Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелділігін талдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1. КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 8
1.1. Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелділігінің мазмұны, оның түрлері. 8
1.2. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау. 22
1.3. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын бағалау. 28
2. КӘСІПОРЫННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ 33
2.1. «Ардагер» ЖШС қызметіне техникалық.экономикалық сипаттама. 33
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау. 40
2.3. «Ардагер» ЖШС.нің қызметінің кәсіпкерлік тәуекелділігіне талдау. 48
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 61
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі мәселелері. 61
3.2. Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелдерін азайту жолдары. 68
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 74
ҚОСЫМША 76

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тат басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңғе жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Ұсынылып отырған осы дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге көмектесу. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық

Анализ платежеспособности предприятий и организаций. Практическое руководство для государственных, совместных и малых предприятий. - М.: 1991.
2. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебное пособие. - М.: Финансы и статистика, 1994.
3. Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятии (практический аспект). — Алматы: Издательский дом «БИКО», 1997.
4. Клейнер Г.Б., Петросян Д.С. Оценка финансового состояния предприятия. /Финансовые и бухгалтерские консультации. Контакт. Инвест Фонд, 1995.
5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
7. Лоханина И.М., Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. - Ярославль, 1993.
8. Львов В.С., Фокеев А.С. Программная реализация методики анализа финансового состояния предприятий фирмы «ИНЭК».М.: Аудит и финансовый анализ. 1996 г., №3.
9. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 1996.
10. Малич В.А. Анализ финансовой деятельности предприятия -С- Петербург: СНбДНТП, 1992.
11. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев, Послание Президента страны народу Казахстана.
12. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. - М.: Изд-во «Перспектива», 1995.
13. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственңой деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.
14. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М: ИНФРАМ, 1995.

КІРІСПЕ
6
1. КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 8
1.1. Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелділігінің мазмұны, оның түрлері.
8
1.2. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау.
22
1.3. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын бағалау.
28
2. КӘСІПОРЫННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ 33
2.1. Ардагер ЖШС қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама.
33
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау.
40
2.3. Ардагер ЖШС-нің қызметінің кәсіпкерлік тәуекелділігіне талдау.
48
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ
61
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі мәселелері.
61
3.2. Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелдерін азайту жолдары.
68
ҚОРЫТЫНДЫ
72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
74
ҚОСЫМША
76
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Шаруашылық
субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс
пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол
жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-
әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,
басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен
алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше
іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар
мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тат басып жатуына, яғни
миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңғе жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды
қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу
келмеске кетеді.
Ұсынылып отырған осы дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы
мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларды меңгеруге
көмектесу. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз
таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс
бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің
жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі,
нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді
шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
1. КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық
экономикада үдей түседі. Тәуекелділік қандайда бір жағымсыз жағдайдың
болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының
бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде
табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын
білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір
деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы
типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кертартпа
басшылар жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден
қашуға тырысады. Икемді басшылар, егер тәуекелділік ерікті болып, ал
орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға
тырысады.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатта шешімдер
қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен
шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден
аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз
болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын
деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір
жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту
мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен
тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.
Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен зиянды
жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты.
Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің
немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде, ішкі шаралар
көмегімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.
Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі - хеджиралау
(аудармасы - жоғалтулардан сақтау), қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік
және басқа талаптар мен міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі
(менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған жоба
және т.б.) толығымен кәсіпкерлерге жүктелген. Жағдайларды болжап,
кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену керек.
Кәсіпкерлік тәуекел - бұл бизнестің түріне байланысты компанияның
қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық
және қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады.
Өндірістік тәуекел - бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да
түрлі өндіріс қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекел. Өндірістік
тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін
болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің
наразьшығы, менеджерлердің қатесі, көтеріңкі аударым сомалары мен
салықгарды төлеу және т.б.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен
қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің
себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың
сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған
төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және
клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық
институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің
себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің
жоғарлауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға,
бір мезгілде көп қаражат жұмсау.
Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі:
несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.
Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің
құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айрылып
қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел.
Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте
клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау
қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді.
Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни
ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын
жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика
жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын
белгілеуге болады.
Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел
жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс
алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы
шексіз.
Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының
барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар. Жоғары
тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын
жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады. Бұл
аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы
мүмкін.
Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен
қатар өнім өткізуден (жұмыс, қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдығы бар
және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.
Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі
банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады.
Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек.
Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншікті
шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты.
Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін
толықтыратын екі турге бөлуге болады: сапалық және сандық.
Сурет 1.Тәуекел талдауының блок-нобайы.
Тәуекелділікті талдауды жүргізу реті сызбанұсқада
көрсетілген (Сурет 1.).
Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде
көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады. Ол
салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Онын басты міндеті - жұмыс
пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау,
яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлық
тәуекелдерді анықтау болып табылады.
Тәуекелдік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және
субъективті деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорыннан тәуелсіз
инфляция, бәсеке саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік
салықтар жатады. Субъективті факторлар тікелей нақты түрін сипаттайды:
өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық байланыстар, қаржылық
жағдай.
Тәуекелдің санның талдауы - бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және
ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау. Жеке
тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі талдаудың әдістері арқылы жүргізіледі,
соның ішінде кең тарағандары: статистикалық, шығындардың мақсаттылығын
талдау эксперттік бағалау әдісі, ұқсастықтарды (аналогтарды) пайдалану.
Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұқсас өндірістегі шығындар
мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық
қайтарулардың көлемі белгіленіп және болашаққа дәлірек болжау құрылуында
болып отыр. Вариация, дисперсия және стандарттық ауытқулардың есептеулері
жүргізіледі.
Вариация - бір жағдайдан (вариант) басқа жағдайға ауысқандағы белгінің
сандық бағасының өзгеруі (тербелмелігі). Мысалы, экономикалық табыстылықтың
(рентабельділіктің) өзгеруін экономикалық табыстылықтың нақты мәнін сәйкес
келетін ықтималдылықтың мәніне көбейтуді жинақтау арқылы анықтауға болады.
ЭД = ( ni – 1 Эді * Ді
Мұндағы: Эді – экономикалық табыстардың мәні;
Ді - ықтималдық мәні.
Вариация дисперсиямен, яғни орташа мәннен белгінің нақты мәнінің
ауытқу шамасымен бағаланады. Орташа өлшемді дисперсияны математиктер
мына формуламен есептейді:
Дисперсия = ( ni – 1 (Эді - ЭД)2* Ді
Стандартты ауытқу = ( Дисперсия
Нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорынның қызметі солғұрлым
тәуекелді болады. Тәуекелділіктің дәрежесін есептеудің статистикалық әдісі
көптеген көлемді мәліметтерді талап етеді. Олар әрдайым болмағандықтан, оны
қолдану қиындайды.
Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық
тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке ала отырып, тәуекелдің потенциалды
аймақтарын анықтауға бағытталған. Шығындарды артық жұмсау келесі 4
фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мүмкін:
1. құнның ең басында жете бағаланбауы;
2. жобалаудың шектерінің өзгеруі;
3. өнімділіктегі айырмашылық;
4. алғашқы құнның өсуі.
Бұл негізгі факторлар нақтылануы мүмкін. Мысал ретінде, қаржы-
қаражаттарының тәуекел дәрежесін анықтау мақсатында, қаржылық тұрақтылық
көрсеткіштері қызмет ете алады. Эксперттік-бағалау әдісі маман сарапшыға
сұрақ-сауал қоюға негізделген. Анкеталар кейін қойылған талдау міндетінің
сол немесе басқа шешімін қабылдау үшін статистикалық өңделеді.
Ұқсастықтарды пайдалану әдісі құбылыстардың, құралдардың, жүйелердің
ұқсастығын тауып пайдалануында болып табылады, яғни жаңа идеялар мен
ұсыныстар ұқсас объектілерді салыстыру негізінде пайда болады.
Бұл әдісті, сонымен қатар эксперттік бағалау әдісін пайдалану түсінікке,
талдаушының тәжірибесі мен біліміне байланысты болғандықтан, анықтау
субъективті сипатталады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіпкерлік тәуекелді талдау
кезінде тәуекелді төмендетудің жолдарын толық зерттеп білу керек. Тәуекелді
тиімді болжаумен фирма ішілік жоспарлау бойынша сапалы жұмыстар
жүргізу нәтижесінде төмендетуге болады. Тәуекелділікті төмендетудің ең
жақсы әдісі инвестициялық шешімдерді сауатты таңдау болып табылады.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті
болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы
тиімді шараның бірі. Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге
болады: портфельді және нақты (капиталдандырылған).
Портфельді инвестиция деп (кәсіпорынның құнды қағаздарын сатып алу
сияқты) жобалар тобына капитал салуды айтады. Портфельді инвестиция
жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін
құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды
қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған
орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операциялар
түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды
айтамыз. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалдар қорына салынатын
инвестициялар.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
1) мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
2) қаржылық инвестициялар;
3) материалдық емес инвестициялар.
Мүліктік инвестициялар - бұл нақты инвестициялар. Қаржылық
инвестициялар - бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың
жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да
құнды қағаздарды сатып алу. Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты
инвестицияларға зерттеу мен талдау жасау, кадрлар даярлау,
жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге
бөлінеді:
1) бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар,
кәсіпорынды негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
2) өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағытталған, кеңейту
инвестициялары (экстенсивті инвестициялар);
3) қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын
қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға
бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар.
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
• бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған ауыстыру
инвестициялары;
• рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық
жабдықтарды немесе процестерді жетілдіруге жұмсалады;
• шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар;
• диверсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің
номенклатурасының өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа
сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
• болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
бағытталған инвестициялар. Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды
дайындауға, жарнама, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
инвестициялар кіреді.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел
салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл
мезгілде нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші және тағы
басқалары да өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды
қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.
Жоғарыда айтылған тәуекелдермен қатар, экономикалық әдебиеттерде
инвестициялық-қаржылык портфельдің құнсыздауынан пайда болатын
инвестициялык тәуекел белгіленеді. Бұған әдетте, құнды қағаздарға
инвестициялатын ақшалардың тәуекелі жатқызылады. Қаржылық инвестицияны
жүзеге асыра отырып, кәсіпорын табыс алу, капиталды көбейту немесе бұрынғы
деңгейде сақтап қалуды көздейді. Әдетте тікелей инвестициялар кезіндегі
шығындардың көлемі салынған капиталдың көлеміне тең болады. Портфельді
инвестиция кезінде (болашақта табыс алу мақсатында сатып алынған құнды
қағаздар) шығын көлемі әдетте жұмсалған капитал сомасынан аз болады.
Инвестордың шығынының ең көп мүмкіндігі және ақшалай қаражаттарының
меншікті көлемінің (табыс және амортизация) арақатынасы тәуекел деңгейін
көрсетеді, ол тәуекел коэфициентінің (Кч) көмегімен өлшенеді.
Кч =Уmaх ДС
Мұндағы: Уmaх - берілген инвестиция бойынша шығынның максималды мүмкін
болатын сомасы;
ДС - белгілі көздер мен олардың келіп түсу уақытын ескергендегі меншікті
ақша қаражаттарының көлемі.
Инвестициялаудың маңызды ережесі, құнды қағаздарға салынған
салымдардың табысы инвестор баруға дайын тәуекелге тура пропорционалды
болады.
Жүйелік амал тұрғысынан инвестициялық тәуекелдерді екі топқа бөлуге
болады:
1) жүйелі;
2) жүйесіз.
Жүйелі тәуекел инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және
макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық
жағдайымен анықталады. Олардың пайда болу себептерк инфляция, экономикалық
құлдырау, жоғары пайыздық мөлшерлеме, әскери-саяси дау-жанжалдар және тағы
басқалар.
Жүйесіз тәуекелге бәсекелестік инвестициямен (жоба, құнды қағаз және
т.б.) байланысты тәуекелдің барлық түрлері жатады. Олардың пайда болу
себептері фирмалар үшін дербес жабдықтаушылардың өз міндеттерін орындауы
(сатып алу тәуекелі), сатып алушылардың қыр-сыры (өнімді өткізу тәуекелі),
бәсекенің әсері, үлкен келісім шарттардың қабылдануы немесе жоғалуы және
тағы басқалар да жатады. Әдетте инвестициялық жобаны негізгі үш
кезеңнен тұрады деп қарастырады: алғашқы, дайындық және өндірістік.
Алғашқы кезеңде жобаның техника-экономикалық негізі құрылады. Жобаның
бизнес-жоспарын құру жұмыстарына, ақпаратты жинау және өңдеу, сонымен қатар
нарықты алдын ала зерттеу, мәліметтерді талдау, жобаның тиімділігін алдын
ала есептеулер жатады. Сонымен қатар потенциалды мердігерлермен келісілген
жұмыстарды орындау шығындары, капитал тарту шарттары бизнес-жоспардың
жобасы үшін мәліметтер ретінде қолданылады.
Инвестициялар - бұл кем дегенде екі жақтың кәсіпкер (жобаның
бастаушысы) және инвестордың (жобаны қаржыландырушы) бірлескен әрекет
процесі. Бұл жобаның сәттілігі, екі жақтың ортақ тіл табысуына,
инвесторлардың белгілі бір кепілдікке ие болуына байланысты.
Мұндай кепілдіктің бірі, жақсы ойластырылып есептелген істің жазбаша
мазмұны болып табылады. Бұл инвесторға іспен танысуға, оқу, зерттеу,
есептесуді қайталауға және ұсынылған бизнестің маңызды, есептелген,
кездейсоқ жағдайларға тәуелсіз екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұсынылған бизнеспен танысу барысындағы негізгі құжат, қаржылық салымды
талап ететін бизнес-жоспар болып табылады. Бұл ақша табудың негізгі құралы
және жоспарланған бизнестің негізі берілетін ресми құжат болып табылады.
Кейбір Батыс елдерде бұл құжатты келісім деп атайды. Бизнес-жоспарды
жасаудың қажеттілігінің негізгі үш себебін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, бизнесті құрастыру процесі, идеяларды ойластыру кәсіпкерді
кәсіпорынның жоспарына объективті, сын көзбен, әділ қарауға мәжбүр етеді.
Жоспар қатенің алдын алуды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, сәттіліктің негізі болып табылатын, кәсіпорынды тиімді
бақылауға және басқаруға қолдануда, кәсіпкерге көмектесетін жұмыс құралы
болып табылады.
Үшіншіден, біткен бизнес-жоспар бұл идеяларды басқа қызығушылығы бар
тұлғаларға хабарлау құралы болып табылады. Бұл толықтай кәсіпкердің
мамандық деңгейін сипаттайды.
Бизнес-жоспарды жасау инвестиция тарту жолында негізгі кезеңдердің
бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды дайындаудағы негізгі мәселе жобаның
негізгі аспектілерін құрамына енгізетін, оның құрылымы болып табылады.
Бизнес-жоспардың титулдық беті құжаттың қашан, қайда және кіммен
дайындалғаны, сонымен қатар жобаның толық атауы жайында ақпарат береді.
Қарсы бетінде жобаға жауапты немесе оны жасаған кісінің байланыс телефоны
көрсетілуі тиіс.
Әдетте бизнес жоспар 2 бөлімнен тұрады: А -жобаның мәтіндік
сипаттамасы және Б - қаржылық есептеулер.
А бөлімінде әдетте келесі мәселелер қарастырылады:
1) жобаның негізгі мәліметтері, оны іске асырудың мақсаты, тауардың
сипаттамасы, оның бәсекелестік басым ерекшеліктері, өндіріс жайында жалпы
мәліметтер;
2) жарғылық капиталды құрастыру, қаржыландырудың негізгі көздері,
инвесторлар (тікелей немесе портфельді) кредиторлар, қатысуды бөлу,
кәсі-порынды басқарудың нысаны мен құрлымы;
3) нарықты зерттеу және талдау, негізгі бәсекелестер, тұтыну нарығы;
4) өтімнің маркетинг және ұйымдастырылуы;
5) өндіріс технологиясы, құралдар, шикізат, материалдар,
жабдықтаушылар, экологиялық жайлар, өндірісті ұйымдастыруға ерекше
талаптар.
Б бөлімінде әдетте мыналар есептеледі:
1) негізгі экономикалық көрсеткіштер;
2) инвестициялық шығындар және қаржыландырудың жоспары;
3) өндіру мен өткізудің бағдарламасы;
4) қызметшілердің саны мен еңбек ақысы;
5) материалдық шығындар;
6) жабдықтың күтілуі мен жөнделуі;
7) әкімшілік және үстеме шығындар;
8) өткізу бойынша шегерімдер;
9) айналым капиталының қажеттілігі;
10) амортизациялық аударымдар;
11) табыстар мен шығындар;
12) ақша қаражаттарының қозғалысы.
Қорытынды бөлімде түйіндеме (резюме) түрінде жалпы тұжырымдар мен
күтілетін қаржы нәтижелері келтіріледі. Тәжірибелі несиегерлер немесе
инвесторлар бизнес-жоспарды титул парағынан, жобаның сипатталуынан бастап
зерттейді, сонымен қатар түйініне (резюмеге) қарайды және ең соңында ғана
құжатты мұқият қарастыра бастайды.
Инвестициялық жобаның дайындау кезеңі, ынталы инвестициялар деп
аталатын өндірісті даярлау жұмысынан тұрады, әдетте олардың қатарына
мыналар жатады:
• кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу мен құрылымың жасау жөніндегі
ұйымдастыру шығындары;
• ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
• өнім үлгілерін жасау, даярлау және сынау;
• құрылыс жұмыстарын жүргізу;
• технологиялық және басқа да жабдықтар сатып алу, дайындау және
монтаждау;
• Өндірістік жабдықтау мен арнайы құралдарды дайындау және
жасау, өнімнің шығарылуы қарсаңында рынокты даярлау шаралары (мысалы,
жарнама және т.б.).Инвестициялық жобаның өндірістік кезеңі, кәсіпорын өнім
өндіру мен оны өткізуге аяқ басқан сәттен басталады. Диверсификацияланған
өндіріс жағдайында, өндірістік кезеңнің басы бір ғана өнім түрін өндіру мен
өткізу басталған күн болып саналады.
Инвестициялық жоспар әдеттегідей, мынандай инвестициялық шаралардан
тұрады, олар төрт кесте түрінде келтірілген (1-4 кесте):
1) даярлық кезеңнің ұйымдастыру және басқа шығындары;
2) жер учаскелерін сатып алу (несиеге алу);
3) ғимараттар сатып алу (құрылыс салу);
4) жабдық сатып алу (жасау).
1- кесте. Даярлық кезеңінің ұйымдастыру және басқа да шығындары
Кезең Жұмыс сатысының Басталу Ұзактығы, Жұмыс құны,
атауы датасы күн теңге
1. Косіпорынды тіркеу 01.01.96 20 7000
2. Нарықты зерттеу 31.01.96 50 10000
3. Жобаны жасау 31.01.96 100 430000
4. Жабдықтаушылармен 31.01.96 40 53000
келіссоздер өткізу
Жиыны: X X 500000
Даярлық кезеңінің ұйымдастыру және басқа да шығындары деп активтерді
сатып алу, жабдық сатып алу секілді шығындарды есептемегендегі,
кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуді бастаған сәтіне дейінгі шығындарды
түсінеміз.
2- кесте Жер учаскелерін сатып алу
№ Учаске атауы Сатып алу Ұзақтығы, Жұмыс құны, тг.
күні күн
1.Цехқа арналған жер 05.05.96 40 430000
2.Кеңсеге арналған жер 05.05.96 50 370000
Жиыны: X X 800000
Барлық кезеңде нөмірлену тікелей өтпелі болуы тиіс. Және де кезең
нөмірлері олардың орындалу ретін көрсетпейді, өйткені бірнеше кезең бірдей
орындалуы мүмкін. Кезеңдерді ескере отырып, жоба сатысын анықтағаннан соң,
күнтізбелік жоспар қайта есептеледі.
3-кесте. Ғимараттар салу немесе сатып алу
№ Учаске атауы Сатып алу Ұзақтығы,Жұмыс құны, Амортиза-ция,
күні күн тг. теңге
1.Цех ғимараты 10.06.96 200 2000000 10
2.Кеңсе ғимараты 12.07.96 90 1000000 15
Жиыны: X X 300)000 X
4- кесте. Технологиялық жабдықты сатып алу немесе даярлау
№ Учаске атауы Сатып алу Ұзақтығы,Жұмыс құны, Аморти-зация,
күні күн тг. тг.
1.Автоматтық линия 14.08.97 80 30000 10
2.Автомобиль көлігі 17.04.96 45 4000000 8
3.Арнайы құрал 21.12.97 70 2500000 5
Жиыны: X X 6530000 X
Көрнекілік үшін жоба кезеңдерінің басталуы мен аяқталуы күндері және
оларға жұмсалатын шығындар көрсетілген күнтізбелік жоспар келтіріліп отыр
(5-кесте).
5-кесте. Жоба кезеңдерінін күнтізбелік жоспары
№ Жұмыс кезеңінің атауы Басталуы Ұзақтығы, Құны, тг.
күн
1. Кәсіпорынды тіркеу 01.01.96 20 7000
2. Нарықты зерттеу 31.01.96 50 10000
3. Техжоба жасау 31.01.96 100 430000
4. Жеткізіп берушілермен келісім31.01.96 40 53000
сөз жүргізу
5. Цехқа арналған жер 05.05.96 40 430000
6. Кеңсеге арналған жер 05.05.96 50 370000
7. Цех ғимараты 10.06.96 200 2000000
8. Кеңсе ғимараттары 12.07.96 90 1000000
9. Автоматтық линия 14.08.97 80 30000
10.Автомобиль көлігі 17.04.97 45 4000000
11.Арнайы құрал 21.02.97 70 2500000
Барлығы: X X 10830000
Жұмыстардың кейбір кезеңдерінің басқаларымен бір мезгілде жүргізіле
беретіндігін ескере отырып, атап өтілген кезеңдердің қайсысы ағымдық
жұмыстың орындалуын шектейтіндігін көрсете кету қажет. Мысалы, цех ғимараты
салынбайынша, жабдықты дайындап іс жағдайына келтіруге болмайды.
Инвестициялар туралы шешім қабылдауда инвестор кәсіпорынның
экономикалық қызметінің барлық жайларына назар аударады.
1.2. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау
Жоғарыда атап өткендей, инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық
пайда, не зиян әкелетін жобаны қабылдау не қабылдамау жөнінде шешім
қабылдау үшін қажетті мәліметтер алуға арналған.
Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе іс жүзіне
келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен
мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына басқа капитал енгізу жөнінде
шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу
шарт. Біздің кәсіпкерлеріміздің бұрын нарықтық экономикада өмір
сүрмегендігі, енді ғана қадам басып жатқандығы баршамызға мәлім. Соған орай
олар бұл әдістемені білмейді. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде
инвестицияларды жоспарлау мен талдау саласында жеткілікті мөлшерде тәжірибе
жинақталғандығын ескерсек, біз осы тәжірибені пайдалана білуіміз қажет.
Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған
инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау белгілері мен жоспарлау
әдістері, әр түрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерінің ортақ түсінісу
әдісіне, тіліне айналған. Бұларға Дүниежүзілік банк, Европалық банк
секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобаларың тиімділігін
бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын
талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау
принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тіліндегі Кэш-Флоу деген түсінік барлық
дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр әрі маркетинг және
контроллинпен де көбірек пайдаланылады. Бүгінгі таңда Кэш-Флоу талдауын
өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын
талдау инвести цияларды талдаудың классикалық әдістеріне негіз болып және
инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың танымал
әдістемелерінде қолданылатындығына байланысты болып отыр.
Саsh-Ғ1оw (Кэш-Флоу) дәл тәржімалағанда бар ақша ағымы деген
мағынаны береді. Іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық
жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат
бар: Бухгалтерлік баланс, Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есеп және Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп. Алғашқы құжат,
кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы емес, нақты мерзімдегі, мысалы,
1996 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс,
белгілі бір мерзімде жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның қаржылық
жағдайы қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін
көрсетеді
Баланс, егер де көлденең нысанда жасалған болса, екі жақтан құралады:
актив (сол бөлігі) және пассив (оң бөлігі), олардың қосынды мәндері үнемі
өзара тең болуы тиіс. Актив кәсіпорынның меншігіндегіні көрсетеді. Пассив
кәсіпорынның кімге, қанша қарыз екендігін көрсетеді
Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп кәсіпорынның белгілі бір
уақыт аралықтарындағы операциялық немесе өндірістік қызметінің жағдайын
сипаттайды, сонымен қатар, өндірістік шығындардың өнімді өткізуден түскен
табыспен өтелуі тұрғысынан алғандағы оның тиімділігін көрсетеді. Басқаша
айтқанда, бұл есептен кәсіпорынның өзінің негізгі қызметін қалай орындап
отырғандығын байқауға болады.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп кестесін жасау үшін
сату жоспарының мәліметтері - өнімді өткізуден түскен және шығындар
жоспарының мәліметтері тұрақты және айнымалы шығындар
сомалары қажет болады.
Жобаның үш түрлі вариантының Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы
талдауын қарастырып өтелік.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар:
қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру. Өте қарапайым осы
ереже, жобаны талдау мен басқару барысында өте маңызды болып саналады.
Кәсіпорын басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер
жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.
6-кесте Инвестициялық жобаның үш вариантын талдау негізінде жасалған қаржы-
шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп
№ Баптың атауы Инвестициялық жобаның варианттары
бірінші екінші үшінші
1.Өнімд өткізуден түскен түсім 2000 2000 2000
2.Айнымалы шығындар негізінде 1400 1000 600
есептелген өткізілген
өнімнің өзіндік кұны
3.Жалпы табыс 600 1000 1400
4.Кезең шығындары (тұрақты580 800 1000
шығындар)
5.Негізгі қызметтен түскен табыс 20 200 400
6.Негізгі емес қызметтен алынған 4 10 20
табыс
7.Қалыпты қызметтен алынған 24 210 420
табыс
8.Табыс салығы 7 63 126
9.Таза табыс 17 147 294
Ықтимал табыстар мен шығындарды сипаттайтын варианттарда кестенің кез
келген жолында байқалған өзгеріс, соңғы жолдағы мәнді міндетті түрде
өзгертеді. Жалпы табысы өте үлкен кәсіпорынның шығындары өте төмен болады.
Басқаша айтқанда, жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын
жауып, пайда әкелетіндей табыс табу болып табылатын басты міндетін шешуі
тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарағанда аз шығын жұмсап өнім
өндіріп отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға
немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар.
Тек осы екі құжатты - Бухгалтерлік баланс пен Қаржы шаруашылық
қызмет нәтижесі туралы есепті пайдалана отырып кәсіпкер халықаралық
іскерлік тәжірибеде неғұрлым жиі қолданылатын кәсіпорын тиімділігін
сипаттайтын табыстылық, төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштерін
есептеуге мүмкіндік алады. Бұл құжаттардан өзгешелігі, Кэш-Флоу әдісіне
негізделген, ақша қаражаттары ағымының жоспарын жасауда Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ақша қаражаттарының қозғалысын
сипаттайды және кәсіпорын қызметін кезеңнен-кезеңге қарағандағы динамикасын
көрсетеді. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы ақша
қаражаттарының келуі мен кетуі есебінен қалыптасады. Барлық түсімдер мен
төлемдер Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте осы төлемдердің
жасалған күніне сәйкес уақыт аралығында көрініс табады. Бұл арада айта
кетер бір жай, еркін айырбасталатын валютамен келген барлық түсімдер мен
төлемдер, курс айырмасы бойынша теңгеге ауыстырылуы қажет. Шоттағы ақша
қаражаттарының қалдығын кәсіпорындар төлемдер жасау үшін, алдағы
кезеңдердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін, инвестицияларға,
қарызды өтеуге, салық төлеуге және жеке тұтынуға пайдаланады.
Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте кәсіпорын қызметі
үш негізгі салаға бөлінген:
1) операциялық;
2) инвестициялық;
3) қаржылық.
Кәсіпорынның операциялық қызметі Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есепте көрініс тапты. Инвестициялық қызметтен болатын ақша
қаражаттарының қозғалысы бөлімінде сатып алынған активтер үшін төленген
барлық төлемдер көрсетіледі, ал түсу көздері ретінде өндірісте қолданылмай
тұрған, ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсім болып табылады.
Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы бөлімінде
түсімдер есебінде кәсіпорын иелерінің салымдары, акционерлік капитал, ұзақ
және қысқа мерзімді қарыздар, алымдар бойынша пайыздар есептеледі. Төлемдер
есебінде қарыздарды өтеу, дивиденд төлеу саналады. Бұл бөлімде, көріп
отырғанымыздай, меншікті капитал мен қарыз қаражатының құрамы мен
мөлшеріндегі өзгерістер көрсетіледі.
Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің әр бөліміндегі ақша
ағымының сомасы сәйкес кезендегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.
Әрине кәсіпорын капиталсыз жұмыс істей алмайды. Меншікті және тартылған
капиталдың мөлшерін, Кэш-баланс кәсіпорын қызметінің барлық кезеңінде оң
болған жағдайда, жеткілікті деп санауға болады. Кез келген уақыт аралығында
теріс шаманың болуы кәсіпорынның банкрот екендігін керсетеді.
Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға қатысатын негізгі факторлар
болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа табыстардың
қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады.
Жобаның өтелу күні болып, операциялық қызметтен алынған ақша ағымының
жинақталған сомасы инвестицияға жұмсалған шығын мөлшеріне тең болған күн
танылады. Сонымен, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп капиталға
деген мұқтаждықты анықтау, кәсіпорынды қаржыландыру стратегиясын
жасау және оны пайдалық тиімділігін бағалау үшін қажетті құжат болып
табылады.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерің екі негізгі топқа
бөлуге болады. Біріншісі - өндірістік қызметтің тиімділігінің және жобаны
жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық
жағдайының көрсеткіштері. Екіншісі - инвестиция тиімділігінің
көрсеткіштері немесе Кэш-Флоу дисконтталған белгілері.
Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне жоғарыда сипатталған
барлық активтер мен олардың құрамдас бөліктерінің табыстылығының
салыстырмалы көрсеткіштері, іскерлік белсенділік көрсеткіштері, төлем
қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері жатады.
Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтауда күтіліп отырған шығындар
мен нәтижелерді бағалау, есепті кезең шеңберінде жүргізіледі. Әр түрлі
инвестициялық жобаларды салыстыру және олардың ішіндегі ең
жақсысын таңдауды әр түрлі көрсеткіштер көмегімен жүргізу Қажет. Әр түрлі
инвестициялық жобаларды салыстыру үшін, бұл көрсеткіштерді пайдалануда
оларды салыстырмалы түрде енгізу қажет.
Кәсіпкердің мәселелері жобаны жасау мен оның тиімділігін талдаумен
бітпейді. Сонымен қатар инвесторларды жобамен жеке таныстыруы, мұның
тиімділігіне олардың көзін жеткізуі, сондай-ақ, жобаның тиімді іске асуын
қамтамасыз етуі керек болады. Дегенмен бұл міндеттер қатарында
стратегиялық жоспарлау Президенттің Қазақстан халқына арналған Қазақстан
-2030 жолдауы тұрғысынан алғанда, нарық жағдайында оны бірінші рет іске
асыратын біздің көптеген кәсіпорындарымыз үшін елеулі қадам болып саналады.
1.3. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын бағалау
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол
соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми
түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07.04.95
жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай
міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын
қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен
бюджеттен тыс қорларға міндетті төяемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.
Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы
операциялық қызметгі қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне
байланысты жедел міндетгемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің
балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен
міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың
алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы
тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер
міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық
механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық
саясаты-ның тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттыктың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын
базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда
болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының
төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс
зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің
бағаларының жақындауы;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы,
сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі,
инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік
қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған
елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі
қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
- банкроттықты құқықтық реттеу;
кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға
шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық,
ұйымдық қамтамасыз етілуі;
- перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті
жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
- қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
- банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
- кең ауқымды қоғам үшін банкротгар жайында ақпараттардың
жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ
кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-
құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар
пайдаланылады.
Кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде
қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті
түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде
кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен
жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе "Банкроттық жайында
Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып
борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің
міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп
саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті
көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге
болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан "арылу"
жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана
отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға
мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп
қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық
саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің төмендеуі
немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.
Қаржылық жағдайдың динамикасының негізгі тенденциялары мен қызмет
нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады.
Инфляция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып
бекітілмеуі және келісім-шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең
таралуы жағдайында, жабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі
төмендейді. Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау, табыстардың есеп беруге
қатысты өзгермелі параметрлері - өндіріс көлемі, шаруашылық субъектілер
қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі
қаржылық есеп беру және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.
Қаржылық жағдайды болжау - перспективалық талдаудың негізгі міндеті.
Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін зерттеу
негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін
шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес
талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа (2-3 жыл) және ұзақ мерзімді
болашаққа негізделуі керек. Шетел практикасында, әдетте (5 жылдан
жоғары) объект үшін бизнес-жоспарды болжаудың экономикалық
көрсеткіштері 3-5 жылға жасалады.
Талдаудың бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметтің
көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңі мен екінші кезеңнің
сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін
қолданылатың бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.
Ұзақ мерзімді болжауды құруды негізі күрделі мәселе деп есептеуге
болады. Мұнда екі жағдай қарастырылады: шаруашылық қызметтің тәуекелі мен
болжаудың тәуекелі. Тәуекелдің бірінші түрі іскер қызметкерлердің,
эксперттердің тартылуы есебінен төмендеуі мүмкін. Тәуекелдің екінші түрін
шет елде және өзімізде жинақталған тәжірибені қолдану арқылы, сонымен қатар
ЭЕМ көмегімен шаруашылық қызметті көп вариантты ұқсас есептеулер жолымен
төмендетуге болады.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-
математикалық моделдеу қолданылуы мүмкін. Экономика-математикалық моделдеу
көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына тигізетін
факторлар әсеріне байланысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға мүмкіндік
береді. Экономикалық-математикалық модельдеудің қаржылык болжамының ең
тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады,
нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға
мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын болжау,
оның қаржылық стратегиясын таңдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін
анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық-математикалық модельдер
қолданылады.
2. КӘСІПОРЫННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Агроөндірістік қаржы корпорациясы
Ардагер Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан. Өзінің
тарихын компания 1994 жылдан бастаған, бұл кезде екі кәсіпкер Нурсиленов А.
К. және Рахимгалиев Ж.Н. өздерінің бизнестерін біріктіріп, жалпы бірдей
бөліктері мен және басқаруында, меншігінде бірдей құқықтарымен бір шағын
бизнесті құрды.
Республиканың орталықтандырылған құлап біткен жабдықтау жүйесі осы
кәсіпорынның қызметінің жаңа бағыттарын көздеді. Осы кезден бастап
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ардагер ет өнімдерді дайындау және
Казақстанның, Өзбекістанның, Ресейдің аймақтарына көтерме сауда арқылы
жеткізді.
Мал сою, еттің үлкен партияларын өндеу және жеткізу үшін 1995 жылда
бұл кәсіпорын өзінің меншігіне Алматы ет комбинатының жабдықтарын сатып
алды, және реконструкцияны өткізіп етті сақтау үшін 1000 тонналық
мұздаткышты кұрды. Осы мақсаттары үшін Аягөз ет комбинатының акцияла-рын
сатып алып, осы кәсіпорынның санациясын өткізіп, малды өндеу және сою
бойынша өндірісті қайта жаңартты.
Алматыдағы үлкен және осы аймақта шұжық шығаратын жалғыз ет
комбинатының тоқтауына байланысты бұл сала шағын кәсіпкерлердін сапасыз
және сатып алушылардың сұрамына сәйкес келмейтін ет өнімдерімен толтыруы
басталды. Осыған байланысты бұл қызметтін бағыты басымды болып табыл-ды.
1996 жылдан бастап өндірісті орналастыру жерін жөндеп және ет комби-
наттардың пайдалануда болған жабдықтарды сатып алып, кайта жөндеп,
кәсіпорынды мамандармен толықтырып, Жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі Агроөндірістік қаржы корпорациясы
Ардагер шұжық өнімдерін шығаруды бастады.
Өндірістің шикізаты болып шошка және ірі малдың еті табылды. Шикізатты
кәсіпорын халықтан және ауыл шаруашылығынан сатып алды, ал материалдарды
және дәмдеуіштерді Ресейдін, Қазақстанның кәсіпорындарынан сатып алды.
Кейіннен цехты қосымша Қазақстанда, Ресейде шығарылған түтіндеу және
пісіру камераларымен, ішектерді толтыру машиналарымен және басқа да керекті
құрал жабдықтармен қамтамасыз етті. Өндіріске полиамидттык және коллагендық
сыртқы қабык енгізілді, бұл өнімнің сақтау, өткізу мерзімін ұзартуға
мүмкіншілік берді. Өндірісте Шаллер және Джуллини фирмаларының толтыру
қосымшаларды пайдалану өнімнің шығу көлемін және сапасын жоғарлату
мүмкіншілік берді. Кәсіпорынның шығарылатын өнімі Стандартизация
комитетінен өтті, және қазіргі таңда сатып алушыларда
үлкен сұраныспен пайдаланады.
Шұжық өнімдерін нарықта өткізу үшін Казақстандағы көптеген қалаларында
сату орындары құрылды. Өндірілген өнімнің көлемі бір айда 70 тоннаға дейін
жеткізілді. Қазіргі таңда Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Агроөндірістік қаржы корпорациясы Ардагер 33 түрде пісірілген және
жартылай түтіндірілген шұжық, сосиски, 15 түрлі деликатестік және ұлттық
өнімдерін және осы өндіріске тиісті май, косымша өнімдер, тауық және т.б.
ет өнімдер шығаруда.
Бірақ осымен кәсіпорынның техникалық дамуы тоқтатылған жоқ.
Ең біріншіден тауарлық етті өндіріп шығаруға бағытталған
комбинаттың
қызметі көп жылдан бері қайта жаңа прогресивті техникамен жабдыкталған жоқ.
Физикалық және моральдық тозған жабдықтар өнімнің сапасын және тауарлық
түрін жоғарлатуға, ассортиментін кеңейтуге, өндіріс қуатын нығайтуға
мүмкіндік бере алмайды. Формаларды қалыптастыру және батон-дарды толтыру
вакумдық технологияның прогрессивті машиналардың жоқ болуы өнімнің сақтау
мерзімін ұзартуға мүмкіндік бере алмайды. Осы кезде кәсіпорынның алдынан
даму бағдарламаға сәйкес келесі мәселелері табылды, бұл кәсіпорынның
өндірістің көлемін арттыру аркылы, сапасын жоғарлату арқылы, өзіндік құның
төмендету арқылы, шығарылған өнімнің ассортиментін кеңейту және
бәсекелістік қабілеті жоғары өнімдерді шығару арқылы дамуын арттыру. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz