Баянауыл ауданының археологиялық ескерткіштердің мәдени - танымдық туризмнің нысаны болу мүмкіндігін талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. КІРІСПЕ2
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Зерттеу сұрақтары3-4
2.2 Зерттеу әдісі4-5
2.3 Зерттеу қорытындысы5-8
2.4 Бағалау9-10
3. ҚОРЫТЫНДЫ10-11
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ12
5. ҚОСЫМША 113

1. Кіріспе.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туризмнің мемлекеттік саясаттың басым бағыты экономиканың өркенденуі және елдің беделін көтеруші ретінде дамуын көздейді, бірақ қазір оның жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үлесі 0,9% ғана тең [1]. Осы бағытта әлі көп жұмыс жасау керек. Атап айтсақ, Қазақстанның мәдени-танымдық туризмін дамытуға ерекше назар аударылуы тиіс.
Мәдени туризм халықтың мұрасына негізделуі қажет. Сондықтан да әйгілі Баянауыл аймағы мәдени-танымдық туризмнің дамуына едәуір үлес қоса алады [2].
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы Павлодар облысының оңтүстік-батысында құрылған. Баянауыл көп жыл бойы Қазақстандағы ең танымал демалыс орны болып табылады. Бұл жерге жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа да елдерден мыңдаған туристер демалуға келеді.
Баянауылда 225 тарихи және мәдени ескерткіш бар, олардың ішінде 174-і - археологиялық ескерткіш болып табылады, бірақ та бұл мұралар туристік нысандар ретінде қолданылмайды [3], туристердің көбі олардың бар екенін де білмейді. Ал археологиялық ескерткіштер Баянауыл аймағында мекендеген халық мәдениетінің бірегей салттарынан мәлімет береді. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыздың мұрасы жоғалып кетуі мүмкін. Яғни, мәдени туризмді дамытудағы бар ресурстар тиімді пайдаланылмайды. Әсіресе, қазір бұл мәселе өте өзекті болып табылады, өйткені ЭКСПО- 2017 халықаралық көрмесінің біздің елімізде өткеннен кейін, Қазақстанға рекреациялық демалыс орындарына барып қайтуға қызығатын шетел туристтердің келуі байқалды, 3 ай ішінде олардың саны 1.500000 асып кетті [4], бірақ, өкінішке орай, Қазақстанның туризм индустриясы олардың сұраныстары мен қалауларын толықтай қанағаттыра алмайды.
Археологиялық ескертіштерді қамтитын туристік бағдарламалардың әзірленуі бәсекеге қабілетті және еліміз үшін тиімді туризм саласын дамытуға мүмкіндік жасайды. Ал Баянауыл ауданы өзінің бай археологиялық мұрасы арқылы мәдени-танымдық туризмнің дамуына елеулі үлес қоса алады.
Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының Әлкей Хақанұлы Марғұлан атындағы институтпен бірге Баянауылға ұйымдастырылған археологиялық экспедициясы туралы есебін оқығаннан кейін мені осы тақырып қызықтырып, жобаны жазуыма себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Баянауыл ауданының археологиялық ескерткіштердің мәдени-танымдық туризмнің нысаны болу мүмкіндігін талдау.
Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін үш сұрақ анықталды:
1. Қазақстанда археологиялық ескерткіштер қолданылған мәдени-танымдық туризм жоғары сұраныста бола ма?
2. Археологиялық ескерткіштерді мәдени-танымдық туризм саласында пайдалану мәдениет үшін тиімді бола ма?
3. Археологиялық ескерткіштерді мәдени-танымдық туризмнің объектілеріне айналдыруға мүмкіндіктер бар ма?
Осы зерттеу сұрақтары арқылы археологиялық ескерткіштерді туризмді дамыту шеңберінде талдау, сұраныс деңгейін белгілеу, олардың мәдени-танымдық туризмнің саласында қолдану тәсілдерін ұсынуға болады.

2. Негізгі бөлім
2.1 Зерттеу сұрақтары
Біздің мемлекетіміздің Президентінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақаласында заманауи әлемнен артта қалмай, халқымыздың ерекше құндылықтарын сақтау үшін Қазақстан Республикасында мәдени туризмді қарқынды дамыту қажеттілігі туралы жазылған, бірақ та туризмнің бұл бағыты халқымыздың, бабаларымыздан қалған мұрасына негізделініп құрылуы қажет [2]. Сондықтан да Баянауыл ауданындағы археологиялық ескерткіштерді мәдени-танымдық туризмнің объектілері ретінде Қазақстан халқы үшін тиімді пайдалануға болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасында біздің мемлекетімізде халықтық туристік өнімі өте аз, оның дамымау мәселесіне сипаттама беріліп, толықтай ашылады [5]. Орын алған осы мәселенің себептері мен салдарын анықтап, оның шешу жолдарын ұсыну және Баянауыл ауданындағы археологиялық ескерткіштердің туризм дамуының объектілері болу мүмкіншілігін талдау үшін осы жұмыста келесі зерттеу сұрақтары анықталды:
1. Қазақстанда археологиялық ескерткіштер қолданылған мәдени-танымдық туризм жоғары сұраныста бола ма?
2. Археологиялық ескерткіштерді мәдени-танымдық туризм саласында пайдалануы мәдениет үшін тиімді бола ма?
3. Археологиялық ескерткіштерді мәдени-танымдық туризмнің объектілеріне айналдыру мүмкіндіктері бар ма?
Бірінші зерттеу сұрағына жауап беру үшін Павлодар қаласындағы 230 тұрғынның арасында сауалнама жүргізілді, онда респонденттер Баянауылдағы археологиялық ескерткіштерге бағдарламаға қатысуының қызығушылығының деңгейін көрсетті, археологиялық ескерткіштер туралы қаншалықта білгені туралы ой бөлісті. Қосымша, жұмыста Қазақстан және Ресей мемлекеттердің археология және мәдени-танымдық туризм тақырыптарына қатысты жұмыстар зерттелінді. Туризмнің археологиялық бағытының дамымауының жағымсыз салдарын белгілеп, адамдардың туризмнің бұл түріне қызығушылығын бағалап, "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" жобаны пайдаландым [1].
Екінші сұрақты толықтай ашу үшін "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" құжаттағы мағлұмат көмектесті, онда туризм мен мәдени туризмнің Қазақстандағы рөлі, маңыздылығы белгіленді, ал теориялық ақпарат біздің аймақ үшін тиімді, тәжірибеге сәйкес болуы үшін А.Е.Ахметованың "Павлодар облысындағы мәдениет пен тарих ескерткіштері туризм дамуы объектілері ретінде" ғылыми жобасы қолданылды, онда мәдениет пен археологиялық салаларында туризмнің халықтың патриотизм сезіміне, тарихты білуіне қалай әсер ететіні анықталды [6]. Қазақстанда археологиялық ресурстарды туризм саласында қарқынды пайдалансақ, қоғам ішінде мәдени мұраны сақтап, қалпына келтіріп, ұлттық мәдениетті жаңғыртуға болады, ұлттық дәулетті басқа елдер арасында таратып, көрсетуге мүмкіндік болады.
Ал соңғы сұраққа жауап табу үшін тағы да сауалнама нәтижелеріне сүйендім, Баянауыл ауданының археологиялық ескерткіштерін бағалауға, бір-бірімен салыстыру қажет болды, ол үшін "Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Павлодар облысы" [3] энциклопедиясын қолдандым және мәдени туризм мен археологиялық ескерткіштері туралы қазақстандық туризмді дамытудағы "Павлодар облысының 2014-2024 туристтік кластердін құрылуы және дамуының жоспарлары" сияқты жобалар [7] мен С. Ю. Каменскийдің "Археологиялық мұра: өткен өмірдің қайта тірілту жолында" [8], А. И. Фроловтың "Мәдени-танымдық туризм: объектер, бағдарлар, адамдар" [9] сияқты Ресей авторлардың зерттеу жұмыстарындағы мәліметті Баянауыл ауданындағы шарттармен салыстырып талдадым. Жұмыстың осы кезеңінде талданған ақпараттар, карталар пайдалы болды, ескерткіштердің орналасуын белгіледім, бағдар құрдым. Осы зерттеулердегі критерийлерді есептеп, энциклопедияларды қолдандым. Баянауыл аумағында мәдени-танымдық туризмді дамыту мүмкіндігін дәлелдеу үшін археологиялық ескерткіштерге сынамалық бағдар жасалды (Қосымша 1). Сонымен археологиялық мұралар қазіргі уақытта туризм нысандары болуға дайындығы, жәдігер болуға қабілеттілігі, сақталынуы, ақпараттылығы, мағыналылығы деген параметрлар бойынша 5 ұпай алған алтауы таңдалды [9]. Олар:
XVIII ғасырының Олжабай қорғантасы;
Неолит дәуірінің Драверт үңгіріндегі жартастағы суреттер;
Біздің заманымыздағы VI ғасырдағы Қараағаш пен Найзатас қорғандары;
Ерте қола дәуірінің Ат басы жартастағы жазулары;
Қола дәуірінің Кемпіртас алабындағы Андронов мәдениетінің тас мазарлары;
Ертедегі темір дәуірінің Торайғыр VI сақтардың діни-жерлеу кешені (мұртты қорған мен стеллалар) [3].
Теориялық зерттеуден басқа 2017 жылдың шілде айында мен археологиялық ескерткіштерге құрастырылған сыни туристік бағдардың апробациясын өткіздім. Баянауыл ауданындағы археологиялық қазбаларға қатысып, археологиялық ескерткіштердің туризм объектілердін әлеуетін бағаладым, оларды зерттедім.

2.2 Зерттеу әдісі
Курстық жұмыстағы зерттеу сұрақтарын толықтай ашу үшін әлеуметтік әдіс, ал нақтырақ айтқанда, оның сандық түрі - сауалнаманы пайдаландым, өйткені бұл әдістің бірнеше жағымды жақтары бар, біріншіден, сауалнама көп адамдарды олардың жасына, мәртебесіне, жынысына қарай көп уақыт алмай сұрауға, ал екіншіден, оның нәтижелерін талдауға көп кедергілер туғызбайды. Зерттеу жұмысы үшін құрастырылған сауалнамада Павлодар қаласындағы тұрғындардың 230 адамы қатысты. Сауалнама нәтижелердің ішіндегі мағлұматты талдаудың қолайлығы мен нәтижелердің дәлдігі, нақтылығы үшін респонденттер жас шамасына қарай үш топқа бөлінді, яғни 18 жасқа дейін жасөспірімдер, олардың көбі мектеп оқушылары мен студенттер, 19 жастан бастап 34 жасқа дейінгі ересек адамдар және 35 жастан асқан адамдар, олардың көбі ата-аналар мен мұғалімдер. Ұсынылған сауалнамада респонденттер біздің аймақтағы мәдени-танымдық туризм мен археологиялық ескерткіштер мәселесін ашатын 10 жауап нұсқалары бар сұраққа жауап берді, қолданылған әлеуметтік әдіс көмегімен курстық жұмыстағы бірінші және үшінші жоғарыда белгіленген зерттеу сұрақтарына жауап беруге мүмкін болды. Яғни, респоденттердің сауалнамадағы сұрақтарға жауаптары Баянауыл ауданындағы археологиялық ескерткіштер мәдени-танымдық туризм объектілері ретіндегі туристер арасында ықтимал сұранысты белгілеуге және Баянауыл аумағындағы археологиялық ескерткіштерге бағдар құрастыру, оларға экскурсия жасау мүмкіндіктерді анықтау үшін пайдалы болды.
Осылайша, респонденттерге ұсынылған сауалнамада Баянауыл ауданындағы мәдени-танымдық туризмнің археологиялық ескерткіштерге қатысты мәселесін ашу үшін келесі сұрақтар қойылды:
1) Сіздің жасыңыз нешеде?
2) Cіз өз демалысыңызды қандай демалыс орындарында жиі өткізесіз?
3) Қазақстандық демалыс орындарында демалсаңыз, олардың ішінде қайсысын таңдайсыз?
4) Біздің аймағымызда туризмнің алуан түрлі бағыттары (мысалы, мәдени-танымдық, экологиялық, оқиғалы, тақырыптық туризм) ұсынылғанын білесіз бе?
5) Сіз Баянауыл Ұлттық паркінде орналасқан археологиялық ескерткіштер туралы естідіңіз бе, оларды білесіз бе?
6) Сіз археологиялық ескерткіштердің тарихы туралы, олар туралы мәліметті білесіз бе?
7) Сіз Баянауыл ауданындағы археологиялық ескерткіштер қолданылған туристік бағдарға қатысуды қалайсыз ба?
8) Баянауыл ауданындағы көлдердің сіз үшін ең жайлысы немесе жағымдысы қайсысы?
9) Экскурсия кезінде серуендеу үшін сіз қандай бағытты таңдайсыз?
10) Туристік бағдардың сіз үшін ең маңызды 3 критерийін белгілеңіз.
Сауалнамада қатысқан респонденттердің жауаптарынан алынған мәлімет зерттеу жұмысының нәтижелерінің әділдігі мен нақтылығына елеулі ықпал етті.
Ал монографияларда, ғылыми зерттеулерде Баянауыл аумағындағы археологиялық ескерткіштер туралы оқылған мәліметті тексеру мен археологиялық объектілердің жағдайын тәжірибелі жолмен бақылау және бағалау мақсатымен мен 2017 жылы 6 мен 15 тамыз аралығында Баянауыл аймағында Ф. М. Достоевский атындағы ОмМУ (Ф. М. Достоевский атындағы Омбы Мемлекеттік Университетте) оқитын студенттермен бірге археологиялық экспедицияға қатыстым. Осы 9 күн бойы мен сақ мәдениетінің Торайғыр VI қорған, андрон мәдениетінің Кемпіртас алабындағы жерлеулер сияқты көне көмбелерді қазумен айналысып, таңдалған археологиялық ескерткіштер бойынша жылжып отырып, апробацияладым. Екінші ақпарат мәліметте зерттеп оқыған археологиялық ескерткіштердің критерийлерін есептеп, Баянауыл ауданындағы ескерткіштер туралы ақпаратты Павлодар облысының зерттеушілердің монографиялардағы сипаттамалармен іс жүзінде салыстырып, бақыладым. Сонымен, зерттеу жұмысында Баянауыл ауданында археологиялық ескерткіштер мәдени-танымдық туризм саласын пайдалануының жүзеге асыруылын, оның болашағына баға беру үшін, мәселені жан-жақты қарастыру үшін әлеуметтік әдістер арқылы алынған ақпарат екінші ақпарат ресурстардың мағлұматымен қарастырылып, салыстырылды.

2.3 Зерттеу қорытындысы
Таңдалған тақырып бойынша зерттеу жұмысында сауалнама зерттеу әдісі қолданылды. Сауалнама 230 адамның жауабын қамтыды, респонденттер сұрақтарға жауап беріп, зерттеудегі мәселеге өз жасына және мәртебеге сай көзқарастарын көрсетті. Өткізілген сауалнама нәтижелердің мәліметі бойынша респонденттердің 66,5% Баянауыл ауданында демалыс кезінде жиі дем алады.

Сіз демалысыңызды қандай демалыс орындарында жиі өткізесіз?

Диаграмма 1. Демалыс өткізетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Май өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Солтүстік қазақстанда дамыған емдік туризмнің орталықтары
Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
Туристік нысандар
Туризм инновациясы
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту
Туристік қызметтің теориялық аспектілері
Пәндер