин[33], А.И. Щербаков және т.б.).
90-шы жылдары Ресейде, Қазақстанда және жақын жердегі басқа шет елдерінде университеттік білім беру жоғары білім тберу теориясы шеңберіндегі зерттеудің объектісі ретіндегі зерттеу жұмыстары пайда бола бастады:
1. Университеттік білім беруді жетілдіру (Н.С. Ладыжец [47], В.А. Садовничий [62] және т.б.);
2. Университеттік білім беру қызметтерін модернизациялау (Т.С. Садыков [63], К.Н. Нарибаев [53], О.С. Сабденов[61], С.А. Абдыманапов [6] және т.б.);
3. Университеттік білім берудің мақсаты мен міндеттерін дамыту (Т.С. Садыков[63], К.Н. Нарибаев [53], О.С. Сабденов[61], С.А. Абдыманапов [7] және т.б.);
4. Ортақ білім беру кеңістігін құру (В.Е. Шукшунов[77], А.И. Галаган [24]);
5. Жоғары білім берудің жүйелі реформалары (Л.Я. Гуревич [26]);
6. Оқу процесін жетілдіру (Ф.Янушкевич[78], В.А. Кан-Калик [37]);
7. Халықаралық ынтымақтастық (А.К. Құсаинов [45] және т.б.);
8. Білім берудің көп сатылы жүйесі жағдайындағы университет студенттерінің кәсіби қалыптасуы (К.К. Закирьянов [34]).
Сонымен, зерттей келе біздің анықтағанымыз кәсіби тұрғысынан тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық негіздері жасалмаған.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу мекемелері мен 86 жоғары оқу орындарының филиалдары бар, осылардың ішінде 9 жетекші университеттердің ерекше статусы бар. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру мен оларды дайындау жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық жоғары оқу орындары ашылды [22]. Осы жоғары оқу орындарының реестірі аккредидатиялық мүшемен Лиссабондық конвенцияның ережелеріне сәйкес және академиялық мойындау сұрақтары бойынша ұлттық ақпараттық орталықтардың Европалық жүйесіне беріледі.
Классикалық университеттерде педагогикалық-психологиялық мамандықтары бойынша 45-тен 95 %-ке дейін бітірушілер (факультеттеріне қарай) білім алынады екен және осы сан үнемі өсу үстінде. Қазіргі кезде педагогикалық еңбек нарығы ең ашық болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның барлығы болашақ педагог-психологтардың кәсіби өзін-өзі қалыптастыру проблемасының ғылыми қарастырылуы бүгінгі күнде келесі аспектілерде өзекті болатынын көрсетеді:
:: әлеуметтік-саяси жоспарда (2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру);
:: университеттік білім беруді дамыту жоспарында;
:: мектептік білім беруді дамыту жоспарында;
:: болашақ мамандарда әлеуметтік-кәсіби бағдарлау жоспарында;
:: педагог пен студент ынтымақтастығы негізінде педагог тұлғасын дамыту жоспарында.
Қазіргі зерттеулерде қоғамның кәсіби дәрежелі мамандарды талап ету және олардың тұлғасына ерекше талап қою арасында; дағдыларын өздігінен дамыту қажеттілігі мен маманның жеке қасиеттерін дамыту ретінде өзін-өзі дамыту және тәжірибеде осы қасиеттерді қалыптастыру стратегиясының болмауы арасындағы қарама-қайшылық туындап отыр. Негізгі қарама- қайшылықтың мәні тұлғаның өзін-өзі дамуы белгілі бір жағдайда өзін-өзі ұсынудың объективті үдерісі ретінде қаралуында болады екен. Бірақ тұлғаның өзін-өзі дамуының ерікті процесі басталуы үшін белгілі бір қажетті жағдайлардың болуы маңызды және оған басшылық ету керек. Осы іс-әрекеттің мәні ғылымда да, тәжірибеде қарастырылмаған. Сонымен осы зерттеудің өзектілігі бір жағынан тәжірибе талаптарына жауап беруімен байланысты болады және екінші жағынан осындай іс-әрекеттің теориялық негізін анықтау деп қарастырамыз. Осы қарама-қайшылықтың шешілуінің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру барысында зерттеуміздің тақырыбын таңдауға мүмкіндік берді: Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ маманның өзін-өзі дамуын анықтайтын тиімді жолдарын, жағдайлары мен тәсілдерін анықтап, олардың теориялық негіздемесін жасау.
Зерттеудің объектісі: болашақ маманның өзін-өзі дамытудың үрдісі.
Зерттеу пәні: жоғары оқу орындарында болашақ маманның білім беру ортасында өзін-өзі дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық-психологиялық шарттары.
Зерттеудің болжамы: жоғары оқу орындарының білім берушілік ортасы егер маманды дайындаудың бүкіл жүйесі болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда бір пәннің білім мазмұнымен шектелмей, оның маман ретіндегі қасиеттерін дамытуды көздеп, гуманистік, тұлғалық-әрекеттік, мотивациялық-құндылық бағыттарына сүйеніп жасалса, болашақ маманның өзін-өзі дамыту бағытында тиімді әсер ету мүмкіншілігін анықтауға болар еді. Және тұлғалық кәсіби өзін-өзі дамытуға бағытталған білімберу үдерісі мазмұнының, ұйымдастырушылық формалары мен технологияларының тиімді әсерін қамтамасыз ететін жағдайлары жасалып, студенттердің өзбетінше жұмысы мен аудиториядан тыс іс-әрекеті олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту үдерісі өзін-өзі дамытудың, таным мотивациясы мен кәсіби іс-әрекетінің ұстанымдарына сүйенген жағдайларда болады.
Зерттеу мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
- психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан өзін-өзі дамытудың феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
- болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау;
- тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби қалыптасуын анықтайтын факторлар жүйесін жасау;
- болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің методологиялық негізі:
:: жоғары мектеп дидактикасы, білім беру теориясы, жүйелілік көзқарасы теориясы, тұлғаға бағытталған көзқарас теориясы, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы, экзистенционализмнің философиялық аспектілері, ҚР білімберу және тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар;
:: өзін-өзі дамыту үдерісінің тұжырымдамалық бағыттары, оларға жалпы ғылыми категорияларды тұлға, тұлғалық өсу, өзін- өзі дамыту талдау жатады;
:: дамыту педагогикасының идеялары, іс-әрекет теориясының негізгі ережелері (Л.С. Выготский[22], С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев), тұлғаның жалпы психологиялық теориясы (А.В. Петровский[57]), тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамасы (А.Г. Ковалев[39]), басқару теориясы (П.Я.Гальперин), білімберудің гуманистік идеялары (В.А. Сластенин[66], Е.И. Шиянов[76] және т.б.);
:: білім беру философиясы, таным теориясы, тұлға қалыптасуының теориясы ( Л.С. Выготский[22], М.С. Каган, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
:: іс-әрекет тұжырымдамасының негіздемесі (Б.Г. Ананьев[10], Л.С. Выготский[22], А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
:: жоғары кәсіби білім беру аймағындағы жалпы дидактикалық зерттеулері (В.Д. Шадриков, В.М. Филиппов, Ковалев С.В., В.В. Краевский және т.б.).
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің пәні мен логикасына сәйкес, келесі педагогикалық-психологиялық әдістері қолданылады (анализ, синтез, классификациялау, жобалау және т.б.); эмпирикалық (педагогикалық-психологиялық бақылау, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, сауалнамалар, педагогикалық-психологиялық эксперимент, педагогикалық-психологиялық диагностика); математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, шкаласын жасау, ранжирование). Осы әдістерді экспериментальдық жұмыстың негізі болып, қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің тұтастығы қамтамасыз етіледі.
1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан болашақ маманды дайындау үдерісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-методологиялық ережелері анықталған.
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады. Егер жоғары оқу орны өз түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері аумағындағы білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп дайындаса, әр пәннің аппаратын (методологиясын, негізгі ұғымдары мен ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда алынатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады. Жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым екі мағынаны біріктіреді: жүйелі көзқарас пен іс-әрекеттік көзқарас.
Жүйелі көзқарас негізінде біржақты аналитикалық, зерттеудің себептік әдістерінен бас тартады да, объектінің кіріктірілген қасиеттері тұтастығына сүйенеді, олардың пайда болуына, сондықтан да қоршаған ортамен объектінің өзіндегі байланыстар мен өзара әрекеттестігін анықтауға назар аударылады. Жүйелілік көзқарасы - жинақталған термин. Онымен түрлі нақты ғылымдардан және өз объектілерін зерттеудің біртұтас тенденциясымен біріктірілген бағыттарды белгілейді. Жүйеллілік көзқарасы - жүйелі талдау позициясы тұрғысынан біртұтас ретіндегі құбылысты дамытудың мәнді заңдылықтарын кешенді зерттеу болып табылады. Сонымен, Жоғары оқу орындарында жүйелілік көзқарасы кәсіби дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыруға, толығынан талдауға мүмкіндіктерді ашады...

Тірек сөздер: іс-әрекет субъектісі, тұлғалық жетілу, тұлғалық өсу, өзін-өзі дамыту, жауапкершілік, өзін-өзі таныстыру, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дәлелдеу, өзіндік өсу, өзін-өзі белсенділендіру, өзін-өзі өсіру, өзін-өзі жетілдіру.
Қазіргі кезеңдегі қоғамның дамуы психологияға ерекше қызығушылықтың өсуіне әсер етті. Тоталитаризм заманы қайырылмасқа кетті. Нағыз демократияға алыс болғанымен, адамдар өздерін еркін сезіне бастады, мақсат-мүдделерін айқындап , оған бір табан жақындады.
Ғылымда адамға субъект ретінде қарау алдыңғы орындарға қойыла бастады. Соңғы кездері басылымдарда тұлға психологиясының әр түрлі аспектілеріне және оның қалыптасуына байланысты көптеген қызықты мәліметтер пайда бола бастады. Психологтарды, педагогтарды, философтарды, ең алдымен: Адам өзін қалай қалыптастырады? Белсенділігін қалай арттырады? Өмірлік мақсатты таңдау немен байланысты? Дамыған қоғамдағы адамға не қымбат? деген сұрақтар көбірек қызықтырады.
Адам өзінің өмірлік іс-әрекетінің субъектісі, өз өмірбаянының, өз тағдырының авторы. Бұл дәлелді сезіну - психологияда үлкен өзгерістер жасады, бірқатар ерекше ізденістер туындады, іс жүзінде көрсетуге тікелей жол ашты. Еш нәрсе жоқтан пайда болмайды. Субъективтілік идеясын С.Л.Рубинштейн [1], Б.Г.Ананьев [2], А.Н.Леоньтев [3] және тағы басқа ғалымдар қарастырған. Бұл идеяның негіздері қарапайым: егер адам белсенділік көрсетсе, өмірлік мақсаттарын айқындап, жоспарларын жүзеге асыруына мүмкіндігі мол. Л.С.Выготский [4] 1926 жылы жазған Педагогикалық психологиясында мынаны атап көрсеткен: адамды тәрбиелеуге болмайды, ол - өзін-өзі тәрбиелейді, ал айналасындағылар, оған тек тұлға ретінде қалыптасуына қажетті материал береді.
Дамыту - бұл ересек адамдардың ықпалымен оқу-тәрбие жұмыстарына, өзін-өзі дамыту үрдісіне жағдай жасап, барлық субъектілердің қатысуымен іске асатын үдеріс.
Өзін-өзі дамыту, өсіру, жетілдіру, шамасы, өзіндік дамудың дәлме-дәл кескіні болар. Себебі, адам өз бетінше жақсы болуға ұмтылады, идеалға жақындауға тырысды, өз бойында жақсы қасиеттер пайда болуы үшін еңбектенеді, оқып-үйреніп, түрлі істермен айналысады, сол айналысу барысында, оның бойында көптеген жақсы қасиеттер пайда болады. Басқа сөзбен айтсақ, өзін-өзі дамыту - тұлғаның өсу кезінде оның қабілеттерінің, сапасының өсуіне де саналы түрде басшылық ету үрдісі.
Алайда кейбір адамдарға өзін-өзі жоққа шығару жағдайы - өзінің ештеңеге қауқарсыз екенін, керексіздігін, төмендігін дәлелдеу жағатыны да кездеседі.
Тұлғаның өсуі деп аталатын өзін-өзі дамытудың позитивті бағытына көңіл бөліп көрейік. Парапсихологияда, эзотерикада (эзотерика - құпия ілім) тұлғаның өсуі рухани тәжірибе ретінде қарастырылады, сананың өсуіне жоғары ілімді игеру арқылы қол жеткізуге болатыны алға тартылады. Бұл үшін парапсихологиялық қасиеттерді оятатын арнайы құралдарды, болашақты болжау қасиетін, телепатияны, телекинезді пайдаланады.
Ал шетелдің көрнекті психологтары К.Юнг бойынша тұлғаның өзін-өзі дамытуында даралық өсуге, жеке еркіндікке көңіл бөлінсе [5], А.Адлер бойынша ортаны басқаруға басқалардан артық, басым болу жолында білген-түйгенді бір арнаға ғана бағыттауға басым көңіл бөлінеді. А.Адлердің ойынша тұлғаның ішкі күштерінің өзін-өзі дамыту үдерісі әлеуметтену мен тұтастылыққа жету барысында атқарылады, мақсатқа бағытталған шығармашылық ұмтылысына байланысты [6].
Гештальттерапияда Ф.Перлз бойынша өз-өзіне сенімділік, өзін жағдайға байланысты реттеп, қажетті арнаға бағыттау көзделеді [7].
К.Роджерс [8], А.Маслоу [9], секілді гуманист-психологтардың пікірінше, адам - өзінің өмір жолын, рухани дамуын өзі қалыптастыратын біртұтас, ерекше тұлға. Тұлғаның өсуі өзі жеке, автономды болуы, толысуы, психологиясының сау болуының (К.Роджерс) немесе өзінің алдына биік мақсаттар қойып, соны орындауға ұмтылуының (А.Маслоу) арқасында мүмкін болады. Адам - белгілі бір мөлшердегі жауапкершілікті өзіне жүктеп, өзінің жан-жақты дамуына жағдай жасап, тығырықтан шығатын жолды тауып, өмірінің мақсат-мүддесін анықтай білуі керек. Мұны күшпен көндіру немесе әдейілеп ұйымдастыру мүмкін емес, сол себепті, өзін-өзі дамытуға мүмкіншілік жасап, тұлғаға бұл үрдіс кезінде көмек көрсетуде, бұрын жақсы нәтиже берсе де, қалыптасқан жолды әдейілеп таңуға болмайды [9].
Егер, біз өздігінен дамуға адам өмірінің барысында уақытта және кеңістікте өрістейтін өзгеше нысан ретінде қарасақ, оның бір мағыналы емес, жан-жақты екенін аңғарамыз. Бұл жерде өзіндік дамуды сипаттайтын жүйелі қимылдан өзіндік тануды сипаттайтын нысанды айыру өте қиын.
Мұның көптеген себептері бар, басты себептерінің бірі - бұлардың көптеген түрлерінің болуы. Өзіндік дамудың түрлерін мынадай сөздермен сипаттауға болады: өзін-өзі таныстыру, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дәлелдеу, өздігінен өсу, өз жоспарын жүзеге асыру және т.б. Бұл сөздерді біріктіріп тұрған Өзін-өзі - деген сөз, осы қимылдардың бәрін адам өзімен байланыстырады, өзіндік Мен деген сөз және адамдардың іс-әрекеттері тек өздеріне тән, жеке-дара болады.
Өзіндік дамудың қай түрлері маңызды? Олар: өзін-өзі дәлелдеу, өзіндік өсу, өзін-өзі белсенділендіру.

*
Өзін-өзі дәлелдеу - бұл өзіңді тұлға ретінде таныту.
*
Өзіндік өсу - бұл өзіңді мақсатыңа жеткізуге тырысу.
*
Өзін-өзі белсенділендіру - бұл өзіңнен бір күш-қуатыңды, шамаңды

тауып, оны өмірде пайдалану.
Осы түрлер өзіндік өсудің нысанын бейнелей алады және олар бір-
бірімен өте тығыз байланыста.
Қазіргі кезде өзін-өзі дәлелдеу психология ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның философиялық, жалпы психологиялық қырларына зерттеу жүргізілуде, әсіресе жасөспірім шақта өзін-өзі дәлелдеудің негативті бағытқа бет бұрып кету мәселелері алаңдатып, осы мәселені кеңінен зерттеуге түрткі болды. Негативті бағытты ашып айтсақ, бұл есірткіге тәуелділік, темекі шегу, арақ ішу, заңға қайшы әрекеттерге бару.
Өзін-өзі дәлелдеу дегенге ғылыми анықтама беретін болсақ: Өзін-өзі дәлелдеу - бұл өзіндік өсу аясында адам өзінің бір қасиеттерін, мінез-құлқын, белгілі бір жағдайларда өзін-өзі қалай ұстауын ашып, оны растайтын ерекше іс-әрекет.
Осы әрекеттердің түп-тамыры өзін-өзі дәлелдеу қажеттілігінен туындайды, ал ол адаммен қатар өмір сүретін, тірі табиғат өкілдері арасында өмір сүру үшін күрестегі алғашқы қажеттілік барысында түзіледі. Өзін-өзі дәлелдеу жалпы адамзатта 3 түрлі кейіпте болады: барлығына ұқсас болу, бәрінен жақсы болу, бәрінен жаман болу (бұл негативті әсерге бой алдырса). Алғашқы екі кейіп өзін-өзі дәлелдеу деп пайымдаймыз, ал үшіншісі - өзін-өзі жоққа шығару.
Өзін-өзі дәлелдеу түрлі басқа да негіздермен, атап айтқанда, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі белсенділендірумен тығыз байланысты. Өзін-өзі дәлелдеу нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ол адамға өзінің қажеттілігін, пайдалылығын сездіреді, өз өмірі мен іс-әрекеттерінің мәнді, мағыналы екенін сезінеді, Мен ешкімнен кем емеспін нұсқауы орындалады, өзін барлық қиындықтарды шеше алатын, керемет бір өзгеше адам ретінде қабылдайды.
К.Роджерстің пікірінше, тұлғаны дамытудың негізгі бағыты - өзіне деген сенімді нығайту мен өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастырудың нәтижесінде субъект мінсіз Менге ұмтылады [8]. Қазіргі тәжірибеде К. Роджерстің тұлғалық өсу тобының әдісі қолданылады. Ондағы қарым-қатынас барысында адамдың адаммен қатынастарын құру үшін қатысушылар бір-бірінің алдында ашылып, өздерінің сезімдері туралы айтады, мәндік мағыналарды іздейді, өмірлік таңдаудың еркіндігін алуға ұмтылады және ол үшін жауап береді. Неғұрлым білікті және қабілетті болу үшін осының барлығы шектеулі рухани әлеуетті ашуға көмектеседі.
Тұлғалық жетілуге теріс әсер ететіндер - өзгерістен қорқыныш, қорғаныс механизмдері, өз ағзасына сенбеушілік, конформизм. Тұлғалық жетілуді түсіндіруде А.Маслоудың [9] зерттеулеріне сүйенеміз: өсу - яғни әлеуеттіліктен қалмау деп түсінеміз. Немесе тұлғалық өсу деп А.Маслоудың қол жеткізген негізгі қажеттіліктері негізінде жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыруды айтамыз.
Тұлғалық жетілуде өзін-өзі белсенділендірудің маңызы зор. А.Маслоудың анықтамасы бойынша, өзін-өзі белсенділендіру - бұл әркімнің өзіне берілген міндетін орындау, өзіне берілген қасиетті пайдалану арқылы айналасына әсер етуі. Өзін-өзі белсенділендіруге қажеттіліктен адамның өз өмірінің мәнін іске асыру мүмкіндігі туындайды [9].
Сонымен, өзін-өзі белсенділендіру үрдісінде адам болмысының екі бағыты тоғысады: өзіндік тану мен өзіндік өсу. Өзін-өзі тану арқылы, адам өзінің қажеттілігін мойындату үшін өз дарынын, қабілетін, мүмкіндіктерін барынша аша түседі және соларды пайдаланады.
Өзін-өзі белсенділендірудің қандай амал-әдістері бар? А.Маслоу оның 8 түрлі жолын бөліп көрсетеді:

1.
Бүкіл болмысымен бастан өткеру.
2.
Өмір әрқашан таңдау үрдісінен тұрады: алға жылжу немесе кейін

шегіну; жеке таңдаулар: өтірік айту немесе шындықты айту, ұрлық істеу немесе ұрламау және т.б., бір сөзбен айтқанда, өсуді таңдау мүмкіндігі.

3.
Адамның өзін-өзі тыңдай білу қасиеті, яғни өзгенің пікіріне емес, өз

пікіріне сүйену.

4.
Адал болу қасиеті, өзіне жауапкершілік ала білу қасиеті.
5.
Ерікті болу қасиеті.
6.
Өз мүмкіндіктерін өзектендіру нысаны және оның қорытындысы.
7.
Қатты күйзеліс, әп-сәттегі рахат сәттеріне кепілдік беруі мүмкін

емес, оны іздеп әуре болудың да қажеті жоқ.

8.
Адамның өз психологиялық патологиясын табуы, одан қорғануы

және оны жоюға күш салуы.
Гуманистік психология зерттеушілерінің бірі - В.Франкл бойынша, адам өмірінің мәні о баста берілмейді, оны іздеп табу керек, оны іздеп табудың үш жолы бар: біздің немен айналысуымыз (шығармашылық жасау және т.б.), біздің өмірден алатынымыз (күйзеліс, қуаныш және т.б.), тағдырымызды өзгерте алмауымыз себепті, солай қабылдауымыз. Осы құндылықтардың үш бөлігі бар: жасампаздық, бастан өткеру, қарым-қатынас [10].
Сонымен, қорыта келгенде, өзіндік даму қиын, күрделі, жан-жақты үрдіс екенін көрдік. Тұлғаны өзін-өзі дамытудағы басты мақсат -- адамның өз қарымы мен қабілетін мейлінше толыққанды жүзеге асыру арқылы өзін таныту және жеке қасиетін ашу мүмкіндігі. Алайда, бұл қасиеттерді басқа адамдардың қатысуынсыз қалыптастыру қиын. Сондықтан қазіргі кезде аталған қасиеттердің дамуына білім беру жүйесінің, әсіресе жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің ықпалының жоғары екені сөзсіз.
ақыл-есі толыспаған сәбидің де түрлі арман-мақсаттары болады. Арман мен мақсат адам өмірінің басты қозғаушы күші. Адам сол ойына алған арман-мақсаттарына қол жеткізіп жатса, өзін бақытты сезінбек. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі мақсат-тілектері орындалмағандықтан, өздерін өмірде жолымыз болмайтын бақытсызбыз деген түсінікпен тірлік кешеді.
Арман-мақсаттың орындалуы үшін не қажет? Ең алдымен, білім, қарым-қабілет, дұрыс бағыт-бағдар, ынта мен құлшыныс керек. Осы аталғандардың бәрінің жиынтығы - адамның үнемі және үзбей өзін-өзі жетілдіруі арқылы келмек. Өзін-өзі жетілдіруге жете көңіл бөлетін адам ойлаған мақсатына міндетті түрде жетеді. Осыған орай, мақсатқа жетудің басты кілті - өзін-өзі жетілдіру десек, жаңылыспаймыз.
Жеке тұлғаныңөзін-өзі жетілдіруі.
Кез келген адам ерікті-еріксіз болсын, өзін-өзі жетілдірумен айналысады. Бойындағы жаман әдеттерден арылу, жақсы әдеттерді қалыптастыру, өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге ұмтылу, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жақсартуға күш салу - осылардың бәрі де өзін-өзі жетілдірудің элементтері. Дегенмен де, өзін-өзі жетілдіру процесі өле-өлгенше және үздіксіз жүретін, ең бастысы саналы әрекет болуы тиіс. Сонда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
Өзін-өзі жетілдіру жолы ұзақ және көп тер төгуді қажет етеді. Содан болар, жұрттың көбі оныңқиындығынан қорқып, қажет екендігін, маңыздылығын сезіне тұра онымен айналысудан қашқақтайды. Осыған орай, өзін-өзі жетілдіріп, ойына алған мақсаттарыныңәрдайым биіктерінен көріне білетін жандар өмірде сирек кезедеседі.
Егер сізді күнделікті бірсарынды ішпыстырарлық тірлік, ұдайы үрей мен қорқынышта болу, тапшылық пен қадам басқан сайын кездесетін қиындықтар жалықтырса, өміріңізді өзгертіп, жаныңыз қалаған іспен айналысуға, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізіп, молшылықта, уайымсыз жаймашуақ тірлік кешкіңіз келсе, онда сол мақсатыңызға жетуге мүмкіндік берер - өзін-өзі жетілдірумен айналысыңыз.
Ол үшін сіздің бойыңызда бірсарынды сұрғыл тірліктен жеріну ғана емес, сондай-ақ, өміріңізді жақсы бағытқа қарай өзгертуге деген үлкен құлшыныс сезімі де болуы шарт. Ынта-құлшыныссыз сіздің ойыңызға алған мақсатыңызды жүзеге асыруға қажетті ерік-жігер күші болмайды. Өйткені, өзін-өзі жетілдіру өле-өлгенше созылатын ұзақ және көп тер төгуді қажет ететін ауыр құбылыс.
Өзін-өзі жетілдірудің түрлері.
Өзін-өзі жетілдіру сан қырлы өте күрделі құбылыс. Сондықтан да, егер сіз осы жолға тәуекел етіп түскіңіз келсе, онда сол бағыттардың бәрін болмаса да, негізгі деген біразын кешенді түрде қамтуыңыз қажет.
Өзін-өзі жетілдірудің бір бағыты - адамгершілік жағынан жетілу. Адамның бойындағы қайрымдылық, кішіпейілдік, сабырлылық, төзімділік сияқты ізгі қасиеттердің бәрі оны айналасынадғылармен жақсы қарым-қатынаста болуына жағдай жасап қана қоймай, өмірде жолын ашып, жұмыста, бизнесте, немесе саясатта болсын, биіктерге көтерілуіне игі ықпалын тигізбек. Сондықтан, ізгі қасиеттерді бойыңызға жинап, жаман әдеттерден арылу - өзін-өзі жетілдірудің басты шарттарының бір екеніні естен шығармағаныңыз жөн.
Екінші бағдар - ақыл-ойды жетілдіру. Адам бала кезінде әрнәрсені білуге өте құштар болады және өмір бойы алатын ақпараттарының 90 пайызын 17 жасқа дейін игереді екен. 25 жастан кейін адамның танымға деген ынта-ықыласы азайып, ілім-білім үйренуге деген құлшынысы кемиді. Егер өзін-өзі жетілдіру бағытында ілгері жылжимын десеңіз, ақыл-ойыңызды дамытуға, яғни оқып-үйренуге үнемі көңіл бөлуіңіз шарт.
Үшінші бағдар - тәнді жетілдіру. 35 жастан кейін адам ағзаларының дамуы тоқталып, ескіріп-тозу, яғни қартаю процесі басталады. Әрдайым сергек, күшті сезініп, ауру-сырқаудан аулақ болғыңыз келсе, жұмысты барлық уақытта құлшына істеймін десеңіз, тәніңізді жетілдіруге, яғни салауатты өмір салтын ұстанып, дене жаттығуларымен шұғылдануға жеткілікті көңіл бөлуіңіз керек.
Тағы бір бағдар - бұл кәсіби біліктілікті жетілдіру. Қай салада, қандай іспен айналыспаңыз, табысқа жетудің кілті - кәсіби біліктілікті үнемі көтеруге көңіл бөлу болмақ. Сондықтан кәсіби біліктілігіңізді жетілдіруге уақытыңыз бен ақшаңызды, күш-қуатыңызды ешқашан аямаңыз.
Міне, осы аталған бағыттар бойынша өзіңізді дамытуға үзбей көңіл бөлетін болсаңыз, арман-мақсаттарыңызға жетуге жол ашылатыны даусыз.
Жасөспірімнің девиантты мінез-құлқын алдын-алу бойынша негізгі бағыттар.
Жасөспірімдердіңдевианттымінез-құлқ ымәселесіқоғамныңөзектімәселелеріні ңбірі. Европа елдерімен Америка елініңстатистикасыбойыншажасөспірім дерарасындағытәртіптіауытқуларауырқ ылмыспенаяқталады. Қазақстанныңжасөспірімдер мен жастарыныңдевианттымінез-құлықтарын ыңдинамикасыжәнетенденциясыбіздіңел де де өзектімәселеболыпотыр. Криминолог, социолог, психолог ғалымдардыңнегізгімәселелерініңбірі девианттытәртіптіңтүрінеқарсытұруды ңнәтижелібағытынойлап табу. Осы қатынастаәлеуметтікқадағалаужәнедев ианттытәртіптіалдын-алусаясатықанда й да болмасынқоғамүшінөзектімәселеболыпт абылады.
Девианттыәсеретудіңалдын-алубойынша жұмыстаркешендііс-шаралардықажетете ді. Аранйыбағдарламанықұрастырудыталапе тпей-ақжасөспірімдердіңдевианттымін ез-құлқыналдын-алуғакелесібағыттарб ойыншаұсыныстарқұрастырайық:
1. Жалпыбілімберетінмекемелеріндежәнек әсібиучилищелердеоқу-тәрбиежұмысынж етілдіружәнесәтсізотбасынаншыққанжа сөспірімдердіңерекшеліктерінеқарайб ейімделудіқолдану.
Жалпыбілім беру мекемелеріндежәнекәсібиучилищелерде оқу-тәрбиежұмысынжетілдірудіңалғашқ ыпринциптерібіздіңойымызшакелесілер болуықажет:
* оқушылардыңөзқызығушылықтарынәртүрл ісалададамытаалуларыүшінжағдайжасау , соныменбіргеоқыту-тәрбиелеупроцесін іңбіріңғайлығынбұзатыноқытудыңальте рнативтіәдісін табу, бұлоқытупроцесініңәртүрлімодификаци ясыменмектептержүйесінқұрастырудықа жететеді;
* мектептентысжәнебілім беру мекемелерінқұру. Мектептентысбілімдіжәнетәрбиенібала ныңрухани, интеллектуалды, эмоционалды, эстетикалықталғамдарыныңдамуыныңүзі лмесжүйесіретіндеқарастыруқажет.
Біздіңойымызшабұлжердежекешелендіру және дифференциация негізінде, оқытудыңерекшерегламентімен, степендиятөлеумен (қызықтырумақсатында) сәтсізотбасыларынаншыққан, оқудеңгеітөменбалаларүшінмектепқұру қажет. Қиын жасөспірімдермектебіндежекешелендір удіңбірнешебағыттарыбойыншаөткізуқа жет, мысалы:
* оқытудыңжекетүрібойынша (оқыту, білімалуүшіноңайоқытуәдістерінтаңда у, оқуқұралдарыныңбарлығынқолдану);
* психико-педагогикалықболжауәдісібой ынша (педагогикалықкөмеккеарнайысыныптар );
* мұндайарнайымектептерді, жалпыбілім беру мекемелеріменбіргекәсібидифференция лдыбілім беру арқылықұру;
оқуорындарындапедагогикалықкадрларм енжұмысістеубағдарламасындаолардыңк валификациясынкөтерубойыншакелесіле рдіұсынады:
* жасөспірімдікжастағыоқушыларменжұмы сістейтінкадрлардыңкәсібиквалификац иясынүнемікөтеріптұруүшінжағдайжаса у;
* қиын жасөспірімдерментілтабысабілетіндік терібойыншапедагогтардыңжұмысынквал ификациялау;
* Арнайысыныптарды қиын жасөспірімдерменқалыптымектептердео сындайбалаларменқосымшажұмысістейті нпедагогтардыматериалдыкөтермелеу;
Мектептентысмекемелердіңжұмысыныңнә тижеліжәнедұрысжүрудеріүшінең аз дегендекелесілерқажет:
1. қалаларда, ауылдарда, бар мәденижәнеспорттықмекемелердіңматер иалды-техникалықбазасынкөтеру;
2. мектептентысбілімберудіңәртүрлерібо йыншаавторлықбағдарламалардыенгізуү шінжағдайжасау;
3. жасөспірімнің бос уақыты, мәденибілім беру қажеттіліктерібойыншанақтыәлеуметті ктексерістерөткізу;
4. төменқамтылғанотбасыларданшыққанжас өспірімдерүшінжеңілдетілген, ақысыз, бос уақытынөткізетінұйымдыіздеу;
5. оқытуорындарындақарым-қатынасүшіноқ ушылардыңмүмкіншіліктерінкеңейту;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Жаңа тұрпатты болашақ маман дайындаудың әлемдік тәжірибелеріне салыстырмалы талдау
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Пәндер