Фармацевтикалық терминдер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

кафедрасы?

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Сөздік белгі: форма белгісі және мағынасы. Термин және түсінік. Терминология және түсініктер жүйесі. Фармацевтикалық терминология - кешен.

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Шымкент, 2019

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Сөздік белгі: форма белгісі және мағынасы.

2. Термин туралы жалпы түсінік.

3. Фармацевтикалық терминология.

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Адамның іскерлік өмірінде, ғылыми ізденісінде, қоғамдық қарым-қатынас және т. б. жағдайларда белсенді түрде информацияны жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу процестері жүріп жатады. Бұл ақпараттық процестердің іске асуы әртүрлі табиғи және жасанды белгілер жүйелерінің көмегінсіз мүмкін емес. Кез келген тілдің басты қызметі - ақпараттық процесте сәкес нәрсені (құбылысты, жағдайды) білдіруі, соған бағдар беруі болып табылады.

Басқа тілдердің барлығы сүйенетін негізгі белгілер жүйесі - табиғи тіл. Сөздік белгілер, сөздер мен сөз тіркестері және символдар ақпараттық мағынада қарым-қатынастың универсальды орынбасушысы қызметін атқарады.

Негізгі бөлім

Сөздік белгі: форма белгісі және мағынасы.

Сөздік белгі форма белгісі мен мағынасының бірлестігі болып табылады. Сөздік белгінің форма белгісі - фонетико-графикалық, яғни ол айтылады әрі жазылады.

Сөздік белгіні ұғу - бұл белгілі бір форма белгісін тиісті мағынасымен сәйкестендіре білу немесе сөздік мағынаны нақты форма белгісіне айналдыра білу.

Біз ана тілімізде белгілі бір сөзбен кездескенде оның мағынасын іздестіреміз, әртүрлі энциклопедия, терминологиялық сөздіктерге жүгінеміз. Кез келген шет тілін үйренгенде біз сөзді оның мағынасын білмей үйрене алмаймыз. Бірақ кейде сөздің нені білдіретінін білгенмен, оның негізгі терең мағынасын түсінбейміз.

Осындай қиын жағдайлар терминдерді, яғни белгілі бір саладағы түсінікке мағына беретін сөздер мен сөз тіркестерін меңгеруде жиі кездеседі.

Кез келген ғылыми, техникалық, өндірістік салада тиімді жұмыс істеу үшін терминологияны дұрыс түсіну және қолдана білу қажет.

Термин туралы жалпы түсінік.

Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы болады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы барынша нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болуы қажет.

Жалпы термин, термин сөздер жөнінде нақты мыналарды айтуға болады:

  1. терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
  2. терминдер негізінен тілдік бірліктер.
  3. термин-белгілі бір терминологияның мүшесі.
  4. термин деген ұғым аты.
  5. терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.
  6. терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысты жағынан зат есімдер болады.
  7. терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, белгілі бір арнаулы сала шеңберінде қолданылады.

Термин құрамы жағынан түбір сөз де, туынды сөз де, күрделі сөз де, терминологиялық тіркес те болуы мумкін. Мысалы;

Түбір терминдер: сөз(лингв), тау(геогр), сан(матем), т. б

Туынды терминдер: асқазан, ішперде, сөзжасам, т. б

Тіркесті терминдер: кіші қан айналым шеңбері, т. б.

Термин бөлшек(терминоэлемент) - терминологиялық мағынасы бар ең кіші бөлшек, яғни бір түбірлі сөздерді құрайды.

Термин сөздер немесе терминдік тіркес дегеніміз нақтылы мамандыққа немесе жүйеге (ғылым, техника, ұйым ) айтылатын, оларды толық және анықтауға жұмсалатын сөздер. Термин сөздің өзіне сай мағынасы, құрлымы, мазмұны және формасы немесе дыбыстық комплексі (айтылуы және жазылуы) болады. Термин сөз ғылыми түсінікті білдіретіндіктен интелектуалды аспаптың рөлін ойнайды. Термин сөздердің көмегімен ғылыми теориялар концепциялар, заңдар қалыптасады. Жай сөздерге қарағанда, термин сөздер дефинициялар арқылы ашылады, сөздерге анықтама береді.

Дефиниция (лат, difinitio) - бұл тек негізгі мағынасын көрсету. Мысалы онтогенез (грек - on, ontos сущее, существо - genesis даму, пайда болу) адам морфологиясы, физиологиясы, биохимиясының дамып соңғы өмір сүру дағдысына дейінгі құрылым. «Аэрофия» (грек air ауа + phiotos жақсы көруші) ортадағы, айналадағы оттегінің қышқылдануы реакциясы арқылы энергияны алатын микроорганизмдер. Энциклопедияларда, арнайы сөздіктерде, кітаптарда бірінші рет қолданылып тұрған сөздер(термин) дефиниция арқылы анықталады.

Терминология - терминдер саналы икемдеуге және реттеуге оңай көнімді лексиканың ерекше секторын құрайтын, өңдірістің, қызметтің, білімнің жиынтығы.

Медициналық терминдер ІІІ топқа бөлінеді:

  • Анатомиялық терминдер;
  • Клиникалық терминдер;
  • Фармацевтикалық терминдер

Анатомиялық терминдерге - анатомиялық және гистологиялық номенклатуралар негіздерінен шыққан сөздер жатады: сүйек, бұлшықет, тамыр аттары.

Клиникалық терминдерге - әртүрлі медициналық мамандықтардың терминдері: терапия, стоматология, неврология, хирургия және т. б.

Фармацевтикалық терминдерге - дәрілік формалар атауы, дәрі атаулары, дәрілік өсімдіктер атаулары, химиялық номенклатуралар жатады.

Фармацевтикалық терминология.

Фармацевтикалық термин сөздерге дәрілік заттардың аталуы және химиялық қосындылар жатады. «Фармацевтика» сөзі гректің pharmacon (фармакон) - дәрі деген сөзінен шыққан. Фармацевтикалық терминологияға тән өзіндік сипаты - дәстүрлі түрде латын тілін қолдану болып табылады.

Номенклатуралық атаулар фармацевтикалық терминологияда маңызды орын алады.

Номенклатура дегеніміз белгілі бір мамандықта қолданылатын атаулардың, терминдердің тізбесі немесе жиынтығы. Номенклатуралық атаулар нақты нәрсенің белгілерін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, алтын, түймедақ, жалбыз, анальгин, норсульфазол және т. б.

Дәрілік заттардың синтезін, қасиеттері мен анализін зерттейтін фармацевтикалық химияның терминологиясы 2 топқа бөлінеді:

  1. Синтетикалық дәрілік заттардың тривиальды (шартты-химиялық) атаулары: Aminophenazonum - аминофеназон, Cyancobalaminum - цианкобаламин, Phenothiazinum - фенотиазин, т. б.
  2. Химиялық қосылыстардың (қышқылдар, оксидтер, тұздар) белгілі бір қағидалары бойынша құрылған номенклатура : acidum sulfuricum - күкірт қышқылы, acidum nitricum - азот қышқылы, Natrii sulfas - татрий сульфаты және т. б.

Фармакология - дәрілік заттардың организмге тигізетін әсерін зерттейтін ғылым. Фармакологиялық терминдерге келесі топтар кіреді:

  • Дәрілік заттардың топтарын білдіретін классификациялаушы терминдер: antipyretica - қызуды басушы, sedativa - тыныштандырушы, heroica - қатты әсер етуші, т. б.
  • Дәрілер топтарының фармакотерапиялық әсерлерін білдіретін номенклатуралық атаулар: Analginum: alg - ауырсыну - ауырсынуды басатын дәрі, Corazolum: cor - жүрек - жүрекке әсер ететін дәрі, т. б.

Фармаколоиялық әсерін сипаттайтын сын есімдерді есте сақтаңыздар!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтика терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминология
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Тривиалдық атаулар
Дәрілік заттардың тривиальды атаулары
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Сұрақ сөздер
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz