Қазақстан Республикасында депозиттерді сақтандыру жүйесі
Кіріспе
1 Депозитті сақтақтандырудың теориялық аспектілері
1.1 Депозиттерді сақтандырудың мәні мен мазмұны
1.2 Салымдарды сақтандыру механизмі
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
2 Қазақстан Республикасында депозиттерді сақтандыру жүйесіне талдау
2.1 «ТрансОйл» ЖШС.нің экономикалық.техникалық сипаттамасы
2.2 Кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібi
2.3 Қазақстан Республикасында депозиттерді сақтандыру жүйесіне талдау
3 ҚР.ғы депозиттерді кепілдендірудің мәселелері мен шешу жолдары
3.1 Қазақстандағы депозиттерді кепілдендіру жүйесін ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының жетістіктері мен даму перспективалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар А, Ә, Б, В

Қазіргі уақытта өтіп жатқан өзгерістерде жинақ сферасы ол депозит болсын не зейнетақы салымы болсын –аса жоғары назарға алынатын болды. Қазақстанда депозит нарығын тұрақтандырып, жетілдірілген депозитік сауда. Банкроттық бүкіл дүние жүзінде болып тұрады. Бұл нарықтың заңы. Бұдан бір де бір банк сақтандырылмаған.
Сондықтан да салымшылардың мүддесін қорғау үшін Қазақстанда Депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру жүйесі құрылған. Бұл жүйеге депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге куәлігі бар банктердің бәрі кіреді. Банктердің біреуі мәжбүрлеп таратылған жағдайда оның салымшыларына кепілдік берілген өтем төленетін болады.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы - коммерциялық ұйым емес. Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатымен 1999 жылы құрылған. Қордың бірден-бір акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
Бұл саладағы негізгі нормативтік акт 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Бұл заң депозиттерге кепілдік беру және салымшыларға кепілдік берілген өтем төлеу ісіне қатысты негізгі қағидаттар мен ережелерді белгілейді.
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы депозиторлар - жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің

1. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы шілденің 7-сі № 169-III ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы
2. «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2007 жылға арналған экономикалық және әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттары мен экономикалық көрсеткiштердiң болжамы туралы мәлiмдемесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы N 49 Қаулысы
3. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы
4. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-ІІ Заңы
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндама
6. Правила фунционирования системы обязательного колективного гарантирования вкладов физичееских лиц от 08.08.2003
7. Алиева.Р.Р Рекомендации форума // Деловая неделя 2002 жылдың 25 қаңтары
8. Ахметов А КФГВ гарантия личной финансовой безопасности \Банки Казахстана. – 2002. - №11. –б. 37-39
9. Ахметова А. Роль системы гарантирования вкладов населения в прцессе увеличения депозитной базы // Банки Казахстана. – 2003. - №11. – б. 31-36
10. Байтурсынова А\В процесс совершенствования // Деловая неделя 2002 жылдың 19 шілде
11. Волошин В Финансы поют романсы//Континент. 2002. -№24
12. Галкина И. Гарантии и страхи //Эксперт Казахстан 2004 жылдың 26 мамыр б.4-7
13. Жаманов Т. Пути развития страхования //Банки Казахстана. – 2002. - №3
14. Ларин О. Страхование депозитов //Казахстанская правда 2002 жылдың 18 сәуірі
15. Маженова Б. Система гарантирования //Казахстанская правда 2003 жылдың 13 қаңтары
16. Сагындыкова М. Казахстанский фонд гарантирования // Альпари. – 2000. - №5 . б.34-36
17. Садыров А. Проблемы страхования //Предприниматель и право. -2002. - №23. – б. 13
18. Татишев Е. БТА надежный банк независимого Казахстана // Мир финансов. – 2003. - №1
19. Тленова М Зарубежный опыт страхования // Рынок ценных бумаг Казахстана. – 2000. - №10. – б.7-9
20. Хиль М Система гарантирования в зарубежных странах // Банки Казахстана. – 2002. - №1. - б. 40-50

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 Депозитті сақтақтандырудың теориялық аспектілері 10
1.1 Депозиттерді сақтандырудың мәні мен мазмұны 10
1.2 Салымдарды сақтандыру механизмі 21
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі 28
2 Қазақстан Республикасында депозиттерді сақтандыру жүйесіне
талдау 36
2.1 ТрансОйл ЖШС-нің экономикалық-техникалық сипаттамасы 36
2.2 Кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібi 44
2.3 Қазақстан Республикасында депозиттерді сақтандыру жүйесіне 55
талдау
3 ҚР-ғы депозиттерді кепілдендірудің мәселелері мен шешу жолдары
3.1 Қазақстандағы депозиттерді кепілдендіру жүйесін ұйымдастыру 63
мәселелері
3.2 Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының жетістіктері мен63
даму перспективалары
Қорытынды 66
72
Қолданылған әдебиеттер тізімі
74
Қосымшалар А, Ә, Б, В
76
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта өтіп жатқан өзгерістерде жинақ сферасы ол депозит
болсын не зейнетақы салымы болсын –аса жоғары назарға алынатын болды.
Қазақстанда депозит нарығын тұрақтандырып, жетілдірілген депозитік сауда.
Банкроттық бүкіл дүние жүзінде болып тұрады. Бұл нарықтың заңы. Бұдан бір
де бір банк сақтандырылмаған.
Сондықтан да салымшылардың мүддесін қорғау үшін Қазақстанда
Депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру жүйесі құрылған. Бұл жүйеге
депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және
жүргізуге куәлігі бар банктердің бәрі кіреді. Банктердің біреуі мәжбүрлеп
таратылған жағдайда оның салымшыларына кепілдік берілген өтем төленетін
болады.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры акционерлік қоғамы -
коммерциялық ұйым емес. Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторлардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатымен 1999
жылы құрылған. Қордың бірден-бір акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі.
Бұл саладағы негізгі нормативтік акт 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне орналастырылған
депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы
болып табылады. Бұл заң депозиттерге кепілдік беру және салымшыларға
кепілдік берілген өтем төлеу ісіне қатысты негізгі қағидаттар мен
ережелерді белгілейді.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде
орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан
Республикасының Заңы депозиторлар - жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға
бағытталған және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде
орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің
құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын
ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ
жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін
айқындайды.
Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған
жағдайда – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімді, шартты,
талап ету бойынша салымдар, кепілдік берілген салымдар, ағымдағы шоттар,
карт шоттар жататын жеке тұлғалардың кепілдік берілген салымдары бойынша
ақшаны қайтаруды қамтамасыз етеді. Оған:
- көлемі 7 миллион теңге және одан жоғары соманы құрайтын мерзімді және
шартты салымдар(немесе шетел валютасындағы баламасы);
- таратылатын қатысушы банктің бірінші басшылардың және олардың жақын
туысқандарының салымдары;
- бес пайыз және одан жоғары шешуші дауысы бар банк акционерлері және
олардың жақын туысқандарының салымдары кірмейді.
Кепілдік берілген депозиттер бойынша 400 000 теңгеден аспайтын
өтемақы төленеді. Салым бойынша есептелген сыйақыны Қор төлемейді. Бүгінгі
күні Депозиттерді сақтандыру жүйесі ойдағыдай қызмет істеп тұр және оның
резерв қоры ұдайы өсуде. Жүйенің қатысушылары жеке тұлғалардың
депозиттермен жұмыс істейтін барлық екінші деңгейдегі банктер болып
табылады.
Халықтық жинақ кез келген мемлекеттің ішкі инвестициясының қайнар көзі
болып табылады. Мемлекет бұл қаржыны екі басты жолмен: бағалы қағаздар
нарығы мен қаржы мекемелері көмегімен қозғалысқа түсіреді. Қазіргі уақытта
нарықта Қазақстандағы бағалы қағаздардың маңызы артуы тұрғындардың
жинақтарын тарту үшін банктердің дәрежесін көтерді.
Осы шарт негізінде басты тапсырма болып әр мемлекеттің қаржы жүйесінің
негізі –банктер жүйесін нығайту болып табылады.
Банктер жүйесінің қызметі алуан түрлі-ол ақша-несие саясатын,
тәуекелді бағалау жұмысын, есептерді атқарады. Сонымен қатар жұмыс
күрделілігі банктер жүйесін тәуекелге әкеліп, іс-әрекет қиындап, бір
банктің қиындығы мемлекеттің қаржы жүйесіне әсер етуі мүмкін.
Бірқатар елдерде тәуекел қиындығының алдын алу үшін өзіндік банктердің
қауіпсіздік жүйесі құрылған, банктік жүйеге салымшылардың мүддесін қорғау
құрылымы енгізілген. Ол қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
бағытталған кешенді іс-шаралар болады.
Депозиттерді сақтандырудың Қазақстандық жүйесі қайтару схемасын
жеңілдетуге бағытталған, қайтарым көлемін арттыру, сақтандырылатын
депозиттер түрлерін көбейтуге жұмыстар атқарып жатыр. Салымшылар алдында
кепіл болудың тиімді және оптималды түрімен жұмыс жасауға ұмтылуы
Қазақстанда ССД ның әрекет ету уақытында қайтарым схемасы бірнеше рет
ауысқанын көрсетеді. ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктерде депозиттерді
арнайы ұжымдық сақтандыру жүйесінің жаңа Ережесі және депозиттерді арнайы
ұжымдық сақтандыру жүйесінің қызмет ережесі ҚР-ның Ұлттық Банкі
басқармасының 2005жылдың 4 шілдесінде % 200 және 201% шешімімен бекітіліп,
2005 жылы 1 қыркүйекте іске көшкен.Халықаралық тәжірибе мынаны көрсетеді:
клиенттердің несиелік мекемелерге сенімі болып депозиттер кепілдемесі
табылады. Жақсы ойластырылған депозиттерді кепілдендіру жүйесі банктің
қарамағында, таза есеп беру жүйесімен және заң шығарушы нормативті базасы-
қаржылық тұрақтылықтың басты элементі.
Қазақстан көптеген Еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-тың сәтті
тәжірибесіне сүйеніп, ұсақ және орта салымшылардың мүддесін қорғау
мақсатында банктік депозиттерді кепілдендіру жүйесін таңдап алды (СГД).
1999 жылы банк салымшыларын қаржылық қорғау үшін салымшылар кепілі қоры
құрылды.
Қазақстандық кепілдендіру қорының басты мақсаты мемлекеттің қаржы
жүйесінің тұрақтылығы, және де қаржы жүйесін аз білетін тұрғындарды қорғау.
Бұл қатынаста ұсақ және қаржылық білімі аз салымшыларды салымдарының банкті
таратқанда жоғалуынан сақтауға басты көңіл аударылады. Жоғарыда
көрсетілгендерді орындау үшін депозиттерді сақтау жүйесін әрқашан
жетілдіріп отыру керек.
Кепілдік жүйесін жаңарту процесі банктің депозит саясаты есебі,
құрылымы және тұрғындардың банктерге салымы мөлшеріне, тұрғындардың
пайдасына байланысты. Бәрінен маңыздысы Қазақстандық сақтандыру жүйесі
халқаралық стандартқа жақындап келеді, соңғы уақытта оны көріп жүрміз.
Қазақстан халқының білім деңгейін орташа көтеру, қаржы саласында білім
беру, мемлекеттің қаржы саласымен байланысты жаңа өмір стилін қалыптастыру,
бұл осы жүйеге қатысушылардың көмегімен атқарылады. СГД-ның мақсаты мен
тапсырмаларын түсіндіру және оны танымал ету үшін Қор кең масштабты халыққа
ағарту жұмысын жүргізеді. Ол үшін республикалық БАҚ-та осы секторда
ақпараттар беріледі. Депозиттерді кепілдендірудің Қазақстандық жүйесінің
ары қарай дамуы халқаралық тәжірибенің нәтижелі әрекетін, депозитті
сақтандырудың түрлерін кеңейту, жүйе функциясының тәуекелдігін төмендету.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан жағдайында салымдарды
сақтандыруды қайта қарап, оның жұмысының механизмін және шетелдік
тәжірибесін оқып білу, және Қазақстандық салымдарды сақтандыруға мінездеме
беру, оның банктердің іс-әрекетіне әсермен қарап, сонымен қатар
қазақстандық сақтандыру моделінің жеткіліксіз жерлерін көрсету.
Жұмыс мақсаттары:
- Салымдарды сақтандыру кепілдігінің ілімдер негізі мен шетелдік
тәжірибесін оқу;
- Басқа елдердің іс-тәжірибесін біздің елдің жағдайында қайта қарау;
- Қазақстандық Қордың салымдарға кепілдігін сараптау;
- Осы қордың қатысушы банктердің депозиттік саясатына әсерін оқу;
- ҚР-дағы депозиттерді сақтандырудың қиыншылықтары мен шешу жолдарын
анықтау.
1 ДЕПОЗИТТІ САҚТАҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Депозиттерді сақтандырудың мәні мен мазмұны
Экономиканың тұрақтылығының бір факторы болып банк жүйесінің сенімді
жұмыс жасауы. Осымен байланысты екінші деңгейдегі банктердің әрекеті
маңыздылығы артады, салымшылар мүддесін қорғауға кепіл болады.
Банк салымдарын сақтандыру банк секторының дамуының нәтижесі. Қазіргі
таңда депозиттерді сақтандыру жүйесі (ССД) қаржылық инфраструктурасы
дамыған барлық елдерде таралған. Және банк тұрақтылығын, және қаржы
жүйесінің қорғанысын қамтамасыз ететін басты механизм болып табылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі қатысушы банктер
депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған
ұйымдық-құқықтық шаралар кешені болып табылады.
Банк секторында кризиске қарсы осы тәрізді ұйым АҚШ-та 1934 жылы
құрылды, ал қазір ССД әлемде 100-ге жуық елде жұмыс жасайды. ССд-ға
қатысатын 3-жақ болады: банктер-салымдарға жауап береді, салымшы және
банктегі депозиттерге кепіл болатын ұйымдар. Қазақстанда осындай ұйым болып
салымдарды сақтандыру Қоры табылады және ол 1999 жылда құрылды.. 2004
жылғы қарашада Қор Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры АҚ
болып қайта тіркелді.
Қазақстан ССД схемасы АҚШ және Канада сияқты елдер тәжірибесіне
сүйеніп жасалған, оның принциптері қаржылық тұрақтылық форумында
ұйымдастырылған. Халқаралық Валюта Қоры ұсынуына сәйкес. ССД құрылу
мезетінде даму үстінде халқаралық стандартқа жақындауда, кепілденген
депозиттер базасы кеңейген, қайтарым сомасы мен резерв өскен, қайтару
схемасы жылдамдатылып, жеңілдеді. 2004 жылдың сәуірінде Қазақстандық
кепілденген салымшылар Қоры 30 мемлекет-мүшесі бар, Канаданың депозиттер
сақтандыру корпорациясы ынталандырған 2004 жылы қазанда құрылған
Депозиттерді Кепілдендірудің Халықаралық Ассоциациасының (International
Association for Insurers-IADI) мүшесі болды.Ассоциацианың мүшелігі
Қазақстанның депозитті сақтандыру жүйесін жетілдіру мен дамытуға толқыныс
береді.
Қордың негізгі міндеттері – қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге қатысу және қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда салымшылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Осы міндеттерді орындау үшін Қор
мынадай функцияларды орындайды:
- кепілдік берілген өтемді төлейді;
- депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің
тізілімін жүргізеді;
-өз активтерін инвестициялайды;
- кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резерв қалыптастырады;
- конкурстық негізде агент банкті таңдайды;
- қатысушы банкті консервациялау кезеңінде немесе барлық банк операцияларын
жүргізу лицензиясын қайтарып алу кезеңінде тағайындалатын уақытша
әкімшіліктің құрамына, сонымен бірге мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің
тарату комиссиясының және кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне салынған
депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру туралы Заң күшіне енді.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі банктеріне салынған депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру
туралы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Заң Қазақстан банктері салымшыларының құқықтарын қорғауға бағытталған,
депозиттерге міндетті түрде кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің
құқықтық негіздерін, сондай-ақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
қызметінің және коммерциялық банктердің депозиттерге міндетті түрде
кепілдік беру жүйесіне қатысуының тәртібін айқындайды.
Бұл заңды қабылдау қажеттігі Қазақстанның депозиттерге міндетті түрде
кепілдік беру жүйесін таңдаулы халықаралық практикаға жақындата түсуге,
жүйенің ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оған тән болатын
тәуекелдерді азайтуға ұмтылыстан туып отыр. Заң әлемдік тәжірибені және
халықаралық ұйымдардың депозиттерді сақтандыру саласындағы ұсыныстарын,
олардың отандық шарттарға бейімделуін зерттеу және талдау негізінде
жасалды.
Заңға сәйкес кепілдік берілетін өтем мөлшері 400 мың теңгеден 700 мың
теңгеге дейін көбейтілді. Сонымен бірге кепілдік берілетін депозиттердің
тізбесі кеңейтілді: жаңа заңға сәйкес жеке тұлғалардың барлық депозиттеріне
теңгемен және шетел валютасымен сомасына шек қойылмай кепілдік берілуге
тиіс. Бұл 2007 жылдан бастап коммерциялық банк мәжбүрлеп таратылған
жағдайда жеке салымшылардың бәрі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру
қорынан кепілдік берілген өтемді салым мөлшерінде, бірақ 700 мың теңгеден
аспайтын мөлшерде алатынын білдіреді.
Кепілдік берілген өтем теңгемен төленетін болады. Шетел валютасындағы
депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем жасау үшін соттың банкті
мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валютаны
айырбастаудың рыноктық бағамы пайдаланылатын болады.
Салымшылардың агент банк арқылы кепілдік берілген өтемді алуға өтініш
беру мерзімі төлем жасаудың басталғаны туралы хабарландыру жарияланған
күннен бастап үш айдан алты айға дейін ұзартылды.
Банктер үшін Қорға төленетін жарналардың (міндетті күнтізбелік, қосымша
және төтенше жарналар) мөлшері айқындалды. Сонымен бірге 2007 жылдан бастап
банктер тартылған депозиттер бойынша сыйақының ең көп ставкасын өздері
белгілейтін болады.
Жүйені құрудың ынталандырушысы ҚР-ның Ұлттық Банкі болды. Сонымен
қатар Ұлттық Банктің ұйымдастыруымен банктік заңға өзгерістер енгізілді.
Бұл өзгерістер Қорды жаңа қаржы ресурстарымен толықтырып, мемлекеттің
қаржылық органдар жүйесіне әкелді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банк мәжбүрлеп
таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы
банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің принциптерi:
1) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банк шоттарын ашуды және
жүргізуді жүзеге асыратын банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесіне қатысу міндеттілігі;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің айқындығын қамтамасыз
ету;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуіне
байланысты тәуекелдерді азайту;
4) кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервті
қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесінің негізгі принциптері болып табылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым акционерлік
қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өз қызметін Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және жарғының негізінде
жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Депозиттерге
міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы - жалғыз
акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның негізгі
міндеттері:
1) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;
2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдік берілген
депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып
табылады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өзінің
негізгі міндеттерін орындау үшін мынадай функцияларды орындайды:
1) заңдардың талаптарына сәйкес кепілдік берілген өтемді төлейді;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің
тізілімін жүргізеді;
3) өз активтерін инвестициялайды;
4) кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резерв
қалыптастырады;
5) конкурстық негізде агент банкті таңдайды;
6) қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын уақытша
әкімшіліктің құрамына қатысады;
7) қатысушы банктен барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясын
қайтарып алу кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына
қатысады;
8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге
асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтін) кепілдік берілген өтем сомасы
бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің
тарату комиссиясының құрамына қатысады;
9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге

кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы
банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап
оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде өзіне
міндеттеме қабылдайды.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның
депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері
заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату
туралы жазба енгізілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін, бірақ
қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейін ғана тоқтатылуға жатады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым:
1) қатысушы банктердің жарналар төлеуін талап етуге;
2) қатысушы банктерден банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны
құрайтын ақпараты жоқ тартылған депозиттер бойынша мәліметтер сұратуға;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті
кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат
алуға;
4) уәкілетті органнан қатысушы банктердің қаржылық жай-күйі туралы
ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алуға;
5) қатысушы банкке қарыз беруге;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қатысушы
банкте депозитке ақша салуға;
7) қарыз алуды жүзеге асыруға;
8) қатысушы банктің тарату комиссиясынан кепілдік берілетін депозиттер
бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ кепілдік берілетін депозиттер
бойынша кепілдік берілген өтем есебін уақтылы беруін талап етуге;
9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті
кепілдік беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті
органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы
өтініш беруге құқылы.

1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;
2) қатысушы банктердің жарналарды толық әрі уақтылы төлеуіне бақылау
жасауға;
3) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің депозиторларына осы Заңда
көзделген тәртіппен кепілдік берілген өтем төлеуге;
4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде қатысушы банктер және
олардың депозиторлары туралы мәлім болған барлық ақпаратты тек қызметтік
мақсаттарда ғана пайдалануға;
5) уәкілетті органға қатысушы банктердің Қазақстан Республикасының
депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы
хабарлауға;
6) депозиторларға ақпараттарды беруге міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз
функцияларын тиісінше және уақтылы орындау мақсатында Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті ақпарат алады, оны беру
тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті
кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасындағы келісім бойынша
айқындалады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге
асыратын ұйымның қаржылық есептілігінің көлемін, оны ұсыну тәртібі мен
мерзімін, сондай-ақ оның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.
Уәкілетті орган мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге
асыратын ұйым өз қызметтерін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарын келіседі
және депозиттерге міндетті кепілдік беру бойынша жүргізілетін іс-шаралар
жөнінде бір-бірін хабардар етеді.

функцияларын тиісінше және уақтылы орындау мақсатында уәкілетті органнан
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге қажетті ақпарат алады, оны беру тәртібі уәкілетті орган мен
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасындағы
келісім бойынша айқындалады.
Қордың алғашқы шартты капиталы Ұлттық Банктің қаражатына -1 млрд. теңге
(7 млн. АҚШ долл.) құрылды. Қор әрекетін қаржыландыру қосылатын және
календарлық төлемдермен атқарылады. Қосылатын төлем банк тартқан
кепілденген салым көлемінің - 0.375 %, алғашқы екі жыл әр кварталда
төленетін төлем кепілденген салымның- 0.25 %, ал келесі жылы -0.16% болды.
Қазіргі кезде төлемдер уақыты шкаласы кеміген, бірақ Қор банкке календарлы
төлемді белгілеуге құқылы. Бұл төлем банктің қаржылық жағдайына тікелей
байланысты.
Қорды қаржыландырудың қосымша көздері бар: кепілдігі бар салымдарды
төлеуге қаржы жетпесе Қор Ұлттық Банктен, Үкіметтен, басқа да ұйымдардан
қарыз ала алады және де банктерден қосымша және төтенше төлемдер ала алады.
Қордың құралдарына инвестиция тарту ҚР Ұлттық Банкі келісімімен басқаруымен
жасалады.
Қазір 31 банк депозиттерді кепілдендіру жүйесіне кіреді. Банктер
қатынасында қор тізіміне кірмегендерге өз капитал мөлшерінен артық салым
алуына тыйым салынады. Банктерді Қорға тіркеу олардың Қор директорлар
кеңесіне өтініш жазады. Директорлар кеңесі 7 мүше-төртеуі Ұлттық Банктен,
екеуі – Қаржы министрлігінен, және біреуі - Қазақстан қаржыгерлер
Ассоциациасынан және Қордың бас директоры. Әрекет етуші жүйе Салымдарыды
сақтандыруды функцияландыру ережесімен және онда екінші деңгейдегі банктер
қатысуы және ҚР-ның екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарды ұжымды
түрде сақтандыру ережесімен реттеледі.
Банктерді кепілдендіру жүйесіне кіргізу үшін жеке капитал мөлшері 1
млрд. тенгеден (500млн. теңге аумақтық банктерге) аз болмау керек. Банк
депозиттерді кепілдендіру жүйесіне Ұлттық Банктің нақты қорытындысы
келгенде ғана кіргізіледі.
Ұлттық Банктің нақты шешімі шығаруға негіз болады:
- Соңғы алты айда нормативтерді орындау;
- Соңғы алты айда минималды резервтті шарттарды орындау;
- Соңғы алты айда ішкі активтерге қажет қаржыны қайтару;
- Банкке қатысты әрекет етуші шектеулі шаралар санкциясы банк заң жүйесінде
көрсетіледі.

басқармасының 2005жылдың 4 шілдесінде № 200 және № 201 шешімімен бекітіліп,
2005 жылы 1 қыркүйекте іске көшкен.
Депозитті сақтандыру жөнінде екі жеке нормативті құқықтық акті
қабылдау депозитті кепілдендіру Ережесі депозиттерді кепілдендірудің жалпы
принциптерін анықтайтынын түсіндіреді. Оны банк салымшылары қолдануына
болады, жүйе қызметі ережесі жүйе қатысушыларының қарым-қатынасын реттеп,
екінші деңгейдегі банкке, Қор және Ұлттық Банкке де тиесілі.
Жаңа кіріспелерге байланысты депозиттерді сақтандыру ережесі
салымшылар пайдасына шешілмеген. Бірақ Қордың мүшесі болған кез келген
банк бонкрот болса, оның салымшылары кепілденген салымның пайызын да ала
алмайды. Егер жақында салымдарға кепілділік қоры жедел салымдарды 400 мың
теңге сақтандырылған десе банк банкрот болғанда бұл ақшаны толық төлеуге
міндеттенсе, ал енді күйіп кеткен банктің салымшылары ұлттық валютада
сақтандырылған салымды ала алмайды. Егер бір салымшының бір банкте бірнеше
есепшоты болса және оның қосындысы 400 мың теңгеден асса, онда қор жоғарыда
көрсетілген соманы ғана қайтарады. Аналогтық ережелер шетелдік валютаға да
енгізілген. Қазірге дейін салымның жалпы сомасының 90 пайызы қайтарылады,
360 мың эквивалентінен көп емес. Бүгін шетелдік валютадағы депозиттер 47.8
пайыз болады. Егер салымшы бірнеше қатысушы банктерден депозит ашса, Қор әр
банк бойынша жеке ақшаларын қайтарады.
Осыдан аз ғана бұрын Қазақстанның жеке тұлғалар салымдарын
кепілдендіру қоры ЖАҚ 1 ақпаннан бастап жедел салымдарды тартуда
максималды мөлшерін кезекті төмендетуді хабарлады. Олардың қайтарылуына Қор
кепілдік береді. 1 ақпаннан бастап жедел салымдарда теңгемен алынатын
келесідей сыйақы мөлшері белгіленді:
- 6 айға дейін –– 7% жылдық;
- 12 айға дейін –– 10% жылдық;
- 36 айға дейін –– 11% жылдық;
- 36 айдан жоғары –– 12% жылдық.
1 ақпаннан бастап жедел салымдарда шетел валютасында алынатын
келесідей максималды сыйақы мөлшері белгіленді:
- 6 айға дейін –– 4.5% жылдық;
- 12 айға дейін –– 5.5% жылдық;
- 36 айға дейін –– 7% жылдық;
- 36 айдан жоғары –– 8% жылдық.
Сонымен қатар 1 ақпанға дейін ашылған жедел салымдарға бұрынғы жоғары
сыйақы мөлшері алынады. Бұрын ғы депозит иелеріне алаңдамауына болады,
өйткені олардың депозиттеріне келісімшартта көрсетілген сый аударылып
отырады.
Шартты салымдар мөлшері бойынша 2005жылдың 1 қыркүйегінен бастап
әрекет ететіндер өзгеріссіз қалады:
1) теңгемен:
- 6 айға дейін - 7.5% жылдық;
- 12 айға дейін - 10.5% жылдық;
- 36 айға дейін - 11.5% жылдық;
- 36 айдан жоғары - 12.5% жылдық.
2) шетел валютасымен:
- 6 айға дейін - 5.0% жылдық;
- 12 айға дейін - 6.0% жылдық;
- 36 айға дейін - 7.5% жылдық;
- 36 айдан жоғары - 8.5% жылдық.
Салымдарды талап еткенше, келесі шоттар, карт-шоттар теңгемен және
шетел валютасымен 2005 жылдың 1 қыркүйектен бастап сыйақы мөлшері 2.0 %
жылдық болып белгіленді. 2004 жылдан бастап ставка төмендетілді. Мысалы,
2004 жылы теңгемен 14 пайыз - жылдық мөлшерде және 8 пайыз – шетелдік
валютада болды. 2004 жылдың 1 тамызынан 10.5пайыз-теңге, 6 пайыз-шетел
валютасы болды. Ал қазір егер салым 12 айға ашылса- 10 пайыз және 5.5 пайыз
болады. Сонымен ақшасын екі-үш жылға салған салымшы ғана ұтысқа ие болады.
Онда анағұрлым жоғары пайыздық ставкалар қарастырылған, ол өткен күнмен
өзгертілмейді. Ал қысқа мерзімдік депозиттерді қолдануды жөн көретін
салымшылар (жарты жыл) көбірек жоғалтады, банк сыйақы мөлшерін азайтады.
Салымдар сақтандырылған болуы үшін банкке бірнеше шарттарды орындау
керек. Біріншіден, ол салымдарды кепілдендіру Қорына мүше болуы керек, бұл
деген календарлы төлемдерді талап етеді.
Екіншіден, банк кепілденген депозиттер максималды ставкасы бойынша
Қордың шарттарын орындап отыруы керек. Белгіленген ставкадан жарты пайыз
болсын асып кететін ставка салымдарға кепілдік жүрмейді.
Ақша қайтарылымы процесі оңтайландырылып, салымшыларға қолайлы жағдай
тудырады. Төлемдерді қатысушы банктер ішінен конкурс бойынша таңдап алынған
банк-агент іске асырады. Салымдарды қайтару валютасы салым қай валютада
салынған болса, сонымен қайтарылады. Салымшы депозиттер бойынша төлемдер
кезектілігін, өзі әртүрлі валютада енгізген болса анықтауға құқылы.
Қор қатысушы банкті тарату жөнінде шешім шығарғаннан жеті жұмыс күні
ішінде екі республикалық газетте мемлекеттік және орыс тілдерінде банктің
тарауы мен депозиттер бойынша төлемдер іске асатынын хабарлауы тиіс. Және
депозиттер бойынша төлемдерді іске асыратын банк-агентті көрсетеді.
Таратылған банктің салымшысы Ереженің 11 пунктінде көрсетілген газеттегі
хабарлама шыққанда үш ай аралығында банк-агентке салынған депозиттегі
ақшасын алуға жазбаша өтінішпен келуі керек. Өтінішке банк қызметінің
келісімшартының түпнұсқасы не салым құжаттары, көшірмесі қоса беріледі. 3
ай өтіп кетсе салымшы салымдарын алу үшін тікелей Қорға баруына тура
келеді.
Банк-агент салымшы әкелген құжаттарды шұғыл тексереді. Салымшының
шарттары расталса банк-агент оған ақшасын құжаттарды тексерген не келесі
күндері, өтініш қабылданған бес жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті. Егер
Қордың депозиттерді төлеуге қаржысы жетпесе ҚР заңдарына сәйкес 30 жұмыс
күнінен көп емес, жеткіліксіз қаржыны толықтыруға уақытты созуға құқылы.
1.2 Банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу
тәртібi
Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін уәкілетті
органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен
жүргізуге берген лицензиясын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған
лицензияның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесін табыс етеді.
Қатысушы банк дегеніміз депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің
қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі
міндеттемелеріне кепілдік берілетін банк.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк уәкілетті

жүргізуге берген лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік
беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық
актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтініш беру арқылы қосылу
шартына қосылуға міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк қосылу
шартына қосылу туралы өтінішін бермеген жағдайда депозиттерге міндетті
кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым екі жұмыс күні ішінде осы факті туралы
уәкілетті органды хабардар етеді.
Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтініш бермеген банкке
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану
туралы мәселені қарайды.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен
оның қосылу шартына қосылуы туралы өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс
күні ішінде оған қатысушы банктің куәлігін береді. Қатысушы банк куәлігі
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне
ақпарат енгізілген күні беріледі. Банк міндетті кепілдік беру жүйесіне
қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым

тиісті ақпарат енгізу арқылы қатысушы банктердің берілген және күші
жойылған куәліктерінің есебін жүргізеді. Қатысушы банктің куәлігі -
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке
беретін және оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатынын
куәландыратын құжат.

депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімін
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде
таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында тоқсан сайын жариялап отырады.
Банктің қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік
беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады.
Қосылу шартында:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның толық
атауы, оның орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер;
2) шарттың нысанасы туралы нұсқау;
3) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
4) жарналарды төлеу тәртібі;
5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге
асыратын ұйымға өзінің міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті
мәліметтерді ұсыну тәртібі;
6) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда қатысушы банктердің
кепілдік берілген депозиттер бойынша және депозиттерге міндетті кепілдік
беруді жүзеге асыратын ұйым өтейтін сомалар бойынша өз міндеттемелерін
есептеу тәртібі;
7) шартты тоқтату талаптары;
8) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның
қатысушы банктің банктегі есеп шотынан толық немесе ішінара төленбеген
жарналар сомасын, сондай-ақ қатысушы банк шарт бойынша өз міндеттемелерін
орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемін акцептсіз тәртіппен есептен шығару
құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшін жауаптылығы туралы
талаптар болуға тиіс.
Қосылу шарты - банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне
қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге
асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер үшін
стандартты болып табылады. Қосылу шарты депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесінің қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген кезден бастап
күшіне енеді және қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесінен шығарған жағдайда тоқтатылады.
Қатысушы банк заңдарға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге
міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге
міндетті:
1) міндетті күнтізбелік жарналар - қатысушы банктердің тоқсан сайынғы
төлемдері;
2) қосымша жарналар - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге
асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеу үшін арнайы резерві
жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банк төлейтін бір жолғы төлемдер;
3) төтенше жарналар - қатысушы банктердің депозиттерге міндетті кепілдік
беруді жүзеге асыратын ұйым алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген
сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдері.
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік
жарналарды төлеу міндеттемелерін тоқтатып қоймайды.
Қатысушы банктің жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін депозиттерге
міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы
айқындайды.
Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшері есеп берілген
тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік
берілген депозиттері сомасының 0,5 процентінен аспауға тиіс.
Қатысушы банктің қосымша жарнасының мөлшері аталған қатысушы банк
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан
үшін төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен
аспауға тиіс.
Қатысушы банктің төтенше жарнасының жылдық мөлшері аталған қатысушы
банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тоқсан
сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауға
тиіс.
Қатысушы банктен барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензия
қайтарып алынған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі
міндеттемесі соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне
енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Қатысушы банктердің қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары
қайтарылмайды.
Қатысушы банк:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан жарна
ставкалары және оларды төлеу мерзімі жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ
депозиттерге міндетті кепілдік беру мәселелері бойынша банктік және заңмен
қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәліметтерді алуға;
2) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің депозиттерге міндетті кепілдік
беру жүйесіне қатысатыны туралы мәліметтерді таратуға құқылы.
Қатысушы банк:
1) заңға сәйкес жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2) клиенттерді қатысушы банк куәлігінің нөмірі мен берілген күнін
көрсете отырып өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне
қатысатыны туралы, сондай-ақ кепілдік берілген өтемді төлеу шарттары туралы
хабардар етуге;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік
берілген депозиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелерін толық және уақтылы
орындау мүмкін болмай қалуына әкеп соғатын жағдайдың туындағаны туралы
мұндай жағдай туындаған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде
хабарлауға;
4) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өздері
төлеген жарналар бойынша есептердің дұрыстығын растайтын мәліметтерді
ұсынуға;
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұратуы
бойынша тартылған депозиттер бойынша банктік және заңмен қорғалатын өзге
құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Қатысушы банктің тарату комиссиясы қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату
туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік
берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ депозиттер
бойынша кепілдік берілген өтемнің соттың аталған шешімі заңды күшіне енген
күнге жасалған есептерін табыс етуге міндетті.
Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын
ұйымға өз атауының өзгергені туралы мемлекеттік қайта тіркеу туралы
куәлікті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде
хабарлайды. Қатысушы банктің атауы өзгерген жағдайда депозиттерге міндетті
кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктен растайтын құжаттарды
алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік
беру жүйесінің қатысушы банктер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізе отырып
қатысушы банктің куәлігін ауыстырады. Бұл ретте, мұндай банкке бұрын
берілген қатысушы банк куәлігінің күші жойылуға тиіс.
Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығаруға
мыналар:
1) уәкілетті органның қатысушы банктен жеке тұлғалардың депозиттерін
қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясын
қайтарып алуы;
2) қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен қатысушы банктің қызметін
тоқтату;
3) қатысушы банктің уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін
қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берілген лицензияны ерікті
түрде қайтарып беруі негіз болып табылады.
Қатысушы банк:
1) уәкілетті орган қатысушы банктен жеке тұлғалардың депозиттерін
қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензияны қайтарып
алған кезде - уәкілетті органның осындай лицензияны қайтарып алу туралы
шешімі күшіне енген күннен бастап;
2) қатысушы банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде -
қатысушы банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешімі
заңды күшіне енген күннен бастап;
3) қатысушы банк ерікті түрде қайта ұйымдасқан немесе тараған кезде -
қатысушы банктің ерікті түрде қайта ұйымдасуға немесе тарауға уәкілетті
органның рұқсатын алған күннен бастап;
4) қатысушы банк уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін
қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияны ерікті
түрде қайтарған кезде - оның ерікті түрде қайтарылуына байланысты
лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкілетті органның шешімі күшіне
енген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен
шығарылуға тиіс.
Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктердің
тізіліміне қатысушы банктің куәлігін жою туралы жазба енгізу арқылы жүзеге
асырылады. Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен
шығару депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның
қатысушы банкте ол жүйеден шығарылған күнге дейін жатқан кепілдік берілген
депозиттер бойынша міндеттемелерін тоқтатпайды.
Банкті мәжбүрлеп таратуға және мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға
байланысты шығару жағдайларын қоспағанда, қатысушы банкті депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк оны
шығарған күннен бастап үш ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей
төлеу арқылы не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере
отырып, оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге
міндетті.
Қатысушы банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға байланысты оны
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарып тастаған кезде,
жүйеден шығып қалған банк Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының
талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.
Депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында кепілдік берілген
депозиттер бойынша міндеттемелердің бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын
банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын басқа банкке
(банктерге) бір мезгілде беру операцияларын жүргізуге жол беріледі, оны
жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
Бұл операцияны жүргізу процесінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді
жүзеге асыратын ұйым қарыздар беруге не кепілдік берілген депозиттер
бойынша міндеттемелерді қабылдайтын қатысушы банкте (банктерде) депозиттер
орналастыруға құқылы, оларды беру не орналастыру ерекшеліктері мен тәртібі
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Егер берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің
мөлшері мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету
құқықтарының мөлшерінен асып кетсе, депозиттерге міндетті кепілдік беруді
жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен пайда болған айырманың
орнын толтыруға құқылы. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге
асыратын ұйым беретін қаражат мөлшері кепілдік берілген өтем ретінде
төленуге жататын, айқындалатын сомадан аспауға тиіс.
1.3 Депозиттерді сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
Қазіргі уақытта әлемде кепілдендірудің екі басты жүйесі бар, оларды
бастау алған елдеріне байланысты шартты түрде американдық және германдық
деп атауға болады. Осы жүйелер негізінде әлемнің барлық елдерінде
кепілдендіру жүйесінің көпшілігі құрылады. АҚШ-та сақтандыру жүйесінің
құрылысының негізі депозиттерді сақтандырудың Федералды корпорациясы
болады. Депозиттерді сақтандырудың Федералды корпорациясы мемлекеттің
басқаруымен құрылып, Конгресс пен федералды Үкіметтің қадағалауымен жұмыс
жасайды. Корпорация құрамына кіретін банктер оған тәуелді, және оның
әрекетін басқаруға қатыспайды. Канаданың, Ұлыбританияның, Индияның және
басқа елдердің сақтандыру жүйесі де осы типте құрылған.
Германияда керісінше мемлекет сақтандыру қорына ешқандай қатысты емес,
сақтандыру қорлары қатысушы банктерге қарайды, оны осы сала одақтары
қарастырады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде (Нидерланд, Австрия,
Швейцария) сақтандыру жүйесінің құрылысы мемлекеттік емес банкаралық
сақтандыру жүйесінің германдық жолы бойынша құрылған. Осындай жүйе сонымен
қатар Францияда әрекет етеді. Бұнда депозитті сақтандыру қоры
ынтымақтастық механизмі деп аталып, Француздық банктер ассоциациасымен
басқарылады. Ынтымақтастық механизмі Франция территориясындағы барлық
банктерді және шетелдік банктердің филиалдарын қамтиды. Сақтандыру
қорғанысына француз банктерінің шетелдік бөлімшелері, банкаралық
депозиттер, депозиттік сертификаттар және шетелдік валютадағы салымдар
жатпайды. Сақтандыру қоры басқа елдердегідей банктер төлемдерінен құралады.
Олардың көлемі әрбір банктің депозит көлеміне байланысты арнайы шкала
бойынша анықталады, бірақ ол 30 млрд. франктен аспау керек. Қажеттілік
туындаса банктер ассоциациасы алдағы екі жылға төлемдерді талап ете алады.
Бір салымшыға төленетін ақша қайтарылымы 200 мың франктен артық болмау
керек.
Бірқатар елдерде аралас типтегі жүйе әрекет етеді. Испанияда
депозиттерді сақтандыру Қоры кеңеспен басқарылады. Онда орталық банк және
коммерциялық қатысушы банктер қатысады, Қорды орталық банктің төрағасы
басқарады. Жапонияда депозиттерді сақтандыру корпорациясы жеке меншік және
мемлекет меншігінде тең дәрежеде бөлінген. Жапония Банкі мен қатысушы
банктер бірлесіп басқарылады.
Ұйымда қаржыландыруды кепілдендіру және қолдану формасы жүйені
басқару құрылымына байланысты келесідей формаларды көрсетуге болады:
- мемлекет қаржыландыратын, басқаратын, құратын қорлар. Бұл жерде моральды
тәуекелділік қаупі бар, өйткені банктер басқа банктер банкрот болғандағы
шығынды бөліп алмайды;
- қоғамдық корпорациялармен басқарылатын және банктермен қаржыландырылатын
қорлар;
- мемлекет пен банк өкілдерімен бірге басқарылатын банктер қаржыландыратын
қорлар;
- мемлекеттің қатысуынсыз өзара сақтандыратын қорлар. Егер шығын жүйеге
әсер ететіндей көлемде болса кризистік жағдайдан шығу үшін мемлекеттік
көмек берілуі мүмкін. Басқа сөздермен айтсақ бұл форма мемлекеттік кепілдік
көрсетіледі. (кесте 1)
Кесте 1 - Депозитті сақтандыру Қорын басқару тәсілдері
Мемлекеттік Жеке меншік Аралас
АҚШ Германия Испания
Канада Нидерланд Жапония
Ұлыбритания Австрия
Үндістан Швейцария
Кепілдендіру жүйесінің басты элементтерін жазу үшін салымдарды
сақтандырудың мақсатын анықтау керек, одан келесіні бөліп алуға болады:
- жинақтардың қозғалысын қамтамасыз ету, бұл ішкі жинақтардың жеткілікті
нормасын қамтамасыз етудің маңыздылығын көреміз;
- Банктер жүйесін қаржылық кризистен сақтау, банктер жүйесінің тұрақтылығын
және ақша айналымын қамтамасыз ету;
- Ұсақ салымшыларды тәуекел қаупінен әлеуметтік қорғау.Өйткені олар ақша
салғанда өздігінен бағалап, ескере алмайды.
Кепілдендіру жүйесінің нәтижелі жұмыс жасауы үшін қаржы
институттарының жүйесіне қосылуы керек,олармен бірге әрекет жасап,
мемлекеттік бақылауға алынуы қажет. Кепілдендіру жүйесінің нәтижелі
жұмысының бір факторы несие-қаржы ұйымының желісінің дамуы, ол тек нарықтық
қатынастың белгілі деңгейінде мүмкін. Олар нақты түрде заңмен реттелуді
қажет етеді. Сонымен қатар несие-қаржы ұйымының желісінің дамуының
регламенттік заңдылығына, оларды тіркеуге, банкрот жұмысын қатты назарға
алып отырады. Несие-қаржы ұйымдарын, банктерді жүйелі түрде қырағылықпен
бақылау өте қажет.
Территорияларында сақтандыруды кепілдендіру жүйесі әрекет ететін
барлық елдерде коммерциялық банктер осындай жүйе әрекетіне қосылған. Кейбір
жағдайда бұл жеке меншік банктерге қатысты. Ал мемлекеттік коммерциялық
банктердің салымшылары басқа тәсілмен қорғалады. Сақтандыру жүйесі
мемлекеттік емес қаржы-несиелік ұйымдарға,банктерге де таралады. Бұл
ұжымдық несиелік жинақтаушы түріндегі мекемеге қатысты (несиелік одақ,
ассоциациасына және т.б.). Бірқатар елдерде осындай қаржы мекемесі
топтарына жеке жүйе және кепілдендіру органы құрылған (Германия, Австрия).
Банктің сақтандыру жүйесіне қатысуы міндетті не өз қалауы бойынша.
Соңғысы Батыс Еуропа елдерінің сақтандыру жүйесіне тән, оларды саладағы
одақтар басқарады. АҚШ-та (Федералды резервтік жүйенің банк-мүшелеріне),
Ұлыбританияда, Канада мен Жапонияда банктердің қатысуы міндетті. Осы
принципті дамушы елдердің көпшілігі ұзақ жылдар бойындағы сәтті өткен
тәжірибеге сүйеніп негізге алады. Онда кепілдік жүйесі өзін толық ақтап
шығады (кесте 2).
Кесте 2 - Банктердің Кепілдендіру жүйесіне қатысу
Еркін Еркін емес
АҚШ Германия
Ұлыбритания Доминикан Республикасы
Канада Шри-Ланка, Тайвань, Микронезия
Жапония
Мемлекеттің қаржылық қатысуының келесідей негізгі формасы бар:
- Сақтандыру қорына жүйені әрекетке кірістіргенде капиталдың барын не
жартысын ұсыну (Жапонияда мемлекет қорға алғашқы капиталдың үштен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz