Дизентерия және ішек амебалары
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Дюсенбекова Баян Нестеровна
Медициналық паразитология
Қарапайымдылар типі
оқу құралы
Қарағанды 2009
ӘОЖ 616.96
КБЖ 52.67я7
Д - 95
ПІКІРШІЛЕР:
Г.А.Абдулина - Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының
микробиология және иммунология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының
кандидаты.
Н.У.Танкибаева – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының
эпидемиология және медициналық генетика кафедрасының доценті, биология
ғылымдарының кандидаты.
Б.М.Жұмабаева – Қарағанды қаласының медицина колледжінің әдіскері,
мед.биология және генетика пәнінің оқытушысы.
Д – 95. Дюсенбекова Б.Н. Медициналық паразитология, Қарапайымдылар
типі. – Оқу құралы. – Қарағанды. – 2009 ж. – 37б.
КБЖ 52.67я7
Медициналық паразитологияның Қарапайымдылар типі атты оқу құралы
медициналық колледждің барлық мамандықтарының оқушыларына арналған. ҚР
денсаулық сақтау минстрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес
құрастырылды.
Оқулық құрал ҚММА – ның Медициналық колледжінің әдістемелік кеңесінде
талқыланып бекітілді. Хаттама № 5 22.04.09 ж
ҚММА – ның Ғылыми кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылды.
Хаттама №5 28 05 2009ж.
© Дюсенбекова Б.Н. 2009 жыл
Мазмұны
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Қарапайымдылар типі -
Ргоtozoa ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3. Қарапайымдылардың экологиялық
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Қарапайымдылардын негізгі кластарына сипаттама
Саркодиналар класы -
Sarcodinа ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .9
5. Талшықтылар класы -
Flagellata ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
6. Споралылар класы -
Sporozoa ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
17
7. Инфузория класы -
Infusorіа ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 21
8. Тестік
сұрақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 23
9. Терминдер
сөздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..34
10.
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 36
КІРІСПЕ
Адамда ауру тудыратын паразиттердің таралуын және оның алдын алу,
емдеу, инвазияға қарсы күресу тәсілдерін зерттейтін ілім саласы –
медициналық паразитология деп аталады.
Медициналық паразитология үш бөлімнен тұрады:
1. Медициналық протозоология – қарапайымдылар тудыратын ауруларды
зерттейтін ілім.
2. Медициналық гельминтология – ауру тудыратын жалпақ және жұмыр құрттар
типі өкілдеріне жататын гельминттерді зерттейтін ілім.
3. Медициналық арахноэнтомология – буынаяқтылар типіөкілдерінің
қоздырғыштарды тасымалдаушыларын зерттейтін ілім.
Медициналық паразитологияның негізгі мақсаты – паразиттер қоздыратын
ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құру.
Табиғатта паразит түрлері көп, олар – нағыз, жалған, уақытша және тұрақты
деп бөлінеді.
Нағыз паразиттер иесінің денесімен едәуір уақыт бойы байланысқан,
паразиттік тіршілік ету тарихы қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып
саналады.
Жалған паразиттер еркін тіршілік ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ
басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзады.
Уақытша паразиттер (негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің
шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін
тіршілік етеді.
Тұрақты паразиттер – салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер
болып бөлінеді. Салыстырмалы тұрақты иесінің денесінде өзінің даму циклінің
бір – ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезеңдерінде еркін тіршілік етеді.
Шартты тұрақты паразиттер - өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде
өткізеді, олар еркін, яғни иесінің денесінен тыс, тіршілік ете алмайды.
Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және
эндопаразиттер деп бөледі.
Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының (тері, түктер) тіршілік етеді.
Оларға қансорғыш буынаяқтылар – кенелер жатады.
Эндопаразиттер – иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік етеді.
Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз –
паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар.
Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп
отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.
Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз
жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен
көбейетін ағзаны айтамыз.
Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір
паразиттер үшін резервуар болып адамдар (безгек, бөртпе сүзегі, іш сүзегі),
кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи
резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия
ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады.
Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да
қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады.
Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады.
Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі.
Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін
өткізеді (безгек масасы).
Механикалык таратушылар денесінде паразиттер дамымай тек олардың
көмегімен кеңістікте таралады. Мысалы, шыбын денесіне әр түрлі паразиттер
жабысып таралуы мүмкін.
Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың
трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің
трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары
(гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып
табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі
мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне — аналық безге, жұмыртқа
жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды,
бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және
оны ұрпақтан-ұрпакка беріп отырады.
Пайда болу себептеріне қарай адамдар мен жануарлардың ауруларын
инфекциялық (жұқпалы ауру, індет) және инвазиялық (паразиттік) аурулар деп
боледі.
Инфекциялық аурулар әр түрлі микроағзалардың — бактериялар, спирохеттер,
вирустар, саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады.
Инвазиялық аурулар түрліше патогендік қарапайымдылар (протозооноздар),
гельминттер (гельминтоздар), насекомдар әсерінен пайда болады.
Таратушылар аркылы берілетін ауруларды трансмиссивтік аурулар деп
атайды.Оларға инфекциялық және инвазиялық аурулар жатады.
Паразиттер мен иесінін арасындағы ерекше байланыстарға қарай төмендегідей
трансмиссивтік ауруларды ажыратады:
зооноздар — тек қана жануарларға тән аурулар (құстар безгегі);
антропоноздар — тек қана адамдарға тән аурулар (трихомонадоз, амебиаз),
антропозооноздар — адамдарда да, жануарларда да кездесетін аурулар (тайга
энцефалиті, лейшманиоз, оба т.б.).
Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық
зерттеулер нәтижесінде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды.
Табиғи ошақтық аурулардың бірнеше ерекше белгілері болады:
олардың паразиттері адамның катынасынсыз табиғатта өз бетінше ұзақ уақыт
айналып жүреді;
олардың таратушылары болып жабайы жануарлар саналады;
3) олар табиғатта кең таралмай белгілі бір шағын жерлерде — ошақтарда
кездеседі.
Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретінде тайга энцефалитін алуға болады.
Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, кұстар) - табиғи
резервуарлар; жануарлардың паразиттері — иксод кенелері таратушылар болып
саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп
ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты
ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді. Паразиттің табиғи
резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп
атайды.
Лейшманиоздың табиғи ошағы - лейшманиямен зақымданған тышқандар мен
олардың індерін мекендейтін бәкене шыбындар таралған шөлді және шөлейт
жерлер саналады.
Табиғи ошақтар адамдар үшін өте қауіпті. Егер кездейсоқ адамдар сол
ошақтарға бара қалса (экспедиция, аң аулау, орманшылар т.б.) онда
таратушылар сол паразиттерді адамдарға жұқтыруы әбден мүмкін.
Қарапайымдылар типі — Ргоtozoa
Қарапайымдылар - денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы
көрінетін ағзалар, қызметгік жағынан ол біртұтас, дербес ағза болып
саналады. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде
ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап
беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады.
Жасуша пішіні әртүрлі, тұрақты (кірпікшелі кебісше) немесе тұрақсыз (амеба)
болады. Қарапайымдылардың денесі өте кішкентай: 3 мкм-ден 160 мкм
аралығында болады. Ол сыртқы мембранадан, цитоплазмадан, ядродан және
органоидтардан тұрады. Сыртқы мембрананың құрылысы жасушалардың
мембранасына ұқсас; цитоплазмасы 2 қабатқа бөлінген — сыртқы қабаты —
эктоплазма, тығыздау, біркелкі және мөлдір, ал ішкі қабаты - эндоплазма,
түйіршікті және сұйықтау болып келеді. Эндоплазмада жалпы қызмет атқаратын
органоидтары болады: митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені
т.с.с. Сонымен қатар, қарапайымдыларда ерекше қызмет атқаратын
органоидтарда кездеседі. Оларға қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, қорғаныстық
т.с.с. органоидтары жатады.
Қарапайымдылардың қозғалу органоиды болып жалғанаяқтары, талшықтары,
кірпікшелері саналынады.
Қарапайымдардың қоректену тәсілі автотрофты (фотосинтез) гетеротрофты
(фагоцитоз, пиноцитоз) болады. Ас қорыту органоиды болып ас қорыту
вакуольдері, зәр шығару органоиды - жиырылғыш вакуольдер саналынады; ал
кейбіреулерінде ерекше тесікшелер - қылаулатқыштар кездеседі.
Қарапайымдылар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі
жасушаның жай 2-ге бөлінуі аркылы, не жасушаның көптеп бөлінуі (шизогония)
арқылы жүруі мүмкін (ядросының бөлінуі - митоз, одан кейін ұзынан немесе
көлденең цитокинез). Жынысты көбеюі копуляция (талшықтылар). не коньюгация
(инфузория), күйінде кездеседі.
Ортаның қолайсыз жағдайында циста (тығыз қабық) түзіледі. Бұл кезде олар
қозғалуын тоқтатып, қалың қабықпен қапталып, тыныштық күйіне көшеді.
Олардың зат алмасуы мүлдем тоқталады. Кейбір жағдайда циста таралу қызметін
атқарады. Қолайлы жағдай туса олар қайтадан тіршілігін әрі қарай жалғастыра
береді
Қарапайымдардың 70000-ға таяу түрі бар. Олар табиғатта кең таралған және
мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда .еркін және паразиттік
тіршілік ететін түрлері кездеседі. Табиғатта топырақ, бор түзуге қатысады,
адамдар мен жануарларда әр түрлі зілді ауруларды (малярия, лишманиоз)
қоздыруы мүмін.
Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7
класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:
1. Саркодиналар,(тамыраяқтылар) класы (Sarcodinа);
2. Талшықтылар класы (Ғ1аqе11аtа);
3. Споралылар класы (Sроrоzоа);
4. Инфузориялар (кірпікшелілер класы (.Jnfusогіа).
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ
Медициналық көзқарас бойынша қарапайымдылар келесі экологиялық топтарға
бөлінеді:
1.Қуысты мүшелерде мекендейтін, сыртқы ортамен байланысты қарапайымдылар:
а. Ауыз қуысында мекендейтін қарапайымдылар:
Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis (Саркодиналар класы)
Trichomonas tenax (Талшықтылар класы)
б. Ащы ішекте мекендейтін қарапайымдылар:
Лямблия - Lamblia intestinalis (Талшықтылар класы)
в. Тоқ ішекте мекендейтін қарапайымдылар:
Дизентерия амебасы - Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.)
Балантидия - Ваlantidium соlі (Инфузория класы)
г. Жыныс мүшелерінде мекендейтін қарапайымдылар:
Қынап трихомонадасы - Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.)
д. Өкпеде мекендейтін қарапайымдылар:
Пневмоциста – Pneumocystus carinii (Споровиктер класы)
2.Ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар.
а. Трансмиссивті емес берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
Токсоплазма — Тохорlasmа gondіі (Споровиктер класы)
б. Трансмиссивті берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
Лейшманиялар – Leishmаnіа (Талшықтылар класы.)
Трипаносомалар – Trypanosoma brucei gambiense, Trypanosoma brucei
rhodesiense (Талшықтылар кл.)
Безгек плазмодиясы – Plasmodium (Споровиктер класы)
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ТИПІ (PROTOZOA)
Өкілдері Тудыратын Мекендейтін орны Берілу жолдары
аурулары
Саркодиналар класы Sarcodina
Дизентерия амебасы Амебиаз Ішекте Ауыз - нәжістік
(Еntamoeba histolytica)
Ауыз амебасы Entamoeba Шартты - Ауыз қуысында
gigivalis патогенді
Ішек амебасы ЕntamoebaШартты - Ішекте
coli патогенді
Талшықтылар класы Flagellata
1.Лейшмания Лейшманиоз Тері Трансмиссивтік
(Leishтапіа) Ішкі мүшелерде
а. дерматропты
б. висцеротропты
2.Трипаносома Трипаносомоз Қанда Трансмиссивтік
3.Трихомонада Трихомониаз Несеп – жыныс Жыныстық
(Trichomonas) жүйесінде
4. Лямблия Лямблиоз Ішекте Ауыз – нәжістік
Споровиктер класы Sporozoa
1. Плазмодия Безгек Қанда Трансмиссивтік
(Plasmodium)
2. Токсоплазма Токсоплазмоз Тінде, несеп – Вертикалдық
жыныс жүйесінде
3. Саркоциста Саркоцистоз Тінде
4. Кокцидия Кокцидиоз Ішекте
5. Пневмоциста пневмоцистоз Тінде Аэрогендік
Инфузориялар классы Infuzoria
1. Балантидия Балантидиаз Ішекте Ауыз – нәжістік
Қарапайымдылардын негізгі кластарына сипаттама
Саркодиналар класы (Sarcodinа)
Саркодиналар класына 10000-ға жуық түрлер жатады; олар негізінен
теңіздерде, тұщы суларда және топырақтарда кездеседі. Бұлар - ең қарапайым
жануарлар. Олардың денесі бір ғана жасушадан тұрады, цитоплазмасы
жіктелмеген, бір немесе бірнеше ядролары болады Саркодиналарда қабықша
(пелликула) болмайды, сондықтан олардың денесінде тұрақты пішін жоқ. Грекше
берілген саркос сөзі плазма дегенді білдіреді. (Плазма дегеніміз
қоймалжың сұйықтық немесе жасуша ішіндегі цитоплазма.) Сондықтан
саркодиналар класын плазмалылар деп атайды.. Дене пішіні түрақсыз,
козғалу органоидтары болып жалған аяқтары саналынады. Жалған аяқтары
қозғалу мен қатар жемтікті қармау қызметін де атқарады. Ауыз қуысы
болмайды, жасушаға заттардың енуі және жасушадан заттардың сыртқа шығарылуы
денесінің кез келген жері арқылы жүзеге асады. Жиырылғыш вакуольдері -
біреу. Көбеюі негізінен жыныссыз жолмен — жасушаның 2-ге бөлінуі арқылы
жүреді.
Осы типтің өкілдері әр түрлі бактериялар, қарапайымдылар және
біржасушалы балдырлармен қоректенеді. Демек олар гетеротрофтарға жатады.
Олар суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіру арқылы тыныс алады. Зиянды
заттар ерітіндісін цитоплазмадағы жиырылғыш вакуоль арқылы сыртқа шығарады
. Ортаның колайсыз жағдайында циста түзеді. Кейбір түрлерінде жасушасының
сырты әкті қаңқамен қапталған (сәулелі өрмекаяк, қошқармүйіз көпірме).
Қаңқалары немесе бақалшақтары әктен түзілген саркодиналардың
қалдықтарынан топырақ әктенеді, мұндай қалдықтар тау жынысын түзуге
қатысады. Паразитті түрлері адамда және жануарда ішек ауруларын тудырады.
Мысалы дизентериялық амеба адамның тоқ ішегінде дизентерия (кантышқақ)
ауруын тудырады.
Бұл кластың өкілдері: Амеба (Аmoedinа).отряды.
Амеба отряды — Атоеbiпа
Адам денесінде амебаның бірнеше түрлері кездеседі, олардың ішінен
маңыздысы — қантышқақ (дизентерия) амебасы (Еntamoeba histolytica) (1-
сурет).
1-сурет. Дизентерия және ішек амебалары.
а) ірі вегетативтік формасы, б, в) ұсақ вегетативтік формасы: 1-
эктоплазма, 2-эндоплазма, 3-жалған аяқтары, 4-ядро, 5-кариосома, 6-ас
қорыту вакуоляларындағы эритроциттер; г) циста.
Дизентерия амебасы — Еntamoeba histolytica адамдардың зілді ауруы
—амебиаз ауруының қоздырушысы болып табылады. Ол адамның тоқ ішегінде
паразиттік тіршілік етеді. Ол барлық жерлерде, әсіресе климаты ыстық болып
келетін жерлерде, кездеседі.
Бұлар тек адам паразиті болып табылады. Оның тіршілік циклінде мынадай
формалары кездеседі: циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma magna), ірі
вегетативтік формасы (forma minuta) және ұлпалық формасы.
Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не
жуылмаған жеміс-жидектерді жегенде адамға жұғады. Адам ішегіңде циста
қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеба тез бөлініп 4 бір
ядролы ұсақ вегетативтік формасы (7-15 мкм) (forma minuta) түзіледі. Ұсақ
вегетативтік амеба тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп, ұзақ уақыт зиянсыз
тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да
нәжіспен сыртқа шығарылады.
Ішектің амеба аркылы зақымдануы салдарынан ұсақ вегетативтік формаға
(forma minuta) ірі вегетативтік формаға (forma magna) айналады. Оның өлшемі
ірілеу 30—40 мкм және ядро кұрылысы ерекше болып келеді. Олар
эритроциттермен қоректенеді, сондыктан оларды эритрофагтар деп атайды.
Ішек қабырғасының ұлпасында көбеюші амебалар (ұлпалық формасы) ішек
қуысына өтуі мүмкін. Олардың кұрылысы және көлемі ірі вегетативтік формаға
ұқсас болады, бірақ олар эритроциттермен қоректене алмайды.
Емдеу немесе ағзаның қорғаныстық реакциясының күшеюі нәтижесінде ірі
вегетативтік форма қайтадан ұсақ вегетативтік формаға өтіп цистаға
айналады.
Кейбір адамдарда ұсақ вегетативтік форма еш уақытта да ірі вегетативтік
формаға айналмайды. Ондай адамдарды циста тасымалдаушылар деп атайды. Олар
өздері ауырмайды, бірақ басқа адамдар үшін өте қауіпті, себебі басқа
адамдардың зақымдану кезінің бірі болып табылады. Циста тасымалдаушы 1
тәулікте 600 млн цисталарды боліп шығарады. Оларды дер кезінде тауып емдеу
қажет.
Амебиаздың жұғуының жалғыз көзі болып адам саналады. Нәжіспен бөлініп
шыққан цисталар топырақты, суларды ластайды, бау-бақшаларға жетіп жеміс-
жидектерді ластайды. Ластанған жеміс жидектерді жумай жеген кезде амеба
цистасы адамға жұғады. Олардың механикалық таратушылары болып шыбындар,
тарақандар саналады.
Клиникалық сипаты. Негізгі белгілері (симптомдары) ішектің қансырап
тұратын жарасы, қан мен сілемей араласқан сұйық үлкен дәреттің жиі келуі
болып табылатын зілді ауруды қоздырады. Дұрыс емделмесе 40% жағдайда дүние
салуға алып келеді.
Лабораториялық анықтау. Нәжісті микроскопиялык зерттеу арқылы
жүргізіледі. Аурудың зілді кезінде үлкен дәретте эритроциттерді жұтқан ірі
вегетативтік формасын, ал созылмалы ауру кезінде не циста тасымалдаушыларда
4 ядролы цисталарды іздейді.
Алдын алу шаралары ретінде жеміс-жидектерді жуып жеу, қайнаған суды ғана
ішу, тамақтану алдында, дәрет алғаннан кейін, қолды сабындап жуу, яғни жеке
тазалықты сақтау болып табылады механикалық тасымалдаушыларды (шыбындар,
тарақандар) жою және санитарлық ағартушылық жұмыс (үгіт-насихат) жүргізу
әдістерін атауға болады.
Адамның ас қорыту жолында дизентерия амебасымен қатар басқа да патогенді
емес амебалар кездеседі. Ол - ішек амебасы (Entamoeba coli), ауыз амебасы
(Entamoeba dingivalis). Олар адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.
Ішек амебасы – Еntamoeba coli – ауру туғызбайды, морфологиялық құрылысы
дизентерия амебасына ұқсас. Ол вегетативті форма және циста түзеді, циста
да 8 ядросы болады. Цистасы 13–25 мкм.
Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis – тіс сыртында, таңдай миндалиналарының
көмекей безінде орналасады, сау адамдардың 25%-да кездесетін, комменсал.
Көлемі 6-30 мкм, циста құрмайды. Бактериямен, лейкоциттермен қоректенеді.
Иек қанаған кезде эритроциттермен қоректенуі мүмкін.
Талшықтылар класы — FLagellata
Бұл класқа 6-8 мыңға жуық түрлер жатады, олардың көпшілігі адам
паразиттері болып табылады.
Талшықтылардың денесі кішкентай, сопақша, домалақ не жіпше тәрізді,
пішіні тұрақты. Олардың дене пішінін сақтауға пелликула жәрдемдеседі.
Пелликула дегеніміз – көптеген қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын
жұқа, иілгіш қорғаныш қабат.
Қозғалу органоиды – талшықтар және.желпуші жарғақша. Талшықтар - дененің
алдыңғы жағында орналасқан цитоплазманың ұзын және жіңішке өскіншесі болып
саналады. Талшық цилиндр пішінді базальдық денешіктен немесе кинетосомадан
тұрады. Кейбір талшықтылардың (лейшмания, трипоносома) талшығының түбінде
ерекше органоид - кинетопласт кездеседі, ал кейбіреулерінің талшығы денесін
ұзына бойына бойлап, сыртқа шығып тұрады. Цитоплазма онымен жұқа өскінше
арқылы жалғанып желпуші жарғақша - (ундилденуші жарғақша) түзеді.
Талшықтыларда жасушаның ішіне енетін тығыз салмақ түрінде аксостиль – тірек
органелласы бар.
Қоректенуі: гетеротрофты, кейбіреулері автотрофты немесе миксотрофты.
Паразит нысаны қоректі денесінің бүкіл бетімен пиноцитоз аркылы сіңіреді;
гетеротрофтылардың ас қорыту вакуольдері болады. Бөліп шығару органоиды -
жиырылғыш вакуольдері еркін өмір сүретін формаларында ғана кездеседі, ал
паразит формалары болмайды. Талшықтыларда негізінен бір кейде екі ядро
кездесуі мүмкін.
Көбеюі: жыныссыз, кейде жынысты жолдармен жүреді.
Өкілдері: лейшманиялар, лямблиялар, трипаносомалар, трихомонадалар.
Алғашқы монадалылар отряды.
Лейшмания туысы —Leishтапіа.
Лейшмания трипоносомалылар тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдастың ерекше
белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше
морфологиялық формалары бар:
1. Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның
ортасында сопақша ядро орналасқан. Талшық денесінің артқы жағынан,
ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жаксы жетілген.
2. Критидиалдық формасының талшығы денесінің ортасынан, ядродан
ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді.
3. Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен
басталады, желпуші перде дамымаған.
4. Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасынын денесі домалақ, ядросы
ірі, талшык мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі
ғана болады.
5. Метациклдік формасы критидиалдық формаға ұқсас, бірақ талшықтың еркін
болігі дамымаған.
Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі:
лептомонадалық және лейшманиялык.
Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны
адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык
формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды
лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар
қатарына жатады.
Лейшманиялар екі түрге бөлінеді:
1. дерматотропты (теріні закымдайды)
2. висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды)
Висцералді лейшманиозды қоздырушы — Leishтапіа donovai. Ол бауыр,
көкбауыр, сүйек кемігі жасушаларында, лимфа түйінінде, тері астындағы
ретикулоэндөтелиалды жасушаларда кездеседі.
Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка,
Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.
Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі
сүтқоректілер (иттер, шиебөрілер) саналынады. Таратушылары болып ұсақ
қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене
шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды
шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа аркылы
таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялык формаға айналады да
көбейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100—200-ге дейін жетуі мүмкін.
Олар жасушаны бұзып жаңа жасушаларға өтіп өтырады.
Патогендік әсері. Көкбауыр және бауыр мөлшері үлкейіп өседі. Ағзада
қаназдылық, әлсіздену, жүдеу процестері байқалады. Ауру зілді түрде не
созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл
аурумен негізінен балалар жиі ауырады.
Лабораториялық анықтау — төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы
зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады.
Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық
шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар
жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с.
Тері лейшманиозын қоздырушы — Leishтапіа trоріса
Лейшманияның дерматотропты түрінің 3 түрлі тармағы белгілі: L. tгоріса
mіnог; L. tгоріса majог (Жер шарының шығысында) және L.tгоріса mехісапа
(Жер шарының батысында). Олар тері жасушаларында кездеседі.
Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең
таралған.
Висцералды лейшманиозға ұқсас. Жұғу көзі болып адам және жабайы жануарлар
(ұсақ кемірушілер) саналынады. Таратушылары болып шіркейлер есептелінеді.
Ағзаның ашық жерлерінде ұзақ жазылмайтын жаралар пайда болады. Жара
жазылғаннан кейін оның орнында тыртық із қалады.
Лабораториялық анықтау - жара бетіндегі ылғалды микроскопиялық зерттеу
арқылы жүргізіледі. Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық
шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.
Көпталшықтылар отряды - Ро1уmastagіпа
Ішек трихомонадасы (Trichomonas hominis) – ішек трихомонозының
қоздырғышы. Тоқ ішектерде орналасады. Барлық жерлерде таралған. Өлшемі 5-
15 мкм, сопақ пішінді, көпіршік тәріздес бір ядросы, 3-4 талшығы және
ундулярлы мембранасы бар.
Урогениталды (қынап) трихомонада –Trichomonas vaginalis. Урогениталды
трихомонадоз ауруын қоздырушы паразит, ол әйелдер мен ер адамдардың зәр
шығару және жыныс жолдарында кездеседі. Ол барлық жерлерде таралған. Бұлар
ішек трихомонадасына ұқсас, бірақ ірілеу болып келеді, өлшемі 7—30 мкм.
Дене пішіні алмұрт тәрізді; 4 талшығы болады, оның бірі денесінің артына
қарай бағытталған.
Олар жыныс-несеп жолдарының қабырғасына бекініп механикалық әсер етеді.
Бұл ауруды жыныс-несеп жолдарының бөлінділерін микроскоппен зерттеу арқылы
анықтайды. Жеке шаралар - гигиеналык шарттарды сақтау болып табылады.
Лямблия - Lamblia intestinalis – лямблиоз ауруының қоздырғышы. Паразит
вегетативтік түрінде (трофозоит) өмір сүреді. Денесі алмұрт тәріздес, оң
және сол бөліктерге бөлінген. Өлшемі 10-18 мкм. Барлық органоидтары мен
ядролары жұпты. Ядроларының арасында екі тіректі жіпшелер жатады. Төрт жұп
талшықтары бар. Қоректенуі осмостық. Лямблиялар циста түзе алады, олар
нәжіспен сыртқа шығып, қоршаған ортаға тарайды.
Трофозоиттар аш ішектің жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.
Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады. Өт
жолдарында өттің әсерінен тез өледі. Вегетативтік түрлері нәжіспен
бөлінбейді, бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады.
Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп, цисталарға
айналады. Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі.
Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылық пен
температураға байланысты 1 айға дейін жақсы сақталады. Құрғақтылық
цисталардың жойылуына әкеледі. Адамның залалдануы ластанған қол,
ойыншықтар, тағам және су арқылы іске асады. Олар арқылы ішекке түскен
цисталар вегетативтік түрлерге айналады, бір циста 2 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz