Өте үлкен сандарға амалдар қолдануға құштарлық - бүкіл Индия математикасы тарихына тән нәрсе


Шығыс ойшылдары
Жоспар
1. Кіріспе.
а) Шығыс ойшылдары
2. Негізгі бөлім.
а) Әбу Насыр әл-Фараби (қысқаша өмірбаяны) .
б) Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылыми- философиялық еңбектері.
с) Әбу Насыр әл-Фараби философиялық көзқарастары
3. Қорытынды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Кіріспе.
Шығыс елдері ойшылдары тарихы жөнінде орта ғасырлардан бастап ден қойылып зерттеле бастады. Бұған себеп сол кезде өркениеттің күшеюі ықпал етті. Әсіресе, арабтардың жаулап алуына байланысты елдердің ғылыми дәстүрі күшейе түсті. Ғылымның бағасын аша біле бастаған халифтар: мысалы, Әл-Мансур Харум-әл-Гаши «Даналық үйі» кітапханаларын аша бастады. Бағдат мектептерінен ойшыл ғұламаларымыз ағылып шыға бастады. Мәселен, Птоломей еңбектерін әлемге әйгілі еткен ғұламалар, географтар:Әл-Истаһри (IХғ), Ибн Хаукаль (Хғ), Мұхаммед ат-Табари, шежірелерінен көрінеді. Орта Азиядан шыққан көптеген ғұламалар мемлекет басшыларымен келісе отырып, обсерватория, кітапхана аштыра бастаған. Бұл жөнінде IХғ өзінде Отырар (Фараб) территориясында «Отырар, Канду, Турарбан, Мекке қаласының хроникасы» деген Абдул Уали Мухаммед әл-Разракидің еңбектерінен ұшыратамыз.
Ғылым мен мәдениет тарихы жөнінде жүргізілген бұрын-соңғы зерттеулер Азия, Африка елдерін тағы, мешеу, мәдениетсіз санайтын буржуазия оқымыстылары теория-сымақтарының бүгіндей негізсіз, кертартпалығын барынша әшкерелеуде. Бұл «теориялар» нағыз ғылым мен мәдениет тек Европаға тән нәрсе, ал шығыс халықтары дербес мәдени творчествоға қабілетсіз болған деп қарайтын «евроцентризмнің» зұлымдық, арамзалық көзқарасын қуаттайды, бұл сайып келгенде бір халықты екінші халыққа басыбайлы кұл етуді көздейді, нәсілшілдердің диірменіне су құяды.
Ежелгі тарихқа үңілсек, адам баласының әлем сырларын түсініп, өнер мен ғылымды дамытуында Шығыс елдерінің де, сол сияқты Батыс елдерінің де әрқайсысының қосқан үлесі бар екенін көреміз. Ғылым тарихын, әсіресе ІІІығыс ғылымының тарихи жай-жапсарын зерттеу бұл қағиданың даусыз шындық екенін бұлтартпас фактілермен дәлелдей түсуде.
Кейінгі кездерде Шығыс ғылымы өкілдерінің бай мұрасының қадір-қасиеті қайта зерттелініп сарапқа салынуда. Шығыс ғылымын зерттеп, олардың барын бардай, жоғын жоқтай көрсетуде, сын елегінен өткізіп кәдеге жаратуда ғалымдары көп еңбек сіңіріп келеді. Әсіресе кейінгі 20-25 жыл ішінде ол ғылым алыптарының заманы, өмірі, ғылыми қызметі жөнінде біраз істер тындырылды. Бұл тұрғыда Москва оқымыстылары айта қаларлықтай үлкен жұмыс жүргізді. Мәселен, Омар Хайямның ғылыми еңбектерінің жинағы, Жәмшид Кәшидің негізгі математикалық, Фараби және басқалардың философиялық еңбектері Москвада орыс тілінде жарық көрді.
Өзбек ағайындар да Шығыс ғылымы мен мәдени байлығын сұрыптап, аударып жарыққа шығаруда қыруар жұмыс атқарып келеді. Олар Хорезми, Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек тағы басқа ғалымдардың негізгі еңбектерін орыс және өзбек тілдеріне жариялап үлгірді.
Ғылымның дамуының түп негізінде, сайып келгенде, адамның, қоғамның күнделікті тұрмыстық мұқтаждығы жатыр. Ғылымның бастау көзі - қоғамдық практика, дұрысын құптаушы, қоштаушы да, бұрысын тастаушы да тұрмыстың, өмірдің өзі. Мұның айқын мысалы ретінде ең көне ғылым санатына қосылатын математиканың бастапқы ұғымдарының шығу, даму тарихын келтіруге болады.
Математика өзінің туып, өрлеу барысында дамудың бұраңы мен қалтарысы мол ұзақ жолын басып өтті. Шынында арифметиканың өзі дербес ғылым болып бертінде қалыптасқанмен, оның басты ұғымы - сан ұғымы өте ертеде, адам жазу-сызуды білмейтін сонау бағы заманда, яғни «тарихқа» дейін пайда болған. Ғеометрия да арифметика сияқты адамдардың айнала қоршаған табиғатты бақылау, барлау нәтижесінде қалыптасқан. Бұл бақылау саналы түрде жүргізілмеген және өте ұзаққа созылған.
Екі нүктенің ең жақын ара қашықтығы түзудің кесіндісі болатыны туралы және ең бастапқы сандар жайлы өте қарапайым, оп-оңай көрінетін білім-дағдылардан басталған математика қазір сан алуан мақсат, әдістері бар аса күрделі, - қордалы ғылымға айналып отыр. «Екі жерде екі - төрт» дегеннен осы кездегі аспан денесінің қозғалысын алдын ала өте дәл есептеуге, атом ішіндегі құбылыстардың есебін білуге, саусақпен санау орнына қиялдан да ұшқыр тез есептегіш электрондық машиналармен санауға жету үшін адам баласына мыңдаған жыл уақыт керек болды. Басқа ғылымдар тарихында да жағдай осындай.
Ғылымның, оның ішінде математиканың бастапқы мағлұматтары азды-көпті барлық халықта болған деп айтуға болады. Алайда тарихшылар жалпы мәдениеттің, оның ішінде ғылымның алғашқы қанат жайып, ірге тебуіне үлкен ықпал жасаған көш бастаушылар қатарына ең әуелі ежелгі Шығыс атырабын мекендеген елдерді (Мысыр, Вавилон, Индия т. б. ) жатқызады. Бұл өңірде жасалынған мәдениет, ғылым-білім бастамалары жалпы дүние жүзілік цивилизацияға іргетас болып қаланды, үлкен үлес болып қосылды.
Ғылым мен мәдениеттің барша саласында мәңгі өшпес із қалдырған ежелгі грек ғалымдары өздерін әрқашан да бұрынғы өткен Шығыс ғұламаларының шәкірттері санаған. Олар әсіресе Египет (Мысыр) және Вавилон елдеріне жасалған ғылыми мирастардан үлгі, тәлім алып отырған. Мәселен, «тарихшылар атасы» атанған грек ғалымы Геродот алғашқы математикалық білімдердің практикадан қалай шыққандығын және оны гректер мысырлықтардан қалай алғандығы жөнінде былай дейді: «Олардың, яғни мысыр абыздарының айтуынша, патша жерді барлық мысырлықтарға тік төртбұрышты участок түрінде тең етіп бөліп береді де, жыл сайын салық алып отырады. Егер Ніл өзені тасып егістік жерді су басып кетсе, онда иесі дер кезінде патшаға хабар беретін болған. Патша адамдарын жіберіп жерді қайта өлшетіп, су алып кеткен бөлігіне шақтап салық мөлшерін кеміткен. Менің ойымша, геометрия осылай пайда болып, кейіннен Мысырдан Элладаға (Грецияға) ауыскан болу керек».
Атақты грек оқымыстысы Демокрит Мысыр геометрлерін жоғары тұтып, өзінің түзу сызық жүргізуде олардың жер өлшеушілерінен кем түспейтінін айтып мақтаныш еткен.
Мысыр да, Вавилон да бұдан 5-6 мың жылдар бұрын-ақ өзіндік мәдениеті гүлденген, ғылымы мейлінше дамып, атырабына шарапатын тигізген іргелі елдер болған.
Мысырлықтардан бізге көптеген папирустар қалды. Папирус Африка тропиктерінде өсетін папирус деп аталатын үлкен (биіктігі 5 метрге жетеді) өсімдік сабағынан жасалынғап қағаз. Ежелгі мысыр оқымыстылары ол кезде қазіргідей қағаз болмағандыктан, өздерінің ғылми еңбектерін сол папирустарға жазған. Ал вавилондықтардан калған мындаған сына жазулар (клинописьтер) бар. Вавилондықтар жазуларды, есептерді әдейі дайындалған балшық плиткаларға жазып, оларды ұзақ сақталуы үшін өртеп күйдірген. Бұл елдерде тек қана жазу, есептеу жұмыстарымен шұғылданатын, шапуашылыкка іскер жетекшілік ететіндей дайындығы мол адамдар тобы пайда болған. Олар қара жұмыспен шұғылданатын құл-құтандардан, сондай-ақ түрлі қолөнершілерден жоғары тұратын үстем тап өкілдерінің қатарына қосылған. Бұларды «жазғыштар, көшірмешілер» деп атаға.
Мұндай адамдардың жұмысы қаншалықты ардақты болғандығын ерте заманда жазылған бір папирустан анық байқауға болады. Мұнда әкесі баласын «Жазғыштар мектебіне» аттандырып жатып мынадай өсиет айтады: «Мен қара жұмыстың тауқыметін көп көрдім, ал сен жүрегіңді әріп сырын ұғуға жұмса . . . Әріптен ардақты, қымбат ешнәрсе жоқ. Адам суға қалай сүңгитін болса, сен Мысыр әдебиетінің тереңіне солай сүңгігейсің . . . Ешбір адам жазғышқа «ана мырзаның жерін айда» деп айта алмайды; жазғыштар үйінде өткізген бір күнің, одан тыс жердегі мәңгіліктен артық; алайда бұл жұмыс тау қопарғандай қиын; Реннит құдай әмәнда жазғыштар жағында. Патша сарайынан дәм татпайтын жазғыш болмайды».
Тұтас алғанда, ежелгі Египет тарихы үш дәуірге бөлінеді, ол: Ескі патшалық, Орта патшалық және Жаңа патшалық. Бұдан бес мың жылдар бұрынғы көне заманның өзінде-ақ Египетте иероглиф арқылы жазу тәсілі мәлім болып, көптеген зәулім пирамидалар салынған. Халық құдіретінің символы ретінде сол пирамидалардың бірсыпырасы күні бүгінге дейін тұр. Кейбір пирамидалардың (мәселен, Хеопс пирамидасы) биіктігі 146 метрге жетеді. Ол пирамидалар - өздерін «құдаймыз» деп санаған Египет патшаларының (пырғауындарының) құдіретін танытып, аттарын мәңгіге қалдыру үшін салдырған зираттары. Алайда құл қауымының қаны мен теріне иленіп жасалған бұл пирамидалар ең алдымен Египет халқының еңбеккерлігі мен шеберлігін аңғартады. Сондай ірі жоспарлы архитектуралық ансамбльді салу үшін көптеген білім, парасат керек болғаны өзінен-өзі түсінікті. Бұл үшін ой еңбегін қолөнермен тығыз ұштастыра білетін талантты қайраткерлер қажет болған. Мысыр аңыздарында Имхотеп, Тубол Каин, Делал т. б. осындай типтегі мәдениет қайраткерлерінің есімдері белгілі.
Египет әсіресе Орта патшалық кезінде, бұдан 4 мың жылдай бұрын, біріккен, қуатты мемлекет болып тұрды. Құрылыс күшті қарқынмен жүріп, қолдан жер суару ісі дамыды. Жер өлшеу қажеттілігі күшейді, теңізде жүзіп жан-жақпен байланыс жасау мүддесі туды. Осының барлығы гылымның дамуына қоланлы әсер етті.
Египеттіктер жаратылыстану ілімдерін меңгеруде де көрнекті табыстарға жетті. Астрономияда олар жұлдыздар картасын жасады. Сүмбіле жұлдызының орнын, батып-шығуын зерттей келе бір жылда 365 күн бар екенін білді. Осы негізде Египет календары кұрастырылады. Астрономия мүддесі уақытты дәл білуді талап етіп, олар Күн сағатын, кейіннен су сағатын (клепсидра) жасап шығарды.
Медицинадан олардың адам анатомиясы жөнінде едәуір хабары болған. Өліктің ұзак уақытка дейін бұзылмай сақталуы үшін, египеттіктер денені айрықша тәсілмен бальзамдаған. Осы жолмен жасалған мумиялардың қазіргі кезде дейін шірімей жатуы таң қаларлық.
Олар адамның денсаулығы үшін жүректің, қан айналысының мәнін жоғары бағалаған. Тамыр ұстап бірсыпыра аурудын атын атап, емдеу жолдарын көрсетіп отырған. Жарадар болған организмге кішігірім операция жасай білген. Жоғарыда көрсетілген практика мұқтаждығы математикалық білім, дағдылардың дамуын талап етеді де, математиканың бастапқы ережелері қалыптаса бастайды.
Ескі патшалық кезінде-ақ белгіленген санды иероглиф арқылы кескіндеу ісі кейінгі кезде жетілдіріле түседі. Египеттіктер бүтін санға да, бөлшектерге де арифметикалық төрт амалды мүдірмей қолданған. Олар алгебраның да бастапқы элементтерін білді деуге негіз бар. Мәселен, бір белгісізі бар теңдеуді жете білген. Египеттіктер осы сияқты арифметикалық және геометриялық прогрессиялар кездесетін есептерді де шешкен. Жер өлшеу, құрылыс салу, қамбаның және әр алуан ыдыстардың сыйымдылығын білу қажеттілігінен туғая Египет геометриясын өз заманындағы үздік жетістіктердің қатарында айтуға болады. Оларға тік төртбұрыш, трапеция, үшбұрыштар, тіпті дөңгелектің ауданын табатын формулалар мәлім болған. Шеңбер ұзындығының диаметріне қатынасын өрнектейтін сан үшін 3, 16 тұрақтысын алуы үлкен сындарлы математикаға ғана тән нәрсе. Ол ол ма, египеттіктер қазір 10 класс геометриясында өтілетін төртбұрышты қиық пирамиданың көлемін, шар тәріздес денелердің бетін есептейтін формулаларды да білген.
Алғашқы шежіре жасалып, арагідік патшалар тарихын жазу тарих ғылымының бастамасы болады. Теңізшілердің піл сүйегін және інжу-маржан тастар іздеп Қызыл теңіз, Жер Орта теңізі жағалауларын шарлап жүзуі египеттіктердің географиялық білім өрісін кеңейгеді.
Египеттіктермен қатар Шығыстың екінші бір жерінде Вавилон мәдениеті гүлденіп тұрды. Вавилония - Евфрат және Тигр өзендері арасынан қоныс тепкен Азияның өте ескі мемлекеттерінің бірі. Оны «Қосөзен» елі деп те атаған. Сол елдің ескерткіші ретіндегі құрылыс - біздің заманымыздан бұрыңғы 3000-шы жылдары салынған призма тәріздес, биіктігі 90 метр келетін «Вавилон мұнарасының» тамтығы әлі бар. Ол тұтас кірпіштен тұрғызылған. Кірпіш тарихта тұңғыш рет құрылыс материалы ретінде осы Вавилонда қолданылған.
Осы тұста вавилондықтар сына жазуды меңгереді. Сол арқылы сөздерді де, сандарды да жазу тәсілдерін тауып, тұрмысқа кең қолдана бастайды. Бұл кезде вавилондықтар санаудың алпыстық жүйесін қолданады. Алғашқыда позициялық емес санау жүйесі болады да, кейіннен ол позициялық санау жүйесіне айналдырылады. Бұл вавилондықтардың мәдениет тарихында жасаған баға жетпес зор еңбегі еді. Осыдан бастап әрбір сан үшін әртүрлі таңбалау қажеттігі керексіз болып, енді кез келген санды белгілі бір таңбалардың орын ауысуы арқылы өрнектеуге мүмкіндік туады. Бұл египеттіктердің сандарды иероглифтік таңбалау тәсілінен әлдеқайда жоғары еді.
Сол санаудың алпыстық жүйесі қазірдің өзінде астрономияда уақыт өлшеу ісіне (бір сағатта алпыс минут, бір минутта алпыс секунд деген сияқты) пайдаланылып келеді.
Вавилондықтар сандарды көбейту, квадраттау және бөлу кестелерін жасайды. Жер өлшеуге байланысты туған квадрат теңдеулерді, теңдеулер жүйесін шеше біледі. Үшінші дәрежелі теңдеудің де кейбір түрлерін шешу жолдарын көрсетеді.
Вавилондықтар астрономия ғылымының туып, қалыптасуына көп үлес қосады. Ерте кездің өзінде-ақ олар жұлдыздар картасын және астрономиялық календарь жасады. «Қосмогониялық дастан» деген еңбекте олар әлем құрылысы туралы пікір айтуға талаптанған.
Вавилондықтар жұлдыздардан планеталарды ажырата білген. Өздеріне белгілі бес планетаға ат қойған. Кейінгі кезде гректер ол планеталардың аттарын вавилондықтардан аударып өз тілімен атаған.
Вавилондықтар планеталардың қозғалысын ерінбей зерттеп, бертін келе (бұдан 2500 жыл шамасы бұрын) Күннің, Айдың тұтылуын алдын ала білу дәрежесіне дейін жетті. Олардың кейбір астрономиялық өлшеу жүргізудегі дәлдігін атап көрсетуге де болады. Мысалы, олардың осыдан үш мың жыл бұрын айдың ұзақтығын дәл есептегендігі сонша, қазіргіден 0, 4 секунд қана айырмасы бар.
Химия саласында вавилондықтар қола, түрлі бояу жасаудың тәсілдерін білген. Бірақ мұнда да ғылым негізінен Египеттегі сияқты абыздардың қолында болып, білім мен өнер табыстары көпшілік көзінен таса, құпия ұсталған. Соның салдарынан олардың ғылым саласындағы бірсыпыра жетістіктері біздің дәуірімізге белгісіз болып келеді.
Олар ауылшаруашылық жұмыстары үшін соқа, сеялка (жабайы түрі), сутартқыш тетік, тағы басқа аспаптар жасаған.
Кұлдық қоғамға тән мешеулік пен томаға тұйықтық, жиі-жиі болып тұрған кан төгіс соғыстар Египет, Вавилон ғылымын тоқыратып, одан әрі дамуына үлкен кесір тигізді. Алайда олар қалдырған білім мен өнер кейіннен Шығыс және Батыс елдерінде ғылымның тууына, өркендеуіне игі әсер етті.
Мысыр, Вавилоннан кейінгі (көбінесе олармен катар, дербес) ежелгі Шығыста ғылымның аса өркендеген елдері Индия мен Қытай болды.
Индиялықтардың ғылым жөніндегі ең көне ескерткіштері олардың діни кітаптарында ұшырасады. Бұл кітаптар біздің заманымызға дейінгі VIII-VII ғасырларда жазылған болу керек. Қазір өлі тіл қатарына қосылатын индиялықтардың ежелгі тілі - санскрит тілінде жазылған бұл діни жазбаларда қарапайым діни-философиялық деректер ұшырасады, храм, алтарь сияқты қасиетті құрылыстар салуда пайдаланылған астрономиялық, геометриялық мағлұматтар келтірілген. Олар: аспан шырақтары бойынша бағдарлау, ол шырақтардың кескіні, дөңгелекті квадраттау, яғни аудаиын табу, тағы басқалар.
Ал енді ежелгі индиялықтардың есептеу, санау жүйесінің дәрежесі қаншалықты жоғары болғанын олардың эпостары мен аңыз-әңгімелерінен аңғаруға болады. Мәселен, жас жігіттер қалыңдығының махаббатына ие болу үшін жазу, күрес, садақ ату сияқты өнерлермен қатар, санау өнеріп де өте жетік білуге тиісті болған. Жазу, санау жөнінде жиі-жиі жарыстар өткізіліп тұрған. Осындай жарыстардың бірінде Сарваттисида дейтін бір жігіт 421 орынды санды мүдірмей жатка айтып шығыпты-мыс. Өте үлкен сандарға амалдар қолдануға құштарлық - бүкіл Индия математикасы тарихына тән нәрсе.
Индиялықтардын тек математика тарихында ғана емес, бүкіл мәдениет тарихы үшін керемет сыйлығы - олардың санаудың ондық позициялық системасы деп аталатын қазір жаппай қолданылып жүрген ықшам әрі оңай санау жүйесін ашуы болды. Бұл жүйе бойынша бар болғаны он-ақ таңба (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0) арқылы кез келген санды оп-оңай кескіндеуге болады. Ғылым тарихшыларының топшылауы бойынша, бұл нумерацияны олар шамамен біздің заманымыздың I-VI ғасырларында жасаған.
Француздың ұлы математик ғалымы Лаплас (1749-1827) Индия ғалымдарының бұл жетістігіне аса зор баға бере келіп былай дейді: «Индия бізге барлық сандарды он таңба арқылы өрнектеудің тамаша тәсілін тауып берді. Мұнда әрбір таңбаның шамасымен қатар, оның орналасуының да мәні бар. Осы терең де маңызды жетістіктің бізге қарапайым болып көрінетіні соншалық, біз оның нағыз кәдірін байқамаймыз. Шынында оның нақ осы қарапайымдылығы және барлық есептеуді өте оңайлатуы арифметиканы аса пайдалы құралдың біріне айналдырып тұр. Ежелгі заманның екі ұлы адамы - Архимед пен Аполлонийдің кемеңгерлігі мұны байқай алмағанын еске алсақ, біз бұл ерекшеліктің барлық ұлылығын дұрыс бағалаймыз».
Индиялықтар өте ерте заманнан-ақ аспанды жүйелі түрде бақылап, шоқжұлдыздар, планеталар және олардың қозғалысының сырын білуге талпынған. Кейбір астрономдар қалыптасқан көзқарасқа қарсы шығып. Жер өз осінен және Күнді айнала қозғалады деген пікірді қуаттаған (V-VI ғ. ) . Индия хирургтері өте кемел аспаптарды пайдаланып күрделі операциялар жасауды меңгерген. Мысалы, олар адам бас сүйегін ашып көруге дейін жеткен.
Ежелгі Индия оқымыстылары жандырғыш әйнектер мен айналардың қасиетін ашқан. Көне бір кітапта тас, шыны немесе металл ыдыстардың жәрдемімен күн сәулелерін кеуіп тұрған тезекке түсірсе, оның жанып кететіні айтылады.
Ертедегі Қытайда математика, астрономия, медицина, биология және астрономиялық ғылымдар жоғары дәрежеге жеткен. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырда Қытай астрономдары дүние жүзінде тұңғыш болып жұлдыздар каталогін, яғни көптеген жұлдыздардың аспандағы орнын (координаттарын) көрсететін тізім жасаған.
Компас, мылтық дәрісі, қағаз тағы басқа мәдениет дамуы үшін аса қажет бұйымдар алғаш осы Қытайда пайда болған.
Мысыр және Вавилон елдеріндегі жасалған ғылым мен өнердің мирасқоры ежелгі грек оқымыстылары болды. Расында гректің алғаш шықкан көрнекті ғұламалары Фалес, Пифагор, Демокрит, Евдокс және басқалары Мысыр мен Вавилон жеріне барып, онда жасалған математикалық, астрономияльгқ т. б. ғылыми мағлұматтарды тәптіштеп үйреніп, тәлім алып отырған.
Біздің заманымызға дейінгі VII-V ғасырлар Грецияның қоғамдық-саяси өмірінің, ғылым мен өнердің аса өркендеп тұрған кезі болды. Мәселен, осы қарсаңда математика сан жағынан ғана емес, сапа жағынан өлшеусіз биікке көтерілді. Математикалық теория, математикалық ережелер мен шындықтарды дәлелдеу дәстүрі, математиканың кейбір тарауларын (мысалы, геометрия) бүтін, біртұтас дедуктивтік-логикалық жүйе ретінде қарастыру - міне, осылардың бәрі алғаш осы Грециядан шыққан деуге болады.
Жалпы айтқанда, теориялық ғылым ежелгі грек топырағында туған. Сондықтан да Ф. Энгельс: «Теориялық жаратылыстану, егер ол өзінің қазіргі жалпы қағидаларының шығу және даму тарихын бақылап, аңғарғысы келсе, гректерге қайта оралуға мәжбүр болады», - дейді. Бұл кездерде гректердің әдебиеті мен өнері де айрықша құлпырып гүлдене түскен еді. Аты аңыз болып кеткен Гомердің «Илиадасын», «Одиссеясын» былай қойғанда, Эсхил мен Софоклдың трагедиялық шығармалары, Акрополь храмы мен скульптураның басқа да теңдесі жоқ туындылары әдебиет пен өнердің өшпес үлгілері болып саналады. «Театр», «трагедия», «комедия», «оркестр», «олимпиадалық ойындар», «музыка» және басқалары ежелгі Греция топырағында туған атаулар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz