Республикалық бюджеттің экономикалық мазмұны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
1. 1. Республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіндегі алатын орны
1. 2. Республикалық бюджетті құру және атқару тәртібі
1. 3. Бюджет жүйесін жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибе
2. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУЫНА ТАЛДАУ
2. 1. Республикалық бюджет кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
2. 2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің ара-қатынастарын ұйымдастыру тәртібі
2. 3. Республикалық бюджеттің орындалуына экономикалық талдау
3. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3. 1. Республикалық бюджетті құру және орындаудың актуалды мәселелері
3. 2. Республикалық бюджеттің жергілікті бюджеттермен ара-қатынастарын жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
6
9
9
17
22
29
29
34
45
63
63
66
71
74
77
КІРІСПЕ
Бюджет жүйесін жетілдіру мақсатында соңғы жылдары Қазақстанда бірқатар шаралар кешені жүргізілді.
Тұрақты негізде жұмыс істейтін бюджет комиссиялары құрылды, олардың мақсаты бюджеттер жобаларының уақтылы және сапалы әзірленуін қамтамасыз ету, бюджеттерді нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар тұжырымдау, әкімшілердің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерін қарау болып табылады.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететін бағдарламалық, мақсатты бюджетті қалыптастыру жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік, салалық бағдарламалар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асырудың негізгі құралы болып табылады.
2003 жылдан бастап қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік, салалық бағдарламалар тізбесі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңге арналған индикативтік жоспарының құрамында бекітіледі. Бюджеттен қаржыландыруды талап ететін мемлекеттік, салалық бағдарламалардың бәрінде жылдар мен қаржыландыру көздері бөлінісінде қаржы қаражатының талап етілетін көлемі айқындалған.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын көрсететін нақты бюджетті қалыптастыру мақсатында, 2002 жылдан бастап бюджет оның есебінен мемлекеттің ағымдағы мұқтаждарын орындауға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылған ағымдағы бюджет және экономикаға инвестициялық шығыстарды, яғни инфрақұрылымды дамытуға, қала құрылысына, ақпараттық жүйелерді, ғылымды, адами капиталға инвестицияларды құру мен дамытуға және т. с. с. арналған шығыстарды қамтитын даму бюджеті болып бөлінді. Бюджеттің мұндай бөлінуі мемлекеттің заңдарда айқындалған және мемлекеттік мекемелердің бар желісін ұстауға бағытталған өзінің функцияларын орындау құнын және мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуына оның инвестициялық салымының көлемін нақты бағалауға, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды жүйелеуге мүмкіндік берді.
Бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету және олар бойынша бюджеттік бақылау жүргізу үшін 2002 жылдан бастап әкімшінің өзіне жүктелген функцияларды орындау жөніндегі қызметін бағалаудың негізгі құжаты ретінде бюджеттік бағдарламаның паспорты енгізілді. Мұндай шараны ұтымды жоспарлау, бюджеттік бағдарламаларды орындау және әкімшілердің бюджет ақшасының тиімді пайдаланылуы үшін жауапкершілігін күшейту қажеттігі айқындап берді.
Бюджет жүйесін жетілдіру жөніндегі жекелеген іс-шаралар барысында шешімі жүйелік ұстанымды талап ететін көптеген мәселелер анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы заңдар нормаларын реттеуге және жүйелеуге, олардың неғұрлым икемді құрылымын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Бюджет кодексі әзірленді.
Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа қағидаттар бар, бұрын қолданылған бюджетті жоспарлау қағидаттары, барлық бюджет деңгейлерінің шығыс және кіріс бөліктерін қалыптастыру жөніндегі ұстанымдар қайта қаралды.
Қолданыстағы заң кесімдеріне функционалдық талдау жүргізу нәтижесінде және орталық пен өңірлер арасындағы қатынастардағы жинақталған оң және теріс тәжірибені ескере отырып, бюджетаралық қатынастар қағидаттары, ресми трансферттердің нысандары, республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің кірістері айқындалды. Барлық бюджет деңгейлеріне қаржылық орнықтылық беру мақсатында Бюджет кодексінде бюджет деңгейлерінің шығыстық өкілеттіктері нақты бөлінді. Бюджеттердің дербестігін күшейту үшін, сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшері үш жылға арналып белгіленетін болады.
Бюджет кодексінде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау туралы бап көзделген, оған сәйкес тиісті есептерді жүргізу, бюджеттiк бағдарламалардың негiздемесiн, олардың орындалу барысы мен олар көрсететін елдің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал етуiн талдау және бюджеттiк бағдарламалардың тиімсіз бағыттарын айқындау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген және бекіткен бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргізу әдістемесі бюджетті жоспарлау, атқару және оның атқарылуын бақылау процесінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібі мен көрсеткіштерінің жүйесін айқындайды.
2005 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2005-2007 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдерін қараған кезде Республикалық бюджет комиссиясы республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2003 жылы және 2004 жылғы бірінші жарты жылдықта іске асырылуы туралы ақпаратты қарады. Қарау нәтижелері нақты бюджеттік бағдарламаны алдағы қаржы жылында орындаудың орындылығына және оны қаржыландыру көлемдеріне қатысты шешімдер қабылдау үшін негіз болды.
Осыған байланысты бұл дипломдық жұмыстың мақсаты бюджет жүйесіндегі республикалық бюджеттің ролін анықтап, оның құрылымына, кірістер мен шығыстардың орындалуына, динамикасына жан-жақты талдау жасау, және жасалған талдау нәтижесі бойынша орын алған мәселелердің шешу жолдарын ұсыну.
1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
1. 1. Республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіндегі алатын орны
Қазақстан бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құрамы болып табылады. Кез келген реформаны, оның ішінде экономиканы жүргізу экономикаға, әлеуметтік сала мен инфрақұрылым дамуына орасан қоржынды жұмсауды талап етеді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие бола отырып, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Жалпы бюджет жүйесі экономикалық қатынастарды реттеп, қаржыландыру мәселелері шешілетін және құқықтық нормаларға негізделген ақша қорларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекет әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеуде жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттеудің жиналған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе-теңдігіне қол жеткізуге бюджеттік реттеу құралдары сәйкес келеді.
Ағымдағы жылы қабылданған Бюджет кодексі бюджет процесін жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындады. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын анықтайтын құжат - Орта мерзімді фискалдық саясатты жыл сайын әзірлеу шешімі қабылданды.
Бұл құжаттың қажеттілігі экономикалық реформалар жетістігінің қоғамның қаржы жүйесін дамыту бағыттарына, жүргізіліп жатқан салық-бюджет саясатының заман талабына барабарлығына тікелей тәуелділігімен негізделген. Қазақстандағы экономикалық өсудің жоғары қарқындары, бюджет кірістерінің өсуі, қаржы институттарының нығаюы, Ұлттық қордың құрылуы, мемлекеттік бюджет тапшылығының ыңғайлы деңгейі мемлекеттің неғұрлым белсенді фискалдық саясатын жүргізуді талап етеді. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретінде саяси билікке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндік береді. Тиісті қаржы жылына арналған бюджетті әзірлеу кезінде орта мерзімді саясат негіз болып табылады.
Бюджеттік жүйе бұл экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттер.
Бюджеттік жүйе бір ортаға бағынған ақшалай қорлардың, бюджеттің, әдістердің және оларды құру мен атқарылуының тәсілдерін қолдану мен қалыптастыруы бойынша мемлекеттің әділеттік жақтарымен қаржылық қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ осы қатынастармен басқару органдарының жиынтығын ұсынады.
Бюджеттік жүйенің негізі болып қаржылық қатынастардың келесідей топтары көрсетіледі:
- мемлекет пен кәсіпорын арасындағы бюджеттегі шығындарды қаржыландыру мен бір ортаға бағынған ақшалай қорларды қалыптастыру процесінде;
- бюджеттік қаржыландыруда орналасқан, өндірістік емес сферадағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер;
- әр түрлі компенсациядағы тәлемдер мен бюджеттік кірістерді қалыптастыру бойынша мемлекеттік тұрғындар, сондайөақ тұрмысы аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
- қаржылық-банктік жүйедегі институттар арасында;
- бір ортаға бағынған ақшалай қорларды қалыптастыру бойынша шетелдік елдермен қатынасуда.
Қаржылық қатынастардың бұл формалары реттеледі және мемлекетпен жетілдіріледі, сондай-ақ осыларды құқықтық нормаларының және өнделген қағидаларының негізінде басқарылуы орындалады.
Бюджеттік жүйенің белгілерінің бірі болып бірыңғай құрылған ережелерді қолдану және барлық бюджеттерді орындау болып табылады.
Бюджет жүйесі - бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымын келесі суреттен көруге болады.
НН
Сурет 1. ҚР-сының мемлекеттік бюджетінің құрылымы
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі,
атқарылады және дербес болып табылады:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.
Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
- бірлік принципі - ҚР-сының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;
- толықтық принципі - ҚР-ның заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және ҚР-ның Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;
- реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) орта мерзімді фискалдық саясатқа және ҚР-сы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;
- транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;
- дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
- тиімділік және нәтижелілік принципі - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;
- басымдық принципі - бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
- жауапкершілік принципі - бюджет процесіне қатысушыларды ҚР-ның бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;
- бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі.
Республикалық бюджет - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердін міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруга арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналган республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Мемлекет республика көлемінде маңызы бар әлеуметтік-мәдени дамуды, экономика саласындағы шараларды осы республикалық бюджет арқылы қамтамасыз етеді.
2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңда келесі негізгі көрсеткіштер бекітілген:
- ең төменгі жалақы мөлшері - 9200 теңге;
- ең төменгі зейнетақы мөлшері - 6700 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері - 1030 теңге, ал 2006 жылдан бастап:
- ең төменгі жалақы мөлшері - 9752 теңге;
- ең төменгі зейнетақы мөлшері - 7236 теңге;
- базалық зейнетақы мөлшері - 3000 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері - 1030 теңге
- ең төменгі күнкөріс деңгейі - 8861 теңге.
Республикалық бюджеттің тапшылығы жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) пайызбен шаққанда 1, 7 пайыздан 2007 жылы 1, 2 пайызға дейін төмендеді.
Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
бюджеті.
Облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер, есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған акша қоры болып табылады.
Мемлекеттік бюджет шығыстары тиімді пайдалану үшін оларды бюджеттер арасында дұрыс таратқаны жөн. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің шығыстары бюджеттер деңгейлері арасында бөлінген. Жергілікті бюджет шығыстары келесідей бөлінген.
Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- бастапқы кәсіптік білім;
- арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;
- орта кәсіптік білім беру;
- республикалык бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналык көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
- халықтың санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
- жетім балаларды әлеуметтік камсыздандыру; мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;
Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;
- арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;
- бастауыш кәсіптік білім беру;
- орта кәсіптік білім беру;
- республикалык бюджеттен каржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
- тұрғын үй көмегі;
- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
- мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;
- халыктың жұмыспен камтылуын камтамасыз ету;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
- республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер;
- жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету;
- ҚР Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын каржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Жергілікті бюджеттер тиісті мәслихатардың шешімімен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
- оқытудың кешкі (ауысымдық) нысанын және интернат үлгісіндегі ұйым арқылы міндетті тегін орта білім беруді қоса алғанда, мемлекеттік оқу орындарында азаматтарға міндетті тегін орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- тұрғын үй көмегі;
- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер;
- облыстық бюджетке берілетін ресми трансферттер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры - ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері болып табылады.
ҚР-ның Ұлттық коры мемлекеттің тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің
және материалдык емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
Ұлттық қордың функциялары:
- жинақтау функциясы - қаржылык активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді.
- тұрақтандыру функциясы - шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің арналған.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазакстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.
Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері:
- республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
- жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
- өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады.
Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер - шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін
түсімдердің жиынтығы: болы табылады (корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, үстеме пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти, жасасқан келісім-шарттар бойынша ҚР өнімді бөлу жөніндегі үлесі) .
1. 2. Республикалық бюджетті құру және атқару тәртібі
Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдыкты ескере отырып, мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады. Республикалық бюджеттің жобасын өзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бюджетті жоспарлау принциптері:
- сабақтастық принципі - бюджетті алдыңғы кезеңде негізге алынған ортамерзімді фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржыжылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін ескере отырып жоспарлау;
- басымдық принципі - бюджетті алдағы орта мерзімді кезеңге арналғанәлеуметтік-экономикалык дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
- негізділік принципі - бюджетті нормативтік құқыктық актілер жәнебюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын баска да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты айқындау
Орта мерзімді фискалдық саясат алдағы үш жылдык кезеңге арналған
салық-бюджет саясатын, соның ішінде:мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамдык көрсеткіштерін;
бюджеттік бағдарламалардың өткен кезеңнің ішінде іске асырылу тиімділігін бағалау нәтижелерін;
бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асьірудың тәсілдерін;
бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
ықтимал фискалдық тәуекелдерді айқындайтын құжат болып табылады.
Орта мерзімді фискалдық саясат республиканын немесе аймақтың орта
мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары негізінде, өткен қаржы жылы
бекітілген орта мерзімді фискалдык саясат, мемлекеттік, салалык (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы ішінде бюджеттін атқарылуын талдау мен бағалау ескеріле отырып, оның негізгі бағыттары жыл сайын түзетіліп үш жылдық кезеңге әзірленеді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі
ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын жергілікті аткарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейіп бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz