Көне Қытай философиясының негізгі мектептері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
ТАҚЫРЫБЫ: Көне Қытай философиясының негізгі мектептері
Орындаған:
Тексерген:
Мазмұны
Кіріспе
1 Қытай философиясы
1. 1 Көне Қытай философиясы
2 Көне Қытай философиясының негізгі мектептері:
2. 1 Инь және Ян мектебі
2. 2 Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
2. 3 Даосизм мектебі
2. 4 Легизм мектебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді, оқ дәріні (порох), фарфор ыдыс-аяқты және т. б. алғаш рет ойлап тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. Көркем әдебиет, сурет өнері, философия, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.
Әсіресе, философия саласын алсақ, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан философия ошақтарының біріне жатады. Осы елде б. д. д. 8-3 ғасырлар аралығында ең белгілі философиялық мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді
1 Қытай философиясы
1. 1 Көне Қытай философиясы
Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді. Мысалы, тірілердін өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда түрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т. б.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық және жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т. б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бүл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
2 Көне Қытай философиясының негізгі мектептері:
2. 1 Инь және Ян мектебі
Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII-VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б. ж. с. д. 207ж. -б. д. 220 ж. ) . Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б. ж. с. д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:
Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б. ж. с. д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.
Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді. [6, 87-89 б. ] .
“Инь” сөзінің мағынасы таудың, жотаның, сайдың қараңғы, көлеңкелі жақтарын білдірсе, “ян” сөзінің мағынасы аталған объектілердің жарық жағын білдіреді. Жалпылама түрде айтқанда, ежелгі қытай философиясында инь мен ян ұғымдары әлемнің дуалистік сипатын бейнелейді. Яғни, әлемнің бүкіл заттары мен құбылыстарын екі қарама-қарсы топтарға жіктеуге болады:
“Инь” мен “Ян” екеуінің дуализмі мен өзара әсері бүкіл әлемдік құбылыстардың мәнін айқындайды. Мұндай қызметті олар адамның өмірі мен парасатты іс-әрәкетіне де, таным процесіне де байланысты атқарады. Инь және ян бүкіл әлемдік хаосты реттеуші бастау болып табылады. Инь, ян ілімін Ұлы жалпы заң деп атайды. Ауысу, өзгеру және толықтыру құбылыстары инь мен янның өзара қатынасқа түсуі нәтижесінде жүзеге асып жатады. Инь, ян ұғымдары жаhандағының бәрі екі қарама-қарсы жақтардан құралғанын бейнелейді, шексіз екі қарама-қарсы жақтар бар. Дүние шексіз, инь, ян бір-бірінсіз өмір сүрмейді.
Инь мен янның өзара байланыстарын, қатынастарын, мызғылмас бірлігін тайцзы (ұлы шек) ұғымы көрсетеді. Ол графикалық түрде монема арқылы көрініс табады. Аталмыш монеманың мағынасын былай сипаттауға болады:
- Шеңбер шексіз әлемнің символы болып табылады.
- Қара (инь) мен ақ (ян) әлемнің екі қарама-қарсы жақтарын білдіреді.
- Инь мен ян мызғымас бірлікті құрайды: әр янда аз мөлшерде инь болады, әр иньде аз мөлшерде ян болады.
- Ян өз шегіне жетіп иньға өтеді, ал инь өз шегіне жетіп янға өтеді.
- Сонымен, ежелгі қытай философиясындағы инь мен ян туралы ілім әлемнің бірлігін, дуализмін және ұдайы өзгерістерде болатындығын бейнелейді.
Ал енді у-син (5 стихия) іліміне келетін болсақ, оның қалыптасуы Цзоу Янь (б. д. д. ІІІ ғ. ) есімімен байланысты. Бұл ілім заттар мен құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін бақылау нәтижесінде қалыптасқан. Атап айтқанда, кез келген зат немесе құбылыс мынадай даму кезеңдерін өтеді:
- жаралу, пайда болу; символы - ағаш;
- ең жоғарғы белсенділік; символы - от;
- торығу; символы - металл;
- ең төменгі белсенділік, енжарлық; символы - су.
Осы 4 стихияға (элементтерге) сондай-ақ жер де қосылады, өйткені жоғарыда көрсетілген құбылыстар, процестер жер үстінде жүреді.
2. 2 Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой түжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «Суждения и беседы» деген еңбекте жан-жақты баяндайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары «Ұстаз былай деген екен» деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы дананың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақтан үлкен үміт күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып «Жетілген адамның» (цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында», негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Осы орайда Конфуций «Қайырымды ердің» бейнесін жасап, оны «қасиетсіз ерлерге» (сяо жень) қарама-қарсы қойды. «Қайырымды ер» өз парыздарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды бұлжытпай орындайды, ол «қасиетсіз ер» болса тек өз қара басының құлы ғана, бас пайдасын ойлаудан аспайды. Алғашқысы өз-өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі басқалардан талап етуді ғана біледі. Алғашқысына жауапты істерді сеніп тапсыруға бо-лады, адамдармен татулық қарым-қатынастарда болады, қайғы мен қуанышқа ортақтаса біледі, қажет болған жағдайларда өз өмірін қияды және қандай құрбандықтарға болса да бара алады, ал екіншісі болса бұл айтылған қасиеттерден мүлде жұрдай қасиетсіз адам. «Қайырымды ер» үш нәрседен қорқады, олар: киелі Аспан, ұлы адамдар мен даналардың айтқан сөздері, ал «қасиетсіз ер» көктен де сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың сөзін ескерусіз қалдырады. [12, 78 б. ] .
Уақыт өткен сайын Конфуцийдің беделі өсіп, оның ілімі қытай қоғамында ғана емес, адамдар санасында, олардың бүкіл тұрмыс-тіршілігінде де берік орныға түсті. Б. з. б. III ғасырда және б. з. III ғасырларында оның ілімі Хань династиясының тұрақты идеологиясына айналды, тіпті жоғары мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдарға Ұлы үстаздың ілімін терең игеру талаптары қатаң қойыла бастады. Бірақ, заман ағымындағы орын алған түбегейлі терең өзгерістерге байланысты Конфуций ілімі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Оның тұрақты идеологияға айналуына байланысты бүл ілімнің рухына нұқсан келді. Дәлірек айтқанда, өткенге құрметпен қарау, үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік ізгі қасиеттер жасандылық сипат алып, жалғандыққа, қанағатсыздыққа, пайдакүнемдікке жол берілді. Кейіннен, яғни ортағасырлық Қытайда біртіндеп әрбір адамның қоғамдағы алатын орнына байланысты тұрақты ережелер мен стеротиптердің белгілі бір жүйесі қалыптаса бастады.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш - Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы - ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», - деуінің өзі осыған айғақ.
Мэн-цзы (б. д. д. 372-289 жж. ) - Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, Аспан (Көк) - объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспаннның еркі адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған. Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек» деген тұжырым жасайды.
Сюнь-цзы (б. д. д. 313 ж. - белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойыңдаса да, тағдырды Аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, Аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан горі керекті заттарды көбейтіп, Аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Конфуцийшылдық б. д. д. I ғ. мемелекеттік ілімге, ал IX ға-сырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа
Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.
2. 3 Даосизм мектебі
Лао-цзы (Ли Дань) - даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары "Дао дэ цзин" шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лао-цзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, езгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлауда да, іс-әрекетінде де осы лзо жолын ұстануы, яғни "у -вэймен" айналысуы қажет. "У-вэй" "ты-кыш келісу" дегенді білдіреді, кейінірек "әрекетсіздік, ештеңеге араласпау" деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.
Ал «даоның» заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады: «Әлемде сансыз көп әртүрлі заттар бар, бірақ олардың бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады».
Даосизмдегі қарама-қарсы пікірлерге мол, көмескіленген ілімдердің бірі - екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі ол денесіз, екі ұшты, соншалықты кішкентай, мөнсіз, көрінбейді, енжар жөне жалғыз. Ол мәңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бүл жағынан шектелуді білмейді.
Ал «аты бар дао» ұсақ бөлшектерден («ци») түрады. Ол бөлшектерде заттардың кескіні бар, сондықтан да олар «барлық заттардың анасы». «Аты бар даоның» негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл. Бұл екі түрлі «дао» бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының арқасында әлемде түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады. Даосистер «аты жоқ даоны» биболмыс десе, «аты бар даоны» болмыс деп түсінген. Барлық заттардың түпнегізі биболмыс болғандықтан, олардың болмысқа сүйеніп, заттарға айналғанына қарамастан, олар (заттар) тұрақсыз болып келеді де, бір кезде қайтадан болмысқа сүйеніп пайда болған заттар, құбылыстар мәңгі емес, тек биболмыс қана мәңгі.
«Дао» - болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бүл екеуінсіз («дао және дэ») еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес.
«Даоның» екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. «Аты жоқ даоны» кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле алады. Себебі ондай адам құмарлықтан алшақ болғандықтан, заттардың күресінен - гармонияны, қозғалыстан - тыныштықты, болмыстан болмысты көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді. Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айрылып қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz