Қаншама қазақтың ошағы сөнді



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медицина Университеті КеАқ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.: құжаттар, статистика ақпарат.
Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі.

Орындаған: Еставеа А.А.
Факультеті: Жалпы медицина
Тобы: 134
Тексерген:

Нұр-Сұлтан 2019

Жоспар:
I.Кіріспе
1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы аштық және ұлт зиялылары.
II.Негізгі бөлім
2.1 Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары
2.2. Қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы
2.3. А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы аштық және ұлт зиялылары
1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды
Қазақ жерінде аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінің жағдайы аса ауыр болды. Бұл өңірлер осы уақытқа дейін де көп қиыншылықты бастан кешірген еді. Кеңестік жүйе орнағанға дейін патша үкіметінің қыспағын көрген, жерінен айырылған, отарлаушыларға кіріптар болса, ал азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдардың қанды қылышына ілікті.
1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі - Ақ жол газеті. Оның беттерінде күнделікті аштыққа ұрынған қазақ жерлері туралы ақпарат, мәліметтер жарияланып тұрды. Мәселен мына бір ақпаратта былай келтірілді: Торғай уезінде ауру көбейіп барады. Иесіз, иен қалған үйлер бар. Қыс ерте түсті. Жер мұз. Мал өліп жатыр. Қара мал ноябрь (1920 ж. - С.Н.) басынан-ақ қолға қарады. Елде пішен аз. Ет салығын ел беріп жатыр. Мал мен жанға ауыртпашылық бірдей түсіп, шаруа күйзеліп тұр [1].
Газет қазақ көп шоғырланған Ақтөбе губерниясында адам да, мал да азықтың жоқтығынан қырылып жатқандығы айтылса, Шымкент уезіндегі қазақ ауылында шешек ауруы жайлап, адамдардың өлімі көбейіп бара жатқандығы жөнінде хабар басылды.
Ел басына түскен қиын заманда Қазақ өлкелік Орталық Атқару Комитеті 1921 ж. 15 наурызында өткен РК(б)П-ның Х съезінің салғыртты салықпен алмастыру жөніндегі қарарын негізе ала отырып, осы жылдың 11-18 маусымында болған конференция барысында азық-түлік салғыртын салықпен алмастыруды бірауыздан мақұлдады [3, 177, 179-180-бб.].
Сөйтіп, азық-түлік салғыртының салықпен алмастырылуы барлық өнімдерге қатысты салық мөлшерін белгілеген құжаттар қабылдатып, сол мөлшер бойынша шаруаларға салық төлеу міндеттелінді. Жеуге азық, малын асырауға шөп таба алмай қиналған қазақ шаруалары үкімет белгілеген салықты төлеуге шамасы келмеді. Соның өзінде Жетісу облысынан 1652645 пұт астық, 293040 пұт тары, 2876 пұт кептірілген жеміс, 77458 пұт тұқым, 520864 мал басы жинап алынған [4, с.116].
Осындай елдегі ауыр жағдайға қарамастан үкімет уезд шаруаларын салықтан босатпады, керісінше төпелеп бірінің үстіне бірін салып, оларды салыққа әбден кіріптар қылып қойды. Семей облысына қарасты Павлодар уезінің Ақбеттау болысының алтыншы ауылына қарайтын қазақтар мынадай мөлшерде салық төлеген: қой терісі - 1050, жылқы терісі - 1200, сиыр терісі - 250, құлын терісі - 100, елтірі - 80, бұзау терісі - 20, түйе терісі - 5, түйе жүні - 15, қой жүні - 250 пұт [5]. Қарап отырсақ, бір шағын болысқа салық өткізу үшін жоғарыда көрсетілген қаншама жылқысын, сиырын, қойын, тіпті жаңа туған бұзауын союы керек екен. Малынан айырылып азықсыз қалған шаруаның әрине бұған шамасы қандай келсін. Бұл жағдайға қарамастан үкімет салық есебіне деп, қалған малын тартып ала бастады. Шала сауатты және мәдени дамуының деңгейі төмен шолақ белсенділер қорқытып, үркітумен үкіметтің бұйрық-жарлықтарын осындай жолмен орындауға тырысты. Оның үстіне қолда бар мал басын барымташылар мен банділік топтар күштеп әкетіп те жатты. Оны дәлелдейтін тарихи айғақтар жетерлік.
Оларды құрықтауға ерекше жағдайға пайдаланылатын әскери бөлімдер (ЧОН - часть особого назначения) жіберіліп, қарақшы топтарды талқандаған. Ғалым К. Нұрпейісов ашаршылық жылдарында Бөкей ордасында осындай қарақшылық топтар құрылып, Тарғын, Нарын, Таловка, Жанғалы уездерінде ойран салып, қарсы шыққандарды өлтіруге дейін барғандығын келтірген [6, 187-б.]. Осындай аштық өршіп тұрған кезде күрескен бандалық топтармен күрес барысы 1922 жылдың жаз айларына дейін созылды.
Сонымен Қазақстандағы 1921-22 ж.ж. ашаршылықтың шығуына екі себеп, яғни Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы және табиғи апат, қолайсыз ауа-райының салдарынан туған жұт әсер етті. Тарихшы Т. Омарбеков Қазақстандағы бұл ашаршылықтың шығуына ауа-райының қолайсыздығы емес, азамат соғысының тұтануынан шаруашылықтың күйзелуі, яғни большевиктердің біржақты саясат жүргізуінен деп тұжырымдаған [7, 24-б.].
Тарихшы Манаш Қозыбаев 1921-22 жылдардағы аштық турасында: 1921-1922 жылдардағы аштық қазақтарды демографиялық апатқа әкелді. 1922 жылдың наурызында Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында 2 миллион 350 мың адам аштыққа ұшырады, олардың көбі өлді. Үкімет тарапынан көрсетілген көмек тек қала тұрғындарына жетті, сол уақытта онда қазақтардың екі-ақ проценті орныққан еді, дені ауылдарда болатын, - дей келе, осы жағдайды орталық билік дер кезінде көріп, оған мән бере білмегендігін айтады. Сонымен қатар оның көрсетуінше, Орталықтан келген азық-түлік жинаушы Ф.Э. Дзержинскийдің отрядтары Түркістан өлкесі, Ақмола, Семей губернияларындағы еңбекшілердің қолындағы астықты артық деген желеумен күшпен алып кеткен екен [8, 219-б.].
Орын алған қиындықтарды ауыздықтауда шұғыл түрде түрлі шаралар ұйымдастырылып, ең алдымен түрлі комиссиялар ұйымдастырылып, оларға елдегі аштықтың көлемін анықтау мәселесі қойылды. Қазақ Орталық Атқару комитетінің қаулысымен 1921 жылдың 15 шілдесінде ашыққандарға арнайы төтенше комек комитеті (компомгол) құрылып, оның жұмысын басқару С. Мендешевке жүктелінді. С. Мендешев 1920-1925 жж. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болған жылдары ашаршалықпен күресуде іскерлік таныта білді. Ол республикадағы төтенше комиссияның жетекшілік қызметін атқарып, елдегі жағдайды қалпына келтіруге аянбай күресті. 1921 ж. 17 Шілдесінде аштыққа байланысты РК(б)П ОК-ніңарнаулы үндеуі жарияланып, шығу себебі айтылып, онымен күрес жүргізуге шақырды [3, 183-184-бб.].
С. Мендешевтің аштық кезеңіндегі қызметі шексіз. Оның басшылығымен құрылған Аштар комитеті тоқтаусыз қызмет етіп, қолдағы бар мүмкіншілікпен аштықты қалай да болса ауыздықтауға тырысты. Ол елдегі аштықпен күресіп жатқан кезде үстінен кеңес үкіметіне жат, жікшіл деген жалған құпия түрде іс ашылды. Мұрағат қорынан С. Мендешевтің 20-жылдары үкіметке қарсы құрылған үш топтың бірін басқарды деген дерек кездестіруге болады. Оның сыртынан жиналған мәліметте қазақ арасында аса беделді, көпшілікпен жақсы қарым-қатынаста екендігі келтірілген [9, 116-б.]. Осы жазылғаннан-ақ, қайраткердің қандай адам екенін тануға болады.
С. Мендешевдің көрсетуі бойынша Қазақстанда 1921 жылдың соңында 1 476 985 адам, оның ішінде 927593 ересектер, 158392 балалар ашыққан. Ол аштықпен күресудің жеті жолын ұсынады. Оның біріншісі, азық-түлік ресурстарын дайындауды күшейту және оны аудандарға бөлу болса, екіншісі, он тоқ адамдардың бір ашты, тоқ болыстардың бір аштыққа ұшыраған поселкені көмекке алуы турасында үгіт жұмыстарын күшейту, үшіншісі тұқымдық астықты уақытылы қабылдауда және оны бөлуде төтенше әдіс қолдану, төртіншіге қоғамдық жұмыстар мен қолөнер артелдерін ұйымдастыруды жеделдетуді, ал бесіншіге аштықпен күресуде барлық Халкомдардың және өлкелік мекемелердің жұмысын күшейтуді, алтыншы бойынша автотранспорттық тамақтандыру орындарды жеткізу арқылы Дала өлкесіндегі ашыққан қазақтарға көмек көрсетуді, жетіншісі, жұт пен аштық кезінде күйзеліске ұшыраған қазақ ауыл шаруашылығын тез арада малмен қамтамасыз ету болды[10, с.57, 61-62].
Ұлт зиялыларынан аштықты ауыздықтауға белсенді кіріскен азаматтың бірі - Мұхтар Әуезов болды. Аштықпен күреске қатысты өткізілген конференция барысында Қазақстан халқына аса үлкен нәубет әкелгендігін, аштықпен күресуде партиялық ұйымдардың босаңдығын, әлі күнге дейін нақты шығын турасында ешқандай да мәліметтің жоқтығын, Ашком ОК-і өте нашар жұмыс атқарып жатқандығын, дала халқына арнап нақты жоспар қабылданбағандығын баса көрсете келе, тез арада одан шығу жолын іздестіруді қажеттігін көтерді [10, с.67, 210-211].
М. Әуезов Қазақ тілі газетіне ең бірінші болып, қазақ жерінде аштық басталғандығы жөнінде дабыл қаққан. Ол аштықтан құтылудың бірден бір жолы егін салу деп көрсетеді [11].
Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар білдірді. Мәселен, У. Танашев салық салуда егін шықпай қалған аудандарды ескеру қажеттігін көтерді.
М. Тұрғанбаев та газетке жариялаған Аштарға жәрдем бер деген мақаласында аштықтың алдын алуда келесі жылға дайындықты күшейтіп, егін салу, пішенді жөндеу жұмысына қамды алдын-ала жасау қажеттігіне үндеген [3, 186-186-бб.].
Жазушы Тұрсын Жұртбайдың құрастыруымен жарық көрген Алаш қозғалысы деп аталған жинақтағы құжатта 1921 жылдың 10 желтоқсанында Дала аудандарынан ашыққандарға тірідей (живой помощи) көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы жиналыс өткендігі айтылады. Бұл жиналысты Ә. Жангелдин өткізіп, хатшылығын Нақымжан атқарыпты. Жиналысқа зиялдылардан М. Әуезов, А. Асылбеков, А. Кенжин, А. Байтұрсынов, Т. Жаманмұрынов, М. Саматов, Қ. Сармолдаев және т.б. қатысып, М. Әуезов аштар комитетінің көмегі ашыққан аудандарға әлі жетпегендігін айта отырып, тез арада ашыққандарға көмек көрсетуді көтереді. Пікір-таласты өткен жиналыс ашыққан аудандардағы жағдайды бағдарлап, қаншалықты мөлшерде көмек беруді анықтау үшін өкіл жіберу, аштық мәселесі жөнінде баспасөз беттерінде мақала жариялау жөнінде қаулы қабылдады [12, 157-161-бб.]. Бұдан кейін де бірнеше жиналыстар өтіп, аштықпен күресу жолдары қарастырылды.
Аштыққа көмек қолын Семей қаласындағы М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Р. Мәрсеков бастаған ұлт зиялылары созды. Олардың басқаруымен жиналыс өткізіліп, халықты көмек беруді шақырған үндеу жарияланды және осы іс-шараға белсене кірісіп, елден жылу жинай бастады. Семей өңірінен жиналған малдарды аштық тырнағына ілініп, әбден титықтаған Торға й уезіне айдап апару, оларды малсыз қалғандарға бөліп беру ісінде басшылық жасады. Өкінішке орай олардың бұл іс-әрекеттері кейін өздеріне керісінше тиіп, кейбірі істі болып, сотталып та кетті. Мысалы, М. Дулатов 1929 жылы 1 қаңтарда ОГПУ өкіліне берген жауабында Торғай, Ырғыз, Қостанай уездері мен Орал губерниясының ашыққан тұрғындарына арнап көмек көрсету жөнінде бірінші болып Қазақ тілі газетіне үндеу тастағанын жазып, өзінің Семей губерниясының үш уезін аралап жылу жинауға қатысқандығын, соның нәтижесінде 2-3 айдын ішінде 15 мыңдай ірі қара мал жиналып, атаған уездердегі аштарға үлестіріліп берілгенін айтқан. Алайда осыдан кейін ол Семейге келген кезінде тұтқындалып, Орынборға жіберіліп, біршама уақыттан кейін қайтадан босатылады [12,325-б.].
Жылу жинауға және оны ашыққандарға бөлісуге қатысқан бірақ сот үдерісіне ілікпеген кейбір азаматтар 1926-30 жылдары сотқа бір тартылып, істі болған.
Аштықпен күресу ісіне тікелей араласқандардың бірі, мемлекет қайраткері - Тұрар Рысқұлов. Қазақстанда аштық басталған тұста Тұрар Рысқұлов РКСФР Халық Комиссариатының Ұлт істер жөнінде орынбасарлық қызметін атқарып жүрген еді. Қазақ жерін аштық жайлаған кезде ол аштыққа қарсы күресудің бірнеше талаптарын ұсынды және олардың орындалу барысын қадағалады. Ол аштықтың зардабы мен оған қарсы елде жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралар барысы жөнінде өзінің "Қазақстан" деген кітабында айқын жазды. Сонымен бірге "Новый Восток" атты мақаласында көшпелі облыстар ұшырағандығын, ашыққандар азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, Орталық Ресей мен Түркістан өлкесіне және көршілес аймақтарға 80000 адам мен 35000 балалар қоныстандырылғанын, сондай-ақ, Американдық Әкімшілік Көмегінің (АРА) ашыққандарға көмек көрсетіп жатқандығын жазады [13, с.160-161].

II.Негізгі бөлім
2.1 Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары
Мәдени революцияның жүзеге асырылуы -- социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.
Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.
Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді
Қазакстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:
* жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;
* Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;
* рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;
* кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін -- театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;
* Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін
құру;
* жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;
* социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;
* Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.
Осылайша 1920 -- 1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз -- түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан -- шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан -- халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.1919 -- 1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
* халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
* жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
* қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық Сауатсыздық жойылсын қоғамының бөлімшесі құрылды. Сауаташқыш газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.
Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:
* мектеп үйлерінің жоқтығы;
* арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;
* 2-3 ауысыммен оқыту;
* ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;
* көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.
Осы өзекті мәселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды:
* қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды;
* жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды;
* Қазақ АКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті;
* Педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрларын даярлау қолға алынды;
* ауыл кедейлерін оқыту мәселесін шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды;
* қазақ ауылдарында жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олар оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді.
Мектептердің әр типтілігін жою үшін КСРО СИК БК(б)П ОК 1934 жылғы 15 мамырда Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы қаулы қабылдады. Осы құжатқа байланысты бүкіл КСРО аумағында жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай түрі енгізілді.Бірыңғай мектеп жүйесі бірыңғай оқыту бағдарламасын, бірыңғай әдістемелік жүйе, бірыңғай оқулықтар болуын талап етті.1935 жылы қаңтарда БК(б)П Өлкелік комитеті мен республика үкіметі Қазақстан мектептері құрылымын жетілдіру туралы қаулы қабылдады. Бұл қаулы ұсақ мектептерді түпкілікті жойып, жетіжылдық және орта мектептерді дамыту, сондай-ақ әр оқушының сыныптан сыныпқа өтуін қамтамасыз етуге арналған бірқатар шаралар қарастырды.
Халыққа білім беруге арналған шығын мөлшері республикада жылдан жылға өсе берді. Өз ісінің үздік шеберлері С.Көбеев, О.Колкенова, Ш.Сарыбаев, Л.Добрянская, Х.Казиев, И.Волков, А.Ақатов, т.б. республикадағы білім саласында тұңғыш еңбек сіңірген мұғалімдер атанды. Шығармашылық ізденіс пен күнделікті тәжірибеге сүйенген кеңестік педагогика қалыптасты.[14]
2.2. Қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Қазақ жазуы - қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 - 4 ғ.) пайдаланған көне ("Есік жазуы") жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері - қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған "руна" жазуы (5 - 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 - 40; Қытай 1960 - 1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) - осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін "төте жазу" деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфогр. емлесіне әр кезде (1957, 1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр.[15]
Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде араб жазуы қадим, жәдид деп екіге бөлінеді. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, қадим жазу үлгісіне ХVІ-XVII ғ.ғ. аралығындағы тарихи негізі бар жылнамаларды, құжаттарды және түркі халқына ортақ еңбектерді, ал жәдид жазуына Түркістан уалаяты, Дала уалаяты тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгілерін жатқызады.
Қадим жазу жүйесінің басты бір ерекшелігі дауысты дыбыстардың таңба арқылы емес, диакритикалық белгілермен берілуі, яғни дауысты дыбыстардың қызметін харакаттар атқарған. Харакаттар үшеу: фатха, дамма, кесра. Бұл белгілер қазақ тіліндегі тоғыз дауыстының мәнін берген, фатха -- а, ә; дамма -- ұ, ү, о, ө; кесра -- ы, і, е дыбыстарының мәнінде жұмсалып отырған. Мысалы, мен -- ﻦﻤ (мн) , Ешдәулет -- ﺕﻠﻭﺍﺪﺸﻴ ﺍ (Ешдәулт), сөзлешүб -- ﺐﺸﻪﻟﺯﺳ (сзлешіб), көңілі -- ﻰﻠﻜﻨﻜ (кңлі), бүлдірген -- ﻦﺎﻜﺮﺪﻠﺒ (блдрген).
Қадим жазу жүйесінде ұлттық жазуға тән емес, тек араб сөздеріне ғана тән таңбалар (ﺾ, ﺙ , ﻆ , ﺫ ) қазақ тілінің төл сөздерін жазуда да қолданылған.
Қадим жазу жүйесінен жадид жазуының басты ерекшелігі жазуда дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, дауысты дыбыстар үнемі жазуда хатқа түсіріліп отырғандығында.
Бұл жөнінде Бабаш Әбілқасымов былай дейді:

Газеттер пайдаланған араб графикасына негізделген алфавитте араб әліппесіндегі әріп таңбалары түгел дерлік сақталған. Оның үстіне парсы тілі арқылы енген ﯟ, ﭗ, ﭼ, ﯕ әріптерінің таңбалары және қазақтағы мұрын жолды "ң" дыбысының таңбасы ретінде "н" мен "к" дыбыстарының қосынды таңбасы алынған. Араб әліппесін толықтыратын асты, үсті, үтір сияқты қосымша белгілер пайдаланылмаған

Ескі қазақ жазба тілінде дәстүрлі түркі әдеби тіл әсері толық сақталғандықтан, қазіргі кезде кодификацияланған сөздер екіұшты таңбаланған. Сондай-ақ түбірге қосымша қосылғанда, дыбыс үндестігі заңы сақталмай жазылды. Мысалы, мүлкімізні, аулымызны, бізні т.б. яғни жалғау және жұрнақтар ескі қазақ жазба тілінде бір ғана инвариант принципімен алынып, қазіргі кезде көптік мәнде жұмсалатын жалғаулардың (-дар, -тар) варианттары таңбаланбай, қазақ тілінің үндесім заңдылығы үнемі бұзылып отырды. Сөз ортасында, соңында ы, і қысаң дауыстылардың орнына ұ, ү таңбаланғанын көреміз: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашаршылыққа ұшыраған өңірлер
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Батырларға мәңгі естелік
Қауіпті табиғи құбылыстар
ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШЕВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Қазақ философиясы қалыптасуының ерекшеліктері
Тұқымдас өкілдерінің ортақ қасиеттері
Ұрпақ үшін -ел үшін
Пайғамбар
Пәндер