Қақтығыстардың түрлері


«Астана Медицина Университеті» КеАҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Конфликтология. Қақтығыстардың түрлері. Қақтығыстрады шешу мәселелері.
Орындыған: Естаева А. А.
Тексерген: Ильясова Б. М.
Тобы: 134 ЖМ
Нұр-сұлтан қ.
2020
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Конфликтология
- Қақтығыстардың түрлері
- Қақтығыстарды шешу мәселелері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиетттер
I. Кіріспе
Эмпатия ( лат. empatheіa ) - өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі - өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э. Титченер (1867 - 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғылыми тұрғыда жүйелеп шықты. Cезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі - идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы. [1]
Науқас адам, дерті жанына батқан жанның жүрегі нәзік келеді. Кеселді дерттен шаршап-шалдыққан жан бір ауыз жылы сөзге мұқтаж. Дәрігердің жылы сөз, жан жадыратар, көңілді марқайтар жақсы сөздері көңілге медет. Дәрігердің жылы сөзінің өзі науқасқа жарты терапия десек те болады. Науқас (пациент) -дәрігердің қамқорлығын қажет ететін және сол қамқорлыққа мұқтаж адам.
Денсаулық -жеке тұлғаның қоршаған ортаға бейімделе отырып, гармониялық дамуының нәтижесі. Өмір сүруге деген құштарлық. Дәрігер этикасының негізгі принциптері: өмірге құрмет, адамға құрмет, адам құқығына құрметтен туындайды.
Дәрігер этикасының маңыздылығы - кәсіби дәрігердің дүниетанымы әрдайым жоғарыдан көрініп отыруы тиіс. Дәрігер өзінің философиялық көзқарасын нығайта отырып, өзіне мынадай этикалық міндеттерді, этикалық ұстанымдарды, адамгершілік қасиеттерін қабылдауы тиіс. Дәрігердің этикалық міндеттері: ізгілік жасау; зиян тигізбеу; шындықты жасырмау. Сонымен қатар, басқалардың міндеттерін құрметтеу, уәдені орындау. Пациентке адал болу; науқастың жеке іс-қимыл әректтерінің құқығын сыйлау. Медицина қызметкерлеріне ең қымбат - адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. [2]
II. Негізгі бөлім
А. Конфликтология
Конфликт - (лат. тіл. conflictus- қақтығыс) - күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.
Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін. [3]
Мотивациялық конфликт. Тұлғаішілік конфликтінің жиі зерттелетін, оның ішінде психоаналитикалық бағытта көп зерттелетін түрлерінің бірі. Санасыз ұмтылыстар (Фрейд, 1903) арасындағы, меңгеруге және кауіпсіздікке деген ұмтылыстар арасындағы (Хорни, 1943), екі жағымды тенденциялар - «Буриданова осла» классикалық диллемасы (Левин, 1939), немесе әр түрлі мотивтердің қақтығысуы ретіндегі (Кузьмин, Семенов, 1987) конфликтілерді бөліп көрсетеді.
Адамгершілікті конфликт. Этикалық ілімдерде оны көбінесе моральдық конфликт деп атайды. (Бакистановский, 1972; 1983; Арницане, 1978; Федоркина, 1970) . Ол әлеуметтік сферадағы немесе жеке индивидтің санасындағы адамгершілікті қайшылықтардың негізінде пайда болатын және айқын адамгершілікті компоненті бар бір-біріне қарсы жақтардың, пікірлердің, бағалаулардың, құндылық бағдарлардың қайшы келуімен және қарама-қарсы әрекеттесулерімен сипатталатын конфликт ретінде қарастырылды. [4]
Конфликтідегі мінез-құлықтың 12 ережесі:
1. Егер серігің соншалық ашу-ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек. Өйтпейінше, онымен келісу өте қиын немесе мүмкін емес. Оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста. Бірақ өзіңді жоғары қойма. Егер адам ашуға қатты берілсе, ойы теріс пікірлер мен сеззімдерге толады. Сондықтан, қалайда оның өз-өзіне келуі үшін әрекет ету керек.
2. Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана нақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір. Адамдарға тән қасиет дәлел мен сезімді шатастырады. Сондықтан, серігіңнен «айтып тұрғаның нақты дәлел ме, әлде пікірің бе?»-деп сұрап ал.
3. Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең бастысы, сенің өтініштерің, еске түсірулерің, қалжыңдарың оның ашуын қайтаратындай болу керек.
4. Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт. «Сен мені алдап тұрсың-ау?» дегеннің орнына «Мен өзімді алданғандай сезініп тұрмын».
5. Қиындық туғызған мәселе мен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра. Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен бірге қандай мәселені шешу керегін анықта, одан соң бірге күш салыңдар. Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.
6. Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөніндегі ойын және одан шығудың жолдарын айтқызып көр. Бұл жағдайда кінәлі адамды іздеп, болмаса түсіндіріп әуре болмай, одан шығудың жолын ізде. Бір ғана нұсқамен тоқтап қалма. Ең соңында көңіліңдегі бірнеше пікірдің біреуіне тоқта. Алайда, серігіңмен келісуді есіңнен шығарма. Өйткені жетістікке, жеңіске бірге жетулерің керек.
7. Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер. Өзіңді еш уақытта өз қолыңнан шығарма, ашуға ашумен жауап беруге мүлде болмайды. Оның ар-намысына тиме. Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың өзінде сені еш уақытта кешірмейді. Сондықтан оның өзіне емес, іс-әрекетіне ғана жауап бер.
8. Оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны айтқыңыз келді ме? Мен сізді дұрыс түсіндім бе?-деп жиі-жиі сұраңыз. » Бұл әдіс дұрыс түсінбей қалудан сақтандырады және оны ықыласпен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.
9. Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста. Ол серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтап, екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды.
10. Кінәлі болсаң, кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді. Өзіне сенімді, өзін жетілдірген адам ғана кешірім сұрай алады.
11. Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс.
12. Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның сенімен алдағы уақытта да бірге жұмыс істейтіні даусыз [3]
В. Қақтығыстардың түрлері
Қазіргі уақытта алғашқы көмек дәрігерлері арасында науқастармен коммуникациялауда қиындықтар жиі кездеседі [5 ] . TW Reader, A Gillespie, J Roberts ғалымдарының 2013 жылғы жүйелік шолу нәтижесі бойынша науқастардың 15, 6% емге, 13, 7% нашар коммуникацияға шағымданады. Шағымдарды кластеризациялау және талдау нәтижесі бойынша: 35, 1% денсаулық сақтау ұйымдарының менеджменті, 33, 7% қауіпсіз сапалы қызмет көрсету, 29, 1% денсаулық сақтау жүйесінде науқаспен өзара әрекеттесу мәселесі. Медицинадағы коммуникативті дағдыларға жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша кеңес берудің 50%-ы дәрігер мен науқастың арасында шағымдар туындағанда ойлары бір жерден шықпайды [6 ] . Егер де келіспеушілік шешілмей қалса, толық емес түсіну, міндеттеме, қанағатсыздық туындайды. Дәрігерлер науқастардың өз ауруы бойынша идеялары және ойларына көңіл бөлмейді . Коммуникативті дағдылар (КД) тек шетелде ғана емес, біздің Қазақстанда да өзекті мәселелердің бірі болып тұр, әсіресе алғашқы медицина-санитарлық көмек деңгейінде маңызды. Науқастар ауырып бастағанда, әрине алғашқы көмек көрсететін дәрігерлердің көмегіне жүгінеді, сондықтан да дәрігер мен науқастың арасындағы коммуникация оның әрі қарай жүретін емге бейімделуіне, оны енгізу тактикасына, кейіннен оңалуына байланысты [7] . Дәрігердің позициясында «Дәрігер ортада» моделі артта қалып, қазір дәрігер мен науқастың тиімді коммуникациясын көздейтін «Науқас ортада» моделі алға жылжуда .
Конфликтінің түрлері.
1. Ашық және жабық конфликт
2. Мотивациялық конфликт
3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликті
4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт
5. Статустық конфликт
6. Жеке және топтық конфликтілер
7. Таңдау конфликтісі
8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликті
9. Қарама-қарсы қабылдау конфликті
10. Қажеттілік конфликтісі
11. Әлеуметтік норманың және қажеттілік конфликтісі.
Қақтығыстар, айырмашылықтар конфликттің тууына холық негіз бола алмайды. Олар нақты адамдар, топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар мен мемлекеттер, яғни қақтығыстарды иемденген күштер іске қосылғанда ғана жұмыс істей бастайды. Осыған байланысты жантануда конфликттің үш түрі қалыптасқан: әлеуметтік, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық.
Ч. Макклинтон көптеген эксперименттерге сүйене отырып, эксперименттік ойындар жағдайлардағы элеуметтік мотивтерді жіктеді (кооперация, индивидуализм, бәсекелестік, альтруизм, агрессия, тепе-теңдік) .
Отандық психологтар әлеуметтік-психологиялық конфликтті адамның элеуметтік тәні мен адамдардың әлеуметтік тэні мен адамдардың өзара-әрекеттестік табиғатын түсіну негізінде қарастырады.
Я. Л. Коломинский үшін қатынас заттық-ақпараттық эрекеттестік, оның негізінде тұлғааралық қатынастар қалыптасады, жүзеге асады, көрінісін табады. Бүл қатынастар жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып, қақтығыс (конфликт) тің мынадай түрлерін атауға болады:
1. тұлғааралық қақтығыстар,
2. отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар,
3. басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар,
4. әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар,
5. саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т. б.
Басшы мен бағынушы арасындағы қақтығыс себептері 2 түрге бөлінеді. Объектив, субъектов
Объектив себептер : Қатынастың субординациялық характері функциональды және тұлғалық қатынас арасындағы қарама-қайшылық әрқашан да қақтығыс тудырады; «Адам-адам» жүйесіндегі қызмет те табиғатында қақтығыссыз емс; «Тікелей басшы-бағынушы» арасында әрқашан да қақтығыс бар; Борыш, құқық пен міндет тең болуы қажет; Басшиның сезім және профессиональдық жағдайда бейімделгенінің күрделілігі және т. б.
Субъектив себептер : Басқарушыға тән себе птер: дұрыс басқара алмау, мамандықтың төмендігі, еңбек стимулын ұйымдастыра алмау т. б; Тұлғалық себе птер: қатынас жасау мәдениеті төмендігі, өз міндетін шин ықыласпен орындамау, бастыққа жағымпаздану, жеке психологиялық ерекшеліктері және бастық пен бағынушылар келіспеушілігі (қарсы колу, эмоциялық тұрақсыздық, күйіп-пісу, өзін жоғары ұстау, кейбір мінез-құлыптарының ұнамсыздығы және т. б. ) ; Қақтығыстың тұлғалық себе птері, олардың жеке психологиялық ерекшеліктерімен байланысты (екі тұлға арасындағы) .
Ол себептер төмендегідей
: Өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау; Социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы; Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі; Басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы) ; Өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, есептеу, сынақ нәтижесінде өзгелерді жоғары кемсіту, крикету, жоғары талаптар қою; Темпераменттің холерик типі қасиеттерінің болуы және т. б.
Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы 4 топ факторлар мен себе птерге негізделеді. Олар: Объективтік, ұйымдастыру-басқару, тұрмыстық-психологиялық, жеке тұлғалық.
I) Қақтығыстың объективтік себептеріне адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады. Объектив себе птері қақтығыстық жағдайды тудырады. Ал субъектов себе птер қақтығыс мүшелерінің (оппонеттер) жеке психологиялық ерекшеліктермен байланысты, яғни қақтығыс тудыратын, сол қақтығыс арқылы объектив қайшылықтарды шешуге бағытталған жеке психологиялық қасиеттерімен ерекшелінеді. Әрқандай ситуация (жағдайда) оны қақтығыспен және қақтығыссыз шешуге мүмкіндік болады.
II) . Қақтығыстың ұйымдастыру - басқару себе птеріне - ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады. 4 түрлі себе птерді көрсетуге болады. Олар: Құрылымдық-ұйымдастыру - яғни ұйымның құрылымының сол еңбек түріне сай келмеуі. Ұйымның құрылымының мақсат-міндеті талаптарға сай болуы қажет. Кері жағдайда ондағы жеке тұлғалар (басшылар және топтар арасындағы қақтығыс күшейе түседі. Жалпы өнім төмендейді. Сондықтан да ұйымның құрылымын жасауда, жобалауда олқылыққа жол бермеу қажет. Ұйымдағы тапсырма, міндеттер анық, шеберлікпен ұйымдастырылмаса қақтығыс, қиыншылықтар малая түседі.
Функциональдық-ұйымдастырушылық ұйымының сыртқы ортамен тиімді функциональдық байланыстары төменденегде, ұйым ішіндегі бөлімдер мен жеке құрылымдар арасындағы байланыс бұзылғанда, жеке жұмысшылар арасындағы сыйластық, түсінушілік төменденегде қақтығыстарға себеп болады. Жеке тұлғалық-функциональдық - лауазымдағы қызметке, басшылардың өз мамандығына, адамдық, моральдық қасиеттерімен сай келмеу себебі: Мұндай ұжымда бастық пен қызметкер, мамандар, жұмысшылар арасында қақтығыстық болуы сөзсіз. Ситуациялық-басқарушылық - ұйым басшысы, оған бағынушылар тарапынан қате шешім мен қаулылардың қабылдаыуына байланысты қақтығыстар себебі. Басшиның орынсыз шешімі оған мойынсынушылардың наразылығын тудырады[7]
С. Қақтығыстарды шешу мәселелері
Әрбір дәрігер, мейірбике немесе басқа бір медицина қызметкері өз жұмыс орнындағы өзінің борыштарын біле отыра, тек науқастармен ғана емес, өзара жақсы қарым−қатынаста болуы, бір−бірлерін құрмет етіп, сыйлауы керек. Әсіресе бір медициналық орталықта жұмыс істейтін дәрігерлер, мейірбикелер өзара одақтас болуы керек. Егер медцина қызметкерлері бір−бірлерін құрметтемесе, түсінуге тырыспаса олар арасында өзара келіспеушіліктер шығуы мүмкін.
Медициналық ұжым арасында дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен мейірбике, мейірбике мен мейірбикелер арасында қақтығыстар болуы мүмкін. Бұл қақтығыстардың себептеріне тоқталатын болсақ, олар көбінесе жастық ерекшелігінен өздерінен кіші болып, бірақ лауазымы, білімі жағынан өздерінен жоғары болатындардың бір бірлеріне онша бағынғысы келмейтіндіктен, немесе өздерінікін дұрыс санап, өзінің жасынан үлкен немесе білімі жоғары болғандың сөзіне құлақ асқысы келмегендіктен, өзіне деген сенімділігі артық болғаннан болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, мейірбикелердің сауатсыздығынан, білім дәрежесі төмен болғанынан, олардың өз жұмыстарына жауапкершілігі төмен бөлып, таза жұмыс істемегндіктерінен олардың дәрігермен араларында қақтығысулар шығуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz