Дәрілік заттардың тривиальды атаулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК МЕМЛЕКЕТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Қазақ, орыс және латын тілдер кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Сөздік белгі: форма белгісі және мағынасы.Термин және түсінік. Терминология және түсініктер жүйесі.Фармацевтикалық терминология-кешен.

Орындаған: Амангелді А.
Тобы: ФҚ-203-18
Қабылдаған:Қасымбекова А

Шымкент 2020

Жоспар

* Кіріспе
* Негізгі бөлім
* Белгі түрі және сөз мағынасы.
* Терминология және түсініктер жүйесі
* Фармацевтикалық терминология жүйесі
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады. Жаңадан жасалған терминдер тағдыры не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады. Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді. Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.Ал термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру - үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз, терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай әр автордың өзінше термин жасап, термин қолдану жұмысының әлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.1910 - 1930 жылдар аралығында үстемдік етуші орыс тілінің мүддесі көзделіп, термин жасау мен шет тілдер сөздерін қабылдауда өзге ұлт тілдерінің ерекшелігі ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасаудың мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала бастады.1990 жылдардан бері қарай ұлттық ғылыми терминологияны дамытудың жаңа принциптерін жасау күн тәртібіне қойылды. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа ене бастады. Жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындары да бар.Ондай сәтсіз жасалған терминдер қазақ тілінің термин жасауға икемсіздігін, ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін көрсетеді. Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі.Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмай немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады.

Негізгі бөлім
Термин атауының өзі әр кезеңде ұлт тіліне түрліше аударылып,оның бірнеше балама нұсқасы ұсынылды.Сонымен ғасырға жуық уақыт аралығында арнаулы лекcиканың бірлігі болып табылатын бір ғана ұғым атын Термин сөзін ұсынды. Бұл атау латын тілінде шек,шекара деген мағынаны білдіреді.Терминді әдетте біз ең алдымен,адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде негізінен кәсіби мамандар тілінде,арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз.Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі.Термин жөнінде сөз қозғағанда Барлық термин-сөз,бірақ сөздің бәрі термин емес деген тұжырым қолданылады.Бұл тұжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дұрыс айтылған деуге болады.

Жалпы термин,термин сөздер жөнінде нақты мыналарды айтуға болады:

терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
терминдер негізінен тілдік бірліктер.
термин-белгілі бір терминологияның мүшесі.
термин деген ұғым аты.
терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.
терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер,сөз табына қатысты жағынан зат есімдер болады.
терминдер атауыштық қызмет атқарып,негізінен ғылым тілінде,белгілі бір арнаулы сала шеңберінде қолданылады.

Термин құрамы жағынан түбір сөз де,туынды сөз де,күрделі сөз де,терминологиялық тіркес те болуы мумкін.Мысалы;

Түбір терминдер: сөз(лингв),тау(геогр),сан(матем) т.б

Туынды терминдер: асқазан,ішперде,сөзжасам т.б

Тіркесті терминдер: кіші қан айналым шеңбері.

Терминдер ұлт тіліндегі сөзжасам үлгілерімен қатар шет тілдерінің термин жасаушы терминбөлшектері қатысуы арқылы да жасалады.

Терминбөлшек(терминоэлемент) дегеніміз- терминологиялық мағынасы бар ең кіші бөлшек,яғни бір түбірлі сөздерді құрайды.Термин бөлшектің мағынасын бұдан да толығырақ аша түсетін анықтама бар.Мысалы:
Термин бөлшек-әдетте терминнің құрамында белгілі бір орынды иеленіп,мейлінше тұрақтаған жалпы мағынаны білдіретін,туынды терминдердің үнемі қайталанып отыратын және жаңа терминдер жасауға қабілетті бөлшек.
Қайталану дегеніміз, сөздердегі бір немесе бірнеше бөліктерінің қайталануын айтамыз. Олардың бөліктерінің қайталануы, олардың мағынасына жақындығын көрсетеді.
Термин сөздер латын тілінде 3 топқа бөлінеді.Бірінші топ анатомиялық - гистологиялық термин сөздер. Екінші топ - фармацевтикалық термин сөздер (рецепт, химиялық элементтер).Үшінші топ - клиникалық термин сөздер.

Термин сөз (terminus) - латындық және бұрын бұл шекара, жеткілікті шеті деген мағынаны білдіреді.Термин сөздер немесе терминдік тіркес дегеніміз нақтылы мамандыққа немесе жүйеге (ғылым, техника, ұйым ) айтылатын, оларды толық және анықтауға жұмсалатын сөздер.Термин сөздің өзіне сай мағынасы, құрлымы, мазмұны және формасы немесе дыбыстық комплексі (айтылуы және жазылуы) болады.

Термин сөз ғылыми түсінікті білдіретіндіктен интелектуалды аспаптың рөлін ойнайды. Термин сөздердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тривиалды атаулар
Дәрі-дәрмектер тривиальдық атауларының жасалыну әдістері және атауларды берудегі тәжірбие
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі атаулары
Тривиалдық атаулар
Фармацевтикалық терминология
Тудырушы негіз
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы
Тривиалды атаулардың жасалу жолдары мен қолданылуы
Фармацевтикалық терминдер
Пәндер