Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер
2.Үйсін ұлысының іле өңіріне келіп іргелі елге айналуы
3.Үйсін елінің екіге бөлінуі
4.Үйсін елінің өкіметтік ұйымы
5.Үйсіндердің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениеті
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақ халқы ежелгі заманда ұлан байтақ Орта Азия өңірін мекен еткен түркі тілдес ру тайпалар мен тайпалық одақтардың (ұлыстардың) ұзақ тарихи дәуірлерде ортақ территорияда бірге өмір сүріп, этногендердің жалпы заңдылықтары бойынша бірте-бірте бірігуі және дамуы арқылы өз алдына жеке халық болып қалыптасты.
Қазақ халқы қалыптастырған негізгі этникалық құрам басты тайпалардың аттары мен таңбалары, ұрандары. Олардың шығу тегі мен таралуы туралы шежірелер ауызша әңгімелер және қолжазбалар түрінде біздің заманымызға жетті. Бұлардың басым көпшілігі ерте замандағы Жұңг оның және шет елдердің тарихшылары баяндаған жазба деректерге сай келеді және оларды толықтырып отырады. Бұлар қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасу барысын зерттеудегі нанымды негіз болып табылады.
Қазақ халқының ата тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты ерте әйгілі болғандары: сақ, ұлы иозы (ұлы жүз), үйсін, қаңлы, алан және һұн (ғұн) тайпалары. Бұл тайпалар мен ұлыстардың тарихын олардың Орта Азия өңіріне - қазақтың өсіп өңген мекендеріне, өрістеу мезгіліне қарай баяндаймыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1.Marguart 1. Uber Volkstum komanen. «Хұдұд Әл-Ғалам» 48-тарауында.
М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы».
2. У. Тоған «Жалпы түрік тарихына кіріспе», І-том. 3-басылуы, 69-бет, Стамбул. 1981.М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы»
3.Телқожа Жанұзақов «Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз», 3-сан, Алматы, 1983.
4.Ханзу — қытай (Шығыс Түркістан қазақтары хансу деп те атайды), біз бұл кітапта қытай тіліндегі жазылу нұсқасы бойынша алып отырмыз.
1 М. X. Дулати «Тарих-и-Рашиди», 46-бет.
2 У. Тоған «Бүгінгі Түрікстанның таяудағы тарихы» Стамбул, 1981.
5.Ш. Уәлиханов «Таңдамалы шығармалары», І-том.
«Жұлдыз» журналы. 1983-жылы, наурыз.
6.«Орхон әбиделері», 9-басылуы, 116-121-беттер, Стамбул, 1983. «Көне түркі жазба ескерткіштердің тілі», 122-бет, Алматы, 197І. «Жұлдыз» журналы, 1983 жылы, наурыз.
7.«Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз» журналы, 1984-жылы, наурыз.
«Қазақ ССР тарихы», І-том, 156-бет, Алматы, 1957. Н. Я. Марр, Шығармалары, 286-бет. 1915.
1.Marguart 1. Uber Volkstum komanen. «Хұдұд Әл-Ғалам» 48-тарауында.
М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы».
2. У. Тоған «Жалпы түрік тарихына кіріспе», І-том. 3-басылуы, 69-бет, Стамбул. 1981.М. Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы»
3.Телқожа Жанұзақов «Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз», 3-сан, Алматы, 1983.
4.Ханзу — қытай (Шығыс Түркістан қазақтары хансу деп те атайды), біз бұл кітапта қытай тіліндегі жазылу нұсқасы бойынша алып отырмыз.
1 М. X. Дулати «Тарих-и-Рашиди», 46-бет.
2 У. Тоған «Бүгінгі Түрікстанның таяудағы тарихы» Стамбул, 1981.
5.Ш. Уәлиханов «Таңдамалы шығармалары», І-том.
«Жұлдыз» журналы. 1983-жылы, наурыз.
6.«Орхон әбиделері», 9-басылуы, 116-121-беттер, Стамбул, 1983. «Көне түркі жазба ескерткіштердің тілі», 122-бет, Алматы, 197І. «Жұлдыз» журналы, 1983 жылы, наурыз.
7.«Қазақ деген сөз қайдан шыққан», «Жұлдыз» журналы, 1984-жылы, наурыз.
«Қазақ ССР тарихы», І-том, 156-бет, Алматы, 1957. Н. Я. Марр, Шығармалары, 286-бет. 1915.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер
2.Үйсін ұлысының іле өңіріне келіп іргелі елге айналуы
3.Үйсін елінің екіге бөлінуі
4.Үйсін елінің өкіметтік ұйымы
5.Үйсіндердің әлеуметтік тұрмысы мен мәдениеті
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақ халқы ежелгі заманда ұлан байтақ Орта Азия өңірін мекен еткен
түркі тілдес ру тайпалар мен тайпалық одақтардың (ұлыстардың) ұзақ тарихи
дәуірлерде ортақ территорияда бірге өмір сүріп, этногендердің жалпы
заңдылықтары бойынша бірте-бірте бірігуі және дамуы арқылы өз алдына жеке
халық болып қалыптасты.
Қазақ халқы қалыптастырған негізгі этникалық құрам басты тайпалардың
аттары мен таңбалары, ұрандары. Олардың шығу тегі мен таралуы туралы
шежірелер ауызша әңгімелер және қолжазбалар түрінде біздің заманымызға
жетті. Бұлардың басым көпшілігі ерте замандағы Жұңг оның және шет елдердің
тарихшылары баяндаған жазба деректерге сай келеді және оларды толықтырып
отырады. Бұлар қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасу барысын зерттеудегі
нанымды негіз болып табылады.
Қазақ халқының ата тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман
деректерінде аты ерте әйгілі болғандары: сақ, ұлы иозы (ұлы жүз), үйсін,
қаңлы, алан және һұн (ғұн) тайпалары. Бұл тайпалар мен ұлыстардың тарихын
олардың Орта Азия өңіріне - қазақтың өсіп өңген мекендеріне, өрістеу
мезгіліне қарай баяндаймыз.
1. ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
Қазақтың байырғы аңыз-шежірелері мен жазба әдебиетінде үйсін деген
атау екі түрлі мағынада - тар мағынада және кең мағынада қолданылады. Tap
мағынадағы үйсін - қазақтың ұлы жүзінің құрамындағы тайпаның аты. Ал кең
мағынадағы үйсін - Іле алқабы мен Жетісу өңірін және оңтүстік Қазақстанды
мекендеген ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы
өңірді мекендеген, Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін
ұлысының тармақтары.
Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін
елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және казақ қауымының
негізгі тұлғасы мен ұйтқысы болғандығын дәлелдейді. Үйсіндер туралы
деректер осыдан екі мың жыл бұрынғы ханзу тіліндегі жылнамаларда кездеседі.
Қазақ шежіресі бойынша: қазақтың ұл баласының бірі Бекарыс (кейбірінде
Ақарыс), одан үйсін туған делінеді. Қазақтың тегі туралы аңызда:
Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін (ұлы жүз), ортаншы ұлы Болат (орта жүз), кіші
ұлы Алшын (кіші жүз) делінеді.
19-ғасырдағы орыс ғалымы Н. Аристовтың (ұлы жүз ботбай руынан шыққан
шежірөші Диқанбайдан жазып алған) шежірелік деректері бойынша: Ұлы жүз
қазақтарының атасы Майқы би. Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қырық жүз, мың жүз;
бақтиярдан: үйсін мен ойсыл; үйсіннен: ақсақал, (абақ), жансақал (тарақ);
абақтан қараша, қарашадан байдібек; байдібектен: албан, дулат, суан,
шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты тайпалары тарайды.
Шоқан Уәлихановтың қазақ арасынан жинап зерттеген шежірелік
деректерінде, үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы болып келеді. Онда:
Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр (қатаған шанышқылы), мекірейлі
(жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпалары өрбиді. Бұдан құлдағанда
баққараша — байдібек. Байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары
үйсін, ошақты, ысты рулары тарайды. Кейбір зерттеушілер: қазақ
шежіресіндегі үйсіннің түп атасы Төбей (Туби яки Дуби) ерте замандағы
ханзуша деректердегі үйсін елінің Нән Ду би болуы ықтимал, деп топшылайды.
Қазіргі қазақ ішіндегі үйсіндердің тайпасының таңбалары ( ^? ) (ту)
және ( £v ) (ағын су) формасында келеді. Қазақ арасында үйсін ұлысының арғы
тегі мен өсіп өрбу жағдайын баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсіндер
- қазақтың ұлы жүзін құрайтын үлкен ұлыс. Еліміздің қазақтары ішінде албан,
суан, жалайыр, шанышқылы тағы басқа тайпалар осы ұлы жүз үйсіннен тарайды.
Үйсін деген ат бұрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су
аттарында да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің
орталығы болған Іле аймағының Шапжал ауданы мен Маңғолкүре ауданының
аралығында Үйсін тауы деп аталатын тау бар. Ежелгі ханзуша жазба
деректерде үйсінді усұн деп жазған. Қазақтар мен маңғолдар бұрын Шиху
ауданын Қарусұн деп атаған.
Қазіргі Манассауан аудандарының аралығындағы Алусұн деген өзен бар.
Толы ауданыңда Сарығусұн деген өзен бар. Демек, Қарусұн - қара усұн
(қара үйсін), алусұн - алусұн (алғы үйсін), сарығусұн - сарығусұн (сары
үйсін) деген тайпа аттарының жер-су атында сақталған түрі болуы мүмкін.
Ерте заманда бұл жерлерді үйсін тайпалары мекендеген.
Әйгілі ғалым Е. С. Малов: үйсін деген ел атының 8 - ғасырдағы Орхон -
Енисей ескерткіштерінде барлығын дәлелдейді. Осыған сүйенген орыс ғалымдары
үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы) туыс екенін айтады.
Үйсіндер еліміздің тарихындағы ежелгі ұлыстардың бірі. Олар
заманымыздан бұрынғы 1-2-ғасырлардан бастап еліміздің батыс солтүстік
өңірінде өкімет билігін орнатып, батыс өңірдің отанымыздың ішкі өлкелермен
байланысын және бірлігін күшейтуде, ұлы жібек жолын ашуда және қорғауда
маңызды рөл атқарған, еліміздің шекара аймақтарын ашып, көркейтуде елеулі
үлес қосқан.
Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі Хан патшалығы тарихы, Дауан
шежіресінде кездеседі. Бұдан соң Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір
шежіресінде, Үйсін елі деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы
баяндалады. Үйсіндер Іле алқабына қоныс аударудан бұрын Дұнхуаң мен Чилан
(Шүлен) тауы аралығын (қазіргі Хыши аңғарын мекен етіп, көшпелі өмір
өткізген, бұл кезде олар һұндердің батыс жағындағы шағын ел еді. Нанымды
тарихы деректердің дәлелдеуіне қарағанда: ол кезде үйсіндердің Нәнді би
(Нанды би) атты көсемі болған. Осы Нәнді би ел билеген заманда, үйсін ұлысы
өз маңындағы күшті көршілерінің шапқыншылығына тап болады, Нәнді би жау
қолынан қаза табады. Ер өліп, Ертіс бұзылып, құтты мекен қонысын жау басып
алған үйсін елі телім-телім боп тентіреп ауыр апатқа ұшырайды. Нәнді би жау
қолынан қаза тапқанда, оның баласы Лежау би (Елжау би, Күнби) жаңа туған
бала еді. Оны әкесінің туысы Боже Оңқа деген адам алып қашып, һұндерге
барады. һұндердің чаниұйы (тәңір құты) бұл баланы асырап, ер жеткізеді.
Осы Хыщи аңғарындағы үйсін ұлысын ойрандап, Нәнді биді өлтіргендердің
кім екендігі жөнінде Тарихи жазбалар мен Хан патшалығы тарихында, бірі-
біріне қайіпы екі түрлі дерек бар:
Тарихи жазбалар. Дауан шежіресінде Жаң Чиан былай дейді:
һұндерден естуімізге қарағанда, үйсіндердің ханы күнму (күнби) деп
аталады екен. Күнмудың әкесі (Нәнді би) һұндердің батыс жағындағы шағын
елді билеген. Осы кезде һұндер оларға шабуыл жасап, Күнмудың (Елжау бидің)
әкесін өлтіреді. Жаңа туған нәресте бала күнму иен далада қалады. Бұл
баланы құстар ет тасып беріп, көкбөрі емізіп асырайды. һұн тәңірқұты оны
киелі бала деп біліп, әкеліп асырап ер жеткізеді. Ол есейіп ер жеткен соң
шеру тартып, жорықтарға аттанып, жеңістерге жетіп, ерлік көрсетіп еңбек
сіңіреді. Ақырында һұн тәңірқұты (Чанұй) әкесінің орнына күнму
(күнби) етіп, бытыраған елін жинап, билігін береді, сонымен бірге батыс
өңірдегі қалаларды қорғау міндетін тапсырады.
Хан патшалығы тарихы. Жаң Чиан өмірбаяны тарауында былай делінеді:
патша (хан Удий) Жаң Чианнан Дашаның мәнжайын сұрағанда, ол мынаны айтты:
Менің һұндерден естуімше, үйсіндердің ханы күнму (күнби) деп аталады
екен. Күнмудың әкесі Нәнді би тегінде Чилан мен Дұнхуан, аралығындағы ұлы
иозылармен қанаттас отырған кіші мемлекеттің билеушісі екен. Ұлы иозылар
Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып алған, халқы босып һұн еліне барып
паналаған. Осы кезде жаңа туған жас бала күнмуды әкесінің туысы Боже Оңқа
қалың шөптің арасына апарып тастап кеткен екен. Ашығыт жатқан жас
нәрестені көкбөрі келіп емізіп, құстары ет әкеліп беріп асырап жүрген. Оны
көрген һұндер баланы кие деп біліп, еліне апарған, һұн тәңірқұты асырап
ер жеткізген.
Жоғарыдағы екі кітаптың дерегі бір-біріне қайшы. Тарихи жазбаларда:
Нәнді биді һұндер өлтірген деп, Хан патшалығы тарихында: Нәнді биді ұлы
иозылер өлтірген Боже - кісі аты, оңқа немесе оңқы - мәнсәбі (Ұлыс бегі)
дейді. Бұл мәселе жөнінде тарихшылар арасында талас бар. Бірсыпыра
тарихшылар үйсінді ойрандаған ұлы иозылер еді десе, кейбір тарихшылар
үйсіндерді қиратқан һұндер болатын деседі. Біз үйсін елін шауып, Нәнді биді
өлтірген ұлы иозылер деген пікірді дұрыс деп құптаймыз. Оның дәлелі
мынадай:
1. Тарихи жазбалар бұрын жазылған, Хан патшалығының тарихы кейін
жазылған. Пан Чау Хан патшалығының тарихын құрастырып жазар алдында бұдан
бұрын жазылған Тарихи жазбалардан басқа кітаптардан пайдаланған. Осы
барыста Тарихи жазбалардың тарихы жинаққа үйлеспейтін жерлеріне өзгеріс
енгізіп түзеткен, бұл түзету өз көзінде нанымды фактілер негізінде
жасалған.
2. һұндердің күшеюі кейінгі кездері болды, алғашында һұндердің оң-
сольшдағы көршілері күшті елдер еді. Олар чин дәуірі мен хан дәуірі
аралығында күшті дұңху, гүлденген иозы деген даңққа бөленіп отырған
болатын. Ұлы иозылер һұндердің батыс жағындағы ірі мемлекет
еді. Моте (батыр) хан тағына шығудан бұрын ұлы иозылер ордасына кепілге
(аманатқа) қойылған болатын. Үйсіндер ол кезде ұлы иозылермен аралас
отырған шағын ел еді. Мұндай жағдайда, һұндердің ұлы иозылерді басакектеп
келіп үйсіндерді шауып, Нәнді биді өлтіріп, жерін басып алуы оңай-оспақ іс
емес.
3. Тарихи жазбалар мен Хан патшалығы тарихының екеуі де үйсін
елі ойрандалып, Нәнді би жау қолынан қаза тапқан кезде; оның баласы Елжау
би (күнму) жаңа туған бала екенін бір ауыздан анықтайды. Шұй
Сұң Хан патшалығы тарихындағы батыс өңір шежіресіне қосымша атты
еңбегінде: Күнмудың (Елжау бидің) туылған уақыты Мотенің ұлы иозылерді
талқандауынан бұрын болатын, дейді. Демек, күнму Елжау би туған кезде
һұндердің күш-қуаты ол өңірге жеткен жоқ. Бұл тұста Хыши тілігіндегі
күшті мемлекет ұлы иозылер болатын. Іргелес отырған шағын
ел үйсінді бас салып, батыстағы Нәнді Биді өлтірген болса,
онда Нәнді бидің баласы күнмуды (Елжау биді) бауырына салып, ардақтап
асырмас еді. Оны әкесінің орнына күнби етіп, тозған елін құрап Қолына
беріп, батыс өңірдегі қалаларды мәңгі қорғау міндетін тапсырмас еді. Сондай-
ақ үйсін күнбиі (Елжау би)
Уаң Миңжие, Уаң Биңхуа Үйсін жайындағы зерттеулер, Тарихи
дәуірлердегі ұлттарға тән деректер жинағы, ата кегін қайтару үшін ұлы
иозылерге өшіге шабуыл жасамас еді. Жоғарыда айтылған жағдайлар мен тарихи
фактілер үйсін елін шауып, Нәнді биді өлтірген һұндер емес, ұлы иозылер
екенін дәллдейді.
2. ҮЙСІН ҰЛЫСЫНЫҢ ІЛЕ ӨҢІРІНЕ КЕЛІП ІРГЕЛІ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ
һұн тәңірқұты үйсін күнмуы Елжау биді асырап ер жеткізіп, һұндерге
келіп паналаған үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына
отырғызған соң, ол шеру тартып жорыққа аттанып, ерлік көрсетіп еңбек
сіңіреді. һұн тәңірқұты оған батыс өңірді мәңгі қорғау міндетін жүктейді.
Ол өз елін қолына жинап алған соң, төңірегіндегі ұсақ ұлыстарға шабуыл
жасайды. Он мыңдаған әскер жинап, оларға соғыс өнерін үйретеді. һұндерге
арқа сүйей отырып, бірте-бірте күш жинап, елдің санатын қалпына келтіруге
ұмтылады. Бірақ бұл кезде олар әлі де болса һұндерге сырттай тәуелді еді.
һұн тәңірқұты оларды әскери күш ретінде пайдаланып отырады.
Б. ж. с. бұрынғы 177-176-жылдарда һұн тәңірқұты Моте бастаған һұн
әскерлері ұлы иозылерге шабуыл жасап, оларды ойрандайды. Мотенің орнына
отырған Лаужаң тәңірқұт тұсында (заманымыздан бұрынғы 161 -174-жылдарда)
билік жүргізген һұн әскерлері ұлы иозылерді талқандайды. Лаушаң тәңірқұт
ұлы иозы ханый өлтіріп, бас сүйегін ішімдік ыдысы етеді. Ұлы иозылар
қазіргі Гансу өлкесіндегі Хыши дәлізінен Іле өзені алқабына ауып келеді де,
бұдан бұрын осы жерді мекендеген сақ тайпаларын талқандайды. Хан патшалығы
тарихы. Жаң Чианның өмірбаяны тарауында былай дейді: һұндерден жеңілген
ұлы иозылер батысқа ауып барып, сақ хандығына шабуыл жасады. Сақтардың ханы
оңтүстікке қашып кетті, ұлы иозылер олардың жеріне орналасты. Бұл дерек
Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде де жазылған. Онда ұлы
иозылер батысқа қарай ауып барып, сақ хандығын талқандады, сақтардың ханы
оңтүстікке қарай беттеп, Индияға қашып кетті. Ұлы иозылер олардың жерін
жаулап алды дейді.
Ұлы иозылерден ата кегін қайтаруды есіне берік сақтаған үйсін күнмуы
Елжау би ұлы иозылерге жорық жасауға бел байлайды. Әкесінің кегін алуға
аттанам деп һұн тәңірқұтына өтініш етеді. Ол һұн тәңірқұты Лаушаң Жанұйдың
қолдауымен самсаған қалың қолды бастап батысқа қарай шеру тартып келеді де,
Іле өзені бойьшдағы ұлы иозылерді талқандайды. Ұлы иозылердің бір бөлегі
батысқа қарай ығысып, Бактрия жеріне қоныс аударады. Енді бір - бөлегі өз
орнында, Іле алкабында калып, үйсін ұлысына қосылып кетеді. Бұлардың ішінде
бұрыннан қалған жергілікті тайпалары да бар еді.
Ұлы иозылерді жеңіп, Іле алқабы мен Ыстық көл айналасындағы шұрайлы да
құнарлы қонысты жаулап алудың және бұл өңірде қалған сақ, тайпалары мен ұлы
иозы тайпаларын қосып алудың зор жеңісі үйсін елінің күш-қуаты мен
мемлекеттік беделін мейлінше арттырады. Осы мезгілде һұндердың Лаушаң
тәңірқұты қаза болып, һұн билеушілері арасында алауыздық туып өзара
қырқысады. Бұл орайды пайдаланған үйсін күнмуы: һұндердың ордасына
бағыныштылық білдіруден бас тартады. һұн би-леушілері әскер тартып келіп
үйсіндерге шабуыл жасайды. Олар жеңіске жете алмай, киелі елге килікпейік
деп, бойын аулаққа салуға мәжбүр болады. Осы сәтсіздіктен соң һұн
билеушілері үйсін еліне онша соқтықпайтын болады.
Үйсін ұлысы Іле өзені өңіріне келіп орныққан соң, өркен жайып
гүлденеді де, ұлан-байтақ өңірді қамтыған қуатты да құдіретті мемлекет
құрады. Үйсін елінің территориясы: батыста Шу, Талас өзендеріне, шығыста
Тянь-Шань тауларының шығыс сілеміне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап,
оңтүстікте Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан-байтақ өңірді
қамтыды. Осы территориядағы үйсін елі шығыста һұндермен, солтүстікте
каңлылармен, батыста дауандармен, оңтүстігінде Тарым ойпатындағы қалалармен
шекаралас болады. Үйсін елінің саяси орталығы - астанасы Чичу қаласы еді.
Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі күнму (күнби) деп аталды. Күнби өзі
тағайындаған әскери-әкімшілік ұлықтар арқылы бүкіл мемлекетті меңгеріп
отырды. Кемеліне келіп дәуірлеген кезде үйсін елінде 120 мың түтін, 630 мың
адам, 188 мың 800 сайлауыт әскер болды. Бұл сан сол заманда батыс өңірде
болған 40 мемлекеттің жан саны мен әскер санының мәліметі бойынша, батыс
өңірдегі 40 мемлекетте 39 мың 895 түтін, 309 мың 757 адам, 70 мың 499 әскер
болған. Атап айтқанда, үйсіндердің жан саны олардан үш есе, әскер саны
біржарым есе артық еді. Ол заманның деңгейінен алғанда, үйсіндердің аса
құдыретті мемлекет болғандығы осыдан байқалады. Осы себепті тарихшылар:
Үйсіндер батыс өңірдегі мейлінше құдыретті мемлекет деп жазады.
Үйсін күнмуы Елжау бидің он ұлы болған. Олардың ішінде Дулы (Дұғлұ)
қабылетті де қайратты, соғыс өнеріне шебер қолбасшы болып жетіледі де, он
мың атты әскермен өз алдына тұрады. Күнмудың тақ мұрагерлігіне
тағайындалған баласы ерте қайтыс болып кетеді. Оның Жөнші би деген баласы
жетім қалады. Күнмудың тақ мұрагеріне тағайындалған ұлы қайтыс боларда
әкесі Елжау биге, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітуді өтінеді. Елжау би
бұл өтінішке ризалық білдіріп, Жөнші биді тақ мұрагері етіп бекітеді. Тақ
мұрагері бола алмағанына на-разы болған Дулы бұлік шығарып, Жөнші биді
өлтіріп тастаура сұқтанады. Бұл жайды байқаған күнму Елжау Дулының өлтіріп
тастауынан қауіптеніп, он мың әскермен Жөнші биді бөлек ұстайды. Елжау би
он мың әскермен өзін қорғап ортада тұрады. Сонымен үйсін елі өз іпгінен үш
ұлысқа бөлінеді. Бірақ барлығы күнмуға (күнбиге) бағынады.
Б. ж. с. д. 141-жылы Хан патшалығына Уди патша болды. Бұдан бұрын хан
патшалығының солтүстігіндегі һұндер күшейіп, Хан патшалығына қарсы үздіксіз
шабуыл жасап, талан-тараж жүргізіп, үлкен қауып-қатер төндіріп келген еді.
Уди таққа отырған соң хан патшасының мемлекеттік қуаты молайып hұндерге
қарсы жорық жасауға бел байлайды. Бірақ һұндер өте күшті еді. Сондықтан
һұндерге қарсы тізе қосып күресетін сенімді одақтас табу мәселесі күн
тәртібіне қойылады. Олар ұлы иозылердің һұндерге өшкегі бар дегенді естіп,
ұлы иозылермен дос бола отырып, һұндерге шабуыл жасауды
жоспарлайды.
Бұл мақсатқа жету үшін заманымыздан бұрынғы 138-жылы Жаң Чиан бастаған
жүз адамды ұлы иозылерге елшілікке аттандырады. Бірақ Жаң Чианды жол
жөнекей һұндер ұстап алады. Ол он нөше жыл һұндердің қолында тұтқында
болады, ақырында одан құтылып шығып, Ферғана арқылы ұлы иозылерге барады.
Бұл кезде ұлы иозылер Амударияның оңтүстігіндегі Бактрия жерінде еді. Бұл
құнарлы қонысқа орнығып көңілі кеншіген ұлы иозылер шығысқа қайта келіп,
һұндерден өш алу жөніндегі өтінішті қабылдамайды. Бұлардан күдер үзген Жаң
Чиан мақсатына жете алмай қайтады.
Ұлы иозылермен одақтасуды жүзеге асыра алмаған Хан патшалығы енді
үйсіндермен одақтасуды ойластырады. Осы орайда Жаң Чиан хан патшалығының
Уди патшасына мынадай ұсыныс береді: Қазір үйсіндер құдіретті елге
айналып, һұндерге бағынудан бас тартып отыр. Бұрын һұндердің ханы Жөншіге
қараған Хыши тілігі біздің Хан патшалығының иелігіне өткеннен бері иен тұр,
үйсіндер шығысқа қайтып, осы өңірге келетін болса, һұндердің оң қолын үзіп
тастауға болар еді. Үйсіндермен одақтассақ, батыстағы Бактрия қатарлы
жерлерді де өзімізге тәуелді етуге болар еді, дейді. Бұл пікірді
мақұлдаған Уди патша Жаң Чианды елші етіп тағайындайды. Заманымыздан
бұрынғы 119-жылы Жаң Чиан үш жүз адамнан құралған елшілікті бастап, үйсін
еліне аттанады. Бұл елшілік- құрамындағы әрбір адамға мініске екіден ат
беріледі. Елшілердің жол азығы үшін он мыңдаған қой мен сиыр айдалады. Олар
тарту-таралғы үшін сан сың сәрілік алтын, күміс, торғын-торқа, асыл
бұйымдар ала барады,
Жаң Чиан үйсін еліне келіп, күнмуға (Елжау биге) жолығып, Уди патшаның
сәлемін айтып, кунмудың шығыстағы ата мекеніне көшіп келіп, хан әулеті
өкіметімен одақтасып, һұндерге соққы беруі жөніндегі ұсынысты ортаға қояды.
Үйсін күнмуы Елжау би шығысқа көшіп кел деген ұсынысты қабылдай қоймайды.
Өйткені шалғай жерде отырған үйсін күнмуы хан патшасының қаншалық қуаты
барын жете түсінбейтін. Оның керісінше, өзімен іргелес отырған һұн елінің
қуат-құдіретіне қанық еді. Һұндер жауласып отырған хан патшалығымен
одақтасу һұндердің қатығына тиетін қауыпты іс екенін, мұның аяғы насырға
шабатынын үйсін елінің биі мен бегі білетінді. Оның үстіне Іле өзенінің
алқабы мен Жетісу өңірінің құнарлы қонысына орнығып, іргелі ел боп жырғап
жатқан үйсіндер ушін Дұнхуан мен Чиланға қайта көшудің қажеті де жоқ еді.
Нәтижесінде Жаң Чиан өзінің көздеген негізгі мақсатын іске асыра алмай
қайтады. Бірақ үйсін күнмуы хан патшалығының жай-жағдайын ұғыну мақсатымен
Жаң Чиянға қосып өз елшілерін хан патшалығына жібереді. Ондаған тұлпар
тарту етіп алғыс айтады .
Б. ж. с. бұрынғы 115-жылы үйсін елінің елшілері Жаң Чианмен бірге хан
патшалығының астанасы Чаңанге барады. Олар Хан патшалығының халқы көп, әрі
бай ел екенін көздерімен көріп қайтады да, бұл жағдайларды үйсін еліне
таныстырады. Хан патшалығының құдіретті ел екенін ұғынған үйсіндердің
көзқарасы өзгере бастайды. Жаң Чиан елші болып үйсін еліне келгенде, оның
көмекшілері қаңлы, дауан, ұлы иозы қатарлы елдерге барған еді. Жаң Чиан
қайтып Чаңанге келген соң, олар да қайтып келеді. Осыдан бастап, Орта
жазықтағы Хан патшалығы мен батыс өңірдегі елдердің арасындағы барыс-келіс
байланысы күшейе түседі.
Үйсін елінің Хан патшалығына елші жібергенін естіген һұн билеушілері
оларға соғыс қаупін төндірмек болады. Үйсіндер һұндердің соғыс қаупінен
сақтану үшін хан патшалығымен жақындауға тырысады. Б. ж. с. бұрынғы 110 -
109-жылдары үйсін күнмуы хан патшасының ханшасын айттыруға кісі салады.
Бұдан кейін мың жылқы қалың мал айдатып Хан патшасына құда болады.
Үйсіндермен одақтасып һұндердің оң қолын үзіп тастау хан әулеті
үкіметінің ұзақтан бері көксеген арманы еді. Үйсіндердің құдаласу талабы
оларды мейлінше шаттандырды. Хан патшалығының Уди патшасы бұл талапты
қуанышпен қарсы алып, үйсіндер әкелген жылқыдан он тұлпарды таңдап алып,
Чаңан қаласының қасындағы хайуанат бакшасында көпшілікке көрме етеді.
Б. ж. с. дейінгі 108-жылы Уди патша өзінің туысы Жаңду Уаңның қызы
Шижұн ханшаны үйсін күнмуы Елжау биге ханымдыққа ұзату жөнінде шешім
шығарады. Бұл той аса салтанатты болады.
Хан патшаның үйсіндермен құдаласуы, олардың һұндерге қарсы күресіндегі
үлкен стратегиялық маңызды мәселе еді, оның үстіне үйсіндер батыс өңірдегі
ең ірі мемлекет, болатын. Соның үшін өз көзінде Бан Чау былай деп жазады:
Үйсін - деген ірі мемлекет, оның әскері 100 мыңға жетеді. Олардың
бастығына Уди патшаның өз ұрқынан қыз беруінің мәні, міне, осында. Уди
патша бұл тойға мейлінше маңыз береді. Осы жылы кекек айында Хан
патшалығының астанасы Чаңан қаласында аса салтанатты той жасалып, Шижұн
ханша үйсін еліне ұзатылады, Қыз-меткер, нөкер, күтуші әтектері болып
жүздеген адам ханшамен бірге үйсін еліне аттандырылады. Бұдан бұрын
ханшаларды ұзатқанда, оған тек бірнеше адам ғана қосылатын еді, жүздеген
нөкермені ұзату, оның елден ерекше болғандығын көрсетеді. Уди патша Шижұн
ханшаға патшаға арналған самұрық суретті күймесін мінгізеді. Елден
аттанғанда қоштасу күйін тарту үшін, Уди патша өз атынан пипаң аспабын
ханшаға қайран етеді. Патшаның бас уәзірі бастаған барлық төрелері ханшаны
қаладан шығарып салып, сый аяқ көтерісіп, қош айтысады. Үйсін еліне
ұзатылған Шижұн ханшаның алтын, күміс, торғын-торқа, киім-кешек, жасау-
жиһаз артқан көш керуені екі шақырымға созылады. Тарихи деректерде
айтылғандай Мейлінше мол жасау-жиһаздармен ұзатылады. Сол жылы сарша
тамыз айында ұзақ сапарда болған Шижұн ханша үйсін елінін, астанасы Чичу
қаласына жетеді. Бұл елде ұлы дүбірлі той жасалады. Шижұн ханшаға арнап
салтанатты да сәулетті сарай салынады.
Хан патшалығының ханшасы Шижұнның үйсін елінің күнмуы Елжау биге
ұзатылуы әдеттегі құдалық қарым-қатынас емес, белгілі саяси мақсаттағы
құдалық. Саяси, әскери одақ жасасудың бір түрлі тәсілі еді. Бұл құдалық хан
әулеті өкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтық бай-ланыстың негізін қалады.
Екі ел арасындағы достық, барыс-келістің бастамасы болды. Сонымен бірге хан
патшалығы ықпалының батыс өңірге енуіне жол ашты.
Үйсін күнмуы Елжау би үздік шыққан көсем, қажырлы қаһарман, соғыс
өнеріне шебер, асқан ақыл-парасатты адам еді. Ол сан рет соғыс жорықтары
мен қиын қыстау шайқастарда ерлік көрсетті, өзінен әлдеқайда күшті жауларды
жеңді. Ауыр апатқа ұшырап, азып-тозған үйсін ұлысын Іле алабындағы құтты
мекен қонысқа орнықтырып, Іле өзені алабында дербес үйсін мемлекеттін
құруға маңызды үлес қосты. Сондықтан үйсін елінің халқы оны ардақтап,
керемет киесі етігі табынды. Әкесі Нәнді би (Нанды) жау қолынан қаза
тапқанда, жаңа туған Елжау би иен далада қалады. Оны құстар ет әкеліп
беріп, көкбөрі емізіп асырайды. Мұны керемет киесі деп білген һұн тәңірқұты
асырап ержеткізеді деген аңыздар халықтың оған деген ықылас-нанымынан
туған. Сонымен бірге бұл түркі тілдес халықтар арасына тараған Көкбөрі
төтемі туралы аңыз-дың ең ерте қағаз бетіне түскен түрі еді.
Үйсін елінің Хан патшалығымен құдандалық байланыс орнатып жатқанын
естіген һұн билеушілері үйсін елінің Хан патшалығы жағына шығып кетуінен
қатты қауіптенеді. Бұдан сақтану үшін һұн ханшасын дереу үйсін күнмуы Елжау
биге береді. Елжау би оны сол дізесін басқан бәйбіше етеді. Үйсін күнмуы
хан патшалығымен құдаласады, сонымен бірге һұндермен де ат кекілін кесісе
қоймайды.
Елжау бидің хан әулеті ханшасы Шижұнды айттыруы, оған некелену үшін
емес, тек саяси-дипломатиялық мақсат үшін еді. Ол кезде Елжау би жасы
жетпістен асқан, немере-шөберелі адам болатын. Оның үстіне олардың іргелес
отырған ірі һұндерден ада-күде қол үзуі мүмкін емес. Сондықтан һұн ханшасын
сол дізесін басқан бәйбіше етті (һұндердің ғұрпы бойынша сол дізесін басқан
бәйбіше нағыз ханым болады екен). Шұй Сұң Хан патшалығы тарихының батыс
өңір шежіресіне қосымша атты еңбегінде: һұн ханшасына жоғары орын берілуі
күнмудың һұндерден қорыққанынан болған дейді. Сөйтіп һұн ханшасы үйсін
ордасында болды. Шижұн ханша өзінің саяси міндетін орындау үшін, жылына бір
рет күнмуға кездесіп шарап ұсынып, орданың терелеріне сыйлық ұсынатын еді.
Ел-жұрттың қамы мен мұрагерінің май екшесін ойлаған Елжау би хан патшасының
ханшасы Шижұнды өзі алмай, немересі Жөнші (Шыншы) биге қосуды ұйғарған еді.
Профессор Жаң Шиман Үйсін қазақтары туралы зерттеу деген еңбегінде былай
дейді: Иуанның жылнамасының 6-жылы (б. ж. с. дейінгі 105-жылы) үйсін
күнмуы мың жылқы қалың мал айдатып, хан патшасынан ханшасын сұрады. Хан
патшалығының Уди патшасы салтанатты той жасап, Шижұн ханшаны үйсін еліне
ұзатты. Бұл кезде һұндер де өз ханшасын күнмуға берген еді. Үйсін күнмуы
ұзатылып келген һұн ханшасын сол дізесін басқан бәйбіше етіп белгіледі.
һұн ханшасы үйсін ордасында абырой-атақ, мәртебе жағынан үстем орынға
шықты... Жаңду (Шижұн) ханшасы өзінің төркінінен ертіп келген нөкер,
қорғаушы, кәнизак, әтек сынды жүздеген адамның күтуімен ордада тірі жесір
болып отыра берді. Тек құрғақ атағы болмаса, бір жылдан астам мезгіл ішінде
кунмудың (Елжау бидің) дидарын бір-ақ рет көрген еді. Бұл пайымдау
шындыққа үйлеседі.
Тірі жесір болып өмір өткізген Шижұн ханша жергілікті халықтың тілін
де білмейді, ғұрып-әдетіне де көндіге алмады. Ол осындай жағдайда, ойсоқты
болып өлең жазып, ән шығарумен айналысады. Шижұн ханшаның біздің
заманымызға жеткен Аққу әні деп аталатын алты шумақ жыры, оның көңіл
күйін бейнелеумен қабат, ерте заманда жат жерге ұзатылған қазақ қыздарының
төркін жұртын сағынып айтатын көрісу жырына да меңзес келеді.
Мені ұзатты әлемнің бір жағына,
Алыстары жат елге -уйсін ханына.
Дөңгелек ұй, туырлық там орнына,
Ет жеп, айран ішеді ас-суына.
Туған жерді сағынып, сарғаямын,
Аққу құс боп қайтсам деп ауылыма.
Бұл жырды естіген Уди патша жыл аралатып ханшаға арнаулы елші арқылы
сәлем-сауқат жіберіп отырады. Үйсін күнмуы Елжау би өзінің бастапқы ақылы
бойынша Шижұн ханшаны Жөнші биге қосуды ұйғарады. Бұған разы болмаған Шижұн
Уди патшаға хат жазып, жағдайды мәлімдейді. Уди оған үйсіндердің ғұрып-
әдетіне бой ұсынуын, керек деп жауап қайтарады. Сөйтіп, Елжау бидің
немересі Жөнші би мен Хан патшасының ханшасы Шижұн неке қиып, той жасайды.
Б. ж. с. дейінгі 104-жылы шамасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz